Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 10:02, реферат
Описание работы
Ғасырдың ортасында дами бастады.А.Куссмауль,И.А.Сикорский атты ғалымдар бала жастағы сөйлеу тіліне назар аударып,нақты кемістіктерді олардың себептерін,клиникалық кемістіктерін зерттеген.Қазіргі логопедия сөйлеу тіліндегі түрлі ауытқушылықтарды ғылыми тұрғыцдан зерттеу және оларды жою,азайту,түзету жолдарын әзірлеумен айналысады. Қазіргі логопедияда мектеп жасына дейінгі,мектептегі,жеткіншектер мен ересектер тұлғаларға көмек көрсету салаларын ажыратуға болады.
Содержание работы
1.Сөйлеу тілінің маңызы. 2 Логопедия пәні,мақсаты-міндеттері. 3. Тіл мүкістіктерінің бұзылуының түрлері. 4. Баланың сөйлеуінің бұзылуына әсер ететін факторлар. 5.Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балаларды оқыту ерекшеліктері.
Үстіңгі еріннің жырығы, үстіңгі
және жақ сүйектер жырығы;
Қатты және жұмсақ таңдайдың
жырығы;
Үстіңгі еріннің жырығы, тіс
түбі қызыл ет өскіні жәнетаңдайдың бір
жақты немесе екі жақты жырығы;
Таңдайдың шырышты қабығы асты
жырығы.
Жырық ерін мен жырық таңдайда
барлық дыбыстар мұрыннан немесе мұрын
жолы реңімен айтылып сөйлеу тілін түсініксіз
етіп бұзып жібереді.
Ауыздағы асын жұтқанда мұрын
жолына кетіп қалмас үшін бала жастайынан
тілінің арт жағын көтеріп, мұрын жолын
жабатынды дағдыға айналдырған. Бұндай
әдет баланың сөйлеу тілі мүшелерінің
әрекетін өзгертеді.
Сөйлеген кезде әдеттегідей
аузын аз ашады және тілінің үстін қалыптағысынан
жоғары көтереді. Тілдің ұшы осыған байланысты
жеткілікті мөлшерде қимылдамайды. Бұнда
әдет сөйлеу тілінің сапасын нашарлатады,
себебі жақ сүйегі мен тіл жоғары көтерілген
кезде ауыз қуысы мұрын қуысына ауа өтіп
кететіндей жағдайға келеді де мұрын дыбысының
реңін күшейтеді.
П, б, ф, в дыбысын айтуға талаптанғанда
ринолалиясы бар бала өзінің «тәсілін»
қолданады. Дыбыстардың жұтқыншақ қаңумен
алмастырылуы ринолалияның ауыр түрімен
шалдыққан баланың сөйлеу тілін өте өзгеше
түрде сипаттайды. Көмекей қақпағы тілдің
артқы жағына жанасқан кезде қақпақ жабылғандағы
дыбысқа ұқсаған қағу пайда болады.
Таңдайдың ақаулығының көлемі
мен сөйлеу тілінің бұрмалануының бұлай
жақын үйлесуі анықталған. Бұл балалардың
мұрын және ауыз қуыстарының пішін үйлесімдерінің
өзгешеліктеріндегі дербестітерімен
түсіндіріледі және әр бала өзінің сөйлеу
тіліндегі дыбыстарды шығару қуысы мен
толықтыру /компенсаторлық/ тәсілдерінің
байланыстарындағы анықтылығын жақсарту
үшін пайдаланады. Сонымен бірге баланың
сөйлеу тілінің анықтылығы жасына және
психологиялық дербестігіне байланысты.
Сөйлеу тілі органдарының жұмыс
істеуінде қауіпті өзгерістердің пайда
болуынан сақтап қалу үшін баламен логопедиялық
жұмысты операцияға дейін бастау қажет.
Логопедиялық бұл жұмыста жұмсақ таңдайдың
белсенділігін дайындайды, тілдің түбін
қалыпты жағдайға дұрыстайды, ерін бұлшық
еттерінің қызметін арттырады, ауыздан
шығатын ауаның бағытын жөнге келтіреді.
Осының барлығы хирургиялық өңдеудің
және келешектегі түзету жұмысының нәтижелі
болып шығуына қолайлы жағдай туғызады.
Хирургиялық емдеу жұмысы аяқталғаннан
кейін 15-20 күндей арнайы жаттығуларды
қайталайды, бірақ сабаққа қойылатын ең
негізгі мақсат жұмсақ таңдайдың қимылын
одан әрі дамыту болады.
Ринолалияға шалдыққан балалрдың
сөйлеу тілінің қызметін зерттеудің нәтижесінде
сөйлеу тілінің жасалу жағдайының анатомо-физиологиялық
сапасының нашарлығын сөйлеу тілінің
қозғалтушы бір бөлігінің шектелуі тіл
дыбыстарының дамуын кеселдендіріп қана
қоймай, сонымен бірге көп жағдайларда
оның барлық бөлігіндегі жүйелерінің
аса қатты бұзылатынын көрсетеді.
Жасы ұлғайған сайын баланың
сөйлеу тілі дамуының көрсеткіші нашарлайды,
жазу тілінің әр түрлі үлгілерінің
бұзылу салдарынан ақаулығының құрылымы
асқынады.
Ринолалиясы бар баланың оқуда
және келешекте мамандық таңдауда кедергі
болатын қиындықтың алдын алу үшін сөйлеу
тілі дамуындағы кемістіктері жас кезінде
түзетіліп қалпына келтірудің әлеуметтік
және психолого-педагогикалық ерекше
маңызы бар мәселе .
Сөйлеу тіліндегі кемістіктерді
түзету жұмысының міндеті баланы тексерудегі
анықтаманың нәтижесіне байланысты.
Дизартрия дегеніміз- сөйлеу
мүшелерінің интервациясының жеткіліксіздігінен
байланысты сөйлеу тіл дыбыстардың
айтылу кемістіктері . дизартрия гректің
артрон – мүшелену және дис –бұзылу
сөздерінен шыққан. Анықтап айтқанда
сөйлеудің бұзылуы деген мағынаны білдіреді.
Дизартрияның басты көріністеріне
сөйлеу тіл дыбыстарының бұзылыстары
, дауыстың пайда болуындағы кемістіктер,сонымен
бірге сөйлеу тілінің шапшаңдығы, сарынындағы
өзгерістер жатады.
Аталған кемістіктер орталық
немесе шеткі нерв жүйелерінің зақымдануының
түрліше қисынданып жинақталуына кемістіктердің
ауырлығына , ақаулықтардың пайда болған
уақытына болған уақытына байланысты
әр түрлі дәрежеде көрінеді.
Клиникалық, психиалық логопедиялық
тексерудің нәтижесі дизартриясы бар
балалар сөйлеу тілінің, психикасының
қимылдарының бұзылулары жағынан әр
алуан екенін көрсетті.Дизартрияның шығу
себебі баланың құрсақтағы және
жас кезіндегі жетіліп келе жатқан
миына әр түрлі келеңсіз жайттардың
тигізетін зиянының нәтижесінде орталық
нерв жүйесінің органикалық зақымдануынан
болады.
Бұл көбінесе толғақ қызуының
келеңсіз жағдайларына мүмкіндік жасайтын
ұзаққа созылған қатты инфекцияның , оттектің
жетіспеушілігінің , интоксикацияның
, екіқабат кезіндегі токсикоздың және
басқада бірқатар жәйттердің нәтижесіндегі
құрсақтағы зақымданудан болады. Бұндай
жағдайда көбінде бала туылған кезде
асфексия пайда болады және шала туады.
Дизартрия резус фактордың
қосылмаушылығынан пайда болуы мүмкін.
Өмірінің алғашқы кездеріндегі нерв
жүйесінің инфексиялық ауруға шалдығуының
әсерінен дизартрия біршама сирегірек
пайда болады .
Дизартрия сал ауруына шалдыққан
балаларды жиі пайда болады. Е.М Мастюкованың
айтуынша сал ауруына шалдыққан балалардың
65-85-індейі дизартрия болады екен.
Дизартрияның клиникалық түрінің
классификациясы зақцымданудың мидың
әртүрлі бөлшегінде орналасуына негізделген
.Дизартрия балалар бір-бірімен дыбыстарды
айтуындағы ақаулықтарының , денсаулықтарының
, сөйлеу тілінің қозғаушы мүшелерінің
ерекшеліктерімен ажыратылады.
Дизартрияның түрлері.
Сопақша ми дизартриясы
– артқы мидың құрамына
кіретін сопақша мидың қабыну немесе
ісіну ауруларына шалдыққан кезде пайда
болады. Сонымен сопақша миға орналасқан
бассүйек пен миға қатысты қимылдатушы
тіл асты , тіл жұтқыншақ кейде үшжақты
, кезбе нервтің ядролары бұзылады.
Сопақша ми дизартриясы
жұтқыншақ , көмекейдің , тілдің жұмсақ
таңдайдың бұлшықеттенінің сал болып
немесе әлсізденіп қалуымен сипатталады.
Бұл сияқты ақаулығы бар баланың қою
және сұйық тамақты жұтуы қиындайды. Дауыстың
жатықтығының және жұмсақ таңдайдың
ширақтығының жетімсіздігінен
ерекше болып бұзылады да әлсізденіп
ыңылдап естіледі.Сөйлеу тілінде ұяң дыбыстар
айтылмайды.Жұмсақ таңдайдың әлсізденуі
салдарынан іштен шыққан ауаның
ағыны мұрын жолы арқылы ьеркін өтеді
де айтылатын барлық дыбыстар мұрыннан
ыңылдап естілетін болады. Міңгірлеп
өте түсініксіз және көмескі сөйлейді.
Сопақша ми дизакртриясы бар балалардың
бет әлпеті келіссіз келеді.
Ми қыртысы асты дизартриясы бас ми қыртысының астындағы
тораптардың зақымдануынан пайда болады.
Ми қыртысы асты дизартриясы бұлшықеттер
күш қуатының ширығуының әсер етуінен
және гиперкинезімен сипатталады.
Гиперкинез дегеніміз баланыңбақылаусыз
сөйлеу тілі мүшелерндегі және
мимикалық бұлшықеттерінің еріксіз
күшпен қимылдауы.Бұндай қимылдар
тыныш тұрған жағдайда байқалады. , бірақ
әдетте бұл қимылдар сөйлеген кезде
күшейеді.
Бұлшықеттердің өзгеріп
тұратын ерекшелігі мен гиперкинездің
бар болуы сөйлеу тіл мүшелеріндегі
және дыбыстардың айтылуындағы кемістіктердің
өзгешелігімен байланысты.Бала ойнау
барысында , жақындарымен немесе көңіл
күйінің басқа жағдайда әсерленіп
тұрғандағы әңгімелесу кезіндегі жеке
дыбыстарды қысқа сөйлемдерді
дұрыс айтуы мүмкін, бірақ ізінше сол дыбыстарды
біреуінде айта алмай қалатын жағдайға
ұшырайды. Сөйлеу мүшелері құрысады , тілі
тартылады дауысы үзілмелі болады.
Кейде еріксіз айқайлап дыбыстардың
көмейді бұзып жарып шығатыны байқалады.Балалар
сөзді ,сөйлемді жылдамдатып тез –тез
сөйлейді немесе керісінше сөздерін
бөліп-бөліп айтады.
Ми қыртыс асты дизартриясының
ерекшелігі сөйлеу тілінің шапшаңдығы
, ырғағы , сарыны жағынан ұйқастығының
бұзылуымен сипатталады.Кейде ми асты
дизартриясы бар баланың сөйлеу тіліндегіақаулықтарының
асқынып кетуіне себеп болатын
есту қабілетінің нашарлауы.
Мишық дизартриясы қысқа қайырылатын келте
сөздермен , кейде жеке дыбыстардың
шаңқылдап қатты естілуімен сипатталады.Мишық
дизапртриясының таза түрі балалардыа
сирек кездеседі.
Ми қыртысы дизартриясы
басқаларынан ажыратып тану және бөліп
алу өте қиын ақаулық.Ми қыртысы дизартриясында
сөйлеу мүшелерінің айтылу кезіндегі
еркін қозғалу бұзылады. Ми қыртысы дизартриясының
дыбыстарының айтылуындағы көріністер
бойынша қозғауш алалияға ұқсастығы бар
, себебі ең алдымен сөздің буындвқ дыбыстық
айтылуы бұзылады. Балалардың бір дыбыстан
екінші дыбысқа , сөйлеу тіл мүшелерінің
бір қалыптығы түрінен екінші қозғалып
қимылдау қиындайды. Балалардың дыбыстарды
жеке тұрғанда анық айтуға қабілеті бар,
ал сөйлегенде сөздерінің құрамындағы
сол дыбыстарды орнын алмастырып
шатастырып , әсіресе тіркесіп келген
дауыссыз қатары бұзылып , жылдамдатып
тез-тез сөйлегенде тұтықпаға ұқсап
кекештеніп қалады.Бірақ ми асты дизартриясының
қозғаушы алалиядан айырмашылығы сол
сөйлеу тілінің лексико- грамматикалық
құрлысының дамуында бұзылатындығы
байқалады.
Жалған ми дизартриясы – балаларда ең жиі кездесетін
ақаулықтардың түрі. Жалған сопақша ми
дизартриясы баланың жзас кезіндегі
, босанып жатқан уақытта немесе құрсақтағы
кезеңіндегі энцефалит , құрсақ зақымы
, ісік , интоксикация тағы басқа ауруларға
шалдығулардың салдарынан мидың органикалық
зақымдануының нәтижесінде пайда
болады.Баланың бас ми қыртысынан тіл
жұтқыншақ ядросына , кезбе және тіл
асты нервткріне баратын өткізгіш
жолдарының зақымдануына байланысты
жалған сопақша мидың сал болып қалуы
немесе әлсіреуі пайда болады. Ол ымдау
және сөйлеу тіліндегі дыбыстар шығаратын
мүшелердің тұсындағы бұлшықеттердің
бұзылуының клиникалық көріністері бойынша
сопақша ми дизартриясына ұқсас. Дегенмен
жалған сопақша ми дизартриясындағы
түзету және сөйлеу тілінің айтылуындағы
дыбыстарды толық меңгеру мүмкіншілігі
әлде қайда жоғары.
Жалған сопақша мидың сал
болып қалуының нәтижесінде баланың
жалпы сөйлеу тілінің қозғаушы мүшелері
бұзылады.Нәресте нашар емеді , шашалады,
қақалады, нашар жұтады.Ауызынан сілекей
ағады , беттің бұлщшықеттері бұзылады.
Жалған сопақша ми дизартриясының
жеңіл, орташа ,ауыр деп шартты түрде
үш дәрежеге бөлуге болады.
Жалған сопақша ми дизартриясының
жеңіл дәрежесі сөйлеу тіл мүшелерінің
қозғалыс қимылында өрескел бұзылуларының
болмайтынымен сипатталады.Сөйлеу тіл
мүшелерінің кездесетін кемістік тілі
мен еріндері салбырап жай қимылдайды
және бағытын дұрыс ұстай алмайды.Шайнай
алмайтындығы мен жұтына алмайтындығы
оның сирек шашалатындығынан анық
білінбейді.Сөйлеу тілі мүшелеріндегі
күрделі ж,ш,р,ц,ч дыбыстарының айтылуында
жиі қиналады. Дыбыстардың айтылуындағы
кемістіктер фонематикасының дамуына
кедергі жасайды. Дизартрияның жеңіл
дәрежесіндегі балалардың көпшілігі
дыбыстық талдауда біраз қиындықтар
көреді. Олардың жазуында т-д,ч-ц дыбыстарын
алмастыратын қателіктерінің ерекшеліктері
кездеседі.
Жалған сопақша ми дизартриясының
орташа дәрежесіндегі балалардың толып
жатқан топтары бар. Осылардың кемістіктерінің
ерекшеліктері беттерінің бұлшықеттері
қимылдамайды.Бала ұртын ауаға толтырып
бұртита алмайды , еріндерін алға сүйрелей
созып және жымқырып қыса алмайды.
Тілі ашар дамиды. Бала тілінің ұшын
жоғары көтере алмайды , оңға солға бұра
алмайды. Сөйлеу тілінің мүшелерінің
бұзылулрының салдарынн тілінің ақаулығы
ауыр болады, әдетте балалардың сөйлеу
тілі өте түсініксіз , көмескі жай естілетін
болады. Еріндерінің нашар қимылдауынан
, сөйлеу тіл мүшелеріндегң дауысты дыбыстардың
мұрыннан қатты естілмейтіндіктерін
анық айта аламайды,а және у дыбыстарының
анықтығы жеткіліксіз , и және ы дыбыстары
алмастырылады.П,т,м.н,к,х дауысссыз дыбыстары
көбінесе сақталады. Н мен ц ,р мен л дауысссыздары
шылпылдаған дыбыспен мұрыннан шыфғып
бір-бірінен айырғысыз ұқсас айтады.Бұл
сияқты кемістіктері бар балалар жалпы
білім беретін мектептерде үлгеріп
оқи алмайды.
Жалған сопақша ми дизартриясының
анартрия деп аталатын ең ауыр үшінші
дәрежесі бұлшықеттерінң қатты
зақымдануы мен сөйлеу тілі мүшелерінің
мүлдем жұмыс істемейтіндігімен сипатталады.Анартрияға
шалдыққан баланың бет әлпеті өлі бейнеге
ұқсас болады, астыңғы иегі салбырап
тұрады, аузы әрқашан ашық жүреді.Тілі
ауыздың ішінде жалпағынан созылып , қимылсыз
жатады,еріндері болар болмас қимылдайды.Шайнауы
мен жұтуы мүлдем қиын. Сөйлеу тілі мүлдем
жоқ..Ақыл-ойы жақсы жетілген анартриялық
балалар да сөйлеу тілі қатты бұзылған
арнайы мектепте оқи алады.
Жалған сопақша ми дизартриясына
шалдыққан балалардың барлығына
тән қасиет сөздің құрамындағы дыбыстарды
айтылуында алмастырғанмен буындардың
реттік санын және екпінін сақтайды.
Баланың сөйлеу тілінің сөздік
құрамында қосарланып келген дауыссыз
дыбыстардың айтылуы қиындық тудырады.
Бала мұндай сөдерді айтқанда бір дауыссыз
/алтын-атын/немесе екі дауыссызда /семсер-сер/
түсіп қалады.
Дизартрияға шалдыққан балалардың
жазуындағы қателіктердің көпшілігі
дыбыстарды алмастырудан болады.
Мектеп жасына дейінгі дизартрияға
шалдыққан балалар мақсатқа бағытталған
сөйлеу тілінің фонетикалық және лексико-грамматикалық
құрлысын қалыптастыратын логопедиялық
оқу жұмысын қажет етеді.
Дизартрияға шалдыққан
балаларды тексеру.
Дизартрияға шалдыққан балаларды
оқытудың алдында сөйлеу тілі мүшелерінің
қозғалуын , дыбыстардың айтылуын және
жалпы сөйлеу тілін егжей-тегжейлі мұқият
тексереді.