Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2015 в 20:16, лекция
Педагогикалық қарым-атынас пәні -ғылымның объектісі- әр түрлі ғылымдардың зертелуі. Объектісі: матераилды және материалды емес құбылыстар. Денелер, процестер: тірі, биологиялық және абстрактілі жүйе; әр түрлі қиындықтардың биологиялық организмедері. Ғылыми зерттеудің объектісі ретінде: аңдық және өсімдік, адам, қоғам, өркениет, космос өмірі.
Әрбір объект әр түрлі ғылымдармен зерттеледі. Адам, антропологиямен, физиологиямен, психологиямен. әлеуметтанумен, педагогикамен т.б. зерттеледі. Әрбір ғылымның өз пәні бар. Адамның психикалық дамуының заңдылықтары мен механизмі және туылудан қартайғанға дейінгі тұлғаның дамуы, ал Педагогикалық қарым-атынас пәні - оқу процесі кезіндегі адамның әлеуметтік- мәдени тәжірибемен танысу механизмі және заңдылықтары. П
3-дәріс:Оқу – педагогикалық қарым-қатынасқа жалпы сипаттама.
Қоғам – адамдардың бірігіп тіршілік ету әрекеті. Адамдар жалпы өмір сүру барысында топтасып (еңбек ету, оқу әрекеті), бірлесіп атқаратын іс әрекетте ұжымның әрбір мүшесіне белгілі бір істі тұрақты атқарып отыруы жүктеледі. Осыдан әрбір адамның қоғамдағы орны, қызметі және әлеуметтік ролі анықталынады. Елімізде болып жатқан әлеуметтік экономикалық реформаларға байланысты білікті мамандар дайындаудың сапасын жақсарту көкейтесті мәселелердің бірі. Әрбір қоғам мүшесінің әлеуметтік ролін көрсететін іс-әрекет түрлері: жанұядағы ата-аналар мен балалар арасындағы, оқытушы мен білімгер, мұғалім мен оқушы, тәрбиеші мен бала, сатушы мен алушылар және т.б. адамдар арасындағы әрекеттердегі қарым-қатынас.
Міне, қоғамдық әлеуметтік өмір тіршілігінда осындай қарым-қатынастардағы әр-бір адамның өзіндік даралық және мінез-құлық қасиеттері, сапалары және ерекшеліктері дамып, «Менң бейнесі қалыптасады. Атақты ғалым Л.С.Выготскийдің пікірінше, әлеуметтік әлем мен қоршаған үлкендер адамның дамуына қажетті органикалық жағдай. Балаларда психикалық процестердің дамуы үлкендермен қарым-қатынастағы ролі алғашқы сатыда тұр. Оның ойынша үлкендер бала мен мәдениет арасындағы дәнекер, іс-әрекет нормалары , белгілері мен тәсілдерін абстрактылы тасушы, бірақ жанды нақты адам емес.
М.И.Лисина өзінің қарым-қатынас пен іс-әрекет туралы зерттеуінде қарым-қатынас іс-әрекеттің ерекше түрі екенін көрсеткен. Ал, Л.С.Выготский: «Адам басқа адамдармен айырылыста толыққанды дами алмайды және жағымды немесе жағымсыз ынталануы орталыққа әсер етіп, оны толықтырып отырады ...ң - деп тұжырымдаған. Сондықтан, адам өмірінде ерекше орынға жанұя, білім беру ұйымдары және т.б. институттар кіреді. Тәрбиелік кешеннің бір бағыты (жанұя, балабақша, мектеп) қызықты қатынасы балаға әсер етеді де, практикалық, педагогикалық, тәрбиелік іс-әрекетте қарым-қатынас мәдениетінің жалпы сұрақтарын қоюды және шешуді талап етеді. Қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігі: басқа адамның индивидуалдылығына үнемі субьект, тұлға ретінде бағытталуы. Ол өзара белсенділікті болжайды және бір біріне қатысушылардың әрекеттесуі. Сондықтан қарым-қатынас үнемі екі жақты.
Қазақтың көрнекті ғалымы, профессор С.М.Жақыпов адамның психикалық дамуы оқыту процесі әсерінен тыс болмайды, ол үшін оқытушы мен оқушы арасында нақты байланыс, оқытудың формасы мен мазмұны екі жақты біріккен іс-әрекетте орындалады деген.[3]
Педагогикалық іс-әрекеттегі тәуелділік және оның орындау процесі кезіндегі қарым-қатынастың туу себептері, сонымен қатар қоғамдық ортадағы өмірдің тәуелділігі, пікірлесішілердің арасындағы ара-қатынастың барлығы қарым-қатынастың түрлері. Қарым-қатынастың түрлері адамның дүниеге келген күнінен бастап жас ерекшелікке қоршаған ортаның ықпалына байланысты дамиды.
М.И.Лисина қарым-қатынасты адамдардың бірі-біріне қатынасын реттеу мақсатындағы түрлі ақпараттар ауысу және біріккен нәтижеге жетудегі күш деп анықтады, осының негізінде балалардың үлкендермен қарым-қатынасының төмендегі белгілерін ашып берді:
- үлкендерге зейін аудару және қызығушылық;
- үлкендердің әсерін
- үлкенге бағытталған баланың ынталы акты;
- олардың қимыл-қозғалысында
Бұл көрсеткіштердің бір тұтастығы баланың іс-әрекетінде, өзінің бейнесін құруға және басқа адаммен қарым-қатынаста қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен іс-әрекеттің жалпы құрылымдық компоненттері (зат, қажеттілік, мотив, ...) қарым-қатынастың анайылылығы және нақты коммуникативті мазмұнымен толтырылған. Тек қана басқалармен қарым-қатынас арқылы адам «басқа көзбенң өзін өзі таниды және бағалайды. Қарым-қатынас мотивы адамның өзінің және басқа адамдардың сапаларымен толықтырылады, қоршаған адамдардың әсері арқылы индивид өзін тануға және бағалауға кіріседі. Осы сапалардың арасынан баланың үлкендерге еліктеуі арқылы қарым-қатынасының қалыптасуын топтастыруға болады:
1) танымдық, мұнда үлкендер баланың
жаңа әсер қалдырушы
2) іскерлік, мұнда үлкендер біріккен практи
3) жеке тұлғалық, мұнда үлкендер ерекше тұлға, қоғам мүшесі, оның тобының ерекше өкілі.
Барлық жағдайларда адамдар анықталынған қызметтерді орындайды және нақты коммуникативті қажеттілікті қанағаттандырады. Қарым-қатынасқа қатысты коммуникативті іс-әрекетті жетілдіруші мүмкіндік жасайтын операциялар – экспрессивті, локомоторлы, табиғи сөздік. Осыдан балалардың үлкендермен кез-келген іс-әрекеттерде бірлесуі, тілдесіп сөйлесуі қарым-қатынас жасаудың шешуші маңызы бар екенін ұғынамыз. Егер балаларын үлкендер күнделікті өмірде өзара сөйлесіп, қарым-қатынасқа тартпаса, онда тұлғаның дамуы, өмірінің мән-мазмұны да болмас еді. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ғалым Н.К.Тоқсанбаева өзінің еңбектерінде қарым-қатынастың бәрі сөз арқылы біріккен екі жақты іс әрекетте орындалатындығын көрсетті.
Балалардың күнделікті дамуы мен қоршаған ортаны тануында өзара тілдесіп қарым-қатынас жасаудың қаншалықты әсер ететіндігін жете түсінуге болады. Ата-аналар балаларымен тілдесіп, оларға жеткізетін мағлұматтарды доғаратын болса балалардың өсіп жетілуіне, рухани жағынан толыққанды дамуына өз мұқтаждықтарын қанағаттандыра алмай, әр қилы өзгеріске ұшырар еді. Қарым-қатынас адамзат үшін әр түрлі деңгейде, әр түрлі кезеңде қалыптастыруды қажет ететін құбылыс. Жеке адам қарым-қатынас процесінде ұқсау, мысал, өнеге алу, үйрену, еліктеу арқылы қоғамдық және жеке сананы, эмоцияны, сезімді, мінез құлық нормаларын көрсетудің формаларын меңгереді.
Тұлғаның жас ерекшелігіне және дамуына байланысты әр бала қарым-қатынастағы қажеттілікпен анықталады, негізінен үлкендермен қарым-қатынас жасау арқылы қанағаттандырылады. Зерттеулерден балалардың дамуының алғашқы жеті жасқа дейінгі кезеңінде қарым-қатынас өзіндік үш формасы болады. Алғашқы және генетикалық ерте жастағы баланың қоршаған ортамен тікелей эмоционалды қарым-қатынасы. Оның белгілері баланың қоршаған ортамен тікелей эмоционалды қатынасқа түсуге ынтасы (үлкендер баланы ерекелетеді, бала оған кешенді жанданумен жауап қайтарады), коммуникацияның негізгі құралдары ретінде мимика және мәнерлі ым-ишара қолдану. Мұндай қарым қатынас арқылы нәресте өзіне қажетті үлкендердің мейірімі және зейінімен қанағаттанады. Бала қол қимылын меңгеріп, ойыншықтарды манипуляция жасай алғаннан кейін, ол қарым-қатынастың келесі формасы – ситуативті бірігіп әрекет жасауға ауысады. Бала мен үлкендердің біріккен іс әрекеті эмоционалды байланыспен жалғасады. Қарым-қатынастың келесі формасы- ситуативті емес сөздік біріккен әрекет. Бала өзінің күрделі әлеуметтік қажеттілігін өзара түсіну, бірге уайымдау арқылы қанағаттандырады. Соңғы жылдары көптеген зерттеулердің нәтижесінен баланың толыққанды психикалық дамуы үлкендермен қарым-қатынасы және оқу тәрбие әрекеті арқылы қалыптасады.
Баланың айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдері және оның кез келген психикалық іс-әрекетінің дәрежесі арасындағы қарым-қатынас екі жақтан дамиды. Мәселен, баланың іс-әрекет мүмкіндіктерін кеңейту, оның қажеттіліктерін өзгерту, оның айналасындағыларға деген бүкіл қарым-қатынас жүйесінің өзгеруіне алып келеді. Ал қарым-қатынастың жаңа жүйесінің өзі баланың іс-ерекетінің әрі қарай дамуының негізі болады. Бір жағынан, баланың өмірге деген қарым-қатынасының даму дәрежесі және соның негізінде жасалынған мотивтер, екінші жағынан, іс-әрекет мазмұны мен тәсілдері арасындағы белгілі бір сәтсіздік бастапқы оқыту жағдайларында байқалып отырады. Балалар мектепке көп жағдайда дамыған (қарапайым түрде болса да) танымдық мотивтермен, оқуға деген ықыласпен келеді.
Еліміз Егемендік
алып, Тәуелсіз мемлекет ретінде
дүниежүзілік қауымдастыққа
Еліміздің психология және педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелелердің бірі-студенттердің жеке тұлғасының дамуы.Ал жеке тұлғаның дамуына студенттердің оқу-танымдық белсенділігін арттыру,қазіргі заман талабына сай оны оқу үрдісінде жетілдіру болып табылады.
Танымдық белсенділік–студенттің оқуға, білуге деген ынта-ықыласының құштарлығының ерекше көрінісі. Белсенділік деген (итенсивтендіру) студенттің әрекеті мен пәнімен «қосылғандағың дәрежесін анықтайды.
5-дәріс: Әлеуметтік – педагогикалық көзқарас ежелгі дәуірден бастау алады. Оның көрнекті өкілдеріне ежелгі грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель жатады. Олар белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, жетістіктері мен өзін-өзі тәрбиелеуде маңызды екендігін негіздеген. Олардың пікірінше,өзіндік іс-әрекет нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі ойанып, білімді игеруге белсенділігі артады деген пікірде болды. Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педегогтардың талдау нысанасы болды.
Ал, психологилық-пелагогикалық көзқараста Ы.Алтынсариннің, К.Д. Ушинскийдің еңбектерін көре аламыз.
Ы.Алтынсарин оқыту
арқылы өз бетінше білім
К.Д.Ушинский танымдық
әрекет мәселесіне мән беріп,
«өз бетінше жұмыс-оқытуды
Қоғам дамуының
жаңа кезеңінде қоғамның
6-дәріс: Қазіргі кезеңде оқушының оқу-танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін арттырудың тиімді құралдарының бірі-оқушының өзіндік жұмысы, жастардың өздігінен білім алу әрекеті жайлы Т.С.Сабыров, М.А. Құдайқұлов, А.Е.Әбілқасымова, сонымен қатар жастардың оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде С.А.Ұзақбаева, Б.И. Мұқанова, А.Н.Ильясова,О.С.Сыздықов т.б.атауға болады.
Тұлғаның дамуы күрделі үрдіс, оның маңызды үш аспектісі бар:
Бірінші- әлеуметтік психологиялық аспектісі, екінші- тұлғаның танымдық белсенділігі. Ал,үшінші аспект-тұлғаның ерекшеліктері мен қабілетінің психо-физиолоиялық дәрежесі негізінде анықталады.
Соның ішіндегі танымдық әрекет шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Студенттің танымдық белсенділігі қабылдау, ойлау, есте сақтау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақтылығын қажет етеді. Дәріс барысында студенттің таным белсенділігін арттыруда олардың танымдық ықылас-ынтасын , шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастырады.
Белсенділік-адамның өз бетінше әрекет етуге дайын болуға ұмтылысынан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңай жолды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Қазіргі кезеңде жоғарғы
оқу орындарында студенттердің
танымдық белсенділігін
Адам қоғамның ажырымас бір бөлшегі, өйткені адам сол қоғам арқылы қоршаған ортаны таниды, еңбек етеді, сол арқылы өзінің психологиялық үрдістерін сыртқы әлемнің әлпетін танып біледі, ақылға салады.Осының бәрі студеттердің өзіндік танымдық ерекшеліктеріне байланысты және мұғалімнің сабақты жүйелі өкізуі, сонымен қатар жаңа технология , дәстүрлі емес әдіс-тәсілдердің маңызы жоғары.
Елдің болашағы білім
беру жүйесінің деңгейіне
Информация о работе Педагогикалық қарым-атынас пәні, міндеттері, әдіс тәсілдері.