Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 13:36, дипломная работа
Негізгі ұғымдар: даму тенденциялары, тарихи кезең, тарихи дәуір, оқыту, тәрбиелеу, білім беру жүйесі, білім беру, педагогикалық теория, педагогикалық ойлар, идеялар, әлемдік ой-сана, этнопедагогика, педагогикалық көзқарас, халық педагогикасы.
Педагогикалық қызметтің маңызы артып, оған қойылатын талаптар күшейе түскен қазіргі кезде, болашақ ұстаздар алдымен іргелі ғылым-білім негіздерін меңгеруі, мамандықты жете игеру, құзіретін арттыру, шығармиашылық ойлауға, педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шарт түзеді.
Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері
Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің әдіснамасы мен педагогикалық зерттеу әдістері.
Міржақыптың «Серке» газетінің («Ульфат» газетіне қосымша) 1907 жылы 2 нөмірінде басылған «Біздің мақсатымыз» атты мақаласы кешірім жасауға болмайтын саяси үгіт деп саналып, бұл газет конфискеленсін деген шешім қабылданады. Оның осы мақаладағы пікірлері «Оян, қазақ!» кітабында әсіресе айқын, әсерлі айтылады.
«Оян, қазақ!» 1909 жылы тұңғыш рет жарық көріп, кітап 1911 жылы екінші рет жарияланады. Осы жылы патша үкіметінің бақылау орны «Оян, қазақ!» елді бұзатын, дүрліктіретін, революцияға үндейтін кітап деп тауып, М. Дулатовты қамауға алады, кітапты таратуға,. оқуға үзілді-кесілді тыйым салынсын деген сот шешімін, шығартады. Кітаптың қолдан-қолға тарап жүрген қаншама данасын таптырып, жиғызып, жойып жіберуді қатты қадағалайды.
«Оян, қазақ!» кітабын
оқығанда Міржақыптың халықтың
мұң-мұқтажын өз мұңындай
Міржақып Дулатов
патша үкіметінін, қазақ даласы
билеу ісін жүргізудегі
«Біз Алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық», - дейді Әлихан Бөкейханов, бірақ ол ниет қолдау таппады дей келіп: «Мен сонан соң қазақ Алаш партиясын ашуға кірістім», - дейді («Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген мақаласында. «Қазақ», 1917. № 256). Міне, сөйтіп қазақ интеллигенциясының алдынғы қатарлы өкілдері «Алаш» партиясын кұрып, «Алаш-орда» үкіметін орнатқан кезде Міржақып Дулатов алаш туын көтерген Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтардың қатарында болды.
Ақынның «Алашқа» атты өлеңі «реквием» (қазалы жыр) деп аталғанымен, оны тек өткен заманды аңсау сарынына құрылған демесек керек. Қазақтың бұрынғы өздері ақ киізге көтеріп сайлайтын хандары, әділ билері, ел намысын қорғай алатын батырлары болған кең сахарада малын бағып, еркін көшіп-қонып жүрген дәуірі артта қалды дей отырып, Міржақып ол заман өкінгенмен енді қайтып келмейді, сондықтан уақыттың, қоғамдық жағдайдың өзгергенін түсініп, соған сәйкес әрекет қылып, қазақ көшін оңға бастайтын адамдар кажет деген ойын аңдатады. Бүгінгі өзінің бас пайдасын ғана ойлаған малқұмар парақор басшыларға еріп, алданудан сақтандырады. Ежелгі көшпелі дәуірдегі өмір-тұрмыстың жақсы, жарасымды жақтары, өз артықшылығы аз емес екені ақынның басқа өлеңдерінде де шебер бейнеленіп көрсетілген. Бұған мысал ретінде «Қазақ халқының бұрынғы мәгишаты» өлеңіндегі мына суреттемені еске алалық:
Кетуші ед көшбасшылар ілгері озып,
Жарасып өз формынша саясаты.
Жарысып бозбалалар жүруші еді,
Жаратқан үкі тағып жүйрік аты.
Жайлауға шыға айғыр суытушы еді,
Ыстықтың қалмайды деп зарараты.
Тізіліп көл жағалай қонушы еді,
Жарасып ақ үйлердің кияфаты.
Көкорай шалғындарға бие байлап.
Байлықтың көрінуші еді ғаләмәті.
Жан-жануар рахатпен бір жасаушы еді,
Кіргендей бөлмесіне жер жәннәті.
Ішкен мас, жеген тоқ боп жүруші еді,
Түзеліп, бозбаламен саяхаты.
Алайда ақын бұрынғыны бірыңғай мадақтаудан аулақ. «Қазақтың бұрынғы һәм бүгінгі халі» атты өлеңінде ол ерте замандарда да әділеттілік болмаған деп ашық айтады:
Ел шауып, кісі өлтірсе батыр деген,
Батырлар факирлердің хақын жеген.
Біз мұндай бұл уакытта болар ма едік,
Істесе халық пайдасын ғақылменен.
Ел ішінде алалық, барымта,
үрлық бұрыннан бар екенін
жоққа шығармай, ал бұл күнде
ел билеушілер «шен алып
Шыққалы волост сайлау қырық жыл өтті,
Ол сайлау байқасаңыз, түпке жетті.
Бай болып, мырза атанып мал біткендер,
Таласып болыстыққа ақша төкті.
Болыс болар мал шашып, шығынданып,
Сайлау етер осылай тынымданып.
Әбден болып алған соң расходын,
Бітіреді халықтан жылында алып.
Ақын патша үкіметінің қазақтарды малға жайлы, шұрайлы жерлерден ысыруға бағытталған саясатын әшкерелейді.
Мың жеті жүз отыз бір сәнасында,
Біз кірдік Руссияның фанасына.
Жылында мын жеті жүз алпыс сегіз
Қазыналық деді жердің һәммәсін да.
Айырылсаң қалған жерден осы күнгі,
Топыраққа малды, қазақ, бағасың да, - дейді ол «Қазақ жерлері» өлеңінде. Қазақ даласына енгізілген ел билеу жүйесінің халық мүддесін жақтауға ылайықталмай, жергілікті әкімдерді әлсіретіп, патша үкіметінің басқару орындарындағы ұлықтардың өкім жүргізуіне қолайлы етіп жасалғанын Міржақып толық түсінген.
Мұнымен мал шашылып, ар кетеді,
Күшті әлсіреп, нашардан хал кетеді.
Өтірікті расқа шығарам деп,
Жалған іске ант беріп жан кетеді, - деп, қазақ даласын бөлшектеп, ұсақ-ұсақ болыстарға бөлу, сөйтіп, әлсіз, ұлыққа бағынышты ел басқарушыларды көбейту ел ішінде араздықты қоздыруға себеп болып отырғанын аңғартады.
Бұдан бұрын да, бүгінгі заманда да халықтың аяғына оралғы болып, оны алға бастырмай отырған бірліктің, бірауыздылықтың жоқтығы деген түйінді ойын ақын мейлінше ашынып айтқан:
Бірлік жоқ, алтыауызды халықпыз ғой,
Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.
Енді елді теңдікке жеткізетін өнер, ғылым дей отырып, оны халықтың керегіне жұмсау, игілігіне асыру қажет екеніне зор мән береді:
Ғылымың болса-дағы ұшан-теңіз,
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей, - дейді.
Халықтың тағдырын ойлап, толғанып, елдің бірлігін, бірауыздылығын арттыру, заманның ыңғайына қарай қам жасау, харекет қылу, талаптану, адал қызмет қылу, жастарға білім беру, ғылым үйрету, мұсылманшылық жолын ұстау, орыс тілін,, өнерін білу секілді аса маңызды қоғамдық мәселелерді қозғайтын өлеңдерінен азамат ақын, жалынды публицист, батыл күрескер, қажырлы қоғам қайраткерінің тұлғасын көз алдымызға анық елестете аламыз.
Сонда оқырманды елітіп
қызықтыратын, баурап әкететін не
десек, ол алдымен автордың
Сондықтан ақынның наз ғып, сипай айтқан сынын да, ашынып ащы мысқыл-кекесінмен түйреп шенеген сөздерін де орынды демеске амал қалмайды. Ол бірде:
Атаңа дәулет бітсе, бұлғақтадың,
Хисапсыз сөздер сөйлеп ыржақтадың.
Мәз болып «мырза» деген қошеметке,
Буынып мықыныңнан ырғақтадың.
Бояумен сырладыңыз сыртыңызды,
Керіліп сыйпадыңыз мұртыңызды.
Қарасам ішіңізді ашып, дәнеме жоқ,
He дейін надан демей, жұрт бәріңді, - десе, тағы бірде:
Жұмыс көп біздің жұртқа ұнамаған,
Нашар жоқ қорлық көріп жыламаған.
Шортандай шабақ жұтқан жалмауыздар,
Тексеріп өз ғайыбын сынамаған.
Аяғын пайдалы іске бір баспаған,
Ұмтылған өлімтікке бір аш таған.
Түйені түгіменен жұтса-дағы,
Харамнан нәфсі тиып, бір қашпаған, - дейді. Яғни, бір орайда әзіл-қалжыңы аралас сын айтқандай болса, енді бір орайда озбыр, опасыз адамдардың мінез-құлқын бадырайтып, көзге шұқығандай батырып айтады.
Қоғамдық өмірдегі қайшылықтарды, жағымсыз істерді сынап, әшкерелеп, әйгілеуге назар аудара отырып, ақын адалдық, әділдік, кішіпейілділік, адамгершілік қасиеттерді уағыздауды ешбір есінен шығармайды.
Шікірейіп, я жігіттер, кетпелік,
Инсаплыққа ерсі жұмыс етпелік.
Қарастырып халық пайдасын жабылып,
Көмек беріп мұқтаждарға көптелік.
Пайдасы жоқ исрафтан бой тартып,
Керексізге бекер малды төкпелік.
Кәдәри хал біреу шықса талапкер,
Рәд қылып хәсәфлікпен сөкпелік.
Әр іске өнер, хайлә керек болса,
Тіл алсаң омыраулап салма күшке.
Бұл сөзім ілтифатсыз босқа қалып,
Түбінде қалып жүрме өкінішке.
Бұл сөздерінен де акынның «жігіттер» деп жастарға, әсіресе назарын аударғандай болған тұстарында олардың іш тартқандай, ашылып, шынайы адал көңілмен ақтарыла сөйлейтінін жақсы аңғарамыз.
1913 жылы Міржақыптың «Азамат», 1915 жылы «Терме» атты өлең жинақтары жарық көрді. «Азамат» жинағындағы:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі.
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш, - деген сөздер азамат ақынның алдына койған қоғамдық мақсатын қалай түсінетінін айқындай түседі, оның алған бетінен, күрескерлік жолынан таймай, қажымай, талмай туған халқы үшін еңбек етуге белін буғанын аңдатады.
Ақын өлеңдерінің басты сарындары надандық пен топастықты, әділетсіздікті сынап әшкерелеу, халықты мәдениетке, өнер - білімге, прогреске шақырып, адамгершілік азаматтық идеяларды уағыздау болып келеді.
Міржақыптың азаматтық, әлеуметтік лирика тақырыбы, идеясы тұрғысынан да, құрылыс-қалпы, айтылу ерекшелігі, жанрлық өзгешелігі жағынан да түрлі-түрлі. Бірде қазақ халқының тағдырын, күн көрісі, келешегі туралы толғаныстар болып келсе, бірде жастарды өнер-білімге, талапты, адал, өнегелі болуға шақыратын насихат өлеңдер, бірде өмірдегі нақтылы, күнделікті жай-жағдайға, көпшілікке тікелей қатысты мәселелерді тілге тиек етіп, адамгершілік мәселелерді сөз қылатын әңгіме-сұхбат түріндегі өлеңдер, кейде патша үкіметінің озбырлығын, жұрт билеушілердің әділетсіздігін әшкерелейтін өткір сықақ өлеңдер, тағы сондай түрленіп келе береді.
Және назар аударарлық бір нәрсе - қоғамдық, саяси-әлеуметтік мәселелерді қозғайтын туындылары ақынның өз сөзімен ішкі жан дүниесін танытатын көңіл күй лирикасы сипатын алатын тұстары да аз емес.
«Сырым», «Мұң», «Қиял», «Көңіліме», «Арманым», «Қажыған көңіл» секілді өлеңдерді осы топқа жатқызуға болады. Соңғысында ақын:
Желігуден жел көңілім басылмай,
Білім артып, жемісі жұртқа шашылмай.
Ерте менен кеш тақылдатып қақсам да,
Әуре қылды бақ есігі ашылмай, - деп тебірене толғанады. Осындай өлеңдер ақынның жан сезімін танытатыны талассыз. Алайда Міржақыптың көңіл-күйі лирикасында ақыл-парасаттылық күштірек екені, сезімшілдіктен де ойшылдықтың басым келетіні байқалады. Оның ақындық бітім-тұлғасын тұжырымды түрде сипаттап беруді мақсат етсек, Міржақыптың өмірі құбылыстарын, адам мінезін, іс-әрекетін бейнелеу шеберлігі ойнақшыған отты сезімге бой алдырудан гөрі салқынқанды ойлағыштық қабілеттің айрықша қуаттылығына негізделеді дер едік.
Сонымен бірге
Міржақыптың поэзия тілімен
Жайнаған терең сайлар,
Ойнаған құлын, тайлар.
Ел қонып көл жағалай
Өріске малын айдар.
Гүл өсіп гүл-гүл жайнар,
Бұтақта бұлбұл сайрар.
Тіріліп, құрт-кұмырсқа,
Жер жүзі быж-быж қайнар.
Сұлу жүр сылаңдаған,
Күлімдеп кылаңдаған.
Ерініп бір басуға
Жас талдай бұраңдаған, - деген өлең жолдарынан-ақ ақынның нақтылы, айқын детальдар, қимыл-әрекеттер арқылы тұтас өмір құбылыстарын нанымды, әсерлі бейнелейтіні аңғарылады.