Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 18:13, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда ертеңгі ел тізгінін ұстар ұлттың ұрпағына сапалы білім алу мен оларды жан-жақты, саналы тәрбиелеудің қыр-сырын аша түсуге, жетілдіруге күрделі міндеттер жүктейді.
Адам тағдыры мен ұлт тағдырын қоғам талабына сай құру мәселесі еліміздің «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» [1, 16-б.] – деп, айқын көрсетіледі.

Содержание работы

КІРІСПЕ .....................................................................................................3

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...............................................................................................10

XX ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың Әзілхан Нұршайықов дүниетанымының қалыптасуы мен шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларға әсер ету факторлары.............................................10

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды талдауға негіз болатын әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар, педагогикалық тұжырымдар...................................................................29

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мәні, жүйесі, құрылымы және мазмұны...........................59

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлар бейнесі арқылы азаматтыққа, ерлікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу идеясы...........................................................68

Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» шығармаларындағы адамды сүю идеясы...............................................80

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары.................................................100

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................132
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................134
ҚОСЫМША ...........................................................................................

Файлы: 1 файл

АРАЙЛЫМ ДИСС-Я.doc

— 1.13 Мб (Скачать файл)

- Халыққа сыйлы ауыл белсендісінің  отбасында дүниеге келіп, жаңа  құрылған қоғамның қазақ ауылдарына  жасаған жақсылықтары мен қиыншылықтарына ортақ болды. Ашаршылық пен жетіспеушілікті көрді, жаңадан ашылған кеңес мектебінде білім алды. Мектеп жасына бармастан халық ауыз әдебиетіндегі қисса-жырларды жатқа білді, кейіннен ұнаған кітаптарын жаттап алатын. Соған еліктеп өлеңдер шығарды, аудандық, облыстық, руспубликалық басылымдарға өлеңдерін жіберіп, газет-журнал қызметкерлерінен хат алып тұрды. «Ақын бала», «Тілші бала» атанды. Екі мамандық иесі болуды армандады. Оқыған кітабының ықпалымен инженер болсам деп, тау-кен институтына түсті. Орыс тілінен шорқақтығынан, бір жылдан соң, Семейдегі педучилищеге түсіп оқыды. Бұл педагогикалық ойларына іргетас болды деуге болады. Кітапханаларда классикалық шығармалармен танысып, тұрақты оқырман болды;

- Ұлы Отан соғысы басталған жылы ол әскерге алынып, Алматы қаласында әскери дайындықтан өтті, кіші командир атанды. Өз замандастары арасында ақындығымен, ширақтығымен көзге түсті. 1942 жылы Калининград майданында болды, 1943 жылы Великие Луки, Невель қалаларын, 1944-1945 жылдары Украинаның Волынск, Белоруссияның Брест, Польшаның Варшава, Германияның Тухель, Торн, Штетган, Данциг, Висмар қалаларына дейін барып фашистермен шайқаста зеңбірек командирі болды.

- Соғыста Т. Тоқтаров, Қ. Көшеков, Ы. Сүлейменов, М. Маметова, М. Қайырбаев, Т. Әбуов, М. Ғабдуллин, т,б, көптеген батырлармен қатар соғысты. Ерлік пен батырлықтың биік үлгісін көрсеткен 100-ұлттық атқыштар бригадасының белсенді мүшесі болды. Соғысқа қатар кеткен әкесінен, елдегі анасынан айрылса да жасымады. Өзі де ерліктер жасады, қан майданда жүріп күнделік жүргізді. Ол кейіннен бірнеше кітаптарына негіз болды.

- Соғыста «Қызыл әскер», «Суворовшы»  атты қазақ тілінде шығатын  әскери газеттің белсенді тілшісі  болды. Өз батырларын дәріптеп, өлеңдерін  арнады. Елдегі республикалық, облыстық газеттермен шығармашылық байланыста болды, олардың тапсырмасын орындады. Жыр алыбы Жамбылға өз жолдастарының ерлігін дәріптеп, жолдастарының атынан перзенттік жүректен жырмен хат жолдады. Жамбыл атаның жазған жауабы республикалық газетте қатар басылды. Соғыс жағдайындағы ел-жұртқа, соғыстағы жауынгерлерге отаншылдық рух беріп, жеңіске жігерлендіруге үлес қосты.

- Соғыстан соң, 1945 жылы Алматыдағы  Қазақ мемлекеттік университетіне  келіп оқуға түсті. Бірге оқыған  қыздармен ұжымдастықта сыйласа  білді. Оқып жүріп, үйленді, газеттермен тығыз байланыста жұмыстар атқарды. Семей облыстық «Екпінді» газетінде уақытша қызметтен бастап, «Пионер» журналы, «Социалистік Қазақстан» газетінің тілшісі, Павлодар облыстық  «Қызыл ту» газетінің редакторы, «Соцалистік Қазақстан» бас редакторының орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Аталмыш мекемелерде жұмыс істей жүріп, журналистік қызметтің қыры-сырын меңгерген маман ретінде «Алыстағы ауданда» атты очерктер жинағы, «Мен журналиспін» атты кітабы шықты.  Энциклопедияда, Ғылым академиясының ғылыми зерттеу институттарында ғылыми қызметкерлікті атқарды. Бұл кездегі жасаған зерттеулерінің нәтижесінде «Боздақтар» атты еңбегі дүниеге келді. Журналистік шығармашылығындағы ой-пікірлер идеясы да еңбек адамын дәріптеу, ерлік пен батырлық үлгісіндегі тұлғаларды сомдау болғанымен, оның тәрбиелілік мәніне көп маңыз бере қарастырып отырды. Журналистік қызметі оның педагогикалық көзқарастыраның нығаюына бағыт болды.

- 1979 жылдан бастап жазушылық  шығармашылыққа толығымен бағытталды. Оның қаламынан осы уақытқа дейін туған «Махаббат жыры», «Тоғыз толғау», «Махаббат, қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз» атты шығармаларын, қайта бастырып шығарды. Кемелденіп, қаламы төселген жазушы ретінде, қоғам қайраткері биік мінберлерден сөйлеп, оқырмандарымен кездесулерге, кітап оқушылар конференцияларына, жоғары оқу орындары мен арнаулы оқу орны студенттеріне, мектеп оқушылары мен ұстаздар, ата-аналар жазушының тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерімен бөлісті. «Мәңгілік махаббат жыры» прозалық поэмасы оқырмандардың көзайымына айналды. Тоқсанға жасы жақындағанымен, теледидар мен радиодан, баспасөзден жолдайтын ақсақалдық ақылы, тағылымдық ойлары жастар мен ұрпақ тәрбиесіне жауапты ата-аналардың, педагог-мамандардың жүрегіне жол табуда.

Осылайша, Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеяларының тарихи-педагогикалық негіздеріне бойлау үшін, оның өмір сүріп, жазушы дәрежесіне жеткенше жан-жақты қалыптасуына қоғамдық-тарихи, саяси-әлеуметтік жағдайлардың ықпалын, әсер еткен факторларды көрсетуге тырыстық.

Енді жазушы шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың жазушы тағдырымен тығыз байланыстылығын және оның теориялық негіздерін анықтау педагогикадағы әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар арқылы талдау арқылы жүзеге асырылатын ескертеміз.

 

1.2 Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды талдауға негіз болатын әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар, педагогикалық тұжырымдар

Тәлімгер-жазушы Әзілхан Нұршайықовтың тәлім-тәрбиелік идеялары өз қалыптасу мүмкіндігінде түрлі тарихи тарихи кезеңдерді өткергені белгілі. Педагогика ғылымы да заманның қоғамдық бейнесіне, саясаты мен идеологиясына, экономикасы мен мәдениетіне, т.б.  сай өзгере отырып, тарихи даму сатыларынан өтеді.

Педагогика ғылымының тарихына сай нысандарды зерттегенде, өзіндік әдіснамалық тұғырларға (методологические подходы) жүгінетініміз анық. Тұғыр бір қарағанда әдіс-тәсілдерді өзіне жинақтаған құрал. Алайда, тұғырлылық әдістен де басқа, зерттеушінің белгілі нысанмен өзара байланысына жол көрсететін мақсатты да аксиомалық қондырғыларымен анықталады. Бұдан да басқа түрлі әдістердің бағыттылығы бір нысанға деген қатынасына қарай және оған бір мезетте түрлі формаларын ойлап табу мен нысанның маңызын арттыратын ерекше жағдаяттарды сан қырлылықпен жүзеге асырады. Осылайша, көкейкесті мәселе шынайы өмірдегі білімнің пәндік формасы мен әдіснамасына тікелей қатысты болмақ.

Жалпы әдіснамалық тұғырлар біріншіден, ақиқатқа ештеңені қосуға немесе ендіруге болмайтындығын; екіншіден, зерттеу материалдарын мүмкіндігіне сай бірнеше бөлімге бөле қарастыру; үшіншіден, ойлау жүйесіне сай қарапайымнан жеңіл қабылданатынға, бірте-бірте күрделіге өтудің байланысын ескеру; төртінші – соңғысы толық та жан-жақты қарастырудың жолдарын түзіп болған соң, ештеңе қалдырмауға сенімді болу үшін жалпы шолу жасау қарастырылғаны жөн [Декарт Р. Рассуждения о методе //Избранные произведения. М., 1950. с.272]. Демек, тұғыр – қойылған зерттеу міндеттерін шешудің негізгі жолы, ол осы шешімдердің бағыты мен стратегиясын айқындайды

Педагогика ғылымындағы әдіснамалық тұғырлар жөнінде белгілі ресейлік ғалымдар Гершунский Б.С., Подласый И.П., Пидкасистый П.И., Смирнов С.А., Бабанский Ю.К., Журавлев В.И., Скалова Я., Сластенин В., Исаев И., т.б. ғалымдар өз еңбектерінде арнайы қарастырды.

Бізде кең тараған тарихи-педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық тұғырлары: мәдениеттанушылық, аксиологиялық, өркениеттік, инновациялық. Осы дәстүрлі төрт тұғырға зерттеу нысанының мазмұн күрделілігіне сай, кейде тұлғалық, іс-әрекеттік, этнопедагогикалық немесе жүйелілік тұғырлар қосылады, ал кейде тұғырлар өзара бірігіп немесе іріктелініп алынады.

Педагогикалық әдіснамалық тұғырлар туралы жазылған зерттеу еңбектеріне шолу жасай отырып, педагогика ғылымына соншалықты көптеген әдіснамалық тұғырлар атауларымен байып, ұғымдармен толыққанын көреміз. Мысалы: сциентистикалық және гуманитарлық, тұлғалық және іс-әрекеттік, құндылық және мәдениеттанушылық, антропологиялық және антропоәлеуметтік, тұтастық, жүйелілік және кешендік, парадигмалық, көп парадигмалық немесе онтопарадигмалық, өркениеттік, контекстуалдық немесе ортақтық, герменевтикалық, эволюциялы-эпистемологиялық, танымды-ақпараттық, рефлексивті, синергетикалық және параметрлік, креативті, технологиялық, ақпараттық, т.б. тұғырлар.

Аталмыш тұғырлар кейбір зерттеулерде басқаша қырынан толықтырылып, жаңаша атауларға ие болғаны да байқалады. Бұл педагогика ғылымының заман өткен сайын басқа ғылымдармен ынтымақтаса қанатын жайып дамығанын, зерттеу мүмкіндігі ілгерілеп тамырын тереңге жайғанын көрсетеді.

Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық тұғырларын ұсыну мен іске асыру жөнінде еліміздің бірнеше ғалымдарын атап өтуге болады. Олар Р.Г. Лемберг, Г.А. Уманов, Н.Д. Хмель, Т.Т. Тәжібаев, А.И. Сембаев, И.Б. Мадин, Г.М. Храпченков, Қ.Б. Жарықбаев, С.Қ. Қалиев, С.А. Ұзақбаева, К.Ж. Қожахметова, М.Х, Балтабаев, Ж.Ж. Наурызбай, т.б. Әдіснамалық тұғырдың бір бағытына басымдылық бере зерттелген жұмыстарды атап болсақ, тізім бірнеше саламен бұдан бірнеше есе көбейе түсер еді.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ш. Таубаева әдіснамалық тұғырларды төмендегіше жіктеп, сипаттама береді. Мысалы, мега әдіснамалық тұғырлар: гуманитарлық және жаратылыстану бағыттарына бөлінеді. Ал, макро әдіснамалық тұғырлар: мәдениеттанушылық, синергетикалық, инновациялық, экологиялық деген төрт арнада қарастырылады [Таубаева Ш. Методологические подходы в педагогике и их реализация// Білім беру жүйесіндегі Этнопедагогика. 2006. №1. 56-61 бб.].

Тарихи-педагогика ғылымындағы тұлғалардың педагогикалық көзқарастары мен идеяларына ғылыми зерттеу жасауды теориялық жағынан қарастырған ғалымдар мен осы тақырыпқа бізден бұрын барған ғалымдардың тәжірибесіне сүйене отырып, біз Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды теориялық тұрғыдан зерттеп, зерделеу мақсатында біз төмендегі әдіснамалық тұғырларды іріктеп алдық. Зерттеу тақырыбымыздың теориялық тұрғыдан талдануын тұлғалық, іс-әрекеттік, жүйелілік, ақпараттық-инновациялық, көп субъектілік (диалогты), ақсологиялық (құндылық), креативті (шығармашылық), мәдениеттанушылық, этнопедагогикалық, антропологиялық, тұғырлар арқылы қарастырамыз (кестені қараңыз).

Кесте

р/с

Әдіснамалық тұғырлар атаулары

Құраушы элементтер

Мазмұны

1

тұлғалық

«өлеңші бала»,

«ақын бала»,

«педучилище оқушысы»,

«жауынгер-тілші»,

майдангер,

Журналист,

Жазушы

Жігіт – Әке – Ата

Жас кезінен халық ауыз әдебиетін жаттап өседі, еліктеп өлең жазады. Педагогикалық оқу орнында оқуының өзі оның алғашқы педагогикалық көзқарастарының пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Соғыста жауынгер-тілші ретінде танылады. Зеңбірекші майдангер ретінде ерлік жасайды. Соғыстан соң, мұғалімдік мамандыққа оқиды. Газетте журналист, басшы. Кейіннен халыққа танымал жазушы болды. Әлеуметтік ортада жігіт, отбасында әке, әулетте ата ретінде өз рөлі бар тұлға

2

Іс-әрекеттік

 

Пионерлік әрекеті;

Баспасөзбен байланысы;

Майдандағы ерлігі, белсенділігі;

Қатаң тәртіп

Адал пионер ретінде қоғамға ықпал етті.

Газет-журналдармен байланысып, шығармаларын жіберіп тұрды

Өз еркімен қазақша газет шығаруға атсалысты, өлеңдер жазды

Әскери тәртіпті өміріне үлгі етеді.

3

Жүйелілік

Шығармашылық-тан қол үзбеуі;

Шығармаларының өзара байланысы;

Шығармашылық тақырыптары.

 Мектеп жасынан бастап шығармашылыққа  бет бұрды және осы жасына  дейін қол үзген жоқ. Ауызша  баяндайтын әңгімелері шағын  әңгімеге, кейіннен повестке, романға  айналып отырды. Мыс., «Қызыл көрпе»  әңгімесі «Есеновтың тағдырына», кейіннен «Махаббат, қызық мол жылдарға» ұласты. Журналистік очерктері еңбек адамдарының ерлігіне, жазушылық еңбектері: адамды сүю, махаббат, ерлік пен батырлық, отаншылдық, достық тақырыптарына арналды.

4

Ақпараттық-инновациялық

Журналистік шеберлігі;

Күнделік жазуы;

Зерттеу жұмыстары;

Теле-радио хабарларға қатысуы;

Интернеттегі

кездесу мен сұхбат;

материалдары;

Электронды каталогтар.

Журналист ретінде халыққа ақпарат жеткізу қызметін лайықты атқарды. Соғыс кезінен бастап, күнделік жүргізуді әдетке айналдырған. Тарихи оқиғалар мен даталы күндер ұмытылмас деректермен күнделікте жазылған. Зерттеуде мұрағат деректерін көп пайдаланған. Оқырмандарымен тығыз байланыста.

Кездесулер мен сұхбаттарда толық жауап береді. Жаңа идеяларға, қоғамдық-әлеуметтік қозғалыстарға теледидар, газеттерде үн қосады.

5

Көпсубъектілік (диалогты)

М. Мәметова,

М. Ғабдуллин,

Б. Момышұлы,

М. Әуезов,

С. Мұқанов,  т.б. тұлғалармен сұхбаттары, хат жазысуы, естеліктері

Мәншүк Мәметовамен әңгімесін «Майдан жазбаларынан» – «Невель түбінде», Мәлік Ғабдуллинмен сұхбаттары – «Тоғыз толғау», Сәбит Мұқановпен әңгімесі «Екі естелік», М. Әуезовпен сұхбаттары «Ұмытылмас бейне», Б.Момышұлымен сұхбаттары «Ақиқат пен аңыз», М.Иманжанов, З. Қабдолов, С. Қирабаев, М, Әлімбаевпен  сұхбаттары, хаттары естеліктері «Қаламгер және оның достары», «Өмір өрнектері» еңбектерінде көркем баяндалған.

6

Аксиологиялық (құндылық)

Еңбекқорлық,

Ұлттық құндылық сапа,

Достыққа адалдығы

Ерлік пен батырлықты дәріптеуі

Сөз өнеріне адалдығы

Шығармаларында көтеретін идеяларына негіз болған құндылықтар: еңбекқорлық, достыққа адалдық, рухани тазалық, ерлік пен батырлық, адамды сүю, салауаттылық, асыл сезім – махаббат, жан тазалығы – пәктік. Сөз өнеріне адалдығы – мамандығын құндылық деңгейінде көрсетуі.

7

Креативті (шығармашылық)

Талант, сезімталдық, еңбекқорлық, шығармашылық талаптары;

Жаңа жанрлар жасауы.

«Жас жазушы қандай болу керек?» 127-128 бб. Жазушы шығармашылығы туралы, өнер туралы, «талант» ұғымы, «шығармашылық» пен «шеберлікті шыңдау», «ой еңбегі» туралы тұжырымды ойлары бар.

Әдебиетте: «роман-диалог», «прозалық поэма» сияқты жаға жанрлар енгізді.

8

Мәдениеттану-шылық

Поэзияға қызығушылығы;

Газет журналдармен байланысы;

Аудармашылығы

адами әдеп.

Орыс классикасы мен әлемдік классиканы тереңдей оқуы.

И. Бунин, М. Шолохов, П. Павленко, А. Якобсонның шығармаларын қазақшаға аударды.

9

Этнопедагогика-лық

«Қара шаңырақ»;

«Әкесінің атын шығаруы»;

«Ұстазын сыйлау»;

Халықтық тәрбиені дәріптеуі;

Қыз бала тәрбиесі;

Ұл бала тәрбиесі;

Этноәлеуметтік рөлдер.

Тұлға ретінде өз өмірімен үлгі болды, қара шаңырақтың отын өшірмей, елге келін түсірді. Әкесінің атын шығарды.

Шығармаларында да, ауызша пікірлерінде де қыз бала тәрбиесіне, қыз бала тәрбиесіне қойылатын ұлттық талаптарды нақтылай айтады. әЖе педагогикасы туралы ойлары бар. Туған жерден байланыс үзбеуі – рухани сабақтастық, ұлттық тағылым.  Жазушы – ата педагогикасының көрнекті өкілі.

10

Антропологиялық

Қоғамдық, әлеуметтік мәселелер: «Адам әлемі», «Адамды сүю».

Адамзатқа тән махаббат пен батырлықты үлгі етеді. Әйел тақырыбында салыстырмалы ойлары, гендерлік көзқарастары қалыптасқан. Отбасында үйлесімді өмір сүруге салауаттылықты үлгі етеді.


 

Ә. Нұршайықовтың шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды тарихи-педагогикалық зерттеулер тұрғысынан зерттеуге кірісуді, жазушыны тұлға ретінде танудан бастағанымыз жөн. ТҰЛҒАЛЫҚ ТҰҒЫР бойынша Қазақстанның халық жазушысы, шығармаларын ел сүйіп оқитын қаламгер Ә. Нұршайықов бейнесінің жан-жақты сомдалуы, замана кезеңдеріне сай өсіп, дами түсетіндігін білеміз.

Тұлға теориясының негізгі тұжырымдамаларына сай тұлғаға қатысты мәселелердің педагогикалық-психологиялық бастауында тұрған Б.Г. Ананьев, Б.Ф. Ломов, К.К. Абулханова-Славская, Л.И. Анцыферева, В.И. Мясищев, В.Г. Асмолов, ВВ. Столин, А.И. Котов, т.б. 

Елімізде жеке тұлғаның психологиялық мүмкіндіктерін, даму кезеңдерін қарастырған Б.Қ. Жарықбаев, С.М. Жақыпов, Ж.И. Намазбаева, т.б. айтсақ, педагогика ғылымында да жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуы туралы жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізіп, дана-ойшылдар мен тарихи тұлғалардың, ақын-жыраулар мен қоғам қайраткерлерінің, педагог-ағартушылардың педагогикалық көзқарастар мен идеяларға толы мұралары жайында көптеген еңбектер жазылды.

ЖЕКЕ ТҰЛҒА – жеке-дара ерекшеліктері бар, әлеуметтік ортадағы өзінің орны мен рөлін нақты білетін, өзгеге үлгі болар саналы әрекетпен  айналысатын адам. Тәлімгер-жазушы Әзілхан Нұршайықовты жеке тұлға ретінде қарастырып, оның бойындағы тұлғалық ерекшеліктерді даралықтың пайда болуы мен жеке тұлға дамуының тарихи-эволюциялық тұжырымдамасы (В.Г. Асмолов, Б.С. Братусь) бойынша ашар болсақ, жаңашылдыққа құмар, еті тірі, жаңа заманның идеяларын іске асырушылардың бірі әкесі Нұршайықтың колхоз председателі болып қызмет атқаруы, алдыңғы қатары ауыл азаматы баласының білім мен өнерге құштар болуына, табиғи зеректігіне де негіз болуы мүмкін. Хат танымай тұрып, қисса-дастандарды жатқа білуі, мектепке барып сауаттанғаннан кейін, оқыған кітаптарын жаттап алуы – баланың алғырлығы мен зеректігінің белгісі, тұлғалық сапалар. Жырлардың тыңдармандар қалаған жерінен үзінді оқып беруде мәтін таңдауы, орындауы арқылы «өлеңші бала» атануы – адамның көкейіндегі білу, ішкі сұраныстарын аңғару, рухани қажеттіліктеріне жауап беруді меңгеруі.

Оқыған жырларын шебер меңгере отырып, өзінің шығармашылығына ұластыруы, сол жырлардың әсерімен өлең жазуы, «өлеңші бала» атануы – шығармашылықты адам сезімімен, танымымен, амал-әрекетімен байланыстыруы жеке тұлғалық ерекшеліктердің даму мүмкіндіктері. Сонымен қатар, колхоз жұмысына араласа жүріп, өзін мақала жазуы арқылы жеке тұлға ретінде танытуы деп түсінеміз.

Сондай-ақ, тау-кен институтында бір жыл оқып, өзінің білімі мен қабілетін, мүмкіндігін сынап көруде өзін-өзі танудың, тұлғалық сапаларын дамытудың бір мектебінен өтті. Өзінің гуманитарлық білімге бейімділігін нақтылады. Семей қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищеде оқып, педагогикалық білімнің іргетасын қалады. Училище оқушысы ретінде алған біліммен, дүниетаныммен соғысқа аттанды. Бұл оның лидер ретінде көрінуіне негіз болды. Оны төмендегі мысалдан көруге болады.

Информация о работе Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар