Моторлы афазия. бас ми қыртысының төбедөн
төменгі және тұрақты орталық бөлімдерінің
қосымша аймағында орналасқан артқы орталық
немесе Ролланд аткызының /борозда/ закымдануынан
пайда болады.
Афференттік моторлы афазияға тән ерекшелік ол
күрделі буындардың құрамын таңдаудың
киындығы. Аурулар тұйық буындарды екі
ашық буынға бөлшектейді, буындағы дауыссыздардың
тіркесіп катар келген жерге бөлшектейді,
дауыссыз дыбыстарды түсіріп калдырады.
Сондықтан да тон, жаз, мал, сөздерін "то~ни, "жа-з",
"ма~л" айтады.
Зақымданудың немесе инсульттің
алғашқы кезеңінде афферентті мида сөйлеу
тілін түсінуі өрескел бұзылатындығы
байқалады. Бірақ ол көпке созылмайды,
иксульттан кейінгі бір немесе бірнеше
бөліктен кейін олардың ауыз екі сөйлеу
тілін, жеке сөздердің басын, жеңіл-желпі
нұскаулары түсініп орындауы
қалпына келеді.
Түзу, уақытша ұйымдасқан қимыл бас
ми қыртысының алдыңғы аймағында іске
асырылады. Аталастардың катаң заңына
бағынатын сөйлемдегі сөздердің, буындардың,
дыбыстардың синтаксистік /тұтас синтаксикалык
ырғақ-мағыналық бірлігі/ тізбекте пайда
болады. Мысалы: сабақ деген сөздегі дыбыстардың
реттік қатары міндетті түрде тек солай
тұруы керек.
Эфферентті моторлы афазия орталық ми тамырларының
сол жағындағы тармақтарының закымдануынан
пайда болады. Ол дағдыдағыдай бағдарламаның
қимылын игеріп алуы мен еске түсіруінің
қиындығын көрсететін кинестетикалық
ауытқуымен/апраксиясымен коса жүреді.
Ми кимылы бөлімдерінін алдыңғы жағының
зақымдануы дыбысқа, буынға және лексикалық
орын ауыстыруына жәнө персеверацияға
/патологиялиқ Кайталау/, қайталай айтуына
еліктеп сөйлеуінің патологиялик енжарлығын
туғызады, Сөйлеу мүшелерінің бір әрекеттен
екіншісіне дер кезінде ауысуына мүмкіндігі
болмауының салдарынан персеверациясында,
буындардың, сөздердің еріксіз қайталануында
қоя алады, ал кейде оқуы, жазуы, ауызекі
сөйлеу тілі толығымен орындалмайды.
Орескел бұзылған эфферентті
моторлы афазияның алғашқы кеэеңінде
ми қан айналымы бұзылғаннан кейін өзінің
сөйлеу тілі мүлде болмай қалуы мүмкін.
Афазияның бұл түріндегі сөйлеу
мүшелері аппаратының жеке дыбыстарды
кайталауында қиналмайды, керісінше буындардың
немесе дыбыстардың көп сериясын қайталауда
қиналатындығы байкалады. Афазияның бұл түрінде мақалдарды,
астарлы сөздерді, көп мағыналы сөздерді
толық түсінбейтіндігі байкалады. Оқуы
мен жазуында да айтарлықтай киындықтар
кездеседі. Мысалы, сөздер мен сөз тізбектерін
тек буындап айтқанда ғана жазуы мүмкін. Бұл афазияның
жеңіл түрінде оқу кабілеті сақталғанмен
оның мазмұнын түсінуі қиындыққа соғады.
Ми сыңарларының сөйлеу тілінің
маңдай арты бөлімінің сол жағындағы орталық
үстемділік мүшесі зақымданған кезде
пайда болады, немесе үшінші функциональды
блок деп аталады. Ол блок сөйлеу тілі
қызметінің белсенділігін, реттеуін және
жоспарлауын камтиды.
Афазиянын бұл түріндегі сөйлеу
тілінің негізгі ақаулығы сөзді қиналып
айтатындығы, ал кейде емін-еркін белсенді
сөйлеуге мүмкіндігі мүлде болмайтындығы.
Динамикалык афазияда жекелегөн дабыстар
дұрыс аталады, сөздерді және кысқа сөйлемдерді
артикуляцияның қиындығынсыз
қайталады, бірақ сөйлеу тілінің кызмет
катынасы әйтсе де бұзылады. Өрескел бұзылуы
тек сөйлеу тілінде ғана білініп коймайды,
сонымен бірге оның жалпы еріксіздігі
де, ынжықтығы да байқалады және нағыз
эхолалия, ал кейде эхопраксия да пайда
болады, кейде әңгімелеуші адамның тек
сәйлеген сөзін ғана емес өзіне қойылған
сұрақтарын да, тіпті жасаған қимылдарын
да енді аңғармай соған еліктеп қайталайды.
Динамикалық афазияның мәнерлі
сөйлеуінің мүлде жоқтығынан бастап сөйлеу
тілінің қатынастық бұзылуының кейбір
дәрежесіне дейін коммуникативтік қызметінің
бұзылу дәрежесінің әр түрлілігін сипаттайтын
бірнеше түрлері болады. Динамикалык афазияның
негізінделген қыска сөйлемдерді қайталап
отыру кезінде оны жоспарлауының қиындығы
байқалатын сөйленетін сөзінің іштен
ойлап бағдарлауының бұзылуы жатады. Сөйлегенде
сөздерін әрқашан суйемелдеп тұрғанды
науқастар өте керек етеді. Олардың сөйлеу
тіллерінде синтаксика-құрылысының қарапайымдылығымен
және дағдылы құрғақ еліктеу сөздерімен
көзге түседі, бұндай кезде аграмматизм
байқалмайды.
Динамикалық афазияның негізгі
бөлімі өз еркімен байланыстың сөйлеуінің
бұзылуы болады. Сюжетті бейімді сурет
бойынша әндеу кезінде жекелеген және
бір-бірімен байланысы жоқ оқиға үзінділері
айтылады, ал мағынасының негізгі желісі
көрсетілмейді. Мысалы, /міне ... мынада
тауық .... және алтын жұмыртқалары болған...
ол оны да өлтірді ... міне!/ Динамикалық
афазияда заттарды атаған кезде, әсіресе
танып адамдардың әкесінің немесе өзінің
есімдерін, қалалардың көшелердің және
тағы басқалардың аттарын атаған кезде
жалған ұмытшақ бола бастау қиындығы /псевдоаминотическое/
байқалады. Акустико-мнестикалық семантикалык
афазияға шалдыққан науқастардан бұл
афазияның түріне шалдыққан науқастардың
айырмашылығы бұлар заттың атын атау үшін атқаратын
қызметін фразиологиялық тұрғыда баяндап
суреттемейді, сөздің бірінші буынына
демеу беріп айтып жіберу оның іздеген
сөзін табудағы селқостығын сейілтіп
тұйықтан шығып кетуіне түрткі болуы
мүмкін. Сөйлеу тілі
барысының селқостығы салдарынан анда-санда
аяғынан бастап басына қарай қатарымен
салап шығу тапсырмасын орындай алмай
едәуір қиналады. Мысалы, 20-дан І-ге дейін.
Маңдай миынын сол жағы кең
көлемде зақымданған кезде, ойлау ниетін
және мінез құлық, тәртібін бағдарлауы
қатты бұзылады, айналасындағылармен
ірі болмайтыны байқалады, беретінін ещуақытта
тұжырымдап айтпайды, сұрақтар қоймайды.
Өз еркімен мұндай сөйлей алмауы мумкін. Диалогикалық
оөйлеу тілі өрескел бұзылған және сұрақтарды
қайталауы эхолалиямен сипатталады.
Бұдан гөрі жеңілдеу жағдайда
көбінесе әңгімелесушінің сұрақтарын
эхолалиялап тыңдаланады, ондай жағдайда
сөздің грамматикалық құрылысының сыртқы
көрінісін дұрыс келтіреді. Мысалы сіздер
бүгін тамақтандыңыздар ма?" деген сұраққа:
"біздер бүгін тамактан-жоқ деген жауап
береді. Сөйлеу тілінде көп персеверация
байқалады. Мысалы, науқастардың өздері
қарындаш деген сөзді "әртүсті" деген
сөздің көмегімен айтып, келесі көрсетілген
заттарды /қасык, гүл/ алдынғы
айткан сөзді жалғастырып. шай қарындаш,
темір карындаш дейді. /шай касық, темір
қасық деп айтудың орнына.
Қимыл алды /премоторный/ жүйелерінің
заңдануы кезінде тек толық айтылатын
сөзінің түпкі ойы ғана емес, сонымен біргө
әңгімені оқығанда желісін түсінуге қажетті
сөйлеу тілі құрылысының орындылығы да
бұзылады.
Динамикалық афазияның жеңіл
түрінде біршама баяу қарқынмен, арасына
үзіліс жасап айтылған қарапайым сөйлеу
тілін түсіну сақталады, бірақ ұсынылған
тапсырманы тездеткенде, бейнелі суреттерді
адамның дене мүшелерін көрсеткенде персеверадиясы
жане заттың тұрған орнына таба алмау
қиындығы байқалуы мүмкін, сөздің мағынасынан
өгейсініп түсінбей калатындығы пайда
болады.
Динамикалық афазияда да эфферентті
қозғаушы афазиядағы сияқты сөйлеген
сөзді түйсінуі бұзылатындығы білінеді,
күрдө\елі сөйлемдердің мазмұнын түсінбейтіні,
әсіресе есінің түсінігіне
жеңіл болу үшін сөйлмдердегі
сөэдердің орындарын ауыстырып қоюды
талап өтетін инверсиялау шылары пайда
болады.
Динамикалық афазияда оқуы
мен жазуы сақталған және олар сөйлеуін
қалпына келтіру үшін қызмет етеді.
Динамикалық афазияда қарапайым
санау-есептеу амалдары тіпті сөйлеу мәнері
өрескел бұзылган кезде де сақталады,
бірақ афазияның бұл түрінде дұрыс шығару үшін жоспар
құруды талап ететін арифметикалық сөз
есептерді шығару күрт бұзылады.
Жарақаттанғанда немесе мидың
қан айналымының бұзылуынан көршілес
жатқан сөйлеу тілі аймағының нөмесе бірнеше
ошақтарының болуына байланысты, афферентті-эфферентті,
динамикалык-эференттік және сенсомоторлы
афазиялардың барлық түрлері қосылған
аурулар жиі кездеседі.
Афазияға шалдыққан кездегі
мидың күрделі қыртысының қызметін зерттеудің
жалпы мазмұны төмендегідей жүргізіледі:
1. Сөйлеу тілі қатынасының жалпы
қабілетін зерттеу сөйлеу тілінің толықтығын,
күнделікті тұрмыста қолданатын сөйлеу
тілін түсінуін, сөйлеу тілінің белсенділігінің
дәрежесін анықтау мақсатымен аурумен
әңгімелесу.
2. Сөйлеу тілін түсінуін зерттеу.
Бір және көп білімді арнайы нұсқауларды
өстіртіп айтады; заттарды іздеп табу
тапсырылады; кысқа әңгімені есту бойынша
айтып береді; логико-грамматикалық құрылысты
шешеді. Фонематикалық есту қабілеті;
естігенді жадында сақтауы; мақалдардың
мағынасын түсінуі тексөріледі.
3. Сөйлеу мәнерін зерттеуге:
машықтандырылған сөйлеу тілі дыбыстарды,
буындарды, күрделілігі әр түрлі дәрежедегі
сөздерді бейнелі суреттегі заттарда
атауы, іс-әрекеттердің қимылын атауы,
бейнелі суреттегі окиға желісіне қысқа
сөйлемдер оң әнгіме құрастыруы, оқыған
әңгімесін айтып беруі жатады,
4. Оқуын, жазуын және есебін
зерттеу.
5. Ауыздың /оральный/, кеңістіктің
және динамикасының тегі козғалуын /праксис/
зерттеу,
6. Акустикалық және оптикалық
аңғаруын /гнозис/ зерттеу. Ми кыртысының
қызметін тексерудің қортындысын
жинақтап афазияға шалдыққан
аурудың сөйлеу тіліне жалпы
сипаттама жасалады. Онда фонематикалык
есту кабілеті, ингрессивтік аграмматизмі,
тапсырманы орындағанда патологиялық
қайталауы /персевератность/ жеке сөздерді
және күрделі нұсқауларды түсінуі,
фразиологиялық оралымдары, сөйлеу
тілін естуінде жадында сақтауының
ерекшелігі сиякты, сөйлеу тілін
түсінуінің бұзылу дәрежесі сипатталады.
Сөйлеу мәнерінің, патологиялық
қайталауының /персеверация/, сөздік /вербальный/
және дыбыстық /литеральный/ парафазияның,
жеке сөйлемді сөздерді, дыбыстарды
кайталау мүмкіншілігінің,
карапайым және көп сериялы бейнелі суреттер
бойынша қысқа сөйлем құрастыру және заттарды
атау мүмкіншілігінің
бұзылу дәрежелері белгіленіп көрсетіледі.
Ішінен оқу, жазу, нұсқауларын орындау,
өрескел бұзылған оқуында жеке сөздерді
тану, қысқа сөйлемді, сөздерді дыбыстарды
жазу, өздігінен жазу мүмкіншілігі,дыбыстық
/литеральный/ және сөздік /вөрбальный/
парафазиясы, сөйлемдегі әріптердің әріптердің,
буындардың және сөздердің түсіп калуы
және орын алмастырылуы, пато-логиялық
қайталауы /персеверация/ міндетті түрде
көрсетіледі.
Аурудың математикалық амалдарын
орындауын ондық сандардан өтіп санау мүмкіншілігін
оральдық артикуляторлық ауытқуларын
/апраксия/ динамикалық немесе конструкциялық-кеңістік
ауытқуын акустикалық және оптикалық
ағаруының сақталуын тексереді. Ауруды
мұқият тексеруден өткізеді /сұрау, психологиялық
бай-кау /тесты/. Жанжақты нейропсихологиялық
/құрамы врач, психолог, логопед/ тексерудің
нәтижесінде афазияның түрі және оның
барын қызметтерінің бұзылу дәрежелері
туралы корытынды жасалады.
Афазияны жою жөніндегі педагогикалық
түзетушілік бағыттары.
Афазияны жою жөніндегі логопедия
жұмысына жалпы лингвистикалық негіздегі
оқыту пайдаланылады /көрнектілігін, түсініктілігін
және басқалар/, алайда осыған байланысты,
сөйлеу тілі қызметін қалпына келтірудің
үйрету жұмысын қалыптастырудан артықшылығы
бар, жаңа сөйлей бастаған балаға қарағанда
сөйлейтін және жазатын ересек адамның
миындағы қыртыстың күрделі қызметі біршама
басқаша құрылган./А.РЛурия, І969,Л.С.Выготский,
І984/,педагогикалық түзету жұмысын жоспарлағанда
негізі төмендегідей қағидаларды басшылыққа
алған жөн.
1. Сөйлеу тілі қызметін қалпына
келтірудегі педагогикалық түзету жұмысының
тәсілдерін таңдау кезеңге нөмесе сатыға
байланысты. Консульттан кейінгі алғашқы
күндеріндегі жүре сөйлеу тілін қалпына
келтіру барысында аурудың біршама енжарлықпен
қатысуы арқылы жүргізіледі. Сөйлеу тілі
қызметінің тежелуін түзететін және алғашқы
кезеңде қалпына келтірілген эфферентті
моторлы афазияны кездесетін
литеральды парафазия сияқты сөйлеу тілінің
бұзылуын алдын ала сақтандыру тәсілдерін
пайдаланады. Сөйлеу тілі міндетін қалпына
келтірудің ең соңғы кезеңінде ауруға
тілі жұмысының жолын және жоспарын түсіндіреді,
тілін түзету жұмысын пайдалануға болатын
көрнекі құрал беріледі.
2. Педагогикалық түзету оқуының
жүйесі не алғашқы бұзылған акцияларын
қалпына келтіруге, не болмаса сөйлеу
тілі кызметінің сақталған бөлімдерін
қайта құруға мүмкіндік
беретін жұмыс тәсілін таңтауды ұйғарады.
Мысалы, сенсорлы афазиядағы фонематикалық
есту қабілетін қалпына келтіру барысы
сақталған оптикалық және кинестетикалык
қабілеттерін пайдалану жолымен іске
асырылады, ең бастысы, дыбыстының жақындығы
бойынша сөздерді мағынасына қарай ажырату
/дифференциялау/.
3. Алғашкы нейропсихологиялык
алғы шартының қандайы бұзылғанына
қарамастан афазияның кез келген
түріндегі сөйлеу тілінің: сөйлеу
мәнері, түсінуі, оқуы және жазуы
сияқты барлық жақтарымен жұмыс
жүргізеді.
4. Афазияның барлық түрлерінде
сөйлеу тіліне ездігінен бакылауы
дамытылады, сөйлеу тілінің қатынас
қызметі қалыптасады. Тек аурудың
өз қатесін түсінген жағдайда
ғана сөйлеу тілін бакылау үшін, әңгімесін
жоспарлау үшін, литеральды
және сөздік /вербальный/ парафазияны
түзету үшін жағдай
туғызуға болады.
5. Афазияның барлық түрлеріндегі
сөз түсінігін
калыптастыру үшін әр түрлі
сөз тіркестеріне қосып жаттықтыру жұмысы
жүргізіледі.
6. Түзету жұмысының барысында
әртүрлі сырткы тіректі жан-жақты пайдаланады.
Бұндай тіреккө динамикалық афазияда
өздігінен толық сөйлеуін қалыптастыруына мүмкіндік
беретін сөйлемдердің жалпы нобайы және
/фишка/ тәсілдері, афазияның басқа түрлерінде
дыбыстардың артикуляциясын көрсетерін
нобайын /схема/ таішау жолы шпресоивтік
аграмматизмді жою үшін пайдаланатын
жалпы нобайы жатады.
Сөйлеу тілі қызметінің бұзылуын
қалпына келтірудің жетілдіру барысы
/динамика/ зақымданған жерінің орнына
және көлеміне афазияның түріне, қалпына
келтірудің бастап оңалту мерзіміне және
аурудың преморбидиялық деңгейіне байланысты.
Бас миы қан тамырларының тромбоэмболия
тамырлардың біртіндеп қалуының қанның
үюы болған кездегіге немесе мидың зақадануына
қан құйылу салдарынан пайда болған афазияларда
аурудың сөйлеу тілі жақсы қалыптасады.