Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 10:02, реферат
Описание работы
Ғасырдың ортасында дами бастады.А.Куссмауль,И.А.Сикорский атты ғалымдар бала жастағы сөйлеу тіліне назар аударып,нақты кемістіктерді олардың себептерін,клиникалық кемістіктерін зерттеген.Қазіргі логопедия сөйлеу тіліндегі түрлі ауытқушылықтарды ғылыми тұрғыцдан зерттеу және оларды жою,азайту,түзету жолдарын әзірлеумен айналысады. Қазіргі логопедияда мектеп жасына дейінгі,мектептегі,жеткіншектер мен ересектер тұлғаларға көмек көрсету салаларын ажыратуға болады.
Содержание работы
1.Сөйлеу тілінің маңызы. 2 Логопедия пәні,мақсаты-міндеттері. 3. Тіл мүкістіктерінің бұзылуының түрлері. 4. Баланың сөйлеуінің бұзылуына әсер ететін факторлар. 5.Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балаларды оқыту ерекшеліктері.
Моторлы алалияның ерекшелік
белгісі сөйлеу тіліндегі сөздің бұзылып
айтылуының басымдылығы, демек өздігінен
қисықтырып сөйлеу мүмкіндігінің күрт
төмендеуі болады. Белсенді сөздік қорын,
сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын,
дыбыстардың айтылуын және сөздік буындық
құрамын меңгеру кезінде балалардың қиналатындығы
байқалады. Мұндай көрініс сөйлеу тілін
толық түсінуінде де байқалады.
Профессор Р.Е.Левиннің сипаттағаны
бойынша моторлы алалиядағы сөйлеу
сөйлеу тілінің әр деңгейде дамитындығы
байқалады. Ол жалпы қолданылатын сөйлеу
тілінің мүлде жоқтығынан бастап лексико-грамматикалық
және фонетикалық элементтері толық дамымаған
байланыстарын ауызекі сөйлеу мүмкіншілігін
игеруіне байланысты.
Сонымен, алалик балалардың
сөйлеу тілінің жағдайлары неврологиялық
бұзылуының ауырлығына, қарым-қатынастағы
сөйлеу тілінің және тәрбиесінің жағдайына,
логопедиялық ықпалдың уақытына және
ұзақтығына, сонымен бірге баланың психикалық
белсенділігі, ой-өрісінің жағдайы және
көңіл-күйіне, компенсаторлық мүмкіндігіне
көп байланысты әр түрлілігімен сипатталады.
Сөйлеу тілі дамуының бірінші
деңгейіндегі алалик балалардың сөйлеу
тілін егжей-тегжейлі анықтап білу үшін
біріншіден көп уақытты керек етеді, екіншіден
өз ісін жақсы білетін тәжіриебелі маман
болу керек, ал іс жүзіндегі тәжіриебесі
аз адам қысқа мерзім ішінде жаратып ештенкені
білу алмайды. Пайда болғаннан тұлғасыз
сөздерден ға-ке (аға келді) сөйлеу
тілінің сүйемелдеуімен ымдау мен дене
қимылдары арқылы тура сол мезетегі жағдайды
тікелей түсінуге болады. Дамудың бірінші
деңгейінде бала іс-қимылды, оқиғаны немесе
тілекті дәл сол мезеттегі көрініп тұрған
жағдайға байланысты болмаса жеткізе
алмайды, сөйтіп тілқатынасынан шеткері
қалады.
Бала сөйлеу тілі дамуының екінші
деңгейінде айтатын ойын кеңірек, айқынырақ
түсіндіруге тырысады. Бірақ байланыстырып
сөйлеу тілін талдау кезінде лексико-грамматикалық
және фонетико-фонематикалық қателері
айқын көрінеді.
Жоғарыда көрсетілгендей моторлы
алалияда баланың өзіне арнайы айтылатын
сөйлеу тілін түсінуі бір шама сақталған.
Ересектердің ауызша айтқан сөздеріне
бірден құлақ асады, жеңіл өтініштерін
және тапсырмаларын ықыласпен орындайды.
Ата-аналар тәрбиешімен және логопедтің
қабылждауына өздерінін балалары туралы
әңгімелерінде: «Ол бәрін түсінеді, бірақ
сөйлемейді» дегенді жиі айтады. Бірақ
бұндай балаларды психолого-педагогикалық
бағытта мұқият тексерудің нәтижесінде
сөйлеу тілін күнделікті тұрмыс-тіршілік
жағдайында түсінуімен ғана шектелгендігі
анықталады. Алалик балалар үшін қиын
тапсырма етістікті және зат есімнін жекеше
және көпше түрлерін ; етістіктің өткен
шағын; лексикалық мағыналардың кейбір
түрлерін; себеп-салдардың байланысын
анықтауын түсінуі болады.
Бұл сияқты тапсырмаларды орындағанда
жіберетін қателерді балалардың көбінесе
нұсқау жасайтын сөздің лексикалық мағынасын
бағдарлайтындығымен, сонымен бірге мағынасын
анықтайтын грамматикалық және морфологиялық
элементтерді ескермейтіндігімен түсіндіріледі.
Сөйлеу тілін түсінбеуі ұзақ
уақытқа созылады, оны жою үшін арнайы
оқытуды ұйымдастыру керек. Баланың өзіне
айтылған сөйлеу тілін түсінуінің ата-аналар
үшін сәтті болып көрінуі әдеттегідей
қарым-қатынастағы және күнделікті тұрмыс-тіршілікте
қолданып жүрген жаттанды сөйлеу тілдерін
түсінуіндегі дағдылы жағдайлар екені
белгілі.
Бірақ сөйлеу тілінің бұл сияқты
жағдайы жалпы балабақшаға барып, оқу,
үйрену сабағына толық қатынасып жүрген
алалик балаға кедергі жасайды, бағдарламаны
меңгеруін кешеуілдетеді.
Сенсорлы алалия
Сенсорлы алалия дегеңіміз
есту қабілетінің дені бүтіндей сау кезіндегі
қабылдау түйсігімен сөйлеу тілін түсінуінің
құрылысы бұзылған ақаулық. Сенсорлы алалия
бас миының сол жақ жартысының самай аймағының
зақымдануынан байланысты пайда болады.
Сенсорлы алаликтер өзіне айтылған сөйлеу
тілін мүлде түсінбейді немесе өте нашар
түсінеді. Олар әр түрлі дыбыстарды сезініп,
біраз жаттықтырып үйреткен соң ерекшеліктеріне
қарап ажырату мүмкін. Сонымен бірге бала
дыбыстың қай жағынан шыққан бағытын да
бірден дәл басып анықтай алмайды.
Сенсорлы алалик балаларда
бөтеннін сөзі қайталауға әдеттенген
жаңғырық сияқты құбылыс байқалады. Бала
қойылған сұраққа жауап беруді орнына
сұрақтың өзін қайталайды.
Бір қатар жағадайларда өздеріне
тапсырылған заттарды бейнелі суреттерді
атауға тырысады, ал өзінше осы заттарды
көрсет дегенде өтінішіті дұрыс орындай
алмайды.
Ондай балалардан сирек кездесетін
түрлерінің әр түрлі дәрежеде көоінетін
басты ақаулықтары олардың фонематикалық
есту қабілетінің бұзылуы болады. Ол сөйлеу
тіліндегі дыбыстарды мүлде айыра алмауы
мен бірдей болуы мүмкін, демек бала өзіне
айтылған сөзді түсінбейді, ал тым жеңіл
жағдайлары сөйлеу тілі мәліметтерін
естіп түсінуінің қиындығы.
Фонетикалық есту қабілетінің
нашарлығынан балалар дыбыс үндістіктері
ұқсас, бірақ мазмұны өр басқа сөздерді
айыра алмайтындықтары байқалады.
Тәрбиеші сенсорлы алалик балалардың
ақыл ойының дамуы туралы қорытынды жасауға
асықпау қажет, сөйлеу тілі тапсырмаларын
түсімбеуін, оларды орындай алмауы ой
өрісінің төмендегінен дөп қабылдауы
қате болуы мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайларда
балаларға іс жүзінде үлгі бойынша тапсырмаларды
орындауды ұсынады. Мұндай баланы дер
кезінде анықтау және есту қабілетін тәсілдерімен
ақықатын тексеру үшін отолорингологқа,
сосын психоневрологпен логопедке қарату
тәрбиешінің міндеттеріне жүктеледі.
Сенсорлы алалияның өмірде
өте сирек кездесетіндігіне қарамастан
мұндай балалар өздеріне ынталы назар
аударуын талап етеді, себебі тек қана
тиісті жағдайларды және ұзақ түзету кезінде
бұл ақаулықты жарым-жартылас орнына келтіруі
мүмкін және сөйлеу тілі бұзылған балаларға
арналған мектепте оқуға дайындайды.
Афазия
Афазияның пайда болу себебі
мидың қан айналымының бұзылуынан /ишемия,
геморрогия/ закымданудан, ісіктің, бас
миының жұқпалы ауруларға шалдығуынан
болады. Қан тамырларының бұзылу салдарынан
болатын афазия көбінесе ересек адамдарда
пайда болып қалыптасады. Бас ми қан тамырларының
/аневризм/ кеңейіп жарылуының» тамарлардағы
канның уйюынан /тромбоэмболий/ бітеліп
калуының, жүректің бұлшк еттерінін /ревматизм/
шаншып құрысып кеселденуінің /порок/
және бас сұйегі мен мидың закымдануынын
нәтижесіиде афазия жасөспірімдер мен
жастарда да жиі байкалады.
Афазия бас миының қан айналымының
шамамен үштен бірі буаналған жағдайда
пайда болада және көбінесе козғаушы /жоғары/
фазисы жиі байкалады.. Бадалардың фазисы
тек бас сүйегі мен мидың зақымдануынын,
ісіктің пайда болуының немесе жұқпалы
аурудан кейінгі патологияның
салдарынан ғана болады.
Афазия дегеніміз мидың өте тез зақамдануынының
зардабыған сөйлеу тілі кұрамының барлық
бөліктерінің жүйесі бұзылған жағдайы.
Афазиядағы сөйлеу тілі бұзылуының
күрделілігі зақымның орнына мысалы, ми
қыртысы астындағы бөлігіне қан құйылған
кезде болған зақым ошағы орналаскан жері
сөйлеу тілінің өз еркімен калыптасуына
үміттенугө мүмкіндік
береді /зақым ошағының көлеміне, сөйлеу
тілі кызметінің сақталған элементтерінің
қалдықтарының және функционалды ерекшеліктеріне
байланысты.
Афазияның кез келген түрінің
негізінде сөйлеу тілін түсінуінің, жазуының,
оқуының, есептеуінің өзіне төн өзгеше жүйелікпен
бұзылуына әкеп соғатын динамикалык немесе
конструкциялык машыққан немесе әдеттенген
қимылдарды өте дұрыс, бұлжытпай орындауынын
/праксиса/, фонематикалык есіту кабілетінің,
артикуляциялық аппаратының мақсатты
бағытта қимылдау /апраксия/ қабілетінің
/нейрофизиологиялық және нейропсихологиялық/
кайсы бірінің бастапкы бұзылуы жатады.
Афазияның кезінде ауыз екі сөйлеу тілі,
сөзді сөзінде жақтауы, фонематикалык
есіту кабілеті, сөзді түсінуі, жазуы,
оқуы» есептеуі сияқты сөйлеу тілі әрекетіндегі
көріністердің әр түрлі дөнгейдегі орындалуы
ерекше жүйелілікпөн бұзылады. Афазияның
кезіндегі сөйлеу тілін, бұзылуын анықтауға
нейрофизиология калай үлкен үлес қосса, нейропсихология
мен лиигвистика да сондай үлес қосады.
1861 жылы француздың П.Брока
деген дәрігері афазиямен ауырған
адамның бас миының үшінші маңдай
катпарының арткы бөлімін қамтитын сол
жақ орта тұсындағы ми күре тамырын
жұмсартып көңейгенін көрсетті. Брока
мандай миының бөлімінде ауыз екі сөйлеу
тілінің жинақталған орталығы барын дәлелдедім
деп есептейді. 1874 жылы Вернике 10 ауру
адамның бас ми қабығының сол жағындағы
самай бөлімінің зақымдануынан сөйлеу
тілін түсінуінің бұзылуын және сөйлеу
тілі мәнерлілігінің, оқуы мен жазуының
өзгеше болып бұзылуын түсіндіріп жазды.
Бұл оған сенсорлы /сөзге түсінбейтін/
афазияның дамуын жоғарғы самай катпарының
арткы жагының үштен бір бөлігінің жинақталған
патологиялык ошағымен байланыстыруға
негіз болды.
Неврология, лингвиотика, психология,
физиология ғылымдарының дамуына байланысты
афазияны топтастырудың әртүрі кездеседі.
Соңғы уақытта «.Р.Лурияның афазияны нейропсихологиялық
түрғыдан топтастыруын ми кыртысының
күрделі әрекетін ұйымдастыруға.Р.Л.Урияның
нейропсихологиялық түрғыдан қарауы И.ПЛавловтың,
Н.А.Еерн-штейннің және П.К.Анохинның әрекетті
жүйелілікпен ұйымдастыру және "кері
афференттік" туралы ашқан жаңалыктарының,
сондай-ақ С.Выготскидін, А.Н.Леонтьевтің
және басқа психологтарының және психологиялық
көзкарастарының жалғасы болып саналады.
1947 жылы А.Р.Лурия ми қыртысының күрлелі
әрекетінін жүйелі құрылысы жәнө :оның динамикалық,
кезектікпен орналасу туралы қағидасын
тұжырымдайды. Ол адамның психикалык әрекеттерін
жене танылатын процестерін зерттеудің
тәсілдерін окдеп жетілдірді. А.Р.Лурияның
ашқан нейропсихологиялык тәсілі әр түрлі
симптомдарды және синдромдарды, мидың
кез келген құрамы закымданған кезде пайда
болған симптомдардың үйлесу эаңдылықтарын
тексеруге мүмкіндік
береді. Тәсілді қолданудың иәтижесінде
афазияның қандай түрлерінің бір екенін
біліп кана коймай, сонымен бірг бас миының
зақымдануы керіндегі дертті де аныктауға мүмкіндік
береді. Олар афазия кез-келген түрінде
сөйлеу тілі әрекеттерінің бұзылатындығын
дәлелдеді.
А.Р.Лурия афазияға бас миы кыртысының
самай бөлігінің зақымдануынан пайда
болатын акустико-гностикалық және акустико-мнестикалык
афазия, бастың ми кыртысының
ішкі бөлігінің зақымдануынан пайда болатын
семантикалық және афференттік моторлы
афазия, бас ми кыртысының қимыл алды және
маңдай арты бөліктерінің зақымдануынан
пайда болатын эфференттік моторлы афазия
және динамикалык афазия деп алты түрге
белінеді.
Афазияның түрлері.
Афазия жайлы айтқан алғаш рет
немістің психиаторы Вернике сипаттады.
Ол сенсорлы афазияның бас миының сол
жақ жарты шарының арткы жағындағы үшінші жоғарғы
самай қыртысының зақымдануынан пайда
болатынын көрсетті. Афазияның бұл түрінің
ерекшелігі естіген сөзді қабылдау түсінігі
бұзылады. Афазияның бұл түріндегі түсінуінің
бұзылу себебі ұзақ уақытқа дейін түсініксіз
болып келді. Тек ХХ ғасырдың 30 жылдарында,
бұрыңғы кеңес психологтары акустиканың
агнозия фонематикалык есіту қабілетінің
бұзылу себебінен пайда болатынын анықтады.
Акустико-гностикалык афазияда
жазу тілі оқуына карағанда қатты бұзылады,
себебі ол фонематикалық есіту кабілетінің
жағдайынына тікелей байланысты болады.
Акустико-мнестикалык афазия
самай миының орталық және артқы тұсындағы
бөліктерінің зақымдануынан пайда болады.
А.Р.Лурия есіту кабілеті белгілерінің
катты тежелуінен есіткен сөзді жадында
сақтауы төмендейді деп есептейді. Мұндай
ақаулыктар сондай-ақ буындар мен сөздердің
тізбектерін кайталағанда да байкалады.
Жекелеген сөздерді қайталау
кабілетінің біршама сакталуы мен мағынасы
бір-бірімен үйлеспейтін үш-төрт сөзді
кайталау мүмкіншілігінін бұзылуының
/ мысалы: кол-үй-аспан; касык-төсек-шсық;
ірман-Үй-құлақ және т.б./ араларындағы
диссоциация психикалык щестердін байланыстарының
бұзылуы акустико-мнестикалык афазияғтән
касиет. Әдетте ауру адам өзіне тапсырылған
сөздердін алғашынан және соңғысын, ал
одан әрі киындау сөздердің тізбектерін
тергенде барлығын бірдей өсіне сақтай
алмайтындығын айтып тек біреуін ғана
қайталайды. Берілген сөздерді екінші
қайтара мұқият таңдап алғанның өзінді
тізбектің реттік қатарын сақтай алмайды
не біреуін қалдырып айтпай кетеді.
Есіткен сөзді жадында сактауынығ
бұзылуы афаэияның баска түрлерінде де
байкалады, бірақ бұл кемістік тек акустико-мнестикалык іштей ғана негізгі
ақаулығы болып саналады, өйткені онда
фонемалық есіту кабілеті мен дыбыс шығаратын
сөйлеу тілі мүшелерінің кызметі бұзылмаған.
Аурудың айналасындағылармен карым-катынасы
сөйлесу белсенділігінің жақсы жетілгендігінен
байқалады.
Төбе бөлігі зақымдалған кезде
сөйлеу тілінің синтагмалық ұлысының
жатықтығы сақталады, сөздің дыбыстық
құрамына керекті дыбысты іздестіруі
ешқандай байқалмайды, естіген сөзді ести
алуы төмендейді немесе фонематикалық
есіту қабілеті бұзылмайды. Семантикалық
афазияда керекті сөзде немесе заттың
атын өз атымен іздестіріп табуда өзіне
тән өзгешелігі бар мнестикалық ішілік
байқалады, ауру адам лексикалык сөздердің
септелу және жіктелу үлгісін /парадигмы/
табуда қиналғанда заттың іс-әрөкетін
және сапасын синтагматикалық әдіспән
сипаттауға тырысады, демек сөзді басқа
сөзбен алмастырмайды /вербальные парафазии/,
бір сөздің орнына бүтін сөйлемді айтады:
"Ия, әлгі жазатын нәрсе сол? әлгі кесетін
нәрсе сол" және т.б.» ал бір жағынан
афазияның бұл түрінде тілдің сөйлем құрылысын
түсінбейтін өзіне тән ерекшелігі бар
/импресоившй вграмматизм/,Септелгенде,
жіктелгенде өзгерген сөздердің және
қосымшалардың жалғануы арқылы туған
жаңа сөздердің сөйлем құрамында әр түрлі
септеулік шылаулармен тіркесіп сабақтасқандағы
грамматикалық өзара байланыстарын және
мағыналарын түсінудегі ауытқуын импрессивтік
аграмматизм деп атайды.
Аурулар себеп-салдарға, уакытқа
және кеңістікке байланысты есімше мен
қосымша тіркестерін көрсететін күрделі
статистикалық байланыстарын бірдей түсіне
алмайды. Мысалы "мен асқалаға апайым
мен сөйлескен соң кеттім" деген сөйлемнің
мағынясын немесө "ылғал болды, сондықтан
жаңбыр жауып тұр" деген сөйлемнің кисынсыздығын
семантикалық афазияда метефораны, мақал-мәтелдерді,
канатты сөздерді түсінуі мүлдем жойылады,
олардың мағыналарының астарын есептеу,
санау кабілеті бұзылады.