Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 19:35, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектілігіқазіргі таңда шығармашыл, яғни креативті жеке тұлғаны қажетсінудің өсуімен анықталады. Қазіргі жағдайда білім рөлінің өскендігі соншалық, ол қоғамның дамуына әсер ететін басты конструктивті фактор болып отыр. Бұл сөзсіз, оқытудың тиімдітехнологияларын жасаудың, жетілдірудің мықты стимулы қызметін атқарады.
Кіріспе............................................................................................................3-5
1Инновациялық оқыту технологиясының ғылыми - теориялық аспектілері
1.1 Инновациялық оқыту технологиясының оқыту процесінде қолданылу ерекшеліктері................................................................................................6-16
1.2 Арттерапия әдісінің қолданылуының ғылыми еңбектерде зерттелуі.......................................................................................................17-24
1.3 Арттерапия – жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде...............................................................................................25-35
2 Арттерапияның оқыту процесінде инновациялық технологияны қолданудың эксперименттік бөлімі
2.1 Эксперименталды зерттеу бөлімінің мақсат-міндеті, болжамы, әдістемелер мен дамыту-түзету жаттығуларының кешені.......................36-51
2.3. Арттерапия қолданудың әдістемелік-практикалық нұсқаулары .........................................................................................................................52-53
Қорытынды....................................................................................................54-55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................56-58
Қосымша.............................................................................................59-66
Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда шет ел зерттеушілері “Педагогикалық технология” терминін енгізді. В.Беспалько “Педагогикалық технология дегеніміз –тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана” – деген тұжырымдама берді. Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны оқытушы мен студенттің өзара байланыс іс-әрекеті, студенттің ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады. [5]
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру оқытушының зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Қандай сабақтың болмасын қызықты өтуі оқытушының үнемі іздену, ұтымды әдіс – тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.[6]
Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз” дейді. Ендеше инновация ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде “жаңа”, “жаңалық енгізу”, деп көрсетілсе, кейбіреулер оны “өзгеріс” деген терминмен анықтайды. “Инновация” деген сөз – латынның “novus” жаңалық және “in” енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы “жаңару, жаңалық, өзгеру” деген мағынаны білдіреді. Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде “Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық енгізу, қалыптастыру, яғни, инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал “жаңаша” деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз” делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде “инновация”әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым “жаңаша білім беру” деп түсіндіріледі. Ал А.И.Кочетов “инновация” ұғымына төмендегідей анықтама береді: “Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы”. Алайда Р.Масырова мен Т.Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың тұжырымдамасында, “Егер баратын деңгей” алдын-ала көрсетілген болса, ол қандай инновация” делінген. В.Кваша мен В.Латинаның пікірлері бойынша “инновация”- бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып табылады.[7]
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдары кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. ” Масырова Р., Линчевская Т - “Жаңару” (новшество) дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея. [8]
Инновациялық үрдіске түскен ұжым даму барысының бірнеше кезеңін бастан кешірді: 1) жалтақтап күдіктену; 2) даңғазашылдық; 3) тұрақтану; 4) ынтымақтастық қалыптасу. Соңғы екі кезең – инновациялық үрдісті ұжымның шығармашылықпен сезінген, түсінген кезеңдері. Олар әрбір адамның аталған кезеңдерді басынан өткізуімен сәйкестеледі.
Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны “Білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу” деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік. “Инновация” ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.
Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік. Яғни, С.Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновация ұғымын әр елде әртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Ал, Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес.Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда “Инновация” ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз.
Ресейде “Инновация” ұғымына өте күдікпен қарағаны мәлім. Мәселен, XIX-XX ғасырдың басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейді.Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни, инновациялық үрдіс өткен, бірақ инновация термині еш жерде аталмайды. Ал Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны “Құрамына материалдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың кешенді өзгеруін білдіретін үлкен өзгеріс” деп түсінеді. Найхос инновацияны процесс деп есептейді де, “Инновация қандай да бір идеялардан басталатын өзгерістерге әсерін, тұтынушылардың не қолдауы, не бас тартуымен аяқталатын үрдіс” дейді.[9] Қазақстан мемлекетінде “Инновация” ұғымын пайдалану соңғы бес жылдың еншісінде. Ең алғаш “Инновация” ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады.Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).“Инновация” сөзі – қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. [10] Қазір бұл сөз “Жаңа, өзгеру, жаңаша” деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да “Жаңа, жаңаша өзгерудің” мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады. Инновациялық әдіс – тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, әрбір білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-әрекетін бақылау жатады.
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің
зерттеінде оқу-тәрбие
Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.»
Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.[11]
Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Қазір республика оқу
- жаңа идеяның пайда болуы;
- мақсат қоюшылық;
- тарату және жойылу.
Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады:
Сондықтан бұл уақыт ағымына байланысты дамиды, бірқалыпты өзгеріске ұшырайды, жағдайына байланысты тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара байланысы болып саналады. Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, жаңалық көзі арнайы қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың, білімді көтеру ұйымдастырушыларда т.с.с. “Әр жоғары сатыдағы мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде іс-әрекет жасауы тиіс”, - дейді. [14]
Инновациялық технологияның негізі болып саналатын жаңа педагогикалық технологиялар көптеп саналады: Эрдниевтің ірі блокпен оқыту технологиясы, М.Монтессори мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Шаталовтың ірі блоктік жүйесі және т.б.
Инновациялық технологияларды енгізудің жөні осы деп түрлі технологиялар мен халықаралық бағдарламаларды сабақта қолдану көпшілігімізге тән құбылыс болып кетті. Кейбір әріптестеріміз жаңа технологиялардың философиялық мазмұнын, тұтастығы мен жүйелілігін меңгеріп алмай, таза еліктеушілікпен сыртқы формасын ғана қолдануда. Кез-келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады. Міне сондықтан, бірінші кезекте, білім әлеміне еніп жатқан сан алуан инновациялық технологияларды реттеу, жүйелеу, сұрыптау, нәтижелерін талдау үшін арнайы ақпараттық-әдістемелік орталық құрылуы қажет.[15]
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады.
Жаңа инновациялық технология жасаудың теориялық негіздерін зерттеп дайындауды оқу процесі жөніндегі әртүрлі ойлар жүйесінің принциптері негіздерін сын көзқараспен ұсынып, мәнін түсіндіруден бастаған жөн.[16]
В.И.Андреевтің “Педагогикалық технология”
туралы анықтамасында: “Педагогикалық
технология, соның ішінде оқыту технологиясы
– бұл жобалау, оқыту мен тәрбиелеудің
педагогикалық заңдылықтары, мақсаты,
принциптері, мазмұны, формасы, әдісі мен
құралдарын тәжірибеде қолдану, оның тиімділігінің
жоғары деңгейіне кепілдік беретін, соның
ішінде келешекте оны шығаруға, басылымға
беруге ықпал ететін жүйе”.[17]
В.И.Андреев бойынша педагогикалық жаңа технологияны төмендегі көрсеткіштер анықтайды:
1. Мақсаттылық (анықтылық, нақтылық мақсатты дидактикалық жүйеге ауыстырылуы).
2. Тұжырымдылық (терең мазмұнды теорияға негіздеу).
3. Жүйелілік (оқытудың мақсаты, мазмұны, формасы, әдісі жағдайын жобалау және бүтіндей жүйеде қолдану).
4. Диагностикалық (оқушының оқу
іс-әрекеті нәтижесінің
5. Оқыту сапасының кепілдігі (оқу
материалын қабылдау
6. Жаңалығы ( педагогика, психология,
дидактиканың жетістіктерін, қазіргі
заманның идеяларын, бейне құралдарды,
компьютерлік техниканы
В.П.Беспалько педагогикалық
технологияның келесі
Осыған байланысты педаогикалық технологияларды қолдану, жаңа білім мазмұнын, инновациялық әдіс-тәсілдерді, жаңа оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын ендірудің тиімді құралы болып отыр.[18] Педагогикалық технологияларды енгізуде оқытушы іс-әрекетінің маңызы зор. “Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі”, – деп көрсетеді С.В.Селевко. ХХІ ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтан біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды: Мотивациялық өлшемдеріне танымдыққызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылыу әрекеттері кіреді. [19] Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайындығы мен пәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үрдістің заңдылықтары, мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үрдістің теориялық негіздерін және жеке тұлға териясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білуі, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады. Бейімділік өлшемдеріне болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті жатады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен оқытушы, ұстаз мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен, бейімділік іс-әрекетті жүзеге асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді.