Арттерапияның оқыту процесінде инновациялық технологияны қолданудың эксперименттік бөлімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 19:35, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектілігіқазіргі таңда шығармашыл, яғни креативті жеке тұлғаны қажетсінудің өсуімен анықталады. Қазіргі жағдайда білім рөлінің өскендігі соншалық, ол қоғамның дамуына әсер ететін басты конструктивті фактор болып отыр. Бұл сөзсіз, оқытудың тиімдітехнологияларын жасаудың, жетілдірудің мықты стимулы қызметін атқарады.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................................3-5
1Инновациялық оқыту технологиясының ғылыми - теориялық аспектілері
1.1 Инновациялық оқыту технологиясының оқыту процесінде қолданылу ерекшеліктері................................................................................................6-16
1.2 Арттерапия әдісінің қолданылуының ғылыми еңбектерде зерттелуі.......................................................................................................17-24
1.3 Арттерапия – жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде...............................................................................................25-35
2 Арттерапияның оқыту процесінде инновациялық технологияны қолданудың эксперименттік бөлімі
2.1 Эксперименталды зерттеу бөлімінің мақсат-міндеті, болжамы, әдістемелер мен дамыту-түзету жаттығуларының кешені.......................36-51
2.3. Арттерапия қолданудың әдістемелік-практикалық нұсқаулары .........................................................................................................................52-53
Қорытынды....................................................................................................54-55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................56-58
Қосымша.............................................................................................59-66

Файлы: 1 файл

Диплом алматы.docx

— 313.98 Кб (Скачать файл)

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе............................................................................................................3-5

1Инновациялық оқыту технологиясының  ғылыми - теориялық аспектілері

1.1 Инновациялық оқыту технологиясының  оқыту процесінде қолданылу ерекшеліктері................................................................................................6-16

1.2 Арттерапия әдісінің  қолданылуының ғылыми еңбектерде  зерттелуі.......................................................................................................17-24

1.3 Арттерапия – жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде...............................................................................................25-35

2 Арттерапияның оқыту процесінде  инновациялық технологияны қолданудың  эксперименттік бөлімі

2.1 Эксперименталды зерттеу бөлімінің мақсат-міндеті, болжамы, әдістемелер мен дамыту-түзету жаттығуларының кешені.......................36-51

2.3. Арттерапия  қолданудың  әдістемелік-практикалық нұсқаулары .........................................................................................................................52-53

Қорытынды....................................................................................................54-55

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................56-58

Қосымша.............................................................................................59-66

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі қазіргі таңда шығармашыл, яғни креативті жеке тұлғаны қажетсінудің өсуімен анықталады. Қазіргі жағдайда білім рөлінің өскендігі соншалық, ол қоғамның дамуына әсер ететін басты конструктивті фактор болып отыр. Бұл сөзсіз, оқытудың тиімді технологияларын жасаудың, жетілдірудің мықты стимулы қызметін атқарады.

Жоғарғы оқу орындарында жеке адамдардың шығармашыл, креативтілік жағынан дамуы үшін жағдай жасау Қазақстандағы білім беру жүйесінде маңызды міндеттердің бірі әрі негізгісі болып отыр.

Дәстүрлі оқыту, білім беруді реформалаудың екі баламалы көзқарасы бар: технологиялық және ізденістік. Бірінші көзқарас жоғары тиімді оқытуға негізделген (білімді игеру, үлгі бойынша дағдыларды қалыптастыру және т.б.); екіншісі – шығармашылық іс-әрекет пен құндылық бағдарларды жинақтау тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған. Екінші көзқараста салмақ оқыту (білім беру) процесінен дараланған оқытуға ауысады. Соның мақсатына орай, адамды қазіргі қоғамдық кәсіби және әлеуметтік іс-әрекетке сол адамның өз қажеттілігі мен қызығушылығын, бейімділіктерін ескере отырып даярлайды. 

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін әрбір оқытушының инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық, психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан әрбір оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық, психологиялық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттың мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару әрбір оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтанда әрбір білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу процесін ұйымдастыру жаңа иновациялық педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. 

Тәжірибе көрсеткендей-ақ, оқытудың интерактивті режимінде арттерапия элементтерін қолдану креативті жеке тұлғаны дамытудың тиімді жолдары мен шараларын жасаудың алғы шарты болады. Сонымен қатар, оқып, білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытуда негізгі рөл атқарады.

Шығармашылығы жоғары, ойлауы терең адамзатты тәрбиелеу, өзін-өзі тану сияқты өзекті мәселелер қазіргі күннің басты міндеттері болып отыр.

Еліміздің алғашқы ханымы С.А.Назарбаева өзінің “Өзін-өзі тану” бағдарламасын ұсынудың өзі өмір талабына сай, дер кезінде жазылған құнды еңбек. Себебі, қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында адамның өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі деген мәселелер өте маңызды.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Арттерапияның оқыту процесіндегі инновациялық технологияның озық үлгісі екендігін психологиялық жолмен анықтау.

Зерттеу жұмысы келесі міндеттердің орындалуын қажет етеді:

  • отандық, шет елдік, Ресейлік арттерапия жөніндегі теориялық-әдістемелік материалдарға терең талдау жасау ;
  • инновациялық тұрғыдан арттерапия үлгілерін қолдану тәжірибесін кеңінен басшылыққа алу;
  • өзін-өзі тану бағдарламасына сәйкес арттерапия элементтерін оқыту процесінде қолдану;
  • жоғарыда аталған проблемаларға байланысты әдістемелер кешенін іріктеп талдау және оларды қазақ тобына арнап аударып, бейімдеу;
  • анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижелерін өңдеп, салыстыру;

Зерттеу жұмысының объектісі: Озық психотехнология үлгісі ретінде – арттерапияның жоғарғы оқу орындарында өтілу процесі.

Зерттеу жұмысының пәні: Психологиялық пәндер бойынша студенттердің шығармашылық тұрғыда өзіндік дамуын жетілдірудің тиімді тәсілі ретінде – арттерапия және оның элементтері.

Зерттеу жұмысының болжамы: Инновациялық оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде арттерапияны оқыту процесінде тиімді және орынды қолданған жағдайда жеке бастың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына қол жеткізуге болады.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі: болып Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функциялардың мәдени-тарихи даму туралы теориясы; А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясы; профессор С.М.Жақыповтың бірлескен-диалогты іс-әрекеті; жеке адам дамуының гуманистік теориясының негізгі тұжырымдамалыры; З.Фрейд пен К.Г.Юнгтің бейсаналық туралы психоаналитикалық теориясы; С.А.Назарбаеваның “Өзін-өзі тану”бағдарламасы сияқты құнды еңбектер табылады.

Зерттеу жұмысының әдістері мен әдістемелері: Зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен ондағы қойылған болжамды дәлелдеп тексеруіміз үшін бірін-бірі толықтырушы арттерапия элементері, дамытушы-түзетуші жаттығулар және ҰЕҰБЭ (ұжымшылдық, еңбексүйгіштік, ұйымдастырушылық, білуге құштарлық, эстетикалық талғам) сауалнамасы қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы: Инновациялық оқыту технологиясының тиімді үлгілерінің бірі - арттерапия элементтерін жоғарғы оқу орындарының оқыту процесінде қазақ тілінде тұңғыш рет әрі нәтижелі орындалуына қол жеткізілді. Психотехниканың үлгісі ретіндегі арттерапияның мән-мағынасы, мазмұн-ерекшелігі, өтілу барысы қазақ тілінде ғылыми әрі әдістемелік тұрғыдан  сауатты баяндалып, теориялық әрі әдістемелік базасы кеңейтілді.

Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қол жеткіздіреді;

-адамның жеке басының қадыр-қасиетін сезініп, бағалауға әрі тұлғааралық қарым-қатынасты жақсартуда көмекші құрал қызметін атқарады;

-шығармашылық қабілетті (креативтілікті) дамытуға септігін тигізе отырып, адамның өзін-өзі тануына жол  ашады;

-арттерапия көмегімен психосауықтыру, емдеу шараларын толық жүзеге  асыруға болады;

 Зерттеудің негізгі кезеңдері: 

  • алғашқы кезеңде зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинақталып, жүйеге келтіріледі;
  • эксперимент жұмысының бағдарламасы даярланып, тәжірибелік эксперименттік жұмыстар жүргізіледі;
  • зерттеу қорытындысы жүйеленіп, талдау жүргізіледі.

Зерттеу базасы: Алматы Университеті «Педагогика және психология» мамандығы

Дипломдық жұмыс құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Инновациялық оқыту технологиясының ғылыми-теориялық аспектілері

1.1 Инновациялық оқыту технологиясының  оқыту процесінде қолданылу ерекшеліктері

 

  Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге оқытушыларды даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастырудың үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.[1]

  Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту  білім беру мекемелерінің  басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір студенттің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. XXI ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз делінген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 18 ақпан 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында. Бұл мәселе жалпы білім беретін оқу орындарына байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Сол оқу орындарына толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген ұрпағымыздан, болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық.

Себебі, біз қадам басқан ХХI ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының  әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр.

Оқу-тәрбие процесінде жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғы шарты: оқытушылардың инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерген әрбір оқытушы өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.

Оқытушы алғаш педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.   

Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:

1 кезең – оқып үйрену; 2 кезең  – меңгеру; 3 кезең - өмірге ендіру; 4 кезең – дамыту. [2]

Педагогикалық технология – оқытушының кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарлаған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – студенттердің оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. Оқыту үрдісін жаңашаландыру студенттердің оқу материалын теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы оқытушының әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялар игерулеріне тікелей байланысты болады. Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын  меңгеру оқытушыдан орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер оқытушының жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі. Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр. Оқытушылар мен студенттерге  әртүрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың  техникалық құралдары жәрдемге келеді [3]

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда.  Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді  қадыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан оқытушының біліктілігін көтеру мен  шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.[4]

Информация о работе Арттерапияның оқыту процесінде инновациялық технологияны қолданудың эксперименттік бөлімі