Оқушылардың мамандыққа икемділігін анықтау және қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2014 в 15:20, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін толық және жан-жақты талдап шығуға мүмкіндік бар. Сондықтан мектеп тәжірибесінде мамандыққа баулу және мамандыққа икемділігін анықтап беру жұмысын мектеп психологі жүргізуі керек. Мектептерде психологиялық қызмет ұйымдастырылуына байланысты барлық оқушылардың жеке-даралық ерекшеліктерін, әр баланың қызығушылықтары мен интеллектуалдық қызметке икемділігін, таным процестері мен жекелік қасиеттерін сандық және сапалық жағынан толық бағалап шығуға, баланың психологиялық портретінің ерекшеліктерін жүйелі түрде зерттеуге мүмкіншілік бар. Психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа баулу жұмысы арқылы әр оқушыға тиімді көмек көрсетуге мүмкіншіліктер бар.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3
1 бөлім. Мамандық бағдар берудің психологиялық негіздері.
1.1.Орта буын оқушыларын мамандық таңдауға даярлаудың
психологиялық негіздері..............................................................................6
1.2.Мамандық бағдар беруде жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескеру.20
2 бөлім. Оқушылардың мамандыққа икемділігін анықтау
және қалыптастыру
2.1. Мамандық бағдар беру барысында оқушылардың жекелік
қасиеттерін зерттеу.....................................................................................32
2.2. Оқушылардың мамандыққа қызығушылығын диагностикалау............48
Қорытынды........................................................................................................61
Әдебиеттер тізімі..............................................................................................63

Файлы: 1 файл

Дип.-Жеткіншектерге-мамандық-бағдар-берудің-теориялық-және-әдістемелік-негіздері.doc

— 384.00 Кб (Скачать файл)

1908 жылдың қаңтар айында Бостон қаласында жастарды кәсіби бағдарлау жұмысының алғашқы бюросы ашылып, мұнда талапкерлердің өмірлік еңбек жолын анықтауға көмек беретін әдістемелер қолданыла бастады. Бұл бюроның іс-әрекеттерін ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби бағдарлаудың бастамасы деп айтуға болады. Көп ұзамай осыған ұқсаған бюролар Нью-Йоркте ашылды. Оның міндетіне әр түрлі мамандықтардың адамға қойатын талаптарын зерттеп, мектеп оқушыларының қабілетін анықтау болды. Бұл бюроның негізін құрушылардың бірі Ф.Парсонс табысты мамандық таңдаудың үш негізгі факторларын бөліп көрсетті:

- әр адамның өзін-өзі дұрыс бағалауы, өзінің іс-әрекет түрлеріне бейімділігін, қабілетін, қызығушылығын, ұмтылысын, мүмкіндіктерін және шектеуліктерін дұрыс бағалауы;

- әрбір таңдаған мамандық бойынша қызмет атқарғанда табысты жұмыс істеу үшін ненің қажет екенін білуі;

- мамандықтың талабы мен байланысты білімді өзін-өзі бағалаудың нәтижесін үйлестіре алуы.

Осы және көптеген әлеуметтік психологиялық зерттеулердің нәтижесінде 1911 жылы Англияда 17 жастан төмен оқушыларға мамандық таңдауға міндетті түрде көмек көрсету туралы Заң қабылданды.

АҚШ-та мамандарды кәсіби жарамдылығы бойынша таңдаудан  өткізуге ерекше көңіл бөлінді. Гарват университетінің психологиялық  зертханасының директоры Г.Мюнстерберг, психотехникалық зерттеулердің негізін құрушылардың бірі, кәсіби таңдау жүргіжу технологиясын анықтап, өз зертханасында көптеген әдістемелер жасауға өз үлесін қосты.

Біріші дүниежүзілік соғыс барысында әскери техниканы  басқарушылардың кәсіби жарамдылығын анықтап іріктеп алу қажет екені дәлелденді. Осы қызметті жолға қою үшін көптеген арнайы зерттеулер жүргізілді. Германияда 1922 жылы кәсіби бағдарлау және кеңес беру жүйесін құру жайлы Заң қабылданды. Кәсіби кеңес беру бюросының ұстанымдары бойынша еңбек биржасында мынадай ережелер құрылды:

- жеткіншектерді мамандық таңдауға жоспарлы түрде даярлау;

- бюро жұмысын мектептермен тығыз байланыста ұйымдастырып, мектеп бітірушілермен арнайы жұмыстарды келесі бағыттарда жүргізу:

- мамандықтар туралы мағлұматтар беру;

- мектеп бітірушілердің жекелік қасиеттерін анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізу;

- жұмысқа немесе кәсіби мектептерге ұсыныс хат толтыру.

Кәсіби бағдарлаудың ғылыми педагогикалық негізін қалауға  халыққа білім беру жүйесін бұрынғы Кеңес жерінде құруға үлкен үлесін қосқан А.В.Луначарский, П.П.Блонский өз үлестерін қосты. 1927 жылы Санкт-Петербургте кәсіби кеңес беру бюросы ашылды. Бұл жерде мамандыққа баулу тәжірибесімен қатар ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. 1928 жылы П.П.Блонскийдің "Педалогия негіздері" деп аталатын еңбегі жарық көрді. Тәжірибелік психологиялық білімді ол кезде педалогия деп атады. Осы еңбекте жеке адамның тұлғалық қасиеттерін жан-жақты зерттеу, және ағзаның физиологиялық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері жүйеге келтіріліп берілді.

Батыс Еуропа елдерде  бұл тәжірибе өте кең тарап, Еуропалық ғалымдар К.Айзенк, Кеттел, Бине, Симон т.б. көптеген ғалымдар адамдардың жекелік қасиеттерін, интеллектуалдық іс-әрекеттерге икемділігін, жан мен тәннің бір-біріне тәуелділігін т.б. көптеген проблемаларды зерттеу жолдарын анықтап, оларды психологиялық кеңес беруде қолдану жолдарын зерттеді.

1984 жылы қабылданған  Кеңес мектептерінде жүргізілген  реформаның материалдарында мектептерде  психологиялық қызметтерді ұйымдастырып, психологиялық зерттеулерді кеңінен қолдану қажеттілігі көрсетілген. Сонымен қатар психологиялық кеңес беру орталықтарын ашу туралы көптеген ұсыныстар жасалған. Осы кезден бастап көптеген Ресей мектерінде, Балтық жағалауындағы мемлекеттерде мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беоу орталықтары ашыла бастады. ССРО ғылым академиясы жанынан мамандық бағдар беру ғылыми зерттеу институты ашылып, онда осы бағытта көптеген зерттеулер жүргізілді.

Қазақстанда кәсіби бағдар беру проблемалары педагогика ғылымдарының докторылары, профессор А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов, Л.К.Керимов, және олардың шәкірттері жан-жақты зерттеді. Олардың айтуы бойынша кәсіби бағдар беру - психологиялық, педагогикалың және медициналық іс-шаралар жиынтығы болып келеді. А.П.Сейтешов мамандыққа баулу және кәсіби бағдарлау баланың дүниеге көзқарасының қалыптасуына негіз болады деп дәлелдеген. Бұл жұмыс жастардың тілегі, ықыласы мен олардың мүмкіндіктерін бір-бірімен үйлестіруге бағытталған. Сонымен қатар халықтың тұрмыс шаруашылығы мен жалпы қоғамда мамандарға деген қажеттілікті ескере отырып, еңбекке жарамдылық процесін оңтайландыруға бағытталған.

 

1.2. Мамандық бағдар беруде жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескеру

 

Жеткіншек жас кезеңінде  баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы психологиялық және физиоллогиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылық орын алады. Сондықтан бала көптеген қиналыстарға ұшырайды: болашақта кім болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік ролін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.

Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алуы мүмкін.

Жеткіншектердің дене мүшелерінің  дамуында да үлкен үйлеспеушілік  орын алады. Мәселен, олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез ұзарады да, кеудесінің өсуі, бүлшық еттерінің ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің бір келкі дамымауы салдарынан жеткіншекте «өзін жарым-жан сезінуң деп аталатын комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп, немесе бір жағына қисайып жүреді. Жеткіншек жас кезеңінде балалардың эндокриналық жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс армондарының тітіркендіруіне әсерленгіш. Сондықтан жеткіншектер көп мәселелердің байыбына үңіліп жатпайды, сөзді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары осының салдарынан туады.

Бұл жас кезеңі «өтпелі кезеңң, «қиын жасң, «проблемалың т.б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процесстермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.

Жеткіншек жас кезеңіндегі  мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан  тыс дамып кетуін акцентуация  деп атайды. Акцентуацияның байқалу  ерекшеліктерін Леонгард жан-жақты  зерттеп, оның типологиясын жасаған. Сонымен қатар осы жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едәуыр орын алады.

Осы жас кезеңінің  ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткіншіктің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді.

Жеткіншек жастың ерекшеліктері:

- барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердең қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі;

- үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы;

- үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде, өрескіл мінез көрсетуі;жеткіншек істі игеру жағынан әлі бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі.

Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне, ересектер талабын оңай орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар. Олар:

Балалардың оқудан басқа айналысатын шаруасының болмауы.

- Радио, теледидар, басқа да ақпарат көздерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған еліктейтіндігі.

Өзінен үлкен балалармен танысып, солардың жарамсыз әрекеттеріне еліктейтіндігі.

Күні-түні фантастикалық және криминалистикалық әдебиеттерді оқып, ондағы кейіпкерлерге еліктеуі. Акцентуацияның көрініс беруі.

- Агрессиясының анық байқалуы.

Психологтың жеткіншек  жас кезеңіндегілерімен жүргізетін жұмыстарының міндеттері мен мазмұны осы ерекшеліктерден туады. Барлық іс-шаралар жеткіншектердің жасымен байланысты проблемаларын ескере отырып, оларды шешуге немесе шешу жолдарын табуға көмектесуге бағытталады. Сонымен қатар осы жас кезеңінде баланың интеллектуалдық дамуына үлкен көңіл бөлу қажет.

Мінездің акцентуациясы дегеніміз мінездің жеке көріністерінің күшейтіп, норманың шегіне шығу нәтижесі.

Акцентуацияның белгілері: адамның ызақор болып, кейбір стресс факторларына өте қызу түрде реакция  беруі. Сонымен қатар дәл өзіне  тікелей қатысы жоқ факторлаға немқұрайды қарауы (басқа адамдарға қатысы бар факторлар болсада). Акцентуацияны көп психиаторлар психопатияның бастамасы деп түсінеді. Оларды шизоидты тип және этелептикті тип деп екіге бөледі. (Кречмер, Шелдон).

Психологияда мінез акцентуациясын сыныптастыру жүргізгендер оны негізгі екі топқа бөліп, оларды интровертті (нормадан тыс тұйық мінезді) және экстровертті (нормадан тыс ашық мінезді) деп көрсеткен.

Егер интроверт өз-өзіне жетіп, қарым-қатынасы шектеліп, үндемей түйліп қалатын болса, экстроверт қарым-қатынасқа да, іс-әрекетке де тоймайды. Мақтаншақ, шалағай, иланушылық, сөзі еш тоқтамайтын, өзін-өзі басқара алмайтын болады. Олар көрініс бергенде сензитивтік акцентуация (ерекшелігі - мазасыздану деңгейі өте жоғары, ешқандай себепсіз қорқып үркіп жүретіндігі, өзіне-өзі сенбеушілігі, басқалардан өзін кем көріп, жаңа таныстардан, топтардан өзін қашық ұстайды). Осы кемістіктерін жою үшін кішкентайлармен қарым-қатынас жасайды. Демонстративтік тип - эгоцентрист болады. Өзін дүниенің ортасы деп есептеп, барлық адамдар тек сол үшін өмір сүріп, тек соған қызмет жасауын қажет етеді. Өтірікші, мақтаншақ, өзін басқадан артық етіп көрсеті үшін барлық әдіс-тәсілді қолданады. (Өзінің ойынша ешкім оған көңіл аудармаса өзін-өзі өлтіргісі келген болып спекталь қоюы да мүмкін). Адам өзін-өзі тәрбиелеп акцентуацияға блокада (кедергі) қоюына болады. Ол үшін өзін-өзі сын көзбен қарауы қажет.

Жеткіншек кезең балалардың қатарластарымен  қарым-қатынас жасауға тырысу және мінез қүлқында тәуелсіздікке, тұлғалық автономдыққа тырысуын белгілейтін белгілер сияқты бірқатар спецификалық қасиеттердің пайда болуымен сипатталады. Жеткіншектік кезеңнің ерекшелігі - дамудың барлық жақтарына әсер ететін бірден болатын саналы өзгерістер. Бұл өзгерістер әртүрлі жеткіншектерде әртүрлі уақытта жүреді. Мысалы, қыздар балаларға қарағанда барлық жағынан тез өседі. Сонымен қатар жеткіншектердің психикалық дамуы да әртүрлі жүреді, психикасының бір жағы тез дамыса, басқа жағы жай дамиды. Бұл кезеңде интериндивидуалды ассинхронды даму да (жеткіншектердегі бір хронологиялық жасқа жататын психикасын түрлі жақтарының даму уақытымен сай келмеуі) интроиндивидуалды ассинхронды даму да (бір оқушының дамуының түрлі жақтарын сипаттайды) тән. Сондықтан да белгілі бір оқушыдағы психологиялық ерекшеліктердің пайда болу уақытының ерте де кеште пайда болатынын ескеру керек. Сонымен қатар жеткіншектік кезең һ-танымдық процестердің күшті дамитын уақыты. 11-16 жасқа дейінгі кезең қабылдаудың мақсаттылығымен, тұрақты, ырықты зейіннің және логикалық естің қалыптасуымен сипатталады.

Жалпы, жеткіншектік жас адам өміріндегі критикалық кезеңге жатады. Оның пайда  болу себептері, сипаты мен мағынасы әртүрлі психологтармен түрліше  түсіндіріледі. Көптеген авторлар бұл кезеңді кедергісіз де өтудің мүмкіндігін атап көрсетеді. Кризис бұл жағдайда үлкендердің толығымен жеткіншектерге деген дұрыс емес қатынасы ретінде қарастырылады және баланың жаңа жас кезеңіндегі алдында тұрған мәселелерді қарсы ала алмауынан түсіндіріледі (Ремшмидт X. 1994) Л.С. Выготский кризистің әрбір негативті симптомдарында «белгілі бір позитивті мазмұн болады» деп атап көрсетеді. Яғни, бұл мәлімет бойынша, үлкендердің жаңа қажеттіліктерді реализациялау үшін жағдай жасау жолымен кризистің пайда болуымен қашуы нәтижесіз болып табылатындығы шығады. Жеткіншектер үлкендерді ақырлы жағдайға дейін алып келеді де сөйтіп өзі осы ақырлы жағдайларды басынан өткеру үшін өзінің күшін тексеруге мүмкіндік алып, нақ осы қарама-қайшылықтар арқылы жеткіншек өзін, өзінің белгілі бір мүмкіндіктерін біледі, өзінің пайымдау қажеттілігін қанағаттандырады. Егер, жеткіншек жас, ешқандай қарама-қайшылықсыз ететін болса немесе «тәуелді кризис» типімен көрінетін болса арықарай кеш, сондықтан да ауыр. 17-18 жастағы қатты өтетін кризис тіпті кейінірек адамдарды жас және ересек жас кезіндегі сипаттайтын созылмалы инфантилді балалық позиция қалып қояды. Олай болса, «жеткіншектік кризистің позитивті жағы» деп отырғанымыз тәуелсіздікке күресу арқылы, яғни, қауіпсіз жағдайда жүріп жатқан және ақырлы формаларға келтірмейтін күрес арқылы бала өзіндік танымы мен пайымдауын қанағаттандырады, балада тек қана өзіне деген сенімдік сезім, өзіне ғана арқа сүйеу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар балада өмірлік қиындықтарды да қарсы алу мінез - құлқы қалыптасады. Жеткіншектік кезеңдегі кризис дамудың басқа да критикалық кезеңдері сияқты үш фазамен орындалады:

1. Негативті, яғни ескі әдеттердің, стереотиптердің қалуы, бұрынғы қалыптасқан құрылымдардың құлауы.

2. Кризистің кульминациялық нүктесі жеткіншектік жаста -13 жас.

3. Посткритикалық фаза, яғни, жаңа құрылымның қалыптасуы, жаңа қатынастың құрылуы.

Әдебиеттерде жас ерекшелік  кризисінің пайда болуының екі негізгі  бағыты көрсетілген:

1. Тәуелсіз кризис-біршама кең тараған түрі. Оның симптомдары - еріктік мінезділік, негативтілік, үлкендерлі мойындамау, олардың талаптарына деген бейкөзқкрас, қызғаныш т.с.с. Әрине бұл «симптомдар жиынтығы» әр жас ерекшелігіне байланысты әртүрлі көрінеді.

2. Тәуелді кризис — бұл біріншіге қарама-қарсы: шектен тыс тыңдаушылық үлкендерге немесе күштілерге тәуелділік, бұрынғы қызықтарға, мінез-құлық формаларының регрестілік т.с.с.

Егер тәуелсіздік кризисі- алға ұмтылу, ескі нормалармен ережелерден шығу болса, тәуелділік кризисі- артқа шегіну болып табылады. Бұл екеуі де өзін анықтау варианттары. Бірінші жағдайда-«мен енді бала еемеспін қызбын» десе, екінші жағдайда «мен әлі баламын және бала болып қалғым келеді» деген бір-біріне қарама-қарсы ағымдар. Даму бойынша біршама жақсы әсер ететін бірінші вариант. Ж.Плаженің зерттеулеріне сүйенетін болсақ, тұлғаның ағымдық қасиетерінің дамуы 12-13 жаста жаңа мағынаға ие болады екен, яғни шын өмір рамкасынан шығатын бағалықтар мен идеалдар мен адам үшін маңызды болып табылады: әлеуметтік шындық, бостандық достық , махаббат, ашық, ашықтық т.б.

Бұл түсініктердің барлығы жеткіншектер үшін эмоционалды боялған, жекелік маңызды. Бірақ бұл құндылықтар даму ерекшеліктері қабылдауға әсер етеді, ең алдымен «танымдық эгоцентризм» жеткіншек үшін айналадағы өмірге қарағанда біршама реалды болып табылады. Жеткіншектер қызығуларының өзіндік сипаты болып, олардың алды-артына қарамай бір нәрсемен айналысу. Жеткіншектердің мұндай мінез-құлқына әсер ететін нақты әсерлер - қажеттіліктің күштілігі, интенсивтілік және эмоционалды реакцияның өткірлігі. Бұл кезеңдегі оқушылардың жоғары бағалылық орын алады, бұл кезде оқушы еш нәрсе көрмейді де естімейді де. Егер мұның бәрі ситуативті туса онда одан оншалықты қорқуға болмайды. Бірақ оның жиі қайталануы жеткіншектерді инфантелизмге ұшыратады, өйткені 13-14 жастағы балада мотивтер иерархиясы қалыптаса қоймаған, жүйелі қызығушылық жоқ,оның мотивациялық сферасы әлі кедей. Бұлармен жұмыс істегенде олардың қызығушылығын арттыру керек. Жеткіншек өз мұңына, кінәлі сезімінің жуынуы да мүмкін. Бұл жағдайда олар «жүйкеге әсерететін» музыка немесе шамамен алғаш танысу сияқты мінез-құлықтық қатерлі формасы тән. Бұлардағы аффективті реакция күшті бұзылған сипат алып отырады. Аффект дегеніміз адамның белгілі бір жағдайдан шығуының адекватты шешімін таба алмауы. Жеткіншектік кезеңдегі оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі факторлар мыналар:

Информация о работе Оқушылардың мамандыққа икемділігін анықтау және қалыптастыру