Пәннің тақырыбы: Педагогика тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 13:36, дипломная работа

Описание работы

Негізгі ұғымдар: даму тенденциялары, тарихи кезең, тарихи дәуір, оқыту, тәрбиелеу, білім беру жүйесі, білім беру, педагогикалық теория, педагогикалық ойлар, идеялар, әлемдік ой-сана, этнопедагогика, педагогикалық көзқарас, халық педагогикасы.
Педагогикалық қызметтің маңызы артып, оған қойылатын талаптар күшейе түскен қазіргі кезде, болашақ ұстаздар алдымен іргелі ғылым-білім негіздерін меңгеруі, мамандықты жете игеру, құзіретін арттыру, шығармиашылық ойлауға, педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шарт түзеді.

Содержание работы

Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері
Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің әдіснамасы мен педагогикалық зерттеу әдістері.

Файлы: 1 файл

Педагогика тарихы л.с.doc

— 1.67 Мб (Скачать файл)

 

Негізгі ұғымдар: оқыту, тәрбиелеу, білім алу, ғылым, мәдени ағарту жұмысы, сауатын ашу, кәсіп қылу, ғылым іздеу, еңбектену, өнер үйрену.

 

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 ж.) өмір сүрген белгілі қоғам қайраткері, ғұлама түрколог, жазушы, публицист, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ақкөл жағасындағы Сарытүбек деген жерде басталып, қазақ шаруасының әулетінен дүниеге келеді. Ахмет Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім – ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады.

А.Байтұрсыновтың алғаш ағартушылық ой-пікірлері сонау 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан «Қазақ» газетінде (Байтұрсынов 5 жыл бойы осы газеттің жауапты редакторы болған) жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастайды.

А.Байтұрсынов туған халқының ғылым-білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек», - деп жазды ол. Бірақ осындай білім беретін ауыл мектебінің сол кездегі хал-күйі оның қабірғасына қатты батты.

Бұл жөнінде «Әуелі ауыл мектебінен басталайық. Осы күнгі ауыл мектептерінде оқуға керекті құрал жоқ, оқыта білетін мұғалімдер аз. Сонда да хат білетін қазақтардың проценті мұжықтардан жоғары. Бұл мектептің халыққа жақындығы, балалардың білімді ана тілінен үйренетіндігі...» деп, ауылдық қазақ мектептерінің жайын сөз ете келеді де, «орыс школдарында тәртіп те бар, құрал да сай, мөлшер, жоспар бәрі де бар. Сонысына қарай пайдасы аз. Сол школдар арқылы қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз дейді, қазақ тұтынып отырған араб әрпін тастап, орыс әрпін алдырамыз дейді. Сол үшін әуелі балалар ана тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын, ана тілінде оқыған аты болу үшін қазақ тілінде орыс әрпі басылған кітаптардан бастап оқып, әрірек барған соң кілек орысшаға түспек керек дейді. Бұлар еппен қайырмалаушылардың жолы...», деп қазақ даласында патшалы Ресейдің отарлау сасясатының қалай іске асырылып жатқанын әшкерелейді.  Ол патша әкімдерінің оқу-ағарту ісіндегі бұл саясатының түпкі мақсатын одан әрі айқындай түсіп, «Хүкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, әр халыққа керегі өз діні, тілі, жазуы сақталу. Солай болған соң бастауыш мектеп әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек... Қазақты басқа дінге аударамын деу құр әурешілік. Қазақты дінінен айыруға болмаса, жазуынан да айыру болмайтын жұмыс» деп, пікірін батыл айтты. Шындықты ашық айтқаны үшін патша өкіметінің жергілікті әкімдері газетке бірнеше рет айып салып, оның редакторын түрмеге жапты.

А.Байтұрсынов  - қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. Әрі қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол – қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды.

Қазақ халқының абзал ұлдарының бірі, ХХ ғасырдың бас кезіндегі демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең беделді көшбасшысы А.Байтұрсыновтың қазақ ғылымы мен мәдениеті, тәлім-тәрбие оқу ісі тарихына сіңірген орасан зор еңбегінің тарихтан өшпес орын алатынын бүгінгі демократия мен әділеттілік салтанат құрған дәуірде өмір шындығы дәлелдеп отыр. Осы жылдары Ахмет Байтұрсыновпен бірлесіп, Міржақып Дулатов «Қазақ газетін» шығаруға ат салысады. Қазан төңерісіне дейін, сондай-ақ Кеңес өкіметі жылдарында бірнеше рет түрмеге жабылады.

Алаш өкіметі мен партиясының басшыларының бірі болғаны белгілі. Ол 1920 жылдардан бастап жаңа өкіметке де аянбай қызмет істейді. 1922-1926 жылдары Орынбордағы қазақтың ағарту институтында оқытушы болады. 1922 жылы екі бөлімнен тұратын «Есеп құралын», 1924 жылы «Қирағат» кітабын қазақ кітаптарының библиографиялық көрсеткішін бастырады. 1928 жылы зобалаңда бір топ қазақ оқығандарымен бірге тұтқынға алынып, ату жазасына кесіледі, онысын кейіннен, он жыл абақтыда қамаумен алмыстырады. 1935 жылы тұтқында жүріп, Балтық каналаның бойындағы Сосновец деген жерде қайтыс болады.

Әмбебеп ағартушының артына қалдырған рухани мұрасында кешегі көшпелі қазақ елінің әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, жол-жоралғысы, тәлім-тәрбиесімен, үлгі-өнегесі, өзіне тән этикалық, эстетикалық ұнам-талғамдары ұлттық колоритке толы сан алуан нақты деректермен безендіріле баяндалған.

Ұстазы Ыбырай Алтансариннің оқу ағарту мәселесіне байланысты идеяларын әрмен қарай дамыта келіп, ол да А.Байтұрсыноа сияқты оқу-тәрбие мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға, атап айтқанда оқытудың жаңа тәсілдеріне, шәкірттердің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән береді.

Табиғатынан тәлімгерлік қасиеті мол жазушы қазақ арасында көбінде көзге түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым-білімге, өнерге, зерек, дарынды балаларды оқытып-тәрбиелеудің мәні жайында сөз ете келіп, дарындылықтың кейбір психологиялық астарларына үңіледі. Кімде-кім өзінің табиғатынан не нәрсеге шеберлік барлығын сезіп, өз жолына түссе ғана, көзге көрінеді.

Халқымыз егемдікті аңсап жатқан қарбалас шақта жас өркендерді жерге шырылдап түскен кезден есейіп, есі кіріп болғанға дейінгі аралықта ана тілінің уызына жарып қана қоймай, олардың ұлттық рухен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптан мейлінше сусындауына ерекше көңіл аударуымыз қажет.

Бұл жөнінде де М.Дулатов былайша жеріне жеткізіп айтқан еді. «Бастауыш мектепте алған тәрбиенің, - деп жазды ол, - әсерлі, күшті, сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да оқу кітаптары ана тілімен, өз ұлтының тұрмысынан, һәм табиғаттан жазылып, баяндап оқытудың асыл мақсатына муафик үйретуден, осылай біліп, баяндап оқытқанда, балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңісіп, анат тілін анық үйреніп, керекті мағлұматтар алып шығады.

Мұндай балалар бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың мектеп медрассесінде оқыса да, қай жұрттың арасында жүрседе де, сүйегіне ұлт рухы жасымайды. Қайда болса да тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады.

 

 

Мағжан Жұмабаевтың  (1893-1938ж.) ақындық өнерді өзінің қысқа өмірінде асқан шабытпен жырлап нағыз поэзия биігіне самғаған, оның асқан асуларынан өлшеусіз нәр алған бір туар әмбебап зиялы қайраткер болды. Оның қаламынан сондай-ақ көптеген әңгімелер мен мақалалар, оқу құралдары мен оқулықтар мен («Бастауыш мектепте ана тілі» - 1923, «Сауатты бол» - 1926), зерттеу еңбектері туды. Мағжан поэзиясы адамның жан дүниесінің қыры мен сырына терең бойлайтыны, оның адамның жан сезімін дөп басып суреттейтіні көпшілік оқырманды сүйсінідіріп келді. Мағжан 1922 жылы «Педагогика» атты (Ташкент, Орынбор) ғылыми еңбек жазды. Сол кездегі көрнекті қазақ зиялыларының бірі-белгілі ғалым-педагог, публисцист М.Жолдыбаев осы кітаптың баташарына былай деп жазыпты: «Заманға дәл жаңа кітап шыққанша малданып», одан кейін оқып салыстырып қарап, бұрыңғы жазылғандардың адасқан жерін тауып отыруға Мағжан педагогикасы іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал. Бұл пікірден аумалы-төкпелі заманда «құлықтың құлынындай қызғанышты» дүниені додаға салудан тартынған салмақты сыңай сезіледі.

Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі. Әрине, тәрбиенің бұдан басқа да бірнеше түрлері бар, ол мұның басты-бастыларын ғана айтқысы келген болуы керек. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәптештей түсіндіре келіп, былай дейді: «Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу, сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп, тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын...», «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару» - деу арқылы М.Жұмабав тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді.

Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық. «Ұлт тәрбиесі – деп жазды ол, - баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті».

Жұмабаев  халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп қабылдаудың қажеттігін ескертеді. «Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі ішінде толып жатыр» -дей келіп, автор тәрбиешінің педагогикалық шеберлігін ұштау мәселелеріне ден қояды.

 

 Жүсіпбек Аймауытов  (1889-1931ж.) жантанушы. Жүсіпбек ағаның біздің ұрпақтарға қалдырған бай мұраларымен танысқанда бірден көзге түсетін ерекшелік – автордың адам психологиясын жете, әрі терең білуі. Ендеше, оның "Психология" кітабының арқалаған жүгі ауыр. Осы пәннен қазақ тілінде жазылған алғашқы оқулық та сол. Жүсіпбек Аймауытовтың психологияны зерттеп, көтерген мәселелері - одан басқа қазақ топырағында ешкім де көтермеген мәселе. Ол өзінің тәлім-тәрбие саласындағы бағыт-бағдарын 1918 жылы ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми-қоғамдық «Абай» атты журналдың бас мақаласынан аңғартады. Онда Аймауытов: «... қазақ сахарасында мыңнан жалғыз алысып, жапа шеккен ұлы ағартушы Абайдың көздеген мақсатты халқын өнер-білімге, оқуға, отырықшылыққа, мәдениетті ел дәрежесіне жеткізу еді» - деп жазады. Ол Абай ұстаған ағартушылдық жолды тыныс-тіршілігінің негізгі арқауы етіп алады.

Осы журналдың 1918 жылғы 1,2 сандарында Аймауытотың «Тәрбие» атты көлемді мақаласында тәлім-тәрбиенің ой-пікірлер ғылыми тұрғыдан терең баяндалған.

Мақала авторы «адам мен хайуанның өмір сүруінің айырмашылықтарын көрсете келіп адамдық қасиет саналы өмір сүру, қауым болып бірлесіп, тіршілік ету» дейді. Ол сондай-ақ «адамның қоғамдық еңбегінің жемісті, нәтижелі болуы тәрбиеге байланысты»,  деп қорытынды жасайды.

Ж.Аймауытов «адам мінезінің, ақыл-қайратының әр түрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан... Адам баласының ұрлық істеуі, өтірік айтуы, кісі тонауы, өлтіруі сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен» дейді. Ол тәрбиенің екі түрлі болатынын: дене тәрбиесі және жан (рух) тәрбиесі болып бөлінетіндігін атап көрсетеді.

Аймауытов балаға әсер ететін нәрсе медресе (мектеп) және тәрбиеші (мұғалім) деп санайды. Ж.аймауытов өнегелі үйелменнен бұзық мінезді баланың шығуы немее тәрбиесі нашар отбасынан да тәрбиелі, өнегелі баланың өсуі мүмкін дей келеді де, бұл айтылғандар өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға еліктеуден болатынын дәлелдейді.

Тәлімгер-ғалым бала тәрбиесіне туған елдің әдет-ғұрпы мен салт-санасының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ғылыми тұрғыдан дәлелдей түскен. Ойын-сауық, өлең-жырды естіп өскен елдің баласы өнерге бейім болады, діндар елдің баласы діншіл келеді. Жастайынан кемдік, жоқшылық, қағажу көріп өскен ауылдың баласы жасқаншақ, бұйығы болады – деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың тәрбиеге тигізетін ықпалына тоқталады.

Ж.Аймауытов «тәрбиенің негізгі мақсаты мінезді түзеу, адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу» деген қағиданы қуаттай келіп, «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек» - дейді.

Ж.Аймауытов сол кездегі орыс оқымыстыларының тәрбие жөніндегі еңбектерімен адам тәрбиесіне қоршаған ортаның әсері жөнінде жақсы таныс болуы ықтимал. Өйткені оның жазбаларынан орыс жазушысы Л.Н.Толстойдың «Тәрбие дегеніміз бір адамның екінші адамға жасайтын ықпалы» немесе заңгер педагог А.С.макаренконың «Адамдарды қоршаған орта тәрбиелейді. Адамдар тұтыну заттары, табиғи құбылыс, т.б. бәрі тәрбиеге белгілі әсерін тигізеді. Соның ішінде ең әсерлісі адамдардың қарым-қатынасы, әсіресе ата-аналар мен ұстаздардың ықпалы ерекше... анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу  жұмысына оралмау үшн әуелде дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген секілді таныс пікірлер жиі ұшырасады.

Автор мақаланың соңында адамның тән сырқатын емдейтін дәрігер мамандығымен адам жанын сауықтыратын, ақыл-есін, мінез-құлқын тәрбиелеп жетілдіретін тәрбиеші – ұстаз еңбегін салыстыра отырып, бұл екі мамандықтың да, тәні сау, рухани байлығы мол, жан-жақты жетілген абзал жанды, сергек қоғам мүшелерін тәрбиелеудегі өлшеусіз мол еңбегінің маңыздылығы өте орынды атап өткен.

 Ж. Аймауытовтың көзқарастарында адамдарды ұлтына бөлмей, жалпы адамгершілік құндылықгар тұрғысынан қарайтындығын көреміз. Қоғамдағы жүріп жатқан процестерді және оның болашағын жете түсінген ойшылдың көзқарастарын қарап, талдап отырғанша, біз нағыз халқын сүйген, сол халқы үшін жанын аямаған патриот ақын екенін көреміз.

 

 

Міржақып Дулатов педагогикалық ой пікірлері

Дулатов Міржақып 1885 жылы 25-қарашада Торғай уезіндегі Майқара болысының 3-інші ауылында туған. 1935 жылы 5-қазанда айдауда, лагерьде жүрген кезінде ауырып, қайтыс болады. Әкесі Дулат қарапайым іскер, қол шебері етікші болған.

Міржақып 8 жасқа толған кезінен бастап екі жылдай ауыл молдасынан сабақ алады. Одан соң ауылдағы орыс мектебінде, ал 1897 жылы Торғайдағы орыс-қазақ мектебінде оқиды. 1904 жылы ол Омбы қаласында жасырын ұйымға қатысады, қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы өкілдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновпен жақындасады. 1905 жылғы орыс революциясы кезінде Қарқаралыда ереуілшілердің арасында болады.

1907 жылдан бастап оның бірлі-жарым  өлең, мақаласы да жариялана бастайды. Міржақып Дулатов бірден-ақ қазақ  халқының арман-мүддесін терең  түсіне білетіні, қазақ қоғамында жаңадан өpic алып келе жатқан демократияшыл идеялардың жаршысы екенін айқын танытты.

Информация о работе Пәннің тақырыбы: Педагогика тарихы