Педагогикалық қарым-атынас пәні, міндеттері, әдіс тәсілдері.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2015 в 20:16, лекция

Описание работы

Педагогикалық қарым-атынас пәні -ғылымның объектісі- әр түрлі ғылымдардың зертелуі. Объектісі: матераилды және материалды емес құбылыстар. Денелер, процестер: тірі, биологиялық және абстрактілі жүйе; әр түрлі қиындықтардың биологиялық организмедері. Ғылыми зерттеудің объектісі ретінде: аңдық және өсімдік, адам, қоғам, өркениет, космос өмірі.
Әрбір объект әр түрлі ғылымдармен зерттеледі. Адам, антропологиямен, физиологиямен, психологиямен. әлеуметтанумен, педагогикамен т.б. зерттеледі. Әрбір ғылымның өз пәні бар. Адамның психикалық дамуының заңдылықтары мен механизмі және туылудан қартайғанға дейінгі тұлғаның дамуы, ал Педагогикалық қарым-атынас пәні - оқу процесі кезіндегі адамның әлеуметтік- мәдени тәжірибемен танысу механизмі және заңдылықтары. П

Файлы: 1 файл

Силлабус курс4ж очно (1).doc

— 336.50 Кб (Скачать файл)

Әлеуметтік қақтығыс – бұл өзара әрекет ететін топтардың (субъектілердің) өздерінің қандай да бір мақсаттарына жетуге ұмтыла отырып, сол жолда бір-бірімен сөз, пікір таластырып, бірін-бірі жоққа шығаруға әрекет етуінен туындайды.

Айла-тәсілдердің әртүрлілігіне қарамастан қақтығыстың өзіне ғана тән ерекшеліктерінің үш негізгі белгісі бар:

 

 

12-дәріс: Қарым-қатынас психологиясы және мәдениет

 

          Кең  мағынасында қатынас сөзі адамдардың  жеке және әлеуметтік өмірінің  шарты болып табылады. Адамдардың  басқару ісіндегі өзара ара  қатынасы олардың арасындағы  қарым – қатынасқа тікелей  байланысты

          Қатынас  процесінің өзінде адамның құлқының арнайы қалыптасу  моделі мен үлгілері негізгі орын алады. Әрі қарай ол тұлға құрылымына жалғасып кетеді, яғни, «ішкең еніп кетеді. Қарым – қатынас процесінің барысынды адам өзінің ішкі «Менінң қалыптастырады, сонымен бірге дүние туралы арнайы ой қалыптастырады. Өзімен - өзі қалған адам өзімен ішкі диалог күйіне түседі.

          Ендеше, қарым – қатынас  - бұл барлық  уақытта диалог: бір адамның екінші  адаммен немесе адамның өзімен - өзі. Диалогтік қарым – қатынас  әр түрлі екі деңгейде болуы  мүмкін: басқа адамдардың қатысуымен болған сырткы коммуникация, сонымен қатар адамның ішкі субъективті әлемінде, оның ойында, қиялында, есінде т.б. Бұл екі жүйе, яғни ішкі және сыртқы коммуникация өзара тығыз байланысты, олар өзара қиылысады және бірін – бірі толықтырады.

          Адамдармен  қарым – қатынас әр түрлі  критериилердіңк өмегімен бағалнады. Олардың бір қарым – қатынастың  «нәтижелілігің. Қарым – қатынас процесін зерттеуші белгілі поляк психологы Е.Мелибруда бұл құбылысты былайша талдайды. Қарым – қатынастың нәтижелілігі немесе әсерлілігіне ол белгілі бідр мәліметті екінші біреуге ол түсінетіндей етіп жеткізуді жатқызады. Ендеше, нәтижелі қарым – қатынас егер ол максимальды деңгейде шынайы болса, әріптестердің өзара түсінігін арттырады. Бір – бірін дұрыс түсіну дегеніміз не? Бұл екінші адамның айтайын дегені нәрсесін сезе білу. Өзара дұрыс түсіністік екі жақтың қарым – қатынас процесіндегі мүмкіндіктеріне байланысты.

           Адамдар  арасындағы өзара әсер тәжірибесі  екіжақты түсінігінің деңгейі  адамдар арасында жақсы нәрсені қалыптастырады. Бұл  көбінесе адамдардың ойларын қате түсінудедн, сонымен бірге өз әріптестеріне оның айтпаған сөздергін тағып қоюдан да болып жатады. Бұның негізінде әр түұрлі себептер жатады: көбінесе адамдар өз ойлағандарын және нені шын мәнінде қалайтындарын айтпайды.

        Басқа адамның  сөзін дұрыс түсінбеудің басқа  себебі өз ойын толық жеткізбегендіктен, яғни ойлардың дәл және бірегей  жетпеуінен. Оның үстіне кейбір  адамдар өз ойларын қажет болған  жағдайда бас тарта алатындай  етіп құрайды.

          Адамдар  қарым – қатынасында көрінетін  ойлар мен сезімдер шарттылықтар  мен рәсімдер себебінен қарама  – қайшылыққа әкеп соғады. Сондықтан  адамдар өздері айтуы тиісті  нәрсені айтудан гөрі айтқысы  келгенін айтады.

           Қарым  – қатынас процесі -  күрделі құбылыс. Біз айтылған мәліметтің қабылдауда бұрмаланғандығын жиі байқаймыз. Сұқбаттас адам өз ойымен, есіндегі басқа нәрселерімен отырса, тыңдалған ой дұрыс қабылданбайды, яғни, жай ғана түрде айтатын болсақ, ол өзіне айтылғанды «естімейдің.

          Кейде  адам өзіне не айтылатынына  соншалықты сенімді болады да, өзі ойламаған түрде өзіндегі  бастапқы құрылған ойдың әсерімен  тыңдалған мәліметті бұрмалап  түсінеді. Мұндай «маған не айтайын  дегеніңізді онсыз да білемң деген ішкі сенім себепті адамдар тиісті мағлұматтан алыстап кетеді. Мұндай жағдайда олар өзге адамдарды оған баға беру мақсатында тыңдайды. Сөйлеушіге деген мұндай бағалық тұрғыдан болған қарым – қатынас қабылданған мәліметті талдау барысында тым қатты сынға алып барады.

           Ғалымдардың дәлелдеуінше, қатынастың бұзылуының негізі - әріптестердің сөйлесу кезіндегі бір – біріне деген өзара сенімнің болмауы болып табылады. Жеке тұлғалар арасындағы қатынас бұзылғанда, оны қалай жөндеу керек деген әңгіме туады. Психологтардың пікірінше, адамдар арасындағы қарым – қатынастың сәтті болуының негізгі факторлары бар. Бұндай факторлардың бірі – сөйлеушінің сенімділігі. Мұнда тыңдайшының айтылған нәрсеге деген сенім деңгейі незарда тұтылады. Сөйлеушінің сенімділігі егер оны тыңдаушы оның өзі сөйлеп тұрған салада белсенді санағанда ғана өседі.

     13-дәріс:    Қарым – қатынастағы сенім деңгейі келесідей жағдайлар себебінен өседі:

А) Өз тілегінің ашық жариялануы

Б) Қарым – қатынастағы жылы қабылдаушылық.

В) Талқыланып жатқан сұрақта белсенділікті көрсете білу.

Г) Өз ойларын сенімді етіп жеткізу.

           Кей  жағдайларда сөйлеуші өз ниетін  жасырады да, өзгені шалғытатын  маневрлерді пайдаланады. Қарым  – қатынастағы сенімділік субъективті  шындықпен қатысты болады және  сұқбаттасына деген сенім мен оның сөздеріне илануға дайын болуға негізделеді. Егер бір мәліметті жеткізуде бірнеше әдістерді қолданатын болса түсінбеушілік азаяды. Қарым – қатынастың нәтижелілігі егер ойлар дәл және түсінікті құрылса, арта түседі. Сонымен қоса, қарым – қатынас нәтижелілігінің тағы бір себебі біздің өз айтқандарымызға деген жауаптылықтан да болады.

          Ендеше  біз қарым – қатынастың нәтижелілігін  қатынастың бір критерийі ретінде  айттық. Критерийдің басқа түрін  де атауға болады. Бұл – өз  сезімдерін жеткізудегі сұранысты қанағаттандыру деңгейі.  Көбінесе мынадай кеңестерді естіп жүреміз: «Көңіліңді түсірме!ң «Қапаланба!ң және т.б. Егер осындай кеңестерді бағалайтын болсақ, олар бір ғана нәрсеге шақырады: «Қазір сезініп жатқаныңды сезінбе!ң Мұндай тілектер эмоционалды экспрессияның бұрмалануына себеп болады.

             Бір – бірімен қарым – қатынас  барысында адамдар әр түрлі  көңіл – күйін бастан кешіреді. Оның үстіне эмоцияны жеткізу  және көрсету жеке тұлғалар  қарым – қатынасын жақсартатын  бірден – бір фактор. Егер қарым – қатынас кезінде адамдар арасында әр түрлі мәселелер болса, ол адамдардың әр түрлі күй кешкендігінен емес, көбіне оны дұрыс шығара алмауынан болып табылады.

         Ең көп  тараған көзқарастың бірі сезім  мен эмоция адамдар арасындағы  қарым – қатынаста мәселелерді шешуге кедергі жасайды.  Адамдар өз сезімдерін ойлы және рационалды іс жасау үшін іркіп қалып отырады. Шын мәнісінде шынайы сезімнен кету адамдардың бір – бірімен қарым – қатынасында өзін құрылымды ұстауға алып келеді. Сезімнің бұрмалануының көп тараған формасы адамдардың қатынас процесінде басқалардан түсетін мәліметтердің таңдалуында.

            Адамдардың өз сезімдерін толық  көрсете алатын көптеген жолдар  бар. Алайда олар көбіне анық  емес формада жеткізіледі.

          Сезімдар жайлы аралықтағы хабарламаның бір тәсілі «риторикалық сұрақтарң. Әдетте олар адамдарда тітіркенуді білдіреді. Сонымен бірге олардың көмегімен сұқбаттасының назарын өз қызығушылығына аударады және әріптесінің жауапты реакциясын пайда қылады. Мұндай тектегі сөзге мынау жатады: «Сіз қашан болсын өзіңізді өз деңгейінде ұстайсыз ба? Соны айту керекң Риторикалық сұрақтардың қолданылуы шынында адамдар қатынасында ештеңені өзгертпейді.

           Қатынас  процесінде сезімнің аралық берілуі  сонымен бірге бұйрық және тыйым формасында да болуы мүмкін. Мысалы: «Сіз қазір – ақ менен кешірім сұрауыңыз керек!ңБұйрық және тыйымның көмегімен өзгелердің іс - әрекетін бақылай отырып, оларды шектеуге тырысады.

         Сезімді  көрсетудің басқа формасы –  ұрсу мен балағаттау. Оны қолдану ашу және ызадан арылтады. Экспрессияның бұл формасы әдетте қарсылық пен келіспеушілікті көптеп тудырады. Бұл форма деструктивті характерге ие және адамдар қатынасына кері ықпал жасайды, көбінесе шиленіске алып келеді. Сезімді көрсетудің бұл формасының шынайы мәні өзгелерден кейбір сезімдерді жасыру болып табылады.

         Тіксіну, көңіл  толмаушылық, аяушылықты көрсету  тұлға аралық қатынаста сөгіс  пен қарсы талап үшін қолданылады. Әдетте қарсы талапта дұрыстықтын  алыс жалпылық орын алады және  «ешқашанң, «әрқашанң, «тағы даң және т.б. сөздермен беріледі. Әдеттте қарсы талапқа соған сәйкес жауап беріледі, бұл әріптестер қарым – қатынасын жақсартпайды.

          Қажеттілікті  көрсетуде эмоционалды экспрессияда  сөгіс пен қарсы талап аз  қоданылмайды.(негізінен көңіл толмаушылықты, тітіркенуді, аяушылықты және т.б) Әдетте бұл әріптес тарапынан қарым – қатынаста қарсылықты тудырады. Сөгіс пен қарсы талаптың қолдаылуы қарым – қатынас субъектісіне бұрын жиналып қалған өз сезімі мен эмоциясын шығарумен қатысты. Алайда бұл қарым – қатынаста өзара қанағаттанушылыққа апармайды.

          Кей  жағдайда сұқбаттас адам басқа  адамда оның қандай да себептермен  жағымсыз эмоциясы үшін ыңғайсыздық  жхәне ұят сезімін шақыруға  тырысады.

Сондықтан қарым – қатынаста ирониялық, сарказмдік нұсқау қолданылады. Иоронияны қолдануда сөйлеуші өз әріптесінің «алыстауынң ғана қалап қана қоймайды, сонымен бірге өзіндегі көңіл – күйді де көрсетуді көздейді.

Ирониялық ескертулер шынайы сезімдерді бүркемелейді, реалды көңіл – күйді тежеп тастайды. Адамның өзіне деген де ирония да болады, ол өз көңіл -  күйінің көрінісін төмендетеді.

Адамдар арасындағы қарым – қатынас процесінде өте кең қолданылатын нәрсе – мақтау мен көтермелеу болып табылады. Әдетте онда өзге адамдарға қатысты кейбір бақылаушылық жинақталады, сонымен бір сәтте ол эмоционалды экспрессияның бір формасы болып табылады.

Қарым – қатынастағы өз сезімдерін атау да жиі қолданылады. Бұл әдісті дұрыс қолдану үшін сіздің әріптесіңіз қарым – қатынас кезінде осы әдістің қолданылуында өзін қолайлы сезінетінін білу керек.

Қарым – қатынас процесінде адамдар кім болғанына қарамастан, басқарушы немесе бағынушы немесе жай іскер және басқа әріптес болсын, ең маңызды мән бір – бірін тану және қабылдау болып табылады. Мұның негізінде адамдар аралық қатынастың белгілі бір түрінде адамдардың белсенді іс - әрекеті жатады.

 

14-дәріс: Педагогикалық іс-әрекеттегі коммуникацияның психологиялық ерекшеліктері

Психологиялық қарым-қатынастың маңызды ерекшеліктерінің бірі – ол қоғамдағы мағыналы өлшемдерден міндетті түрде қолдануға оқушыны мұғалімнің бағыттауы. Соңғысы адамзат қарым-қатынасының барлық аумағын көрсетеді.

Психо – педогогикалық әдебиеттерде педогогикалық қарым-қатынастың әртүрлі стилі беріліп, педогогтың шығармашылығы мен оқушының шығармашылығы үшін ұйымдастырудың сан қилы түрлері көрсетілген. Көптеген педогогикалық зерттеулер көрсеткендей педогогикалық шеберліктің өсуі, қарым-қатынас стилінің демократизациялау жағынан өзгергенін және осы өзгерістің арқасында балаларға деген қарым-қатынастың жақсарғаны, сонымен бірге бұл қарым-қатынастың балалардың оқуға оң әсер ететініанықталды.

Қарым-қатынас стилін таңдауда мұғалімнің жалпы педогогикалық деңгейі, оның жалпы адамзат құндылығына деген көзқарасы мен оған әсер ететін әдістер байқалады. Біздің ойымызша оқушы мен мұғалім арасындағы өзара қатынастың үш тилінатап көрсетуге болады:

  1. ситуативті (жағдайы)
  2. операционалды
  3. бағаланушы

Ситуативті өзара қатынаста оқушы мұғалім үшін педогогикалық мәселелерді шешетін құрал ретінде қаралады.

Жалпы педогогикалық ситуация (жағдай) нақты ситуация кезіндегі оқушының тәрбиесін қадағалауға не басқаруға әкеледі. Жалпы түрде өзара қатынастың бұл стилін былай сипаттауға болады. «мен істегенді істең. Ол мынандай жағдайларда типичен баланы ойнауға, тырысуға, жадына сақтауға, абай болуға тәрбиелейді, қалай жасауды көрсетпейді, яғни баланың шығармашылығын ұйымдастырмайды, оны тәрбие тұрғысынан мақсат бағытына бейімделуіне, заты, жалпылама механизмінің шығармашылық құрылымына, олар құлықтың категория және принциптерді жатқызбайды.

Ситуативті ықпалдасушылықтың мысалы ретінде 7 – сыныптың орыс тілі сабағының көрінісі.

Мұғалім. Үй тапсырмасын тақтада тексереміз (4 оқушы тақта алдында сөйлем жазуда) сөйлемнің құрылысын дұрыс жасаған ба? Құрылған сызба бойынша сөйлемдер дұрыс жасалған ба?Дұрыс. Сен мынау қандай сөйлем екенін анықтай аласың ба? (Тақта алдындағы оқушыға қарайды, оқушы айтады) Мұғалім. Ал, бұл қандай жалғау. Сөйлемді қайталап оқыңыз. (оқушы сөйлемді оқып, интонация жалғауының астын сызады) Сөйлемді талда: егер ол талдай алмаса бәрі көмектеседі.Бұл қандай сөйлем?Кім көмектеседі?(Ешкім қол көтермейді, өзі жалғастырады).1-сөйлем қайсысы? 2-сөйлем қайсысы?(тақтадағы бала жауап береді).

Мұғалім. Дұрыс, ал «жәнең шылауы бұл сөйлемде не мағына береді?

Тәжірибе стилі оқушы мен мұғалім қарым-қатынасының арасында жүзеге асады. Мына принцип бойынша «Мен жасағандай жасаң деген. Ересек әсер ету әдісін табады, олардың жалпылау әдісін көрсетеді және әртүрлі жағдайларда  қолданады, мазмұнынын көрсетеді. (алдымен тәжірибелі) бақылау әрекетін, бағаны, жоспарлауды яғни баланы іс-әрекет шартымен өзінің шғармашылығын құруды үйрету.

Сабақ жағдайында тәжірибелі стиль мұғалім оқушыларды әрекеттің талдау әдісіне бағыттайды. «біз неге осылай жасаймыз?ң деген сұрақты зерттеуге бағыттайды.

Құнды стиль жалпы түрде былай көрінеді «адам бәрінің өлшемің. Ол мағына тудырушы механизмдердің ортақ санқилы шығармашылық түрінен туындайды. Бұл негізделу тек обьективті құрылым көзқарасының тұрғысынан ғана емес, адамзат шығармашылығын өзара қатыстығынан да көрінеді.Бұл стильдің жарыққа шығуы әртүрлі формаларда шығарманың құлықты ұйымдастырылуынан әрқашанда туындайды.

Информация о работе Педагогикалық қарым-атынас пәні, міндеттері, әдіс тәсілдері.