Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2015 в 08:51, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде эмоциялық тұрақсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғары алаңдаушылықпен ерекшеленетін мазасыз балалар саны едәуір көп ұлғайған. Мазасызданудың пайда болуы және орнығуы баланың жас кезеңіндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ал, оған дейін, бұзылыстардың кең шеңберін өндіруші болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................... 3

І Тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы.

1.1. Мазасыздану мәселелерінің Oтандық психологияда зерттелінуі................ 7
1.2. Mазасыздану феноменін шет елдердің ғылыми мектептерінде қарастырылуы......................................................................................................... 11
1.3. Мектептегі мазасыздану мәселелерін қарастыру......................................... 17

ІІ Тарау. Бастауыш сынып жастағы балалардың құрбыларымен өзара
іс - әрекет ерекшеліктері

2.1. Өзара іс - әрекет стратегиялары және олардың біріккен әрекеттің белсенділігіне әсері.................................................................................................................... .…25
2.2. Коммуникативті компeтенттілік................................................................... 31
2.3. Коммуникативті компетенттіліктің байланыс және құрбылас топтағы
орнына қанағаттанбауы......................................................................................... 37

ІІІ Тарау. «Бала - бала» жүйесінің әсер етуімен мазасыздану деңгейін төмендетуге бағытталған, арнайы ұйымдасқан коррекциялық жаттығулардың, бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті үйренулерінің қалыптасуына әсер ететін эксперименттік зерттеулер.

3.1. Бастауыш сынып жастағы балалардың мазасыздану деңгейінің көрінісіне бағытталған психодиагностикалық зерттеу (белгілеу эксперименті)............... 41
3.2. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі
(қалыптастырушы эксперименті).......................................................................... 46
3.3. Коррекциялық – дамытушылық жұмыстың анализі
(бақылау эксперименті).......................................................................................... 56

Қорытынды............................................................................................................ 59

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................

Файлы: 1 файл

Филипс Айнур.doc

— 843.50 Кб (Скачать файл)

Жиі жақсы мұғалімде үрей бойын алған балалар болмайды, ол мектепке дейін қалыптасса да қорқыныш сезімі күшін жояды. Олар өзінің мақсаты деп балаға өзіне деген сенімділігін қайтару деп біледі.

Бірақ көп балалар басқа мектепке шартты жағдайда оқиды. Мектептік шақта олардың ескі отбасының қалыптасқан мәселелеріне қосымша тағы да жаңа одан да қиын проблемалар қосылады.

Оқушының эмоционалды проблемасына жауапкершіліктің бәрін мектепке жаба салу бұл әдепсіз болар еді. Мектепке бара жатқанда оқушы мәселесін үйде қалдырып, ал үйге бара жатқанда оқытушы талаптары мен конфликттерді мектеп гардиробында қалдырып ұмыта алмайды. Одан қалса өз «менін» қалыптастыруда бала бал ара сияқты өзі туралы ақпаратты отбасынан, мектептен, есік алдынан, секциядан жинайды. Үйдегі жылы қатынас мектептегі қақтығыстың орнын толтырады. Және, керісінше тәрбиендегі кемшіліктер мықты мұғалім мен жақсы қатынастағы сыныптастарымен бітуі мүмкін.

Ата –ана баланың мектептегі сәтсіздіктерін жеке ұғынып түсінбей жатып жиі жағдайда баланы кіналайды. Бұл баланың өзін - өзі төмен бағалауға әкеледі.

Оқушы үшін түрлі жылдарда әртүрлі адамдардың қарым – қатынасы маңызды. Бастауыш метеп жасындағылар, әсіресе бірінші сыныпта бірінші кезекте мұғалімге өте жақсы ұнауға тырысады. Егер де мұғалім нашар баға қоятын болса онда кіші мектеп оқушы пікірі ол мені жақсы көрмейді.

Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздану деңгейі - екі ол үшін маңызды ,бірегейліктің бір кезеңде болуы: жанұя (оның талабына баяғыда үйренген) және мектеп талабы онша анық емес бірақ маңызды егер жанұя оларды «жарыққа шығарса» ал мектеп оларды өздері қандай болса, сондай етіп қабылдаса, онда эмоционалдық проблемаларда туындамайды.

Бірақ барлық уақытта бұлай бола бермейді: не атанасы баласын өздерінің жекелік жанұялық мәселесінен жандарынан сөз жүзінде айтқанымен іс жүзінде жібермейді , не мектеп оқушыға  ірге бейімделуге көмектеспейді. Осыдан бастауыш мектеп оқушысында эмоциональді бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Міне осы мектептік невроз. Ол іш ауруы,қызыуы көтерілуі, бас ауруы; агрессия кезінде; немесе балалық депрессияда да – көңіл күйдің төмендеуі жасаураушлық өлім туралы ойлану кезінде көрініс табады.

Бәрінен бұрын құрдастарымен араласуда тәжірибесі аз балаларда әсерлі болады.

Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануының жоғарылуының тағы бір маңызды себебі – олардың физиологиялық және интеллектуалдық дамуының жеткілікті деңгейде болмауы. Мектепке қадам басу кезі жастың дағдарысымен сәйкес келеді, одан әр бала түрлі кез бен әртүрлі үйренулерді алып шығады. Біреу белсенді де тез түсінетін, басқасы жай қозғалатын, үшіншісі ақымақ және ашуланшақ. Уақыт өте келе, балалар өздеріне деген сенімділікті жоғалтып алмаса, олардың қабілеттері біршама бірдей деңгейге жетеді.

Кім үлгермесе тығырыққа тіреледі. Ал кім «өте жақсыға оқыса онда кездесетін бірінші сәтсіздіктен құлайтын» жұлдыз ауруына шалдығуы мүмкін.

Кейде балаға жоғары талап қоятын бастау ғана маңызды болып , ал маңызы мен бағыты маңызды болмайды. Мысалыға ол үшін қандай баға алғаны бәрібір, тек анасын ренжітпеуге бола тырысып, бар күшін салып оқиды.                                       

Басқа жағдайларда осы жоғырғы талаптар балаға сіңіп оның жеке өзінің талаптарына айналады. Бірақ оның  санасында «қайшылықты комплекс» істей алмасамшы?, және де «міндеттімін» деген қайшылықты комплекс пайда болады.

Осыдан «оқу бәрінен жоғары» принципі бойынша тәрбиеленген бала «4» алғанда қорқыныш жаулайды. «Мен - өте жақсы оқимын» бейнесі оның өзіндік сипаты болған соң, ата – анасының 3,4 қорқынышты баға емес сөзі оған көмектеспейді.

Баланы оның жетістіктері бойынша  бағалау (мектепте, секцияларда) – оны ішкі конфликтке ұшырату деген сөз. Өйткені, қашан да болмасын баланың жанында одан да көп жетістікке жеткен адам табылады.

Мазасызданудан босану мүмкін егер ересектер түсінсе: кез-келген бала ол жақсы оқитын, белсенді немесе жай қимылдаса да – жақсы көрінушілік пен құрметке лайық; адамның құндылығы бағасы оның марапаттаулары оның басқа да сәттілік белгісіндегі шарттары емес, оның өзінде яғни адамгершлік қасиеттерінде.

Әлде де балаларының ашық түрде қадірін түсіріп ұратын отбасылар кездеседі. Мұндай жағдайлар көбінесе маскүнемдер үйінде болады. Мұндай ситуациялар қорқынышты бірақ мазасыз балалар мұндай отбасыдан шықпайды. Осы жанұядағы бала ашуланшақ немесе эмоционалды түрде ересектердің жанынан алшақтап достық пен эмоционалды жақындықты сырттан іздейді. Егер тапса оның жақсы дамуына барлық жағдай бар.

Балалық мазасызданудың тамыры – баланың қызығушылықтарын қанағаттандырудан емес, ол тұрақсыз, сенімсіз ал кейде жай алдамшы махамббат баланың ішкі қайшлығын тудырады. Ал басқаша қалай? – ол біресе жақын біресе алыс, біресе бар шапағатқа бөленеді. Біресе неге екенін өзі де білмейді – жазаланады. Үрейленудің мәні – бала жанының ішкі қарама – қайшылығы. Бала кәдімгдей өзіндегі қарсы күштерді сезінеді. Оның біреуі ата – анасына тартады. Басқасы итермелейді, алыстатады. Ол махаббатты мейірімді сезінеді (ең болмағанда оның белгісін көреді), бірақ сол мезетте қатар осы махаббатты жоғалтып алу қорқынышын да сезеді. Ол оның берік екеніне сенбейді. Мұндай қорқыныш кез-келген жазадан да қорқынышты.

Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныш және мазасызданумен қалай күресуге болады? Немесе, олардың мектептегі үлгеріміне әсерін барынша төмендетуге болады? Ең бірінші оның негізінде астарында қандай психологиялық құбылыстар бар екенін анықтап, соған байланысты көмек берудің ең тиімді тәсілін таңдау керек.

 

 

ІІ Тарау. Бастауыш мектеп балаларының өзара қарым – қатынас ерекшеліктері.

 

2.1 Өзара қарым – қатынастың стратегиясы мен оның біріккен әрекетке тиімді әсері. 

Біріккен іс - әрекетте тек жекелік психиканың әлеуметтік детерминациясы ғана емес, сонымен қатар жаңа әлеуметтік – психихологиялық білімдерді тудыратын, адам құлығының ішкі және сыртқы факторының арасындағы өзара күрделі іс - әрекетті де іске асырады.

Біріккен іс-әрекет, жалпы біріншіден ортақ іс - әрекетке бірігіп жұмыла кірісу, екінші қоғамдық қатынаста берілетін біріккен іс - әрекеттегі қатысушылардың бір-біріне әсері. Мұндай өзара іс-әрекетті қарым – қатынас ретінде анықтауға болады. Өзара іс - әрекет немесе қарым – қатынас Б.Ф. Ломовтың сөзі бойынша: «ұйымдасқан ролді ойнап, біріккен іс - әрекетін сипаттау сияқты».

Соңғы он жылдардағы шет елдердің әлеуметтік психикасында өзара іс -әрекет стилінің негізгі үш анықтамасын бөліп көрсетуге болады. Бірінші бағыттың зерттеушілері У.Шутц, Г.Триэндис, Б.Бас, Д.Коуэн жалпыға ортақ базистік бағдарламадағы жеке тұлғаның алғашқы тенденцияларын қарастырады, яғни жеке тұлға арасындағы қарым – қатынастағы белгілі бағдардағы субъект нені алуға тырысатынын анализдейді (зейін, қорғаныс, билік, махаббат, сәттілік т.б). Екінші бағытта зерттеушшілер Т.Лири, Дж, Виггинс, Д.Кислер, М. Ларр зейіндерінің негізін өзара іс-әрекет тәсілдеріне және нақты формаларына аударады. Яғни, жалпы жеке тұлға арасындағы стилді қарастыратын қарым – қатынастың тұрақты тенденцияларының жинағын анализдейді. Осыдан психологтар, жеке тұлға арасындағы қарым – қатынас мотивациясының екі түрін бөледі (басым болу – бағыну және махаббат жек көрушлік), олардың құлықтық сипатын суреттеп, әр стилдің тәсілдері мен формаларын нақтылайды.

Үшінші бағыттың өкілдері М.Дюк, С.Новиуки және т.б жеке тұлға арасындағы қарым – қатынас стилі тек қана адамның жекелік диспозициясы немесе серігінің құлықтық формаларына ғана емес, сонымен қатар жағдайдың құрылымына да тәуелді.

Серіктестікті қабылдаудың ерекшелігі, олардың жалпы немесе құрылымдық күтулері ситуация кезеңдері. Отандық әлеуметтік психологтар өзара іс - әрекет стилі анализінің негізі ретінде К.Левиннің үш компонентті классификациясын авторитарлы демократиялық және попустикалық стилдерін қолданады. (А.П.Егидес, А.Я. Никонова, Н.Н.Обозов және т.б). Зерттеушілердің бірнеше қатары субъект өзара іс-әрекет жағдайына бейімделу критерийлерін немесе В.И.Куницынның темпераменттер типологиясын қолданады. Соңғы жағдайдағы өзара іс -әрекет стилінің белгісі болып субъект әрекетінің арасындағы өзара байланыс, қарым – қатынас ситуациясы және нақты серіктес болып табылады (Т.Е. Аргентова).

 

 

Үш компонентті классификация

Біріккен әрекетке көбіне бір-біріне қарым – қатынастан қатынасушылардың келесідей құлықтық стратегиялары тән:

1) басқаларға көмек көрсету  ретіндегі әрекет, ортақ мақсаттарға жетуге белсенді қабілеттілік таныту.

2) біріккен қызметте  басқа қатысушылар мақсатына  жетудегі кері іс - әрекет, олармен келісілмеген әрекет жасау.

3) өзара іс - әрекеттен  бас тарту жағдайы, ортақ мақсатқа жету үшін талап етіп тұрса да серіктестіктермен өзара іс-әрекеттен қашу.

А.Л. Журавлев осы үш стратегияның түрлі үйлесімін өзара іс-әрекеттің ағымдық ситуациялары анықтайды. Егер диадалық өзара іс - әрекетті көрсеткіштік және кәдімгі нұсқа ретінде қарастырсақ, онда келесідей өзара іс - әрекет типтерінің әлеуметтік психологиялық қатарын бөліп көрсетуге болады:

1) екі партнердің бір-біріне  деген үйлесімді өзара іс - әрекеті қызметтегі, әр қайсысының жекелік мақсатына және біріккен іс - әреттегі ортақ мақсаттарына жетуге белсенді қабілеттілік таныту;

2) қарсылық таныту –  екі партнер да бір-біріне қарсы  әрекет жасап әрқайсысының жекелік  мақсатына жетуге кедергі келтіреді;

3) өзара іс - әрекеттен  бас тарту – партнерлар белсенді өзара іс - әрекеттен қашуға тырысады;

4) бір жақтамалы келісім – біріккен әрекеттегі қатысушылардың басқаның мақсатына жетуіне белсенділік танытады, ал екінші онымен өзара іс-әрекеттен бас тартады;

5) бір жақтамалы қарсы әрекет – партнерлардың біреуі басқаның мақсатына жетуге кедергі келтіреді, ал екінші онымен өзара іс-әрекеттен бас тартады;

6) қарама – қарсы өзара іс - әрекет – партнердің біреуі екіншісіне көмектесуге тырысады. Ал екіншісі оған қарсылықты белсенді іс - әрекетке жүгінеді.

7) ымырлы өзара іс - әрекет - партнер да бір жағынан келісіп, бір жағынан бір-біріне қарама – қарсы іс - әрекет жасайды.

Диадалық қарым – қатынас таралғанымен де, бәрібір ол тек қатынас жүйесінің элементі ғана. Бұл жүйеде бар формалар маңызды және мәнді.

Өзара іс - әрекет астарында әдетте тек қана таңбаларымен алмасу ғана емес, және де топқа ортақ әрекет жасауға мүмкіндік беретін ортақ әрекеттер ұйымы. Қарым – қатынас барысында оны қатысушыларға тек қана ақпаратпен алмасуға ғана емес, және де әрекеттерді алмастыруды ұйымдастыру, ортақ қызметті жоспарлау, ортақ әрекеттің нормалары мен формаларын өңдеп шығаруға болады.

Өзара іс - әрекет мотивтерінің әлеуметтік бірнеше түрлері бар (адам басқа адамдармен өзара іс - әрекетке, яғни солардың көмегімен түсетін мотивтер):

  1. Жалпы ұтыстың ұлғаюы (кооперация мотиві);
  2. Өзінің ұтысының ұлғаюы (индивидуализм);
  3. Салыстырмалы ұтыстың ұлғаюы;
  4. Басқаның ұтысының ұлғаюы (альтруизм);
  5. Басқаның ұтысының кемітілуі (агрессия);
  6. Ұтыстағы айырмашылықтардың кемітілуі (тепе – теңдік).

Аталған мотивтерге орай өзара іс - әрекетті жүргізуші құлықтық стратегияларды анықтауға болады:

1) қызметтестік қатысушылардың өзара іс - әрекетіндегі өзіндік қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға бағытталған (бәсеке немесе кооперация мотивтері қалыптасады);

2) қарама – қарсы әрекет  қарым – қатынаста партнерларының мақсаттарын ескермей өзіндік мақсатына бағдарлану (индивидуализм);

3) жағдайдағы тепе –  теңдікке болай парнерларының мақсаттарына жетудегі жекеліктен компромис қалыптасады;

4) жол беру партнерлардың мақсаттарына жету үшін өзінің мақсаттарын құрбан ету (альтруизм);

5) қашу, яғни байланысудан  кету, басқаның ұтысын шығару  үшін өзінің мақсаттарын жоғалту.

Өзара іс - әрекеттің бірінеше типтерін бөліп көрсетуге блады. Ең кең таралған болып дихотомдық бөліну есептелінеді: кооперация және бәсеке, келісім және конфликт бейімделу және оппозиция.

Жеке тұлға арасындағы өзара іс - әрекетті сипаттайтын бірнеше теориялары бар. Оларға жатады: алмасу теориясы, символикалық интеракционизм, әсерлерді басқару теориясы, психоаналитикалық теория. Дж. Хаманның теориясына сәйкес адамдар бір – бірімен өзінің тәжірибесі негізінде өзара әрекет жасайды, мүмкін болатын сый ақы мен шығындарды салыстырады. Дж. Мидтің, Г.Блумердің символикалық интеракционизм теориясы тұрғысынан адамдар құлығы бір-біріне және қоршаған орта әлемінің заттарына қарым – қатынасынан адамдар құлығы оларға берілетін мәндерге байланысты анықталады. Э.Гофманның әсерлерді басқару теориясын, әлеуметтік өзара әрекет ситуациялары актерлар жақсы әсерді қолдап құрауға тырысатын, драммалық спектакльді еске алады. З.Фрейдтің психонализі шектеулігінде жеке тұлға арасындағы өзара қарым – қатынастар негізінен, өмірдің осы кезеңінде бастан кешкен конфликттермен және ерте балалық шақта меңгерілген бейнелермен анықталады. Алмасу, теориясына сәйкес біздің әрқайсысымыз біздің өзара іс - әрекетімізді тұрақты және жағымды ету үшін, сый ақы шығындарды теңестіруге тырысамыз, дамдар құлығы қазіргі сәтте оның әрекеті, өткен кезеңде қалай сый ақы берілді, не сонымен анықталады.

Хомансқа сәйкес, оның теориясы көмегімен оның өзара іс - әрекеттің түрлі күрделі түрлері сипатталуы мүмкін. Лидерлік билік қатынасы т.с.с Ол әлеуметтік өзара іс - әрекеттің шығын және сыйақыны теңестіру тәсілдеріне негізделген, алмасудың қиын жүйесі ретінде қарастырады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі