Жоғары молекулалық ертінділердің ісінуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 09:51, реферат

Описание работы

Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің оқыту және тәрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру, жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық процесті жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені, олар ескі дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін, принциптерін қолданып, жастарға білім және тәрбие беру ісі қазіргі заманның талаптарын қанағаттандырмайды деп қорытынды жасады. Жаңашыл-экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысы өз сыныптары мен мектептерінде жеке-жеке, керек десе бірін-бірі білмей 25 жылдай эксперимент жұмысын жүргізген. Бұған қарамастан олардың жұмыстарының қорытындысы бірдей нәтиже берген.

Содержание работы

І.Кіріспе бөлім.

Жалпы білім беретін орта мектепті қайта құру жағдайындағы ынтымақтастық педагогика.

ІІ.Негізгі бөлім.
А.) Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі.
Ә.) Озат педагогикалық тәжірибені пайдалану.
Б.) Оқыту технологиялардың түрлері және қолданудың тиімділігі.
В.) В.Т.Кабум технологиясы. Тәрбиелеуді ізгілендіру жүйесі.
ІІІ.Практикалық бөлім.
Тәрбие сағатының жоспары: «ХХІ –ғасыр көшбасшысы.»

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

педагогика.doc

— 635.50 Кб (Скачать файл)

   Оқушылар  отандық және дүниежүзілік  мәдениет  байлығымен танысып,  адамгершілік және ерік- жігерлерін қоғамдық дәрежеде  шынықтыра алады.

   Мектепте  барлығы 25 мұғалім және жоғары  оқу орындарымен мекемелерден шақырылған  мамандар тобы  еңбек етіп, 8 оқушы, 8 мұғалімнен  тұратын мектеп  кеңесі  болды.

6

 Мектеп бітіруші  түлек  мемлекеттік аттестат, паспорт, 2 жыл еңбек  стажы бар еңбек  кітапшасын, жұмысшы  мамандығын  алып  шығады. Сол  кездегі бір  оқушының  «Сіздің  мектебіңізде  оқығым  келеді. Мені  мектебіңізге  алыңыз, өтінемін. Мен  ешкімге де керек  емеспін », - деген хатын тебіренбей  оқу  мүмкін  емес.

  Архимед  мектебінің педагогикалық процесі демократиялық  және ізгілік  негізінде құрылған. Мектеп  оқушыға  кең  еркіндік береді. Тек бір  ғана  мақсатты- заманына  сай  саналы да  өрелі, әрі  дені  сау, парасатты азамат  болып  өсуді  талап  етеді.  Мектеп  оқушылары өз мектебін  мақтан  етіп, пікірлерін  білдіреді. Оқушы Дина  Бектасова:

--Мектеп  бітіргенде  «аңғал  сарыауыз  балапан   емес,  өмірдің  сынына, күресіне  дайн  азамат  болып  шығатыныма  күмәнім  жоқ».

  Мектеп  кеңесінің мүшесі, 9-сынып оқушысы Асфендияр Құрбанов:

--Біз өз  мектебімізге  өзіміз  қожамыз. Сондықтан өзімізді  ересек жігіт пен бойжеткен   сезінбесек болмайды.

--9- сынып  оқушысы Данияр Орынбеков:

---Мектепті  жақсы  бітірген  соң кез келген жоғары  оқу   орнына  қиналмай  түсерімізге  сөз  жоқ. Себебі мұндағы  оқудың  сапасы өте  жоғары.

   Міне, А.Ысқақов   өз пәнімен  қатар  педагогтік  мамандығына  шынайы  сүйіспеншілігі  әке  тәрбиесінен  дарыған,  шәкірт  жүрегіне жол  таба  білген, үнемі  даму,ілгері басу,  ізденуді  өмір  өзегі еткен,  әрі  іскер,әрі  білікті,  жігерлі  ұстаз. Атаулы  мектеп  директоры  оқушылар мен педагогтардың  ұйымдастырушысы әрі  білікті  тәлімгер.

 

                 І.Нұртазина Рафиха  Бекенқызы. (1921  жылы  туған)

       Р.Нұртазина педагог-әдіскер, Қазақ ССР-інің  еңбек  сіңірген  мұғалімі (1966),Социалистік Еңбек Ері (1968), педагогика  ғылымдарының  кандидаты(1974).  Қазақ мемлекеттік  қыздар  педагогика институтының орыс  тілі мен әдебиеті  факультетін бітірген(1951). Алматыдағы № 12 қазақ орта мектебінде 14 жыл бойы  басшылық етіп, орыс  тілі мен әдебиетінен дәріс берді. 200-ден астам ғылыми зерттеулер мен оқу-педагогикалық еңбектердің авторы,қазақ мектептеріндегі орыс  тілі әдебиеті бағдарламасын құрастырушылардың бірі. 1972 жылы қазақ педагогика  қоғамының төрайымы болып сайланды.

           

7

     Бүкілодақтық халық ағарту  қызметкерлері съезінің  делегаты (1968, 1988). Көптеген орден медальдармен марапатталған, «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері.

   Р.Б.Нұртазина орыс  тілінің  білікті  маманы  ретінде педагогика ғылымының және Қазақстан  мектебінің бай  тәжірибесін  насихаттап Африкада, Вьетнам, ГДР,Монғолия, Жапония, тағы  басқа елдерде  дәріс   оқыды.

      1979-1986 жылдарда  орыс  тілі мен әдебиетін оқытатын  мұғалімдердің халықаралық қауымдастығына (ассоциациясына) қатысты.Будапештте өткен  конгресте 78 елден  келген мұғалімдер  алдында  дәріс  оқыды. Берлиенде  өткен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің IV Дүниежүзілік  конгресіне  қатысты.1989 жылдан  радиохабары арқылы  қазақша  тілұстарту  сабақтарын  орыс  және  қазақ  тілдерінде  жүргізген.

Идеялары: педагогика  ғылымының  жетістіктерін, заңдылықтарын, әдебиеттерін  оқып үйреніп,диалектикалық  жолмен  қорытынды  шығара  білу; адамға  ізгілікті  ықпал  жасай  білуді  меңгеру;  әр  балаға  бақыт сыйлау ; педагогикалық процесте  пәнаралық байланыс  негізінде шығармашылықпен оқыту ;  сабаққа енжарлыққа  жол бермеу ;  әрбәр сабақты оқушы мен мұғалімнің  рухани  қатынасының қуанышы көзіне айналдыру ;  ана тілінде білім алу.Сабақ  қаншама  қайталанса да, жаңалығымен мұғалімнің өзін де, оқушыны да  таңдандыратындай  болуы  тиіс.

    Егер  мұғалім әр  баланы  қайталанбайтын  жеке  тұлға деп, оған  сеніммен, мейіріммен  қараса, мектеп  директоры әр  шәкіртіне әріптес ұстаздарына  парасатты  қатынаста болса, онда оқу-тәрбие  процесі  жақсы  жүреді.

    Ол  орыс тілін  ұлт  мектептерінде   оқытудың  тәжірибелеріне  талдау  жасады. Ұстаздың өзіндік шеберлігі – оқыту процесінде  оқушылардың таным белсенділігін арттыру, оларды  өздігінен іс-әрекет  жасауға ынталандыру, орыс тілін  еркін  сөйлеуге, сауатты  жазуға  үйрету  мақсатында  оқу  материалына  байланысты дидактикалық құралдар  дайындау. Әр сыныпқа әр  тақырып  бойынша  әдеби  ойындар, әңгімелер, мақал- мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, суреттер, кестелер, техникалық  оқу құралдары ұзақ ұстаздық еңбек  жылдарында  жинақталды.Нұртазинаның  бұл  тәжірибесі республикалық конференцияларда  талқыланды. Әр  жылдарда  арнайы  жеке  оқулық  әдістемелік кітап болып жарияланды.        

           Оқушылардың  ғылыми  дүние  танымын  қалыптастыруда пәнаралық  байланыс  принципін  қолдана  отырып,біздің еліміздің  ұсынысына қатынасына, оның  жақсаруына  үлес  қосу  жаңашыл  ұстаз Р.Бекенқызының әр  сабағының  өзекті  міндеті  болып  саналады.

                                                                                                                               8

   Р.Б.Нұртазина   өзінің  ұзақ  жылғы  мектепті  басқару  тәжірибесінде  балаға  деген  шынайы  махаббат  сезімін, оқушылар мен мұғалімдер  және  ата-аналар  ұжымына сенім білдіруді, ізгілік және демократизм  принциптерін,педагогикалық   ынтымақтастық  идеясын  басшылыққа  алды.Осының  нәтижесінде  мектепте өз  мамандықтарын  сүйетін, еңбекке  жауапты  қарайтын ,білікті , іскер педагогикалық  ұжым  құрылды. Мектепте оқушылардың жан-жақты жарасымды  дамуына  бағытталған , өзін-өзі  басқару  негізінде құрылған  сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстардың  мол  тәжірибесі  жинақталды. №12 мектептің 60 жылдан  астам уақыт ішіндегі  шығармашылық еңбегін  көрсететін  тарихи  мұражай  бар.

І.Григорий Максимович  Кубраков ұстаздық қызметі  мен еңбектері. 

        Г.М.Кубраков – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют  санаториялық  мектеп – интернатының  директоры, КСРО халық мұғалімі, республикалық   және Бүкілодақтық халық  ағарту  қызметкерлері съезінің делегаты.

     Г.М.Кубраков  ұзақ  жылғы қызметінде ұлы   педагог А.С.Макаренконың  бай   мұрасын бүгінгі  мектеп  жағдайында  жүзеге  асырып, жас ұрпақты оқыту мен  тәрбиелеуді  сапалы  биікке  көтеруде  тұлғаланып, бүкіл республикамызға танымал  болған  талапты да,  талантты  ұстаз.

   Г.М.Кубраков  республикалық  теледидар   арқылы  ұйымдастырылған арнайы  хабарға  қатысып, озат  тәжірибесі  туралы  телекөрермендермен пікір   алмасып  отырды. Ол жас ұрпақ бойына еңбексүйгіштік  дағдыларын  қалыптастыруда өте құнды тәжірибені  жинақтады. Кубраковтың қаламынан ғылыми  педагогикалық негізде баяндалған көп жылғы ұстаздық еңбегінің бай тәжірибесі  бірнеше кітаптар  болып жарық көрді. Мәселен: Г.М.Кубраков «По пути Макаренко» ( Алматы: Мектеп, 1982), По  заветом Макаренко ( М , Просвещение, 1987).

             І.Қанипа  Омарғалиқызы   Бітібаева

     Қанипа  Бітібаева—Қазақстанның  еңбек  сіңірген  мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ мектептерінде  әдебиетті  оқытудың  жаңа  жүйесін қалыптастырған  ұстаздардың бірі.

                                                                                                                         

1991 жылы 19 мамырда  Қанипа Бітібаеваның ғылыми әдістемелік атаулы мектебі  ашылып,

оның жетекшілігімен  ұстаздар «Әдебиетті  тереңдетіп  оқыту  әдістемесін » жетілдіруге  ат  салысуда. Қ.Омарғалиқызы  70 -тен  аса  мақала мен 23 кітаптың  және  оқулықтың  авторы.

                                                                                                                            9                                                                                                                     

Оның «Қазақ  әдебиетін оқыту  әдістемесі мен технологиясы » атты оқулығында  лириканы, эпикалық шығармаларды  жаңа технологиялармен  оқыту  жолдары  баяндалған. Абай, Мұқағали лирикаларын меңгерудің 

жолдары  тақырыпқа  қатысты сабақ  өткізудің технологиялық  картасы, поэтикалық талдаулардың  үлгілері, шығармашылық жұмыстар  берілген. Мысалы, жыраулар  поэзиясына 40 түрлі тапсырма  түрінің  берілуі  оқушылардың шығармашылық  қабілетін  дамытады. Эпикалық  жанрды  меңгертуге қатысты әңгіме , хикаят, роман, жанрларын оқытудың  ғылыми- теориялық  негізі және сабақ  үлгілері бірге  ұсынылған. Сонымен  қатар, «Абай жолы » эпопеясын  оқыту  технологиясы мен әдістемесі де жан-жақты  сөз  болады. Батырлар  жырын  публицистикалық  шығармаларды, эпистолярлық  жанрды оқыту  әдістері  берілген.Әсіресе, дамыта  оқыту  технологиясына  сүйене  отырып, оқушыларды  ғылыми еңбекке баулу  мәселелері, дарынды  балалардың  қабілетін  жетілдіру, әдіс-тәсілдері де  осы  оқулықта  жазылған.  Ұстаздың Абай  туындыларын  оқытуға  негізделген екі кітабы , Мұхтар Әуезов  шығармаларын  оқытуға бағытталған  үш  кітабы  іргелі еңбектер  қатарын  молайтты.

    Қ.Бітібаева  әдебиетті «өмір  сабағы, өнер  сабағы, ой  сабағы, ойлану  сабағы  »-- деп  біледі. Ол  өзінің әр  сабағын  кішігірім өнер  туындысы  дәрежесіне көтеруді мұрат  еткен ұстаз. Қанипа  өткір  ойы, батыл  пікірі,  оқу  тәрбиесін  жетілдіруде тың  серпіні  бар, шығармашылық зертханасы қалыптасқан өте іскер жаңашыл  мұғалім.

     Қанипа  Бітібаева – оқыту  процесінде  баланің  рухани жан  дүниесін, ой еңбегінің күрделі процесінің  заңдылықтарын, жеке  адамның  қалыптасу  ерекшеліктерін зерттеуші ұстаз. Қанипа  өзінің мол жұмыс  тәжірибесін шәкірттерге қазақ тілі мен әдебиетінен білім, тәрбие беруден түйген  пікірлерін, қазіргі мектеп  бағдарламалары жөніндегі ой- жалғастарын  ортаға  салып , республикалық  және халықаралық  басылымдарда да  жариялап  отырады.

     Қ.Бітібаеваның  кітаптары:

1. Әдебиетті  оқытудың тиімді  жолдары.

2. Әуезов шығармашылығын оқыту.

3. Сабақ түрлері  мен  үлгілері.

4.Мектепте Абай  шығармашылығын оқыту.

5. Әдебиетті   оқыту  әдістемесі.(оқулық)

6. Әдебиеттану.

                                                                                                                         10

 

7. Абайды  таныту.

8. М.Әуезов –  мектепте.

9. Әдебиетті тереңдетіп  оқыту.

10.Әдебиет   оқулығы.

11. 7-сынып әдебиетін   оқыту  әдістемесі.

12. 5-9 сынып әдебиетін  тереңдетіп  оқыту.

13. 10-11 сынып  әдебиетін  оқыту.

       Осы заман педагогикасы –бұл тұлғаның және ұжымның тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу процестерінің диалектикасы туралы ғылым.   

 Ынтымақтастық педагогика – бұл тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің, мұғалім мен балалардың шығармашылық еңбегінің диалектикалық бірлігі емес пе?  

 Мектепке, жоғары  оқу орнына жаңа кадрларды  дайындауда қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындау үшін ынтымақтастық педагогика керек. Бұл педагогика жас мұғалімнің ғылыми педагогикалық теория мен озат педагогикалық тәжірибенің нәтежесімен қарулануына мүмкіндік береді. Сонымен бірге ізгілендіру, гуманитарландыру жағдайында тұтас педагогикалық процесте жаңа идеяларды пайдаланудың жолдарын қарастырады.   

 Ынтымақтастық педагогиканың  негізгі идеяларын оқу-тәрбие  процесінде қолдану барысында тәрбие мақсаттарын жүзеге асыру жолында орта және жоғары мектеп зор роль атқарады. Өйткені оларда барлық жастар оқып, еңбек етуге үйреніп дағдыланады, өмірге жолдама алады.    

 Орта және жоғары  оқу орындарының мақсаты –  жастарды әр жақты жарасымды  етіп дамыту, олардың жоғары құлықтық, азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Мұндай мақсат кешенділік міндеттерді шешуді қажет етеді. Олар: әлеуметтік тәрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын кең мәдени ой-өрісі жоғары тұлғаның үйлесімді жан-жақты дамуының негізін қалау; әлеуметтік функцияларды еңбек, таным, қоғам, ұйым және бос уақытты пайдалану т.б. орындау үшін жастарды ойдағыдай даярлауды қамтамасыз ету;                                                                                                                 

кәсіптік дайындықтың  жолдарын таңдап алу үшін, өз тағдырын өзі шешу үшін жастарға жағдай жасау; тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге, өз білімін алуына, оны өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік жасау.    

                                                                                                                      11

 

 Тұлғаның дамуы мен  тәрбиесі идеалогиясының жаңаруы көптеген идеяларға негіздеді. Олар:

Информация о работе Жоғары молекулалық ертінділердің ісінуі