Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен педагогикалық жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 22:30, дипломная работа

Описание работы

Педагогтың ата-аналармен жұмыста әрқашан және кез-келген істе педагогикалық нормалар мен мәнерді сақтауға балалардың бойында өзі қалыптастыруға тиісті адамгершілік қарым-қатынастар мұратын берік ұстауға міндетті екенін және бір ескерткен жөн. Мұғалімнің ата-аналармен жұмысы баланы мектепке жазу кезіндегі алғашқы кездесуден басталады. Алғашқы әңгімені ата-ана мұғалім кеңесін пайдаланылатындай, сөйтіп сабақ басталғанға дейінгі уақыт ішінде баласын мектепке толық әзірлейтіндей етіп өткізу керек. Оқу жылы бойында мұғалім өз орқушыларының жанұяларында болып отыруы қажет. Оқушы үйлеріне баруға мұқият әзірленуі, онда барғанда нелерге назар аудару керектігін, ата-анадан нқандай сұрақтар сұрап, қандай кеңес беру керек екендігін ойластырып алуы шарт.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
І ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
1.1 Оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін педагогикалық насихаттың мазмұны ..................................................................................................................7
1.2 Кіші мектеп жасындағы оқушыларға берілетін жанұялық тәрбиенің педагогикалық мәні ...............................................................................................33
ІІ ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ
2.1 Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жанұядағы оқуын ұйымдастырудағы ата-ананың рөлі .......................................................................49
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................59
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...........................................61
V. ҚОСЫМШАЛАР ..............................................................................................62

Файлы: 1 файл

ШКМ.doc

— 300.50 Кб (Скачать файл)

Оқушыларды  жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен педагогикалық жұмыстары 

 

ЖОСПАР

 

     

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

 

І ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП  ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ                                 АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

 

1.1 Оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін  педагогикалық насихаттың   мазмұны ..................................................................................................................7

 

1.2 Кіші мектеп жасындағы оқушыларға  берілетін жанұялық тәрбиенің  педагогикалық мәні ...............................................................................................33

 

ІІ ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ                                 АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ

 

2.1   Бастауыш мектеп жасындағы  балалардың жанұядағы оқуын ұйымдастырудағы  ата-ананың рөлі .......................................................................49

 

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................59

 

ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...........................................61

 

V. ҚОСЫМШАЛАР ..............................................................................................62

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Бастауыш сынып мұғалімі мен ата-аналар баланың негізгі  тәрбиешілері болып табылады. Сондықтан  да педагог жүргізетін тәрбие жұмысының  нәтижелілігі оның ата-аналармен жұмыс  істей білуіне, олармен ортақ тіл тауып, олардың көмегімен қолдауына сүйене білуіне байланысты.

Мұғалімнің ата-аналармен  жұмысының түрлері мен әдістері әр түрлі. Оған ата-аналардың жиналысын  өткізуде, оларды балалармен жұмысқа  тікелей қатыстыру да, ата-аналармен  топтап, жеке-жеке өткізілетін әңгімелер де, олардың арасында педагогикалық білімдерді тарату да жатады. Бірақ бұл түрлер мен әдістердің барлығы жұмыстың табысты болуын қамтамасыз ете бермейді. Мұны мұғалім жақсы түсінуі тиіс. Тәрбие қажетінің мазмұнымен және әдістерімен бірге мұғалім мен оқушылар ата-аналардың арасында қалыптастаны қарым-қатынас стилі де шешуші рөлге ие болады. Мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасында бастауыш рөлді педагог атқарады, өйткені тәрбие жұмысы – оның негізгі мамандығы. Оның арнаулы дайындығы бар. Әр түрлі педагогикалық ситуацияларда іскерлікпен қолданатын тәрбие құралдарының бай арналарына ие.

Мұғалім ата-аналармен  жұмыс істей жүріп балаға оның қылықтарын, оқудағы табыстары мен ұтылыстарына, өз міндеттеріне, көзқарасына тағы басқаларға баға беріп отырады. Мұғалімнің ата-аналармен өзара түсінісуі жайы оның дұрыс және бұрыс бағаларды беру дәрежесіне байланысты. Бұл жерде  педагог үнемі мына жайды есте ұстауға тиіс: әр жолы баланың жеке басына емес, оның нақты қылығына баға беруі керек, міндетті түрде ата-аналармен бірлесе отырып әрбір жағдайдан шығудың, оны түзеудің жолдарын табуы қажет. Екіншіден мұғалім балаға теріс баға беру арқылы еріксізден-еріксіз ата-анаға да баға береді. Оның үстіне ата-анаға әрі әке-шеше, әрі тәрбиеші ретінде баға беріледі. Мұғалімнің балаға және ата-аналардың тәрбиелік ықпалына дұрыс талап қойып, дұрыс баға беруі педагогикалық тұрғыдан мақсатты, әділетті түрде болуға тиіс. Сонда ғана педагог пен ата-аналардың арасында дұрыс қарым-қатынасқа қол жететін болады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс қарым-қатынас орнату үшін мұғаліам мен ата-ана тәрбие мақсаттары мен міндеттерін бірдей дәрежеде түсінуі, балалардың дамуына бірдей көзқараста болуы, әр баланың дамуының перспективалары мен қиындықтарын көре білуі қажет. Оқушының әкесі мен не шешесімен қысқа әңгіме кезінде  мұғалімнің балаға наразылығын, оның қылықтарын асығып-аптығып айтып салып жатқанын байқауға болады. Мұғалімнің бұл ойы түсінікті де, ол уақыты аз болғандықтан ата-ана назарын бірден тәрбие ісіндегі ең басты, ең қиын жағдайға аудармақ болады. Ал ата-ана болса мұндай кездесуден жақсы, ғибратты жаңалық ала аламайды, олар: «Мұғалімнің өзін кінәлап, менің ұлымның (немесе қызымның) бойындағы жақсы жақтарын, ширақтығын, жаңалыққа құштарлығын, жолдастарына жақын тұратын қалайша байқамайды екен» - деп ойлайды. Осыдан келіп дұрыс қарым-қатынас орнамайды, ата-ана мұғалімге сенімсіздікпен қарайды. Әсіресе үлгермейтін және тәртіпсіз оқушылардың ата-аналарының жағдайы қиын. Іскерлікпен әңгімелесудің орнына мұғалім барлық ата-ананың көзінше әлгіндей оқушы туралы ашуланып айтып береді, оны күлкіге айналдырады. Ал ол балының ата-анасы болса ұялып, өкініп, реніш үстінде келесі жолы мектепке келмеуге бел байлайды. Сондықтан да мектепте тәртібі мен үлгерімі жақсы оқушылардың ата-аналарының үй ішін әлекке салатын балалардың ата-аналарынан гөрі жиірек және ықыластана келетініне таңдануға болмайды. Педагогтың ата-анамен қарым-қатынасының мәні дегеніміз – балаға тәрбиелік ықпалдардың бағытын белгілеуіне көмектеседі және оны жасаудың белгілі бір принциптеріне негізделген жұмыс әдістері мен құралдарының тұрақты жүйесі.

Педагог та, ата-анада әрбір оқушыға оның бойындағы одан әрі дамытуға болатын жақсы жақтарына деген оптимистік сеніммен қарауға тиіс. Баланың өз күшіне сенуіне көмектесу  - мұғалім мен ата-ананың міндеті. Өзіне өзінің сенуі оқушыны тәрбие субъектісіне айналдырады, ол біртіндеп өзінің алдына әр түрлі міндеттер қойып оны шешудің жолдарын іздеп табатын болады.

Педагог пен ата-ана  қарым-қатынасының адамгершілік стилінің негізгі белгісі бір-біріне деген терең сенім және шыншылдық болса керек. Ата-ана өзінің мұғалімге айтқан қорқынышы немесе баланың мінез-құлқы мен бейімділігіне бірден бағасы өзінің ұлы мен қызына зияндық жасамайтынына сенімді болуы тиіс.

Педагогтың ата-аналармен  жұмыста әрқашан және кез-келген істе педагогикалық нормалар мен мәнерді сақтауға балалардың бойында өзі қалыптастыруға тиісті адамгершілік қарым-қатынастар мұратын берік ұстауға міндетті екенін және бір ескерткен жөн. Мұғалімнің ата-аналармен жұмысы баланы мектепке жазу кезіндегі алғашқы кездесуден басталады. Алғашқы әңгімені ата-ана мұғалім кеңесін пайдаланылатындай, сөйтіп сабақ басталғанға дейінгі уақыт ішінде  баласын мектепке толық әзірлейтіндей етіп өткізу керек. Оқу жылы бойында мұғалім өз орқушыларының жанұяларында болып отыруы қажет. Оқушы үйлеріне баруға мұқият әзірленуі, онда барғанда нелерге назар аудару керектігін, ата-анадан нқандай сұрақтар сұрап, қандай кеңес беру керек екендігін ойластырып алуы шарт. Мұғалім жанұя жөнінде өзінің байқағандарына сүйеніп, ата-ананың баланы мектепке әзірлеуі кезінде нелерге баса назар аударуы керек екендігі жөнінде байыпты түрде ақыл кеңестерін айтады. Мұғалім ата-ананы бала мектептен қорқытатын теріс әдептерден сақтандырады. Мәселен, оған былай деседі: « Неменеге тыныш тұрмайсың? Сыныпта да осылай тыныш тұрмасаң, сені қуып шығады » немесе «Тыңдамасаң, мұғалім көресіні көрсетеді» т.с.с. Тіпті кейбір ата-аналар мұнан да асып түсіп жатады, сөйтіп баланың бойында мұғалімнен қорқу, үрей сезімдерін тудырады. Соның салдарынан келіп бала сыныпта тектен текке жылап, үйге қайтқысы келеді. Іс жүзіде ол ата-ананың үрейлендірген жазадан қорқып жылайды. Ата-ана баланың бойында мұғалімге деген сыйласымдық сезімін (қорқыныш сезімін емес) егуге тиіс. Сабақ үстінде өзін қалай ұстау керек екендігі жайлы, түсіндіргендерін ынта қойып тыңдап алу, мұғалімнің талап еткендердің бәрін де орындау туралы айтуы керек.

Бірінші сынып оқушыларының жанұяларында баланың мектепке, сол  қоғамдағы өмірге араласып кетуіне  қалай көмектесу керек екендігі жайлы егжей-тегжейлі айтып беру қажет. Оқуды жақсы оқуы үшін баланы шыдамдылққа және ілтипатты болуға тәрбиелеу керек екенін әңгімелейді. Бірінші сынып оқушысын белгілі бір жұмысты орындауға уақыт белгілеп, бұл үшін сағатты пайдалануға үйреткен тиімді. Мәселен, балаға былай деу керек: «Өзіңнің ойыншықтарынның орны қайсы, жинау үшін он минут уақыт беремін», «Математикадан тапсырманы жиырма минутта орындайсың – сағатқа қарап бақылауыңа болады» т.б. Баланы үлкендердің сөзін тыңдай білуге баулудың маңызы зор. Ойынды былай ұйымдастыруға болады: «Қызыл кубиктерді ал да, бір қатарға қой, енді көк кубиктерді сол қызыл кубиктердің үстіне қой, оларды біртіндеп қызылдарын және көктерін оң қолыңмен содан соң сол қолыңмен ал». Бұл баланы мұғалімнің сөзіне құлақ асуға, тапсырманы дәл орындауға үйретеді. Мұғалімнің баланың сөйлеу  қабілетін дамыту жөніндегі кеңестері де маңызды. Ата-ана балаларының шыдамды тыңдаушысы болуға, олармен тұрақты түрде әңгімелесіп отыруға, сөйлеудегі кемшіліктерін түзетуге, оларды өз ойын мәселені анық түсіндіре білуге үйретуге тиіс.

Мұғалім ата-аналарға асықпаудың сәл ғана қиындыққа кездескен балаға дереу көмекке келмеудің қажеттілігін ескертеді. Қиындықтарды өз бетімен жеңе білу баланың қажетті ерік күшін тәрбиелеуіне көмектеседі. Баланың ойлау қабілетінің жаттықтырудың маңызы зор. Балалар көп ретте аз-кем бақылап, ойланса жауабын өздері ақ табатын сұрақтарды қоя береді. Мұғалімнің оқушы жанұясына барып тұруы баланың өзіндік ерекшеліктерін, жанұядағы тәрбие жайын тереңірек түсінуіне көмектеседі. Мұғалім мұны білу арқылы балалар ұжымымен және барлық ата-аналармен тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырады.

Біздің бұл жоғарыдағы пікірлеріміздің дәлелі ретінде 1998 жылдың 7-наурыз айында жарияланған  «Жарты ғасыр әліппе үйреткен» атты мақаладан үзінді келтірмекпін. Онда ОңтүстікҚазақстан облысының, Төлеби ауданындағы №1 қазақ орта мектебінің бастауыш сыныптарында елу төрт жыл ұстаздық еткен адам алдында, алды алпысқа келген азаматтар, соңы әлі балғын ұл-қыз бірнеше буын өкілдері өздерін шәкірт санайтыны ерекше құбылыс.

Бұл ұстаздың қызметі өте ерекше. Себебі, Әбиба Назарова тек сауат аштырушы ғана емес, ата-аналардың педагогикалық білім алуына да зор мән берген ұстаз. Біз осы жоғарыдағы құбылысты есепке ала отырып бұл ғылыми жұмысты жазуға кірістік.

 

1.1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НАСИХАТТЫҢ МАЗМҰНЫ

 

Үздіксіз білім беру жүйесінің бір буыны болып  табылатын бастауыш білім беретін  қазақ мектебі де, қоғамның басты  міндеті – жан-жақты дамыған  жеке тұлғаны қалыптастыруға қатысады. Бұл әлеуметтік педагогикалық міндетті орындау үшін тәрбие жұмысымен тікелей айналысушылардың жүргізетін тәрбие мазмұны қоғамның бүгінгі талабына сай болуы керек. Біздің еліміз сияқты көп ұлтты мемлекет жағдайында әрбір мұғалім, мектеп, ұлттық мазмұнда болуы тиіс.

Қазақ мектебі «Ұлттық» деген атқа лайық болу үшін онда жүргізілетін тәрбие мазмұны да Республикамыздың, ұлтымыздың әлеутеттік экономикалық, мәдени-тарихи даму ерекшеліктерінен көрінуі керек. Қазақ бастауыш мектебі өзінің міндетін толық атқару үшін, қоғамның оған қоятын әлеуметтік сұранысын ескере отырып, тәрбие мазмұнын жақсарту үшін оқушылардың ата-аналарының педагогикалық білімін жетілдірулері – мұғалім беделі.

Сынып жетекшісі өз жұмысын  ең алдымен оқушыларды, олардың арасындағы қарыс-қатынастарды, оқушылардың отбасын  зерттеу арқылы бастайды. Зерттеу барысында сынып оқушыларының тәрбиелік дәрежесі анықталады. Соған байланысты тәрбиелік мақсат пен міндеттер айқындалады. Белгіленген мақсатқа сәйкес тәрбие жоспары жасалады: жоспар ол ұжымдық еңбектің белгісі, сынып жетекшісі өз жоспарын жасағанда сыныбының ерекшеліктерін (жас ерекшеліктері, тәрбиелік дәрежесі, қызығушылығы), өзінің қабілетін ескергені жөн.

Ата-аналармен ұйымдастырылатын педагогикалық тұрғыдан насихат  негізі және оларды өткізу жөніндегі  жалпы әдістемелік жұмыстар әр алуан. Ата-аналар жиналысында олармен педагогикалық тақырыптарды жүйелі түрде өткізіп отырған тиімді.

Ата-аналарды сауаттандыру ісі олардың педагогикалық мәдениетін арттыруға, баланың жеке басын қалыптастыру процесі туралы, оның дамуының жалпы  заңдары туралы білімдермен қаруландыруға, бала тәрбиесіне мектеппен біртұрғыда қарауға мүмкіндік береді. Әңгіме тақырыптары тәрбиенің жалпы міндеттерімен және ата-аналар мен балалардың нақты ұжымымен тәрбие жұмысының ерекшеліктерімен анықталады. Ата-аналармен әңгіме өткізу үшін төмендегі мазмұндағы тақырыптар тиімді болмақ демескпіз. Олар:

  • Баланың жеке басын қалыптастыру;
  • Білімді игеру және жақсы оқуын қадағалау;
  • Балалардың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу;
  • Балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың беделі, жеке басының үлгісі және жауапкершілігі.

Бұл тақырыптардың әрқайсысын бірнеше әңгіме арқауы етіп ұйымдастыруға  болады. Мәселен, «Білімді игеруде және жақсы оқуда балаларға қалай  көмектесі керек» деген тақырыптан бірнеше тақырыпты бөліп алуға болады: балалардың бойында оқуға деген сүйіспеншілікті баулу, «Балаларды өзін-өзі бақылауға үйрету»,  тағы басқа да  «Балаларды мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу» деген тақырыпта бірнеше әңгіме өткізуге болады: «Төменгі сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу.

Елімізде болып жатқан өзгерістер мектептің өз жұмысын ғылыми тұрғыдан басқаруды ұйымдастырудың тиімді әдістерін іздестіруді, басқару рөлінің өсе түсуін талап етеді. Мектептің басқару жүйесіне мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар ұжымы кіреді. Сондықтан оқу жылының басында әр сыныпта ата-ана, ұстаз, оқушы бірлесе отырып білім берудегі ұстаздың, оқушының, ата-ананың міндетін анықтайды. Оны реттеуші сынып жетекшісі болғандықтан оның жұмысының мазмұнын өзгертіп, жаңа тұрғыдан қарастыруды қажет етеді.  Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында тәрбие заңдылықтарын басшылыққа алып отыру тиіс. Олар:

-  Басты мәселе жеке  тұлға қалыптастыру.

-  Жалпы біліммен  кәсіптік білімнің үздіксіздігі.

-  Тәрбиенің табиғатпен  байланысы.

Сынып жетекшісі  – ол кім? Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда сынып жетекшісінің қызметін сынып мұғалімі атқарады. Бүгінгі күні сынып жетекшісі – кәсіпкер – педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:

    • Жалпы адамзаттық мәдениеті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;
    • Сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында олардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;
    • Оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші; мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;
    • Оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде – көмекші, кеңесші;
    • Сыныпта қолайлы, жайлы моральдік – психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы;
    • Оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.

Мектепте оқу жылының  басында негізгі пәндер бойынша  әр баланың білім деңгейі анықталады. Әр айда баланың білім деңгейінің өзгерісі бақыланып, сарапталады. Ол үшін, пән мұғалімдері сынып жетекшісіне ай сайын жекелеме жұмыстың нәтижесі, баланың үлгерімі жайлы есеп береді. Яғни, сынып жетекшісі ата – ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, қарым – қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші.

Сынып жетекшісі әр оқушының бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырып,, потенциалды қабілетін ашып, интеллектісінің  дұрыс дамып жетілуіне жағдай жасайды. Ол сыныптың оқу – тәрбеи жұмысын іске асыратын, оқушының ұжымдағы өміріне басшылық жасап, ата-анамен мектептің ынтымақтастық тенденциясы қамтамасыз ететін басты тұлға.


Тәрбиеші – педагог  өз назарынан тыс қалдырмайтын бірінші  объект – тәрбиелік және дамытушылық  маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Бұл  бастапқы міндет. Себебі, ұйымдастыру  қызметі болмаған жерде тәрбиеде болмайды, ал сонымен қатар, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.

Ұжымды ұйымдастыру  және дамыту – сынып жетекшісінің назарындағы екінші объектісі мен  міндеті. Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің  және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау – сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалдарының үшінші міндеті.

Кейбір зерттеушілердің  пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады екен:

Информация о работе Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен педагогикалық жұмыстары