Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 18:13, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда ертеңгі ел тізгінін ұстар ұлттың ұрпағына сапалы білім алу мен оларды жан-жақты, саналы тәрбиелеудің қыр-сырын аша түсуге, жетілдіруге күрделі міндеттер жүктейді.
Адам тағдыры мен ұлт тағдырын қоғам талабына сай құру мәселесі еліміздің «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» [1, 16-б.] – деп, айқын көрсетіледі.
КІРІСПЕ .....................................................................................................3
ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...............................................................................................10
XX ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың Әзілхан Нұршайықов дүниетанымының қалыптасуы мен шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларға әсер ету факторлары.............................................10
Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды талдауға негіз болатын әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар, педагогикалық тұжырымдар...................................................................29
Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мәні, жүйесі, құрылымы және мазмұны...........................59
ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлар бейнесі арқылы азаматтыққа, ерлікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу идеясы...........................................................68
Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» шығармаларындағы адамды сүю идеясы...............................................80
Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары.................................................100
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................132
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................134
ҚОСЫМША ...........................................................................................
Бұл романның алғашқы басылымындағы тиражы 52400 дана болды. Әр кітапты 30 адамнан оқығанда бір жарым миллионнан астам оқырманым болғаны ма деген ой келеді жазушыға. Шындығында, «Махаббат, қызық мол жылдар» роман шыққалы 40 жыл уақыт өтті. Осы жылдар ішінде 10 рет қайта басылып шықты. Әрине, соңғы жылы шыққан басылымдарының тираж саны аз болуы мүмкін. Дегенмен, кітап дүкендерінің сөрелерінде тіреліп тұрған бұл романды көре алмаймыз.
«Махаббат, қызық мол жылдар» – жастардың қызығушылығына, өмірдің кейбір сауалдарына жауап беретін кітап. Оның негізгі идеясы мен педагогикалық мақсат-міндеті келесі бөлімдерде арнайы ұстанымдар бойынша талданатын болады.
Әзілхан Нұршайықовтың
Әзілхан Нұршайықовқа дейін Александр Бектің әдеби кейіпкері ретінде сомдалған ұлы тұлға – Бауыржан Момышұлының қазақ оқырмандарына қазақы болмыс-бітімімен, өскен-тәрбие алған ортасы этнопедагогикалық халыққа таныс үлгіде өрбуі, батырдың өз халқының алдындағы ақиқатты бейнесін айқындады. Батырдың 60 жылдық мерейтойына арналған сұхбат ретінде басталған бұл әңгімелесу, дами отырып, көлемді шығармаға айналды. Бұл жазушының тақырыпты барынша ашуға тырысатындығы және оқырманын бұл шығарма арқылы тәрбиелеу мүмкіндіктерін аша түсетіндігі деп түсінуіміз қажет.
Әзілхан Нұршайықовтың жазушылық әлеуеті өз замандастары тарапынан да жақсы бағаланды. Жазушының бір ерекшелігі «Махаббат, қызық мол жылдар» мен «Ақиқат пен аңыз» кітаптары туралы талқылауларды оқырманына сол күйінде жеткізе білді. Сонымен қатар, лайықты ескертулердің ескерілгендігінен де оқырман хабардар болып отырады. Бұл жазушының жариялылық қағидасын ұстанатындығынан хабар береді.
Автор бұл турасында көп қойылатын сұрақтарды біледі. «Бауыржан маған, роман-диалогтағы сияқты, өмірбаянынан бастап, соңғы нүктесіне дейін өзі айтып баяндап берді ме? Жоқ. Ең алғашқы күні мен онымен он екі сағат әңгімелестім. Одан кейін де қысқа, қысқа әңгімелесулер өтті. ...Ал, документтер жағына келетін болсақ, Баукең маған Александр Бекпен жасасқан шартынан басқа ештеңе көрсеткен емес. Керек десе, соғыс кезінде жазған күнделіктерін ақтарып қарап, керек жерлерін көшіріп алуыма рұқсат берген жоқ. Оның негізгі себебі, Баукең алғашқы кезде менің қолымнан не келетініне сенбеген, бұрын жарияланбаған материалдарын көрсетуге қызғанған да шығар. Өзі жазамын деген ойы да болған болуы керек. Әрине, бұл заңды да еді» - дейді автор 1986 жылы «Жалын» журналына берген сұхбатында. Сол кездегі 8-гвардиялық дивизияның тарихына байланысты құжаттарды мұрағаттарды ақтара отырып, іріктеуге Қазақ ССР Ғылым академиясының тарихшы-ғалымдары Төлтай Балақаев пен Манаш Қозыбаев, т.б. қызметкерлерінің көмегімен қол жеткізеді.
«Ақиқат пен аңыз» кітап болып шыққан кезде көптеген адамдар «Сіз бар деректі беріпсіз, ол Сізге хатшылық ғана қызмет атқарыпты. Неге Сіз өзіңіз автор болмайсыз?» - деген ұсыныстар айтып, автор мен кейіпкер арасына әңгіме айтқандар да болған. Бірақ, Бауыржан оларға лайықты тойтарыс беріп, «кітапты кім жазғанын сендер емес, мен білемін» - дегенін батырдың адамгершілік қасиетінің биіктігін тағы да нақтылай түседі.
«Жазушылық – ең ауыр жұмыс. Сонымен бірге, сенбі, жексенбі, жылдық демалыс дегенді пайдаланбай, күндіз-түні толассыз, тынымсыз еңбек етуге адам өз еркімен баратын, өзгеше бір каторга. Жазушы – үздіксіз ойдың ерікті тұтқыны» (Өмір өрнектері 105-б.) – деген пікірі жазушының өзінің ішкі әлемі мен соған сай әрекетіне берілген өзіндік баға. Ол шығармашылықтың бұл жолына өз қызығушылығымен келгенімен ықпал еткен бірнеше тұлғалардың ішінде тікелей өз ағалық қамқорлығымен, достық ықылас-ниетімен, адами асыл қасиеттерімен ерекшеленетін жазушы Мұқан Иманжановтың берген бағыт-бағдары жазысқан хаттары мен естеліндерінде айрықша баяндалады.
Сондай-ақ, оның жазушылық шеберлігінің шыңдалуына, яғни әдебиеттегі естелік жанрын жазуды меңгеруіне Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Салтыков-Щедрин, Толстой, Тургенев, Достоевский, Белинский, Островский, Чехов т.б. орыс әдебиетінің классиктерінің шығармалары, сондай-ақ, Серафимович, Демян Бедный, Алексей Толстой, Николай Островский, Фадеев, Федин, Шишков, Тынянов, Гладков, Всеволод Иванов, Галина Николаева, Павленко, Панферов, Овечкин, Твардовский, т.б. замандас орыс жазушыларының шығармаларының өзіндік ықпалын өз сұхбаттарында келтіреді. Қазақ әдебиетіне орыс әдебиетінің ұстаздық үлгісі бар екендігі сияқты, орыс жазушыларын да жазушы өзіне өнегелік жағынан үлгі етеді.
«Адал шәкірттің міндеті – ұстазын ұмытпау, ұмыттырмау» - деген өзі шығарған қағиданы өміріне ұстаным еткен ол соғыста өзінен әскери шені жоғары болғандардың бәріне жауынгерлік тәртіппен бағына отырып, ұстазым санайды, оларды ұмыттырмау жөнінде әдеби естеліктер қалдырады. Өзімен бірге соғыста болған академик С. Бәйішев және соғыста батырлық үлгісін көрсетіп кеткен Ыбырайым Сүлейменов пен Мәншұк Мәметовалар туралы «Невель түбінде», Махмет Қайырбаев туралы «Батырдың өмірі», соғыстағы басқа да ұстаздары «Боздақтар» еңбегінде жазылса, Мұхтар Әуезов пен Мәлік Ғабдуллин сынды ұстаздарға «Екі естелік», «Тоғыз толғау», т.б. шығармаларын арнады,
Жазушының өзінен бұрынғыларды ұстаз санап, өзінен кейінгі жазушыларды қамқорлауы өзіне дейінгі ұстаздық шығармашылық мектептердің ғибратшылдық үлгісін жалғастырғаны болып табылады.
Әрине, Ә. Нұршайықов журналистік, жазушылық қызметтер атқарғанымен, ғылыми зерттеу жұмыстарына атсалысқанымен, оқу орындарында арнайы шәкірттер даярлау ісіне араласпады. Арнайы шеберлік сырына үйретпегендіктен, қосымша үйрену рухани қолдау ретінде болуы мүмкін. Егер, ақыл сұрап, шығармасын сынатып, пікір сұрап жүрген шәкірт ұстазым деп санамаса, үйретуші өзін-өзі «ұстазбын» деп жариялай алмайды.
Бұл жөнінде бір мысал: жазушыға бірнеше рет ұстаз болуын өтінген шалғай облыстағы бір қыз бала бірнеше өлеңдері мен суретін жіберіп, республикалық басылымдарға бастыруын және бір жолын да өзгертпей, қысқартпай, суретімен қоса басуын сұрайды. Жазушы бірнеше газет-журналдың ақындарға апарып оқытып, олардың да пікірі өз пікірімен бірдей болғандықтан: «Сізге ұстаз қажет емес, ұлылық қажет екен. Сізді ондай дәрежеге жеткізу менің қолымнан келмейді, қарағым. Бірақ, сізге ұлылықтың сабағын беретінтірнеше ұстаз жіберіп отырмын. Ол екі томдық «Путешествие в страну поэзии» деген кітап. Осында Ломоносов, Державин, Жуковский, Батюшков, Пушкин, Лермонтов, Тютчев, Некрасовтан бастап, Маяковский, Есенин, Евтушенкоға дейін бар. Өлең жазуды үйренбесеңіз, менің сізге ұстаз болу қолымнан келмейді екен. Сондықтан жарты айда жіберген 26 өлең мен 5 суретті осы кітапқа қосып, өзіңізге қайырдым» - дейді. (Өмір өрнектері 347-б.) Бұл шығармашылық кеңістіктегі рухани ұстаз болудың бір сыры ғана. Жазушы да өзінің жас кезінде ақын болуды армандап, кейіннен өзінен жақсы ақын шықпасын сезгеннен кейін жаман ақын болғым келмегендіктен, шығармашылықтың басқа қырын қалағандығын айтады. Алайда, жазушылықтың өз қиындығы бар. Оған да талант пен қоса, азаматтық ұстаным, үлкен жауапкершілік және өлшеусіз уақыт пен еңбек қажет екендігін көрсетеді.
«Жазушыға ең алдымен, талант, таным керек. Содан соң ғана мықты денсаулық, ұзақ өмір қажет. Осы төрт құбыласы түгел сай жазушы ғана мәңгі жасайды, алуан жемісті бақша іспетті боп тұрады. Аз өмір сүрген атақсыз жазушы азғантай мұра қалдырады, өлгеннен кейін ауызға сирек алынады» немесе «адамгершілік, ақыл-парасаты биік, азаматтығы жоғары, жазған шығармаларымен жұрт жүрегіне жол тапқан қаламгер ғана халық жазушысы атанады» деген ойларынан да басқа көптеген пікірлерін көптеп кездестіруге болады. (Ө.Ө. 246-б) Жазушылықтың қыры-сырына кәсіби қаныққан жан ретінде жазушылық пен жазушыны сан қырынан қарастырған тұшымды пікірлерін зерттеу барысында түрлі тұғырлар мен ұстанымдар аясында мысалмен келтіретін боламыз.
Ә.Нұршайықов өзінің жазушылық мүмкіндігінің барынша ашылуына ықпал етуші өмірлік серігі Халима Қалиакпарқызының көмегін де баса көрсетіп айтады. Ол әйелін алғашқы оқушым, ақылшым, редакторым, хатшым, корректорым, кітапханашым, курьерім дейтін. Халима Қалиакпарқызы Әзілхан Нұршайықов шығармашылыққа шындап бетбұрған уақытта мұғалімдік қызметін тоқтатып, жазушының шығармашылығына үйде қолайлы жағдай жасап, қолдау беріп, жағдай жасаған. Жазушы жарының бұл еңбегін үнемі баса айтып жүреді.
Әзілхан Нұршайықовтың жазушы ғана емес, тәлімгер ретінде және қайраткер танылуына, оның шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің қалыптасуына өзі өмір сүрген қоғамның саясаты мен идеологиясы да айтарлықтай ықпал етті. Ол 1943 жылдан Коммунистік партияның мүшесі болатын. Коммунистерге қойылатын моральдық талаптарға сай азамат болғандықтан да ол үнемі саяси идеяларды салмақтап жүруді өмірлік салтына айналдырған.
Төмендегі пікір оның жазушы ретіндегі өзіндік ұстанымы мен жауапкершілігінің тәрбиелік мақсатқа негізделгендігін көрсетеді:
«Бүгінгі әдебиеттің басты тақырыбы не болуы керектігі КПСС ХХҮІІ съезі мен Қазақстан Компартиясының ХҮІ съезінде айқын айтылды. Партия Совет халқының алдына қоғамның толысу дәрежесін арттыру, коммунизм орнату міндетін қойып отыр. Бұл ұлы міндетті жүзеге асыратын – адам. Ендеше, адамдардың ой-санасын арттырып, оның рухани дүниесін байыта беру, оларды заманның ауыр жүгін арқалай алатын адал да жігерлі етіп тәрбиелейтін шығармалар жазу – жазушылардың бүгінгі таңдағы басты міндеті де, тақырыбы да осы. Жазушының қолынан шыққан әр кітаптың тәрбиелік мәнінің болуы – басты шарт. Ол кітапты брюкраттарды жек көріп, жағымпаздардан жиіркенетін болсын. Тоқмейілсушілер – қоғамды алға бастырудың қаскөйлері екендігін ұқсын. Тәртіп, принциптілік, тапсырылған іске жауапкершілік, жоғары мәдениет әрбір совет адамына ауа мен судай қажет екенін білсін. Сөйтіп оқырман бойында осындай қасиеттері бар кейіпкерге ұқсауға ұмтылатын болсын. Осындай үлгі ұсынбайтын кітаптың ешкімге қажеті жоқ». (Өмір өрнектері 443-444 бб.)
Алайда, партия көсемдерінің барлық айтқандарына бас шұлғи беруге болмайтындығын, өзіндік пікірі бар азамат екендігін, қазақ халқының субъектісі ретінде танылған әрекетінен, оның қайраткерлігін көруге болады. Жазушы ұлтжанды адам ретінде өзін көрсетіп, жарнамалаудан аулақ, өзінің осы пікірін ешбір сұхбатында да көрсетпеген. Ол өзінің жарына арнаған «Мәңгілік махаббат жыры» атты прозалық поэмасында Халима бейнесін сомдау барысында келтірген мысалында: «Әйелдердің көпшілігі қорқақ келеді. Олар көлеңкелерінен қорқып, жоқтан өзгеден үркіп тұрады. Осыған орай, Халиманың бір ер мінезін ерекше атап айтқым келеді. 1987 жылы КПСС Орталық Комитетінің қазақтарды ұлтшыл деп айыптаған қаулысы шықты. «Правдадан» бастап барлық газеттерде басылды. Мен сол қаулыға қарсы болып, КПСС Орталық Комитетінің Бас секретары М.С. Горбачевқа хат жаздым. Қазақтардың ұлтшыл емес, нағыз интернационалист патриот халық екендігін дәлелдедім. Қаулыдағы «қазақ ұлтшылдығы» деген сөздерді өшіріп оны жұртқа жариялауды өтіндім.
Хатымды алдымен Халимаға көрсеттім. Ол оқып шықты.
Одан кейін төрт баламмен ақылдастым. Олар «Папа, хатыңызды Горбачевқа жіберіңіз» деді» [ ], - деп келтірген. Бұл сол заманда көзсіз ерлікпен пара-пар болатын. Демек, тәлімгер-жазушы өз заманының саяси-әлеуметтік мәселелеріне де салауатты үн қосудан қорықпаған. Өзінің шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды заманның, тарихи, саяси, идеологиялық ықпалдармен ғана тудырмады. Оған өзінің өмірлік тәжірибесін, халқының тәлімі мен мәдениетін, өзі өмір сүрген қоғамның шындығы мен жалғандығын салыстыра отырып, таразылай білді, елеп-екшеп, адамзатқа мәңгілік тақырыптарға табан тіреді. Сондықтан да шығармашылығында тәлім-тәрбиелік идеялары бар қаламгер болып қалыптасуына ықпал еткен, өзі өмір сүрген қоғамдардағы тарихи-әлеуметтік факторлары қорытындылай жинақтап, 2-суретте қарастырдық. (2-сурет)
Осылайша, Әзілхан Нұршайықовтың екі тұрпаттағы қоғамда өмір сүре отырып, жазған шығармашылығында адамды жақсылыққа, бақытқа жол көрсететін, батырлық пен отаншылдыққа үндейтін, еңбекқорлыққа шақыратын, адамның асыл сезімдерін құрметтеуге тәрбиелейтін идеялар тәрбиелік мәнінен жаңылған жоқ.
Қалыптасуына әсер еткен факторлар |
Батырлар жырлары, лиро-эпостық жырлар, ертегілер мен аңыздар; Баспасөз құралдарымен байланысы Педагогикалық училищеде оқуы Кітапханалардың тұрақты оқырманына айналуы |
100-ұлттық атқыштар бригадасы құрамында болуы Т.Тоқтаров, М.Мәметова, Ы.Сүлейменов, т.б. Майданда жауынгерлік газетке үлес қосуы Ж.Жабаевпен хат алысуы |
Білім алып жүріп журналистік жұмыстар атқаруы «Социалистік Қазақстандағы» қызметі Павлодарда облыстық газетті басқаруы М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы, т.б. сұхбаты М.Әуезов, С.Мұқанов, М. Иманжанов, т.б. жазушылар кеңесі 1957 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі 1956 ж. «Алыстағы ауданда» алғашқы очерктер жинағы 1977 ж. «Мен журналиспін» |
«Махаббат қызық мол жылдар», «Батырдың өмірі», «Тоғыз толғау», «Қаламгер және оның достары», «Автопортрет», «Ақиқат пен аңыз», «Өмір өрнектері», «Боздақтар», «Халима», «Мәңгілік махаббат жыры» |
2-сурет. Ә. Нұршайықовтың тәлімгер-жазушы ретінде қалыптасуына әсер еткен тарихи-әлеуметтік факторларҚазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылығының кезеңдеріне жасаған тарихи-педагогикалық талдау, жазушының шығармашылық бағыты мен ұстанымы, танымы мен көзқарастарын айқындауға, тәлім-тәрбиелік идеяларының туындауына ықпал еткен тұлғалар мен тарихи-әлеуметтік, саяси-иедологиялық факторларды анықтауға қол жеткізді:
Информация о работе Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар