Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 18:13, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда ертеңгі ел тізгінін ұстар ұлттың ұрпағына сапалы білім алу мен оларды жан-жақты, саналы тәрбиелеудің қыр-сырын аша түсуге, жетілдіруге күрделі міндеттер жүктейді.
Адам тағдыры мен ұлт тағдырын қоғам талабына сай құру мәселесі еліміздің «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» [1, 16-б.] – деп, айқын көрсетіледі.

Содержание работы

КІРІСПЕ .....................................................................................................3

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...............................................................................................10

XX ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың Әзілхан Нұршайықов дүниетанымының қалыптасуы мен шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларға әсер ету факторлары.............................................10

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды талдауға негіз болатын әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар, педагогикалық тұжырымдар...................................................................29

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мәні, жүйесі, құрылымы және мазмұны...........................59

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлар бейнесі арқылы азаматтыққа, ерлікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу идеясы...........................................................68

Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» шығармаларындағы адамды сүю идеясы...............................................80

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары.................................................100

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................132
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................134
ҚОСЫМША ...........................................................................................

Файлы: 1 файл

АРАЙЛЫМ ДИСС-Я.doc

— 1.13 Мб (Скачать файл)

Роман мазмұнының тәрбиелік әлеуеті мен идеясы зерттеу барысында ғылыми заңдылықпен талданады Алайда, екі субъектінің бірін-бірі әбден түсінгендігі, бірі-біріне деген құрметі, қарым-қатынасы арқылы көрінетіндігіне екеуінің ауруханада қатар ауырып жатып, Әзілханға Бауыржанның әйеліне сүйене қиналып көтеріліп келіп, әңгімелесуі, екеуіне танымал қаламгерлердің келіп құттықтап, шығарманы талдауының өзін көптеген мысалдармен дербес тақырып, бағыттарға бөліп қарастыруды қажет ететіндігін біліп, оны келесі тұғырлар мен ұстанымдарда да ескереміз деп шештік.

Келесі АКСИОЛОГИЯЛЫҚ тұғырда жазушының шығармашылығын талдап қарастырар болсақ, онда ұғымға бір ауыз сөзбен анықтама беріп өткеніміз жөн.

Аксиология («ахіа» - грекше «құндылық», «логос» - ілім, ғылым) ғылымының ең басты ерекшелігі, оның философиялық сипаты басым келеді, өйткені ақиқат, шындықты іздейді. Ақсиологияның ғылым ретінде дамуына үлес қосқан философтар (Гегель, Кант, Ницше, Кассирер, т.б.) мәдениеттің ішкі құрылымынан жалпыадамзаттық құндылық арқылы адам алдына қойған мақсатына жету жолында өмір сүру негізін құрайтын «мәнділік», «еркіндік», «игілік», «жақсылық» сияқты құндылықтарға ұмтылу қажет екенін атап көрсетті (Нұрғалиев Р.Н., Ақмамбетов Ғ.Ғ., Әбділдин Ж.М., т.б. Философиялық сөздік. Алматы: Қазақ энциклопелиясы, 1996. 525 б.).

Сонымен қатар, психологиялық сөздікте:  «құндылық – қоғамның әлеуметтік-тарихи және индивидтің тұлғалық мәнін сипаттайды, сонымен бірге  жеке тұлғаның мінез-құлқы мен адамдардың өзара қатынасын, әлеуметтік тұрғыдан реттейді» деген анықтамалар берілген [ Краткий психологический словарь/ сост. Л.А.Карпенко; Под общ.ред. А.В.Петровского, М.Г.Ярошевского. – М.:  Политиздат, 1985. – С. 43.].

Құндылыққа әртүрлі анықтамалар берілді. Ұлттық энциклопедиялық сөздікте, құндылық дегеніміз, объектінің жағымды және жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-әлеуметтік ұғым ретінде қарастырылады [«Қазақстан». Ұлттық энциклопедия/ Бас.ред. Б.Аяған. – Алматы:  «Қазақстан энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2004. - 696 б.].

Құндылық тұғыр арнасында жазушы идеяларын саралай бастасақ, ерлік пен батырлықты, еңбекқорлықты, адал достықты, сөз өнеріне адал болуды, жалпы тазалықты құндылық ретінде көркем тілмен, өнеге-өсиетпен, насихат-үндеулермен негіздей білді.

 «Адал досты алыстан емес, жаныңнан ізде, жүрегіңнен тап: жаның  жақсы, жүрегің жылы, өзің парасатты  болсаң – іздеген досың алыстан  үйіріліп өзі келеді» - десе, «Сұлулықтан  адалдық артық», «Пәктік – бәрінен де қымбат» – деп шығармашылық идеясындағы құндылық мәнін түйінді ойлармен келтіреді.

Жазушының осы идеясын этномәдени құндылықтар арқылы отбасылық өмірге даярлау тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізген С. Қоңырбаеваның еңбегінде қыздар әрбиесіне қатысты ұлттық құндылық сапалар қатарына: «тектілік», «қылықтылық», «ару» ұғымдарымен қатар «пәктік» ұғымын қарастырады [32-б. Қоңырбаева С. Жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге этномәдени құндылықтар негізінде даярлаудың педагогикалық шарттары. Педагогика ғылымдар. Канд. Ғылыми дәрежесін алу үшін дайынд. Дисс. – Алматы, 2008 ж. – 155 б.]. Бірақ, осы ұлттық құндылық сапа жазушы Ә. Нұршайықовтың  анықтамасымен толықтырыла түспегенін айта кетуіміз керек. Демек, жазушы «пәктік» ұғымының құндылық мәнін терең қарастырады.

Кеңестік кезеңдегі тілдер арасындағы басымдылық орыс тілінде болғанын білеміз. Ә, Нұршайықов өзі қазақ тілінде ойлап, қазақ тілінде жазатын жазушы екендігіне қарамастан, орыс тілінің басымдылық құндылық бағдарын мына сөздермен айшықтайды: «Орыс тілі – Отанның құты. Орыс тілі – ортақ қазына. Орыс тілі – өріс тілі, көкжиегіңді кеңе»тіп, өнеріңді өзге жұртқа танытып, таратар тіл». Әрине, Ә. Нұршайықовтың көптеген шығармалары орыс тіліне аударылып оқырман санын көбейтті, кеңістігін ұлғайтты. «Ана тілін – парыз, орыс тілін білу – қарыз. Өйткені, ол ана тіліңді ардақты, анаңды бақытты еткен тіл» - деген тұжырым айта отырып, туған тілді үйретуде ауылдың орны бөлек екенін ескертеді. Жалпы, қазақ үшін ауыл – басты құндылықтардың бірі. Мұны жазушы қамтып айта келе, «Ауылға барған бала асыл ана тілін үйреніп қайтады. Сөйтіп, өзіне өлмес мәңгі қазына алып келеді. Қалада тұрған жас ата-аналардың қасында әке-шешелері жоқ болса, әсіресе олар ауылмен байланысты үзбеулері керек. Ауылмен байланысты олар балаларын елге жіберу арқылы жасауы керек. Олар өздерінің балаларына ер жетіп, балалы-шағалы болғанда сендер де сөйтіңдер деп үйретуі керек. Сонда ғана біздің ана тіліміз кемері төмендемейтін, астында көзі бар көл іспетті болады» - дейді. 

КРЕАТИВТІЛІК (ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ) тұғыр арқылы Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды қарастыру үшін ұғым жөніндегі түсініктен бастағанымыз жөн. Креативтілік – индивидтің ештеңеге ұқсамайтын құндылық жасаудағы, күрделі жағдаяттарды шешудің дәстүрлі жолынан бас тартып, қалыптан тыс шешім қабылдаудағы қабілеттігі. Кретивтіліктің даралық, тапқырлық, қиял, белсенділік, топтай білушілік, т.б. белгілері бар. (Сарыбеков М. Сыдыкназаров М. Словарь науки: общенаучные термины и определения, науковедческие понятия и категории: Электронное учебное пособие. – Тараз. ТарГПИ, 2009.) Демек, креативтілік – шығармашылықтың ғылыми атауы. Педагогика саласындағы шығармашылық мәселесі бойынша көптеген еңбектер бар. Оның ішінде шығармашылық іс-әрекетті қалыптастырудың педагогикалық аспектілерін ресейлік ғалымдар Д.Б. Богоявленская, И.П. Волков, А.М. Матюшкин, П.И. Пидкасистый, В.С. Шубинский, Н.М.Яковлеваның т.б. еңбектерінде қарастырса, отандық ғалымдар Б.А. Тұрғынбаева, Б.Н. Қадірова, Г.Е. Нұрмұханова, Д.Ж. Кішібаеваның, Ә.Әмірованың, т.б. еңбектерін атауға болады.

Философиялық энциклопедияда: «Шығармашылық – бұрын еш уақытта болмаған жаңа бір нәрсе тудырушы әрекет» деп жазылған [Философская энциклопедия. – М.: Советская энциклопедия, 1970. –Т.5. – 185 с. ].

Шығармашылық деген сөздің сырына үңілсек, «шығармашылық» сөзінің төркіні – «шығару», «іздену», «ойлап табу» деген түсінікті береді. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Бұл тарихи-қоғамдық мәні бар, жаңалық ашатын адамның әрекеті.

Әзілхан Нұршайықовтың пікірінше: жазушылық – мұғалімдік қызметпен тең. Оның дәлелін 1973 жылы 27-29 қарашадағы жазушылардың республикалық кеңесінде жас жазушыларға арнаған сөзінен келтіруге болады: «Сіздер оқу бітірген ұстазсыздар. Жоғары білімді мамансыздар. Оның үстіне осы отырған бәрілеріңіз де жазушы болуға бел буған жастарсыздар. Жас жазушысыздар. Ал жас жазушы деген жас бала емес. Жазушыны ұстаздардың ұстазы, адамзаттың ақылгөйі десек, онда «жас жазушы» деген сөз «ұстаз болуға талпынушы» деген мағынаны білдіреді» (Автопортрет 121-б.) Демек, автор өзін педагогикалық қызмет атқарушы педагог маманмен тең қояды. Сондықтан да оның шығармаларында тәлім-тәрбиелік идеяларды басшылыққа алуы осы мақсаттан туса керек.

Орыстың ғұлама педагогы К.Д. Ушинскийдің педагогиканы ғылым емес, – өнер деп көрсетуі, педагог іс-әрекетінің қабілеттілікті, шеберлікті қажет ететіндігінен болса керек. Демек, жазушы еңбегі мен педагог еңбегі –қабілеттілікті қажет етуімен, проблеманы шешуге ұмтылуымен, гуманизмді басшылыққа алуымен, шығармашылығын үздіксіз дамытуымен ұқсас. Талапты шәкірт күтетін мұғалім сияқты, жазушы да шығармасын көзі қарақты оқырманға арнайды. Оған Ә. Нұршайықовтың өз сөзі дәлел: «Жақсы шығарма жасау үшін – жазушының таланты, сол шығарманы дұрыс түсіне білу үшін – оқырманның таланты болуы керек. Осы екі талант астасқанда ғана, шығарма шын бағасын алады». Және де адам бойындағы асқан қабілеттілік – талант туралы ойларында «Талант та жаққан от сияқты, уақтылы отын салып отырмасаң, ол да өшіп қалады. Аз таланттың өзін аз ғана шоқтан туған жалындай жақсы лаулатуға болады» - дейді.

Педагогикалық шығармашылық пен жазушының шығармашылығы арасында аса көп айырма жоқ. Екеуі де уақытты, терең ойды, жазуды, үздіксіздікті, нәтижені талап етеді. «Кітап жазып жүрген жазушы жас баласы бар әйелге ұқсайды: көшеге шықса көңілі алаңдап, қонаққа барса қопаңдап, тез қайтуға, жазу үстелінің басына тез жетуге асығады. Дәл сол сәтте ол ештеңені қопарып, тындырып тастамайды да. Бірақ, ананың сырттан аңсап келіп, баласын көруі оның бойына күш беретіні сияқты жазушының да жазып отырған шығармасының қасына келуі жанына жігер құяды. Осы ықылас осы шығарманы бітіртпей тоқтатпайды». Мұғалімдер де оқушыларын үнемі назарда ұстағысы келуі, сабақ беретін пәні туралы үнемі білім жетілдіріп, ізденіспен білім жетілдіру үстінде болатындығы, заман жаңалықтарынан қалмай, бігінгі баланың қызығушылығын іздестірумен, өзін соған бейімдейтіндігі сияқты жазушылардың тынымсыз еңбегін қайталайды.

Автордың креативтілігі үлкен ізденіс пен үзіліссіз еңбектену арқасында соны жаңалықтарға қол жеткізді. Оның шығармашылығында: әдеби күнделік, повесть-монолог, естелік этюдтер, прозалық поэма, роман-диалог сынды ерекше жанрлар туындады. Автордың өзі бұл жөнінде: «Роман-диалог» деген жанр бұрын біздің әдебиетімізде болған жоқ. Біздің қазақ әдебиеті ғана емес, басқа әдебиеттерде де сондай. Бұл жаңа жанрдың тууына журналистиканың шарапаты тиді» (Өмір өрнектері 347-б.) – деп жауап береді.

«Үздіксіз еңбекпен ұштасқан талант қана өлмес өнерге айналады» - деген автор ойы шығармашылыққа педагогикалық қызметке қажетті үздіксіз еңбектің  ықпалын баса айтады. Осылайша, жазушының шығармашылық әлеуеті мен педагог маманның шығармашылығын салыстыра қарап отырып, сәйкестік табуға болатынына көз жеткіздік.

ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ тұғыр бойынша қарастыратын мәселе – жазушы шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың ұлттың тағылымдарымен үйлесуі, сабақтастығы немесе қарама-қайшылығы. Этнопедагогикада этностық дәстүрлі мәдениет, тұрмыс, отбасылық-туыстық қарым-қатынастар тұлғаның қалыптасуы үшін маңыздылығы тұрғысынан қарастырылып, педагогиканың бір саласы ретінде түсіндіріледі. Жалпы этнопедагогика ғылымының бастауында чуваш халқының өкілі, ресейлік ғалым Г.Н. Волков тұрса, біздегі қазақ этнопедагогикасының негізін салушылар Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Р. Дүйсембінова, Қ. Бөлеев, т.б.

Жазушы қазақтың мәдениеті, қазақтың табиғаты, өмір салты туралы шығармаларында өнегелік сипатта баяндайды. Оның өз өмірі де ұлттық тәлім-тәрбиенің идеясына негізделген. Ауыл қазағы ретінде салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты қадірлейді. Сондықтан да ата-баба салтымен «қара шаңырағын» құрметтейді. Әкесі Нұршайық, інісі Ниғаппен бірге соғысқа аттанады, артынша он сегіз жастағы Әзілхан кетеді. Әке-ағасы соғыста опат болып, елде анасы қайтыс болғандықтан, бір әулетте өзі жалғыз қалады. Әкесінің салған үйінде ешкім қалмай 5-6 жыл құлыпта тұрады да оқып жүрген ол қара шаңырағының түтін түтетер ұл қалғанын дәлелдеп, үйленіп елінде бір жыл тұрады. Кейіннен елден кеткенде жиендеріне беріп кеткен үйіне, 70 жылдық мерейтойы қарсаңында барып әкесінен қалған үйде қонатындығын жерлестері әсерлене еске алады. Бұл әрине, ата-баба дәстүрін сыйлаудағы жазушының жеке басының үлгісі. Сондай-ақ, «Ақиқат пен аңыз» атты еңбегін соғыста қаза тапқан әке-ағасына арнайды. Бұл да әруақты сыйлайтын халқымыздың этномәдениетін көрсетеді.

Ә. Нұршайықовтың кейіпкерлерінің бәрі дерлік – қазақтар. Ол кейіпкерлері арқылы өз ұлтының ұрпағына тәрбие беруге тырысады. Мысалы, Мәншүк бейнесі тек ерліктің дәлелі ғана емес, тәрбиелі, ақылды, парасатты, таза да адал қыз. Оған тағы да дәйекті автордан келтіре аламыз:

« ...– Мәншүк ернін тістелеп тоқталып қалды. Содан кейін жігерлене қайтадан үн қатты. – Соғыс екен деп, мен ешкімге өзімді тәлкекке бермеймін. Халқымның ежелгі дәстүрі бойынша өзіме бұйырған жігітке пәк күйімде қосыламын. Ал менің сүйген, серттескен жігітім жоқ. Соғыс біткен күні қайсың маған қол созсаң, менің соның адал жары боламын. Пәк, жалынды жанымды жауды жеңген солдатқа арнаймын...

Осы кезде бұрқ етіп менің көзіме жас келді. «Айналайын, қарындасым, қандай асыл қыз едің?!» – дедім ішімнен. Мәншүк екі беті алмадай қызарып, қатты толқып, тоқталып қалды да қайтадын сөзін жалғады.

- Әр әйел артына ұрпақ қалдыру  үшін дүниеге келеді, - деді ол  содан соң.   – Ал мен олай-пұлай боп кетсем де ұрпақсыз қалмаймын. Мен жеңістің анасы боламын. Жеңіспен ілесе Жеңісхан, Жеңісбек, Жеңісгүл, Жеңісжан, Жеңіснұр атты талай бала дүниеге келеді. Мен солардың шешесі боламын. Солардың сәбилерінің әжесіне айналамын. Ал оған дейін тәніме сезімнің найзасы тигенше, жүрегіме кірш етіп келіп ыстық қорғасын қадалсын! Антым осы, сертім сол менің! Мен майданға сүйісу үшін емес, соғысу үшін келгенмін! (Автопортрет 169-б. )

Майдандағы Мәншүктің зиратының қасында тағы да қырық орыс қызының қатар жатқанын ертедегі аңыз-әңгімелердегі ару қыздың қырық нөкерімен байланыстыра айтуды сол кездегі Невель қаласының комсомол комитеті хатшысының аузына салып, халық дәстүрінің насихатталуына ықпал етуі де оның этномәдениет өкілі ретінде тағдырларын тамыры терең тәрбиемен байланыстыра білгендігін көрсетеді.

Содай-ақ, майдан жазбаларындағы соғыстағы жауынгерлер ерліктерін баяндағанда халық батырлары Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс пен Төлеген, т.б. қазақ халқының батырлықтың үлгісі болған кейіпкерлерге өздерін ұқсата білуі, айлақорлығын Алдаркөсеге теңеуі жырлардағы тағылымдық ойларды өз өмірлеріне қағида ететінін аңғаруға болады. Оған «Сержанттың соғыс кезіндегі күнделігінен» аталатын жазбадан (1943 жыл 23 қыркүйек) мысал да келтіре кетуге болады: «Ступино – «Қыз Жібек» қиссасындағы біздің Қособамыз сияқты, айналсоқтап, содан алыстай алмаймыз. Бірақ, Ступино Қособа болғанымен, біз Бекежан емеспіз. Бекежан сияқты қанқұйлы қарақшы Гитлерге қарсы шыққан көп тілді қаһарман халықтың қас батырларымыз»  - десе, «Жаяу жүргенде желігі жоқ жігіт едім. Атқа мінгенде дала қазағының қаны ойнап шыға келді-ау жүрегімнен», – деймін өзімнен өзім жымиып. «Қазақты батыр да, батыл да еткен ат екен-ау, жылқы екен-ау! Тұлпардың екпіні қанына сіңген қазақ – болашақ болмысың үшін қылқұйрықтыға қарыздар екенсің ғой», - деп ойлаймын, көңілім одан сайын асқақтап... (177-б боздақтар) – деп халықтың тәрбиенің мәйегімен ауызданған ұрпақтың өкілі екендігін аңғартады. Өмірін халқының өткенімен байланыстыруға тырысуы да халқының тағылымын құрметтеуі.

Жазушы әже педагогикасы туралы да жақсы ойлар келтіреді: «Бір үйде бір әже болса, сол үйдің балалары үшін ол ана тілінің университеті ғой, шіркін! Қазақтың барлық ауыз әдебиетін әже мектебінде өткен бала ана тілінің асқан білгірі болар еді. Ол өз тілін ешқашан ұмытар ма, оны еш тілге айырбастар ма өмірде. Ана тілін ардақтаймын деген адам сол тілдің дипломсыз докторы әжені ардақтасын, әжені құрметтесін. Әжесіз үй мектепсіз ауыл іспеттес десек, асырып айтқандық болмас, сірә». Бұл – осы күні де ескерілуге тиіс қазақ этнопедагогикасы көтеріп жүрген мәселе. «Х. Балаларына әрі шеше, әрі әже, өзіне өзі әрі келін, әрі ене болды. Семьяға әрі тәрбиеші, әрі ұстаз да өзі болды. Бұл міндеттердің бәрін де ол абыроймен атқарды» - деуі, қазақ этнопедагогикасына профессор К. Қожахметова енгізген этноәлеуметтік рөлдерді тұғыр идеясымен ұштасады. Қазақ отбасы тәрбиесінде әлеуметтік және этноәлеуметтік рөлдердің атқаратын функциясының маңыздылығына мән береді.

Информация о работе Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар