Оқушылардың мамандыққа икемділігін анықтау және қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2014 в 15:20, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін толық және жан-жақты талдап шығуға мүмкіндік бар. Сондықтан мектеп тәжірибесінде мамандыққа баулу және мамандыққа икемділігін анықтап беру жұмысын мектеп психологі жүргізуі керек. Мектептерде психологиялық қызмет ұйымдастырылуына байланысты барлық оқушылардың жеке-даралық ерекшеліктерін, әр баланың қызығушылықтары мен интеллектуалдық қызметке икемділігін, таным процестері мен жекелік қасиеттерін сандық және сапалық жағынан толық бағалап шығуға, баланың психологиялық портретінің ерекшеліктерін жүйелі түрде зерттеуге мүмкіншілік бар. Психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа баулу жұмысы арқылы әр оқушыға тиімді көмек көрсетуге мүмкіншіліктер бар.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3
1 бөлім. Мамандық бағдар берудің психологиялық негіздері.
1.1.Орта буын оқушыларын мамандық таңдауға даярлаудың
психологиялық негіздері..............................................................................6
1.2.Мамандық бағдар беруде жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескеру.20
2 бөлім. Оқушылардың мамандыққа икемділігін анықтау
және қалыптастыру
2.1. Мамандық бағдар беру барысында оқушылардың жекелік
қасиеттерін зерттеу.....................................................................................32
2.2. Оқушылардың мамандыққа қызығушылығын диагностикалау............48
Қорытынды........................................................................................................61
Әдебиеттер тізімі..............................................................................................63

Файлы: 1 файл

Дип.-Жеткіншектерге-мамандық-бағдар-берудің-теориялық-және-әдістемелік-негіздері.doc

— 384.00 Кб (Скачать файл)

Интерпретация адам кескіні  немесе оң және сол жағының жазылған мәнімен қатысып жүргізіледі.

Қара бұлт жағымсыз жағдайларды  күту белгісі болып табылады. Бұлттар, қара бұлттардың санына, олардың мөлшерінің қалындығына, орналасуына назар аудару маңызды. Депрссивтік жағдайда барлық аспанды алатын ауыр қара бүлт бейнеленеді.

Шалшық су, батпақ,балшық бұл үрейлі жағдайдың салдарын, «жаңбырдан» кейін қалатын қайғыруларды бейнелейді.

Шалшықтың бейнелеу ерекшелігіне назар аудару қажет (форма, тереңдігі, шашыранды). Адам кескініне шалшық қалай орналасқанын ескеру маңызды. (Кескеннің артқы жағынаннемесе алдыңғы жанына орналасқан ба, адамдарды барлық жағынан қоршаған немесе оның өзі шалшықта тұр ма?).

Қосымша бөлшектер

Барлық қосымша бөлшектер (үй, ағаш, орындық, машина) немесе адам қолына ұстайтын заттар (сөмке, гүл, кітап) қосымша сыртқы тірекке деген қажеттіліктің көрініс ретінде қарастырылады.

Бөлшектерді көбірек  толықтай түсіндіру (мәнін ашу) көрсетілген  бейненің символдық мәнін құрайды. Мысалы, найзағай дамудағы жаңа циклдің бастауын және адамның өміріндегі қайғылы өзгерістерді бейнелеуі мүмкін. Найзағайдан кейін жиі пайда болатын күннің шығуын алдын-ала білдіретін кемпірқосақ толығымен орындалмаған армандарды білдіреді.

Қолшатырдың сырты жағымсыз нәсерлерден психикалық қорғанудың символикалық бейнесін түсіндіреді. Бйнелерді түсіндіру көзқарасы бойынша қолшатыр бейнесінде ана мен әкесіне байланысты белгі ретінде қарастырылады. Қолшатырдың жауын-шашыннан қорғауы да, қорғамауы да мүмкін.

Сонымен, мысалы үлкен қолшатыр-саңырауқұлақ адам адам үшін барлық қиын жағдайларды шешетін анасының немқұрайдылығын дәлелдеуі мүмкін.

Адамдардың кескініне  қатысты қолшатырдың көлемі мен  орналасуы психологиялық қорғаныс механизмі әрекетінің қарқындылығын  көрсетеді.

 

Бөлшектердің  бұрмалануы мен өткізілуі

Қатысты бөлшектердің болмауы  шиеленісті жағдайларға және психикалық қорғаныс механизмдерін ығыстырудың  салдары болуын көрсетуі мүмкін. Мысалы, суретте қолшатырдың қатыспауы  қиын жағдайда ата-анасы жағынан  көмектің болмауы жағдайын көрсетуі мүмкін.

 

Суреттердегі  түстер

Суретті қарапайым қаламмен орындауға болады. Көп адамдар  түрлі-түсті қаламның қолдануын  қалайды. Егер зерттелушіде түрлі-түсті  қаламдардың барлығы түгел болмаған жағдайда түстерге қарап шешім шығарудың  қажеті жоқ.

Түстер белгілі бір  сезімдерді, көңіл-күйді және адамдардың қарым-қатынасын білдіруі мүмкін. Сонымен  қатар, әртүрлі реакциялардың және шиеленісу жағдайдың да бейнелеуі  мүмкін.

Жақсы бейімделген эмоциялық  қалапты бала әдетке 2-ден 5-ке дейінгі  түстерді қолданады. 7-8 түстер жоғары лабильділікті көрсетеді. Бір түстің қолданылуы эмоциялық өзгеруде қорқыныштың болуын көрсетеді.

 

Қорытындылау  кезеңі

Суреттің интерпретациялау кезеңі 1-ші және 2-ші кезеңінен алынған  мәліметтер жиынтығы болып табылады. Стандартты тесттер нәтижесінің және адам туралы мәліметтерге қатысып алынған барлық материалдар талданады.

 

Тест нәтижесін талдау кестесі

Балалар аты

 

1. Омар Ғ.

Сенімді досты қажетті  етеді, эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, шешілмеген проблемалар, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

2. Ерғали В.

Өзін жоғары бағалайды, әлеуметтік ортадағы өз орнына қанағаттанбайды, танымдық қызығушылығы жоғары, барлық уақытта іс-әрекет үстінде, тынымсыз, шыдамсыз.

3. Мақпал Ә.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, сондықтан басқалармен  тіл табысуы қиын, оны барлығы  көкірек, тәлпіш деп қабылдайды, инфантилизм анық байқалады.

4. Раиса X.

Проблемалары көп, эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, өзін бағалауы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

5. Балқия О.

Достықты қажетсінеді, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, мазасыздануы анық байқалады.

6. Қатира С.

Тіректі қажет етеді, сырқаттанады, танымдық қызығушылығы жоғары, өзіне сенімі төмен, сырласуға қорқады, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

7. Ғалия Қ.

Өзін бағалауы жоғары, әлеуметтік ортадағы өзінің орнына қанағаттанбайды, эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, мазасыздануы анық байқалады.

8. Ғабит Л.

Өзін төмен бағалайды, әлеуметтік ортадағы өз орнына қанағаттанбайды, өзінің өнерге деген, танымдық қызығушылығы жоғары, барлық уақытта іс-әрекет үстінде, бірақ керек кезінде көмек  көрсетететін адамдар сүйеніш болмады  деген ренжіш оның тіршілігіне теріс әсерін тигізіп жүр.

.9. Қасымхан К.

Қарым-қатынасқа құмар, танымдық қызығушылығы жоғары, барлық уақытта іс-әрекет үстінде. сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім  қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизмі анық байқалады.

10. Қайрат Т.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

11. Қаражан О.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы төмен, сүйеніп қажеттілігі анық байқалады, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

12. Ләззат Р.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыздық көрсетуі мүмкін

13. МәдинаН.

Өзін жоғары бағалайды, әлеуметтік ортадағы өз орнына қанағаттанбайды, танымдық қызығушылығы жоғары, барлық уақытта іс-әрекет үстінде.

14. Мазура Д.

Қоршаған адамдарға  сенімі төмен, бақаларға тәуелді, эгоцентризм элементтері байқалады, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды, танымдық қызығушылығы жоғары балалармен достасады.

15. Мағжан В.

Өзіне сенімі төмен, бақаларға  тәуелді, эгоцентризм, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды, техника қызықтырады.

16. МахфузаХ.

Өзіне сенімі төмен, бақаларға  тәуелді, эгоцентризм, сезімтал, эрудицияны бағаламайды.

17. Умирниссо Е.

Өзіне сенімі төмен, бақаларға  тәуелді, эгоцентризм, сезімтал, қол  өнерді, сахналық өнерді жоғары бағалайды, білімді бағалайды.

18. Қалипа Н.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, білімді жоғары бағалайды, шеше алмай жүрген проблемалары көп.

19. Нұрғали Н.

Өзіне сенімі күшті, басқаларға тәуелді емес, барлық мәселені өзі шешуге тырысады, эгоцентризм анық байқалады, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды, дегенмен басқалардың көмек көрсеткенін күтеді.

20. Жансая Т.

Өзін жоғары бағалайды, басқаларға тәуелді емес, эгоце анық байқалады, іскер, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды, өзі барлық уақытта ізденіс үстінде.

21.Насиба Т.

Басқаларға сенімі төмен, басқаларға тәуелді, мазасыздануы күшті, корқыныш сезімі анық байқалады, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды, достасуға  құмар, бірақ ешкіммен өзі бірінші  болып таныспайды, өзінің ұялшақтығына өзі қамығады.


 

Бұл тесті жүргізу нәтижесінде балардың басым көпшілігі басқа адамдарға бағытталғандығын және олар қарым-қатынасқа құмарлығын толық қанағаттандыруға мүмкіндіктері болмай жүргендігін байқадық. Соның нәтижесінде олардың мазасыздануы байқалатындығы анықталды. Бірнеше әдістемелер нәтижесін салыстырып талдау арқылы жеткіншектерге эгоцентризм мен инфантильдік қосарласып келетінін байқадық. Сондықтан бұл балалардың мамандықты таңдауға даярлығы төмен, үлкендердің көрсеткенімен жүруге даяр екен дем тұжырымдама жасауға болатындығы анық болып тұр.

Осы көрсеткіштер балалардың мамандық таңдау мотивациясын, олардың  бұл ойға бөленетіндігін анықтау қажет болды. Бұл зерттеулер технологиясы және нәтижесі келесі параграфта келтірілген.

 

 

2.2. Оқушылардың мамандыққа  қазығушылығын диагностикалау

 

Мамандық таңдау мотивациясы  көптеген көрсеткіштермен сипатталуы мүмкін. Осы проблеманы зерттеушілер ішінде А.И.Ионинас мамандыққа қызығцшылықты зерттеу мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Ол балалардың қызығушылығын анықтауды олардың мамандық таңдау мотивациясын зерттеуден бастауды ұсынған. Біз өзіміздің зерттеуімізді осы ұсыныстан бастадық.

Қушылардың мамандық таңдау мотивациясын анықтауға Климовтың  «Жекелеп диагностикалау» әдістемесін  пайдаландық. Бұл тест бойынша балалардың іс-әрекет түрлерінің қайсысына ыңғайлы екенін анықтадық. Бұл әдістеме келесі бес көрсеткіш бойынша аданың қызығушылығын және қай салада қызмет атқаруға икем екенін анықтауға арналған. Олар:

Адам - табиғат;

Адам - техника;

Адам-адам;

Адам - белгілеу жүйесі;

Адам - көркем бейне. Бұл әдістеме жаңадан пайдаланып жүрген тәсілдерге жатады.

Е.А. Климовтың «Жекелеп диагностикалау» әдістемесі.

Бұл әдістеме Е.А. Климовтың жіктеуі бойынша әр түрлі мамандыққа адам таңдауға арналған. Бл әдісті жас өспірімдер мен ересек адамдарды кәсіптік бағдарлауда да қолдануға болады.

Әдістеменің амазмұны: сыналушы ұсынылған 20 жұп қызметтің ішінен оның бір ғана түрін таңдап алып, жауптар парағының тиісті торына «+» қосу белгісін қоюы тиіс.

Нұсқау: «Тиісті оқуды бітіргеннен кейін сіз кез келген жұмысты алып кете аласыз дейік. Дегенмен Сізге екі мүмкіндіктің біреуін ғана таңдау қажет болса, қайсысын қалар едіңіз.»

Қорытындыларды  түсіндіру:

Жауаптар парағы 5 бағананың  әрқайсысындағы «+» белгісін есептеп  шығаруға ыңғайланып жасалған. Бес бағананың әрқайсысы белгілі мамандыққа сәйкестендірілген. Ал сыналушы мамандықтың ең көп «+» белгісін алған типін таңдауы тиіс. Мамандықтар типтерінің атауға бағаналарға бөлініп беріліп отыр:

1. Адам - табиғат, мұнда тірі ағзалар, өсімдіктер, жануарлар мен биологиялық үрдістер еңбек объектісі болады. Бұған агроном, зоотехник, мал дәрігері, бағбан, орманшы кіреді.

2. Адам - техника, мұнда техникалық жүйелер, машиналар, аппараттармен қондырғылар, материалдар мен энергия (қуат) еңбек объектісі болады. Бұған радиомеханик, токарь, слесарь, жүргізуші, инженер кіреді.

3. Адам - адам, адамдар, топтар, ұғымдар кіреді. Мамандықтар - қызмет көрсету саласы, медицина, педагогика, заң қызметі.

4. Адам — белгілеу жүйесі. Олардың еңбек объектісі: шартты белгілер, шифрлар, кодтар, кестелер. Бұл салада корректорлар, бағдарламашылар, машинистер, статистер, экономисттар істейді.

5. Адам - көркем бейне. Бұл адамдар еңбек объектісі көркемдік бейнелер жасау, олардың ролі, элементтері мен ерекшкліктер. Зергер, фотосуретші, музыкант (сазгер), суретші, өнертанушы, жазушы, әртіс.

 

Сауалнама

1 а.

Жануарларды бағып, күту

немесе

1б. Машиналар мен құрал -саймандарға қызмет көрсету (бақылау, қарау, реттеу)

2а. Ауруларға көмектесу

немесе

2 б. Есептеу машиналарына кестелер, сызбалар, бағдармалар жасау.

3 а. Кітап, плакат, көркем  ашық хаттарды безендіру сапасын  бақылау

немесе

3 б. Өсімдіктердің  жай-күйін, өсіп- дамуын қадағалау.

4 а. Материалдарды  өңдеу (ағаш, мата, металл, пластмасса  және т.б.)

немесе

4 б. Тауарларды тұтынушыға жеткізу, жарнамалау, сату.

5 а. Ғылыми-көпшілік кітаптарды, мақалаларды талқылау

немесе

5 б. Көркем кітаптарды  талдау (пьесалар, концерттер)

6 а. Малдардың төлдерін  күту, өсіру (жануарлардың тұқымдарын)

немесе

6 б. Жолдастарды жаттықтыру (немесе кішкентайларды) бір іс-әрекетті орындауға көмектесу (еңбекке, оқуға, спортқа қатысты).

7 а. Суреттерден, бейнелерден  көшірме жасау (не музыка аспаптарын  жөндеп күйге келтіру)

немесе

7 б. Жүк таратын,  түсіретін (көтергішке тасымалдау) құралын басқару (көтергіш кран, трактор, жылумен жүретін тепловоз)

8 а. Адамдарға керекті  мәлеметтер беру, түсіндіру (анықтама  бюросы экскурсия және т.б.)

немесе

8 б. Көрмелер, витриналар  көркемдеу, рәсімдеу (немесе пьеса,  концерт дайындау)

9 а. Нәрселер, бұйымдар (киім-кешек, техника) тұрғын үй жөндеу

немесе

9 б. Мәтіндегі, кестелердегі, суреттегі қателерді тауып, түзету.

10 а. Жануарларды емдеу

немесе

10 б. Есептеу, есептен  шығаруды орындау.

11 а. Өсімдіктердің  жаңа сорттарын шығару

немесе

116. Өнеркәсіптік бұйымдардың жаңа түрлерін конструкциялау, жобалау (машиналар, киім-кешек, үйлер, азық-түлік өнімдері)

12 а. Адамдар арасындағы  даудамайды талқылап, түсіндіріп, сендіріп, жазалау, көтермелеу

немесе

12 6. Сызбалар, кестелрді  талқылау (тексеру, анықтау, тәртіптеу)

13 а. Көркемөнерпаздар  үйірмесінің жұмысын бақылау, тексеру

немесе

13 6. Микробтардың өмірін  бақылап, зерттеу.

14 а. Медицина аспаптарын,

аппараттарынжөндеп, қызмет көрсету

немесе

14 6. Жараланған, күйген

адамдарға, медициналық  көмек көрсету.

15 а. Көрген, елестеген, қиялдағы оқиғаларды көркемдеп шығару

немесе

15 б. Көрген-білген оқиғалар мен құбылыстарды жазып беру, бақылаған құбылыстан есеп жазу, өлшеген объектілер есептеу.

16 а. Аурухана лабораториясында анализ жасау

немесе

16 б. Ауруларды қабылдау, әңгімелесу, ем-дәрілер жазып беру.

17 а. Бөлменің, үйдің ішін, бұйымдарды бояу, сурет салу

немесе

17 б. Машиналар мен құрал-сайманды құрастыру, жинау.

18 а. Құрбы-құрдастарды, кішкене балаларды театрға, мұражайға апару, экскурсияға, туристік жорықтарға шығару

немесе

18 б. Сахнада ойнау, концерттерге қатысу.

19 а. Сызбаларға қарап машиналардың, киім-кешек бөлшектерін жасау, үй салу

немесе

19 б. Сызумен айналысу, сызбалар, карта көшірмелерін жасау

20 а. Өсімдіктер ауруларымен, баубақшаның, орман жауларымен, зиянды жәндіктермен күресу

немесе

20 б. Клавишті машиналармен жұмыс жасау (жазу машинасымен, телетайп, теру машинасы және т.б.)


 

Климов әдістемесі бойынша  жүргізілген зерттеу нәтижесі

Көрсеткіштер

Оқушылар саны

1. Адам - табиғат

2

2. Адам - техника

3

3. Адам-адам

13

4. Адам - белгілеу жүйесі

1

5. Адам - көркем бейне

2


 

Кестеде көрсетілген  зерттеу нәтижесі зерттелінген балалардың басым көпшілігі «адам-адам» адамдар, топтар, ұғымдар кіреді. Оларға ұсынылатын амандықтар - қызмет көрсету саласы, медицина, педагогика, заң қызметі т.с.с. басқа адамдармен қатынаста болуды талап ететін жұмыстарды қалайтыны анықталды. Ал «Адам - табиғат» және «Адам - белгілеу жүйесі» көрсеткіштері бойынша таңдаулар өте аз болғандықтан бұл салалардағы қазмет ерекшеліктеріне балалар әлі онша түсінбеген деп таптық. Өйткені «Адам - табиғат» саласы адамдарға ең жақын, «адам-адам» саласынан кейін тұруы керек сияқты.

Оқушылардың басқа адамдармен жұмыс қабілетін тереңірек зерттеу мақсатымен олардың коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетін КОС (Коммуникативные и организаторские способности) әдістемесімен зерттедік.

Коммуникациялық ұйымдастырушылық қабілетті; зерттеу әдістемесі (КОС)

Төменде берілген сүрақтарға «ИЯ» немесе «ЖОҚ» деп жауап беріңіз.

1. Сіздің араласып түратын достарыңыз көп бе?

2. Жолдастарыңыздың көпшілігін сіздің пікіріңізді қабылдауға міндеттейсіз бе?

3. Жолдастарыңыздың Сізге жасаған ренішін есіңізде көпке дейін сақтайсыз ба?

4. Қиын жағдайда дұрыс шешім қабылауға Сіз қиналасыз ба?

5. Көптеген бейтаныс адамдармен танысуға тырысасыз ба?

6. Қоғамдық жұмыстармен айналысу Сізге оңай ма?

7. Сізге адамдармен араласқаннан гөрі кітап оқып, уақыт өткізу ұнай ма?

8. Өз пікіріңізден тез айнисыз ба?

9. Өзіңізден жасы үлкен адамдармен тіл табысуыңыз оңай ма?

10. Достарыңызбен ойын ойнап, оларға ойын үйретуді ұнатасыз ба?

11. Сізге жаңа ортаға кіріп кеті қиын ба?

12. Бүгінгі орындайтын жұмысыңызды ертеңге жиі қалдырасыз ба?

13. Жора-жолдастарыңыз Сіздің пікіріңізге келісуі оңай ма?

14. Жолдастарыңыз Сіздің пікіріңізбен келісімге келтру үшін күш саласыз ба?

Информация о работе Оқушылардың мамандыққа икемділігін анықтау және қалыптастыру