Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 18:13, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда ертеңгі ел тізгінін ұстар ұлттың ұрпағына сапалы білім алу мен оларды жан-жақты, саналы тәрбиелеудің қыр-сырын аша түсуге, жетілдіруге күрделі міндеттер жүктейді.
Адам тағдыры мен ұлт тағдырын қоғам талабына сай құру мәселесі еліміздің «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» [1, 16-б.] – деп, айқын көрсетіледі.

Содержание работы

КІРІСПЕ .....................................................................................................3

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...............................................................................................10

XX ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың Әзілхан Нұршайықов дүниетанымының қалыптасуы мен шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларға әсер ету факторлары.............................................10

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды талдауға негіз болатын әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар, педагогикалық тұжырымдар...................................................................29

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мәні, жүйесі, құрылымы және мазмұны...........................59

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлар бейнесі арқылы азаматтыққа, ерлікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу идеясы...........................................................68

Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» шығармаларындағы адамды сүю идеясы...............................................80

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары.................................................100

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................132
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................134
ҚОСЫМША ...........................................................................................

Файлы: 1 файл

АРАЙЛЫМ ДИСС-Я.doc

— 1.13 Мб (Скачать файл)

Соғысқа аттанар алдында арнайы әскери дайындықтан өтті. «Мен Алматыға әскерге келдім. Бір күні кешке (1941 жылы желтоқсанда) бәрімізді тездетіп сапқа тұрғызды. Командир алға келіп:

- Майдандағы 8-гвардиялық дивизияны  толықтыруға кім барады, екі адым  алға шығыңдар, - деді.

Денесі төртбақтау келген жұмыскер пішіндес жас жігіт шығып, бізге қасқая қарсы қарап тұрды. Қапелімде одан басқа ешкім шықпады. Мен шықтым, шыға сала жігітттерге қарсы қарап тұрып, өлеңдетіп қоя бердім:

Біз жеңеміз, өйткені ісіміз ақ,

Барлық адам баласы бізбенен жақ.

Дүниеге зұлымдық үстем болып

Тұрмақ емес, әділдік жеңуі хақ!

  • Әділ ісіміз үшін шығыңдар, азаматтар, алға! – дедім.
  • Жарайсың! – деп төртбақ жігіт қолымды қысты. – Өлеңді өзің шығардың ба?
  • Өзім шығардым.

Сол-ақ екен, біздің оң жақ, сол жағымыздан жігіттер кернеп кетті. Сапқа бірге тізілген екі артдивизионнан керегі 80 адам екен, 100 адам шығыппыз. Жиырма адам артық деп, командир бірсыпыра адамды кейінге қалдырды. Мені де сол жиырманың ішіне қосты.

– Сен ақын екенсің. Ақын бригадаға да керек. Соғысқа бұлардан сәл кейінірек бірге барамыз – деді.

– Құп!

Майданға барамын деп саптың алдына алдымен шығып, жігіттерге қасқая қарап тұрған жігіт Төлеген Тоқтаров еді. Кейіннен Төлеген Тоқтаровқа Совет Одағының Батыры атағы берілгендігі туралы хабарды естігенде «Апырай, сонда Төлегенмен бірге кетіп қалсам, мен де батыр болатын ба едім!» - деген ой келді. Ол менің албырттығым еді. Әйтпесе, екінің бірі ер бола бермейді ғой (Автопортрет 75-б.) – деген сөзі оның біріншіден, жеке тұлғалық ерекшелігін көрсетсе, екіншіден, іс-әрекетіндегі мақсатқа қол жеткізуге ықпал ете білушілігін аңғартады.

Соғыста ол біріншіден, зеңбірек командирі. Қол астындағы алты адамды ұйымдастырып, зеңбірекпен оқу жаудырудың уақытын, сәтін білу, көздеу, оқтау, көшіру, т.б.  жұмыстар тікелей қызметі болды. «Мен соғыс кезіндегі барлық еңбегімді мына бір-екі сан арқылы көрсетіп кетсем айыбы бола қоймас. Мен танкіге қарсы ататын 76 милиметрлік зеңбіректің командирі ретінде жауға қарсы 7860 снаряд атыппын. Оны тоннаға шағар болсақ, 9 тоннаны құрайды. Ал, 9 тонна снаряд дегеніміз 1 млн. винтовка оғына тең келеді екен. Осы 1 млн. оқтың бірсыпырасы межелеген жеріне жетіп, жеңіске өз үлесін қосты деп ойлаймын» [http: //zhetsu-gov.kz/index.php?name =News&op=article&sid=1746] – деген ойы сөзімізді нақтылай түседі.

Ал, оның атқарған қызметі тек бұл емес, оның жанама бірнеше қызметті: әскери-жауынгерлік газетті шығаруға үлес қосып «ақын», «тілші» атанды. Қиын күндерде жауынгерлер арасында жақсы дос, қанды көйлек жан аямас жолдас бола білді. Жолдастарының ерлігін жырға қосты, мақалалар жазды.

Қазақ журналистикасына өзіндік қолтаңба қалдырған журналист ретінде Әзілхан Нұршайықовты ерекше атауға болады. Ол очерк жазудың шебері болды. Өзіндік стиль мен жаңашылдығы оны «қазақтың Овечкині» атандырды. Оның қаламынан туған «Алыстағы ауданда» очерктер жинағы мен «Мен журналиспін» атты кітап оның осы қызметті жан-жақты, терең меңгергендігінен хабар береді. Ол әлі күнге журналист ретінде газет-журналдарға үн қосып отыруды жөн санайды.

Әзілхан Нұршайықовтың жазушылық қызметі зерттеу тақырыбымыздың басымды бөлігі болып табылады. Оның шығармашылығындағы жазушы қаламынан туған еңбектері еліміздегі сан миллиондаған оқырманның жүрегіне жол тапты, өмірдің қыры-сырын үйретті, тәрбиеледі. Біз автордың жазушылық әлеуетін, оның шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды зерттеу жұмысымыздың өн бойына пайдаланамыз.

Әзілхан Нұршайықовтың жеке тұлға ретінде көрсететін бір қыры – социалистік қоғамдағы коммунистік партияның мүшесі болуы және оған шексіз адалдығы. Оған жарқын мысал: кезекті бір облыстағы оқырмандарымен кездесуде сұрақ-жауап көпке созылып, оқырмандар тағы бір-екі күнге қалыңыз деген өтініш білдіреді. Сонда жазушы: «Мен Қазақ Совет Энциклопедиясы деген мекемеде қызмет істеймін. Сіздермен кездесу үшін екі күнге – дүйсенбі мен сейсенбіге ғана рұқсат сұрап келдім. Дүйсенбі міне өтіп барады. Сейсенбі ертең жолда өтеді. Сәрсенбі күні таңертең қызметте болуым керек. Мен де мына Жұмакүл апайларың сияқты партия ұйымының хатшысымын. Менің де 70-80 коммунистім, 150 адам қызмет істейтін ұжымым бар. Олардың бәрі менен үлгі алады. Егер мен айтқан уәдемде тұрмай, серуендеп 3-4 күн жүріп алсам, менен кім үлгі алады?» (Өмір өрнектері 152-б.) - деп жауап береді. Бұл оның СОКП мүшелігін мейлінше тазалықпен қабылдап, түсінгендігін және оны адал атқарып жүргендігін көрсетеді.

Жазушының әлеуметтік ортадағы жігіт бейнесін алар болсақ, жастық күш-жігерін Отанын қорғауға арнаған азамат дейміз және жас жігіт күніндегі ескеруге тұрарлық сапасы – адами сезімді құрметтеудегі сезімталдығы. Бозбала күнінен махаббатқа тұрақтылығы, сөз байласқан қызымен хат алысып серттесуі және сертке адалдығы оның кейіннен махаббат туралы үлкен-үлкен шығармалар жазуына негіз болды.

Ол – төрт бала тәрбиелеп өсірген әке. Өз зайыбын құрметтей білетін ер. Отбасында атты Жанар Жаннат, Жаннұр, Арнұр атты балалары қоғамның белсенді мүшелері. Үлкен қызы Жанар – филология ғылымдарының докторы, профессор. Бала өсіру мен тәрбиелеудің әлеуметтік педагогикалық мүмкіндіктерін өмірмен байланыстырған тұлға болып та есептелінеді.

Үнемі ізденіс пен шығармашылықта жүрген тұлға жасы ұлғая келе кемеңгерлік пен парасаттылықты бойға жияды. Табиғи күштің орнын мейірім басады. Ата болғанда өзінің ұрпағына – немере-шөберелеріне өмірлік тәрбие әдістерін мейіріммен ұқтыра бастайды. Бұл – өтімдірек тәсіл. Сондықтан да этнопедагогикадағы ата педагогикасының өзіндік орны бар екендігі мақұлданған. Қазір жазушы Ә. Нұршайықов әлеуметтік институт – отбасылық тәрбиеде ата педагогикасының көрнекті өкілі.

Жазушының жек тұлға ретінде өмір бағытын көрсететін компоненттері: жан дүниесінің қалаулары – қажеттіліктер және оған итермелер түрткілер, шығармашылыққа қызығушылық пен бейімділік, қызығушылық туғызушы дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам. Бұл автор бойында даму кезеңдері бойында қалыптасқан сапалар деп айтуымызға болады.

Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеясын тұлғалық тұғырда қарастыра отырып, оның қалыптасуы мен даму ерекшеліктерінде ескерерлік тұлғалық сапалары:

- алғырлығы, зеректігі, тілалғыштығы, белсенділігі, ақындығы, тілшілігі, гуманитарлық білімге бейімділігі, әскери қызметтегі патриоттығы, зеңбірек командирі ретіндегі ұйымдастырушылық мүмкіндігі, бірнеше қызметті қатар атқаруы, бозбала, ер жігіт ретіндегі махаббатқа тұрақтылығы, сертке беріктігі, журналистік қызметтің қыры-сырын терең меңгеруі, басшылық қызметке дейін өсуі, әке ретінде төрт бала тәрбиелеп өсіруі, немере-шөберелеріне ақыл айтар ақсақал ата этноәлеуметтік рөлді меңгеруі, т.б. көптеген сапалармен нақтыланады.

Бірінші жазушы шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің қалыптасуын тұлғалық тұлғада қарастыра отырып, оның іс-әрекеттік мүмкіндігін жа жартылай айтып өттік. Әрине, әр тұғыр өзара байланысты. Әйтсе де ІС-ӘРЕКЕТ теориясы құбылысты немесе жеке тұлғаны зерттеудің теориялық және әдіснамалық жүйесіне негіз болып табылады. 1920-30 жылдары дүниеге келген бұл теорияның бастауында С.Л. Рубинштейн мен А.Н. Леонтьев тұрды және оны тереңірек дамытқан Л.С. Выготский болды. Оның айтуынша, іс-әрекет құралына мән беру маңызды. Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың тәлім-тәрбиелік идеяларын жеткізудегі басты құралы – қалам. Әрине, оны бұқаралық ақпарат құралдары, кітаптары мен инновациялық технологиялар толықтыруы мүмкін. Дегенмен, оның іс-әрекетін зерттеуде жазушы қаламына басымдық бере қарастырамыз.

Жазушының бала күніндегі саналы әрекетіне бастау болған – пионерлік әрекеті. Колхоз жұмысына өзі де атсалысып жүріп, шөп шабу науқанын тойлау науқанына айналдырып жіберген комбайншылардың жағымсыз ісін коммунистік моральға жат қылық – арақ ішіп жұмысты жайына қалдыруын, колхаз бастығы әкесіне айтпастан, аудандық газетке «Сірнешілер тобы» деген айдармен  мақала етіп жазып жариялатуы, соңында жазылған авторды «Пионер Әзілхан» деген атау коммунистік идеяның орындалуына пионерлік үн қосуы болатын. Баланың мұндай ісін қай қоғамда да дұрыс деп түсінген жөн. Сондай-ақ, ауылда өзіне баспасөзбен байланыс жасайтын ешкім болмағандығына қарамастан, аудандық, облыстық, республикалық газет-журналдарға өлеңдерін жіберуі де іс-әрекеттегі мақсаттылықты көрсетеді.

Майданда жаумен шайқасудағы басты қаруы – зеңбірек. Жоғарыдағы көрсеткен мысалдар оның өз қызметін атқаруда барынша жауапкершілікті сезінгендігінің айғағы. Ол өз басының көрсеткен ерлігіне жаудың екі танкін қиратқандығын айтады. Майданда ерлік көрсету – саналы іс-әрекеттің жемісі. Сонымен қатар, ол екінші қаруы – қаламын өзімен қатар жауынгерлерді, елдегі қазақ халқын рухтандыруға, жігерлендіруге, ынталандыруға үлес қосып – өлең, мақала жазуы. Бұл оның іс-әрекеттегі белсенділігін, өз мүмкіндігін қандай жағдайда болсын пайдалана білетіндігін аңғартады.

Соғыстағы әскери қатаң тәртіп, оның өмірде өзіне қояр талабын күшейтті. Талапшылдық пен ізденімпаздықты ұластыра отырып, оны жазуда қолданды. Журналистік қызметте, жазушылық шығармашылықта өзіндік қолтаңбасының болуы да тілшіліктен бастап, бас редакторлық қызметке дейін атқаруы, талапшылдықтан бастау алары сөзсіз.

Жазушы кейіпкерлерінің іс-әрекеті арқылы да өзінің дүниетанымындағы, рухани дүниесіндегі азаматтық ұстанымын баяндап отырады. Жақсылықтың баянды болуы, опасыздықтың әшкере болуы оқырмандардың ішкі сұранысына жауап береді. Жазушылықта оның роман-диалог, эпистолярлық роман, хикая, прозалық поэма тәрізді жаңа жанрларға шығармашылықпен кірісуі іс-әрекетіндегі ерекшелікті байқатады

Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылығына негіз болған іс-әрекеттер – майдандағы ерлік пен батырлықтың, темірдей қатаң тәртіптің үлгі болуын дәріптесе, бейбіт күн адамдарына еңбек адамдарының қиындыққа төзімділігі мен шыдамдылығы, жан аямай еңбек етуі, сонымен қатар, сыйластық, достық, сүйіспеншілік сияқты адамдар арасындағы қарым-қатынастың өнегелі істері.

Жазушының шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды талдаудағы басты тұғырлардың бірі – ЖҮЙЕЛІЛІК.  Педагогика ғылымына жаратылыс тану ғылымынан енген бұл теорияны Р.Г. Лемберг, Г.А. Уманов, Н.Д. Хмель, Т.С. Сабыров, т.б. педагогика ғылымының көрнекті ғалымдары өз еңбектерінде басшылыққа алды. Тарихи-педагогикалық зерттеу тұрғысынан алғанда жүйелілік тұлға шығармашылығының тұтастығына негіз болады.

Жазушының бұл тұғырда басты тоқталатын мәселе – оның шығармашылықтан қол үзбеуі. Он төрт жасынан басталған сөз өнеріне деген ықылас оның шығармашылық кеңістігінен шықпай, үздіксіз жалғастыруына жол ашты. Ол газет-журналда жұмыс істесе де, энциклопедияда немесе ғылыми зерттеу институтында қызметтер атқарғанымен шығармашылық жұмысын – жазуын тастаған емес.

Жазушы Әзіл Нұршайықовтың шығармашылығындағы негізгі тақырып – адам факторы. Адамның өнегелі өмірі, жан аямас батырлығы, терең дүниетанымы, ерекшелігі, сезімі мен қарым-қатынасы, жоғары мәдениеті оның шығармашылығындағы басты тақырып болып саналады.

Сонымен қатар, жазушы шығармашылығындағы өзара байланыс та оның жүйелілігіне негіз болады. «Менің бір әдетім бар: мақала деп жазғаным очерк, очерк деп бастағаным әңгімеге айналып кетеді. Ал, әңгімем повесть, повесть деп кіріскенім роман болып шығады. Бұл жақсы әдет пе, жаман ба – өзім де білмеймін» (Қаламгер және оның достары 3-4 бб.) – деген ойы арқылы оның тақырыпты тек көлеміне қарап емес, тақырыпты жүйелілікпен кең қамтуынан шығатындығын білуге болады.

Сондай-ақ, журналистік пен жазушылықтың ұштастырудың өзі шығармашылықта жүйелілікке ұласып, өзіндік жаңалығын әкеліп жатады. Бұған дәлелді де жазушының өзі береді: « ...Мен Бауыржан Момышұлының алпыс жасқа толуына арнап, журналға мақала жазуға тиісті едім. Бауыржанмен әңгімелесу үшін бұрынғы журналистік әдіспен алдын ала бірнеше сұрақ әзірледім. Сол сұрақтарға жауап алып Момышұлы туралы жай мүшел мақала емес, мақала-интервью жазайын деп ойладым. Оқырмандарға осы қызығырақ болар деп есептедім. Бірақ, артынан менің мақала-интервью деп бастағаным, повеске айналып кетті. Жинаған материал повеске сыймаған-ды, жинауға тиісті, қажет материалдарым әлі де көп еді. Оның үстіне оқырмандар менің бұл шығарманы одан әрі жалғастыруымды талап етті. «Ақиқат пен аңыз» кітабы осылай дүниеге келді. Кітап сұрақ-жауап түрінде жазылып біткеннен кейін, енді оның жанрын анықтау қажет болды. Көлемі мен қамтыған оқиғасына қарағанда, кітап романмен пара-пар. 639 бет қолжазбада Бауыржан Момышұлының алты жасынан алпыс жасына дейінгі өмірі айтылады» (Өмір өрнектері 437-438 бб.).   

Сонымен қатар, ол жазушылыққа келмей жүріп ауызша баяндайтын әңгімелері кейінен қағазға түседі. Әуелде Мұқан Иманжановқа өз рұқсатымен берген сюжет «Есеновтің тағдыры» және «Қызыл көрпе» атты әңгіме өзара байланысты болғандықтан, жүйелілікке сұранып, повесть болып жазылып басталып, «Махаббат, қызық мол жылдар» атты жастар өміріне арналған романға айналады. 

Жүйелілік тұғыр арқылы қорыта айтар ой, жазушының көп тақырыпты қамтуды мақсат етіп, шығармашылық кеңістігіндегі тақырыптың молдығына емес, жүйелілігіне мән беруі де оқырманды шынайылығымен қызықтырып, өзіне тарта түседі.

АҚПАРАТТЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТҰҒЫРДА педагогика ғылымына соңғы жылдары кеңінен енген оқу-тәрбие үдерісіне пайдалану және педагогикалық деректер мен құбылыстарды зерттеу мақсатындағы еңбектерді және олардың авторлары С.Н. Лактионова, Д.М. Жүсібалиева, Е.Х. Мамбетқазиев, А.С. Абдыманапов, Д.Р. Пірімбекова, т.б. айтуға болады.

Ақпараттық-инновациялық бағыттағы жұмыстарға журналистің атсалысуы заңды. Себебі, басқа қызметтей емес, газет тілшісінің тиісті ақпаратты уақтылы халыққа жеткізуі басты міндет саналады. Заман ағымымен болып отырған оқиғалар, кезекті мемлекеттік мәселелер: заңдар мен реформалар, съезд  және пленум материалдары, саяси-идеологиялық жұмыстардың бағыт-бағдары, талқылануы, іске асыруға байланыстың жүргізілген жұмыстар журналисті ақпарат ағынымен біте қайнасып жүруге көндіреді. Сондықтан да Әзілхан Нұршайықовтың қоғамның тыныс-тіршілігіне қызмет еткенінің жарқын көрінісі – республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), Павлодар облыстық «Қызыл ту» (қазіргі «Сарыарқа самалы»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қарапайым журналистік қызметтен басшылық лауазымдарға дейін атқаруы. Ақпараттың идеологиялық қызметті атқаруға атсалысатын педагогика ғылымы мен білім беру мекемелері үшін маңызы ерекше. Ә.Нұршайықовтың осы қызметі де тәлім-тәрбиелік идеяларды шығармашылығында басшылыққа алуына негіз болды деп айта аламыз. Журналист-жазушының белгілі бір дәрежеде қоғам тынысының ақпараттық ахуалын реттеуге атсалысты деуге тұратын деңгей.

Информация о работе Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар