Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен педагогикалық жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 22:30, дипломная работа

Описание работы

Педагогтың ата-аналармен жұмыста әрқашан және кез-келген істе педагогикалық нормалар мен мәнерді сақтауға балалардың бойында өзі қалыптастыруға тиісті адамгершілік қарым-қатынастар мұратын берік ұстауға міндетті екенін және бір ескерткен жөн. Мұғалімнің ата-аналармен жұмысы баланы мектепке жазу кезіндегі алғашқы кездесуден басталады. Алғашқы әңгімені ата-ана мұғалім кеңесін пайдаланылатындай, сөйтіп сабақ басталғанға дейінгі уақыт ішінде баласын мектепке толық әзірлейтіндей етіп өткізу керек. Оқу жылы бойында мұғалім өз орқушыларының жанұяларында болып отыруы қажет. Оқушы үйлеріне баруға мұқият әзірленуі, онда барғанда нелерге назар аудару керектігін, ата-анадан нқандай сұрақтар сұрап, қандай кеңес беру керек екендігін ойластырып алуы шарт.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
І ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
1.1 Оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін педагогикалық насихаттың мазмұны ..................................................................................................................7
1.2 Кіші мектеп жасындағы оқушыларға берілетін жанұялық тәрбиенің педагогикалық мәні ...............................................................................................33
ІІ ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ
2.1 Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жанұядағы оқуын ұйымдастырудағы ата-ананың рөлі .......................................................................49
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................59
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...........................................61
V. ҚОСЫМШАЛАР ..............................................................................................62

Файлы: 1 файл

ШКМ.doc

— 300.50 Кб (Скачать файл)

Ата-аналар балалардың қолына олардың жасына сай кітаптардың  ғана түсуін қадағалап отыруға тиіс. Сондықтан да жоғарыда айтылған тізімдерде көрсетілген ұсыныстарды ұстанған жөн. Кейбір ата-аналардың өз балаларының ересектерге арналған кітаптарды рахаттана оқитынына мақтануы орынсыз. Мұндай оқу арқылы бала үстірт оқып шығуға әдеттенеді, табиғат суреттерін, кейіпкерлер сипаттамасын, автордың ой толғауларын тастап кетіп отырады.

Балалардың кітап оқуын  қадағалағанда олар оқитын кітаптардың  міндетті түрде әр түрлі тақырыптарда болуын, олардың ішінде ертегілер, жануарлар мен өсімдіктер туралы әңгімелер, шытырман оқиғалы туындылар, соғыс және батырлар туралы, ұл-қыздардың үлкендер мен балалардың бейбіт еңбегі жайлы мектеп, ән, өнер жайлы әңгімелердің болуын ескеру керек. Балалар әсіресе ұлдар шытырман оқиғалы әдебиетті оқуды ұнатады. Шытырман оқиғаларға өткір және бірден баурап алатын сюжеттерге ынтық болу табиғи жай, бірақ мұны дұрыс арнаға салып отыру қажет. Балалардың тек ғана шытырман оқиғалы жанрдағы кітапты ғана оқып қоймауын, олардың қолдарына үлкендерге арналған кітаптардың түспеуін қадағалау шарт.

Егер баланы өсімдіктердің  немесе жануарлардың өмірі, жаңа машиналар, саяхаттар ерекше қызықтыратын болса, ол үшін жаңа және қызықты деректер бере алатын кітаптарды таңдап беру керек. Балалардың бойында әсіресе ғылыми-көпшілік әдебиетке деген ынта-ықыласты дамытуға назар аударған жөн. 3 сыныптың оқушыларының география, табиғаттану, техника жөніндегі өздеріне түсінікті кітаптарды оқытуымызға болады.

Кіші мектеп жасындағы  балаларға арналған журналдар («Ұлан  газеті», «Балдырған», «Көңілді суретті  кітапшалар») бар. Баланың газет  немесе журнал жаздырып алып, оқып оқытғаны дұрыс. Ал ондай мүмкіндіктер жоқ болса баланы кітапты кітапханадан алып оқуға үйрету керек.

Балалар 3 сыныптан бастап оларға түсінікті түрде еліміздегі және шетелдердегі балалардың өмірін, олардың қоғамдық пайдалы жұмыстардағы істерін жүйелі түрде оқып отыруға, үйренуге тиіс. 1-2 сыныптағы балалар  үшін бұл турасындағы мақалаларды  ата-аналары мен үлкен ағалары және апалары дауыстап оқып бере алады.

Самат кітапты жек  көреді деуге болмайды. Ата-анасы  баласының кітап оқу техникасын дамытуына көметеседі. Бұл үшін оны  кітапты дауыстап оқуға жаттықтыру, дұрыс оқуын үлкендердің қадағалап  отыруы тиіс. Кейде балалардың өзі алғаш оқыған кітабы қызықсыз болады да, оның ойын өрбітіп сезімін оятпайды, содан келіп ол кітап оқуды ұнатпайтын болады. Сондықтан да ата-аналар балаларының өз бетімен оқитын алғашқы кітаптарын дұрыс таңдап алуына мұқият болуы керек. Бұл кітаптар әдемі суретті, қызық желілі көлемі шағын, бала тез оқып шыға алатындай болуы қажет. Егер де ата-ана кітап таңдауда қиналып қандай  кітап сатып алу керек екенін білмесе, мұғаліммен немесе кітапханашымен ақылдасып алуы керек. Төменгі мектеп жасындағы балаларды кітап оқуды ұнататындай етіп тәрбиелеу үшін сырт қарағанда еленбейтін ұсақ жайлардың да елеулі рөл атқарып кетуі мүмкін. Мәселен, баланың өзінің жеке кітапханасының кітап қоятын сөресінің болуы, жолдастарымен кітап алмасуға болатыны баланың кітапқа деген ынта-ықыласын арттырады. Балаларды өз беттерімен оқуға оқуға үйретуге үшін мынадай тәсілді де қолдануға болады. Үлкендер балаға дауыстап кітап оқып береді де, ең қызықты жерге келгенде оқымай қояды. Кітаптағы оқиғаға еліктеп кейіпкерлердің одан әрі не істегенін білуге ынтыққан бала көп ретте кітапты одан әрі өзі оқып кетеді. Үлкендер одан кейін оның оқыған кітабы туралы сұрауы, өзі оқыған үшін мақтауы, бұдан былай баланың кітапты өзі оқи беретініне сенім білдіруі керек. Келесі кітапты да дәл осылай оқыған жөн. Онда бала біртіндеп кітапты өзі оқуға үйреніп кетеді. Балаға әлде бір кітаптағаы қызықты оқиға туралы айтып беру керек. Сонда төменгі кіші мектеп жасындағы оқушылар міндетті түрде: «Одан кейін ше? Одан әрі не болғанын айтшы» - деп өтінетін болады. Оған жауап ретінде кітапты ұсыну керек: «Міне, оқып шық. Сен бұдан көптеген қызықты жайларды оқып білетін боласың».  Үлкендерді кітап оқуды ұнататын, кітаптар жайлы көп әңгімелейтін, бос уақыттарын кітап оқуға арнайтын жанұялардағы балаларды барынша кітап оқуды ұнататын етіп тәрбиелеу оңай және тез жүзеге асады. Егерде әкесі мен шешесі кітап оқуға уақыты жоқ болса немесе кітап болмаса балаларды кітап оқуға баулу қиынға түседі.

Мұғалім ата-аналарға баланың кітапты қалай оқу керек екенін айтып беруге тиіс. Бір кітапты оқыған кезде баладан бұл жазушының қандай еңбектерін оқығанын және ол жазушы туралы не білетінін, кітаптың суретшісі салғана суреттерді бұрын іздестіргенін, кездестірмегенін сұрап отырған пайдалы. Балаларды кітап оқуда оның мұқабасы мен автордың және кітаптағы суреттерді салған суретшінің аты-жөні, баспасы мен шыққан жылы жазылған титул бетін оқудан бастауға үйрету керек. Әдетте балалар онда жазылғандарға назар  аудармайды, оларды есте сақтауға тырыспайды. Балалардан: «Кітапты кім жазғанын ұмытып қалдым», «Кітапты кім жазғанын еске сақтап не керек, не туралы жазылғанын білемін ғой», «Міне жазушыларды бір-бірімен шатастыра беремін, кімнің қандай кітап жазғанын есте ұстай алмаймын», - деген сөздерді жиі естуге болады.

Ата-аналар балаларының кітаптың авторы мен суретшісінің аты-жөнін, кітаптың атын есте сақтап қалуды шыдамдылықпен және тұрақты түрде  талап етіп отыруға тиіс. Баланың кітапты зер сала отырып асықпай оқуы керек. Төменгі сынып оқушылары көп ретте бес-алты бет оқиды да немен аяқталғанын білу үшін кітаптың соңғы бетін оқиды. Кітаптың соңын оқып кейіпкерлердің  тағдырын біліп алған соң, балалардың құралған жерін зер салып оқымайтыны, қажет жерлерін немесе тарауларын аттап кететіні, тіпті кітапты одан әрі оқымай қоятыны – табиғи нәрсе. Ата-ана балалардың  мұндай зиянды әдетке дағдыланбауын қадағалауға тиіс. Балаларға кітаптағы оқиғалардың қалайша дамып, қалай аяқталатынын алдын-ала айтып қоймау керек. Төменгі мектеп жасындағы балалар үшін кітаптағы суреттерді қараудың тәрбиелік маңызы  зор. Олар баланың оқығандарын түсінуіне, есте сақтауына көмектеседі. Көптеген суреттер балаға тікелей көре алмайтын оқиғалар мен заттар жөнінде мағлұмат алуына көмек береді. Суреттер арқылы Солтүстікте және Тропиктік елдерде болып қайтқандай әсер алуға болады, теңізден шалғайда тұрып-ақ кемелер мен тулаған мұқитты көруге, басқа мемлекеттегі балалардың қалайша өмір сүретінін білуге болады.

Балалардың кітап суреттерін қарай білуге, оларды қызықты бөлшектерді  байқай білуге үйретудің маңызы зор. Көп ретте балалар суреттерді қарағанымен ондағылардың бәрін көре білмейді. Сондықтан ата-аналардың балаларды салынған суреттегілерді түгел көре білуге үйрететін сұрақтар беріп отырғаны абзал: «Мына суретте нелер салынған? Суреттердегі адамдардың аттары қалай? Олар не істеп жатыр? Олары дұрыс па? Бет әлпеттерінен нені байқауға болады?» Балалардың өзі оқығардары жайлы айтып беріп отырғаны дұрыс. Әңгіме арқылы балалардың сөйлеу қабілеті дамиды, кітаптағы басты жайларды көре білуге үйренеді. Әңгіме кезінде оның кейіпкерлер қылықтарына, баяндалатын оқиғаларға қатынасы анығырақ қалыптасатын болады. Бала алғашқы кезде оқығандары туралы айтып айтып беретін болса, әңгімелеуі кезіндегі  қиыншылықтарын жою үшін сұрақтар беру арқылы көмектесу керек.: «Кітаптан не оқып білдің? Қашан және қай жерде болған оқиғалар туралы екен? Бәрінен көп ұнағаны не?» Оқығандары туралы сұрақтар беру ата-ананың баласының оқығандарына бақылау жасауына, оның кітапты түгел оқығанын, ондағыларды түгел ұққанын, кейіпкерлерің мінез-құлқы жөніндегі пікірлерінің дұрыстығын білуіне көмектеседі. Әдетте кітапханаларда  осылар тәрізді сұрақтар беріп отырады. Мұның өзі оларды  бір тәртіпке салады, зер сала оқып, оқығандарын есте сақтауға мәжбүр етеді. Жеті-сегіз жастағы балаға кітап туралы пікір жазу әзірге қиын, сондықтан олардың өздерінің оқығандары жайлы суреттер салуын мадақтап отыру керек. 3 сыныптағы балаларға оқыған кітаптары туралы пікір жазуға кеңес берген және жазуына көмектесу өте пайдалы. Төменгі сынып оқушысының кітап туралы пікір, түрлері мен мазмұны жөнінен күрделі болмауға тиіс. Бала көп жағдайда мына сұрақтарға жауап береді. «Кітап кімдер және нелер туралы жазылған екен? Кітаптағы қандай жайлар не үшін ұнады? Кейіпкерлердің қайсысы ерекше ұнады? » Пікірде міндетті түрде кітаптың аты мен авторы көрсетіледі.

Жанұяда тұрақты түрде  бірлесіп дауыстап кітап оқу ұйымдастырылып тұрғаны өте жақсы. Бұл ата-аналар мен балаларды өзара жақындастырып  ата-аналардың өз баласын жақсы  білуіне оның мүдделері мен құмар  істерін түсінуіне көмектеседі.

Бірлесіп қалай оқу керек? Ең алдымен қызықты және тартымды кітап таңдап алынады. Сонда балалар бірге отырып кітап оқитын кешті асыға күтетін болады. Кезек-кезек бүгін әжесі, ертең ұлы, одан кейін басқалары дауыстап оқығаны дұрыс. Дауыстап оқу – балалар үшін пайдасы көп жаттығу, олар мәнерлеп дауыстап және айқын етіп оқуға үйренеді.

Дауыстап оқу –  балалар үшін мерзімі анықталған түрде алынуы керек. Оқудың балаларды  шаршатпауы үшін олардың кітапқа ынтасын әлсіретпеу үшін бұл мерзімнің 45 минуттан аспағаны дұрыс. Ата-аналар мен балалардың кітап туралы пікір алмасып отырғаны жақсы. Егер дау туа қалса балалар қате пікірлер айтатын болса, сыпайы түрде олардың оқығандарды дұрыс түсінуіне көметесу керек. Жанұяда кітапты күтіп ұстау мәдениеті тәрбиеленеді.

Балаларды сол сияқты кітап оқу гигиенасының негізгі ережелерін сақтауға үйрету қажет. Балалар көзді сақтау керектігін білуі қажет. Әлсіз жарық кезінде оқуға болмайды. Шам баланың сол қолы жақта болуға тиіс. Оның жарығы тікелей көзге түспей кітап жақтан үстел үстіне бағыттлауы керек. Кітап оқығанда әрбір 45-50 минуттан соң көзді аздап демалдырып отырғаны дұрыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдері шағын комплектілі  мектеп жұмысына да араласуына тура келеді, сондықтан да бұл мектептердегі  мұғалімдер тек ғана білім берумен ғана шектелмей саяси-әлеуметтік, мәдени-ағартушылық жұмысымен де айналысатындығын қазақ бастаушы ауылдық мектептер тәжірибиесі көрсеткенін біз педагогика ғылымдарының кандидаттары мен докторларының еңбектерінен кездістеміз.

Біз өзіміздің бұл еңбегімізде төмендегі педагогикалық мәселелерді зерттеуге мұрындық болар деген мақсат пен пікірдеміз. Тәрбие мазмұнының мәніне арналған төмендегі пікірлерімізді ұсынамыз:

  1. Тәрбие барысында Егеменді Республикамыздың және оның

аймақтарының әлеуметтік – экономикалық даму деңгейінің маңыздылығын ескеру;

2. Мемлекттік тіл – қазақ тілін жан-жақты терең игеретін жаңа тәрбие мазмұнының бағдарламасын нақтылау қажеттілігі;

3. Халқымыздың педагогикалық ойлары мен педагогика тарихының келелі мәселелері белгілі бір жүйеге келсе және мұны қарауға мұғалімдер ата-аналардың да өмірлік тәжірибиелерін зерттеп жүйелей отырса;

4. Қандай халықтың болмасын өзіне тән ана-тілі, жаратылыс болмысы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті, өнері бар. Осы педагогикалық мәнді құбылыстарды ата-аналар арасында насихаттау мұғалімдердің оқытушылық қызметінің құрамдас бөліміне айналса педагогикалық жұмыс нәтижесін беретіндігіне ешбір күмән жоқ.

5. Болашақ мұғалімдерді дайындау барысында тек ғана жеке пәндерді оқытумен оның әдістемелерін үйретумен жүктелмей педагогика  кафедрасы ата-аналарының педагогикалық әдістемелік шеберлігін тарттыруға арналған арнайы пәндік оқу енгізсе өте дұрыс болар еді.

Ата-аналармен ұйымдастырылатын педагогикалық жұмыс мазмұнының тиімділігі төмендегідей міндеттерді  шешеуге байланысты демекпіз:

  • Ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір қасиетін қалыптастыру, яғни туған

елін сүюге тәрбиелеу;

  • Жер тағдыры мен ел тағдырының табиғат пен адам өмірінің бірлігін

терең сақтайтын жер, су, ауа, ғарыш әлемінің қадірін бағалай  білетін, табиғатты аялай оны қорғай алатын азаматты тәрбиелеу, яғни экологиялық тәрбие беру;

  • Эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа тәрбиелеу, тазалыққа үйрету;
  • Мемлекеттік заңдарды білу және оған сый-құрметпен қарау оны жүзеге

асыруға дайын және ынталы болу, қоғамдық тәртіптің заң ережелерін бұзушылыққа төзбестік білдіру, құқықтық тәрбие беру;

  • Еңбектің адам өміріндегі мәні мен мазмұнын түсіндіру, еңбек дағдысын

баланың бойына жастайынан сіңіру;

  • Жас ұрпақты кішкене күнінен үй болуға, шаңырақ көтеруге, яғни ұл бала

мен қыз баланы құрметтеуге, қыздарды ұл балалардың алдында иба сақтауға үйрету, адамгершілік имандылық тәрбие беру;

  • Ұлттық ойын, дене шынықтыру түрлерін кең қолдана отырып жастарды

дене тәрбиесі қажеттілігіне  дағдыландыру;

  • Халқымыздың ерлік жауынгерлік тарихын, өз жерін, өз елін қорғай

алатын елжанды, ұлттық намысы мол жігерлі азамат тәрбиелеу;

  • Басқа ұлттардың өкілдері мен жастардың өзара сыйластық, достық

негізінде өмір сүруіне  ықпал жасау, ұлтаралық қатынастардың  жақсы дәстүрлерін үйрету.

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. М.Азимов «Жанұя ықпалы» Бастауыш мектеп журналы, 1998 .6 12-13 б.
  2. З.Әсемжанова «Менің отбасым – менің үйім» Бастауыш мектеп журналы 2005, № 9 25-26 б.
  3. Квятковский Е.Ю. О путях повышения нравственно-эстетического влияния искусства слов на учащихся средней школы. − Сов.педагогика, 1981, №2, 22 с.
  4. Лихачев Б.Т. Формирование нравственно-эстетического отношения к действительности. −   Сов.педагогика, 1981, №2, 36 с.
  5. Марьенко И.С. Основы процесса нравственного воспитания школьников: Учебное пособие для студентов педагогических институтов. − М.: Просвещение, 1980, 183 с.
  6. Харламов И.Ф. Нравственное воспитание школьников. Пособие для классных руководителей (из опыта работы). − М.: Просвещение, 1983, 160 с.

     7.  Момышұлы  Б.Психология войны. Алматы, 1980-с. 109.

     8.  Жұмабаев  М. Педагогика. Алматы. Мектеп, 1992-122б.

     9. Ата-аналармен  байланыс жасау тәжірибиемнен  Бастакуыш мектеп           журналы №1, 2003,  25-27 б.

  1. Педагогика. Харламов. М.: 1999ж.
  2. Педагогика. Қоянбаев Ж.Б. Алматы., 1999ж.
  3. Спутник классного руководителя. М.: №2. 2000ж
  4. Сынып жетекшісі. Астана. №4, 2002ж.
  5. Білім мекемесі – оқу – тәрбие ордасы. Шымкент – Алматы 2002. Қожамжарова Р.Т., Бектенгалиева С.Х.
  6. Педагогика дәріс курсы. Алматы 2003ж.
  7. Общая педагогика. Сластенин В.А. М.: Владос, 2002ж.
  8. М.Валиева Білім беру технологиялары және оларды оқу тәрбеи үрдісіне енгізу жолдары. (әдістемелік нұсқау) – Алматы, 2002ж.

ҚОСЫМШАЛАР

 

Жұмыстың тақырыбы

Орындаушы, уақыты

1.

Ата-аналар жиналысын  өткізу.

а) ІІ ширектегі қорытынды.

ә) Өткен жарты жылдықта орындалған немесе орындалмаған жұмыстар.

б) Баламен сөйлесіп отыру  қажет.

в) Концерт: би, ән, хор.

Сынып жетекшісі

 

 

 

 

Ұжым (сынып)




 

 

 

Оқушының аты-жөні

Жұмыстың мақсаты

Ата-ана жауабы

Ата-ананың қолы

Байғұнысова Жадыра

Оқушының мүйіне барып сабақ үлгерімі тәртібі жөнінде ата-анамен пікірлесу

1. Жадыраның кейінгі  кезде сабақ үлгерімі нашарлауына  үй тапсырмасын орындамауына  себеп не екенін айта аласыз  ба?

2. Сабақта тыныш отырады,  бірақ сабақтан кейін үзілісте  қыздарды ренжітеді, мен өзімде  бірнеше рет сөйлестім. Сізге де ескертуді жөн көрдім.

Ол үйдегі жалғызымыз. Уақытында бетінен қақапай еркелетіп  едік, сол еркеліктен әлі де арыла  алмай жүр.     Ойынға көп  алданады, сондықтан үй тапсырмасын  орындамай барады. Келесі жолы яғни ылғи да шаман келгенше сізге көмектесейін.

Ол рас, бәрі еркелеткеннің салдары енді біз болып бірлесе тәрбиелейік, Қазір еркелетіп те жүргеніміз жоқ.

 

Информация о работе Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен педагогикалық жұмыстары