Пәннің тақырыбы: Педагогика тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 13:36, дипломная работа

Описание работы

Негізгі ұғымдар: даму тенденциялары, тарихи кезең, тарихи дәуір, оқыту, тәрбиелеу, білім беру жүйесі, білім беру, педагогикалық теория, педагогикалық ойлар, идеялар, әлемдік ой-сана, этнопедагогика, педагогикалық көзқарас, халық педагогикасы.
Педагогикалық қызметтің маңызы артып, оған қойылатын талаптар күшейе түскен қазіргі кезде, болашақ ұстаздар алдымен іргелі ғылым-білім негіздерін меңгеруі, мамандықты жете игеру, құзіретін арттыру, шығармиашылық ойлауға, педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шарт түзеді.

Содержание работы

Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері
Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің әдіснамасы мен педагогикалық зерттеу әдістері.

Файлы: 1 файл

Педагогика тарихы л.с.doc

— 1.67 Мб (Скачать файл)

Г. А. Уманов зерттеулерінің тағы бір ерекшелігі барлық проблеманы кез келген обьектісін жергілікті халықтың топырағынан іздейді. өзінің өскен ортасының табиғатын, ғылыми-техникалық прогресін мәдениеті, оқу-тәрбие ісін, әдебиетін, тарихын өз зерттеулерінің берік компоненттері етіп ала білді. Соңғы оншақты жылдар ішінде жазған ''СССР-де оқушыларға кәсіптік бағдар беру'', Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беруді дамытудың педагогикалық проблемалары, ''Жеке оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының жүйесі'', ''Қиын балалар-мен жүргізілетін тәрбиенің маңызды мәселелері'' атты еңбектерінде және Қазақстандағы оқу-ағарту, тәрбие мәселелеріне арналған теориялық танымды мақала-ларында екжей-тегжейлі баяндалған.

Сондай-ақ Г. Уманов - қазақ әдебиетінің даму тарихымен де айналысқан ғалым. Ол, тарих, әдебиет және педагогиканы біртұтас деп қарайды. Оған көптеген педагогиканың зерттеулері дәлел. Мысалы, ''Бала бақыты'' атты кітаптары тәрбиенің түйінді мәселелерін шешуде қазақ балаларының жүріс-тұрысы, қазақ отбасының күй-жайы, дәстүрі, халық педагогикасының мұралары жан-жақты талданып жазылған.

Сондай-ақ, Уманов өте қайрымды да парасатты, зиялы ғалым. Олай дейтініміз, оның жетекшілігімен 100-ден астам адам педагогика ғылымының кандидаты және докторы дәрежесіне ие болды. Ол толып жатқан диссертацияның оппоненті болып сөйледі. Қыруар кітаптар мен монографияларға, әдістемелік оқу құралдарына, оқулықтарға беташар жазып, батасын берді. Ол лекция оқуда да еңбек тәрбиесінің майталмен маманы. Бүгінгі Қазақстан педагогикасының көш бастаушыларының бірі. Оның педагогика саласындағы жүзеге асырылған істері айтарлықтай.

Умановтың бастамасымен Абай атындағы педагогикалық институттың барлық факультеттеріне ''Мектеп күнін немесе үзіліссіз педагогикалық тәжірибе'' енгізілген болатын. Оның мақсаты педагогикалық практиканың мерзімін ұзарту, яғни студенттер бірінші курстан бастап әр жылы 35-40 сағаттан педагогикалық тәжірибеден өтеді. Көп ұзамай бұл бастама Алматы қаласының барлық педагогикалық оқу орындарында қолдау тапса, ал 1989-90 оқу жылында бұл тәжірибе республиканың барлық педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие жоспарына енгізіліп, жүзеге асырылды.

Соңғы кездері ғалымды еліміздегі оқу-ағарту ісін қайта құру, ондағы басты проблема жаңа адамды дамыту, қалыптастыру және тәрбиелеу қатты толғандыратын болды. Ізденіс тағы да іс жүзінде көрініс тапты. Оның бірі - ғалымның бастамасымен Алматы қаласындағы 36, 65, 31 мектептердің жанынан ғылыми оқу-әдістемелік комплекс құрылуы. Комплекс үш бағытта: (Оқушылардың танымдық іс-қимылын белсендендіру'', ''Оқушыларды идеялық-адамгершілік рухта тәрбиелеу'', үшіншіден, ''Қиын балалар тәрбиесін жетілдіруде'' жүйелі жұмыс жүргізуді көздейді. Бұл іске бүкіл кафедра мүшелері жұмылдырылды. Мұндағы ең түпкі мақсат-қайта құру негізінде жоғары оқу орындарының қызметін мектепке жақындату, оқу тәрбие процесінің тиімділігін арттыру еді. Бұл ісі өзінің жалғасын табуда.

Г.А.Уманов өміршең ғалым. Ол соңғы жылдары музыкалық және орта білім беретін мектеп, балалар бақшасы мен бағын, университет ашты. Мұның барлығын  “Фрестиж” деп атайды.

 

 

Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев

Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы - 1929 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданы Көкбұлақ ауылында дүниеге келген. Ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. 1946 жылы Ақтөбе мұғалімдер институтын және 1951 жылы ҚазМУ-ды бітірген. 1951- 1958 жылдар аралығында Қызылорда педагогикалық институтында ассистент, 1958-1977 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 1977-1987 жылдары ҚазМУ- де доцент, кафедра меңгерушісі болды. 1987 жылдан ҚазҰУ-де профессор, 1998 жылдан Этнопедагогика және этнопсихология орталығының директоры қызметтерін атқарады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: Қазақстандагы психологиялық және педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихы, этнопсихология мәселелері. Ол Алаш қайраткерлерінің психологиялық және педагогикалық мұралары жөнінде бірқатар ғылыми еңбектер жазған.

Қысқаша өмірбаяны

1946 Ақтөбе мұғалімдер институтын;

1951 ҚазМУ-ді бітірген.

1951 — 58 ж. Қызылорда педагогика  институтында ассистент;

1958 — 77 ж. Шымкент пед. ин-тында аға  оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі;

1977 — 87 ж. ҚазМУ-де (қазіргі ҚазөУ) доцент, кафедра меңгерушісі болды.

1987 жылдан ҚазөУ-де професор;

1998 жылдан Этнопедагогика және  этнопсихология орталығының директоры  қызметтерін атқарады.

Еңбектері

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: Қазақстандағы психология және педагогика ой-пікірлердің даму тарихы, этнопсихология мәселелері. Оның еңбектерінде қазақ халқының сан ғасырлық психология ұғым-түсініктері жан-жақты талданған.

 Шығармалары: Краткий библиографический указатель по психологии (1917 — 1967), А.-А., 1967; Развитие психологической мысли в Казахстане, А.-А., 1968; Тұрмыс және денсаулық, А., 1970; Әдеп және жантану, А., 1996; Қазақ психологиясының тарихы, А., 1996; Этнопсихология, А., 1998; Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары, А., 2000.[1][2]

 

Қосу керек.

 

 

10 дәріс. ХХ-ғ-ң екінші жартысындағы АҚШ-тың білім беру саласындағы мамандары мен педагогтарының-педагогикалық идеялары.

 

  1. АҚШ: Уильям Х.Килпатрик, Елена Паркхерст, Карл Роджерс, Эрик Берн, Филлип Кумбс, Кьелл Рудестам, Джером Брунер, Харбенс С.Бхола.

   Еуропа, Америка, Азия, Африка елдерінің XX ғасырдың екінші жартысындағы педагогикалық идеялары мен білім беруінің дамуы. Осы кезең Еуропа елдерінің және АҚШ –тың экономикасы мен өнеркәсібінің аса қарқынды дамуымен, ғылыми –техникалық прогресімен сипатталады да, әлемдік экономикалық өрлеу кезеңі деп аталады. Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы, әлемнің екі лагерьге бөлінуі, капиталистік және коммунистік идеологиялардың үстемдік құруы, коммунистік блоктың күйреуі, жаһандық процестердің (үдерістердің) өршуі –осылардың барлығы – XX ғасырдың екінші жартысына тән өзіндік сипаттар. XX ғасырдың соңына қарай әлемде жаһандық экономикалық кеңістік қалыптасты. Сонымен бірге білім беру мен педагогикалық ой да күрт дамыды. Еуропаның бірыңғай білім беру кеңістігін құру бойынша алғашқы қадамдары жасалды.

   Білім беру жүйесінің  құрылымы айтарлықтай кеңейтіле  түсті. Бүгінгі заман адамының  білім алуға 15 жылдай уақыт жұмсайтыны  баршаға белгілі. Білім беру жүйесі  мектепке дейінгі, орта, жоғары, ЖОО  –дан кейінгі, қосымша білімді  қамтиды. Соншалықты ауқымды жүйе бір сәтте пайда болған жоқ, ол қоғамның көп ғасырлар бойы дамуының нәтижесі. Міндетті бастауыш білім туралы ең алғашқы заңдардың Австрияда 1774 жылы, Германияда (Пруссияда) 1754 жылы, Францияда 1882 жылы, Чехияда 1774 жылы, Швецияда 1876 жылы, Англияда 1870 жылы, Италияда 1877 жылы, Жапонияда 1872 жылы қабылданғанын тарихтан білеміз. XX ғасырдың екінші жартысында жоғары білім алу элитарлықтан көпшілік сипатқа айналған ахуал қалыптаса бастады. XX ғасырдың соңында ЮНЕСКО «Өмір бойы білім алу» – «Iteling learnig» парадигмасын қалыптастырды.

    1968 жылы Ф.Кумбстың «Білім берудің дағдарысы» аталатын кітабы жарық көрді. Оның сараптық бағасы бойынша білім берудің жаһандық дағдарысының себептеріне жататындар:

1. Адамдардың білім алуға қатысты күрт өскен әлеуметтік сұранысы;

2. Қаражаттардың жетіспеуі, соның салдарынан жүйе жаңа талаптарға жауап бере алмайды;

3. Білім беру жүйесінің енжарлығы;

4. Қоғамның өзінің енжарлығы;

Осындай баға XX ғасырдың  60-жылдарының соңы мен 70- ші жылдарында бүкіл Еуропа елдерінде білім беру реформаларын дұрыс жүргізуге септігін тигізді.

   XX ғасырдың екінші жартысын  білім беруді дамытудың мегаүрдісі  сипаттайды: міндетті орта білімді  жаппай енгізу мен жоғары білімнің бұқаралығы (жаппайлығы), білім беруді демократияландыру (дербестендіру), білім беруді әртараптандыру, білім беруді ақпараттандыру, компьютерлендіру мен технологияландыру, білім беруді интернацияландыру мен жаһандандыру, осы кезеңде орта және жоғары кәсіптік білім беру белсенді түрде дамыды. Осылардың барлығы Еуропа елдері мен АҚШ – та жаңа ұжырымдамалардың, теориялар мен идеялардың, жаңа және ең жаңа педагогикалық ойдың туындауына себеп болды.

   XX ғасыр білім беру жүйесін  кеңейту арқылы қоғамды өзгертті. Білім беру саласындағы көптеген ғалымдар, бір жағынан, білім беру арқылы дүниені, қоғамның дамуы мен мемлекетті жақсартуға болатынына сенім артса, екінші жағынан білім беру жүйесі мемлекеттік құрылым мен қоғамдық қарым-қатынастарды, қазіргі заманғы кезеңдегі мәдени дамуды айна сияқты көрсетеді. Білім мен саясаттың, білім мен мәдениеттің, білім мен қоғамның өзара ықпалдастығының теориялық рефлексиясы педагогика ғылымының өзін өзгертті және кеңейте түсті. Ол айқын пәнаралық сипат алып, инновацияларға, басқа гуманитарлық ғылымдардың жаңа білімдеріне есігін айқара ашып, серпінді дами бастады.

   XXғасырдың екінші жартысында  жаһандық екінші ғылыми революция  болғанын атап өтеміз, ғылым постклассикалық  емес даму кезеңіне ауысты, бұл  кезеңде гуманитарлық ғылымдар  серпінді дамиды.

   Педагогика «тәрбиелеу теориясынан» «тәрбие және білім беру теориясына» өзгеріп, білім беру саясаты, білім беру менеджменті, ересектерге арналған білім, білім тарихы, педагогикалық өлшем, халықаралық және салыстырмалы білім, масс-медиа білім беру, білім экономикасы, білім беру қызметтері жөніндегі зерттеулерді өз саласына енгізді.

   Дидактиканың өз тәсілдерді  жаңартып, оларды жеке адамды, когнитивті  ептіліктер мен машықтарды дамытуға, біліктілікті қалыптастыруға бағдарланды.

   Техникалық және технологиялық  революция дәуірінің әлеуметтік, саяси, педагогикалық талаптарының деңгейіне жақындай түскен мектеп өз келбетін өзгертті. Дағдарыстық құбылыстардан арылу ескіргеннің диалектикалық жойылуы мен жаңаның пайда болуы, педагогика мен білім беруді жаңа мазмұнмен толықтыру арқылы жүрді. Осы заманғы шетелдік педагогиканыңидеялық базасы ұдайы жаңартылып және түзетіліп отырды. А.Н.Джуринскийдің пікірі бойынша, батыс педагогикасындағы елеулі дидактикалық тұжырымдамалардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:

- дәстүрлі үлгіні;

- рационалистік үлгіні;

- феноменологиялық бағытты.

Дәстүрлік дидактикада білім берудің мәдени құндылықтардың ретрансляторы ретінде консервативтік (ескішілдік) рөлін сақтау идеясын уағыздайды. Білім беру жас ұрпақтарға бұрынғы заман мәцдениетінің әмбебап элементтерін табыстау ретінде қаралады. Дәстүршілдік ағымның өкілдері жүйелі академиялық білімге жаңа тыныс беруге ниеттенеді. Білім беруді ұйымдастырудың осындай бағдарламасы Ж.Мажоның, Ж.Капельдің, Г.Кэвелтидің, Ч.Е.Финннің және басқалардың әлеуметтік-педагогикалық тұжырымдарында көрсетілген.

   Рационалистік білім беру үлгісін әзірлеушілер П.Блум, Р.Ганье, Б.Скиннер және басқалары ең алдымен өздерінің күш-жігерлерін білімді меңгеру және жастарды білім беру тіршілік етіп жатқан практикалық бейімделуі проблемасына жұмылдырылады. Олар кез келген білім беру бағдарламасын білімнің, ептіліктің (іскерліктің), машықтардың «мінез-құлықтық (тәртіптілік) репертуарына» айналдыруға болады деп нандырады, ал әлгі білімді, іскерлік пен машықтарды білім алу үдерісінде меңгеру керек.

   Феноменологиялық бағыт өкілдерінің білім беруге қатысты көзқарастары (А.Маслоу және т.б.). Олар білім беруді гуманизациялауды уағыздайды. Олардың пайымдауында дербес оқу туралы ой басты арқау болады.

   Тәрбиенің  теориялық негіздемелерінен екі бағыт байқалады: социологизаторлық көзқарас, биопсихологиялық көзқарас.

   Солардың арасындағы басты  айырмашылық-әлеуметтік және биологиялық  тәрбие заңдылықтарына қатысты  ұстаным. Жеке адамды тәрбиелеуде  әлеуметтің (қауымның) жетекші рөлін  жақтайтындар қуатты лекті құрады. АҚШ-та, Францияда, Жапонияда әлеуметтік педагогиканың ролі елеулі. Әлеуметтік педагогика мектептен тәрбиенің негізі әлеуметтік факторын көреді. Бұл әлеуметтік ортаның айрықшалау үлгісі. Мектепте қоғамдық құндылықтардың басты таратушысы болып мұғалім есептеледі.

   Биопсихологиялық тәрбиенің  бағытын құрайтындар:

- экзистенцалистік педагогика;

- жаңаша тәрбие беру;

- гуманистік психологиялық мектеп  ұстанымдарының өкілдері.

   Олар тәрбие ізгілігін, яғни  баланың жеке басына бетбұрысты  заманның талабы мен бұйрығы деп қарады.

   Жаңаша тәрбие беру идеясы  Францияда (Р.Галь, А.Медичи, Ф.Фабр және  басқалар) кең тараған. Жеке адамға  ортаға бейімделуге мүмкіндік  туғызатын табиғи рефлексиясы  бар биологиялық тіршілік иесі  ретінде анықтама беріледі. Бір  жағынан жеке адамның ортамен өзара ықпалдастығының (іс-қимылының) маңыздысы мойындалса, екінші жағынан жеке адамның қауымнан тәуелсіздігі жарияланады. Қатал жазалаудың заңдылығына күмән келтіріліп,жеке адамды ілтипат пен құрмет арқылы қалыптастыру мақұлданбады.

   Гуманистік психологиялық мектептің басшылары (А.Маслоу, А.Конбе, К.Роджерс және басқалар) баланың мүдделерін, психикасын, жеке ерекшеліктерін ескеруді, баланың жеке басына ілтипатпен қарауды атап көрсетіп, оқушыларға қатысты мұғалім үстемдігі дәстүрінен бас тартуды ұсынады (Джуринский А.Н.1999).

   Осы томды жасаудағы мақсат-қазіргі  заманғы білім беру тұжырымдамалары  мен педагогикалық ғылым дамуының  бағыттарын зерттеу, қорытындылау, XX ғасырдың II жартыжылдығы әлемдік  білім теориясындағы білім беру  тұжырымдамаларының, теорияларының, ағымдарының сан алуандылығымен таныстыру.

Курстың басты міндеті –XX ғасырдың II жартысындағы педагогика және білім беру саласындағы шетелдік ғалымдар туралы студенттерге мағлұмат беру, ең жаңа кезеңдегі шетелдік ғалым- педагогтардың негізгі еңбектерімен таныстыру; бүгінгі заманғы білім беру тұжырымдамалары мен педагогикалық ғылым дамуының бағыттарын қарастыру, қоғамның жаһандану жағдайларындағы білім беруді дамытудың қазіргі үрдістерімен таныстыру.

  

 

Информация о работе Пәннің тақырыбы: Педагогика тарихы