Оқушылардың мамандыққа икемділігін анықтау және қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2014 в 15:20, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін толық және жан-жақты талдап шығуға мүмкіндік бар. Сондықтан мектеп тәжірибесінде мамандыққа баулу және мамандыққа икемділігін анықтап беру жұмысын мектеп психологі жүргізуі керек. Мектептерде психологиялық қызмет ұйымдастырылуына байланысты барлық оқушылардың жеке-даралық ерекшеліктерін, әр баланың қызығушылықтары мен интеллектуалдық қызметке икемділігін, таным процестері мен жекелік қасиеттерін сандық және сапалық жағынан толық бағалап шығуға, баланың психологиялық портретінің ерекшеліктерін жүйелі түрде зерттеуге мүмкіншілік бар. Психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа баулу жұмысы арқылы әр оқушыға тиімді көмек көрсетуге мүмкіншіліктер бар.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3
1 бөлім. Мамандық бағдар берудің психологиялық негіздері.
1.1.Орта буын оқушыларын мамандық таңдауға даярлаудың
психологиялық негіздері..............................................................................6
1.2.Мамандық бағдар беруде жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескеру.20
2 бөлім. Оқушылардың мамандыққа икемділігін анықтау
және қалыптастыру
2.1. Мамандық бағдар беру барысында оқушылардың жекелік
қасиеттерін зерттеу.....................................................................................32
2.2. Оқушылардың мамандыққа қызығушылығын диагностикалау............48
Қорытынды........................................................................................................61
Әдебиеттер тізімі..............................................................................................63

Файлы: 1 файл

Дип.-Жеткіншектерге-мамандық-бағдар-берудің-теориялық-және-әдістемелік-негіздері.doc

— 384.00 Кб (Скачать файл)

1. Дисгармониялық отбасы-ол психологиялық үйлеспеудің түрлі варианттарын кіргізеді:

- отбасыдағы белгілі бір мүшелерінің біреуінің жүйке-психикалық ауытқуы, не химиялық бағыныштылықта болуы мүмкін;

- отбасыдағы негізгі мәселе - сол отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы болып табылатын дисгармониялық отбасылар: әдебиеттерде дисгармониялық семьялардың түрлі типтері көрсетілген:

- гармониялық емес, дестругенді, құлап бара жатқан және құлаған отбасылар сонымен бірге сырт көзге күшті болып көрінетін отбасылар.

2. Соматикалық аурулар және ауыр жарақаттар. Хроникалық -соматикалық аурулар дұрыс емес торбиеге байланысты жеткіншектерде «толық емес» сезімді болдыруы мүмкін.

3. Жеткіншектік қатарларымен дұрыс қатынас жасамауы, қатарластарымен дұрыс достық қатынасты құра алмау, оларда даралық аномалды дамуды туғызады.

Адамның жаткіншектік жаспен ересектік  арасындағы кезең -жасөспірімдік кезеңде ағзаның барлық физикалық дамуы аяқталады, ерте жасөспірімдік жастағы психикалық дамудың ерекшеліктері дамудың әлеуметтік ситуациясының спецификасына байланысты. Жасөспірімдердің болашаққа қарауы, өмірлік жоспарлар мен перспективалардың құрылуын Л.И. Бажович жоғарғы сынып оқушысының өмірінің аффективті орталығы деп есептеледі. Ерте жасөспірімдердің жаңа құрылуы балаладың жекелік және өмірлік өзіндік анықталуға дайындығы болып табылады (Дубровина И.В. 1989) Э.Эриксон осы жастағы дамудың түрлі варианттары мен жалпы заңдылықтарын талдай отырып, ерте жасөспірімдік псипотологияға эдентикалық кризиспер тығыз байланысты уақытша перспективаны ауытқуы тән болып табылады. И.С.Кон өзінің қазіргі мені толғандырып жүрген балалардың саны жеткігшектік және жасөспірімдік жаста бірдей болса, 15-16 жаста өзінің болашақ «мен» туралы ойлануы күрт өседі.

Жасөспірім кезейінде конструктивті  даму барысынан келесі ауытқулар  болуы мүмкін:

- идентентификациялауының диффузиялылығы: адамның иденттілік қалыптастыруға қысқа мерзімді мүмкінділігінің жоқтығы.

- уақыт диффузиясы: екі көрініспен пайда болатын уақыт сезімінің бұзылуы. Уақыт диффузиясы қорқыныш немесе өлімді тілеумен байланысты;

- жұмыстың тұрып қалуы: көбінесе идентика диффузиясымен көрінетін табиғи жұмыс қабілетінің бұзылуы;

- жат идентитификцияның орын алуы: идентификцияа қалыптасуында нормамен әсер ететін барлық факторлар мен рольдердің мойындалмауы. Яғни, мұны үлкендер керек емес немесе кауіпті деп бағалайды.

Негізінен бұл ауытқулар  аса қауіпті көрінгенмен көп  жағдайда есею процесі рамкасы толығымен дұрыс вариация болып табылады бірақ егер де ақырғы жағдайда психикалық ауруларға немесе антисоциалды мінез-құлықтың анық формасына алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, қазіргі ерте жас өспірімдердің жыныстық қатынасқа деген қызығуы артып отыр. Жыныстық қатынастың ерте басталуы түрлі жат қылықтармен (төмен үлгерімділік, қылмыс жасаумен, алкоголизммен, жүйкелік психикалық аурулармен) байланысуы мүмкін, және мұны дәлелдейтін статистика бар. И.Кон пікірімен келісетін болсақ, ол - «ешқандай да сексуалды ережелермен заңдар немесе идеалдар интровертті және экстровертті, невротикпен тұрақты индевидті тепе-тең жағдайда толығымен билей алмайды, өйткені бір адамның қорегі басқа адам үшін у болып табылуы мүмкін. Осыны түсінуден барып психикалық саулық басталады» - дейді Кон И.С. Атақты американдық рок музыкант Ди Снайдер «жеткіншектерге арналған өмір сұру курсы» кітабында өз досының теориясы туралы айтады. Ол өз теориясын «мұның себебі не» деп атап, мүмкін деген мотивтерді талдайды. Олар:

1. Өзін жалғызбын деген сезінуден арылу немесе танымал болғысы келу;

2. Өзінің ата-аналардан тәуелсіздігін білдіргісі келгендік;

3. Көмек керектігі туралы ішкі санадағы дауыс;

4. Махаббатты ұстап қалу үшін;

5. Себебі «мүны барлығы істеп жатыр». Жасөспірім үшін өз қатарластарымен қарсыласу қиынға түседі.

Сонымен, жыныстық қатынасты меңгеру  әр бір жасөспірімнің міндеті. Өйткені  ол адамның ертеңгі өміріне негіз  болады, бірақ бұл жөніндегі кедергілердің  болуы жасөспірімдердің мінез-құлқының ауытқуына негіз болады (өзіне сенбейді, қорқыныш сезімі билейді, өзін кем санайды, ішкі сөйлеуге ұшырауы мүмкін т.с.с.)

Жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне себеп болатын факторлар жан-жақты. Олар ауытқып отырады. Психологияда бұл кезеңдегі проблеманы мінез-құлық ерекшеліктерін екіге бөліп қарастырылады:

1. Интернализацияланған (өзіне бағыттылған);

2. Экстернализацияланған басқаларға бағытталған. Экстернализацияланған мінез-құлық ассоциалды мінез-құлықтың соңғы жағдайы болып табылады. Жасөспірімдердің мінез-құлқының өзгеруі - негізі мен олардың ерекше жағдайларға талпынуы, мектепте танымды болғысы келуі. Невский И.В. жасөспірімнің ерекше мінез көрсетуіне негіз болатын психологиялық жағдайларды атап көрсетеді. Олар:

1. Жасөспірімдердің құрбандықты қажетсінуі.

2. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты эмоционалды тұрақсыздық білдіруі.

3. Агрессиясының анық байқалуы.

4. Акцентуация түрлерінің анық байқалуы.

5. Психикалық дамудағы ауытқулардың жиі кездесуі.

6. Өзін-өзі төмен бағалауы.

7. Өзін бейадекватты төмен бағалау. Бұл жағдайларға әсер ететін факторлар:

1. Микроәлеуметтік фактор - бұған жасөспірімнің іс-әрекетінің негізгі үш сферасы кіреді: отбасы, мектеп және қатарларының референтті группасы: отбасылық тәрбие сферасында психологтар оның гипер және гипосүйемелдеу сияқты тәрбие стильінің дұрыс емес жақтарының болуын көрсетті. Айта кететін нәрсе истереоидты және гипертандты сипаттағы акцентуыацияның қалыпты емес типі үшін қатерлі болатын гиперсүйемелдеу, ал гипосүйемелдеу-шизоидті және эмоционалды мобильді тип үшін қатерлі болып келеді (Трудные судьбы, 1991). Сонымен бірге эмоционалды үйлеспеудің Александров А.А. «фрустрациялау» деп атап оның екі типін көрсеткен.

1. Агрессивті қорғану типі - бұл отбасындағы эмоционалды итерілуден қалыптасады;

2. Оппозициялы тип - «бүл отбасы кумирі» тәрбиесі негізінен қалыптасады.

Аграссивті қорғану типі - ерекше қиын агрессивті сипатпен ерекшеленеді. Мұндай балалар төбелескіш, жаушыл, конфликтігі түскіш, тұрақсыз, мектептегі тәртіптің дезорганизаторы болып, бұл балалар дөрәкі бұзылысқа барады. Алкогольдікке салынуы мүмкін. Мұның негізгі себебі аланың туылуы қажетсіз болған жағдайда ол соны сезінеді. Баланың қағылып тастауы түрлі формаларда көрінеді, құпиялық өтті. Ата-аналардың олардың қатты сөйлесуінен көрінеді. Бұл негізінен конфликтідегі, достығы жоқ отбасыларда көрінеді. Бала барлық уақытта нервті жағдайда жүреді, отбасыдағы үлкендерді өтпелетуінен қорғанудан агрессивті қорғану қалыптасады. Балалар айналадағыларға сенбеушілікпен қарайды, «біреу барлығына қарсы» позициясы отбасыдан тыс уақытта да қалыптасады, осының негізінде айналадағы адамдармен де конфликтіге түседі, олар оны қаға бастайды, оны эгоист қатал деп есептейді, бірақ ол мұның бәріне өзін кінәлімін деп есептемейді, барлығына басқаларды кінәләйді.

Оппозициялы тип бұл ата-аналардың өз балаларын "соқыр махаббатпен" жақсы көруі, балалардың барлық еркеліктерін көтеруі, кемшілігіне мән бермеу, оларды аспанға көтеру т.с.с. Осының негізінде олар әлеуметтік ортаға тиісінше бейімделе алмайды. Сондықтан да оларда "ішкі конфликт" туады. Бұл сонымен бірге, тіктелген, жоғары өкпелегендік, айналамен конфликтілік қатынас туады. Мұғалімдер оларды дұрыс бағаламайды, мұндай оқушылар өзін көрсеткісі келіп тұрады. Сондықтан қанағаттанбаған олар кері мінез-құлық көсете бастайды. Сонымен қатар мұндай мінез-құлық жасөспірімдерге ата-аналарының тәуелсіз өмір сүргісі келгеннен және олардың шектен тыс қаталдығынан туады. Сондықтан жасөспірімдерде олардың көңілін өзіне аударғысы келіп түрады. Осы себептен оппозициялы типтегі балалар қалыптасуы мүмкін.

Микроәлеуметтік фактор-қазіргі  уақытта жасөспірімдердің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Бұл негізінен қоғамның идеологиялық тенденциясынан экономикалық тенденцияға өтуінен көрініп отыр. Сондықтан жасөспірімдерде статистикалық түрғыдан кері мінез-құлық кең деңгейде көрініп отыр. Оған бірден бір себеп "орта" болып отыр. Бұларда олардың бір сезімдердің орнына потологиялық сипаттағы келесі бір сезімдердің келуі мүмкін.

Жалпы, оқушылардың мінез-құлқының ауытқып немесе бұзылып келе жатқанын неден байқауға болады. Мәліметтерге сүйенсек бала тырнағын тістеп отыруы мүмкін, ол ішкі мазасызданудың пайда болуынан да және түнгі шытырман жағдайлардан дакөрінеді, яғни мінез-құлықтың өзгеруінің көріністері болып табылады.

Сонымен қорыта келе жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік кезең  бір-бірімен тығыз байланысты болып  табылады. Оларға әсер ететін себептердің мазмұны да бірдей және бүл екі жас бір-біріне тәуелді. Мысалы, жеткіншектік кезең психикалық процестермен, жекелік дамуын, ағзаның физикалық жетілуімен сипатталса, жасөспірімдік кезеңде ағзаның жетілуі аяқталады, жасөспірімнің ішкі позициясының күрт өзгеруімен сипатталады.

 

2 бөлім  Оқушылардың  мамандыққа икемділігін анықтау  және қалыптастыру.

 

2.1. Мамандық бағдар беру барысында оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеу

Жеткіншек жас кезеңінің  ерекшеліктерін ескере отырып мамандық бағдар беру барысында балаларды  зерттеуге арналған бірқатар тестерді жинақтап алдық. Бірінші кезеңде  балалардың темпераментін анықтағанды дұрыс көрдік. Ол үшін біз Стреляу тестін пайдаландық.

 

Темпераментті Я.Стреляу  тестімен анықтау

Мақсаты: темперамент  типін және жүйке процестерінің  тепе-теңдігін анықтау.

Орындау ережесі: Тесте  берілген 134 сұрақтарға жауапты талдау арқылы темперамент көрсеткіштері мен жүйке процестерінің жүру ерекшеліктерін анықтауға болады. Сүрақтарға жауапты ия, жоқ, білмеймін деп беру керек. Жауап дұрыс немесе қате болуы мүмкін емес. Әр адамның өз жауабы өзіне дұрыс және сол адамның өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді. Сондықтан, қойылған сұрақтардың ретін бұзбастан, онша көп ойланбастан, үш вариант жауаптың біреуін жауап параққа жазыңыз. Білмеймін деген жауапты сирек қолданған жөн.

 

Сауалнама.

1. Сіз өзіңізді басқалармен тез танысатын адамдарға жатқызасыз ба?

2. Іс-әрекетке кірісу үшін басқалардан нұсқау күтесіз бе?

3. Жұмыстан шаршағаныңыз басылу үшін қысқа уақыт ішінде дем алғаныңыз жеткілікті ме?

4. Ыңгайсыз жағдайда жұмысты орындай аласыз ба?

5. Пікірталас болғанда тақырыпқа байланысы жоқ аргументтерді пайдаланасыз ба?

6. Ұзақ үзілістен соң жұмысқа қайтып оралуыңыз оңай ма (демалыс, каникул)?

7. Жұмысқа беріліп кеткенде шаршағаныңызды ұмытып кетесіз бе?

8. Біреуге берілген тапсырманың орындалуын шыдамдылық пен күтесіз бе?

9. Әр түрлі уахытта төсекке жататын болсаңыз, ұйықтауыңыз барлық уақытты бірдей жеңіл болады ма?

10. Сізге сеніп ашқан сырды құпияда сақтай аласыз ба?

11. Бірнеше апта немесе айлар бойы айналыспаған жұмысқа жеңіл ораласыз ба?

12. Шыдамдылықпен, ерінбей түсіндіресіз бе?

13. Терең ойланып істейтін істі жақсы көресіз бе?

14. Қызық емес жұмысты орындау барысында жалығып, ұйқы басып кетеді ме?

15. Күшті тебіренуден кейін жеңіл ұйықтайсыз ба?

16. Өзіңіздің күшті жағыңызді көрсетуге құмарсыз ба?

17. Бейтаныс адамдардың алдында өзіңізді еркін ұстайсыз ба?

18. Ашуыңызды басқалаға көрсетпеу сізге оңай ма?

19. Сәтсіздікте сабырлылық сақтайсыз ба?

20. Қажет болғанда, өз мәнерлеріңізді басқа адамдардың мінезіне икемдейсіз бе?

21. Ерекше жауапкершілікті талап ететін функцияны орындауға құмарсыз ба?

22. Басқалардың әсерінен көңіл-күйіңіз өзгереді ме?

23. Қиын-қыспақта өзіңізге сеніміңіз сақталады ма?

24. Пікірімен санасатын адамның алдында өзіңізді емін-еркін сезінесіз бе?

25. Күтпеген жерде күн тәртібі өзгерсе, сіз сасып қалмайсыз ба?

26. Қажетті жауапты тез табасыз ба?

27. Сіз үшін өте маңызды шешімді күту барысында байсалдылық көрсете аласыз ба?

28. Демалыс, каникулдың бірінші күндері сіз үшін жеңіл өтеді ме?

29. Тапқырсың ба?

30. Жүрісіңізді, тамақтануыңызды жай басарларға теңестіруіңіз оңай ма?

31. Дем алуға жатқанда тез ұйықтайсыз ба?

32. Сабақта, жиналыстарда сөз алуға құмарсыз ба?

33. Ашулануыңыз оңай ма?

34. Жұмысқа кірісіп кеткеннен соң оны тоқтатуыңыз оңай ма?

35. Басқаларға кедергі келтірмеу үшін үндемей отыруға қиналмайсыз ба?

36. Шағыстырушыларға ермей қаласыз ба?

37. Басқалармен тіл табысып жұмыс істеуіңіз оңай ма?

38. Шешім қабылдау үшін, барлық жағдайларды салыстырып көресіз бе?

39. Кітап оқығанда, автордың ойын басынан аяғына дейін қадағалап отыасыз ба?

40. Жолаушылармен әңгімелесіп отырасыз ба?

41. Егер, пікірталас нәтижесі жемісті болмайтынын білсеңіз, сол әңгімеге қатысудан өзіңізді ұстап қаласыз ба?

42. Нақты қимыл әрекетті талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?

43. Басқалардың пікірімен санаса отырып өзіңіздің шешіміңізді өзгерте аласыз ба?

44. Жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәртібіне тез үйренесіз бе?

45. Күндіз қызмет атқарған болсаңыз, түнде жұмыс істеуге шамаңыз келеді ме?

46. Әдеби кітаптарды тез оқисыз ба?

47. Кедергі кездескенде жоспарлаған нәрседен тез бас тартасыз ба?

48. Ұстамдылық көрсете аласыз ба?

49. Тез оянасыз ба?

50. Жылдам жауап бермей, ұстамдылық көрсете аласыз ба?

51. Шуға көңіл бөлмей жұмысты орындай аласыз ба?

52. Шындықты бетіне баспай, шыдамдылық көрсете аласыз ба?

53. Емтихан алдында, бастықпен сөйлесерде ұстамдылық көрсетесіз бе?

54. Жаңа ортаға тез үйренесіз бе?

55. Жаңалыққа құмарсыз ба?

56. Күндіз ауыр жұмыс істегеннен соң толық демалуға түнгі ұйқы жеткілікті ме?

Информация о работе Оқушылардың мамандыққа икемділігін анықтау және қалыптастыру