Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балаларды оқыту ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 10:02, реферат

Описание работы

Ғасырдың ортасында дами бастады.А.Куссмауль,И.А.Сикорский атты ғалымдар бала жастағы сөйлеу тіліне назар аударып,нақты кемістіктерді олардың себептерін,клиникалық кемістіктерін зерттеген.Қазіргі логопедия сөйлеу тіліндегі түрлі ауытқушылықтарды ғылыми тұрғыцдан зерттеу және оларды жою,азайту,түзету жолдарын әзірлеумен айналысады.
Қазіргі логопедияда мектеп жасына дейінгі,мектептегі,жеткіншектер мен ересектер тұлғаларға көмек көрсету салаларын ажыратуға болады.

Содержание работы

1.Сөйлеу тілінің маңызы.
2 Логопедия пәні,мақсаты-міндеттері.
3. Тіл мүкістіктерінің бұзылуының түрлері.
4. Баланың сөйлеуінің бұзылуына әсер ететін факторлар.
5.Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балаларды оқыту ерекшеліктері.

Файлы: 1 файл

Тіл кемістігі бар балаларға педагогикалық көмек беру жүйесі.docx

— 79.10 Кб (Скачать файл)

Логопед оқушылардың сөйлеу мүшелерінің  және ымдау бұлшықеттерінің  жансыздану дәрежесімен  таныс болу керек, себебі  сөйлеу тілі  мүшелеріндегі  тиісті дыбыстардың бұзылуы  осымен анықталады.

Тексеруді мимикалық  бұлшықеттердің тыныштық қалпында тұрғандағы  жағдайын бақылаудан  бастайды.Бұндай кезде құрамы  еріндерінің құрылымы  және олардың бір қалыпты орналасуы , еріндерінің жиектерінің сипаты мен олардың біртұтас  жымқырылып қабысатыны анық көрінеді, мимикалық бұлшықеттерінің  күштеп қимылдауының  гиперкинезі бар жоқтығы анықталады. Баланың аузын жауып тұруына , алдымен екі көзін бірдей  , сосын кезек кезек қысуына , қасын жиыруына  шамасының қаншалықты жететіндігін тексереді, біріккен қимылдардың  пайда болуын белгілейді.

Сөйлеу мүшелерінің  қозғалуын  тексеруге кіріспес бұрын  оның құрлысының ерекшеліктерін  және ақаулықтарының  анатомиялық  сипатын белгілеу қажеті.

  1. Еріндері үстінгі еріннің жарылуы, хирургиялық емдеуден кейінгі тыртығы.

  1. Тістері  дұрыс тістенбеуі  және тістердің орналасуы.

  1. Тіл добал және тіласты  сіңірлерінің қысқалығы, тілі үлкен жіңішке

  1. Қатты таңдай  тар, дөңес  қатты таңдайдың жарылуы.

  1. Жұмсақ таңдай  қысқа жұмсақ таңдай  кішкентай тілдің айырылуы оның болмауы .

Логопед  содан кейін сөйлеу мүшелерінің қозғалуын тексереді.

  1. Астыңғы жақтың қимылдауы  ауызды ашу және жабу.

  1. Еріндердің қимылдары  қабысу керілу  алға созылуы.

  1. Тілдің қимылдары  алға артқа , жоғары –төмен , оңға –солға  тілді жалпайту , сүйірлей шығару.

Мектеп жасындағы  балалардың дыбыстық талдаудағы  дағдылануын  анықтайды. Оқушыларға мынандай тапсырмалар беріледі:

  1. Сөздің басынан екпінді дауысты дыьбысты бөліп алу

  1. Тексерілетін дыбысы бар сөзді табу.

  1. Тексерілетін дыбыстан басталатын сөздерді іріктеп алу.

  1. Аты тексерілетін дыбыстан басталатын   бейнелі суреттерді іріктеп алу.

  1. Дыбыстардың  сөздің ішінде қолданылатын ретін  және олардың әрқайсысының орнын анықтау.

Түзету жұмысының негізгі бағыты.

Дизартрия балалармен  логопедиялық жұмысты  дизартрия түрлеріндегі  сөйлеу тілінің ақаулықтарының  және сөйлеу тілінің іс- қимыл қозғалыстарының  бұзылу механизмін  балалардың жеке басының  ерекшеліктерін негізге алып жүргізеді.

Дизартрияға шалдыққан балалармен жүргізілетін жұмыстың негізгі мақсаттары:

  1. Дыбыстардың айтылуын түзету яғни  сөйлеу мүшелерінің қозғалуын , сөйлегенде тыныс алуын , сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуын жетілдіру.

  1. Фонематикалық түйсігін жетілдіру.

  1. Сөйлеу тілінің өзара үйлестігін тұрақтандыру, сөйлеу ырғағының бұзылуын жою.

  1. Сөйлеу тілінің жалпы толық дамымауының көрінісін түзету.

Дизартрия балалардың тілін түзетудің алғашқы мақсаты : анық сөйлеу. Сөйлеуіндегі кемістіктің басты себебі  сөйлеу мүшелері аппаратының  толық немесе  жартылай қимылдамауы. Логопедтің негізгі мақсаты  сөйлеу мүшелері аппаратының  қимыолдауын жетілдіруге бағытталуы тиіс.  Беттің бұлшықеттерінің , нервтерінің қозуы  мен ымсыздануын  және сөйлеу мүшелері аппаратының  нашар қимылдауын жою үшін  екі ұртын алақанмен жеңіл шапалақтайды, астыңғы жақтың сыртқы қырын ,тіласты таңдай бұлшықеттерін  саусақпен жеңіл ғана сипай  шымшылап бетті уқалайды , сонымен бірге беттің терісін  тегістеп сипалауды  да қолданады.

Сонымен  қатты еріндерді үнемі үздіксіз уқалайды , еріндерді бір-бірімен үйлестіріп  қимылдатады, қысып тұрып  жеңіл ғана шымшылап сипайды, езуінен бастап ерінін  айналдыра сипап шығады.

Жұмсақ таңдайды басбармақтың немесе сұқсаусақтың  ішкі жағы мен  түпке қарай  2 минут уақыттай сипап уқалайды.

Баланың  сөйлеу мүшелеріндегі  еріксіз қимылдау  кемістігін  тоқтату үшін  қимылдарды  басқару жолымен  үздіксіз  қайталап бекітеді. Бала сөйлеу мүшелерінің  қимылдарын айнаға  және логопедке қарап бақылайды, дыбыстың ыңылдаған , жөткірінген үнін тыңдайды. Қимылды алдымен логопедпен бірге жасайды, сосын  көсеткеннен кейін қайталайды. Осыдан кейін  өздігінен орындауды қамтамасыз етеді.Енжар гимнастиа  ми қыртысы асты дизартриясы  мен жаклған сопақша ми дизартриясы бар балалар  үшін ең тиімді тәсіл.  Сөйлеуң мүшелеріне  енжар гимнастикасын жасаған кезде  логопедтің қолының , арнайы тіл түзету құралының  және қалақшаның жәрдемін  пайдаланады. Айнаның алдында тұрып баланың қолымен  жаттығу  жұмысын жүргізуге болады.Қимылдарды ақырындап , бір қалыпты ырғақпен  теңселу ,арасын  біртіндеп ұлғайта отырып ,орындау керек . Мысалы бала оң қолын мұқият  тазартылып жуылған  бас бармағымен  астыңғы тістерін басып  , ал қалған саусақтарымен  иегін ұстап ауызын кең ашады.

 Келесі кезең  сөйлеу  мүшелері аппаратының  белсенді  гимнастикасы  Берілетін жаттығу  түрлері 

  1. Астыңғы жақ үшін – тістерін сақылдатып  аузын ашып жабады.  Ауызын ашық күйінде ұстап тұрады.  Бұл жаттығулардың барысында  ауыздың орташа бағытпен  жабылуын қадағалау керек. Қолымен  төбесіме  және иектің астынан  жеңіл ғана басу сияқты  механикалық жәрдемді  қолдануға болады.

  1. еріндердің қимылдарын шынықтыру үшін

а) тістерін ақситу, еріндерін сүйрелей созу , еріндерін сүйрелей созған кезде  сылпылдатып сүюді қолданады. Еріндерін сүірлеген кезде  саусағын немесе мұз кәмпитті  сұғып сорып , сосын тартып шығарады.мұз кәмпиттің көлемі кішірейген сайын  еріндердің бұлшықеттері ширығып  қатаяды.

б) бұл жаттығулардан кейін  әр түрлі көлемдегі түтіктерді  немесе  түзету құралын  еріндермен қысып ұстап тұру жаттығуларына  көшеді. Мысалы логопед  түтікті суырып алуға әрекет  жасағанда  бала қысып жібермейді.

в) жағын ашып еріндерін алға созып ,сосын ыржиып кереді.

с) тілін үстіңгі ерінің  үстіне қойып  алға қарай екеуін бірге созады.

г)  үстіңгі тістерімен астыңғы ерінін тістейді.

д)астыңғы ерінін үстінгі ерініне көтеріп созалды.

е)еріндерін сүйірлей алға созады да  айналдырады.

  1. Тілдің ширақтылығын  жетілдіруге бағытталған  жаттығуларды  күрделі болған  жағдайда еріксіз  рефлекторлық деңгейден бастайды.

Тілді  жалаңдатып  еріндерінің жақтауларын  жалаңдыратындайқимылға  келтіру үшін  баланың ауызына  кәмпитті жақындатып әкеледі немесе  астыңғы ерінге шырын сіркесін  жағады .

Тілдің қимылын  шынықтыру үшін  ұртына бір түйір қантты  тығып қояды , тілдің ұшын жоғары көтеру үшін  үстіңгі ерініне  тигізу пайдалы.

Логопед  сөйлеу тіліндегі  дыбыстарды  қою жұмысымен айналысқан кезде  олардың ең болмағанда айтылуына жуықтатуға тырысу  керек. Алғашқы кезде баланың  дыбысқа ұқсас  ұсқынын меңгеруінің өзі  оны айыра білу үшін өте маңызды.

Сөйлеу тілін жетілдіру жұмысымен  дыбыстардың фонематикалық түйсігін  тәрбиелеу жұмысын байланыстырудың  нәтижесінде  дизартрия балалардың жуықтап айту  негізінде  жазуын толық меңгеруіне  фонематикалық  дайындық жасалынады.  Ерте және дұрыс ұйымдастырылған  логопедиялық жәрдем , соған лайықты  сөйлеу тіліндегі  қарма қайшылықты жоюын , баланың компенсаторлық   мүмкіншілігін , оның ынтасын белсендірушілігін  тәрбиелеу шараларымен байланыстыру  дизартрия балалардың едәуір бөлігін  жалпы білім беру мектебінің  бағдарламасын  меңгеруіне мүмкіншілік береді.

Дизартрия балалардың  қолдарының саусақтары мен білектерінің  қимылдары едәуір бұзылғандығы жиі байқалады.Сондықтан қолдарының саусақтары мен білектерінің  әртүрлі  қимылдарын қалыптастыруға жәрдем ететін жаттығуларды мүмкіндігінше жүйелі түрде жиі жасап тұру қажет. Саусақтары мен білектеріне  жасалынатын жаттығулар  баланың әртүрлі қимылдарымен жүргізілетін  ойындармен және  айналасындағы  күнделікті тіршіліктермен байланысты болу керек. Үйлестіру жұмыстары , алдымен ірі сосын ұсақ заттармен дамиды.

Саусақтардың қимылдарын жетілдіруге жүйелі түрде уақытымен басталған жұмыс жазу шеберлігін  ойдавғыдай меңгеруіне дайындайды.

Дизартрия  балалардың ата-аналары , баланың сөйлеу тілінің қарқынды дамуы  оның үлкендермен қарым –қатынасына , олармен сөйлесудегі сөздердің ерекшеліктеріне байланысты  екенін ескеру қажет. Үй ішіндегілердің , баланың  жетілуіне ықпал жасап  белсенді түрде арласуы сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуына  қажетті алғышарт жасалынады. Ата-ананың  баланың оқуына күнделікті қатысуы  логопед жұмысының мерзімін едәуір қысқартады.

Алалия түрлері

Сөйлеу тіліндегі ақаулықтардың ішіндегі алалия ең ауыры болып есептеледі. Алалияға шалдыққан бала тілі  шықпаған мақау болады. Ондай баланың сөйлеу тілі логопедияның жәрдемінсіз өздігінен қалыптаспайды. Алалия дегеніміз – гректің   «А» -жоқ деген мағынада қолданылатынын латынның  IOQOS сөйлеу  деген ұғымдарын білдіріп, ал бас ми қабығының сөйлеу тілі аймағындағы іштен немесе баланың жас кезіндегі болатын органикалық зақымданудың салдарынан сөйлеу тілінің жетілмей қалуы немесе барлық жүйесінің толық дамуынан болатын кемістік.

Алалик балалар педагогика тұрғысынан әр текті болып көрінеді де, ақаулықтары айқындық дәрежесі мен түзету жұмысының өнімділігі бойынша ажыратылады.

Алалия кемістігі бар баланың есту қабілеті мен сөйлеу тілі мүшелерінің шеткі құрылыстарының сақталғандығы және сөйлеу тілінің жеткілікті түрде дамуы үшін ой өрісінің толық мүмкіншілігі бар екендігі байқалады.

Баланың мүлде сөйлей алмауы оның дұрыс жетілуін күрт тежейді және айналысындағылармен қарым-қатынасына нұқсан келтіреді. Осы жағдай қосымша сипат беретін ақыл ойының дамуын біртіндеп кешеуілдеуге әкеп соғады. Сөйлеу тілінің шама шарқына, пайда болуына және арнайы оқытудың ықпалымен ой өрісінің кешеуілдеуінің біртіндеп жойылатындығына қарай алалик балалардың олигрофен, яғни ақыл ойы кем балалардан өлеулі айырмашылығы бар.

Сөйлеу тілінің қалыптасуындағы бұзылудың шығу себебі орталық нерв жүйелерінің органикалық зақымдануына байланысты. Оған менинко-энцефалиттен, қызымықтан (краснуха) және жарақаттанудан кейінгі асқыну, бас миының жарақаттан зақымдануы, ісіп қызаруы, ауыр және тез босанудың салдарынан миға қан құылуы, ұрықтын құрсақтағы даму кезеніндегі, босану кезеніндегі, сондай –ақ баланың бір айлығынан жылдығына дейінгі кезендердегі зат  алмасуының бұзылулары жатады.  Сонымен бірге балалардың алалиясы мешелмен қатты ауырғаннан кейін, тыныс жолдарының күрделі  сырқаттарынан, өмірінің алғашқы айларындағы ұйқының және тағамның бұзылуынан пайда болуы мүмкін.

Үлкен жарты мидың сөйлеу тілі аймағындағы зақымдануын жайыптаушылық артықшылығына байланысты алалияны қозғаушы ( моторный, және сезгіштік) деп екі түрге бөлуге болады.

Қозғаушы алалия сөйлеу тілі қимылдарындағы анализатор әрекетінен  бұзылуына байланысты, ал сезгіштік алалия сөйлеу тілін есту анализаторының бұзылуына байланысты болады. Бірақ қазіргі уақытта баланың алалиясының барлық  көріністерінің әр алуан түрлерінің бұлай бөлінуі әлдеқашан жеткіліксіз болған.

Моторлы алалия.

Моторлы алалия орталық бөліктің органикалық бұзылуының нәтижесінде пайда болады. Мұндай неврологиялық теріс көрініс сөйлеу тілі жетілуінің қатты кешеуілдеуімен байланысты сөйлеу тілінің белсенділігінің төмендеуіне, сөйлеуге зауқының жойылуына және ой өрісі мен психикасының  дамуының біртіндеп артта қалуына әкеліп соғады. Балалардың сөйлеу тілінің белгілі зерттеушісі А.Б.Богданов-Березовский балалардың афазиясы (алалиясы( салдарынан сөйлеу тілінің барлық қызметтері дертке шалдығатын тек мидың белгілі бір бөлігінің бұзылуымен ғана байланысты емес, сонымен бірге міндетті түрде жалпы ой өрісінде де бейнеленеді деп көрсетті.

Неврологиялық кемістіктің көрінісі ата-аналардың өзі дімкес және әлсіз баланың асты-үстіне түсіп шектен тыс мәпелеп, есіркеушілік көрсетіп дұрыс тәрбиелей алмаулары да жиі қосылады. Мұндай балаларға тапсырма берілмейді, иалап қойылмайды, жанашыр жақындары оны тіпті қолынан  келетін қажетті жеңіл жұмысқа да жуытпай қорғаштай. Мұндай қолпаштаулар баланың қасарысқан, қырсық, ерке, ашуланған қылықтарды жиі көрсетіп, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына үлкен зиянын тигізеді.

Мұндай балалар күнделікті тұрмыс тіршілігіне өздігінен  көндігіп дағдыланбаған киімін дұрыстап кие алмайды, түймелерін салуды, аяқ киімінің  бауын  байлауды білмейді және сол сияқты тағы басқа да өзін күтудің ең қарапайым жеңіл түрлерін орындай  алмайды. Мұндай балалардың жалпы қимыл-қозғалысы да  бұзылады. Олардың жүрістері қорбандап әпетейсіз болады, көбінесе  тайғанақтап немесе өз аяғына өзі шалынып құлап қала  береді. Бір аяғымен секіріп және бөрененің үстімен жүре алмайды, музыканың ырғағымен жылжи білмейді. Сөйлеу тілі мүшелерінің қимыл-қозғалыстары да жетілмеген. Бала тілін жоғары көтеріп ұстап тұру, үстіңгі ерінін жағалай жалау, тандайын қағу сияқты сөйлеу тілі мүшелерінің белгілі бір қимылдарын қайталап орындай алмайды, сондай-ақ бір қимылдан екінші қимылға көше алмайды.

Алалик балалардын тағы бір ерекшеліктері ықыласпен тындау, жадында сақтау сияқты жоғарғы психикалық қызметтері жеткілікті дамымаған.

Моторлы алалиға шалдыққан баланың шаршағыштығы ұлғайып, жұмыс істеу қабілеті төмендеп, психофизикалық жағдайы нашарлайды.

Информация о работе Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балаларды оқыту ерекшеліктері