Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2015 в 08:51, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде эмоциялық тұрақсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғары алаңдаушылықпен ерекшеленетін мазасыз балалар саны едәуір көп ұлғайған. Мазасызданудың пайда болуы және орнығуы баланың жас кезеңіндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ал, оған дейін, бұзылыстардың кең шеңберін өндіруші болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................... 3

І Тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы.

1.1. Мазасыздану мәселелерінің Oтандық психологияда зерттелінуі................ 7
1.2. Mазасыздану феноменін шет елдердің ғылыми мектептерінде қарастырылуы......................................................................................................... 11
1.3. Мектептегі мазасыздану мәселелерін қарастыру......................................... 17

ІІ Тарау. Бастауыш сынып жастағы балалардың құрбыларымен өзара
іс - әрекет ерекшеліктері

2.1. Өзара іс - әрекет стратегиялары және олардың біріккен әрекеттің белсенділігіне әсері.................................................................................................................... .…25
2.2. Коммуникативті компeтенттілік................................................................... 31
2.3. Коммуникативті компетенттіліктің байланыс және құрбылас топтағы
орнына қанағаттанбауы......................................................................................... 37

ІІІ Тарау. «Бала - бала» жүйесінің әсер етуімен мазасыздану деңгейін төмендетуге бағытталған, арнайы ұйымдасқан коррекциялық жаттығулардың, бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті үйренулерінің қалыптасуына әсер ететін эксперименттік зерттеулер.

3.1. Бастауыш сынып жастағы балалардың мазасыздану деңгейінің көрінісіне бағытталған психодиагностикалық зерттеу (белгілеу эксперименті)............... 41
3.2. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі
(қалыптастырушы эксперименті).......................................................................... 46
3.3. Коррекциялық – дамытушылық жұмыстың анализі
(бақылау эксперименті).......................................................................................... 56

Қорытынды............................................................................................................ 59

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................

Файлы: 1 файл

Филипс Айнур.doc

— 843.50 Кб (Скачать файл)

Мазасыздану - жеке тұлғаның кескіні сияқты, күнделікті үрей эмоциясымен, эмоционалды қозу сезімінің жоғарылауымен қаланатын, адам миының генетикалық детерминистік қасиетімен байланысты (Аракелов, 1997).

Зерттеулерде жеткіншектердің тартылыс деңгейінде М.З. Неймарк анықтады: олардың сәттілікке тартылуына қанағаттанбаудан келіп шыққан, агрессия, қорқыныш, алаңдаушылық түрінде кері эмоциялық күй. Соған қоса, мазасыздану түріндегі эмоционалды сәтсіздік өздерін жоғары бағалайтын балаларда байқалады. Олар «ең жақсы» оқушы болуға немесе ұжымда ең жақсы орында болуға, және де белгілі салада жоғары тартылыстарға үміттенеді, бірақ олардың өз тартылыстарына шынайы мүмкіншілігі болады (Неймарк, 1963).

Отандық психологтар, баладағы адекватты емес өзін жоғары бағалау, дұрыс емес тәрбие нәтижесінде, ересектердің бала жетістіктерін жоғары бағалаудан, яғни мақтау, оның жетістіктерін асыра сілтеуден деп есептейді.

Айналадағылардың берген жоғары бағасы және соған негізделінген өзін - өзі бағалаушылық баланы толығымен қанағаттандырады. Жаңа талаптар және қиындықтармен соқтығысқанда оның тұрақсыздығы байқалады. Бірақ бала бар күшімен өзінің жоғары бағасын сақтап қалуға тырысады, өйткені ол өзін құрметтеуге өзіне деген жақсы қатынасты қамтамасыз етеді. Дегенмен де, бұл баланың әрдайым қолынан келе бермейді. Сыныптағы құрбыларының арасында қалаулы орынға ие болуға оның кері сапалары мен мінез бітістері әсер етіп жеткізбеуі мүмкін, ал оқудағы жоғары жетістіктер деңгейіне жетуге оның толық емес білім сапасы септігін тигізеді. Осылайша жоғарғы ұмтылыстар мен шынайы мүмкіндіктер арасындағы қайшылық күрделі эмоционалды күйге әкелуі мүмкін.

Қажеттіліктерді қанағаттандырмаудан бала санасына сәтсіздік сенімсіздік және өзін сыйлауды жоғалтуды мойындауды жібермейтін қорғаныс механизмі өңделеді. Ол өзінің сәтсіздіктерінің себептерін басқа адамдардан іздеуге тырысады: ата –ана, мұғалім, достары. Сәтсіздік себептері өзінде екенін мойындаудан бас тартып жетіспеушіліктерін айтқандардың барлығымен конфликтіге түсіп, сескену, қапа болу, ашуланшақтықты байқатады.

М.С. Неймарк «оны адекватты емес деп айтады» - өзіндік әлсіздіктерінен өзін қорғайтын мықты эмоционалды қорғаныс, кез-келген тәсілдерімен санасына өзіне сенбеушілікті жібермеу, шындықты итермелеу, барлығына және бәріне қарсы сескену және ашу- ыза. Бұл күй өмірлік болып, айлап, жылдап созылуы мүмкін.

Өзіне сенімділіктің қатты қажеттілігіне бола қызығуларының өзіне ғана бағытталуына әкеледі. Мұндай күй баланың үрейленуді уайымдамауды туғызбай қоймайды. Алғашында үрей баланың алдында тұрған шынайы қиындықтардан туындап, содан соң баланың әлемге, адамдарға, өзінің мүмкіндіктеріне, өзіне деген қатынасының адекватты емес болуынан ол тұрақты кескінге ие болады. Мұның бәрі балаға кері әсерін тигізіп, бала кез-келген жағдайдан сәтсіздікті күтеді, бұдан шынайы үрей мазасыздануға айналады.

Аффект жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуына кедергі болады, сондықтан оны жеңу өте маңызды екенін Т.В. Драгунов, Л.С. Славина, Е.С. Макслак, М.С. Неймарк атап өткен.

Бұл авторлардың жұмыстарында, адекватты емес аффектті жеңу өте қиын екені көрсетілген. Басты міндет бұл бала мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін сәйкестендіруге әкелу, немесе оның шынайы мүмкіндіктерін өзіндік бағалау деңгейіне көтеруге көмектесу, немесе өзіндік бағалауын түсіру. Бірақ ең шынайы жолы – бұл баланың қызығушылықтары мен ұмтылыстарын баланың шамасы жететін, жетістікке жетіп өзіне дәлелдей алатын салаға қарай аудару болып табылады.

Сонымен балалардағы күрделі эмоционалды уайымдаулар адекватты емес аффектпен байланысты екенін, Славинаның аффективті құлықтағы балаларды зерттеген зерттеулерінде көрсетіледі.

Бұған қоса, отандық психологтардың зерттеулерінде көрсетілгендей, балалар құлығын қиындықтарға әкелетін кері уайымдаулар тума агрессивтік инстингтердің салдары болып табылмайды.

Бұл зертеулерді мазасыздануды түсіну үшін теориялық база ретінде қарастыруға болады: бала өміріндегі белгілі бір жағымсыз жағдайлардан тындайтын шынайы үрейдің нәтижесі ретінде оның қызметі мен қтынасы барысында туындайтын білімі ретінде. Басқаша айтқанда бұл биологиялық емес әлеуметтік құбылыс.

Мазасыздану мәселесі басқа да аспектті қамтиды – психофизиологиялық алаңдаушылық пен үрейді зерттеудің екінші бағыты осы кездегі күйдің деңгейіне негізделетін, жеке тұлғаның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін зертеу жолымен бағытталуда.

Көптеген авторлар, үрейленуді қатты психологиялық қысымдағы күй – «стресстің» құрамды бөлігі деп есептейді. Стресс күйін зерттеген, отандық психологтар, оның анықтмасына түрлі дәлелдеулер енгізді.

Сонымен, А.А. Суворова лабораториялық жағдайда алынған стресті зерттеді. Ол стресті, адамға қиын және жағымсыз эксперимент жағдайында туындайтын, күй ретінде анықтайды.

В.С. Мерлин стресті «өте қиын ситуацияда» туындатын жүйкелік қысым емес психологиялық деп табады. «Стресс» түсінігінің түрлі талқылауында барлық авторлар мынамен келіседі, стресс - бұл өте қиын ситуацияларда туындайтын қатты қысымдағы жүйке-жүйесі. Стрессті мазасызданумен сәйкестендіруге болмайды, өйткені стресс әр уақытта да шынайы қиындықтардан негізделген, ал мазасыздану олар болмаған кезде де көрінуі мүмкін. Күші жағынан да стресс пен мазасыздану күйлері түрліше. Егер стресс –жүйке - жүйесінің өте қатты қысымы болса, ал мазасыздану үшін мұндай қысымның күші тән емес.

Осыдан стресс кезіндегі үрейді қатер немесе сәтсіздікті күтуден, оны алдын ала сезінуден туындайды деп есептеуге болады. Күй ретіндегі мазасыздану - сәтсізідікті күтушілік. Бірақ үрей субъект сәтсіздікті кімнен күтуіне байланысты соған тәуелді әртүрлі болуы мүмкін: өзінен (өзінің шамасы жетпеуінен) объективті жағдайлардан немесе басқа адамдардан.

Авторлар фрустрация, стресс кезіндегі үрей, алаңдаушылық, салбыраңқылық, қорқыныш, сенімсіздік түрінде көрінетін субъектің эмоциональді сәтсіздіктерін атап өтетіндігі маңызды факт болып табылады. Бірақ бұл үрей шынайы қиындықтармен байланысып негізделген. Сонымен И.В. Имедадзе үрейді фрустрацияны алдын ала сезінумен тікелей байланыстырады.

Осыдан кез-келген түсініктегі стресс пен фрусктрация өзіне үрейді қосады.

Жүке – жүйесі қасиетінің физиологиялық қасиеті тұрғысынан алып қарасақ, біз үрейге бағытталушылық түсінігін отандық психологтардан табамыз. Сонымен, И.П.Павловтың лабораториясында сыртқы қоздырғыштар әсерінен ең алдымен әлсіз типте, содан соң қозғыш және ең азы жақсы қимылдайтын мықты тұрақты типтегі жануарларда болатыны анықталған.

Б.М. Тепловтың берілгеніне қарасақ, үрей күйі жүйке жүйесі күшіне байланысты. В.Д. Небылиц жүйке жүйесінің әлсіз типтегі мазасызданудың одан да жоғары деңгейін зерттеулерінде ұсынады.

Мазасызданудың симптомокомплексі мәсілісін қарастырған В.С. Мерлиннің жұмыстарына тоқталған да жөн. Мазасызданудың В.В. Белоус екі жолмен тексерді – физиологиялық және психологиялық.

Мазасыздануды сендірудің психологиялық механизмдерін зерттеуге қолданатын, А.В.Петровскийдің жетегіндегі В.А.Бакеевтің зерттеуі ерекше қызықты болып табылады (Бакеев 1970). Зерттелінушілердің мазасыздану деңгейлері В.В.Белоусовтың қолданған әдістерімен өлшенеді. Осыдан мынадай қорытынды шығаруға болады: эмоциональді уайымдау, жаны жай таппау, жайсыздық және мазасызданудың көрінісі ретінде қарастырылатын алдағы сәттілікке сенімсіздік, бұның бәрі құлықтың кері формаларының негізі болып табылады.

 

 

1.2 Мазасыздану феноменін шет  елдердің ғылыми мектептерінде қарастырылуы.

Мазасыздану түсінігін психологияға психоаналитиктер және психиаторлар енгізді. Психоанализдің көптеген өкілдері мазасыздануды жеке тұлғаның тума қасиеті және ол адамға о бастан-ақ тән күй ретінде қарастырды. Психоанализдің негізін қалаған З.Фрейд  адамның бірнеше тума әуестік инстингтер болады деді. Олар оның көңіл күйін анықтайды, адам құлығының қозғаушы күші болып табылады. З.Фрейд биологиялық құмарлық пен әлеуметтік тыйымдардың ұштасуын невроз бен мазасыздандыруды тудырады деп есептеді. Алғашқыдағы инстингтер дамның есеюіне байланысты көріністің жаңа формаларына ие болады (Фрейд 1989). Жаңа формада олар өркениеттің тыйымдарына кездесіп, адам өз құмарлығын жасырып көрсетпей, қысып ұстауға мәжбүр ие болады. Индивид өмірінің психикалық драммасы туылғанна басталады және бүкіл өмірінде жалғасады.

Жекелік психологияда А.Адлер невроздардың туындауына жаңа көзқарас ұсынады. Адлердің пікірі бойынша невроздың негізінде қорқыныш, қиындықтардан қорқыныш сияқты механизмдер жатыр. Сонымен қатар белгілі бір позицияға ұмтылған топта индивид кез-келген жекелік ерекшеліктер мен әлеуметтік жағдайларға жете алмаған, бұдан анық көрініп тұр. Дәл осы немесе басқа жағдайда осынша немесе басқа мөлшерде үрей сезімін сезінеді.

Толық еместік сезімі физикалық әлсіздікті субъективті сезінуден немесе кез-келген организмнің жетіспеушіліктерін немесе, қатынастағы қажеттілікті қанағаттандыруға кедергі болатын жеке тұлғаның сапасы мен психикалық қасиетінен. Қатынастағы қажеттілік бұл – сол уақытта топпен бірге болу, топта болу қажеттілігі де. Бір нәрсені істей алмаушылық, толық еместік сезімі адамды белгілі бір күйзеліске ұшыратады. Сөйтіп, ол қалауларынан бас тартып, капитуляция немесе компенсация жолымен құтылуға тырысады. Мұнда индивид толмаған жеріне бар энергиясын бағыттайды. Өзінің қиындықтарын түсінбегендер және энергиялары өздеріне бағытталғандар сәтсіздіке ұшырайды. Биіктікке ұмтылып, индивид «өмір тәсілін», өмір жолын және құлықты өңдейді. 4-5 жаста-ақ балада сәтсіздік, бейімделмегендік, қанағаттанбаушылық, толық еместік сезімі туып, ал олар болашақта сәтсіздікті кешуіне әкелуі мүмкін.

Адлер балада дұрыс емес ұстаным мен өмір стилінің пайда болуына әкеліп соқтыратын үш шартты айтады:

1. Ағзаның органикалық, физикалық толық еместігі. Мұндай  жетіспеушіліктегі балалардың көңілін аулап, басқа адамдармен қызықтырмаса олар толығымен өздерімен босамауы мүмкін. Өзін басқа балалармен салыстыру, бұндай балаларды толық еместік, пәс түсу, күйзелу сезіміне әкеледі. Бұл сезім таныстарының кекетуінен күшеюі мүмкін. Әсірсе, бала өзін кәдімгі балаға қарағанда, нашар сезінетін қиын ситуацияларда бұл сезім ұлғаяды. Бірақ толық еместік өз-өзімен патогендік болып табылмайды. Ауру баланың өзі де ситуацияны өзгеруге қабілеттілікті сезінеді. Нәтижесі, барлық уақытта белгілі мақсаты бар, түрлі күші бар және түрліше көрінетін, индивидтің шығармашылық күшіне байланысты.

Ағзаның жетіспеушілігімен байланысты баланың үрейін және қиыншылықтарын суреттеген, оны жеңу жолдарын табуға тырысқан алғашқы – Адлер болды.

2. Тым ерке болу да  осындай нәтижелерге әкелуі мүмкін. Орнына еш нәрсе бермей барлығын ала беру әдетінің пайда болуы. Қиындықтарды жеңумен байланысты емес, оңай алынған жақсылық өмір стилі бола бастайды. Бұл жағдайда да барлық қызығушылықтар мен қамқорлықтар өзіне бағытталып, адамдармен қатынас жасау, көмек беру, оларға қамқор болу тәжірибесі болмайды. Қиындықтарға деген жалғыз реакция тәсілі – басқа адамдарға талап ету. Мұндай балалар үшін қоғам жау сияқты көрінеді.

3. Елеусіз қалған бала. Елеусіз қалған бала махаббаттың  және достық қарым – қатынастың не екенін білмейді. Ол доспенен қатысып жатқанын көрмейді. Қиындықтармен кездескенде қиындықтарды бағалайды, ол басқалардың көмегімен оларды жеңуге болатынына сенбегендіктен, өз күшіне де сенбейді. Ол махаббатқа және жоғары бағалаушылыққа адамдарға пайдалы әрекет жасау арқлы қол жеткзуге болатынына сенбейді. Сондықтан да ол күдікті және ешкімге сенбейді. Оның басқаларға деген махаббаттан тәжірибесі жоқ, өйткені оны жақсы көрмейді және оның құны өшпенділік. Осыдан – тұйықтық, қарым – қатынасқа түспеушілік, қызметтестікке бейімдемеушілік.

Басқаларды жақсы көре алушылық дамыту мен жаттықтыруды қажет етеді. Бұдан Адлер отбасы мүшелерінің ролін, және де бірінші анасын және әкесін көреді. Сонымен, Адлерде жеке тұлға конфликті негізінде, мазасыздану мен невроздың негізінде артықшылыққа ұмтылудан шығатын «қалу» (мықтылыққа еріктік) және «құнсыз» арасындағы қайшылық. Осы қайшылықтың қалай шешіліп жатқанына байланысты жеке тұлғаның ары қарай дамуы жүріп жатады. Қуаттылыққа ұмтылу бастапқы күш сияқты дегенді айтқанда, А.Адлер артықшылыққа, басымдылыққа ұмтылу топ адамдарынсыз іске асуы мүмкін емес деген қарым – қатынас мәселесіне жалғасады.

Бәсеке, арпалыс, қорқыныш осы арпалыстан туындайтын, және осыдан шығатын барлық жеке конфликттері, Адлер сияқты өткір психологтың жанынан өтпейтін еді. Ол құлық түрткісінің негізі сияқты үстемдікке ұмтылудың неге пайда болғанын түсінбеді. Сондықтан ол 20-шы жылдардағы осы батыс қауымның нақты – тарихы құбылысын қателікпен қабылдап және оны тума биологилық инстинкт деп есептеді, ал осыдан өз мүмкіндіктері үстемдікке ұмтылумен іске аспаумен байланысты мазасыздану, қорқыныш, алаңдаушылық және басқа құбылыстар пайда болады. Адлер тұжырымдамасының кемшілігі адекватты алаңдаушылық және адекватты еместің арасындағы айырмашылық емес, сондықтан мазасызданудың құрылымдық күй ретінде нақты бейнесі басқа ұқсас күйлерден ерекшеленеді.

Мазасыздану мәселесі нейрофридистердің арнайы зерттеулерінің пәні болды және ең алдымен К.Хорнидің. Хорнидің теориясында жеке тұлғаның үрей және мазасызданудың қайнар көзі биологиялық құштарлық пен әлеуметтік тыйымдардың арасындағы конфликт емес, ол – дұрыс емес адамдық қарым – қатынастар.

«Невротическая личность нашего времени» кітабында Хорни 11 жүйелік қажеттіліктерді атап етеді (К.Хорни, 1997).

  1. Сүйкімді болуға, басқаларға ұнауға байланысты жүйкелік қажеттілігі.
  2. Жалғыздықта қалуға қорқыныш, барлық күтулері мен армандарын орындайтын «серіктестікке» деген жүйкелік қажеттілік.
  3. Өз өмірін шектеуге, көзге түспей, елеусіз қалуға деген жүйкелік қажеттілік.
  4. Болжам жасап ,басқаларды ойлары арқылы басқаруға деген жүйкелік қажеттілік.
  5. Басқаларды қанау арқылы олардан жақсыны алуға деген жүйкелік қажеттілік.
  6. Абырой немесе әлеуметтік қадірлеушілікке, тануға деген қажеттілік.
  7. Жеке тұлғалық яғни өзінің өсіріп көрсетілген бейнесіне қажеттілік.
  8. Басқаларды озуға деген қажеттілік, жекелік жетістіктерге жүйкелік ұмтылушылық.
  9. Өзіндік қанағаттану мен тәуелсіздікке деген жүйкелік қажеттілік, ешкімге мұқтаж болмауға қажеттілік.
  10. Махаббатқа деген жүйкелік қажеттілік.
  11. Артық, кемел, қол жеткізуге деген жүйкелік қажеттілік.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі