Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен педагогикалық жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 22:30, дипломная работа

Описание работы

Педагогтың ата-аналармен жұмыста әрқашан және кез-келген істе педагогикалық нормалар мен мәнерді сақтауға балалардың бойында өзі қалыптастыруға тиісті адамгершілік қарым-қатынастар мұратын берік ұстауға міндетті екенін және бір ескерткен жөн. Мұғалімнің ата-аналармен жұмысы баланы мектепке жазу кезіндегі алғашқы кездесуден басталады. Алғашқы әңгімені ата-ана мұғалім кеңесін пайдаланылатындай, сөйтіп сабақ басталғанға дейінгі уақыт ішінде баласын мектепке толық әзірлейтіндей етіп өткізу керек. Оқу жылы бойында мұғалім өз орқушыларының жанұяларында болып отыруы қажет. Оқушы үйлеріне баруға мұқият әзірленуі, онда барғанда нелерге назар аудару керектігін, ата-анадан нқандай сұрақтар сұрап, қандай кеңес беру керек екендігін ойластырып алуы шарт.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
І ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
1.1 Оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін педагогикалық насихаттың мазмұны ..................................................................................................................7
1.2 Кіші мектеп жасындағы оқушыларға берілетін жанұялық тәрбиенің педагогикалық мәні ...............................................................................................33
ІІ ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ
2.1 Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жанұядағы оқуын ұйымдастырудағы ата-ананың рөлі .......................................................................49
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................59
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...........................................61
V. ҚОСЫМШАЛАР ..............................................................................................62

Файлы: 1 файл

ШКМ.doc

— 300.50 Кб (Скачать файл)

Ата-аналарға педагогикалық  білім беруде сыныптағы балалардың жас ерекшелігі және оқу – тәрбие жұмысының әр жылға сәйкес ерекшелігі ескеріледі.

Перспективалық жоспар бойынша жұмыс жүргізіліп, мұндайда ата-аналарға бірте-бірте педагогикалық  білім беріліп, оны практика жүзінде қолдануда әңгіме, консультациялар ұйымдастырылады. Бұл жұмыс әрбір сыныпқа сәйкес болып, бала мектепті бітіргенге дейін созылады. Мұғалім ата-аналармен жұмыс жүргізудегі өз жоспарын жүзеге асырып, оның педагогикалық білім берудегі пайдасын аша түседі. Мұғалім – жанұяның бала тәрбиелеудегі жетекшісі, қамқоршы досы, жанұядағы бала тәрбиесін ұйымдастырушы болады. Ат-аналармен әңгіме ұйымдастырғанда педагогика теориясы мектеп пен жанұядағы тәрбие практикасымен байланыста қарастырылады. Бұл ата-аналармен жұмыс жүйесіндегі басты мәселе. Әрбір мұғалім ата-аналармен педагогикалық мәселелер жөнінде әңгімелескенде өз сыныбының ерекшелігін ескереді. Әңгіме тақырыбының жүйелілігін сақтайды.

I-IV сынып оқушылары  ата-аналарымен жүргізілетін әңгімелердің  үлгі тақырыптары:

- Оқушыларға тәрбие  беру жүйесіндегі бастауыш білім  берудің маңызы, бастауыш сыныптардағы білімнің негізгі мазмұны;

- Төменгі сынып оқушыларының  дене және психологиялық ерекшеліктері,  төменгі сыныптағы дене тәрбиесі;

- Оқу еңбегін, қоғамдық  пайдалы еңбекті және дұрыс  тынығуды ұйымдастыру;

- Балаларды жанұя және  мектепте еңбекке тәрбиелеу;

- Балалардың тәртібі;

- Эстетикалық тәрбие;

- Ата-аналар «Атамекен»  бағдарламасы туралы не білуі  керек? Жанұяда балаларды имандылыққа  тәрбиелеу;

- Ата-аналар бала тәрбиесіне  байланысты не оқуы керек?

Осындай перспективалық жоспарда тәрбиенің бір-бірімен байланысты негізгі түрлеріне айрықша орын беріледі. Олар ақыл-ой, адамгшершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиелері. Атап айтқанда ата-аналарға бабаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің әдіс-тәсілдерін аша отырып мұғалім мектептің оқу-тәрбие жоспарынан осы сыныпта орындауға тиісті негізгі міндеттерді түсіндіреді. Жаңа оқу жылында оқушылар үйренуге тиісті күрделі тақырыптарды айтады. Сонымен қатар бұл тақырыптарды  оқып-үйренуде ата-ана балаға қалай көмектесу керек екендігі жөнінде нұсқау береді. Ата-аналар өз балаларының терең, тиянақты білім алуына және оларда шындық негізінде наным, көзқарас қалыптасуына қам жасайды. Ата-аналарға арналған педагогикалық кештерді, ата-аналар конференцияларын ұйымдастыруға болады. Жалпы мектептік лекция ата-аналарды сөйлесуге тартып, әңгіме кезінде бала тәрбиесі туралы пікір алысады. Егер бала тәрбиесі туралы әңгімені сыныптың мұғалімі жүргізуге тиісті болса, жиналысты мектеп ата-аналар комитетінің басшысы басқарғаны дұрыс.

Белсенді ата-аналарға ұйымдастырылған семинардың да пайдасы көп. Мұнда педагогикалық тақырыптарға лекциялар оқылып, ата-аналар сұрауларына байланысты қосымша баяндамалар ұйымдастырылғаны жөн. Мұндай семинар ата-аналар белсенділігін арттырады, дискуссия жүреді.

Соңынан қаралып отырған  мәселе байланысты қорытындыға келіп, практикалық шешім қабылданады. Актив ата-аналар бір-бірімен мұғаліммен тығыз байланыс жасап топтасқан тату ата-ана ұжымын қалыптастырады. Ата-аналармен жемісті жұмыс жүргізу үшін мұғалім өз білімін үнемі толықтырып, әңгімеге жан-жақты дайындалу керек. Әрбір жанұямен дербес жұмыс жүргізіп ата-анаға өзінің әділдігі, талап қойғыштығын таныта білу керек. Бала үйіне қайтпас бұрын мұғалім оның сабақ үлгеруі, келесі күні сабақ кестесі бойынша қандай сабақтар болады? Оларға үйге қандай тапсырмалар берілген? Осыған орай балалардың үйде сабаққа қалай дайындалғанын бақылап, олардың ата-аналарымен күн тәртібін қалай орындайтындығы туралы әңгімелесу керек. Алғашқы кезде күн тәртібі бойынша үй тапсырманың орындайтын, сабақ дайындайтын уақытта кейбір балалар үйінде болмай шығуы да мүмкін. Мұндайда мұғалімнің бала ата-анасымен күн тәртібі, оны орындаудың қажеттігі туралы әңгіме өткізгені жөн. Бала ата-анасы мұндай қатысуға риза болып оларға жиі қатысып тұруын сұрайды. Тексеруден кейін баласының күн тәртібін дұрыс орындайтын болғанын хабарлайды. Баласының сабақ үлгерімі, тәртібі жақсарғанын сезініп, мектептегі кезекшілікті ынтамен орындайды. Сабаққа қатысып өз балаларының жетістік және кемшілігін көреді. Өз баласын басқа балалармен салыстырады. Педагогикалық еңбектің қиындығын, күрделігін сезіп, оған құрметпен қарайды. Мектепке көмектесуге ұмтылады. Мұғалімдердің қатысуымен мектеп ата-аналар кеңесіне ата-аналарға арналған бірыңғай педагогикалық талап қабылдап, оны ата-аналарға таратып берген абзал. Сонымен қатар мектепке ата-аналар бұрышын ұйымдастырып, онда ата-аналарды қызықтыратын мәселелерге жауап беретіндей материалдарды қою керек. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін байсалдылық, шыдамдылық, балаға деген сүйіспеншілік қатаң талап қоюмен ұштасуы қажет. Ата-аналар балаларына сабаққа дайындалуға жағдай жасаулары керек. Сонымен бірге олардың үй тапсырмасын қалай орындағанын тексеріп, оларға тапсырманы қалай орындау керек екенін айтпай тек ғана бағыт бергендері жөн. Күнделікті дәптерлерін қарап, жазу мәдениетін, оқу-жазу құралдарын қалай күтіп ұстайтындығын бақылауы тиіс. Сенбі күні олардың күнделігін қарап, қол қоюы керек.

Ата-аналар балаларына өздеріне дос, жолдас табуға көмектесіп, жақсы  оқушыдан үлгі алып, «қиын» оқушыларға ықпал жасауға үйреткендері жөн. Балаларды қолайсыз қылықтардан сақтандырып олардың көшеде , мектепте, қоғамдық орындарда тәртіп бұзу көріністеріне қатаң тиым салу қамын ойлағаны дұрыс. Ата-аналар өздерінің педагогикалық білімдерін молайтып, баланы дұрыс тәрбиелеуге үйренуі, бала тәрбиелеудегі басқа ата-аналардың ұнамды тәжірибиесін пайдалана білгені абзал. Ата-аналар мұғалім мен мектеп өзінің досы, бала тәрбиесінде жетекшісі деп санап, оларға көмектесуі қажет. Мұғалімдер тапсырмасын бұлжытпай орындауды талап етіп, баланың оқуы және тәрбиесін жақсартудағы пікірін жиналыста не өзіне сыпайылап айтқаны дұрыс.

Ата-аналар баланың тәртібіндегі жұмыс орындау қабілетіндегі, денсаулығындағы, еңбегіндегі жетістіктері туралы мұғалімге  хабарлағаны сол секілді ата-аналар жиналысына бала тәрбиесі жөніндегі  әңгімеге, лекцияға қалмай қатынасып отырғаны дұрыс деп ойлаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 БАСТАУЫШ  МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ҮЙДЕГІ ОҚУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ  АТА-АНАНЫҢ РОЛІ

 

Ата-ана балаға тәрбие бере отырып оның оқуын ұйымдастыруда үлкен рөл атқарады. Балалардың оқу жұмысын ұйымдастыруда ата-аналар көмегі үш бағытта жүзеге асады.

Ата-ана оқушылардың  күн тәртібін ұйымдастырады және қадағалайды: үйге берілген тапсырмалардың орындалуын тексереді және балаларды  дербестікке үйретеді.

Мұғалім күн тәртібін сақтаудың ата-аналардың көзін жеткізуге тиіс. Ол нанымды мысалдарға сүйене отырып күн тәртібін сақтаудың баланың оқушы міндетін орындауына, денсаулығының нығаюына, нерв жүйесін шаршаудан сақтандыруына жағдай жасайтынын дәлелдеп көрсетеді. Оқушылардың жиырма пайызының бастауыш сыныптарда сабақ үлгермеуі олардың денсаулығының нашарлығынан болып отыр. Оқушының оқу жұмысын, сабақтан бос кездегі үйдегі басқа да міндеттерін жоспарлау кезінде олардың бәріне де белгілі бір уақыт бөлу керек екенін ата-ана назарда ұстауға тиіс. Әрине, кейбір кезеңдерде ұлын неемесе қызын күн тәртібінен тыс шаруаларға жұмсауға тура келетін жағдайлар да кездесіп қалады. Бірақ, баланың дәл қазір немен айналысып ескерместен ылғи жұмсай беруге болмайды. Кейде мынадай жағдайлар кездеседі, оқушы кітаптарын жайып тастап сабақ оқуға енді ғана кіріскенде, оны дүкенге жұмсайды, ұлы қызық кітапты оқи бастаған еді, - гүл суаруға жұмсады, қызы отыра қалып кесте тіге бастаған еді \, - бауырын ойнатып кетуге жіберді.

Баланың нерв жүйесіне байланыстиы  бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысу кейде тез, кейде баяу жүзеге асып жатады. Нерв жүйесі шапшаң жұмыс істейтін балалар мұндайда бір жұмыстан екінші жұмысқа оп-оңай ауысып, оны тез игеріп алып кетеді. Ал нерв жүйесі баяу жұмыс істейтін балалар мұндайда қатты қиналады. Төменгі сынып оқушысы өзінің жас ерекшелігіне сәйкес бір жұмыстан екінші жұмысқа оңай ауысып кете алмайды. Өзі кірісіп кеткен шаруаны тастап, екінші бір істі бастау үшін баланың өз дегенінде тұрып, ата-ананың айтқанын істемеу жөніндегі табиғи ішкі тілекті жеңуіне тура келеді. Ал мұның нәтижесінде жалпылама наразылық, өкініш сезімі пайда болады. Кейде бір шаруадан екіншісіне ауысудың қиындығына байланысты табиғи ішкі тілек дөрекілік арқылы көрініс табады. Шешесінің немесе әкесінің басқа бір жұмысты істеу жөніндегі ұсынысына бала күтпеген жерден: «Ешқайда да бармаймын. Қашан да қызықты бірдеңе істей бастасам міндетті түрде басқа жұмысты бастауға мәжбүр етесіңдер» - деп қалады. Ата-ана баланың басқа жұмысты бастауына, өзін сол жаңа іске психологиялық жағынан әзірленуіне уақыт беруге тиіс. Мәселен, қызық кітап оқып отырғанда, Ғалия сол бетті оқып болған соң, магазинге барып келуің керек. Міне, мына жерге ақша қойдым, - деуге болады.

Баланы негізсізден  негізсіз бір жұмыстан екінші жұмысқа көшіре берудің (егер бұл әдетке айналып кетсе) зияндығы да бар. Бала бастаған жұмысты аяқтамастан тастап кетуге мәжбүр болады. Ал бұл жүйеге айналса оқушы бойында жаман қасиет бастаған істі аяқтамай тастап кету қасиеті тәрбиеленеді.

Бұл жайларды төменгі  сыныптағы балалардың ата-аналары  мұқият ескеруге тиіс. Өйткені балалардың өз міндеттеріне сабаққа, қоғамдық тапсырмаларға, еңбекке қарым-қатынасы дәл осы жаста қалыптаса бастайды. Күн тәртібі балалардың (өз міндеттеріне, сабаққа) таза ауада міндетті түрде болуын ескеріп жасалады. Мұғалім ата-аналардың бұл талапты бұзбауын атап көрсетіп отырады. Сайып келгенде ата-аналар өздерінің басты міндеті үйдегі уақытын ұйымдастыруда төменгі мектеп жасындағы балаға көмектесу екенін жақсы түсінуге тиіс. Жинақы, орнықты және зерек бала сабақ үстінде жақсы жұмыс істейтін болады. Мұғалім ата-аналарға оқушылардың үйге берілген тапсырманы орындауын қалай бақылап отыруға тиіс екенін айтады. Ең алдымен күнделіктегі үйге берілген тапсырманың орындалуы қажет. Содан кейін барып оның орындалу дұрыстығын қарау шарт. Үлкендер дәптердегі қатені байқасымен дереу көрсетуге асықпауы тиіс. Бала өзін-өзі бақылауға үйренуі қажет. Әуелі былау деу керек: «Сен мысалды қате шешіпсің, осындай есептердің дұрыс орындалуын қалай тексеріп едіңдер сыныпта, соны есіне түсірші, жұмысыңда қатенің бар жоғын қандай әдіспен тексеруге болады? » Бұдан ештеңе шықпағанда барып ғана қатесін көрсетуге болады. Көп ретте ата-аналар балаға мұғалімнің тапсырмаларынан тыс қосымша (өз ойынша өте қажет) сабақтық тапсырмалар жүктеп қояды. Мұндай ата-аналардың баласы тапсырманы алдымен басқа қағазға орындап алып барып, соңынан таза дәптерге көшіріп жазып жатады. Егер мұғалім үйде екі бағанды мысалды шешуді тапсырса ата-аналар көп шығарса жақсы болады деген оймен төрт бағанды мысалдарды шештіреді. Оның үстіне оның бәрі бос уақыттың есебінен орындалады. Бала діңкілдеп, тез шаршайды және жақсы оқудың орнына нашар оқитын болады. Оның өзі үшін ауыр әрі қызықсыз еңбекке айналған оқуға деген ынтасы төмендейді. Мұғалім ата-аналарға балаға қосымша берілетін тапсырманың саны мен мазмұнын міндетті түрде өзімен келісіп алып отыруы керектігін түсіндіріп қоюы қажет.

Балалар кейде мектептен  келе салып, сабақ оқуға кіріседі. Баланың мұнысын ата-аналар құптап та жатады. Ал балалар бұған бір  жұмысчтан екінші жұмысқа дұрыс  ауыса білмегендіктен барады. Дұрыс жасалынған күн тәртібі баланың мектептен кейін дем алуы, қыдыруы содан кейін барып ғана сабақ оқуға кірісуі талап етіледі. Мұғалім ата-аналарға сабаққа дайындалуға орта есеппен қанша уақыт жұмсау керектігін, жекелеген балалардың жеке басының ерекшеліктеріне және дамуы барысына қарап қанша уақытқа ауытқуға жол беруге болатынын түсіндіріп отыруға тиіс. Сабаққа ұзақ уақыт дайындалу оған жақсы әзірлену деген сөз емес. Тез орындап тастауға болатын тапсырманы ұзақ уақыт дайындау әдетте балалар назарының тұрақсыздығын, оның орнықсыздығын көрсетеді. Бала мұндай жағдайда мәселен, бір жолды жазып алады да, басқаға алаңдап, сыныпта бүгін не болғанын айта бастайды; жазуға қайта айналып соғады да, тағы да алаңдап енді қарындашын ұштай бастайды, тағы сол сияқты. Әриен, бұл жай тапсырманы орындау сапасына әсер етеді. Ата-ана баланы орнықтылыққа баулу үшін тапсырманы орындау үшін уақыт белгілеп алдына сағат қойып береді, бала сағатқа қарап отырып, жұмысын уақытқа бөліп орындайтын болады.

Балалардың бәрі бірдей дәрежеде дами бермейді. Жекелеген  балалар бірінші сыныптан бастап-ақ оқу материалын нашар игеріп, артта қала бастайды. Бұл оған дейін кемшілік тиісті уақыт өткен соң жойылар да еді, бірақ жекелеген ата-аналар шыдамастан бірнеше сағат бойына баланың жанына отырып алып сабақты миына құя бастайды. Ашуланып ұлына немесе қызына айқай салады, топас атандырады. Ақыр соңында іс ілгері басудың орнына кері кететін болады, бала өзінің сәтсіздіктеріне кінәлі оқуды, кейде тіпті мектепті жек көреді. Ата-ананың шыдамдылығы қарым-қатынастағы ізгі ниеттілік – балаға оқуда жемісті көмек көрсетудің маңызды шарты. Ата-аналардың басты  міндеті - баланың сабақты әзірлеуге қашан отырғандығын, барлығын орындады ма, оны тексеріп сұраққа жауап қайдан іздеуді айтып, бірақ дайын жауабын айтпай балалардың дербестігін тәрбиелеу. Баланың оқуға ынтасын тәрбиелеу үшін оның кітап оқи білуінің, кітапқа деген ынтасын қадағалау керек. Қай кездер де  бала дұрыс оқи алмағандықтан есепті шығаруға қиналып қалады. Сауатты жазу да дұрыс оқи білуге байланысты. Оқушылар бірінші сыныпта-ақ өз беттерімен оқи бастайды. Оларға мектеп кітапханасынан кітап алуға рұқсат етіледі. Көптеген балалар өздерінің үй кітапханасын жинай бастайды. Балалар бір-біріне өздері оқыған кітаптары жайлы әңгімелейді. Олардың өздері ұнатқан әдеби кейіпкерлерге ұқсағысы келеді. Ата-аналардың барлығы да кітап оқудың пайдасын жақсы біледі. Сондықтан да баласының кітап оқуды ұнатпауы олардың бойында үрей тудыруы - әрі табиғи, әрі заңды нәрсе. Баламыз кітап оқуды ұнатуы үшін не істеуіміз керек? – деп сұрап жатады. Олар көп ретте «көп кітап сатып аламыз, ал ұлымыз болса оларға қарамайды да». Әрине кітап сатып алған екенбіз, ол баламызға бірден ұнауға тиіс деп ойлаған ата-аналар қателеседі. Ата-аналар тарапынан төменгі сынып оқушысының кітап оқуына тұрақты назар аударылуы керек. Оның кітап оқуына көмектесіп, басшылық жасап отыруы керек.  Балаларды кітап оқуды ұнатуға баулу тиіс.

Көптеген төменгі сынып  оқушылары кітап оқуды ұнатады. Бірақ олар кітапты таңдай білмейді. Сондықтан да балалардың оқу үшін кітап таңдау алуын үлкендер қадағалап отыруы шарт. Кейбір ата-аналар былайша қателеседі, кез-келген кітапты оқу пайдалы деп есептейді, баланың кітап оқуын мұғалім мен кітапханашы қадағалауға тиіс, бұл жерде ата-ананың қатысы шамалы деп ойлайды. Шынында да мұғалім мен кітапханашы балалардың кітап оқуын қадағалап отырады, алайда олар оқушыны өздеріне арналмаған кітаптардан әрдайым сақтандырып отырмайды, кітапханашының, мұғалімнің және ата-ананың бірлесіп күш жұмсауы ғана балалардың кітап оқуының дұрыс дамуына ықпал жасайды.

Әр жастағы балаларға  арналған кітаптардың ұсынылатын «Балаларға не оқу керек? » деген тізімдері  болады. Олар мектпетегі және аудандық кітапханалардың бәрінде де бар. Балалардың жас ерекшелігін ескере отырып жасалған бұл тізімдерге көркем және ғылыми көпшілік әдебиет шығармалары, классиктер мен осы заманғы жазушылардың кітаптары, орыс және шетел әдебиеті, поэзия мен проза енгізілген.

Информация о работе Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен педагогикалық жұмыстары