Арттерапияның оқыту процесінде инновациялық технологияны қолданудың эксперименттік бөлімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 19:35, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектілігіқазіргі таңда шығармашыл, яғни креативті жеке тұлғаны қажетсінудің өсуімен анықталады. Қазіргі жағдайда білім рөлінің өскендігі соншалық, ол қоғамның дамуына әсер ететін басты конструктивті фактор болып отыр. Бұл сөзсіз, оқытудың тиімдітехнологияларын жасаудың, жетілдірудің мықты стимулы қызметін атқарады.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................................3-5
1Инновациялық оқыту технологиясының ғылыми - теориялық аспектілері
1.1 Инновациялық оқыту технологиясының оқыту процесінде қолданылу ерекшеліктері................................................................................................6-16
1.2 Арттерапия әдісінің қолданылуының ғылыми еңбектерде зерттелуі.......................................................................................................17-24
1.3 Арттерапия – жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде...............................................................................................25-35
2 Арттерапияның оқыту процесінде инновациялық технологияны қолданудың эксперименттік бөлімі
2.1 Эксперименталды зерттеу бөлімінің мақсат-міндеті, болжамы, әдістемелер мен дамыту-түзету жаттығуларының кешені.......................36-51
2.3. Арттерапия қолданудың әдістемелік-практикалық нұсқаулары .........................................................................................................................52-53
Қорытынды....................................................................................................54-55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................56-58
Қосымша.............................................................................................59-66

Файлы: 1 файл

Диплом алматы.docx

— 313.98 Кб (Скачать файл)

Фредерик Фрэнк  бiз әлемдi көрiп, танып бiлуiмiз үшiн өте көп қосымша мәлiметтерге иемiз деп жазады. Бiз көру арқылы қабылдауымыз күннен-күнге дами түсуде, бiрақ бiз сонда да күннен-күнге аз көрудемiз. Бiз көрген нәрселерiмiз үшiн – объектi ролiндемiз, бiрақ субъект ролiнде болып шыға келемiз. Бiз көрген нәрселерiмiздiң бәрiне де “Тез жарлық” құрып қоямыз. Осы жарлықтар бойынша бiз бәрiн бiлiп тұрамыз, бiрақ шындықты ашып көре алмаймыз. Фрэнктiң кiтабында жазылған мысалдар, заттарды сыртқы бағалаулар және ұстанымдар жүйесiмен байланыстырмай сурет салу қабiлетiнен алынған. Бiз балаларға үнаған заттарды таңдап ұсынамыз. Оларды белгiлi уақыт аралығында қарап, түстi, сызықтарды, формаларды пайдалана отырып, ойында сақтау арқылы бiраз уақыт өткеннен кейiн жұмысын жалғастыру ұсынылады. Экологиялық жағынан әсер етудiң келесi бiр варианты, ол объектiнi ұстап, сезiнiп көруi арқылы қабылдау болып табылады. Бұл жерде затты әртүрлi позицияда көрiп, оның әр жағдайдағы орын алысы да есепке алынады. Сонымен қатар өзге заттармен қатынастағы құрылымы да, клиенттің визуальды мүмкiншiлiктерi де қарастырылады. Сезiм, интеллект және сенсорикалық дамудың тибиғилығы жеке тұлғаның өзiн-өзi дұрыс түсiне бiлуiнiң негiзi болады. Жеке тұлғаның өзiне деген позитивтi көзқарасы ғана қоршаған ортамен эффективті контактта болуын жүзеге асыруына мүмкiндiк бередi. Сенсорлық қабылдауында проблемалары бар клиенттер, өздерiнiң қоршаған ортамен қарым-қатынасын эффективті түрде бағдарлай алмайды және  әлеуметпен өз қатынастарын дұрыс жүзеге асыра алмайды. Әрбiр осындай клиенттердің көбiсi өздерi туралы жалпы мүлде жақсы ойламайды, бiрақ  бұл фактiлердi жасыруға тырысады. [59]

Сонымен қатар мұндай клиенттер өз проблемаларында ата-аналарын немесе қоршаған ортаны кiнәлаудан бас тартады. Олар өз проблемаларында өздерiн кiнәлап, өздерiнiң бiр нәрсенi дұрыс iстей алмайтындықтарын айтады. Олар iштей өздерi жасап алған  әлемге енiп кетедi, әрi өте аз сөйлеулерi де мүмкiн. Кейде мүлдем сөйлемейтiнде болып қалады. өзiн-өзi бағалауы өте төмен адамдар көбiне өздеріне сенімсіз болып қалады, белгiсiз бiр сәттердегi жағдайларда өзiнен өзi шошынып қала бередi. Мұндай адамдар астма, аллергия, бас ауруы, iшкi құрылыстарының ауруы, энурез ауруларының белгiлерi көрiне бастайды.

Кей уақыттары адамдар өз өмiрiнде өзiнiң ойына сай емес идеяларымен өмiр сүрiп те жатады. Ол әрқашанда өзi туралы не естiсе, соған бейiмделе салады. Терапевттiң мақсат-мiндетi клиентке шындық пен  жабысқақ мiнездегi әсерлердiң айырмасын ашып көрсету болып саналады. Сондықтан клиентпен жұмыс жүргiзгенде олардың ересектену процесiнде бекерге жұмсаған ерік, күш-жігерлерін анықтап, оларды қайта қалпына келтiруге көмектесу. [60]

Адам өз дене пiшiнiн жақсы сезiнсе әрi оның сенсорикасы акутальданған сайын, ол өз сезiмiн адекватты   түрде түсiне бастайды. Ол өзiн-өзi қандай болса, сол күйiнде қабылдауды үйренсе, ол қоршаған ортаға деген қатынасын да адекватты түрде жүргiзедi.Терапиялық процесс сенсориканың дамуын коммуникативтi функцияларды, жекелiк интеграцияларды орнына келтiруiн мiндеттейдi.

Арттерапия жүргiзген кезде, терапевттiң әрқашандағы мiндетi –клиентке өздерiн сенiмдiрек сезiнуге, қоршаған ортаны шындықтағы өз тұрғысынан көруiне көмектесу. Адам бұл қоршаған ортада қалай өмiр сүру қажет жолдарын таңдап алу мүмкiндiктерiнiң бар екенiн көрсете бiлу және ол таңдауларына сай жауап беретiндiктерiн де түсiндiрiп отыруы қажет. [61]

Жалпы алғанда, арттерапияның алдына қойған мақсаты   бiреу ғана, ол –жеке тұлғаның гармониялық дамуы, әлеуметке адаптациялануының кеңеюiне мүмкiндiктерiн жоғарылату. Яғни, бұның барлығын творчестволық іс-әрекет арқылы жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар микро және макроорталарда қоғамдық әрi мәдени iс-шараларға белсендi қатысуларын кеңейту. Арттерапияның әрбiр нұсқаулары жеке тұлғаның өз шынайы келбетiн ашып көре алуына, өзiн тани бiлуiне, iшкi “Менiн” айқын көруiне мүмкiндiктер бередi. Сонымен қатар, олар өзiнiң жекелiк дамуында жоғарғы жетістікке жетуiне жол табады. [62]

Арттерапияның төмендегідей функциялары келесі нәтижелерге

қол жеткiзедi:

  1. Арттерапияның катарсистi функциясы (негативтi әсер етуші хал-жағдайлардан босату және тазартушы ).
  2. Арттерапияның реттеуші функциясы (жүйке жүйесін босаңсыту және жеңілдету, психикалық қысымдарды төмендету, психосоматикалық процестердi реттеу, позитивтi хал-ахуалдарды модельдеуге көмек көрсетедi).
  3. Арттерапияның коммуникативтi - рефлекстi функциясы (қарым-қатынасқа түсудiң бұзылысын коррекциялау, өзiн-өзi бағалауын қалыпқа келтiру ).

І тарау бойынша тұжырымдама

І тарауда арттерапиялық әдіс, оның жүргізілуінің әдістемелік жақтары, праткикалық психологиядағы орны ғылыми еңбектер негізінде мәні ашылып, қарастырылды. Арт-терапия әдістемесін негізе ала отырып сендіру, адамның ішкі «мен»-і көру бейнелерінде, әр кезде сол сурет салғанда және мүсін соққанда өз еңбектерінде ойланбастан, яғни ол спонтанды пайда болады. Бірақ З.Фрейд кейіннен мойындағандай, бейсаналылық символдық бейнелерде көрінеді, ол өзі практикада көркемдік шығармада өзінің емдеушілерін оған қызығушылығын тудырмаған. Бірақ психологиядағы аналитикалық теорияның негізін қалаушы К.Юнг болса өзінің емдеушілеріне өзінің түстерін, армандарын және қиялдарын сурет арқылы бейнелеулерін талап еткен. К.Юнгтің идеялары персональды және әмбебаптық символдардың бар болуы және қиялдың күшін терапиялық мақсаттарға қолдану мүмкіндігі бар, қазіргі кезде арт-терапиямен айналысатындарға тереңінен әсер ететіні дәлелденді. [63]

           Сонымен, инновациялық оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде арттерапия және оның элементтерін оқыту процесінде қолдану өте маңызды әрі тиімді болып келетіндігі анықталған. Сонымен қатар, арттерапия элементтерін оқыту процесінде қолдану сабақты жандандыра түседі. [64]  

          Жоғарыда айтып кеткендей арт-терапияны жүргізу барысында  суреттiң берер көмегi өте зор. Суреттiң алдына қойған мақсаты –жеке тұлғаға өзiн тани бiлуiне көмектесу және бұл өмiрде өзiнiң бiр жеке тiршiлiк иесi екендiгiне көзiн жеткiзу. Суреттердi әртүрлi мақсаттарда және әртүрлi әдiстерде, сонымен қатар әр жағдайдағы психотерапиялық коррекциялауда қолданады. Суреттiң өзiндiк актi –жеке тұлғаның анық көрiнiсi, ол адамның қорқыныш сезiмдерiн, конфликтiлi жағдайларын, арман – тiлектерiн  санасыз бейнелейтiн алғашқы бастама болып табылады. [65]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Арттерапияның оқыту процесінде  инновациялық технологияны қолданудың  эксперименталды зерттеу бөлімі

2.2. Эксперименталды зерттеу бөлімінің  мақсат-міндеті, болжамы, әдістемелер  мен дамыту-түзету жаттығуларының  кешені

 

Біздің зерттеу жұмысымыздың эксперименталды бөлімінің мақсаты - арттерапияның оқыту процесіндегі инновациялық технологияның озық үлгісі екендігін психологиялық жолмен тиянақтап, эксперименттік тұрғыдан анықтау.

Зерттеудің болжамы: Инновациялық оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде арттерапияны оқыту процесінде тиімді және орынды қолданған жағдайда жеке бастың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына қол жеткізуге болады.

Зерттеудің обьектісі: Зерттеуге Алматы университеті “Педагогика және психология” мамандығының төртінші курс студенттері қатысты.

Зерттеудің пәні: оқыту процесіндегі арттерапия элементтері.

Зерттеудің мерзімі: «қыркүйек»2014 ж.- «мамыр»2015 ж.

Зерттеудің әдістемелері: арттерапия элементтері мен дамытушы-түзетуші жаттығулар, ҰЕҰБЭ тұлғалық сауалнамасы.

 Әрбір студенттің оқу процеснде  жетістікке жетуіне көптеген  факторлар әсер етеді. Солардың  ішінен сабаққа дайындалу, сабақты  өз бетінше оқу, өзін-өзі бақылауы  мен өзін-өзі бағалауы, өзінің  танымдық іс-әрекетінің жеке ерекшеліктерін  меңгере алуы, өзінің жұмыс уақытын  дұрыс жоспарлай білуі, эстетикалық  сезімі, ұжымшылдығы, ұйымдастырушылығы, еңбексүйгіштігі, білуге құштарлығы  және т.б. бөліп көрсетуге болады. Жеке тұлғаның жоғарыда атап  өткендей жекелік құрылымдық  бөлімдерін анықтау мақсатында  ҰЕҰБЭ (ОТКЛЭ) тұлғалақ сауалнамасын  қолдандық және арттерапия элементтері  мен дамытушы-түзетуші тренингтік  сабақтар жүргізуді жоспарладық.

Әдістемелік зерттеудің міндеттері:

  • ҰЕҰБЭ тұлғалық сауалнамасын  топқа жүргізу, нәтижесін өңдеу;
  • эксперименттік топқа арттерапия элементтерін жүргізу;
  • дамытушы- түзетуші эксперимент кешенін өткізу;
  • арттерапия элементтері мен дамытушы- түзетуші эксперимент кешенін өткізгеннен кейін ҰЕҰБЭ тұлғалық сауалнамасын қайта жүргізу;
  • алғашқы және кейінгі сауалнама нәтижелерін өңдеп, салыстыру және болжамды дәлелдеу.

Зерттеу жұмысымыздың эксперименталды бөліміндегі құрылған болжамға сәйкес топ студенттерімен арттерапия элементтерін жүргізер алдын тұлғалық ҰЕҰБЭ сауалнамасы жүргізілді.

Тақырыбы: Тұлғалық ҰЕҰБЭ(ОТКЛЭ) сауалнамасы

Мақсаты:Ұсынылып отырған сауалнама жеке тұлғаның негізгі жекелік- психологиялық ерекшеліктері мен негізгі жекелік бес қадір-қасиетін анықтауға мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылық, еңбексүйгіштік, ұжымшылдық (яғни, топқа немесе өзге бір адамдарға бағыттылық), білуге құмарлық және әсемдікке талпыну (эстетикалық өсу) деңгейлері жинақталған сұрақтар тізімімен анықталады. Бұл сұрақтар арқылы жоғарыда көрсетілген жағымды көрсеткіштердің даму дәрежесі анықталады.

Орындау ережесі: Сізге 115 сұрақтан тұратын сауалнама бланкі мен жауап парағы беріледі. Сұрақтарды мұқият оқып шығып, “ия”, “жоқ” немесе “кейде” деп жауап беріп, оны жауап парағына белгілеңіз. Жауап берер алдын сол немесе өзге жағдайларда өзіңіздің көрсететін мінез-құлқыңызды елестетіп, объективті тұрғыда жауап беруге тырысыңыз, сауалнамада тексеру немесе өтірік жауап шкаласы да бар.

Нәтижені өңдеу: сауалнама нәтижесін стандартталған саулнама кілтіне салып өңдейміз (қосымша Ә2 қараңыз).

Осы нәтижелерді  толыққанды өңдеу барысында олардың орта мәні шығарылып, диаграмма құрылды.

                                                                                                           Кесте 2                                                

                                  

 

 

№ 

 

 

          А.Ж.Ф.

 

 

Ұйымдастыру- шылық

Еңбексүйгіштік

Ұжымшылдық

Білуге құштарлық

Эстетикалық талғам

1

ЭҚ1

16

13

10

12

11

2

ЭҚ2

12

13

15

14

19

3

ЭҚ3

16

17

17

20

19

4

ЭҚ4

13

15

14

12

13

5

ЭҚ5

13

18

13

15

14

6

ЭҚ6

15

22

14

14

12

7

ЭҚ7

11

16

10

13

14

8

ЭҚ8

13

15

15

12

18

9

ЭҚ9

10

14

10

11

15

10

ЭҚ10

12

15

14

20

18

11

ЭҚ11

16

15

16

17

16

12

ЭҚ12

17

20

18

19

16

13

ЭҚ13

14

15

12

10

12

14

ЭҚ14

13

16

12

14

11

15

ЭҚ15

14

15

13

16

17

16

ЭҚ16

10

11

11

9

14

17

ЭҚ17

14

13

14

13

13

18

ЭҚ18

18

20

15

18

18

19

ЭҚ19

11

13

12

15

12

20

ЭҚ20

15

12

14

15

17

21

ЭҚ21

18

15

19

20

15

 

Орта мәні

12

15

13

14

13


Диаграмма 1.

Диаграмманның қорытындысы:

Көрсеткіші

Пайызы

Ұйымдастырушылық

12

Еңбексүйгіштік

15

Ұжымшылдық

13

Білуге құштарлық

14

Эстетикалық талғам

13


 

Арттерапия әдістерін оқыту процесінде қолданудың ерекшеліктері және жүргізілетін сабақтар тақырыбы:

 

  Біз өзін-өзі тану курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспарына сай арт-терапия элементтері бар психодиагностикалық жаттығулардан тұратын бағдарлама жасадық. Бұл курс 19 арттерапия әдістерін және түзетуші-дамытушы тренингтер қатарын қамтиды. Әр тақырыпқа бірнеше арт-терапиялық жаттығулар қарастырылған. Оның құрамына суреттермен, коллажбен, ертегілермен, тренинг ойындарымен жұмыс жасау кіреді. (қосымша А  қараңыз).

Жұмыстың мақсаты: Жағымсыз психологиялық қысымнан арылту; Өзіндік “Меніне” және өзін-өзі бағалауда оң көзқарасын қалыптастыру.

Жұмыстың міндеттері:

  • өзекті мәселелерге мән беру;
  • эмоцияналдық қысымды төмендету;
  • агрессия, негативизм, демонстарция түрінде көрінетін психологиялық қорғаныс механизмдеріне коррекция жүргізу;
  • әлеуметтік барьер, теріс әсерлі бағдар, үрейді коррекциялау;
  • өзінің маңыздылық сезімін дамыту;
  • өзара әрекетке түсудің тиімді жақтарын қалыптастыру (өзара келісе алушылық, жол беру, жалпы іске өз үлесін қоса білу, өзге адамдардың жетістігін бағалай білу, өз беделін бағдарлай алу);
  • белсенділіктің тиімді жақтарын қолдау (творчестволық тапсырманы шешуде ынта-ықылас таныту, өзінің  негативті реакцияларын ұстай білу және т.б.);
  • адамның негізгі эмоцияларымен  танысу;
  • өзіндік әрекеттерін бақылай білу қабілеттілігін дамыту;
  • қиялды дамыту.

Сабақтың жүргізілу орны: қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған топқа жайлы бөлме;

Кездесу жиілігі:аптасына бір рет.

Эксперимент жүргізу барысында қолданылған арттерапия элементтері мен тренингтерге және жалпы жұмыс барысына

сипаттама беру

 

1-сабақ. “Көңіл-күйді саламыз”

Информация о работе Арттерапияның оқыту процесінде инновациялық технологияны қолданудың эксперименттік бөлімі