Арттерапияның оқыту процесінде инновациялық технологияны қолданудың эксперименттік бөлімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 19:35, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектілігіқазіргі таңда шығармашыл, яғни креативті жеке тұлғаны қажетсінудің өсуімен анықталады. Қазіргі жағдайда білім рөлінің өскендігі соншалық, ол қоғамның дамуына әсер ететін басты конструктивті фактор болып отыр. Бұл сөзсіз, оқытудың тиімдітехнологияларын жасаудың, жетілдірудің мықты стимулы қызметін атқарады.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................................3-5
1Инновациялық оқыту технологиясының ғылыми - теориялық аспектілері
1.1 Инновациялық оқыту технологиясының оқыту процесінде қолданылу ерекшеліктері................................................................................................6-16
1.2 Арттерапия әдісінің қолданылуының ғылыми еңбектерде зерттелуі.......................................................................................................17-24
1.3 Арттерапия – жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде...............................................................................................25-35
2 Арттерапияның оқыту процесінде инновациялық технологияны қолданудың эксперименттік бөлімі
2.1 Эксперименталды зерттеу бөлімінің мақсат-міндеті, болжамы, әдістемелер мен дамыту-түзету жаттығуларының кешені.......................36-51
2.3. Арттерапия қолданудың әдістемелік-практикалық нұсқаулары .........................................................................................................................52-53
Қорытынды....................................................................................................54-55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................56-58
Қосымша.............................................................................................59-66

Файлы: 1 файл

Диплом алматы.docx

— 313.98 Кб (Скачать файл)

1. Танысу. Бұл жаттығудың негізгі міндеті – адам ешқандай сөзді пайдаланбай-ақ, тек қана сурет арқылы өзін топқа таныстыру. Немесе шеңбер жасай отырып танысу ритуалын бастау. Мұнда әртүрлі ойын элементтерін пайдалануға болады.

2. “Күн сәулесі” атты графикалық тапсырма. Мұнда жүргізуші арттерапияға қатысушы студенттерге бағыт-бағдар, нұсқау бере отырып, атмосфераға ендіреді. Оларға өздеріңмен өздерің бола отырып, өздеріңді күнмін деп санаңдар дейді. Егерде сендердің көңіл-күйлерің қуанышты болса сәулелер қуанышты, ал көңілсіз болсаңдар – көңілсіз сәулелер шашырайды. Енді көңілсіз, таңқалушы, қуанышты, ашулы сәулелері шашырап тұрған күн саламыз.

Бұл тапсырма қатысушыларды кейінгі шығармашылық іс-әрекетке бағыттайды, белгісіздіктің әсерінен болатын психологиялық қысымнан арылтады.  Содан кейін жүргізуші әрбір автордың туындысына комментарий береді.

3.”Көңіл-күй түстері” атты диагностикалық тапсырма.

Мұнда әрбір қатысушы адам силуэтін салып, оның көңіл-күйін білдіретін бояу түстерімен безендіреді. Осы арқылы біз қатысушылармен әңгіме-дүкен құруға ақпарат жинаймыз.

2. “Қамығу” сабағы.

1. Бұл сабақта адамдардың сезімдері мен көңіл-күйлері, “қамығу” туралы әңгіме жүргізіледі. Адамда қай кездері қамығу болады? Қамығу дегеніміз не? деген сұрақтар қойылып, қамығып тұрған адамның суретін салу ұсынылады. Көптеген суреттердің арасынан қамығып тұрған адамның суретін алып, оның себебін талқылайық.

2. Графикалық тапсырма.

Студенттерге қамығып тұрған бір нәрсенің суретін  салу ұсынылады. Олар салған суреттерін көрсетіп, түсіндіріп өтеді және оған тиісті сұрақтар пайдаланылады. Бұл олардың  жағымсыз сезімдерін  сыртқа шығаруға мүмкіндік береді.

3. “Бөлме кеңістігіне бейімделу” тапсырмасы.

Мұнда әрбір қатысушы бөлмедегі жабырқаулы болып көрініп тұрған затты іздеп табады. Олардың мына зат жабырқаулы деген пікірлері әртүрлі болады. Әркімнің өзіндік жеке пікірі болады. Бұл тапсырма олардың жекелік ерекшеліктерін танып білуге көмектеседі.

4. Диагностикалық тапсырма.

“Шеңбер ішіндегі сурет”. Бұл тапсырмада қатысушыларға жабырқау тақырыбындағы мандала салу ұсынылады. Бұл сурет арттерапия сабағының соңына дейін сақталынып қойылады. Өйткені соңғы сабақта еркін тақырыпта қайтадан мандала салынып бірінші мандаламен салыстырылады. Қатысушылар өздеріне ұнаған мандаланы таңдап алады.

5. “Жетістікке жетуге жағдай жасау” тапсырмасы.

Күзгі уақытта жапырақтардың түсуі адамның көңілін жабырқаулы күйге әкеледі, ал кепкен жапырақтардың сыңғыры көптеген қуанышты сезімдер сыйлауы мүмкін. Бұл жаттығуда жүргізуші стол үстіне шығып, жапырақтарды жоғарыдан себелейді. Әрбір қатысушы түсіп келе жатқан жапырақтарды қағып алуға тырысып, қағып алған жапырақтарды өзінің басына қарай лақтырады. Ол фейерберк сезімін тудырады. Сонымен қатар қолдағы жапырақтармен сурет салуға да болады. Қағаз  бетіне клей жағып, қолдағы жапырақты ұсақтап қағазға себеді. Нәтижелі картина шыққанша қайталайды.

Бұл сабақта алғашқы екі жаттығу қатысушыларды белсендіреді. Ал соңғы жаттығу тыныштандырады.

 

Арттерапия әдістері

“Танысу”

  • Өмір сүру салтыңызды бейнелейтін сурет салыңыз.
  • Суретте өз қызығушылықтарыңызды, құндылықтарыңызды, отбасыңызды, айналысатын іс-әрекеттеріңізді көрсетуге тырысыңыз.
  • Түстердің түрлері мен сызықтардың көмегімен өзіңіздің өмірді сезіну ерекшеліктеріңізді көрсетіңіз.

“Автопортрет”

  • Өзіңіздің дәл қазіргі уақыттағы бейнеңізді салыңыз.
  • Автопортрет – 2 минутта.
  • Өзіңіздің қалауыңыздай етіп сыртқы ортаның сізді қабылдағанын салыңыз.
  • Сізді дос және дос емес адамдардың қалай көретінің бейнелеңіз.

“Сурет салу және бақылау”. Бұл шығармашылық жұмысты адамның жұптасып жүзеге асыруын білдіреді.

Біреуі екінші сурет салып жатқан адамды бақылап тұрады және сурет салушыға өзінде суретке қарап туындаған ойларын айтып отырады. Сурет салушы екінші адамның ойын өз қалауынша пайдаланады.  Содан соң олар рольдерін ауыстырады.

Ал топ болып осы жұмысты  жасағанда бірінші топ бастап, екінші топқа жалғастыруға береді. Соңынан бірінші топтың ойын екінші топтың жалғастыруы қаншалықты сәтті болғанын бірінші топ талқылайды.

“Интерпретация”. Әрбір қатысушы бір сезімді бейнелейді (абстрактілі-символды және нақты). Парақтың келесі бетіне қандай сезім екені белгілейді. Содан соң суреттер араластырылады. Топ мүшелерінің қатысуымен интерпретация жүргізіледі. Суреттер кезекпен алынады. Жүргізілген интерпретация парақтың келесі бетіндегі сезім белгісімен салыстырылады.

“Адамның өткен, қазіргі өмірі мен болашағы”. Өзіңіздің болашағыңызды, өткен және қазіргі өміріңізді бейнелейтін  үш сурет салыңыз.

  • Журналдар қиындыларын пайдаланыңыз.
  • Өзіңіздің болашағыңызды, өткен және қазіргі өміріңізді бейнелейтін  үш сурет салыңыз.
  • Өткен өміріңізде жоғалтқандарыңызды және болашақта нені алғыңыз келетінін суреттеңіз.
  • Сіздің өткен және қазіргі өміріңізде орны ерекше маңызды адамдарды суреттеңіз.

“Жол”. Өзіңіздің таңдап алған жолмен жүріп өтіңіз.

  • Жеті параққа мына жеті сөздің  суретін салып шығыңыз: жол, көпір, түсінушілік, метамарфоза, күш, кедергілер, мәңгілік өмір.
  • Бірінші орынға жолдың суретін, екінші орынға көпірдің суретін, ал  қалған суреттерді қалауыңыз бойынша қойып шығыңыз.

“Жақсылық пен жамандық”. Адамдардың бойында кездесетін  сізге ұнайтын жақсы және жаман жақтарын, жетістіктері мен кемшіліктерін салыңыз.

  • Жағымды және жағымсыз жақтарын салып болғаннан соң, олардың арасында әңгіме құрамыз.

“Менің ішкі “Менімнің” шегі”. Өіңіздің суретіңізді парақтың ортасына салып, жан-жағына сіздің ерекшеліктеріңізді анықтайтын көрсеткіштерді жабыстырыңыз.

  • Сіздің  қатынастарыңызды көрсететін заттар мен адамдарды өзіңіздің айналаңызға орналастырып шығыңыз.
  • Бір парақтың үш түспен боялған алаңында сіздің өміріңіздің  рухани, интеллектуалды және физикалық аспектілерін көрсететін символдарды суреттеңіз.

“Түстермен байланыс”. Әртүрлі түсініктерді әртүрлі түспен байланыстыру қажет, мысалы:

  • Эмоциялар (қайғы, қуаныш, тыныштық, үрей).
  • Өмір этаптары (балалық шақ, жастық шақ, ересектік кезең, қарттық кезең).
  • Тәулік пен жыл мезгілі және т.б.

“Герб пен символ”. Сіздің жекелік ерекшеліктеріңізді көрсететін “Герб пен символ” ойлап тауып, оның суретін салыңыз.

“Метамарфозалық автопортрет”. Өзіңізді бір зат немесе  жануар түрінде суреттеп, бейнелеңіз.  Оның фонын да салуға болады.

  • Бейнені салып болғаннан соң, ол туралы өзіңіздің атыңыздан айтып беріңіз.
  • Өзіңізді, сіздің қазіргі хал-жағдайыңызды көрсететін зат түрінде бейнелеңіз.
  • Өзіңізді өсімдіктің қайсыбір өсу этапына теңеп, суреттеңіз.
  • Осы кездегі пайда болған өз сезімдеріңізге дейін бөліп, көрсетіп отырыңыз.

“Балауызбен бейнелеу”. Шамды пайдаланып, қағаз бетіне қандай да бір бейне түсіріңіз. Соңынан краскамен бояп, бір туынды шығарыңыз. Бұл оны контрастылы көрінуіне себеп болады.

“Коллаж”. Журналдардан адамдардың, жануарлардың  суреттерін және т.б. фигураларды қырқып алып, формат бетіне олардан композиция құрыңыз. Ондағы фигуралардың нені білдіретінін, адамдардың не ойлап тұрғанын және не істеп жатқаны туралы жазып қоюға болады.

“Жануарлар” фрескасы. Әрбір қатысушы  жеке параққа бір жануардың суретін салып, оны бояп, қырқып алады. Соңынан барлық қырқылған  фигуралар бір форматқа жабыстырылады.

“Иллюстрация”. Келесі тақырыптың біреуіне сурет немесе коллаж жасау керек.

  • Табиғат (ен дала, таулар, жануарлар және өсімдіктер әлемі).
  • Ауа райы (нөсер, дауыл, түн, жазғы күн т.б.).
  • Ертегі және ғажайып кейіпкерлер (клоун, жалмауыз кемпір, сиқыршы, елес және т.б.).
  • Діни түсініктер мен оқиғалар (жақсылық пен жамандық, пейіш пен тозақ, әлемді жаратушы және т.б.).
  • Түстер мен қиялдар.

“Жарнама”.Өзіңе арналған аз ғана мәтіні бар жарнаманың суретін сал. Сурет салу аяқталғаннан кейін топ мүшелері бір-бірінің жарнамаларына автрдың жіберіп алған моменттері мен жекелік қасиеттерін қосып отырады.

“Сараң телефон”. Бұл әдістемеде бірінші адам 2 минут аралығында сурет салады. Өзінің салған суретін екінші адамға көрсетеді. Ол көрген суретін есінде сақтай отырып, келесі параққа салады, ол үшінші адамға көрсетеді. Соңғы адамның салған суретін бірінші суретпен салыстырады.

Тренингтік топ жұмысының принциптері

Тренинг сабақтарын жүргізгенде ескеріп отыратын бірнеше ережелер мен принциптер болады. Солардың арасынан негізгі принциптерді бөліп көрсететін болсақ:

  1. Өзара әсер диалогизациясы принципі, яғни қарым-қатынастағы тұлға аралық теңдік, қатысушылардың өзара силасуы мен бір-біріне деген толық сеніміне негізделген. Егер топта біреуі немесе бірнешеуі басым болса, онда қарым-қатынас диалогқа тән қасиеттерді жоғалтады, да монологқа ауысады. Бұл тренинг табиғатына қарама-қайшы келеді және тренингтің өту барысын қиындатады.
  2. Тұрақты кері байланыс принципі, яғни қатысушының өзі туралы информацияны барлық іс-әрекетінің нәтижелерін талдап отырған басқа топмүшелеріне ұдайы алып отыруы. Кері байланыс арқылы адам келесі қадамдарына коррекция жасауға, сәтсіз қарым-қатынас тәсілін жаңаға ауыстыруға, оның қоршаған ортаға әсерін байқауға мүмкіндік алады. Ол үшін қатысушының басқаларға солар туралы пікірін айтуға және өздері туралы пікірлер тыңдауға барлық жағдайлар жасалуы керек. Осындай арнайы саналы түрде ұйымдастырылған кері байланыс максималды дамыту эффектісін береді.
  3. Өзін-өзі диагностикалау принципі, қатысушылардың өзін-өзі ашуына, өздерінің жеке маңызды проблемаларын анықтап, түсіне алуға көмектеседі. Тренинг мазмұнында адамға өзін, өз тұлғасының ерекшеліктерін тануға көмектесетін жаттығулар қарастырылады. Топтың әр мүшесінің белгілі бір шешеім мен оны жүзеге асыруды талап ететін түрлі жағдайларда өзін көрсете білуіне көмектесу керек. Бұған вербальды қарым-қатынас тәсілі емес, практикалық әрекет көмектеседі.
  4. Интеллектілі және эмоциялы сфералар гармонизациясы принципі, бір жағынан тренингте жоғары эмоциялы қатысушылар болған жағдайда ол шынайы өтеді. Бұл ашықтыққа бағыттап, топ мүшелерін сенімге, ізгілікті қарым-қатынасқа жетелейді. Ал екінші жағынан, болған жағдайларды талқылау кезінде интеллектілі аналитикалық процестерді ынталандырады. Мұндай әрекеттің формасы – барлық тренинг бойы қолданылатын топтық дискуссия.
  5. Дамытуды оңтайландыру принципі, жүргізушіден нақты диагностика, бөлек қатысушылар мен толық топтың белгілі бір психологиялық күйінің квалификацияланған констатациясы, сонымен қатар шарттарды оптимизациялау мақсатында болып жатқан іске белсенді түрде араласуын көздеу. Арнайы жаттығуларды қолдану арқылы жүргізуші қатысушылардың өзіндік дамуына түрткі беруі, олардың барлық күшін керек арнаға бағыттауы керек.
  6. Барлық тренингке, жеке сабақтар мен жаттығуларға өз еркімен қатысу принципі, әрбір тренингке қатысушының жұмыс барысындағы өзгеруінетабиғи түрде ішкі қызығушылығы болуы керек. Тұлғаның позитивті өзгерістері мәжбүр ету кезіндепайда болмайды, оны талап етудің де қажеті жоқ.ъ
  7. Топтың тұрақты құрамы принципі, егер тренингтік топ жабық болып тұрақты құрам болып, жаңа адамдар қосылып отырмаса, онда топта топ мүшелерінің ашылуына әсер ететін ерекше процестер пайда болады, тренингтік топ өнімді түрде жұмыс істейді. Топтың қалыптасу принципі туралы сұрақтар аса маңызды болып табылады. Жұмысқа қатысу үшін ең қолайлы жас 16 мен 40 жас деп есептеген. Оның құрамына мектеп жасындағыларды да қосуға болады. Бірақ бұл үшін жүргізуші тренингтен кейінгі психологиялық көмек пен жүріс-тұрысына коррекция жасау мақсатында қатысушылармен контакт жасауға мүмкіндігі болуы керек. Мектептерде практик-психолог қызметінде жұмыс істеп жүрген педагог мұндай мүмкіншілікке ие. Өзіндік тренингпен алғаш рет айналысушыға кішкентай топпен / 10-12 адам / жұмыс істеген қолайлы. Белгілі бір тәжірибе жинақтаған соң қатысушылар санын 30-40 адамға дейін көбейтуге болады.
  8. Ену принципі, сабақ ұзақтығы жұмыс басында айқындалуы керек. Оларды жүргізу тәжірибесі толық түрде негізделген қорытындыға дәйек береді: өте ауқымдыэффектіге ірі уақыт блоктарымен жұмыс істегенде ғана қол жеткізуге болады, 3-4 сағат енумен, кейде бұдан ұзақ кезең бойына. Бұл қатысушыларды “елітуге”, олрдың ұзақ үзілістен кейін толық процестерге эмоциялы енулеріне көп уақыт кететіндігімен байланысты. Қосарланған сабақты аптасына кем дегенде бір рет өткізген жөн.
  9. Бөлектену принципі, бұл жағдайда қатысушылардың сөздерін бөтен ешкім естіп қоймауы шарт. Егер жүргізушіге аудио немесе видео жазбалар қажет болса, топтың барлық мүшелерінен рұқсат сұрауы қажет. Тренингтік жаттығулар мен тапсырмалардың үлкен бөлігі осы материалдармен кейінірек өзіндік жұмыстары үшін арнайы жазылады.
  10. Еркін кеңістік принципі, бөлмеде қатысушылардың еркін қозғалуына, шеңбер құруларына, 3-4 және 7-8 адамнан микротоптарға бөлінуіне, оқшаулануына мүмкіндік болуы керек. Тренинг дайындығының негізгі элементі, болашақ ұжыммен алғашқы кездесуі болып табылады.Бұл екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде, міндеттері, мерзімі кездесу ұзақтылығы туралы топтық әңгіме жүргізіледі. Жиналғандар тренингке қатысу немесе қандай да бір себептермен бас тарту сияқты шешімдер қабылдайды. Екінші кезеңде сабаққа қатысуға ниет білдіргендермен жекелеген түрде сөйлеседі.

Тренинг өткізуде принциптерді жүйелі түрде жүзеге асыру, дәстүрлі оқыту әдістерінің (лекция, семинар, көркем әдебиеттерді оқыту) сала жағынан айырмашылығымен қамтамасыз етеді, олар:

  1. Белсенділік, әркімнің топ жұмысының нәтижелігіне жауапкершілігі.
  2. Топ жұмысына қатысу тұрақтылығы. Әр топ мүшесінің топ жұмысына басынан аяғына дейін үзіліссіз қатысуы міндетті.
  3. Топтың тұйықтығы. Топтағы болған оқиға топтан сыртқа шықпауы керек.
  4. Ашықтық пен адалдық.
  5. “Тоқта” ережесі. Ойынға қатысқысы немесе қандайда бір сұраққа жауап бергісі, шынын айтқысы келмейтін адамның “Тоқта” деп айтуына және ойыннан шығуына болады. 

Тренингтің мақсаты:

  • өзін-өзі тану, түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;
  • ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешелігін дамыту;
  • ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;
  • қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту;
  • өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу;
  • коммуникативтік дағдыны дамыту, қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру;
  • өзі жайында, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;
  • көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу;

Басқаларды қабылдау, олармен әртүрлі қатынастар жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен-бірі не жағымды (симпатия, ұнату), не жағымсыз (антипатия, ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас орнатады. Эмоциялық қатынастар іскерлік, ұғымдық, рольдік қатынастарға өз әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда мәдениаралық өзара тренинг жаттығу жұмыстарын ұйымдастыруға болады.

Тренингті сипаттау

  1. Таныстық: Есім және ән. Тренинг мүшелері келесідей тұрғыда өздерін таныстырулары тиіс: әркім өзінің есімі, тегін атайды, содан соң өлең айтады. Ол өлең сол адамның мінезі мен көңіл-күйін толығырақ бейнелейтіндей болуы керек.
  2. Мақсаты: Тренингтің барлықмүшелері берілген тренингке қатысу мақсатын және одан не күтетінін дауыстап айтады. Тренинг соңында олармен тағы әңгімелесіп, мақсаты мен күтулерін салыстыруды, не нәрсеге қол жеткізгендерін сұрау керек.
  3. Жұмыс тәртібі: Тренинг мүшелері ми шабуылы әдісі көмегімен тренинг барысындағы топтағы жұмыс тәртібі мен ережелерінің нұсқаларын айтады, оны ватманға жазып отыру керек. Бұл топтағы жұмыс өнімді, жайлы болуы үшін жасалады.
  4. Энерджайзер: Тренингке қатысушыларды жұмысқа бағыттап ыңғайлау үшін, қозғалыс жаттығулары (разминка) жүргізіледі. Егер де топтағылар бір-бірін жақсы білсе, онда энерджайзер өткізбесе де болады. Немесе “Сыйлық” деген тренинг жүргізсе болады. Яғни, тренингке қатысушылар шеңбер бойына тұрады да, бір-біріне кезекпен кез-келген сыйлық сыйлайды, әрі бұны сөзсіз вербальды емес түрде, ым-ишарамен білдіреді, бірде-бір сөз айтпайды. Ал сыйлық алған адам не сыйлық алғанын көрсетуі тиіс. Себебі, кейбіреулер қандай сыйлық екенін түсінбей қалулары әбден мүмкін.
  5. Тренингті талқылау және нәтижелерді қорытындылау: Барлық қатысушылар шеңбер бойына тізіліп өз  пікірлерін келесі тұрғыда айтып шығады:

Информация о работе Арттерапияның оқыту процесінде инновациялық технологияны қолданудың эксперименттік бөлімі