Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 22:30, дипломная работа
Педагогтың ата-аналармен жұмыста әрқашан және кез-келген істе педагогикалық нормалар мен мәнерді сақтауға балалардың бойында өзі қалыптастыруға тиісті адамгершілік қарым-қатынастар мұратын берік ұстауға міндетті екенін және бір ескерткен жөн. Мұғалімнің ата-аналармен жұмысы баланы мектепке жазу кезіндегі алғашқы кездесуден басталады. Алғашқы әңгімені ата-ана мұғалім кеңесін пайдаланылатындай, сөйтіп сабақ басталғанға дейінгі уақыт ішінде баласын мектепке толық әзірлейтіндей етіп өткізу керек. Оқу жылы бойында мұғалім өз орқушыларының жанұяларында болып отыруы қажет. Оқушы үйлеріне баруға мұқият әзірленуі, онда барғанда нелерге назар аудару керектігін, ата-анадан нқандай сұрақтар сұрап, қандай кеңес беру керек екендігін ойластырып алуы шарт.
КІРІСПЕ.................................................................................................................3
І ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
1.1 Оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін педагогикалық насихаттың мазмұны ..................................................................................................................7
1.2 Кіші мектеп жасындағы оқушыларға берілетін жанұялық тәрбиенің педагогикалық мәні ...............................................................................................33
ІІ ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ
2.1 Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жанұядағы оқуын ұйымдастырудағы ата-ананың рөлі .......................................................................49
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................59
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...........................................61
V. ҚОСЫМШАЛАР ..............................................................................................62
Бірінші топ міндеттері. Оларды әлеуметтік міндеттер деуге болады. Бұл баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, отбасымен және басқа да тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін қалыптастыруға қолайлы жасау үшін байланыс орнату.
Екінші топ міндеттері.
Диогностикалық-әдептік-
Үшінші топ міндеттері. Адамгершілік міндеттер деп атауға болады. Олар баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына бағытталған, белгілі жағдаяттарды оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік береді.
Төртінші топ міндеттері. Жеке-дара практикалық сипаттағы міндеттер деуге болады. Оларға оқушылармен жұмыс ұйымдастырудағы тиімді педагогикалық құралдары таңдап алуды, өз жұмысын жоспарлауды, талдап түзетуді және педагогикалық рефлекцияны жатқызуға болады.
Ата-аналар жиналысында әңгіме өткізуге мұғалім мұқият дайындалуға тиіс. Бұл дайындық әңгіменің тақырыбын анықтаудан басталады. Тақырып таңдау мына жағдайларға: ата-аналардың балаларды тәрбиелеуге дайындығына, олардың педагогикалық мәдениетіне, мұғалім алдында тұрған нақты тәрбиелік міндеттерге, балалардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Әңгіме педагогикалық насихаттың жүйелілігі сыныптағы оқиғалардың, ата-аналар жұмысында туатын қиындықтардың жетегінде кетпей, ата-аналарды білім жүйесімен қаруландыратындай дәрежеде болуы керек. Бірақ бірінші әңгіменің тақырыбы барлық сыныптарда бірдей. Мұғалім жаңа оқу жылын бастай отырып, ата-аналарды, балаларды осы сыныпта тәрбиелеудің әдістерімен және мазмұнымен таныстырады. Ол ата-аналарды тәрбиеші ретінде алға қойып отырған міндеттермен таныстырады, тәрбие жұмыстарында қандай нәтижелерге қол жеткізуді мақсат етіп отыратындығы туралы, бұл мақсатқа қол жеткізу үшін қандай әдістер мен жолдарды пайдаланатынын айтады. Осы алған әңгіме ата-аналар үшін аса маңызды, әрі олардың түсінуіне қиын да. Мұғалім ата-анаға өзінің кәсіптік ойларын түсіндіреді, ал оны тыңдаушылардың арнайы педагогикалық мамандығы жоқ және тәрбие берудегі практикалық тәжірибиелері де біркелкі емес. Сол себепті де негізгі нұсқаулар мен тәрбие перспективаларын ата-аналарға түсінікті етіп айту керек, сонда олардың әрқайсысы педагогтың идеясына шыңдап қосыла алады, оның мәнін дұрыстығын түсінеді, мектепте жүргізілетін жұмысқа орай жанұядағы тәрбиені қалай құру керек екенін біледі. Бұл тәрізді қиын міндетті шешу әңгіменің жоспарын, материалдық түсіндіру түрлерін, ата-аналардың алдына қойылатын проблемалардың тұжырымдарын ойластырып алуды керек етеді. Осы айтылған тақырыптардың қай-қайсысы бойынша өткізілетін әңгіменің тиімділігі мұғалімнің әр жанұядағы бала тәрбиесіндегі жағдайларын, оқушылардың тәрбиелік дәрежесін өз тәрбиеленушілерінің жеке басын қалыптастырудағы жетістіктер мен қиындықтарды жақсы білуіне байланысты болады. Мұғалім әңгімеге дайындық үстінде, әңгімедегі негізгі педагогикалық қағидаларды растайтын айқын және нанымды деректерді іріктеп алады. Көптеген ата-аналар мектептегі мен жанұядағы тәрбие практикасынан алынған мысалдармен дәлелденген педагогикалық идеяларды жақсы қабылдайды. Жекеленген жағдайларда ата-аналарды сабаққа қатыстырып, мұғалімнің жұмыс тәсілдерімен таныстырудың пайдасы зор. Мәселен, мұғалім ата-аналармен балалардың өзіндік дербестігін және өзін-өзі бақылауын тәрбиелеу туралы әңгіме өткізетін болса, ата-аналарға педагогтың осы қасиеттерді балалардың бойында қалай баулитынын математика және орыс тілі сабағында көрсетуге болады. Бұл сабақтарда ата-аналар мұғалімнің бала қиналған бетте көмекке келмейтінін, қайта дұрыс жауап іздестірудің, шығарылатын есеп пен оның орындалатын жаттығудың дұрыстығын тексерудің жолдарын ғана көрстеуге тырысатынын байқайды. Мұғалімнің ата-аналармен жиналыстағы әңгімесіне ата-аналардың өздерінің шағын сөздерін қосуға болады. Ата-аналарды мұндай сөздерге дайындау (сөз мазмұнын анықтау, тәрбие практикасынан тиісті деректер іріктеуіне көмектесу) керек.
Әңгімеге дайындық үстінде
мұғалім әңгіме тақырыбына байланысты
жанұя тәрбиесін қалай құру, оқушылардың
бойында түрлі іскерліктерді, әр
түрлі қасиеттерді қалай
Әңгімеде тек ғана даусыз қағидалар хабарланбай, сұрақ, пікір тудыратын мәселелерді де қозғау тиімді болады. Бір сөзбен әңгіме ата-аналардың «жанды жеріне» тиюі керек, олар үшін көкейкесті проблемалар қозғалуы тиіс. Әңгіме процесінде балалардың жұмысын, дәптерлерін, қол өнерлерін, солар шығарған қабырға газеттерді, монтаждарды көрстекен дұрыс.
Балалардың жұмысымен танысу арқылы ата-аналардың өз балалары орындаған жұмысты басқалардікімен салыстыруға, баласының нені жақсы атқаратынын, ал қандай істерде көмек пен қолдауға мұқтаж екенін көруіне жағдай жасалады.
Әңгіме барысында мұғалімнің
әдістемелік қағидалар мен
Ата-аналармен ұйымдастырылатын педагогикалық насихаттың негізін қорытындылап оның қағидаларын әдістемелік нұсқау ретінде оларға ұсынуға болар еді демепіз.
Ата-аналар семинары біз барған № 7 Қ.Сыпатаев атындағы, №65 Ы.Алтынсарин атындағы мектептерде үнемі болып тұратыны анық. Осындай «ата-аналар семинары» туралы «Егеменді Қазақстан» газеті 7 наурыз 2003 жылы былай деп жазды: «АТА-АНАЛАР СЕМИНАРЫ ӨТТІ».
Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі, тәжірибиелі ұстаздарымыздың бірі З.Жаппасованың ұйымдастыруымен жақында ата-аналар мен мұғалімдердің бірлескен семинары болып өтті. Семинарға қатысушылар теориялық сабақтан соң «Мен анамның қолқанатымын», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» әдеби – музыкалық көріністі тамашалады. Семинарға қатысушылар З.Жаппасованың ұстаздық шеберлігіне ризашылық білдірді.
Ұлы чех ғалымы «Ұлы дидактика» - атты педагогикалық шығарманың авторы Я.А.Коменский «Тәртібі жоқ орта, сусыз диірменмен тең» деген болатын. Шынында тәртіп болмаған жерде балаға еш нәрсені айтып түсіндіруге де, жұмыс істеуге де, одан тиянақты нәтиже шығаруға да мүмкіндік болмайды. Сондықтан оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу бүгінгі мектеп тәжірибиесінің ең негізгі түйінді мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені, саналы тәртіп – ұйымшылдықтың, іскерліктің, ілтипаттылықтың, сыйластықтың, өнегеліліктің ұйтқысы.
Негізінде оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу ісі – оқыту процесімен бірлікте жүргізіледі. Мұны атақты педагог К.Д.Ушинскийдің «Кім жақсы оқыта білсе, ол тәртіпке де бағындыра біледі» деген ұлағатты сөзінен аңғаруға болады. Демек, оқушылардың сабаққа белсене қатысуы, оған ынта-назарын салуы, мұғалімдердің әр-түрлі педагогикалық методикалық әдістерді дұрыс қолдана білуіне байланысты. Егер сыныптағы сабақтың мазмұны өте жеңіл, не түсініксіз ауыр болса, оның үстіне мұғалім еркін түсіндіре алмаса, онда сыныпта сөз жоқ тәртіп өзінен-өзі бұзылады. Болмаса, сабақ үстінде оқушылардың ешбір жұмыссыз қарап отырып қалуы оларды жалқаулыққа, бей-жайлыққа ұшыратады. Сондықтан мұғалімнің сабақ түсіндіруі айқын, анық, дәлелді, ұғымды болуы керек. Бүгінгі өмірмен, тұрмыспен, тәжірибиемен дәлелді, ұғымды астасып түсіндірілген сабақ ұғынықты, әрі қызықты болатыны белгілі.
Орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады. Соның негізінде оқушылардың қоршаған өмірге жүйелі қатынасын қалыптастырады, арнаулы ұйымдастырылған тәрбиелік әрекеттерге қатыстырады.
Сынып сағаты – оқушылардың адамгершілік қасиеті мен дұрыс көзқарасын қалыптастыруға, өнер саласындағы талғам-тілектерін тәрбиелеуге, елжандылық сезімдерін шыңдауға арналған сабақтан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмысы Оның тәрбиелік қызметіне: ағартушылық, бағыттаушылық, болжамдылық, және қалыптастырушылық жатады. Ағартушылық қызметі оқушылардың оқу бағдарламасында қамтылған білімдерінің көлемін кеңейтеді. Яғни, онда қарастыратын нысана өмірдің барлық құбылысын қамтиды. Болжамдылық оқушыларда белгілі бір заттық және рухани құндылықтардыжасау қызметін атқарады. Егер де сынып сағатының ағартушылық қызметі айналада қоршаған өмірмен танысуға м үмкіндік берсе, ал болжамдылық оны бағалауға көмектеседі. Бұл оның негізгі қызметі. Дегенмен де ол ағартушылық қызметпен өзара байланыста болады.
Бағыттаушылық қызметі оқушылардың өмірін шынайы практикалық әрекетке бағыттауға көмектеседі. Сынып сағатын өткізу барысында белгілі бір нақты бағыт болмаса, онда оның ықпал ету әсері төмендейді, білім сенімге айналмайды, соның нәтижесінде тұлғаның мінез-құлқында жағымсыз әрекеттердің пайда болуына жағдай туады. Ал қалыптастырушылық жоғарыда аталған 3 қызметтің орындауымен байланысты. Сонымен қатар оқушылардың өздерін, өз өмірлерін бағалауды дағдыға айналдыруын және топпен диалог құра білуін көздейді.
Сынып сағаты негізінен екі бағытта жүргізіледі. Біріншісі, әдетте өткен апта негізінде сыныптағы оқушылардың үлгерім нәтижелері, олардың сабаққа қатысуы, тәртібі, оқуы, қоғамдық істері және бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы мәселелер. Оны ұйымдастыру тек сынып жиналыстары негізінде атқарылады. Екіншісі, әртараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар. Олардың қатарына қызықты әңгімелер, кездесулер, пікірталас, пен оқырмандар конференциясы, т.б. бағыттағы жұмыстарды жатқызуға болады.
Әдетте сынып сағаты аптаның бір күні өткізіледі, онда сыныптың нақтылы жағдайына және тәрбиеғ жоспарына байланысты ұйымдастыру формасы анықталады. Мысалы, сынып жиналысы, тақырыптық тәрбие сағаты немесе сыныптан, мектептен тыс жұмыс т.б. Соған орай тәрбие сағаты мен сынып жиналысының міндеттері, ұйымдастыру формалары мен тәсілдері әр түрлі болып келеді. Тәрбие сағатының сынып жиналысынан ерекшелігі, талқыланып отырған мәселеге қатысты соңынан шешім қабылданбайды.
Сынып сағаты – оқушылардың қабілетін анықтаудан басталады. Бұған дайындық барысында оқушылар сурет салады, альбом жасайды, өткізу орнын әзірлейді, жоспарын құрады т.б. Әрине, тақырыптық тәрбие сағатын өткізу барысында, сынып жетекшісі оның тақырыбын, сыныптың нақты жағдайын, оқушылардың тәрбиелік деңгейін, олардың адамгершілік сапасының көлемін, көзқарасын, қызығушылығын, талап-тілегін алдын-ала анықтап, белгілейді (сауалнама, әңгіме жүргізу арқылы, зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша т.с.с.)
Тәрбие сағатын дайындау және өткізу жұмыстарында әр түрлі формалар мен әдістер және тәсілдер қолданылады: әңгіме, газет, журнал материалдарын оқып, соңынан талдау жасау, мамандардың белгілі бір тақырыптарға лекциялары, дөңгелек стол өткізу, туындылармен танысу, оқушылардың өздері жасаған шығармашылық жұмыстары т.б.
Сынып немесе тәрбие сағаттарын өткізуде жетекшілердің еске алатын негізгі міндеті осы істерге оқушылардың өздерін қатыстыру, оған олардың белсене араласуын, кез-келген оқушының тәрбиелік шаралар барысында, яғни дайындау және өткізу кезінде қалыс қалмауын қадағалау. Ол үшін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, оларға белгілі бір бағытта нақтылы тапсырма беріп, ақылдасып, кеңесіп отыру керек. Сондай-ақ, жетекші сынып белсенділерімен алдын-ала атқарылатын тәрбиелік шаралар төңірегінде әңгімелесіп, олардың қорытындысын барлық оқушылармен бірге тұжырымдап, әрқайсысына жеке-дара топтап тапсырмалар беріп отыруы қажет. Солнда ғана ол қызықты, әрі табысты өтеді.
Сынып сағатын өткізуде дайындық жұмыстарының тәрбиелік маңызы да ерекше. Онда оқушылардың жауапкершілігі мен ынтасы артып, ой-сезімін тәрбиелеуге ықпалын тигізеді. Сынып сағатын дайындау және оны өткізу жеке басты қалыптастыруда бірыңғай тәрбиелік міндеттерді атқарады. Мұнда қайсыбіріне ғана баса назар аударуға болмайды. Барлық кезең тәрбиенің негізгі құралы болып табылады. Себебі, сынып сағатын дайындау барысында оқушылар оның материалдарын өз беттерінше іздеп тауып, оған қатысты альбомдар, қабырға газеттерін шығарып, сыныпты безендіруге атсалысса, кейбір жекелеген топ оның мазмұны мен өткізу бағдарламасын жасайды. Мұндай тапсырмалар оқушыларды іскерлікке, тапқырлыққа шыңдап, дағдыларын қалыптастырады. Білім дәрежелерінің артуына да оң ықпалын тигізеді.
Кейбір жағдайда мектеп көлемінде бір мезгілде бірнеше тәрбие шаралары белгіленеді. Осы орайда кейбір сынып сағатының мерзімі басқа уақытқа өзгертіледі. Мұндай жағдай оқушыларда салғырттық пен немқұрайдылық мінездің пайда болуына әкеп соқтырады.
Бұдан шығатын қорытынды оқушыларды тәрбиелеу процесі тек сынгып сағатын өткізу барысында ғана емес, оның өң бойында, яғни оған дайындық кезеңінен, өткізу және одан кейінгі мерзім аралығында бірыңғай, тұтас жүйеде атқарылатындығын естен шығармауымыз керек.
Тәрбие сағатында ең көп қолданылатын тақырып – адамгершілік тәрбиесі. Ол этикалық тақырыптаға арналған. Соған орай этикалық әңгімені ұйымдастыру: жолдастық және достық, әділеттік және әділетсіздік, қарапайымдылық пен озбырлық, жомарттық және қатыгездік қасиеттеріне байланысты жайлар қаралады. Осы мәселеге қатысты өткізілген әңгіме оқушыларға жалпы адамдық мораль ұстанымдарын жақсы ұғынуға, өмір тәжірибиесін дұрыс та нәтижелі қорытуға көмектеседі. Мұғалімнің әңгімесі оқушылардың жауап-пікірлерімен ұштасып отырады. Мұндай әңгімені, ең алдымен адамгершілік ұғымдардың мазмұнын анықтап түсіндіруден бастаған жөн. Сонымен бірге әңгіме барысында адамгершілік ұғымдарының мәнін түсінуге нәтижелі мүмкіндік туғызатын нақтылы мысалдар мен деректерді келтірген дұрыс.
Оқушылардың адамгершілік түсініктері және сенімдерін қалыптастыруда тәрбие сағатын пікірталас түрінде өткізудің маңызы ерекше. Әсіресе, қызықты кездесулер өткізілген тәрбие сағаты нәтижелі болады. Дегенмен де мұндай кездесу оқушылардың қызығушылығын қанағаттандырып, тәрбиешінің педагогикалық ойын іске асырған жағдайда ғана табысты болмақ. Сынып жетекшісі кездесуді дайындау барысында тәрбиелік жағдай туғызады: алын-ала шақырылған қонақпен әңгімелеседі, оған тәрбие сағатының мақсатын, оның идеялық бағытын, сынып ұжымының ерекшелігін түсіндіреді, оқушылар алдында сөйлейтін сөзінің мазмұны мен формасы жайында кеңес береді. Сонымен қатар кездесуге оқушыларды да даярлайды, қызығушылығын оятып, шақырылған қонақ жайында құнды мағлұмат айтады. Кездесу өткізілетін орынды безендіреді, жоспарын жасайды.
Тәрбие сағатының мазмұны, формасы, әдіс-тәсілі және оларды дайындау мен өткізу әдістемесі әр түрлі болып келеді. Тәрбие сағатын дайындап, өткізуде мұғалімнің рөлі қаншалықты екенін үш түрге жіктеп, қарастыруға болады. 1) Тәрбие сағатын өткізуде кең көлемде білім, мағлұматтың, өмірлік және педагогикалық тәжірибиенің болуы талап етіледі. Балалар әңгіме барысында кейбір сұрақтар мен деректерді талқылауға және мысалдар келтіруге тартылады. Мысалы, «Өзін-өзі тәрбиелеу туралы», «Өздігінен білім алу дегеніміз не?», «Есте сақтау қабілетін қалай дамытуға болады?», «Көркемөнер талғамы және сән», т.б. тәрбие сағаттарының тақырыптарын талқылауда ұстаздары, мамандарды, психологтарды, лекторларды шақырған жөн. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің міндеті – оқушылар алдында олардың шығып сөйлеуіне көмектесу, жағдай туғызу; 2) мұғалімдер мен оқушылардың өзара бірлікте атқаратын әрекетіне байланысты. Ондағы негізгі ойды анықтау мұғалімге жүктелсе, оның жолджарын, амал-тәсілдерін құру әрі жүзеге асыру мұғалімнің оқушылармен бірлесіп атқаруымен сипатталады. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен тәрбие сағатының жоспарын және мазмұнын құрады, мұғалім оқушыларды талқыланып отырған сұраққа шақырып, олардың сөздерін үйлестіріп, бағытын қадағалап, әңгіме барысын өзі жүргізеді. Онда қаралатын мәселе тақырыбы: «Адамның сырт көрініс мәдениеті», «Адамның сырт көрінісі және ішкі мәдениетінің әдемілігіне тәрбиелеу», «Адам өміріндегі жолдастық, достықтың маңызы»; 3) Оқушылардың өзіндік, дербес белсенді жұмысымен сипатталады. Яғни, тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысы оқушылардың өздеріне немесе белгілі бір нақты топқа тапсырылады. Сынып жетекшісі оқущылармен бірігіп, оның негізгі ойын, бағытын және жоспарын құруға көмектеседі. Тәрбие сағатын өткізу оқушылардың өздеріне жүктеледі.