Оқушылардың мамандыққа икемділігін анықтау және қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2014 в 15:20, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін толық және жан-жақты талдап шығуға мүмкіндік бар. Сондықтан мектеп тәжірибесінде мамандыққа баулу және мамандыққа икемділігін анықтап беру жұмысын мектеп психологі жүргізуі керек. Мектептерде психологиялық қызмет ұйымдастырылуына байланысты барлық оқушылардың жеке-даралық ерекшеліктерін, әр баланың қызығушылықтары мен интеллектуалдық қызметке икемділігін, таным процестері мен жекелік қасиеттерін сандық және сапалық жағынан толық бағалап шығуға, баланың психологиялық портретінің ерекшеліктерін жүйелі түрде зерттеуге мүмкіншілік бар. Психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа баулу жұмысы арқылы әр оқушыға тиімді көмек көрсетуге мүмкіншіліктер бар.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3
1 бөлім. Мамандық бағдар берудің психологиялық негіздері.
1.1.Орта буын оқушыларын мамандық таңдауға даярлаудың
психологиялық негіздері..............................................................................6
1.2.Мамандық бағдар беруде жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескеру.20
2 бөлім. Оқушылардың мамандыққа икемділігін анықтау
және қалыптастыру
2.1. Мамандық бағдар беру барысында оқушылардың жекелік
қасиеттерін зерттеу.....................................................................................32
2.2. Оқушылардың мамандыққа қызығушылығын диагностикалау............48
Қорытынды........................................................................................................61
Әдебиеттер тізімі..............................................................................................63

Файлы: 1 файл

Дип.-Жеткіншектерге-мамандық-бағдар-берудің-теориялық-және-әдістемелік-негіздері.doc

— 384.00 Кб (Скачать файл)

15. Жаңа ұжымға үйрену сізне қосымша қиындық туғызды ма?

16. Өз уәдеңізді, міндетіңізді орындамағаныңыз үшін жолдастарыңызбен ренжіспейтініңіз рас па?

17. Қолайлы сәт кездескенде, жаңа адаммен танысуға ұмтыласыз ба?

18. Маңызды іс-әрекетте шешім қабылдау кезде бастаманы өзіңізге жүктей аласыз ба?

19. Сізді қоршаған адамдар мазалай ма және жеке болғыңыз келеді ме?

20. Өзіңізге бейтаныс ортада қиналатыныңыз рас па?

21. Үнемі көпшіліктің ортасында жүру Сізге ұнайды ма?

22. Бастаған ісіңіз аяқталмаса ашуланасыз ба?

23. Бір істің бастамасын қолға алсаңыз қиыншылықты сезесіз бе?

24. Жолдастарыңызбен жиі араласқаннан шаршайтыныңыз рас па?

25. Ұжымдық ойындарға қатысуды ұнатасыз ба?

26. Сіздің жолдастарыңызға қатысты мәселені шешуге белсенділікті жиі қолыңызға аласыз ба?

27. Толық қатынаста емес адамдарыдң арасында өзіңізді сенімсіз сезінетіңіз рас па?

28. Істеген ісіңіздің шындығын дәлелддеу үшін сирек күш салатыныңыз рас па?

29. Толық таныс емес ортаға сергітуді, көңіл көтеруді ендіре аламын деп сенесіз бе?

30. Қоғамдық жұмыстарға қатысасыз ба?

31. Таныстарыңыздың көп болмауын, оларды шектеуге тырысасыз ба?

32. Сіздің ойыңыз, шешіміңіз өз достарыңыздың арасында қолдау таппаса, оны дәлелдеуге ұмтылмайтыныңыз шындық қой?

33. Бейтаныс ортаға түскенде өзіңізді жеңіл сезінесіз бе?

34. Өз достарыңыз үшін әр түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға шын ниетіңізбен кірісесіз бе?

35. Көпшіліктің ортасында сөйлегенде өзіңізді сенімді, бірқалыпты сезінетіндігіңіз рас па?

36. Кезесуге жиі кешігіп келесіз бе?

37. Достарыңыздың көп екені рас па?

38. Өз достарыңыздың ортасында жиі көзге түсесіз бе?

39. Толық таныс емес ортада өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз бе?

40. Таныстардың, көпшіліктің ортасында өзіңізді сенімсіз сезінетініңіз рас па?

Коммуникациялық қабілетті  анықтау үшін келесі сұрақтарға жауап  кілтпен сәйкес келсе 1 балл деп есептелінеді:

ИЯ- 1,5,9,13,17,21,25,29,33,37;

ЖОҚ-3,7,11,15,19,23,27,31,35,39;

Ұйымдастырушылық қабілетті анықтау үшін келесі сүрақтарға жауап кілтпен сәйкес келсе 1 балл деп есептелінеді:

ИЯ - 2,6,10,14,18,22,26,30,34,38;

ЖОҚ - 4,8,12,16,20,24,28,32,36,40;

Әр қабілет бойынша  сәйкес келген белгілерді санап шығып  зерттелініп отырған қабілеттің коэффициенті төменгі формула бойынша анықталады:

КОС нөтижесі.

Оқушылар саны

Коммуникативтік қабілеті жоғары

ұйымдастырушылық қабілеті барлар

21

12

14


 

Кестеде көрсетілгендей балалардың барлығының қабілеті бар, зерттелінеген 21 баланың ішіне 9 оқушы екі қабілеттің де нышаны бар екенін анық байқатты.

Балалар аты

коммуникативтік

ұйымдастырушылық

1. Омар Ғ.

9

9

2. Ерғали В.

8

4

3. Мақпал Ә.

9

3

4. Раиса X.

5

8

5. Балқия 0.

7

3

6. Қатира С.

4

9

7. Ғаля Қ.

8

8

Б.ҒабитЛ.

3

7

9. Қасымқан К.

8

9

10. ҚайратТ.

3

8

11. Каражан О.

6

7

12. ЛәззатР.

5

10

13. МәдинаН.

6

8

14. Манзура Д.

8

6

15. Мағжан В.

7

9

16. МахфузаХ.

4

8

17. Умирниссо Е.

8

8

18. ҚалипаН.

9

9

19. НұрғалиН.

7

8

20. Жансая Т.

9

7

21.НасибаТ.

6

9


 

Кестеде көрсетілгендей балалардың басым көпшілігі ашық-жарқын, басқалармен қарым-қатынас жасау оларға қиын емес, ал солардың ішінен 9 баланың коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттері бірдей көрініс беретіні анықталды. Олар мектепте барлық сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға ұйытқы болып жүрген белсенді балалар екені анықталды. Қазіргі кездегі мамандықтардың барлығы немесе басым көпшілігі басқа адамдармен тіл табысып, сыйысымды болуды талап ететін болғандықтан балаларды осы саладағы қызметтерге икемділігін жетілдіру қажет деп санадық. Сондықтан психокоррекциялық әсері бар ойындарды кеңінен пайдалану қажет деп түсіндік.

Келесі кезеңде оқушылардың  мамандық таңдауға эмоционалдық қатынасын  қалыптастыруға арналған кеңес беру машығын жүргіздік.

«Мамандыққа эмоционалдық қатынасын анықтау» әдістемесі.

Бұл әдістеме екі тапсырмадан  тұрады: сурет салғызу және жанама сұрақтар аркылы мамандық таңдау ойынын жүргізу.

Мақсаты: балаларға өздерінің  мамандық таңдауға саналы көзқарасын қалыптастыру.

Машықты жүргізу барысында балаларға сурет салғызу арқылы олардың өздерінің болашақ мамандығын таңдау қажеттілігін туғызу және «алтыншы сезім» ойыны көмегімен мамандыққа қанағаттану-қанағаттанбау мәселесін шешуге даярлау.

Кіріспе сөзде балаларға  әр адам өз мамандығын саналы таңдап алса оның болашақта сол мамандықта шеберлікке жетуге, лауазымдық қызметке ие болудың ең тиімді жолы екенін түсіндіру қажет. Барлық мамандықты «ұнайды-ұнамайды», «жақсы-жаман», «сол салада қызмет атқаратын маман болғым келеді-келмейді» деп бағалауға болады. Көп мамандықтар туралы өз пікірімізді айтуға әлі дайын болмауымыз мүмкін. Дегенмен, мамандық туралы мәліметіміз өте тапшы болғанның өзінде, біз оны қабылдаймыз, немесе қабылдамаймыз. Мамандыққа көзқарасымыз, оған эмоционалдық қатысымыз немен байланысты екенін анықтап алудың маңызы бар.

Бірінші тапсырма.

«Болашақ мамандығым туралы ойланғандағы сезімім» тақырыбында  сурет салу. Сурет простой карандашпен  «А4» форматтағы параққа салынады.

Сурет салу нәтижесін  талдау

Аты

Жіберген уақыты

Болашақ мамандығына  эмоционалдық қатынасы

1. Омар Ғ.

58

Үлкен мән береді және терең ойланады

2. Ерғали В.

51

Үлкен мән береді және терең ойланады

3. Мақпал Ә.

58

Үлкен мән береді және терең ойланады

4. Раиса X.

42

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

5. Балқия О.

36

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

6. Қатира С.

45

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

7. Ғаля Қ.

37

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

8. Ғабит Л.

59

Үлкен мән береді және терең ойланады

9. Қасымқан К.

66

Үлкен мән береді және терең ойланады

10. ҚайратТ.

49

Үлкен мән береді және терең ойланады

11. Каражан 0.

55

Үлкен мән береді және терең ойланады

12. ЛәззатР.

39

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

13. МәдинаН.

56

Үлкен мән береді және терең ойланады

14. Манзура Д.

27

Болашақ мамандығы туралы әлі ойланбайды

15. Мағжан В.

52

Үлкен мән береді және терең ойланады

16. МахфузаХ.

49

Үлкен мән береді және терең ойланады

17. Умирниссо Е.

26

Болашақ мамандығы туралы әлі ойланбайды

18. ҚалипаН.

39

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

19. НұрғалиН.

45

Үлкен мәін береді және терең  ойланады

20. Жансая Т.

48

Үлкен мән береді және терең ойланады

21.НасибаТ.

21

Болашақ мамандығы туралы әлі ойланбайды


 

Бұл әдістеменің нәтижесін  талдағанда баланың суретті салуға жіберген уақытымен талдайды. Кестені талдау арқылы 21 оқушының ішінде 11 бала болашақ мамандығын эмоционалды терең қабылдап, болашаған анықтауға көп көңіл бөлетіндігі байқалды, ал екеуі - болашақ мамандығы туралы ойланбастан, арқасын кең салып жүр екен. Осы жинаған материалды талдау арқылы балаларды қандай мәселелер мазасыздандырып жүргені туралы «алтыншы сезім» машығын жүргізуге себеп туды.

Екінші тапсырма.

«Алтыншы сезім» машығы.

Қатынасушыларға келесі сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Сұрақтар бланкіге толтырылған болады. Ұсынылған сұрақтардан өздеріне ұнағанын белгілеу керек.

1. Алшынемесе...

2. Жыл айларының біреуін ата.

3. Келесі сандарды жаз: 7, 13, 99, 100, 258, 555. Бір санның сыртына шеңбер кигіз.

4. Келесі сөздерді жаз: өкпе, бауыр, жүрек, бүйрек. Біреуіне шеңбер кигіз.

5. Реңктердің үйлесімділерін тап: қызыл - көк, жасыл - күлгін, қоңыр - сұр, алтын сары - қоңыр қызыл. Бір жүпты белгіле.

6. Шеңбер, квадрат, үшбұрыш, толқын сызық сал, біреуіне шеңбер кигіз.

7. Бір өлеңнің атын жаз.

8. Бір ғимаратты ата.

9. Ақшаның санын жаз.

10. Бір мүсінді ата.

11. Тағымдардың бір түрін ата.

12. Музыкалық аспапты ата.

13. Әскери шиннді ата.

14. Бір ғылым саласын ата.

15. Бір әріп жаз.

16. Бір буын жаз.

17. Бір сөз жаз.

18. Бірнеше нүкте қойып шық.

19. Бір санды жаз.

20. Барлық қатысушыларға ұнайтын сыйлықты жаз (ақшадан басқа)

21. Аурудың атын жаз.

22. Адамға құнды нәрсені ата.

23. Біздің осында жиналған себебімізді жаз.

24. Агрессия туралы мақал айт.

25. Махаббат туралы мақал айт.

26. Сағат көрсететін уақытты жаз.

27. Мінез көрсеткішін ата.

Аты

Жауап саны

Мазмұндық талдау

1. Омар Ғ.

18

Үлкен мән береді және терең ойланады

2. Ерғали В.

15

Үлкен мән береді және терең ойланады

3. Мақпал Ә.

16

Үлкен мән береді және терең ойланады

4. Раиса Х.

13

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

5. Балқия О.

16

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

6. Қатира С.

15

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

7. Ғаля Қ.

17

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

8. Ғабит Л.

18

Үлкен мән береді және терең ойланады

9. Қасымқан К.

21

Үлкен мән береді және терең ойланады

10. Қайрат Т.

19

Үлкен мән береді және терең ойланады

11. Каражан О.

19

Үлкен мән береді және терең ойланады

12. Ләззат Р.

19

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

13. Мәдина Н.

22

Үлкен мән береді және терең ойланады

14. Манзура Д.

17

Болашақ мамандығы туралы әлі ойланбайды

15. МағжанВ.

17

Үлкен мән береді және терең ойланады

16. Махфуза Х.

14

Үлкен мән береді және терең ойланады

17. Умирниссо Е.

11

Болашақ мамандығы туралы әлі ойланбайды

18. Қалипа Н.

19

Мамандық таңдауға біраз  даярлықтан өту керек деп есептейді

19. Нұрғали Н.

20

Адам-адам, адам-техника, мамандық таңдауға үлкен мәін береді және терең ойланады

20. Жансая Т.

18

Мамандығы адам-адам, таңдауына үлкен мән береді және терең ойланады

21.Насиба Т.

12

Болашақ мамандығы туралы әлі ойланбайды


 

Бұл тапсырмаларды орындау  барысында оқушылардың өз болашақтары  туралы ойлары оларды әлі тікелей  толғандыру жағдайында емес екені анықталды. Сонымен қатар балалардың сана-сезімінің, құндылықтарының, жалпы адамдарға деген көзқарастарының қалыптасуы туралы пікір айтуға мүмкіндік туды.

Осы машықтан басқа тоғыз  коррекциялық ойындар дайындалып, олардың  көмегімен «адам-адам» қатынастағы  мамандықтарға қажетті қасиеттерді қалыптастыруға негіз құрылды.

 

Қорытынды.

 

Мамандыққа бағдарлау  проблемасын шешуге арналған іс-шараларды  қанша ерте бастаса оның нәтижесі сонша тиімді болады. Дипломдық зерттеу барысында мектептердегі мамандыққа баулу және мамандық бағдар беру жұмысы жүйеге келтірілмеген екендігі анық байқалды. Бұл жұмыс мектеп психологиялық қызметін ұйымдастырудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Осы проблеманы мектеп тәжірибесінде шешу жолдарын анықтау оңай емес. Өйткені психологтар арсеналында қазақ мектептерінде мамандық бағдар беру барысында пайдаланылатын әдістемелер өте кем. Сондықтан дипломдық зерттеу тақырыбын «Жеткіншектерге мамандық бағдар берудің теориялық және әдістемелік негіздері» деп атадық. Тақырып бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесінде келесі қорытындылар жасадық.

1. Мектептерде мамандық бағдар беру жұмысын жеткіншек жас кезеңінде ұйымдастырудың маңызы өте үлкен. Өйткені осы жас кезеңінде балалардың тәжірибелік интеллекті қалыптаса бастайды. Осы психологиялық ерекшеліктеріне байланысты балаларды болашақ мамандығы терең толғандырады. Бұл проблеманы зерттеушілер Т.Н.Мальковская, Ю.П.Сокольников, А.П.Сейтешов т.б. мамандық қызығушылықтың қалыптасуына осы кезеңді синзитивті деп атауға болады. А.П.Сейтешовтың айтуы бойынша болашақ мамандығын ерете анықтаған баланың жаман жолға түсуге уақыты қалмайды. Сондықтан көптеген педагогикалық-психологиялық проблемаларды шешудің тиімді жолы болып табылады.

2. Мамандық бағдар беру барысында балалардың жекелік психологиялық қасиеттерін жан-жақты зерттеп, жеткіншек жас кезеңінде кездесетін акцентуация, мазасыздану басқа ауытқулардың ерекшеліктерін анықтап, оның ерекше дамып кетпеуін болдырмай, профилактикалық жұмыстарды жүргізуге ыңғайлы жағдай туады. Өйткені, балалардың ауытқуын анықтау үшін зерттеу жүргізу мен мамандық бағдар беру үшін дүргізілетін зерттеулердің олардың психологиялық жағдайына тигізетін әсерлерінің айырмашылығы өте үлкен. Мамандық бағдар беруге жүргізілген зерттеулерді осы буындағы негативизмі асқынып тұрған балалар оң бағалап қабылдайды.

3. Мамандық бағдар беру көпаспектілі проблема. Сондықтан бұл жұмыс бірнеше кезеңде ұйымдастырылады:

Информация о работе Оқушылардың мамандыққа икемділігін анықтау және қалыптастыру