Оқушылардың мамандыққа икемділігін анықтау және қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2014 в 15:20, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін толық және жан-жақты талдап шығуға мүмкіндік бар. Сондықтан мектеп тәжірибесінде мамандыққа баулу және мамандыққа икемділігін анықтап беру жұмысын мектеп психологі жүргізуі керек. Мектептерде психологиялық қызмет ұйымдастырылуына байланысты барлық оқушылардың жеке-даралық ерекшеліктерін, әр баланың қызығушылықтары мен интеллектуалдық қызметке икемділігін, таным процестері мен жекелік қасиеттерін сандық және сапалық жағынан толық бағалап шығуға, баланың психологиялық портретінің ерекшеліктерін жүйелі түрде зерттеуге мүмкіншілік бар. Психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа баулу жұмысы арқылы әр оқушыға тиімді көмек көрсетуге мүмкіншіліктер бар.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3
1 бөлім. Мамандық бағдар берудің психологиялық негіздері.
1.1.Орта буын оқушыларын мамандық таңдауға даярлаудың
психологиялық негіздері..............................................................................6
1.2.Мамандық бағдар беруде жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескеру.20
2 бөлім. Оқушылардың мамандыққа икемділігін анықтау
және қалыптастыру
2.1. Мамандық бағдар беру барысында оқушылардың жекелік
қасиеттерін зерттеу.....................................................................................32
2.2. Оқушылардың мамандыққа қызығушылығын диагностикалау............48
Қорытынды........................................................................................................61
Әдебиеттер тізімі..............................................................................................63

Файлы: 1 файл

Дип.-Жеткіншектерге-мамандық-бағдар-берудің-теориялық-және-әдістемелік-негіздері.doc

— 384.00 Кб (Скачать файл)

4 - меланхолик. Меланхоликтердің жүйке процестері баяу жүреді, салмақты, қозу және тежелі процестері жай алмасады, үйреншікті жерде іскерлік, ашық-жарқындық көрсетеді, жаңалықтан қорқады, сасқалақ, кейде ұстамалы.

Темперамент ерекшеліктерін диагностикалауға Айзенк, Стреляу тестерінен кеңінен қолданады. Осы әдістемелерді қолдану арқылы тек темперамент типі анықталып қана қоймастан, сонымен қатар балалардың экстраверсия-интроверсияның қайсысына жақын екені анықталып, невротизмнің байқалатындығы да диагнотикаланады.

Адамның темпераменті таза бір типте болуы сирек кездеседі. Көбінесе темперамент бірнеше түрінің қосындысы болып келеді. Сондықтан темпераментті зерттеу нәтижесінде доминанта көрсеткіші темпераменттің қай типінен екенін анықтап, қосалқы көрініс берген типтердің де мінездемесіне үлкен көңіл аударған дұрыс болады. Темперамент типін анықтау негізінде балаларға олардың жүйке процестерінің күшті және әлсіз, теріс көрсеткіштерін анықтап беріп, өзін-өзі тәрбиелеу барысында теріс көрсеткіштерінің әсерін төмендету қажет екені түсіндіріледі.

Сондай-ақ жеке адамның  даралық ерекшеліктеріне мінез-құлық жатады. Психологияда мінез-құлық ерекшеліктерін келесі төрт көрсеткіштермен бағалайды:

- ұжымға және басқа адамдарға деген қатынасы, сыйласуы, сыйысымдылығы;

- еңбекке деген қатынасы, еңбеккерлігі, шыдамдылығы, табыскерлігі;

- заттарға деген қатынасы, мұқияттылығы, үнемділігі, пысықтығы немесе салақтығы, ықтиярлы немесе ықтиятсыз дығы;

- өзіне деген көзқарасы, өзін-өзі жақсы көруі, көкіректігі, мақтаншақтығы, атақ құмарлығы.

Адамның мінезі кезкелген қасиеттердің кездейсоқ жиынтығы емес. Мінездің жеке көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланыста болып бір тұтастық құрады. Мінездің барлық көрсеткіштері және темперамент ерекшеліктері біріне бірі тәуелді байланыста. Дегенмен, темпераментті өзгертуге болмайды, ал мінез-құлық көріністері тәрбиеленеді, оны адам өзін-өзі тәрбиелеу барсында жетілдіруге болады.

Кәсіби бағдар беру және кәсіби таңдалу барысында осы  және тағы басқа жекелік ерекшеліктер талданады. Жекелік психикалық қасиеттерді  диагностикалау әдіс-тәсілдері көп мөлшерде қалыптасқан. Олардың көмегімен барлық психикалық ңасиеттерді жан-жақты талдап шығуға мүмкіндіктер мол.

Мінез-құлық ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемелер ішінде Филипс жасаған оқушылардың мектептегі мазасыздану деңгейін анықтау тесті, Шмишектің мінез акцентуациясын анықтау әдістемесі, бала агрессиясын зерттеуге арналған Басса-Даркидің тесті тағы сол сияқты бірнеше әдістемелерді қолданып, әр адамның мінез ерекшеліктерін толық және жан-жақты бағалап шығуға мүмкіндік береді. Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтамалар береді. Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтама береді. Біреулері ол адамның қоршаған орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған түқым қуалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лоренд, Анри), екіншілері жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрация мен байланыстыратын теориялар да бар (Маллер, Дуб, Доллард).

Агрессия терминімен жеке тұлғаның субъект-субъекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді. Деструктивтік әрекет дегеніміз адамның алдында тұрған бөгетке шабуыл жасап, қиындықты жеңуге деген белсенділігі. Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері бар екенін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін, немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін.

Жеткіншек жас кезеңінде  себепсіз агрессия, немесе жалған қауіпке  бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстың түрлерін, себебін, және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселені зерттеп, агрессиясы нормадан тыс дамыған балалармен түзету жұмысын жүргізуі керек.

А.Басс және А.Дарки агрессияны сипаттағанда оны негізгі екі топқа бөледі. Біріншісі-мотивациялық агрессия, осы құбылысты туғызған еебеп-сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осы түрін анықтап алуға тиіс. Екіншісі — инструменталдық агрессия, немесе өзін қорғау үшін, басқаларды зәбірлеуге қолданатын әрекеттері. Бұл қасиеттің көрініс беруі сегіз формада болуы мүмкін. Оларды кәсіби бағдар беру барысында анықтау арқылы мінезді тәрбиелеу туралы кеңес ұйымдастыруға негіз болады.

Кәсіби бағдар беру барысында  балалардың іс-әрекет түрлеріне қабілеттілігін анықтаудың орны ерекше. осы заңдылықты ескере отырып, біртіндеп бейімділікті тәрбиелеу керек. Бейімділік деген адамның тіршілік объектісіне ықыласымен, жасампаздықпен, шығармашылықпен қарауы және оны меңгеруге белсенділік білдіру. Әдетте оқушының тапсырмаға деген бейімділігі болса, оны орындауға бала уақытын үнемдемейді және өз тілегін сапалы орындалғанын талап етеді. Осы әрекет барысында бала табысты болса, ол қабілетінің бар екенінің кепілі.

Қабілеттіліктің негізгі  көрсеткіші ретінде жаңа білімді  және іскерлікті тез және сапалы меңгеруі, ептілігін жетілдіруге ынтасы, іс-әрекет нәтижесінің жоғары дәрежеде болуы. Оқушыларда кәсіби бағдарланудың нәтижесі ретінде біз тек мектеп бағдарламасын меңгеруі емес, сонымен қатар қандай-да бір мамандықты меңгеруге бейімділігін қарастырамыз. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті, дағдыны тез және сапалы меңгеруі, іс-әрекетте табысты болуы, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі.

Білімге, ептілікке және дағдаға деген қатынасында адамның  қабілеті, қандай да бір мүмкіндігі ретінде көрінеді. Білім, іскерлік, дағдыларды адамның меңгеруі көптеген жағдайларға байланысты жүреді. Мысалы, қоршаған ортасының әсері адам қалай оқытылғаны, оның іс-әрекеттері қалай ұйымдастырылғаны, қарым-қатынас мәдениетіне үлкендердің қандай үлгілері негіз болды - бұлардың бәрі күнделікті өз әсерін тигізіп, сол адамның барлық адамдық қасиеттерді меңгеріп, өзінің қабілеттерін ашуға негіз болады.

Адамның қандай да бір  мамандыққа қабілетін дамытатын  қолайлы жағдайлар туындаған  кезде жоғарыда аталған шарттар  мен физиологиялық процестер көрініс береді. Соның нәтижесінде адамның қабілетінің нышаны ашыла бастайды. Адамның мамандықта табысты болуын болжамдау оның табиғи қасиеттерінің ерекшеліктерін зерттеуден бастау керек. Сонымен қатар қабілеттен басқа жеке даралық ерекшеліктерге мінез-құлық ерекшеліктері темпераментпен өте тығыз байланысты.

Бұл қасиеттер консервативтік, кертартпа әсері бар, тұрақты қасиеттер.

Қабілет ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген Б.М.Теплов оны  жалпы және арнайы қабілеттерге бөлген. Жалпы қабілет адамның өміріне қажетті барлық іс-әрекет түрлерін тез меңгеруі және оларды сапалы орындауы. Арнайы қабілет адамның іс-әрекет түрлерінің бір саласында ерекше табысқа ие болуын қамтамасыз етеді. Мысал ретінде музыкалық, көркем-өнерлік қабілеттерді атап өтуге болады.

Мамандыққа бағдарлау  барысында осы қабілеттірдең  түрлерін нақты анықтап, іс-әрекеттің  қандай түрлерінде адам ерекше табысқа  тезірек жететінін болжамдауға  мүмкіндік туады. Интеллектуалдық  қабілетті зерттеуге арналған әдістемелер  өте көп. Солардың ішінен Айзенк тестерін атап өтіге болады. Айзенк Тестері сегіз субтестен түрады. Әрқайсысы 50 тапсырмадан құрылған. Олардың ішінен вербалдық, математикалық, техникалық қабілетті анықтау субтестілері деп әр түрін жеке дара қолданып, іс-әрекеттердің қай түрінде адам өзінің қабілеттерін толық ашуға мүмкіндіктері молырақ екені анықталады.

Мамандық бағдар беру барысында  балалардың психикалық ерекшеліктерін жан-жақты диагностикалау арқылы олардың  болашақта қай салада табыста  болуға мүмкіншіліктері молырақ  екенін анықтауға көмек еөрсетіледі. Зерттеу нәтижелері бойынша болалармен кеңес жүргізіліп, олардың пәнедерге қызығушылығы, мектептен тыс қызығушылығы, мамандық таңдау мотивациялары, ата-аналарының мамандықтары, мамандықтар туралы мағлұмат алу көздері тағы көптеген мәселелер анықталады.

Адамдардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне  байланысты ғылыми негізде ұйымдасіырылған түрі 1908 жылы Бостон қаласында кәсіби кеңес беру бюросы ашылған күннен басталды деп айтуға болады. Ал шын мәнінде кәсіби бағдарлау ежелгі дәуірде де орын алған. Бұл проблема адамзаттың қоғамдық даму қажеттілігінен пайда болды, сондықтан оның қоғам сияқты өзіне тән даму тарихы бар. Әрине кәсіби бағдарлау мамандықтардан бұрын пайда болуы мүмкін емес. Адамзаттың даму барысында топ мүшелері орындайтын функцияларының анықталуы мен байланысты, жануарлар өсіріп, дихандықпен шүғылдана бастағаннан, балаларға арнайы тәлім-тәрбие беру, оны болашақ өмірге даярлау көптеген жаңа проблемаларды тудырды. Адам өміріндегі барлық қажеттілікті қаиағаттандыруға қажетті іс-әрекет түрлерін кәсіп деп атаумен байланысты сол кәсіпке тәрбиелеу жолдары да анықтала бастады.

Адамның кәсіби жарамдылығын бағалау  элементтері ежелгі дәуірде қалыптаса  бастаған. Б.д.д. 3-ші ғасырдың орта шенінде  Ежелгі Вавилонда мектеп түлектерінен хатшыларды дайындауға сынақ жүргізіледі. Сол заманның білім көлемділігінің арқасында кәсіби даярлығын хатшы месопотамиялық цивилизацияның орталық ірі тұлғасы болады: ол кеңістікті өлшеуді, мекшікті бөлуді, музыкалық аспаптарда ойнай алуды, өсімдіктерді ажыратып, олардың ішінен адамның денсаулығын нығайтуға қолданатындарын анықтауды т.б. іскерліктерді меңгеруді талап еткен.

Ежелгі Мысырда абыз жрецтері өнеріне  тек қана нақты сынақтан өткен  адамдарды ғана оқытқан. Ең алдымен  талапкерлер тексеруден өтіп, барлық қойылған тапсырмаларды толық орындап шығуы шарт болған. Әңгімелесу барсында талапкердің өмірбаяндық мағлұматтарды анық бере алатындығы, білімдарлығының деңгейі анықталып, сыртқы бейнесі, жалпы қарым-қатынас дасауға қабілеті бағаланған. Сонан соң оның еңбеккерлігін, басқаларды тыңдай білуін, сөйлеуі мен үндемей отыратындығын тексерген. Өзінің оқуға қабілеті жоқ, ұзақ мерзім оқудың ауыр-жеңіл жерлеріне шыдамдылық көрсете алатындығына күманданғандарды отпен, сумен, аштықпен, өлім қаупімен қорқытып, сынаған.

Осы қатаң сынаудан және білімділігі  бойынша таңдаудан әлемге әйгілі Пифагор өте білгенін тарих бізге  хабарлайды. Пифагор оқуын аяқтағаннан  соң Грецияға оралып, онда өз мектебін орнатты және оқуға қабылдау үшін өзі өткен сынақтарға ұқсас әртүрлі байқауларды ұйымдастырып, талапкерлер солардан өтуі керек болда.

Пифагор, ең біріншіден, адамның интеллектуалдық  қабілетін диагностикалауға көп  көңіл бөлді. Қазіргі кезге дейін  Пифагор жасаған интеллектуалдық  қызметке икемділікті анықтау кестесін кейбір психологтар мен палгерлер өз қызметінде қолданады. Сонымен қатар Пифагор адамның күлкісіне, жүріс-тұрысына үлкен назар аударды. Оларды адамның мінез-құлқының ең айқын көрсеткіштері деп анықтады. Пифагор ата-аналардың берген мағлұматтары мен мұғалімдердің ұсыныстарына да үлкен көңіл бөлді.

Осы кездерде Қытайда үкіметтік-төрелік  қызмет және көптеген мамандықтар болды. Осы мамандықтарға қазметшілерді  іріктеп алу, оларды өз функцияларын атқаруға даярлау барысында кәсіби таңдаудың өз ерекшеліктеріне сәйкес келетін түрлері қалыптаса бастады. Олардың көбісі халықтың салт-дәстүрін білу, өзін және отанын қорғауға қажетті іскерлік пен дағдыны меңгеруі, басқаларға өте ыңғайлы да дағымды жағдайларды жасау сияқты қабілеттерді тексеруге арналған жарыстар жүргізілді. Сол сияқты Ежелгі Спарта, Рим, Афина тариханда да кәсіби жарамдылықты зерттеуге, білімдарлықты бағалауға арналған көптеген инициациялар түрлері, емтихандар мен семинарлар, философтар мектептері дәстүрлері кеңінен тарады.

Спартада жауынгерлерді тәрбиелеу  жүйесі ерекше дамыған болды. Бұл қала-мемлекетте ер балалармен қатар әскери-дене тәрбиесінен барлық қыздарда өтетін болды. Өйткені жауынгерлер соғысқа аттанып кеткен кезде әйелдер көптеген құлдарды игеріп отыруға шамасы келетін жауынгерлік қасиеттер көрсетуі керек болды. Сондықтан адамның дене тәрбиесіне, денсаулығын нығайтуға, қара күші мен қайратын көбейтуге ерекше көңіл бөлінді.

Римде тәлім-тәрбие жұмысында гладиаторлар даярлау ерекше мәртебеге ие болды. Жақсы тәрбиеленген гладиаторлар аксүектер мен мемлекет басшыларының көңлін көтеруге, ер азаматтардың айбаттылығын, шыдамдалағын, жауға деген қатыгездігін тәрбиелеуге қосатын үлесі өте үлкен болып келді. Сонымен қатар білімдар адамдарды, өнер салаларындағы мамандарды, көптеген жеңіл кәсіптерді үйрететін мектептер ашыла бастады. Ежелге Римде сауаттылық кең тараған. Сондықтан плебейлерге арнаған жарлықтар жазба түрде шығарылып, балалардың сауатын ашатын әліппе ретінде осы жарлықтарды үйреткен. Баласының сауатын ашып, оған мамандық білім бермеген ата-анаға балалары қамқорлық көрсетуіне мемлекет тарапынан тиым салынған.

Афина басқа локонияларға қарағанда адамның интеллектуалдық  қасиеттерін жоғары бағалап, оны  дамытуға өте үлкен орын берген. Үндістанда ежелгі дәуірден бастап зергерлік, ұсталық, тоқымашылық, арқаншы, тігінші, бояушы, балташы, ағаш ұсталары, құмырашы, үй қызметкерлерінің әртүрлі категориялары, кәсіби акробаттар, көріпкелділер, сырнайшы, жылан арбаушы, биші, садагерлер т.б. мамандықтар кеңінен тарады. Өр маман өз кәсібін өзінің балаларына, үрім-бұтағына үйретіп шығарған.

Орта ғасырларда адамзаттың орындайтын іс-әрекетінің түрлері көбеюімен  байланысты көптеген кәсіптер пайда  болап, шеберханалардағы мамандықтардың түрі, теңізшілер, кеншілер тағы басқа  көптеген мамандықтар пайда болады. Осы еңбек түрлеріне даярлыңтан өткізетін көптеген кәсіптік мектептер және жұмыс орнында үйрету кең тарайды. Сонымен қатар жоғары квалифакациялық мамандар даярлайтын гимназиялар мен университеттер ашылады.

Кәсіби бағдарлау қоғамдық процеске айналып 19 ғасырдан бастап кәсіби диагностика, кәсіпке жарамдылықты анықтау аяқ ала бастайды. Сонымен қатар кәсіби ағарту, кәсіби кеңес беру, әлеуметтік кәсіби адаптация және кәсіби тәрбиелеу ғылыми жағынан байыпталып зерттеліне бастады.

Бұл жұмыс әр адамның жекелік психикалық ерекшеліктерін анықтап, әр адамның тіршілік түрлеріне икемдилігін анықтаумен ұштастыру мәселелері қарастырылады. Ағылшын ғалымы Ф.Гальтон жеке тұлғаның психикалық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда анықтаудың ірге тасын құрушылардың бірі болды. Осы айырмашылықтарды зерттеу мақсатымен Ф.Гальтон Лондонда 1888 жылы халықаралық медициналық және денсаулық сақтау әдістерін қолдану көрмесін ашты. Көрмеге келушілер өздерінің тән қабілетімен қатар психикалық ерекшеліктерін 17 көрсеткіштер бойынша анықтап алуға мүмкіндіктер жасалды.

Информация о работе Оқушылардың мамандыққа икемділігін анықтау және қалыптастыру