Пәннің тақырыбы: Педагогика тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 13:36, дипломная работа

Описание работы

Негізгі ұғымдар: даму тенденциялары, тарихи кезең, тарихи дәуір, оқыту, тәрбиелеу, білім беру жүйесі, білім беру, педагогикалық теория, педагогикалық ойлар, идеялар, әлемдік ой-сана, этнопедагогика, педагогикалық көзқарас, халық педагогикасы.
Педагогикалық қызметтің маңызы артып, оған қойылатын талаптар күшейе түскен қазіргі кезде, болашақ ұстаздар алдымен іргелі ғылым-білім негіздерін меңгеруі, мамандықты жете игеру, құзіретін арттыру, шығармиашылық ойлауға, педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шарт түзеді.

Содержание работы

Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері
Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің әдіснамасы мен педагогикалық зерттеу әдістері.

Файлы: 1 файл

Педагогика тарихы л.с.doc

— 1.67 Мб (Скачать файл)

1858-1859 жылғы Қашғария сапары  Шоқанның ғылым ағартушылық саласындағы  творчествосы жаңа белеске көтеріліп, дәуірлеп өсуіне жол ашты. Петербургте Шоқан орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарымен, әсіресе, «Орыс География қоғамы» жазбаларының редакторы профессор А.Н.Бекетовпен, Азия департаментіндегі Е.П.Ковалевский, Ф.С.Остен-Сакенмен, Петербург университетінің профессоры, Құлжада консул болған И.И.Захаровпен тығыз байланыс жасайды. Захаровпен бірге Азия департаментінің жоғары мектебінде түркі тілінен сабақ береді. Ш. Уәлихановтың пәтеріне В.Б.Григоррьев, В.П.Васильев, В.В.Вельяминов-Зернов т.б. жиі келіп тұрады. Петербургте Шоқан ғылыми, әдеби, журналдарға қатысады, энциклопедияға мақала жазады. Шоқанның материалдарын Қазақстан, Орта Азия, Ыстықкөл туралы еңбек берген А.Ф.Голубев, Д.И.Романовскийлер пайдаланады. Бас штабтың офицерлері одан алып тұрады.

Науқас (туберкулез) меңдеген Шоқан дәрігердің ақылымен 1861 жылы көктемде туған елге аралады. Ел ішінде тұрып, туған халқының екі бірдей қанаудың астында езілгенін көрген Шоқан 1862 жылы Атбасар округінің аға сұлтаны болуға ризалық білдіреді. «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді, оларды чиновниктерден, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім - өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді», - депті ол Достаевскийге жазған хатында

Аз өмірінде Ш. Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихына, географиясы, этнографиясы, фольклорына және қоғамдық-саяси құрылысына арналған көптеген құнды еңбектер қалдырды. Қазақстан географиясында – балқаш пен Алакөлдің бұрын бір тұтас су айдыны болғандығы және Жоңғар қақпасынан соғатын Ебі желі туралы ғылыми деректерді алғашқы келтіруші де сол. Ол Березиннің «Хан жарлығына» рецензиядан кейін Жалайыридің «Жәми-ат-тауарихын» зерттеп, оның негізі тарауларын алғаш рет орысшаға аударды, ондағы Шығыс терминдерінің сөздігін жасады. «Шайбани-наме», «Шежре-и түрік» Абулғазы  тунындылары негізінде теориялық мәні зор «Қазақтың шежіресі» атты еңбек берді. «Жәми-ат-тауарихты» Шоқан сирек кездесетін тарихи шығарма, қазақтың XV-XVI-XVII-ғасырдағы тарихи аңыздарының жиынтығы деп таниды. Кейін «Бабур-наме», «Тарихи-и-Рашидиге» терең үңілген ол өз еңбектерінде солардың деректерін орынды пайдаланды. Өле-өлгенше Бас Штаб пен Азия департаментінің қызметкері болып есептелді. Меңдеген ауруына шипа таба алмай, 1865 жылы сәуірде Шоқан Уәлиханов Алтынемел жотасының етегіндегі Көшентоған жеген жерде Тезек ауылында қайтыс болады.

Заманында дүние жүзі ғылымына елеулі үлес қосқан Ш.Уәлихановтың барлық саладағы еңбектері әр кезеңде де жоғары бағаланады.

 

 

 

 

Ыбырай Алтынсарин қазақтың тұңғыш педагогі, ұстазы (1841-1889). Аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, ақын, көрнекті қоғам қайреткері.

1864 жылы 8 қаңтарда Ы.Алтынсариннің  қазақ- орыс мектебi ашылды. Оған 14 қазақ баласы қабылданды. Осыған көңiлi толып қаңағат сезiм билеген ол 16 наурызда 1864 жылы: «Meнің үнемі ұмтылған  тілегім – қалайда пайдалы адам болып шығу едi. Ал, қазiр осыған толық  жетiп отырганын ойласам, көңiлiм толық жұбаныш табады» -деп мacaттана жазу ұлы ұстаздың ұлы бастамасы осылай басталған едi.

Ыбырай бабамазыдың тiкелей араласуымен немесе басқаруымен сол кездегi Торғай, Ырғыз Қостанай өңiрлерiнде орталықтандырылған қазақ балаларына арналған 4 кластық қазақ орыс училищесi 5 бастауыш болыстық мектеп, ауыл шаруашылық кәсiби училищесi ашылды.

Ыбырай қазақ – орыс мектебiнде мынандай пәндер оқытылды:

    1. жаратылыстану пәндерi
    2. сызу
    3. тарих
    4. орыс тiлi грамматикасы

Төңкеріске дейінгі Ресей оқу-ағарту жөнінен Европадағы ең соңғы орындардың бірін алатын. Көптеген балалар мен жасөспірімдер мектепке барған жоқ. Әсіресе сауатсыздық проценті деревняда жоғары болды. 1897 жылғы санақ бойынша ауылдық жерлерде сауатсыздық 72,2 процент, ал шаруа әйелдері арасында 87,5 процент болды. Ал сауатты деген әйелдердің өздері де бар-жоғы қол қоя білетін немесе бастауыш екі-үш сыныптары көлемінде ғана сауатты болатын.

Дегенмен, ұлттық шеткері аймақтарда әйелдердің білім алуы бұдан да нашар еді. Қазақстанда қыздар оқу мүмкіндігінен айырылған-тұғын. Қазақстанда әйелдерге арнайы білім беру жөнінде тұңғыш рет қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсарин мәселе көтерді. Оның ойы әйелдер мәселесі бойынша сол кезде жеке-дара болатын. Ағартушы ақыл мен білімпаздықты сыйлаған қазақ әйелі қоғамда лайықты орнын алуға тиіс деп есептеді. Ы.Алтынсариннің табанды еңбектенуі арқасында 1887 жылы Ырғызда өлкеде тұңғыш әйелдер училищесі, 1888 жылы оның жанынан қазақ қыздарына арналған интернат ашылды.

Ыбырай Алтынсариннің пікірінше қазақ қыздарын бастапқы кезде мектепке әйелдік қолөнерді үйренуге қабылдауға болады. Мысалы, киім тігу мен пішу, шәлі тоқу, жүннен арқан есу, алаша тоқу, киіз басу сияқты қазақтың тұрмысындағы үйреншікті үрдісті үйренеді. Осылай оқыту, деп есептеді Ы. Алтынсарин өзінің тура мақсатымен қоса, қазақ қыздарының біртіндеп орысша сауатын ашуға мүмкіндік береді.

Ағартушының бастамасы бойыынша және оның батыл ұсынысы, талмас жігерінің арқасында келесі жылдары интернатымен бірге қыздар училищесі 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қостанайда, 1895 жылы Қарабұтақ ауылында және 1896 жылы Ақтөбе қаласында ашылды. 1896 жылы осы оқу орындарында 211 қыз оқыды. Олардың 70-і қазақ қыздары болатын. Семей қазақ интернатының архив материалдары да онда қазақ қыздары оқығанын айғақтайды. Қазақстандағы орыс-қазақ мектептерінде қыздарды оқытудың жағдайы қалай болды? Орысша сауат ашу (оқу және жазу) негіздері мен арифметиканы игеруден басқа қыздар іс тігуді де үйренді. Мәселен, 1889-1890 оқу жылының аяғында Ырғыздағы қыздардың орыс-қазақ училищесінде үш бөлімше болған еді. Жоғары бөлімшедегі қыздар орысша еркін оқып, оқығанын ұғынықты айтып бере алатын, сауатты жазып төрт амалмен арифметикалық есептерді шығара білген.

Абай Құнанбайұлының тәлім -тәрбие ойлары (1845-1904ж.)

А.Құнанбаев өзінің қара сөздерінде, поэмаларында және өлеңдерінде жастарды тәрбиелеуге көп тоқталды. Қарасөздері өлеңдерін толықтырып жан беріп отырды. Абайдын Ескендір поэмасы адамгершілікті сипаттап жазса, ғылым туралы “Ғылым таппай мақтанба”, “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” және т.б. өлеңдері ғылымға, білімге, жастарды шақыруда болды.

Абай Құнанбаевтың ағартушылық көзқарастары мен тәрбие тағылымдары (1845-1904)

Абай ақын - ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгерімен деңгейлес тұрғаны - білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.  
Абай халықтың түбегейлі мүддесін, арман-тілектерін оқу-білім қаншалықты терең ұғып-түсініп, қандай ойшыл-дық деңгейде, қандай көр-кемдік қуаттылықпен айтып, жеткізе алғандығында. ақын үлкен творчестволық тұлға болып қалыптасып жетіліп, кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса зор дарын мен даналық, үздіксіз еңбек, ізденіс, білім - міне осылардың түйісіп келуі шарт.  
Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі идея-ларының бірі - адамдардың өзара қарым-қатынасы, әсіресе, жастарды еңбекке баулу. Ақын, ойшыл ұлы ұстаз - Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы - сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады. Еңбекті Абай, басқада қазақ ағартушылары сияқты - байлықтың, молшылықтың көзі - деп санады. Жастарды еңбекке шақырды. Оған 1886 жылы жазған мына бір шумақ өлеңін келтіруге болады. ''Қартайдық, қайғы ойладың ұлғайды арман, Шошимын кейінгі жас балалардан,

Терін сатпай, телміріп көзін сатып, Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман - деп, өз кезіндегі еңбек етпейтін жастардың осындай жағымсыз мінездерін сынады. Енді бірде Абай ''Осындай сидам жігіт елде мол-ақ, Бәрі де шаруаға келеді олақ, Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп, Бар өнері қу борбай сымпыс шолақ.  
Абай даналығы еңбек ет - мал тап деген ақылға саяды. Тек еңбек, еңбек құмарлық халықты өнерге үйретеді, білімге меңзейді, ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты - еңбек ғана биікке шығарады, психологиясын өзгертеді - деген Абай даналығы бұл күнде де күшін жойған жоқ. Еңбек Абайша айтсаң-өнер. Жастардың еңбек тәрбиесі, сонда ғана жүзеге асады, егер ол халықтың бүкіл көпшіліктің, түптеп келгенде, бүкіл қоғамның игілігі не айналғанда, оның молшылық қажетіне жараған жағдайда, білім алып, бақытты болған шағында. Ол еңбек тәрбиесі - басқа барлық тәрбиенің негізі. Басқалары ақыл-ой, адамгершілік, патриоттық, эстетикалық, эколо-гиялық пен экономикалық еңбек тәрбиесінің құрамдас бөлігі екеніне дәлелдеп берді. Еңбек тәрбиесін, оқу мен білім алудың негізі - деп түсінген Абай жас ұрпақтың барлық тәрбиесінің көзін- бұлағын еңбектен іздеді. Ол еңбек пен қоғамдық еңбектің тұтастығын, бірлігін -парасаттылық пен инабаттылықтың, білімділіктің, тұлғалықтың, ісіне талғамын, үлгілері - өмір-дің, тіршіліктің жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететінін аса көрегендікпен дәлелдеді, оған өлең жолдарын, ғақлияларын арнады. Ең бастысы: еңбек пен адамгершілік сапасын қалыптастырады, адамды, жастарды эстетикалық рухта тәрбиелеп, оларды әдемілкке, көрнектілікке жеткізеді, оларды жарқын болашаққа шақырады, материалдық игілікке жол ашады. Ақын пікірінше еңбек - адамды жан-жақты дамыған, ғұламалыққа көтереді, баулиды, жетелейді. Абай арманы еңбекке, адамгершілікке, ақыл-ойға, парасаттылық пен инабаттылыққа негізделген, үлкен мәдениеттіліктің қайнар бұлағына айналған. Абай тағылымы - даналықтың, ғұламалықтың, құдіреттіліктің, имандылықтың кәусар тамшысы, ағынды тасқыны, дария көлі, мұхиты. Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы ол өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық бейнелеп берді. Бірақ, ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи дәуірді танытады деу аз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана, білім-ғылым түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыр әріде жатқанын ескерсек, Абай поэзиясы - ағартушылық көзқарасы қоғамның дамуындаағы бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық мінез- құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді. Ал қоғам өміріндегі көптеген адамгер-шілік, моральдық проблемалардың, мысалы, әділдік, бірлік, достық, білімділік, еңбек сүйгіштік, талаптылық, адалдық, солармен қатар озбырлыққа жауыздыққа, екіжүзділікке төзбеушілік секілді сан түрлі мінез-құлық мәселелері қай заманда да мәні жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт, жағдай өзгерді дегенмен, халықтың ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып, жаңаша сипат ала отырып, жалғастық тауып өрістеп, дами беретінін ескерсек, Абай поэзиясы кейінгі дәуірлердің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір шын-дығын танып-білуге үлкен себін тигізе алатыны қақ. Олай болса, Абай творчествосын өз дәуірінің шеңберінде ғана қалатын, осы мағынада біз үшін тек тарихи маңызы бар, өткінші құбылыс деп санауға болмайды, ол – заман ауысып, уақыт озған сайын қоғамдық ой-санаға ықпал-әсері арта түсіп, өркендеп, дамып отыратын асыл мұра. Тарихи принцип тәрбиелік тағылым Абай творчество-сының сол дәуірдегі қоғамдық өмірмен тамырластығын танып-білудің бірден-бір қажетті шарты екенін мойындай отырып, ақын шығармаларын бүгінгі оқырмандар әсіресе, жасөспірімдер қалайда өздерінің өмірге көзқарасы, арман-мұраттарын жалғастыра, жанастыра қабылдайтынын жоққа шығара алмаймыз. Абай творчествосының өз заманымен, сол кездегі қоғамдық өмірімен байланысын, сол кезде қандай зор танымдық, тәрбиелік міндет атқарғанын, сөз өнерінде не жаңалық әкелгенін толық түсінсек, сонда ғана біз оның кейінгі кезеңдерде, қазіргі заманда қоғам-дық ой-сананың, мәдениеттің, оқудың өркендеуіне қандай ықпал жасап келе жатқанын толық аңғара аламыз. Сондай-ақ, ақын мұрасының өміршеңдігін, заман озған сайын маңызы, әсері қаншалықты күшейе түскенін зер салып байыптасақ, оның өз заманының озық тілек-мақсаттарына сәйкес тарихи өмірдің өзі туғызған бастапқы сипат-қасиеттерін айқынырақ тани аламыз. Оның ең басты бір қыры оқу-тәрбиелік маңызында.  
Абай шығармаларында алдымен мейілінше мол, әр қырынан көрінетін, әрине, ақынның өз бейнесі, өз тұлғасы. Лирик ақын қоғам өмірінің шындығын өз көңіл-күйін білдіру арқылы, өз сезім толғаныстары, ой-толғам-дары арқылы танытады. Ақынның өз тұлға-бейнесі оны тебіренткен ой-сезімдерден, айтылып, баяндалып отырған өмірдегі алуан түрлі жағдайларға, қоғамдық мәселелерге, әр түрлі адамдардың іс-әрекеттеріне оның қатынасынан, берген бағасынанда айқындала түсіп, жан-жақты толық көрінісін табады. Абай өзін ұстаз ретінде де көрсете алады. Ақынның бейнесі дегеніміздің өзі де ылғи бір қалып-та, біркелкі сипатта көрінбейді, әр қырынан, әр жағынан ашылып отырады. Көптеген өлеңдерінде ақын өз көңіл күйін тікелей білдіріп, ойын тура айтады. өлеңдері кейде сұхбат, сырласу, кейде насихат, кейде ойға шому, ой толғау, тәрбиелік түрінде әр алуан болып келсе, ақын бейнесі анық, айқын қалпында танылады. Сонымен қатар Абайдың өлеңдерінде әртүрлі топ-тың өкілдері әсіресе ұстаздар, жас адамдар үнемі бой көрсетіп отырады. Мысалы: Жақсыға айтсаң, жаны еріп, Ұғар көңіл шын беріп. Жамандар адал еңбек қыла алмай жүр. Кейде топтап айту үшін біреу (''Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда''), (''Әркім жүр алар жердің ебін қамдап''), кейбірі (''Кейбірі пірге қол берген'') деген сияқты сөздерді де қолданады. Тіпті, сөзін тыңдаушыларға қаратып айтып, сен, сендер, өздерің деп отырып, көпшілік-ті мінезінде сипаттап кететіні де кездеседі. Мысалы: Жұмыссыз сандал, Еріксіз малды ал Деген кім бар сендерге? Абайдың қоғамдық мұрат нысанасы туралы айтқан-да, ол адамгершілікті, әділдікті насихаттап, елді адал еңбек етуге шақырып, білім-ғылымды, өнерді халықтың қажеті-не жаратуға алдымен мән бергенін естен шығармау қажет. Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі мораль-дық принцип ретінде поэзиялық -тәрбиелік туынды-ларында да, қара сөздерінде де үнемі атап көрсетіп отырады. Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға. Бастапқы екеу соңғысы Біте қалса қазаққа, Алдың-жалын, артың-мұз, Барар едің қай жаққа? - дейді ақын ''Әсемпаз болма әрнеге'' деп басталатын өлеңінде. Сөйтіп, ол әділеттік, мейірбандық болмаған жерде ақыл мен қайрат та адамды жақсылыққа жеткізе алмайды деп түйеді. Ғылым-білімді, оқу-тәрбиені уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы әбден орынды. Не нәрсеге болсын ақыл-таразы, (''ақыл-мизан, өлшеу қыл''), дүниенің сырын танып білуде адамгер-шіліктің ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.

Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,

Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.

Абайдың бұл пікірі ғылым үйренуге ұмылған жастар-ға айтқан сөздерінен де айқын танылады. Ақын жастар-дың басқалар айтқан сөзге ермей, ақылмен өлшеп тапқан өз пікірі болу керектігін айтып, сол пікірде табандап тұра білуі қажеттігіне ерекше назар аударған.

Абай ақыл туралы айтқанда, ақылдылық, естілік деген ұғым мен ақылмен танып-түсіну қабілетін білдіретін ұғымды ажыратып, оларды екі нәрсе деп қарайды. ''Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек'' дегенге Абай ақылды осы соңғы мағынасында алған. Философиялық тұрғыдан келіп, ой мен сезімді бір-біріне қарама-қарсы мағынадағы екі ұғым деп қараған Абай ''суық ақыл'' мен ''ыстық жүрек'' бір-бірін толықтырады деп санайды. Осы екеуіне қайрат, жігер қосылса, адамның қасиеті кемеліне келеді деп есептейді.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек. Бұл ретте Абай ақыл-ой тәрбиесінің, адамгершіліктің мазмұнын жырлайды. Абай жастарды тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын, ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың дүниеге көзқарасын және мінезін қалыптастыруда отбасының рөлінің ерекше зор екенін көрсетті. Абай әлемінің кең өріс алуы, оның поэзиясы мен әлеуметтік, оқу-тәрбиелік демек, ағартушылық көзқарасының әлеуметтік сипат алуында болды.

 

Шәкәрім құдайбердиев педагогикалық көзқарастары. (1858-1931ж.)

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демокрттық, ағартушылық идеяларды уағыздаған Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырып, артына мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев ақын, жазушы, аудармашы, философ, шежіреші, өз бетімен ғылыми-білім билігіне жоғары көтерілген әмбебап ғұлама еді.

Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының ішкі заңдылықтарына қарай әлеуметтік, экономикалық қайшылық, қақтығыстар, күрес-тартыстар шиеленісте, қазақ даласында қалыптасқан қоғамдық ой-сана тынымсыз ізденіске түскен, орталықта революциялық дүмпулер туған кездері Шәкәрім әдеби өмірге құлшына араласып, Шоқан, Абай, Ыбырай салған ағартушылық арна-дәстүрін әрмен қарай жалғастырды.

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің аса көрнекті өкілі, ұлы Абайдың ізін қуушы, оның немесе інісі Шәкәрім жеті жасында жетім қалса да атасы Құнанбайдың ерке немересі болып өмірден ешбір таршылық көрмей өсті. Жастайынан өнер-білімге, қаршыға, бүркіт салуға, домбыра тартып, ән салуға құмар болып, он бестен былай қарай өз бетімен ғылым жолына ойысып, білім өрісін кеңейтеді. Бірінші тілдерді (араб, түрік, парсы, орыс т.б.) меңгеріп, төл шығармалар жазумен қатар, басқа халықтардың рухани байлығына бойлайды, олардың кейбірін қазақ тіліне аударады.

1905-1906 жылдары Меккеге  сапар жасап оралады, жолда Стамбул  кітапханаларындағы рухани асыл  мұралармен танысады. 1909-1910 жылдары  оқу, жазу мен алаңсыз айналысу  үшін ел ортасын тастап, оңаша  елсіз жерге барып мекендейді. Сол жылдары оның қаламынан көптеген төл еңбектер туындайды. Солардің бірі «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі» атты шығарма (1911). 1912 жылы «Қазақ айнасы» (бірінші бөлім), ертеректе жазылған «Қалқаман - Мамыр» мен «Еңлік - Кебек» поэмалары жеке кітап болып жарық көрді. Л.Н.Толстойдың қысқа әңгімелерін қазақ тіліне аударады. Шәкәрім көптеген философиялық, психологиялық (көбісі өлеңмен жазылған) шығармалардың авторы. Ал ән мен күй, музыка  саласында жазған еңбектерінің өзі бір төбе. Қазан төңкерісінің әкелген жаңалықтар мен дүрілдей келген өзгерістер, бірі қирап, бірі түзіліс тауып жатқан құбылыстар аясында Шәкәрім белгілі себептермен әртүрлі көзқарастары ықпалында бола тұрса да негізінен ұстазы Абай салған гуманистік, демократиялық, ағартушылық көзқарасқа, өркениет жолында қызмет ету мақсатыны берілгендік, бекемдік танытты. Кеңес дәуірінде де оның жекеленген шығармалыр жарық көрді. Мәселен, «Абай» журналында «Хафизден аударма» және Физулидің «Ләйлі – Мәжнүн» поэмасынан еркін аударған нұсқасы  кейіннен Сәке Сейфуллиннің алғы сөзімен Алматыда 1935 жылы жеке кітап болып басылып шықты.

Ұзақ жылдары үзілістен кейін 1959 жылы «Қазақ әдебиетінде» және 1978 жылы Лениенградта орыс тілінде шыққан «Қазақ ақындары» атты жинақта Шәкәрімнің бір топ өлеңдері жарық көрді.

Шәкәрім үлгі еткен өнер-білімді, адамгершілік ізгі қасиеттерді өзіне ұран тұтып, «Жастарға» деген өлеңінде былай дейді.

Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,

Білім, әдет, ақылды ойға аларлық.

Надандық еліріп босқа жүрсек,

Мына заман көрсетер бізге тарлық...

Асыл сол – ақыл, білім бойда барлық,

Айла, өтірік, арсыздық өнер емес,

Мен де анаудай болсам деп таласарлық.

Шәкәрімнің педагогикалық пікірлері әр кезде жол-жөнекей сөз еткен адамның жан сыры, психологиясы туралы айтқандарымен орайласып жатады. Ш.Құдайбердіұлы адамның жан дүниесінің дамып, қалыптасу жолын эволюциялық (тіршіліктің қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп дамуы) тұрғыдан түсіндіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 дәріс. ХХ-ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстан психологиясы мен педагогикасының дамуына үлес қосқан педагогтар, ғалымдар. (2 сағ).

 

 Жоспар:

  1. Ахмет Байтұрсынов ағартушылық қызметі
  2. Ж.Аймауытовтың педагогикалық көзқарасы
  3. М.Жұмабаевтың педагогикалық ойлары.
  4. М. Дулатовтың педагогикалық ой пікірлері

Информация о работе Пәннің тақырыбы: Педагогика тарихы