Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен педагогикалық жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 22:30, дипломная работа

Описание работы

Педагогтың ата-аналармен жұмыста әрқашан және кез-келген істе педагогикалық нормалар мен мәнерді сақтауға балалардың бойында өзі қалыптастыруға тиісті адамгершілік қарым-қатынастар мұратын берік ұстауға міндетті екенін және бір ескерткен жөн. Мұғалімнің ата-аналармен жұмысы баланы мектепке жазу кезіндегі алғашқы кездесуден басталады. Алғашқы әңгімені ата-ана мұғалім кеңесін пайдаланылатындай, сөйтіп сабақ басталғанға дейінгі уақыт ішінде баласын мектепке толық әзірлейтіндей етіп өткізу керек. Оқу жылы бойында мұғалім өз орқушыларының жанұяларында болып отыруы қажет. Оқушы үйлеріне баруға мұқият әзірленуі, онда барғанда нелерге назар аудару керектігін, ата-анадан нқандай сұрақтар сұрап, қандай кеңес беру керек екендігін ойластырып алуы шарт.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
І ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
1.1 Оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін педагогикалық насихаттың мазмұны ..................................................................................................................7
1.2 Кіші мектеп жасындағы оқушыларға берілетін жанұялық тәрбиенің педагогикалық мәні ...............................................................................................33
ІІ ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ
2.1 Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жанұядағы оқуын ұйымдастырудағы ата-ананың рөлі .......................................................................49
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................59
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...........................................61
V. ҚОСЫМШАЛАР ..............................................................................................62

Файлы: 1 файл

ШКМ.doc

— 300.50 Кб (Скачать файл)

Сынып жетекшісінің шеберлігі  дегеніміз  - оқушылар ұжымының алдына қызықты мақсат қойып, ұжымдық іске ұйытқы бола білу. Әрі оны ұйымдастырудағы білімі мен қабілеті. Сынып белсенділері неғұрлым күшті болса, сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын ұйымдастыруға соғұрлым жеңіл болады. Оқушылардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын ұйымдастыруда, олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Ол үшін оларды ұстамдылыққа, сенімділікке тәрбиелеу керек.

Бұл тұрғыда, сыныпта  қоғамдық пікірді орнықтырудың маңызы ерекше. Оқушылар арасындағы қоғамдық пікір өздеріне деген шынайы ортақ  көзқараста, оқу әрекеттері мен қоғамдық жұмыстарының сапасын бағалауда, әділ сын мен өзара сын орын алғанда, жекелеген оқушының жағымсыз қылықтарын сынып алқасына салып отырған жағдайда ғана қалыптасады.

Қоғамдық дұрыс пікір  орныққан сыныптарда жолдастарының  оқу тәртібіндегі кемшіліктерін оқушылардың өздері-ақ талқыға салып отырады. Демек ұжымдық талқылау, бағалау, жариялылық, әрекеттік, қоағмдық пікірдің негізгі ерекшелігі. Қоғамдық пікірдің ұйымдастырушылық, ынталандырпушылық мәнін жоққа шығаруға болмайды.

Ұжым өмірін қызықты етіп ұйымдастыруда жақсы дәстүрлердің тәрбиелік мәні ерекше. Дәстүр оқушылар ұжымының өмірін, белсенділігін нығайтады және дамытады. Дәстүр – бұл жақсы әдет-ғұрып, ұжым өмірінде орныққан істің жағымды тәжірибиесі. Мектеп өмірінде қалыптасқан жақсы дәстүрлер көптеп кездеседі. Егер мектеп жағдайына келетін болсақ, олар мыналар: соңғы қоңырау, алтын күз мейрамы, жаңа жыл шыршасы, махаббат күні, көрокем өнерпаздар байқауы, спорттық жарыстар, мейрам күндерін тойлау, Наурыз мерекесін атап өту, көрмелер ұйымдастыру, денсаулық күні. т.б.

Сынып жағдайына келсек, оқушылардың белгілі бір сыныпта  өз шежіресін жүргізу, туған күндерін атап өту, алыс немесе жақын шетелдегі  достарымен хат алысу, қарттарды  қамқорлыққа алу, қысқы және жазғы  демалыс кездерінде туристік саяқат жасау, т.б. дәстүрлер бар.

Сынып жетекшілері дәстүрлі шараларды өткізгенде оқушылардың  өздерінің белсенділіктері мен  іскерліктеріне сүйеніп, қалыптасқан  жақсы дәстүрлерге ұқыпты қарағаны жөн. Оларды сырттай тануға болмайды. Ондай жағдайда оқушылар тарапынан қолдау таппайды. Дәстүрлерді оқушылар қолдаған жағдайда оқушылар тарапынан қолдау таппайды. Дәстүрлерді оқушылар қолдаған жағдайда ғана сақталып, дамып отырады.

Мұндай шаралар өткізу және ұйымдастыру барысында оқушылардың  ата-аналары тарапынан оны қолдау немесе оларға  қатынасуларының тәрбиелік маңызы ерекше. Мысалы, балалармен бірге туристік жорыққа шығу, спорттық жарыстарға қатысу (Мама, папа және мен ойыны), тәрбие сағаттарын бірлесе өткізу, т.б.

Өмір жағдайына байланысты дәстүрлердің түрі, сипаты, мазмұны өзгеріп, толығып жаңарып отарды. Оқушылардың санасымен белсенділіктерін арттыру, оларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, тапсырмалар берудің ықпалы мен тәрбиелік мәні зор. Қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау барысында оқушыларда жауапкершілік пен іскерлік қасиеттері қалыптасады. Бұл үшін сынып жетекшісі оларды қоғамдық жұмысқа мүмкіндігінше көбірек тартуға тырысқаны жөн. Қоғамдық жұмыстарды атқару барысында жекелеген оқушылардың қабілеттері мен жеке басының ерекшеліктерін танып білуге мүмкіндік туады. Екіншіден, қоғамдық тапсырмаларды орындау барысында балалардың бір-бірімен араласуы, оны атқаруға деген ынтасы артып, өзара тез тіл табысып кетуі мүмкін. Қандай да бір жаңа іс сынып өміріне қозғау салып, оның мазмұнын да жарқын етеді. Сондықтан да сыныптың әрбір мүшесі белгілі бір тапсырманы өзінің шамасына қарай орындауы керек.

Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің өзін-өзі  тәрбиелеуі маңызды. Өзін-өзі тәрбиелеу  баланың белгілі бір нақты  мақсаты мен көздеген саналы әрекетінің нәтижесі. Ол үшін балада міндетті түрде қоғамдық - әлеуметтік мотив болуы керек.

Оқу-тәрбие жұмысының  барысында оқушылардың сана-сезімін  ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету сынып жетекшісінің негізгі  міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушының білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл-кеңес беріп отырады. Оқушылардың мәдени ой-өрісін кеңейтуде, құштарлығын және білім сапасын арттыруда олардың бос уақыттарында әдеби көркем шығармаларын оқуға дағдыландыру қажет. Сынып жетекшісі мектеп кітапханашысымен ақылдаса отырып, қай оқушыға қандай кітаптарды, оқу қажеттігі туралы кеңес беріп, оны таңдауға, оқу дағдысын игеруіне көмектеседі. Жақсы көркем шығармаларды сынып болып талқылайды. Оқушылардың ата-аналарына сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру туралы кеңес беріледі.

Көркем шығармаларды аз оқитын оқушыларға оқыған кітаптары бойынша әңгіме ұйымдастырып, олардың қызығушылығын арттырып отыру міндетті.

Өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстары барысында оқушылардың театрға, киноға, мұражай және көрмелерге барып тұрулары мен оның нәтижесін ұжым болып талқыға салуды дәстүрге айналдырудың да маңызы ерекше. Табиғатқа және өндіріс орындарына жорықтар жасап, еңбек жәнек соғыс ардагерімен, өнер қайраткерлерімен қызықты кездесулер, кештер ұйымдастырудың да тигізер пайдасы зор. Атақты адамдардың үлгі-өнегесінде тәрбиелеу – оқушылардың сана-сезімін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың басты құралы. Қоғамымыздың бүгінгі таңдағы жаңаруы мектеп өміріне де өз ықпалын тигізуде. Сондықтан сынып жетекшілері оқушылар ұжымын жақсы тәрбиелеуде бүгінгі қол жеткен табыстармен шектелмеуі қажет. Жаңа жағдайға бейімделіп, жаңа білім, тәжірибиелер жинақтап оқушылар өмірін қызықты ұйымдастыруға, дәстүрлі тәрбие мәселелеріне айрықша мән берулері керек.

Сондай-ақ оқушыларды саналы тәртіпке баулуда олардың туған  үйінің, ондағы ересек адамдардың бере тәлім, көрсетер өнегесінің де орны бөлек. Өйткені бала өмірінің көп уақытын  өз үйінде, ата-аналарымен туған туыстарының ықпалында өткізеді. Баланың үлгілі, тәртіпті, өнегелі болуына өз үйіндегі өмірдің, ондағы түрлі көріністердің тигізер әсері үлкен. Сондықтан ата-ана өз еңбегіне қандай жауапкершілікпен қараса, баласының тәрбиесі туралы көзқарасы – адамдардың қоғам алдындағы ғанибетті борышының бірі. Әрбір жанұя баласын Отанның адал перзенті, халықтың сүйікті азаматы болып өсуін тілейді.

Баланы үйде қалай  болса солай тәрбиелеуге ешкімнің хақысы жоқ. Әрбір ата-ана баласын  дұрыс тәрбиелеуге, ол үшін бойындағы  бар қабілеті мен қасиетін сарп етуге міндетті. Олар баласы үшін ел-жұртының алдында жауапты. Сондықтан оқушының тәртіпті болуы, сабақты жақсы үлгеруі – ата-ананың оған көрстекен қамқорлығына тікелей байланысты. Бірақ кейбір ата-аналар мектепке, мұғалімге жәрдемдесудің орнына олардың айтқанын орындамай, өзінің парызына, азаматтық борышына селқос қарайды. Мұғалімнің айтқан ақыл-кеңесіне құлақ аспайды. Бала тәрбиесінің үлкен тұлғасы өздері екенін жадынан шығарады. Кейде олар балаларының көзінше мектепті, болмаса мұғалімді орынсыз жазғырып, артық әңгімелер айтады. Міне, мектеп пен жанұя арасындағы осы сияқты келіспеушілік балаларға өте жаман әсер етеді. Оқушылардың алдында мұғалімнің беделін түсіреді. Кейбір оқушылардың қиястыққа ұрынуы, сабақ үлгіре алмауы ата-аналардың сол мәнсіз әңгімелерінің әсерінен болуы мүмкін.

Қазіргі кездегі мектептің  қойып отырғңан талабы – жеткіншек  ұрпақтарды негізгі пәндермен терең  де, берік қаруландыру, ал меңгерген  ілімдерді күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік – шеберліктермен қолдана білу. Мұндай күрделі мәселені мектеп тек ғана ата-ананың бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде шеш алады.

Мектепке барған бала еңбектің жаңа түрі – оқумен шұғылдана бастайды. Бірінші сынып оқушыларының көбінің оқуға деген талабы болады. Бұл бірақ алғашқы мектепке, оқуға деген сыртқы еліктеу. Сондықтан оқушының осы бастауыш сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын қалыптастырмаса, оқу жылының соңында бірінші сынып оқушысының оқуға, тіптен мектепке бару талабы жойылдады. Сол себепті ата-ана баласының оқып жүргеніне немқұрайды қарамауы тиіс. Амал жоқтықтан оқып жүрген оқушы өзіне жанұяға, мектепке де көптеген реніш әкеледі. Ата-ана осыған байланысты баласының мектепке барған күннен бастап оның оқуына, тәртібіне көңіл бөліп, тиісті дәрежеде қадағалап көмектесуі керек.

Бірінші сынып балаларына оқуға және алғашқы мұғаліміне деген  сүйіспеншілік пайда болады. Ата-ана  мұны әрқашан қолдауы тиісті. Мұғалім  туралы айтқан дөрекі сөздер ол мұғалімнің абыройын төмендетіп, баласының мұғалімге, ол жүргізетін пәнге деген қызыушылығын жойып жібереді. Ата-ана баласының кейбір мәселені білмей, шеше алмай жатқан кезінде оны кекетпеуі керек, себебі ол баланың алғашқы қадамдары.

Егер бала ата-анасының сабақ дайындау барысында қиын мәселелерді  шешуге көмектесетінін білсе, оларды сыйлаушылығы артады. Төмен баға алса, олардан ұялып қысылады. Сөйтіп, келесі жолы жақсы баға алып, ата-анасын қуантуға тырысады. Ата-ананың көп қателесетін мәселесі, ол мұғалімнің бірінші сынып оқушыларына қоятын баға жөнінде. Кейбір ата-ана баласын тек ғана «4» пен «5» алуы тиіс деп те айтады. Мұны естіген бала ата-анасының жазалауынан қорқып «2» немесе «3» бағасы тұрған күнделіктің бетін жыртуға, бағаны түзетуге немесе басқаша жолдар арқылы оларды алдауға барады. Сол себепті ата-ана баға баланың оқуындағы маңызды, бірақ басты мәселе емес екендігін білулері керек. Тек жақсы баға үшін оқыған балада танымдық қызмет пен қызығушылықтың жақсы дамуы екі талай. Сонымен қатар бала өтірік айтуға, тек өзіне пайдалы жаққа ғана әдістенуге, жағымсыз қылықтарға үйренеді. Ата-ана баласының сабақ дайындау барысында қиын мәселелерді шеше алмай жалғыз қалуына жол бермеуі керек. Егер баласы «2» алса, оның себебін біліп, оны тез арада жою шараларын қолдануы керек. Үштік бағамен де қаағаттанғаны дұрыс емес. Бұл баға да баланың біліміндегі олқылықты көрсетеді. Сол себепті «2» мен «3» деген баға оқушыға көмек керек екендігі жөніндегі хабарлама болып табылады. Ата-ана баланың үйде жасайтын өзіндік жұмысына қажетті жағдай жасауы керек. Бала өз оқуының туған-туыстары үшін аса маңызды екенін түсінуі тиіс. Ата-ана баланың бойына лайықты үстел, кітап сөре, оқу құралы, қалам, қара және  түсті қарындаш, өшіргіш тағы басқа да құрал-ждабдықтары бар оқушы бұрышын жасауы керек.Оқуға барған күннен бастап бала үйге белгілі бір уақытта сабақ дайындауы үшін күн тәртібі болуы тиіс. Бала сабақ дайындағанда бөлмеде тыныштық болғаны жөн. Осыдан-ақ бала әке-шешесінің оның оқуына үлкен мән беретінін байқайды. Үйде сабағын тамақ ішетін үстелде дайындайтын балалар бар. Мұндай жағдайда ата-ана сабағыңды үстелдің үстінен басқа жаққа алып кет, не қоя тұр деп ұрсады. Тамақ ішіп болған соң ата-ана теледидар көреді, сабақ дайындауға қолайлы жағдайы болмаған бала да солармен теледидар көріп, ұйықтайды. Ертеңгі күні әрине сабақ дайындамаған бала «2» деген баға алып келеді. Сөйтіп, сабақ оқуына жағдай жасалмаған, мән берілмеген баланың сабақ оқуға қызығуы бірте-бірте азаяды.

 

1.2 КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРҒА БЕРІЛЕТІН ЖАНҰЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘНІ

 

Отбасының алтын діңгегі, берік тұтқасы әке мен шеше десек, солардан өрбіген бала-шаға, үрім-бұтақ жайқалып өскен мәуелі ағаштың бұтағы сияқты тал бесік, ұшқан ұяңды көркейтіп, ерекше сән беріп тұрары сөзсіз. Өсіп-өнген үлгілі от басын көргенде әркім де ғибрат алып, көгеріп көктегісі келеді, әркім-ақ қызығады. Мен де осылардай өсіп-өнсем деп армандаймын. Олай болса, жас ұрпақтарды отаншыл, ұлтжанды етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен олардың үй ішіндегі қам-қарекетіне, ата-анасына деген дұрыс көзқарастарды қалпына келтіруіміз керек сияқты. Қазақ от басында өз әкесімен шешесін, жасы үлкен ағасы мен апасын «сен» деуге тиым салып, «Сіз» деп айтуға қалыптастыру жөн. Халық даналығында «Бала артта қалған із, мал – қолға ұстаған мұз, бақыт – ұзатылған қыз» деп бағалаған. Сондықтан адам балалы болып ұрпақ қалдыруды мақсат тұтқан, сол арқылы аты аталып даңқы шыққан, тарихта өшпеас есімге айналған.

Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтіп келіп ойнап-күлмес.

«Мені» мен «Менікінің»  айрылғанын,

«Өлді» деп ат қойыпты  өңкей білмес,  - деп ұлы ағартушы Абай адамның қоғамдағы орнын  дәл көрстекен.

Қазақ балажан халық. Бүгінгі бала – ертеңгі қоғам  мүшесі, ата-ананың өмірінің жалғасы. Болашақ қоғам мүшесін балғын көзімен өмірге баулу керек демекпіз. Ұрпақ тәрбиесі отбасының ғана шаруасы емес, мектептің ең басты мәселесі болуға тиіс. Ұлы М.О.Әуезов «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген сөзінде үлкен педагогикалық қағида жатыр...

Бүгінгі отбасының бала тәрбиесі қиынға соғып отырғандығы, мектептегі мұғалімдердің тұрмысы мен де өзектесіп жатыр десек қателеспейміз. Данышпан Абай: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар еңбегін мен ақылың екі жақтан» деген. Осы ой-тілекті басшылыққа лау керек. Бала тіршілігі қашан да үй-ішінен, алтын ошақтан, ата-аналардың бала болашағына деген қарым-қатынасынан бастау алатын психологиялық фактор. Отбасын ынтымақ бірлікке, сыйластыққа, бауырмалдыққа бөлеген мейірімді жандар мекені деп түсінеміз біз болашақ тәрбиешілер. Үй ішінде ата-ананың ықпалының үстем болғаны мұғалім үшін ең тиімді. Ұлтымызда «Үйді билеген түзді де билейді» - деп көрегендік білдіргенін ұстаздар әсте есте ұстаулары керек.

Үлгілі, өнегелі отбасынан  шыққан қазақ балалары басына ауыртпалық түскенде барлық қиыншылықтан жол тауып, мүдірмей өте білгендігінде өткен тарихымыз куә... Олар қайда жүрсе де елінің қамын ой»лаған, өз ұлтының намысын қорғаған. Сондықтан да мүмкіндігінше отбасы мен мектеп тәрбиесінің арасында алшақтық болмауы тиіс, бұл мұғалімдерге қойылатын педагогикалық басты міндет. Б.Момышұлы ьұл турасында өзінің үш өсиетінде былай атап көрсетеді: «Немересіне ертегі айтып бере адлмаған әжелерден қорқамын. Немаерелерге бесік жырпын ыңылдап жеткізе алмаған келіндерден қорқамын. Қазақтың әдеп-ғұрпы мен салт-санасын ұмытқан жастардан қорқамын».

Бұл міндетті орындау  – мектептің ғана емес сонымен  бірге жанұяның да игілікті ісі. Кейбір ата-аналар балаларын асырауды, киіндіруді, күтуді тәрбие деп түсінеді. Бұл  әрине керек нәрсе, дегенмен тәрбиенің  бір жағы ғана. Сонымен бірге ол үлкендер тарапынан балаларға үнемі, белгілі бағытта және үзбей жасалынатын психологиялық  ықпал, адамның жеке басының, оның үміті мен құштарлығының белгілі түсінігі мен сенімінің еркі мен мінезінің бүкіл сезім жүйесінің қалыптасуы.

Ата-ана үй ішіндегі үлкендер балаға белгілі ықпал жасайды. Бұл ықпал үлкеннің жүріс-тұрысына, мінез-құлқына қарай ұнамды да, ұнамсыз болуы мүмкін. Кейбір ата-аналар тіпті тәрбиешілер де тәрбие ешқандай рөлді атқармайды, бала жаратылысынан ата-анасына, үрім-бұтағына тартып туады деп есептейді. Баланың жаратылысына, мінез-құлқына осылай қарайтындар қолдарын бірақ сілтеп, оның тентегіне шыдай береді. Сөйтіп баласының ұнамсыз қылықтарының үдей түсуіне себепкер болады. Осындай жағдайды мен биыл өзімнің педагогикалық іс-тәжірибиемді өткізген Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектептің 4 сынып оқушысы Абдукаримов Әуесханның жанұясынан көрдім. Мен Әуесханның шешесіне баласының сыныпта тентектік жасап, жаман сөздер айтатынын, оны тәртіпке келтіру үшін бірлесіп шара қолдану қажеттігін айтқанымда, ол: «Біз не істейміз, кішкентайынан ерке болып өскен» - деп жауап берді. Осы бала үлкен жігіт болғанда қандай болмақ... Ата-анасы мұны неге ойламайды: Баланың мінезі әрқилы болатындығында дау жоқ. Ал бала жанының дұрыс қалыптасуы – дұрыс жүргізілген тәрбие жұмыстарына байланысты.

Информация о работе Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен педагогикалық жұмыстары