Жоғары молекулалық ертінділердің ісінуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 09:51, реферат

Описание работы

Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің оқыту және тәрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру, жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық процесті жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені, олар ескі дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін, принциптерін қолданып, жастарға білім және тәрбие беру ісі қазіргі заманның талаптарын қанағаттандырмайды деп қорытынды жасады. Жаңашыл-экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысы өз сыныптары мен мектептерінде жеке-жеке, керек десе бірін-бірі білмей 25 жылдай эксперимент жұмысын жүргізген. Бұған қарамастан олардың жұмыстарының қорытындысы бірдей нәтиже берген.

Содержание работы

І.Кіріспе бөлім.

Жалпы білім беретін орта мектепті қайта құру жағдайындағы ынтымақтастық педагогика.

ІІ.Негізгі бөлім.
А.) Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі.
Ә.) Озат педагогикалық тәжірибені пайдалану.
Б.) Оқыту технологиялардың түрлері және қолданудың тиімділігі.
В.) В.Т.Кабум технологиясы. Тәрбиелеуді ізгілендіру жүйесі.
ІІІ.Практикалық бөлім.
Тәрбие сағатының жоспары: «ХХІ –ғасыр көшбасшысы.»

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

педагогика.doc

— 635.50 Кб (Скачать файл)

 Жаңа тақырыпты  меңгеруге дайындық ретінде өткенді  пысықтау 5-7 минут көлемінде оқушылардың  жаңа тақырыпты өз бетінше  меңгеруін ұйымдастыру; (оқытудың проблемалық әдістері бойынша) Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау;

                                                                                                                         24

 

Жаңа тақырып  бойынша алынған теориялық білімді  практика жүзінде пысықтау. Деңгейлік тапсырмаларды орындау (12 минут)

 Соңғы 3 минутта  сыныпта орындалған деңгейлік  тапсырмалардың ұпайы саналады.

11.ЧАРЛЗ ДЕМНІҢ ПАРАДИГМАСЫ.

Оқыту әдiстемесi мен оқыту технологиясын салыстырмалы талдау-- Салыстыру өлшемі Оқыту әдістемесіне тән белгілер Оқыту технологиясына тән белгілер.

Мақсаттылық---Оқушылардың ақырғы мақсатты жете түсінбеуі Оқушылардың ақырғы мақсатты жете ұғынуы.

 Тұжырымдамалылық---Мұғалімнің теорияны субъективті түсіндіруі Ғылыми негізделген теорияға сүйену.

 Жүйелілік , Жүйелілік міндетті емес-- Оқытудың мақсаттарын, мазмұнын, әдістемесін, амалын жоғары деңгейде жүйелі пайдалануы мен жобалауы.

 Диагностикалық-- Мұғалім қоятын талап деңгейіне байланысты Ғылыми объективті көлемдермен негіздеу.

Оқыту сапасына кепілдік--Мұғалімнің кәсіптік шеберлігіне байланысты Тұрақты жоғары.

 Жаңашылдық--Көбіне тактикалық (әдістемелік) сипатта болады Стратегиялық (іс-әрекеттік) сипатта болады.

12.«Педагогикалық шеберханалар технологиясы»

 Шеберхана – оқыту процесін ұйымдастырудың өзгеше бір түрі (формасы). Бұл оқу процесінің өзге түрі, Француз ғалымдары (психологтар, педагогтар, философтар) ұсынған. Оның негізін құраушылар: П.Ланжевский, Анри Валлон, Жан Пиаже және т.б.

 Негізгі идеясы белгілі педагог Я.Каменский идеясы мен жақын, яғни «пәлсәнәні» тарату адамзатты дамытып жетілдіруі де, соғыс өртін жояды – дейді. Қоғамды дамытуға, тек білім беруді терең түбірімен өзгерту арқылы ғана жетуге болады деп есептейді.

 Педагогикалық шеберханаларды ұйымдастыру қағидалары:

- Мастер барлықтары үшін ашық, еркін шығармашылық қарым-қатынас атмосферасын тудырады.

                                                                                                                           25

- Тақырыпты  меңгеруде оқушының жеке қызығушылығын оятып, оның сезімдеріне назар аударады.

- Мастер өзгелермен  бірдей жұмыс істейді.

- Жауап беруге  асықпайды.

 - Қажет ақпараттарды шағын дозамен беріп отырады.

- Бала еңбегін  бағалауда әдеттегі бағалау қабілеттерін  дамыту үшін еңбектерін ашық  көрсету әдісін пайдаланады (оқушыны өзін-өзі түзетуге, өзгертуге мүмкіндік алады).

 Технологияның алғы шарттары:

- Баланың білімді  өз тәжірибесімен ұштастыра отырып  алу, яғни білімді оның генезисі  мен құрылымын зерттеу арқылы  өздігінен ашып жетуі.

- Мастер басқаруымен  және ұйымдастыруымен белгілі бір қағидаларға сүйеніп отырып, барлықтарының да өз білімін өздері бірлескен әрекет нәтижесінде құра алатындығына иландыру (сендіру).

- Педагогикалық шеберхана ерекшелігі: ұстаз әңгімелеуші, баланың мүмкіндіктерін, қабілеттерін көріп, бағалай білуге жетектеуші, нұсқаушы роліне көшеді.                                                                                            

Бала өзінің біліміне негіздей отырып жаңа дүниені  ашуға жетеді. Өзінің «Я» сезіміне жетеді.

 Шеберханада жұмыс істеу кезеңдері:

- «Индукция» (ой  қозғау)

- Жинақтау (самоконструкция)

- Топта талдау (социоконструкция)

- Әлеуметтендіру (Социализация)

- Жария ету  (Адаптирования)

- Презентация  дайындау

- «Ескі мен  жаңа байланысы» (разрыв)

- Рефлекция Инновациялық үрдістерді оқу үрдісіне енгізу.

13. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту

(Л.  Джинна Стил, С. Куртик Мередит,  Чарльз, Тэмпл).

                                                                                                                        26

Оқыту мен үйретудің моделі: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс.Сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады.

Осы сабақ кезінде  үйренуші не  үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану  керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді.

14. Жаңа оқыту технологиясы.

Технология- оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. /Академик В.М. Монахов/

 Белоруссияның  ұлттық мектебінің ғылыми-зерттеуші  ұжымы технологияны жеке тұлғаны  дамытудағы процесс және оқушыны  оқытудың әр кезеңінде дамытатын  педагогикалық құрал ретінде  бағалайды. Яғни, технология – баланы дамытуға жағдай жасаудағы мұғалімдердің қабілеттілігі деген анықтама береді.

 Технологиялық оқыту – өзара белсенді оқыту. Өзара белсенді режимдегі жұмыста ақпараттар ағыны оқушыға не топқа жетіп, оқушылардың жан – жүйесінде жасырын жатқан ақыл-ой қызметін белсендіреді. Ақпарат бұл жағдайда екі бағытта: мұғалімнен – оқушыға, оқушыдан мұғалімге қарай жүріп, оқушыны өзі үшін білім алушы, өзін білімдендіруші яғни субъект жағдайына қояды.

Интерактивті  оқыту әдісін, жаңа оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі.

Әдістемелік құралымыздың мақсаты:

- “Білім” заңына  сәйкес басым бағыттар мен  міндеттерді жүзеге асыру үшін  білім мазмұнын жақсарту;

- Оқытудың жаңа  педагогикалық технологиясын жан-жақты  меңгеру арқылы оқушының жеке  тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ету.

 Міндеті:

- Талабы таудай  жеке тұлғаны іздеп табу жолдарын  қарастыру,оларды өсіру, әр оқушының  қабілетін танып білу.

      Бәсекеге қабілетті технологиялар  инновациялық экономиканың өзегі 

                                                                                                                         27

ретінде өздігінен  пайда бол ақоймайды.Бұл ұзақ үдеріс, ғылыми зерттеулердің, күрделіде шығынды эксперименттердің және, ақыр аяғында ғалымдардың идеялық нұрлануының қиындықпен келетін жемісі.

 … егер  технологияларды басқалардан алуға  ғана сүйенетін болсақ, біз өзіміздің  технологиялық артта қалушылығымызды  сол күйінде тұмшалап, технологиялық  және ғылыми тұрғыда дамыған  елдерге тәуелділікте боламыз.  Сондықтан бізге өз ғылымымызды  дамыту керек.

                                                                                      Н.Ә.Назарбаев                 Жай мұғалім – хабарлайды,

 Жақсы мұғалім  – түсіндіреді.

 Керемет  мұғалім – көрсетеді,

 Ұлы мұғалім  – шабыттандырады

                                                                Уильям Уорд

15. Бағдарламалап оқыту технологиясы.

(Б. Скипер, Н:  Крауер, В.П Беспалько) 

Ғылыми негізде  түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту. Оқыту құралдарының көмегімен бағдарламаланған оқу материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен берілген.

16. Жеке тұлғаға бағдарланған  технологиясы.(Хуторской А.В.)

Оқу- тәрбие процесінде балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру, әр білім алушының оқу тапсырмаларын орындауына қолайлы жағдай жасау көзделеді. Аталған технологияның негізгі ұстанымдары төмендегідей:

- жеке тұлғаның  өзіндік ерекшелігін ескеру ұстанымы (әрбір шәкіртті өзіндік еркшеліктері  мен қабылдау мүмкіндіктеріне сай оқыту);

- білім беру  траекториясын таңдау еркіндігі  ұстанымы  (міндетті білім беру  деңгейінен төмен болмауы тиіс);

- оқытудың жағдаяттылығы   ұстанымы (құзыреттілікке бағдарланған  тапсырмаларды орындауға тілдік  жағдай туғызу).

Жеке  тұлғаға бағдарланған технология бойынша оқыту мазмұнының әдістері мен тәсілдерін таңдауға төмендегідей талаптар қойылады:

қарым-қатынастық әрекет;

                                                                                                                         28

шығармашылық  әрекет;

баланың жеке дамуын қолдау;

баланың өзіндік  және шығармашылық әрекетін дамыту.

Бұл технологияны іске асыру екі жолмен жүзеге асырылады:

1) сыныпты дифференциациялау арқылы «жоғары-орташа-төмен» топтарға бөлу және оқу материалын күрделілік деңгейіне байланысты іріктеу;

2) білім траекториясын  өзіндік мүмкіндіктеріне ыңғайлау. Мұны жүзеге асыру оқытудың  ерекше шарттарын қажет  етеді:  әр түрлі мазмұн мен көлемдегі  білім нәтижелерін әкелетін әрбір  білім алушының жеке білім  траекторияларын таңдау.

17.Оқытудың  компьютерлік технологиясы .

Ақпаратпен  жұмыс істей білуді қалыптастыруды  және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты “ақпараттық қоғамға” даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей  комьпютермен қатынасы арқылы орындалады.

 Яғни баланың жеке қасиетіне қарай компьютерге бейімделу, т,б

-оқушы материалды  сезім мүшелері арқылы ғана  қабылдап қоймайды, білімге деген  қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында  меңгереді;

-оқытудың бала  өмірімен, еңбегімен байланыстығы.

18.Оқу  әрекеті арқылы үйретуші (мұғалім), үйренуші (білім алушы) рөлін өзгертуге ықпал ететін  белсенді оқыту технологиясы.

 Шәкірттерді  жаңа білімді өздіктерінен ізденіп  алуына мүмкіндік  жасайды. 

Бұл үшін сабақта  төмендегі мәселелерге баса назар  аударған жөн:

сабақ құрылымының  икемділігі;

оқығаны бойынша  пікірталастың болуы;

дидактикалық  ойындар;

интенсивті  өзіндік әрекет;

тілдік бірліктерді  салыстыруды, топтауды, жүйелеуді және тілдік құбылыстар заңдылықтарын дәйектеуді ұйымдастыруы;

білім алушының белсенділік көрсетуіне мүмкіндік  беретін педагогикалық жағдаяттарды құруы.

 

                                                                                                                       29

19. «Әдебиеттік оқу»    пәнін оқыту  технологиясы.

Пәнді оқыту  барысында  топтық, ұжымдық жеке жұмыс түрлері ұйымдастырылады,

шығармашылық  жұмыс (өлең құрастыру, мәтін түзу, мәтін  бойынша сурет салу, кейіпкерге мінездеме  беру, хабарлама дайындау, қосымша  деректер жинақтау) жүргізіледі.

    Оқыту барысында мәтіннің білімдік, тәрбиелік, дамытушылық бағыттарына ерекше көңіл бөлінеді, көркем сөздер арқылы оқушының тілін дамыту, сөздік қорларын байытуға назар аударады.

      Оқыту технологияларын таңдау оқушының өзіндікі сәрекетін ұйымдастыруына игі ықпал ететіндей мақсатта орындалады.

    Оқытудың әдістемелік ұстанымдары жеке тұлғаның дербес дамуына жағдай туғызуға, берілген тапсырмаларды орындауда оңтайлы шешім қабылдауға дағдыландыруға    бағытталуы тиіс.

     Оқушының негізгі құзыреттілігін қалыптастыруды көздейтін технологияларды қолдануда ұтымды тәсілдерді пайдаланудың орнын, тиімділігін ажырата білу қажет.

     Оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін технологияларды (жобалау, зерттеушілік т.б.) игеруге, енгізуге жағдай туғызу қажет.

     Жаңа технологияларды зерделей отырып, таңдалған әдіс-тәсілдер жиыны мұғалім мен оқушы арасындағы түсіністік қатынасқа негізделеді.

Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушыны дербес, топтық,ұжымдық жұмыс сияқты түрлі формада ұйымдастырылған тәсілдерге төселдіре отырып, өз бетімен ізденуіне бағыт-бағдар беру керек.   Оқу-тәрбие процесінде бірізділік пен біртұтастықты сақтауда оқушының оқу бөлмесі оқыту талабына сәйкес материалдық-техникалық жабдықталып, оқытудың түрлі формаларын ұйымдастыруда жетекші рөл атқаруы тиіс.

20.Түсіндіре  оза оқыту технологиясы.

(С.Н. Лысенкова)

Барлық баланы табысты  оқыту. Оқу материалдардың бірізділігі, жүйелілігі, саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы; бағдарламаның, кейбір тақырыптарда біртіндеп ойнату әдісін қолдану.

                                                                                                                           30  

Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын ортаншылар, ең соңынан нашар оқушылар қатыстырылады; бірте-бірте толық дербестікке жету; сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; үй тапсырмасы тек оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі; білім, білік дағдыны дамыта меңгерту; түсіндіруді қабылдау.

Информация о работе Жоғары молекулалық ертінділердің ісінуі