Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балаларды оқыту ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 10:02, реферат

Описание работы

Ғасырдың ортасында дами бастады.А.Куссмауль,И.А.Сикорский атты ғалымдар бала жастағы сөйлеу тіліне назар аударып,нақты кемістіктерді олардың себептерін,клиникалық кемістіктерін зерттеген.Қазіргі логопедия сөйлеу тіліндегі түрлі ауытқушылықтарды ғылыми тұрғыцдан зерттеу және оларды жою,азайту,түзету жолдарын әзірлеумен айналысады.
Қазіргі логопедияда мектеп жасына дейінгі,мектептегі,жеткіншектер мен ересектер тұлғаларға көмек көрсету салаларын ажыратуға болады.

Содержание работы

1.Сөйлеу тілінің маңызы.
2 Логопедия пәні,мақсаты-міндеттері.
3. Тіл мүкістіктерінің бұзылуының түрлері.
4. Баланың сөйлеуінің бұзылуына әсер ететін факторлар.
5.Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балаларды оқыту ерекшеліктері.

Файлы: 1 файл

Тіл кемістігі бар балаларға педагогикалық көмек беру жүйесі.docx

— 79.10 Кб (Скачать файл)
  • гаммацизм - г, г , дыбыстары;

  • хитизм – х, х , дыбыстары;

  • йотацизм й дыбысы;

/ гректің капп, гамма, хи, йота деген әріптері қ,г,х,й дыбыстарын білдіреді/.

5. Ұяң дауыссыз дыбыстарының ақаулығы-сөйлеу тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстарының айтылуындағы ақаулықтар. Бұндай ақаулықта ұяң дауыссыздар өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастырада: в-п, д-т, в-ф, з-с, ж-ш, г-ғ, к-қ.

Бұндай ақаулықтар құлағы нашар еститін керең балаларда жиі кездеседі,

6. Жіңішке дауыссыз дыбыстардың ақаулықтары, Сөйлеу тіліндегі жіңішке дауыссыздардың өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастыру ақаулықтары: д-д, п -п, кх к# р -р.

Өздерінің жіңішке сыңарлары жоқ ш,ж,ц дыбыстары мен қатаң сыңарлары жоқ ч,щ,й дыбыстарында бүтіндей ақаулықтар кездеспейді

Әдебиеттер тізімі: 2,3,4,5.

Дәріс 4. Ринололия, симптоматикасы, түзету тәсілдеріне шолу.

Дәріс мақсаты: Ринололия, симптоматикасы, түзету тәсілдеріне шолу.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Ринололия - дегеніміз не?

  1. Ринололия түрлері

  1. Ринололия түзетудегі әдістердің, тәсілдердің, сабақтардың түрлері  

Ринолалия дегеніміз – сөйлеу тілі аппаратының анатомо–физиологиялық ақаулығының салдарынан дауыстың әлсіздігімен дыбыстың дұрыстың дұрыс айтылуының бұзылуы. Сөйлеу мүшелерінің бұзылуы мен дұрыс әуезінің бұзылуының қатарласып келуі ринолалияны дислалия мен ринофониядан ажыратуға мүмкіндік береді.

Ринолалияда артикуляция, дыбыс шығару /фонация/, дауыс пайда болу механизмдерінің мөлшерден ауытқуы байқалады, оның себебі ауыз жұтқыншақ пен мұрын резонаторының ара қатынастарының бұзылуынан болады. адамның сөйлеу мүшелерінің жұмыс істеуі дұрыс болған жағдайда сөйлеу тіліндегі барлық дыбыстарды айтқан кезде таза мұрындық дыбыстардан басқалары мұрын жұтқыншақ пен мұрын қуысының жұтқыншақ ауыз қуыстарының аралары бөлініп тұрады.

Бұл қуыстар жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы және жанындағы бұлшық еттердің жиырылуының әсерінен тағдай мен жқтқыншақтың жабысуы арқылы бөлінеді.

Дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың қимылмен жұтқыншақтың артқы жағының қалыңдауы бір уақытта болады және ол сонымен қатар жұмсақ таңайдың артқы арт жақ үсті жұтқыншақтың артқы жағымен жалғасуына мүмкіндік туғызады.

Жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың жақтауларының жалғасу деңгейі жұмсақ таңдайдың ұзындығына байланысты өзгері мүмкін.

Сөйлеп тұрған уақытта дыбыстардың айылуы мен сөздің шапшаңдығына қарай жұмсақ таңдай үздіксіз бірде төмен түсіп, бірде әртүрлі биіктікте жоғары көтеріліп тұрады. Таңдай  мен жұтқыншақтың мықтап қабысуы айтылатын дыбысқа байланысты және ол дауыссыздарға қарағанда дауыстыларда аз ашылады. Егер жұмсақ таңдайдың артқы жағының шеті мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының аралығында 6-мм-ге жуық кеңістік қалатын болса, онда дауысты дыбыстарды мұрыннан естілетін үн пайда болады.

Тағдай мен жұтқыншақтың ең нашар қабысуы с дыбысын айтқан кезде болады. /Бұл а дыбысының қабысуы кезіндегіге қарағанда 6-7-мәрте күштірек кетсе болдаы/. М, н,ң мұрын дыбыстарын айтқанда ауа ағыны мұрын резонаторының кеңістігіне емін-еркінкіріп кетеді.

 

РИНОЛАЛИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ.

Таңдай жұтқыншақтың қабысуындағы қызметінің бұзылуының ерекшеліктеріне байланысты ринолалия әр түрлі болады.

Жабық ринолалия. Бітеу ринолалия сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы кезінде мұрыннан жақсы естілудің физиологиясының төмендігін сипаттайды. Мұрын жолды м,н,ң,ц дыбыстарының дұрыс айтылатындығы үндерінің өте ашық естілетіндігі байқалады. Бұл дыбыстардың артикуляциясының барысында мұрын жұтқыншақ ашық қалады да, ауа мұрын жолына кіріп кетеді. Егер мұрыннан шығатын үн жақсы естілмейтін болса, онда бұл дыбыстар м, м–б,б; н, н–д, д, н ,ң–ғ болып ауыздан айтылады.

Жабық ринолалияға шалдыққан кезде мқрын жолды дауыссыздардан басқа дауысты дыбыстардың да дұрыс айтылуы да бұзылады. Бітеу ринолалияда даууысты дыбыстарды айтқан кезде өлімсіреп мыңқылдаған үн шығады.

Жабық риноалалия пайда болуының себебі мұрын кеңістіктеріндегі органикалық өзгерістердің немесе таңдай мен жұтқыншақтың қабысуындағы функционалдық бұзылуының салдарынан болады. Органикалық өзгеріс ауруға шалдыққан мұрынның ауа өтетін жолы тарылып, тыныс алуының қиындап кетуі салдарынан болуы мүмкін. Алдыңғы жабық ринолалия мұрынның артқы бөлігінің төменгі қабыршағының қалыптан тыс ұлғайып кетіп /гипертрофия/ тұрақтап ұзаққа созылуынан /хронический/ кеңсіріктің кілегей қабығының қабынуынан мқрын шеміршегінің майысуынан, мұрын жолының ісінуінен пайда болады. артқы жабық ринолалия балаларда жиі кездесетін тамақ, көмекей бездерінің шамадан тыс ісіп кетіп ұлғаюының салдарынан, мұрын жұтқыншақ қабынуынан, мұрын жұтқыншақтың фибромасы немесе басқадай ісіктерінен пайда болады.

Функционалды жабық ринолалия балаларда жиі кездеседі, бірақ анықталуы әр уақытта дұрыс бола бермейді. Оның бір ерекшелігі мұрын жолының өтімділігі жақсы және мұрыннан тыныс алуы бұзылмаған жағдайда пайда болады. функционалды жабық ринолалия мұрын және дауысты дыбыстардың әуезділігі органикалық жабық ринолалияға қарағанда күштірек болуы мүмкін. Оның себебі, жұмсақ таңдай фонациясының және мұрын жолды дыбыстардың айтылуы кезінде әдеттегісінен жоғары көтеріліп кетеді де дыбыс толқынымен мұрын жұтқыншаққа баратын жолды жауып қалады. Бұл сияқты құбылыстар нерв ауруына шалдыққан балаларда байқалады.

Органикалық бітеу ринолалия кезінде ең алдымен мұрын қуысының таылуын жояды. Мұрыннан дем алуы қалай дұрысталса, ақаулық та солай жоғалады. Егер мұрын жолының тарылуынжойғаннан кейін де бітеу ринолалия немесе ринолалия дығдылы тұрғысынан өзгермесе, онда оған функционалды бұзылға жүргізілетін жаттығуды қолданады. Функционалды бітеу ринолалаияда балаларға мұрын жолды дыбыстарды айтқызуды жүйелі түрде жаттықтырады. Ауаны ауыздан және мұрыннан ішке жұтуды, сосын осы жолмен тысқа шығуды дифференциялау бойынша дайындық жұмысы жүргізіледі. Содан кейін дауыс жаттығулары арқылы тыныс жолын орнықтыру жаттығулары қиындатылады. Сондай ақ қозғалысты жаттығуларды қолданғанда тыныс жолының қимылдарын қолдың, дененің қимылдарымен байланыстырудың пайдасы бар. Балаларға мұрынның желбехегі дірілідейтіндей етіп, дыбыстарды созып айтуды үйретеді. Онан әрі мектеп жасына дейінгі балаларды дауысты дыбыстарды аздап мұрыннан естілетіндей етіп, па, пе, пу, пе, пи буындарын айтуды талаптандырады. Осы тәсілмен дауыссыз дыбыстарды да мұрын жолды дыбыстардың алдында жаттықтырады.

Бала бұл буындарды дұрыс айтуды үйреніп алған соң енді ішінде мұрын жолды дыбыстары бар жаңа сөздерді дұрыс айтуға жаттыға бастайды. Мұрын жолды дыбыстары бар сөздерді мұрыннан анық естілетіндей етіп, дауысын созып, қатты айтуға тырысу керек.

Жаттығу жұмысының қорытындысы дауысты дыбыстарды әрі ұзақ, әрі қысқыа және қатты айтумен аяқталады. Сонымен қатар бұндай жаттығуды әннің ырғағымен де орындайды.

Функционалды жабық ринофонияны түзету жұмысы көп емес. Ал ринолалияны алдын ала болжау қиын болғандықтан түзету жұмысының мерзімі де ұзақтау. Оның себебі, функционалды бітеу ринолалияның артикуляциясындағы дыбыстардың ақаулықтарын да жоюға тура келеді. Сондай ақ ринолалияның бұндай түрлеріне шалдыққан балалардың психикалық дамуына кейбір ерекшеліктерде жиі байқалып қалады.

АШЫҚ РИНОЛАЛИЯ

 Ауыз бен мұрын жолы  аралығында қақпа жабық тұрған  кезде дауыс дірілі ауыз жолы  арқылы өтеді де, сөйлеу мүшелеріндегі  дыбыстар дұрыс айтылады. Егер  ауыз бен мұрын жолының аралығындағы  қақпа толық жабылмай, бір шеті  ашық қалса, ауа дірілі мұрын  жолына өтіп кетеді. Соның нәтижесінде  ауыз бен мұрын жолының аралығындағы  қақпа бұзылған жағдайда дауыстың  үні жаңғырып естілетін болады. Бұндай жағдайда, әсіресе, дауысты  дыбыстарды айтқан кезде үннің  әуені өзгереді. Дауысты дыбыстардың  ішінде и мен у дыбыстарының  үн әуездері көбірек өзгереді, өйткені бұл дыбыстардың артикуляциясында  ауыз жолы басқаларына қарағанда  көбірек тарылады. Е мен о дыбыстарын  айтқанда үн әуездері білінер-білінбес  қана естіледі. Ал а дыбысының  мұрыннан естілуі тіпті білінбейді  десе де болады, өйткені ол  дауыстыны айтқанда ауыз жолы  кең ашылады.

Ашық ринолалияда дауысты дыбыстардың үн әуездерінің бұзылуымен қатар кейбір дауыссыз дыбыстардың да үн әуездері бұзылады екен, ысқырық /свистящих/ және ызың /щипящих/ дыбыстарды айтқан кезде қырылдап естіледі. /ф,в,х/ сол сияқты ерін-тіс /п, б, д, т, к, қ, г, р/ және үнді /л,р/ дыбыстарын айтқан кезде де үн әуездері ашық естілуі үшін дұрыс айтылуын қамтамасыз етеін ауыз қуысында ауа қысымы пайда бола алмайды. Ашық ринолалияда ұзақ созып айтқанда шығатын ауа ағымының әлсіздігі сондай, тіпті р дыбысын шығаруға тіл ұшының дірілдеуге шамасы жетпейді.

Ашық ринолалия органикалық және функционалдық болып бөлінуі мүмкін.

Органикалық ашық ринолалия іштен туа біткен түрлеріне жұмсақ қатты таідайлардың жарылуы жатады.

Сыртқы соққының залалынан пайда болатын органикалық ашық ринолалия түріне ауыз және мұрын қуыстарының зақымдануы және жұмсақ таідайдың сыртқы соққының әсерінен сау болып қалуы жатады.

Функционалды ашық ринолалияның шығу себептері әр түрлі болуы мүмкін. Бұған баланың сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың балбырап босаңсуы мысал болады. функционалды ашық ринолалия талма ауруы /истерия/ ұстаған кезде өздігінен болатын ақау сияқты, ал кейде еліктеу сияқты болып көрінеді.

Функционалды ашық ринолалияның бір түрі тамақ, көмей бездерінің ұлғайып кетекен ісігін сылып тастағаннан кейін жұмсақ таңдайдың ұзақ мерзімге дейін қимылдай алмайтындығынан пайда болады. 

Ашық ринолалияның функционалды түрін тексергенде жұмсақ және қатты таңдайдың органикалық өзгерісі байқалмайды. Функционалды ашық риналалияның белгісі, бұнда әдеттегідей сөйлеу тіліндегі дауысты дбыстардың айтылуы бұзылады, ал бұл уақытта тіліндегі дауыссыз дыбыстарды айтқанда таңдай мен жұтқыншақ жақсы қабысады және оладың үндері шықпайды.

Функционалды ашық ринолалия болжауы органикалыққа қарағанда едәуір қолайлы. Фониатриялық жаттығудан кейін мұрын жолды әуез жойылады, ал дыбыстарды айтылуының бұзылуын дислалия кемістіктерінде бұрын қолданылған тәсілдерді пайдаланып жояды.

Ринолалиядағы таңдай мен еріннің жырық болып тууының себебі логопедия мен бірқатар медицина ғылымы үшін маңызды мәселе болып саналады /хирургиялық, стоматология, ортодондтия, отоларинология, медициналық генетика  және т.б. /. Ерін мен таңдайдың жырығы өмірде тараған және әштен дамыған ауыр кесел.

Осы кеселдің салдарынан баланың дамуы барысында қатты функционалды бұзылу пайда болады.

Ерні мен таңдайы іштен жетілмеген бала емшекті өте үлкен қиындықпен сорады. Ерін мен таңдайдың біреунің жарылуы баланың соруына ерекше қиындық туғызса, ал екеуі бірдей жырылаған бала сору қабілетінен мүлде айырылады.

Баланы тамақтандырудың қиындығы оның өсуін нашарлатады және ол ауруға шалдыққыш келеді. Жырық балалардың көпшіліг жоғарғы тыныс жолының қабынуы бронхитқа, қан азаю, өкпенің қабынуы, мешел ауруына бейім болады.

Бұндай балалардың лор мүшелерінде: мұрын шеміршегінің қисаюы, мұрын желбезегінің өзгеруі, тамақ көмей бездерінің өзгеруі сияқты патологиялық өзгерістер байқалады. Бұл балаларда мұрындарының ісіп, қызаруы жиі болып тұрады. Ісіп қызару барысы мұрынның шырышты қабағына, жұтқыншақтың евстахиев түтігіне ауысып және орта құлақтың қабынуын қоздыруы да мүмкін.

Жиі ісулердің созылмалы ауруға айналуы есту қабілетінің нашарлауына себепше болады. есту қабілетінің төмендігі әр түрлі дәрежедегі жырық таңдай балалардың шамамен 60-70% сөйлеу тілін түсінуге аса қиындық туғызбайтын шала еститіндермен айтарлықтай мүкістігі барлар.

Ерін мен таңдай құрылысының анатомиялық ауытқуы үстіңгі жақ сүйектің дұрыс дамуына және қиқы-сиқы орналасқан тістердің дұрыс тістенбеуімен тығыз байланысты.

Ерін мен таңдайдың ақаулығынан пайда болып жатқан функционалды бұзылулар дәрігерлердің үнемі бақылап отырыуын талап етеді.

Қазіргі кезде нәресте өмірінің бірінші жылы бүтіндей педиатрдың міндетіне жүктеледі. Ол нәрестенің күнделікті тамақтандыру ережесін, сақтандыру және емдеу шараларына жетекшілік етеді, қажет болған жағдайда қатынап немесе жатып емделугекеңес береді.

Үстіңгі ерінді хирургиялық жолмен қалпына келтіруді нәрестенің дүниеге алғашқы келген күдерінде перзентханада жасалады.

Таңдайдың жырығына стомотолог-ортодент әр түрлі аспаптарды, соның ішінде хирургиялық емдеуге дейінгі тамақтануын жеңілдететін және сөйлеу тілінің дамуына жағдай жасайтын абтураторды қолданады. Оторинолог құлақтың, мұрын жолынының, мұрын жұтқыншақтың және көмейдің ауруларын анықтайды, өзгерістерін емдеп алдағы болатын хирургиялық емдеу жұмысына дайындайды.

Ой өрісі дамуында ауытқуы бар және жүйке ауруы айқын білініп тұрған балаға невропатолог кеңес береді.

Таңдайдың жырығын қалпына келтіру үшін хирургиялық емдеуді көп жағдайдарда мектеп жасына дейінгі балаға жасайды.

Таңдайдың жырығы бар балалар психикасының дамуының жағдайына байланысты психикасы дұрыс дамыған бала ой-өрісінің дамуы кешеуілдеген бала; ақыл ойы кем бала болып үш түрге бөлінеді. Неврологиялық тексерудің көрсеткенінне қарағанда бас миының зақымданған белгісі әдеттегіндей байқалмайды. Кейбір балаларда жкелеген неврологиялық болмашы белгілер бар. Нерв жүйесінің функционалдық бұзылуы балаларды едәуір жиі кездеседі, кейде айтарлықтай психогенді әлсіздігі көтеріңкі қызбалығы да байқалады.

Жоғарыда айтылғандардан басқа, таңдайдың іштен туа біткен жырығы баланың сөйлеу тілінің дамуына теріс ықпал етеді.

Ерін және таңдай жырықтарының сөйлеу тілінің дамуының қалыптасына әр түрлі роль атқарады. Бұл анатомиялық ақаулықтың көлемі мен түріне байланысты.

Информация о работе Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балаларды оқыту ерекшеліктері