Арттерапияның оқыту процесінде инновациялық технологияны қолданудың эксперименттік бөлімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 19:35, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектілігіқазіргі таңда шығармашыл, яғни креативті жеке тұлғаны қажетсінудің өсуімен анықталады. Қазіргі жағдайда білім рөлінің өскендігі соншалық, ол қоғамның дамуына әсер ететін басты конструктивті фактор болып отыр. Бұл сөзсіз, оқытудың тиімдітехнологияларын жасаудың, жетілдірудің мықты стимулы қызметін атқарады.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................................3-5
1Инновациялық оқыту технологиясының ғылыми - теориялық аспектілері
1.1 Инновациялық оқыту технологиясының оқыту процесінде қолданылу ерекшеліктері................................................................................................6-16
1.2 Арттерапия әдісінің қолданылуының ғылыми еңбектерде зерттелуі.......................................................................................................17-24
1.3 Арттерапия – жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде...............................................................................................25-35
2 Арттерапияның оқыту процесінде инновациялық технологияны қолданудың эксперименттік бөлімі
2.1 Эксперименталды зерттеу бөлімінің мақсат-міндеті, болжамы, әдістемелер мен дамыту-түзету жаттығуларының кешені.......................36-51
2.3. Арттерапия қолданудың әдістемелік-практикалық нұсқаулары .........................................................................................................................52-53
Қорытынды....................................................................................................54-55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................56-58
Қосымша.............................................................................................59-66

Файлы: 1 файл

Диплом алматы.docx

— 313.98 Кб (Скачать файл)

Танымдық өлшемдері болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерн пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленеді.[20] Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны біліп тануы, кәсіптік білімін өз әжірибесінде қолдана білуі, инновациялық педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады. [21]

Іс-әрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен міндетін анықтай алуы және педагогикалық қарым-қатынастық үрдісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен өлшенеді.Технологиялық өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндеттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық-педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу-тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым-қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет. [22]

Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық белсенділікті, болашақ маманның шығармашылық-ізденушілік дамыту кіреді. Оған болашақ маманның ғылыми-зерртеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен иннновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік (авторлық) жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады.

Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдын туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады. [23]

Әрбір педагогтың инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:

  • инновация туралы білімі;
  • инновацияны жан-жақты меңгеру;
  • инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру;
  • инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары;
  • инновацияны практикада дұрыс қолдану.

Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ:

-    білім сапасының төмендігі;

-    білім саласына мемлекет  тарапынан реформалар жүргізілгенімен  оқудың

     нәтижесінің болмауы;

-    құжаттар көптеп шығарылғанымен  мардымсыздығы;

-    білім алушылардың өздігінен  білім алу дағдысының болмауы;

- білім алушылар мен оқытушылардың  бірлескен шығармашылық еңбектерінің  болмауы.

Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу.[24]

 Оқу-тәрбие процесінде инновациялық  педагогикалық жаңалықтарды енгізудің IY кезеңін бөліп көрсетуге болады:

І кезең; Жаңа идеяны іздеу

Ақпараттандыру және инновациялрды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.

ІІ кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру

Оқу-тәрбие үрдісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу.

ІІІ кезең: Жаңалықтарды енгізу

Оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.

ІY кезең: Жаңалықтарды бекіту

Оқу-тәрбие үрдісінде енгізілген жаңалықтардың нәтижесін баағалау.

Оқу-тәрбие үрдісіне жаңалықтар енгізуді төмендегідей жолмен көрсетуге болады:

 

  

    Білім беру

 

 

 

А

 

Ақпараттандыру

 

 

 

Ә

 

 Насихаттау

 

 

 

Б

 

     Игеру

 

Жұмысты   жетілдіру, жаңалықтар   іздестіру

 

Ақпарат жаңалықтарын меңгеру

 

Оқыту, игеру

 

Пайдалану


 

Инновацияларды таралу үрдісінің  бір түрімен (А,Ә,Б) екінші түрінде өту ерекше функцияларды орындайды.

А – инновациялар белгілі болады, көпшілікке таралады. Жаңалықтарға жол ашылады;

Ә –  олардың теориялық және әдістемелік жолдары ойлап шешіледі;

Б – жаңалықтарды енгізу жолдары қарастырылады, білім беру ұйымдарының жұмыстарына енгізіледі.

Инновациялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.[25] 

Елбасы Н.Назарбаевтың білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІІ съездінде білім сапасын арттыру жөнінде тұжырымды ой айта келіп, білім нәрімен сусындататын біздің асыл да ардақты ұстаздарымызға да үлкен міндеттерді жүктегені барлығымызға мәлім. Ендеше, келешекте Қазақстанның ғарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі ұрпақ – ертеңгі азамат болғандықтан, оқу-тәрбие үрдісін жаңартып, білім сапасын арттыру оқытушылар құзырындағы өте үлкен жауапты іс.

Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:

  • білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
  • жаңа инновациялық технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
  • жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадырлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір   шарты – оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу - әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.

    Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енізіп, оны жүзеге асыру міндет.

Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі,  басты міндеттері мынадай:

  • әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
  • білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
  • өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
  • аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.[26]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Арттерапия әдісінің қолданылуының ғылыми еңбектерде зерттелуі

 

Арттерапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. “Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде  кеңiнен тараған. Арттерапия – ауру адамның психоэмоциональды халiне шығармашылық арқылы  ем жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi. Алғаш  бұл термин 1938 жылы Адриан Хиллдiң санаторияда туберкулез ауруына шалдыққандардың көңiл-күйлерiн сипаттау жұмысында қолданылады. Кейiннен бұл термин өнерге қатысты барлық терапияның салаларында (музыкалық терапия, драмалық терапия, бимен терапия жүргiзу т.б.) қолданыла бастайды Бiрақ көптеген мамандар мұндай анықтамаларды өте кең әрi нақты емес деп санайды. Отандық психотерапиялық әдебиеттерде кей кездерде “Изотерапия” және “Сурет терапиясы” терминi қолданылады, бiрақ олар ағылшын тiлдi аналогқа келiңкiремейдi және мән мағынасын тарылтады. [27]

Арттерапия мынадай бағыттарды қамтиды: сурет терапиясы, драмтерапия, библиотерапия, музыкатерапия, кинотерапия, куклотерапия, битерапиясы.  Арттерапияны жүргізу барысында мүшелер саны 15-20 адамнан аспау керек. Одан көп болған жағдайда, қатысушыларға да, сонымен қатар, сол жұмысты жүргізушіге яғни психотерапевке де оңайға соқпайды. Топтың мүшелерінің көп болуы, жұмыс аяқталғасын жасалған жұмыстарға талдау, қорытынды шығару да қиынға соғады. Арттерапияны жеке-дара шығармашылық жұмыс жасау үшін бөлме кең және ешқандай кедергілері жоқ, әрі жарық болуы қажет. Топ мүшелері өтіп жатқан арт-терапия жайлы білуіне құқы бар. Жұмыс жасау үшін әр түрлі құралдар қолданады: атап айтсақ, мысалы, соус, түрлі түсті қарандаштар, әр түрлі мөлшердегі щеткалар, губка, суы бар құты, политра, түрлі-түсті қағаздар, қоржын, желім, скотч, қайшы, жіп болмаса арқан және т.б. Кейбір сабақтарда маталар, батпақ, ермексаз, қамыр, ағаш, үлкен композиция жасау үшін табиғи жане басқада химиялық заттарды да пайдалануға болады. Ал театрленген көрініс үшін грим, свеча, костюмдер, музыкалық аспаптар қажет болуы мүмкін. Ереже бойынша сабақтың тақырыбын психолог (арттерапия жүргізуші) таңдайды. Дегенмен де оны топпен ақылдаса, кеңесе отырып, талдап, талқылап, таңдап алуға болады. [28]

Арттерапияның тақырыбын таңдауға және топтастыруға болады. Осы жағдайды ескере отырып, осы салада педагогикалық практикада еңбек сіңірген М.Либманның классификациясы баршаға және бізге танымал:

көркемсурет материалдарын игеруге болады;

  • топ мүшелерін толқытып, күйзелтіп жүрген мәселе бойынша зерттеу жүргізу;
  • «мен» бейнесі, қарым-қатынас жүйесін зерттеуге байланысты;
  • жанұя мүшелерімен топ мүшелері жұптасып жұмыс жасай алуы;
  • топ мүшелеріне арналған көркемсуреттік іс-әрекет;

Сонымен қатар кейбір арт-терапиялық жаттығулар (күн мен түн) топ арасындағы үйлесімді қарым-қатынасқа, әлеуметтік алшақтауды реттейді және жеке адамның топпен қарым-қатынасын реттейді. Басқа да көптеген көмек береді. Топ мүшелерінің бірігіп жақсы тақырып таңдауы маңызды сәттердің бірі болып табылады. Таңдап алынған тақырып егер топ мүшелерінің біреуіне ұнамаған жағдайда қайта талдауды қажет етеді. Талданып қайта түсініп алынған оған қоса топ мүшелері келіссе,ол тақырып сол күйінше,ұнамаса қайта басқа тақырып алу керек. Алғашқы кезде арттерапияны ауруханалармен жүйке жүйесіндегі бұзылулары бар ауру емдеушілерді емдейтін эмоциялық бұзылулардың көрінісі бар адамдарға ғана қолданған. Қазіргі кезде арт-терапияның қолданыс аясы едәуір кеңейді және ол өзінің алғашқы психоаналитикалық негізінен алыстауда. Негізінен арт-терапияны қолданғанда ең бастысы жұмыс барысында талантын көрсету емес, спонтанды пайда болған қобалжуларын, қиындықтарын, бұрынғыдан қалғанелестерін суреттеу арқылы жеткізу. Сонымен қоса, психотерапевтің шығармашылық жұмыс кезінде топ мүшелеріне көмек беруді және қажет жағдайда қолдау да көрсетуі керек. Мұндай топтармен жұмыс жасаушы психолог немесе психотерапевт көптеген сапаларға ие болуы керек. Атап айтатын болсақ, олар, адамгершілік, басқаларға қандай жағдай болмасын көмек қолын соза білу, тұрақтылық, барлық жағдайда түсінушілікпен қарау, сабырлық, кішіпейілділік, төзімдік, адалдық және тағы осы тұлғалық қасиеттер сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болуы тиіс.[29]

Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру мазмұнына айрықша мән беріліп, адамның рухани жан-дүниесінің дамуына, шығармашылығы мен белсенділігіне жағдай жасау керектігі айтылған. Осы тұрғыдан тұлғаның шығармашылығын дамыту, оны жаңа талап тұрғысынан шешу негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Тұлға шығармашылығын дамытуда арттерапияның негізгі элементтерін, әдістемелерін қолдану өте маңызды. Демек «арттерапия дегеніміз не?» деген сұрақ туындайды. Фрейдтің алғашқы ойлар мен күйзелістер, бейнелер және белгілер формасында беріледі деген сөзіне сүйеніп Наумберг өнерді психотерапияның бір формасы екендігін айтқандардың бірі болды. Арттерапиялық әдістемелер жеке дара әдістеме ретінде де терапияның көмекші әдістемесі ретінде де қолданылады. Арттерапия клиенттің өзінің шығармашылығы және өнер шығармалары (картина, мүсін, кітап, киноөнері) арқылы жүзеге асырылады. Арттерапияны бірінші кезекте күрделі эмоциональдық күйзеліске ұшырағандарға, қарым-қатынаста қиналатындарға, көп үндемейтіндерге, ұялшақтарға қолданылады. [30]

Картиналар адамдарға үлкен әсер етеді: көңіл-күйін құлазытуы, көтеруі, сезімдерін оятады. Кескіндеме тек қана жардың сәнін келтіріп қана қоймай, оған қарағанда бойын босаңсытуға, күнделікті ағымдық шаруалардан тынығуға мүмкіндік береді. Бейнелеу өнеріндегі күшті әсер ету құралы бұл кескіндемедегі бояу түстері. Ішкі сезіміңді сөзбен ғана емес, қолыңа, бояу, түрлі түсті қарындаш алып сурет салу арқылы білдіруге болады. Егер адам бір нәрсеге ашуланып, қиналса, көңіл-күйі түсіп кетсе, дереу сурет сала бастаса оның бойындағы жағымсыз эмоция кетіп, көңілі бірленеді. Түсті таңдауға байланысты да көптеген нәрсе айтуға болады: қызыл түс ашу ызаны, қара-қайғыны, сұр-мазасыздықты білдіреді. Мамандар жеке түстер ерекше ішкі сезім күйін, мысалы, сары және қызғылт сары сергектік пен көтеріңкі көңіл күй сыйласа, қоңыр түстер соған сәйкес көңіл-күй береді, жасыл түс адамды тыныштандырып, көңіл көтереді, жүйкесі қозғанда тыныштандырады, ұйқысыздықты болдырмайды. [31] Сонымен адам сурет сала отырып, өзінің ішкі сезімін, көңіл-күйін білдіруге мүмкіндік алады, өзіне жағымсыз жайттарды жеңіл қабылдайды. Арттерапия арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және идеяларды ұсыну мүмкіндігімен, өз білімін, икемділігі мен дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуімен сипатталады. Демек тұлға шығармашылығын дамытуда арттерапиялық әдістемелерді қолдану маңызды. Жүздеген жылдар бойы өнер адамдар үшін ләззат алу көзі болып келді, ал өнердің көмегімен емдеу салыстырмалы түрде жаңа феномен. Арттерапия термині (art-terapy тікелей қазақша баламасы «өнермен емдеу» деген мағананы білдіреді) қолданысқа 1938 жылы жоғарыда айтылған Адриан Хилл туберкулезбен ауырған санаториядағылар мен жұмысында алғаш айтқан. Көп кешікпей бұл сөз тіркесі ауруханалармен психикалық денсаулық орталықтарында жүргізілген өнерге қатысты қызметтің барлық түріне қолдана бастады. Бірақ көбнесе бұл анықтаманы өте кең мағынада әрі нақты емес деп санайды. Өнерді сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудағы құндылығы, символикалық деңгейде әр түрлі сезімдермен тәжірибе жүргізу арқылы оларға көрініс беру және зерттеу болып табылады. Сиволдарды іске асыруын алғашқы қауымдық адамдардың үңгірдегі суреттерінен дейінгі және кейінгілерден байқауымызға болады. Біздің ертедегі ата-бабаларымыз сиволикалық бейнелерді өздерінің әлемдегі орны мен адамның күнелтуін айыру үшін қолданған. Өнер қоғамдық құрылыспен пайда болған қоғамның көрінісі болып табылады. Біздің дәуірімізде бұл өнердің жаңа стилдерінің пайда болуы моральдік, мәдениеттік құндылықтардың өзгеруінің дәлелдеуіне себеп болды. Көптеген мамандар арт-терапияда өздерінің практикаларында психодинамикалық көзқараста Фрейд пен Юнгтың символдық формасында бейсаналы түрде көрінеді дейді.[32] Сонымен қатар, Маргарет Наубургтың ойы бойынша психокоррекциялық топта олардың мүшелеріне оңай өздерінің қиялдарын, қорқыныштарын сөз арқылы емес, сурет арқылы көрсетуге болады. Өзінің ішкі қайғыруының емделуші сурет салу үрдісі арқылы сөзбен айту қабілетін жинақтайды. Көптеген психокорекциялық топтың жетекшілері қатысушылардың шығармашылық көркем суретінің нәтежелерін интерпритацияланбайды, тек қана жабық, тұйық қиялдарын көруге көмектеседі. Осы мақсатпен жетекшілері топта жылы шырайлы ортаны құрайды, осындай ортада қатысушылардың сынауынан сақтайды. Сонымен бірге, жетекшілер қатысушылардың еркін ассоцияциясын бағалауы керек. Ең маңыздысы-қатысушылар ассоцияцияны өз бетімен құрастыруы керек. [33] Ол өзіндік сананың дамуына ықпал етеді. Кейбір терапевтер клиенттердің жасаған ассоцияцияларын өздері интерпретациялайды, содан шыққан қорытындылармен клиентті таныстырады. Терапевтке өзінің есіне түсірген құбылыстар мен оқиғаларды айта бастағанда оның дипрессиясы төменгі деңгейде болған. Басқа жағдайларда кенет схематикалық сурет немесе эскиздерді салған кезде оны қобалжытып жүрген түсі немесе қиялы болуы мүмкін. Еркін ассоцияция қобалжуды көрсетеді. Саналы деңгейде адам өзінің суреті қандай мағынада берілетініне қарамастан эмоциялық босаңсуды сезеді. Алайда, мұндай құбылыстар топтағы мүшелерге терапевт көмектеседі. Символикалықтан нақтыға, бейсаналыдан саналыға өткен қобалжулардың қайталануы тұлғаның дамуына кедергі жасайды. Топтық арт-терапияда үнемі қолданатын бірігіп сурет салу болады. Әрбір қатысушы, ортақ қағазға сурет салады, әлбетте сол мезетте ойына келгенін, қатысушылар салынған суретті талқылайды.[34] Арт-терапияда психодинамикалык бағыттардың бір түрі Дж.Вассуллусомның «топтық бейнелердің синалактикалық әдісі». Бұл әдістің бір ерекшелігі катысушылар үйлерінен әрқайсысы бір сурет салып алып келеді. Барлығы бірігіп дауыс беріп бір суретті таңдайды. Содан соң сол суреттін авторы өзінде қандай ассоцияцилар бірлескенін айтады, сол сурет жасау кезіндегі сезімдері туралы айтады, топ мүшелері сол суретке қарағанда өздерінде пайда болған сезімдері туралы пікірлерін, ойларын ортаға салады.  Ницшидің жүргізген жұмысы, ауруханада жатқан аурулармен болған, олар әйел адамдар. Олар біраз уақыт өз үйлеріне баруға рұқсат алғандардың әрқайсында балалары болған. Соның ішіндегі біреуі аю мен оның қонжығын салған. Бұл суреттің мағынасы «біз терапевтерге тәуелдіміз, бізді олар тамақтандырғанды жөн көреміз, бірақ кей кезде өзіміз аналық рөлді ойнаймыз. Бұл біз үшін өте қиын. [35] Бұл әйелдердің барлығында бала тәрбиелеуде ішкі шиеленіс бар. З.Фрейдтің айтуы бойынша, символикалық суреттер немесе адам қандай түс көріп, соны салса, онда ол бейсаналы үрдісті көрсетеді. «(Синалактикалық» әдіс арқылы терапевт «ұжымдық бейнелерді» табу мақсат болады, ол тақырып та болады. Сол сеонстың топтағы қарым-қатынасты, жағымсыз эмоцияны көңіл-күйдің жинақ болу себебін анықтайды. Терапевтердің көбісі З.Фрейдпен К.Юнгтің принциптеріне сүйенбейді, көпшілігі гуманистік бағытты қолдайды. Оның негізіне қатысушылардың белсенділігін көрсетеді. Арт-терапия мидың оң жақ бөлігі жақсы дамуына ықпал етеді. Интуициямен, ориентацияға бағытталған Джейни Райн арт-терапиядағы гуманистік бағыттың негіздеушісі болады. Оның шарты бойынша гештальт теорияға сүйенеді, бұл теорияның концепциясы бойынша фигура мен фонға көңіл бөлуіміз керек. Біздің көріп қабылдауымыз біз не ойлаймыз және сеземіз соған байланысты. Осындай кезде адам кім екенін, кім бола алатынын түсінеді. Д.Райн өзінің клиенттеріне өз қабылдауына сенулеріне кеңес береді. Райн өз тобына әр түрлі материалдар береді, құм, бояу, бор. [36] Гештальт-терапияның үрдісі кезінде ең алдымен, жетекші қатысушыларға суретті жабыстыру арқылы, өзіндік идентиорикациямен басталады. Тапсырманы қарапайым түрде береді, қорқыныш сезімін тудырмауы үшін, саналы және күтпеген сәтте, өзінің ішкі сезімін білдірулері үшін. Бастапқы кезеңдерде терапияльщ үрдісте әркім өз бетінше жұмыс істейді. Олардың жұмысы жеке мінезді көрсетеді, жетекші топқа бағыт бере алады. Мысалы, пластилинмен өзін қалай қабылдайтын бір фигураны жабыстыру және қандай да фигураны ұнататын өзінің қиялынан махаббат, сұлулық, еркіндік жайында бейнелеп бпстайды. Осыны орындағаннан кейін ішкі сезімдерін айтады. Сезімін айтқан кезде эмоцияның жоғарғы бөлігі ғана көрінуі, кейінірек басқа стадияда топ мүшелері жұпқа бөлінеді де сурет салады, біреулері келісіп салуы мүмкін, енді біреулері ойларымен бөлісуі де мүмкін. Альтернативті стратегия пластилмен фигураны біріктіру болады. Қарым-қатынасты анықтау үшін топ мүшелеріне көздерін жұмып және бір адам эмоциялық байланысты елестету керек, ал оны мүлдем агрессияны шығару үшін жойып тастауы да мүмкін. Жұмыс аяқталғаннан кейін жетекші топ мүшелерінен осы жұмысқа қаншалықты күш жұысағанын айтады. [37] Басқа да тапсырмалар бар топтың қарым-қатынасын көрсететін және жабық шиеленісті байқау үшін Райнның ұсынатын жұмысына жұпка бөлініл, бір-бірінің суретін салу, сол тұлға жайлы мінездеме беру. Қатысушы өзінің автопортретін салыстыра алады. Мысалы, әйел өзін әдемі деп ойласа, басқа біреу оның суретінде ернінің формасын үлкен етіп салады, оның көп артық сөйлемейтінін білдіруі болып табылады. Осындай құбылыс Джейм Денидің жұмыс істеп жүрген тобында болған өзінің суретін әдемі салған кезде, басқалар оны керісінше бейнеленген. Арт-терапияның гуманистік бағыты топта тұлғаны дамыту, интенсивті жеке түрде өту керек. Оның мақсаты саналы денгейге жетуді терапевт өзі құрады. Клиент өзін-өзі тану ушін өзекті мәселені де көру керек. [38] Топтың ұйымдасуын ортада қатысушының өзін жаңадан бағалауы, ішкі қобалжуларын, бұрын байқалмаған сәттерде визуалды бейнеде көрінген кезде, шығармашылық интениция көріне бастайды. Арттерапия өзінің бастауын негізін психоаналитикалық көзқарастардан алады.Осы көзқарастар бойынша соңғы өнім,көркемдік емделушінің  іс-әрекеті ол сурет,картинка болмаса мүсін,ол бейсаналы психикалық процестердің көрінуі болып саналады.

Информация о работе Арттерапияның оқыту процесінде инновациялық технологияны қолданудың эксперименттік бөлімі