Арттерапияның оқыту процесінде инновациялық технологияны қолданудың эксперименттік бөлімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 19:35, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектілігіқазіргі таңда шығармашыл, яғни креативті жеке тұлғаны қажетсінудің өсуімен анықталады. Қазіргі жағдайда білім рөлінің өскендігі соншалық, ол қоғамның дамуына әсер ететін басты конструктивті фактор болып отыр. Бұл сөзсіз, оқытудың тиімдітехнологияларын жасаудың, жетілдірудің мықты стимулы қызметін атқарады.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................................3-5
1Инновациялық оқыту технологиясының ғылыми - теориялық аспектілері
1.1 Инновациялық оқыту технологиясының оқыту процесінде қолданылу ерекшеліктері................................................................................................6-16
1.2 Арттерапия әдісінің қолданылуының ғылыми еңбектерде зерттелуі.......................................................................................................17-24
1.3 Арттерапия – жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде...............................................................................................25-35
2 Арттерапияның оқыту процесінде инновациялық технологияны қолданудың эксперименттік бөлімі
2.1 Эксперименталды зерттеу бөлімінің мақсат-міндеті, болжамы, әдістемелер мен дамыту-түзету жаттығуларының кешені.......................36-51
2.3. Арттерапия қолданудың әдістемелік-практикалық нұсқаулары .........................................................................................................................52-53
Қорытынды....................................................................................................54-55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................56-58
Қосымша.............................................................................................59-66

Файлы: 1 файл

Диплом алматы.docx

— 313.98 Кб (Скачать файл)

ХХ ғасырдың 20-ы жылдары осы салада көп зерттеулер жүргізген Принцхорн (Prinzhorn 1922) өзінің ауруларды емдеудегі шығармашылығын және психикалық, классикалық зеттеулеріне мынадай қортындыға келеді: өнер ауру адамдардың көпнесе олардың интенсивті ішкі шиеліністеріне әсер етеді.

АҚШ-та өнерді терапиялық мақсттарда алғаш қолданғандардың бірі Маргарет Наумбург болды. Бұл саладағы еңбек етуін ол Нью-Иорк штатындағы психотерапиялық институтында мінез-құлқында мәселесі бар балалармен жұмыс жасау арқылы бастаған. Кейіннен Маргарет Наумбург Нью-Йорк штатында арт-терапия саласында  мамандар дайындау үшін психоаналитикалық бағдарламаларды жасайды. Маргарет Наумбург  жұмыстары психоанализ бағытының психологиядағы негізін салушы З.Фрейдің көзқарастарына негізделген: ондағы алғашқы ойлармен қобалжулар, сандан тыс вербалды емес түрде пайда болады,бейне мен символдар формасында көрініс береді. Арт-терапия терапевпен емделушінің арасындағы символикалық деңгейдегі қарым-қатынастың тәсілі ретінде қолданылады. Көркемдік шығармалардың бейнелерінің барлық түрі бейсаналық процестер қорқыныш, ішкі шиеленістер,балалық шақтағы елестер, естеліктер, түс көру және т.б. көріністер, психотерапевтермен З.Фрейдтің бағдарлар талданады. Ал З.Фрейдтің өзі болса өз емдеу жұмыстарында арт-терапияны қолданбайды, оған болса да, ол өзіні жоғарғы баға беретіндігі қалады. Көру бейнелері көп бөлікте біз түс көру арқылы қобалжыймыз. Түс көруде сезіммен немесе қобалжулар қатысады, одан ойлар – сонымен бірге,түс көру-ең басты орында көру бейнелері. Бақытымызға орай түс көруді суреттегенде қиындықтармен мынадай байланыстар туындайды және олар көбнесе мынадай сөздерді қолданады. Мысалы: «түс көрген адамның сөзі: мен сурет сала аламын,бірақ мен оны қандай сөзбен жеткізе сипаттай алуды білмеймін». Арттерапия әдістемесін негізе ала отырып сендіру, адамның ішкі «мен»-і көру бейнелерінде, әр кезде сол сурет салғанда және мүсін соққанда өз еңбектерінде ойланбастан, яғни ол спонтанды пайда болады. Бірақ З.Фрейд кейіннен мойындағандай, бейсаналылық символдық бейнелерде көрінеді, ол өзі практикада көркемдік шығармада өзінің емдеушілерін оған қызығушылығын тудырмаған. Бірақ психологиядағы аналитикалық теорияның негізін қалаушы К.Юнг болса өзінің емдеушілеріне өзінің түстерін, армандарын және қиялдарын сурет арқылы бейнелеулерін талап еткен. К.Юнгтің идеялары персональды және әмбебаптық символдардың бар болуы және қиялдың күшін терапиялық мақсаттарға қолдану мүмкіндігі бар, қазіргі кезде арт-терапиямен айналысатындарға тереңінен әсер етті. [39] Арттерапиямен айналысатын мамандар тек қана психологтармен және психиатрларға қойылған диагнозды нақтылауға немесе емдеу тәсілін таңдап алуға балалармен немесе стационарлардағы емделіп жатқан үлкендермен жасалған жұмыстардың талдауларына сүйене отырып,көмектескен.Кейінгі мазмұнынан көрінетіндей шығармадағы материалды осылай қолдану проективті тестерде қолданудан айырмашылығы, мысалы, Роршах тесті болмаса, тақырыптық апперцепциялық тесті жүргізгенде тест тапсырушы адам ерікті формада немесе суреттегі дақтар жауап қайтаруы керек. Казіргі кезде арт-терапия мамандары тәжірибе жүзінде мойындалған,тәуелсіз атаққа ие,сонымен бірге жеке тұлғаны зерттеуге және оны емдеу процестеріне өз үлестерін қоса алады. Бірақ, мұнымен бәрі бірдей келісе бермейді. Тағы айта кететін жайт, бұл осы айтылып кеткен амалдың төңірегінде екі бағыт бар. Мына бағытты жақтаушы мамандарға әлеуметтік реабилитация және еңбек тарапиясы саласындағы мамандар. Мысалыға алатын болсақ,осы салада көп еңбек сіңірген Эдит Крамер. Осы бағытты жақтаушылар өнер өзінен-өзі мақсатты іс-әрекетке ие және арт-терапияны суррогат психотерапия ретінде қарастырады. Бұл бағыттағы психотерапевтер өнерде өздерінің терапиялық процедураларынан жоғары қояды және олардың кейбіреулерінен өзінің арсеналынан шығару шығармашылық процестің стимуляциясына бағытталған дейді. Екінші бағыттың жақтаушыларына жоғарыда айтылған мысалы, Маргарет Наумбург жатады. Оның жеке көзқарасы бойынша шығармашылық мақсатқа терапиялық бола түсуге болады деген. Мұндай психотерапевтер дәрігерлік дайындыққа ие болуы керек. Олар бірақ арт-терапияны өзіндік қолдануға да болады. Ол көп бөлігі дәстүрлі психотерапиялық амалға жай ғана қолдану деп санайды. Бірнеше бар айырмашылыққа қарамастан, екі бағытта таңдамалы өнерде тұлғаның интеграцияцы және реинтеграциясының құралы ретінде қарастырады. Казіргі уақытта арт-терапия тек қана аурухана бөлімдерінде ғана қолданыста емес,оған қоса психокоррекциялық топтан, онда ол таза түрінде сонымен қоса, көмекші әдістеме ретінде қолданады. Белгілі арт-терапиямен айналысатын мамандардың көп бөліктері Солтүстік Америкада фредистік болмаса юнгтік көзқарасқа сүйенеді. Бірақ көбісі гуманистік психологияның әсерін сезінген және оны дұрыс деп табады, тұлғаның гуманистік теориясы психокоррекциялық топтармен жұмыс кезінде психоаналитикалық теорияға қарағанда көп келісілген түбірін тудырады делінген.[40]Жоғарыда айтылғандай арт-терапияның дамуынан психодиагностикалық бағыттар көп әсер еткен. Ал дамуына үлес қосқан авторлар ең біріншіден арт-терапия терминін ғылымға енгізген: Адриан Хиллдан бастаған жөн болар. Сонымен бірге М.Наумбург, З.Фрейд, К.Юнг, Э.Крамер болып табылады. Осы арт-терапияның дамуындағы жаңа кезең ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғы мен 70-шы жылдардың басынан басталады. Әсіресе осы жылдардың бас кезінде арт-терапиялық топтардың жұмысының мынадай формасы, топтық интереактивті арт-терапияның бастауы қалана бастады. Мұндай топтық арт-терапияның жұмысының формасы пайда болуына өмірдегі көптеген жағдайлармен шақырылған,олардың қатарында:

  • әлеуметтік-саяси, институтциональды және мәдениеттік контекістердің өзгеруі;
  • клиенттердің психотерапиялық тілектерінің және қажеттіліктерінің өзгеруімен, эмоциялық-құрылымдық бұзылулары;
  • топтық психотерапияның практикада және теориялық тез дамуы және арттерапиялық іс-әрекетке жетудегі біртіндеп ассимиляциялау;
  • арт-терапиялық топ жүргізушілерінің кәсіби өсуімен және арттерапиялық білім беру жүйесінің дамуымен;

ХХ ғасырдың екінші жартысында алдынғы кезеңдермен салыстырғанда, техникасының даралануы тым қиын. Айта кететін жайт, арт-терапия психотерапияның саласы ретінде енді ғана дамуда. Казіргі кезде арт-терапия өнерге қатысты барлық қызмет түрлерінде психотерапиялық мақсаттарға қолданылып келеді. Барлық уақытта шығармашылық тұлға, шығармашыл мақсатқа ұмтылады, ал сыртқы жағдайлар оған кедергі жасайды. Арт-терапия кезінде шығармашылық процесс жағымды болса онда арт-терапияда өз мақсатына жетеді. Арт-терапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мақсаттар: Агрессияға болмаса басқада негативті сезімдерге әлеуметтік шығар жолды табуға мүмкіндік береді. Суреттермен, мүсіндермен жұмыс жасау күштеуді бәсеңдетудің қауіпсіз түрі болып табылады. [41]

Емдеу процесін жеңілдету. Түсініксіз ішкі шиеленістер және қобалжулар көбінесе көру бейнелерінің көмегімен вербалды психотерапия кезінде сөзбен айтқанға қарағанда көрсету оңай. Вербалды емес қарым-қатынас санадан тез шығады. Интерпритацияға және диагностикалық қорытындыларға материалдар алуға болады. Көркем шығарманың өнімі ұзақ уақыттылық, емделуші оның бар екенін жоққа шығаруы. Терапевтке емделушінің көркем жұмыстың стилі және мазмұны емделуші туралы ақпарат береді, сол арқылы терапевт өзінің еңбектеріне интерпритация жасауға болады және жақсы көмектеседі .

Емделушінің басым болуына дағдыланып кеткен ойлары мен сезімдерімен жұмыс жасау. Кей кездері вербалды емес амал, бірден-бір күшті қобалжулармен сендірулерді анықтауға,көрсетуге мүмкіндік береді. [42]

Терапевт пен емделушініңарасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін көркем іс-әрекетке бірлесіп қатысу ол қабілетті қарым-қатынас, эмпатия және өзара түсінушілік туындауына әкеледі. Ішкі қадағалау сезімін жоғарылату. Суреттермен картиналардан жұмыс болмаса мүсін соғу жұмыстарында түстерді және формаларды тәртіпке салу қарастырылмайды. Зейінді қабылдауға және сезімдерді шоғырландыру. Таңдамалы өнермен жұмыстар бай мүмкіндік тәжірибе жасауға кинестетикалық және көру түйсіктеріне, қабылдау қабілеттіліктерінің дамуына жағдай жасайды. Көркемдік қабілеттерді дамыту және өзін-өзі бағалауын жоғарылату. Арт-терапияның соңғы өнімі қанағаттану рахат алу сезімі, ол жасырын таланттың көрінуінің және олардың дамуының нәтежесі. Жоғарыда аталған әсерлерден басқа көркем өнерді психокоррекционды топпен жұмыста қолданудың қосымша нәтежесі, қиялға түрткі және дау-дамайға топ мүшелерінің қарым-қатынасын дұрыстауға көмектеседі. Өнер қуаныш әкеледі, бұл ешқандай жағдайға тәуелсіз (өзінен-өзі маңызды), бұл қуаныш біздің санамыздан тыс пайда болады ма, болмаса ол саналы әрекеттің нәтежесі ма ол әлі күнге дейін бізге белгісіз. [43] Арттерапия агрессивті  сезімдер мен  әлеуметтік әрекеттердің түрлерінің сипатталуына  мүмкіндік береді. Сурет салу, бояулармен сурет немесе  жапсырма жұмыстары ауыртпашылықтың қауіпсіз әдісі болып табылады; үрдістегі диагностикалық жұмыс пен өңделуге негіз береді; игере алмайтындай көрінетін ойлар мен сезімдермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді; ішкі бақылау мен реттік сезімнің тууына жағдай жасайды. Көркемөнер әдістерін қолдану  топта сонымен қатар фантазиялықты терең оқу мен қабылдауға, топ мүшелері  арасындағы  конфликтті шешуге мүмкіндік береді.

Жаңашыл психотерапевттік тәжірибеде Т-топтары ұйымдастырылады, яғни, темоцентрлік қатынас, тәрбиелік  терапия топтары.

Арттерапия  біздің ғасырымыздың  30-жылдары пайда болды. Арттерапияның ең алғашқы  қолданған  сабақ екінші  дүниежүзілік соғыс кезінде Герминияда  АҚШ-қа жер аударылып әкелген балалардың эмоционалды-жекелік проблемаларын түзетуде қолданылады.

«Арттерапия» термині (сөзбе-сөз өнермен терапия) Адриан Хилл санаторийлердегі туберкулезді аурулармен жұмысын сипаттағанда  енгізген. Бұл сөз тіркесі ауруханаларда және психикалық денсаулық орталықтарында қатысты қолданылады.

Бұл психотерапияның өнерге негізделген, яғни, сурет және шығармашылыққа байланысты арнайы формасы.

Басында арттерапия З.Фрейд пен К.Г.Юнгтің  контекстік теоретикалық  ойларында  туындады, кейін К.Роджерстің (1951) және А.Маслоудың (1956) жекеліктің  дамуының гуманистік моделін қоса отырып неғұрлым кең концептуалды базаға ие болды.

Арттерапияның негізгі мақсаты жекелік даму гармонизациясының өзіндік қабылдау мен өзіндік тану мүмкіндіктері арқылы жүзеге асырылуында. Классикалық психоанализ көзқарасы бойынша арттерапиядағы коррекциялық әсер етудің негізгі механизмі  болып сублимация  механизмі табылады. К.Юнг пікірінше,  өнер, әсіресе, аңыздар, мифтер мен арттерапия маңызды деңгейде танымсыз дамыған баланс пен танымды «Мен» тұрақтылығының индивидуализация үрдісін жеңілдетеді.

Мұндағы  арттерапевтік әсердің  маңызды техникасы болып танымдық және танымдық емес пен  бетпе-бет келу  және аффективті әсер етудің өзара ерекшеліктерін көрсетуге бағытталған белсенді қабылдау техникасы  болып табылады.

1960 жылы Америкада  Америкалық арттерапевттік ассоциация  құрылды. Осындай ассоциациялар Англияда, Жапонияда, Голландияда да туындады. Жүздеген маман арттерапевттер психиатриялық  және жалпы соматикалық ауруханаларда, клиникаларда, орталықтарда, мектептерде, түрмелерде, университеттерде жұмыс істеді.

Арттерапияның екі формасы бар: пассивті және активті. Пассивті формада клиент басқа адамдар құрастырған көркемөнер  туындыларын қолданады, суреттерді қарастырады, кітап оқиды, музыкалық шығармаларды тыңдайды.

  Белсенді  формада клиент  өзі шығармашылықты  тудырады, яғни, сурет, мүсін және  т.б. жасайды. Арттерапиямен айналысу структураланған немесе структураланбаған болуы мүмкін.

Структураланған сабақтарда тақырып нақты беріледі және материалды психолог береді. Ереже ретінде, сабақ бітісімен тақырып, әрекет, орындау ерекшелігі талқыланады.

Структураланбаған сабақта клиенттер өз еркімен  тақырып, материал мен құралдарды таңдайды.

 Арттерапияның  қолдану әдістерінің түрлі нұсқалары  бар:

- бар өнер  шығармаларын қолдану мен клиенттің  оны іздеуі;

- клиентті  еркін шығармашылыққа итермелеу;

- бар өнер  туындыларын қолдану және клиенттің  жекелік шығармашылығы;

- клиентпен  қатынас орнатуға бағытталған психологтың  шығармашылығы (жапсыру, сурет салу және т.б.).[47]

Арттерапевтік әдіс психологқа  клиент пен жұмыстың топтық формасына индивидуалды  қарауды бірлестіруді зерттеуге мүмкіндік береді. Ереже ретінде,  арттерапевттік әдістер барлық коррекциялық бағдарламаларда, толықтыра отырып ойын мүмкіндіктерін дамытады.

Арттерапия үрдісінде қызықтыру жүйесі мынаған негізделеді:

    • субъектінің өзінің сезімін, сыртқа әрекет формасында алаңдауға ұмтылуы;
    • өзінде болатын қажеттілікті түсіну мен талқылау;
    • басқа адамдармен коммуникация жасау, өзіндік шығармашылықты қолдану;
    • ерекше формадағы символизация  арқылы қоршаған әлемді зерттеуге ұмтылу, ертегі, тарих, суреттерді құрастыру.

Әрбір шығармашылықты  құрау белсенді қабылдау, продуктивті түйсік, фантазия мен символизацияға негізделеді. Коррекциялық жұмыста арттерапевттік әдісті қолдану келесі позитивті  нәтижені алуға мүмкіндік береді:

    1. Тиімді эмоционалды әсер етуді қамтамасыз етеді, оған әлеуметтік, жетекші форма береді.
    2. Тұйық, ұялшақ немесе нашар  қарым-қатынасқа түсетін клиенттердің қарым-қатынас  үрдісін жеңілдетеді.
    3. Вербальды емес қатынасқа мүмкіндік береді, коммуникативті барьерлер мен психологиялық қорғанышты тударуға мүмкіндік береді.
    4. Еркіндік пен өзіндік регуляциялық мүмкіндікті дамытуға жағдай жасайды. Бұл жағдайлар сурет  шығармашылығы жоспарлылықты  талап етіп, мақсатқа жету жолына негізделеді.
    5. Клиенттің өзінің сезімдеріне, алаңдаулары мен эмоционалдық күйіне әсер етеді.
    6. Жекелік құндылықты жоғарылатады, «Мен-концепциясының» позитивті жүйеленуіне әсер етеді және өзіне сенімділікті жоғарылатады.

Арттерапияның тиімділігін клиенттің жағымды әсерлерінен, сабаққа белсенді  қатысуларына, жекелік шығармашылығының нәтижесіне деген қызығушылығының артуына, объектілік сабаққа көп көңіл бөлуінен көруге болады. Көптеген берілгендер  клиенттер өздері шығармашылық мүмкіндіктері мен арттерапиядан кейін өз бетімен шығармашылықпен айналысатыны көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Арттерапия – жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде

 

Алғаш арттерапияны оқу, талдау, қолдану ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында  Принцхорнның, Германия, Австрия, Щвейцария, Жапония ауруханаларында жан ауруына ұшырағандардың творчестволық жұмыстарына  анализ жасауға  негiзделген фундаментальды жұмыстарынан басталады (Prinzhorn, H.,1922). Кейiн келе Крепелин, Блейлер, Бумке, Кречмер сияқты атақты психиатрлар психикалық ауруға ұшырағандардың творчестволық еңбектеріне талдау жасай бастады. 1926 жылы Ресейде осы тақырыпқа орай Карповтың кiтабы, алғаш монографиясы шықты, ол “Жан ауруына ұшырағандардың шығармашылықтары және оның ғылым мен техника дамуына тигiзер әсерi”- деп аталды.   Карпов сурет салудың емдiк әсерi бар екендiгiн көргендердiң алғашқыларының бiрi болды. [44]

Бейнелеу өнерiнiң көмегiмен терапия жүргізудің теоритикалық негiзi – Зигмунд Фрейдтiң психоаналитикалық көзқарасынан шығады, бiрақ Фрейдтің өзi арттерапияның психотерапиялық мүмкіндіктеріне қызығып, айналыспаған; Юнгтың аналитикалық психологиясынан, ол өзiнiң  суреттерiн жеке  және әмбебап  символдардың идеясын нақтылауға қолданған. Сонымен қатар, Наумбургтың терапиялық көмек көрсетуде өзiн-өзi графикалық бейнелеудiң  динамикалық теориясынан, оны АҚШ-та арттерапияның пионерi деп санайды. Кейiн келе арттерапияның дамуына гуманистiк бағыттағы психотерапевтердiң үлестерi де тидi. “Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi  халықтар қоныстанған елдерде  кеңiнен тараған. Арттерапия –  ауру адамның психоэмоциональды халiне творчество арқылы  ем жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi. Арттерапия өнерге негiзделген, бiрiншi орында творчество мен өзiндiк өнерiн көрсететiн психотерапияның мамандандырылған бөлiмi, формасы. [45]

Алғаш бұл термин 1938 жылы Адриан Хиллдiң санаторияда туберкулез ауруына шалдыққандардың көңiл-күйлерiн сипаттау жұмысында қолданылады. Кейiннен бұл термин өнерге қатысты барлық терапияның салаларында (музыкалық терапия, драмалық терапия, бимен терапия жүргiзу т.б.) қолданыла бастайды Бiрақ көптеген мамандар мұндай анықтамаларды өте кең әрi нақты емес деп санайды. Отандық психотерапиялық әдебиеттерде кей кездерде “Изотерапия” және “Сурет терапиясы” терминi қолданылады, бiрақ олар, ағылшын тiлдi аналогқа келiңкiремейдi және мән мағынасын тарылтады. Тарихқа сүйенсек арттерапевт мамандар  психиатрлар мен психотерапевттердiң көмекшiсi болған, оларға пациенттiң диагнозын анықтауға немесе ем жүргiзуге, олардың суреттерiне қарап, әдiс таңдауға көмектескен. Бiртiндеп арттерапевттер ешкiмге тәуелсiз маман статусын иемденген. 1969 жылы арттерапевт-практиктердi бiрiктiрген американдық арттерапиялық ассоциация құрылды. Осы сияқты ассоциациялар кейiннен Англия, Голландия, Жапония және Ресейде құрылған. Онда арттерапевттер қазiргi уақыттағы психотерапияның процестерi мен жекелiктерiн зерттеуге өз үлестерiн қосуда. Қазiргi уақытта психотерапияда осындай күштi эмоциональды фактор, яғни өнер мен творчествоны қолдану қажеттiлiгi көрiнiп отыр. “Арттерапия - бiздiң ғасырымыздың жемiсi”, – деген тұжырымдар өте дұрыс қабылданған қорытынды. [50]

Информация о работе Арттерапияның оқыту процесінде инновациялық технологияны қолданудың эксперименттік бөлімі