Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2015 в 08:51, курсовая работа
Қазіргі кезде эмоциялық тұрақсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғары алаңдаушылықпен ерекшеленетін мазасыз балалар саны едәуір көп ұлғайған. Мазасызданудың пайда болуы және орнығуы баланың жас кезеңіндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ал, оған дейін, бұзылыстардың кең шеңберін өндіруші болып табылады.
Кіріспе...................................................................................................................... 3
І Тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы.
1.1. Мазасыздану мәселелерінің Oтандық психологияда зерттелінуі................ 7
1.2. Mазасыздану феноменін шет елдердің ғылыми мектептерінде қарастырылуы......................................................................................................... 11
1.3. Мектептегі мазасыздану мәселелерін қарастыру......................................... 17
ІІ Тарау. Бастауыш сынып жастағы балалардың құрбыларымен өзара
іс - әрекет ерекшеліктері
2.1. Өзара іс - әрекет стратегиялары және олардың біріккен әрекеттің белсенділігіне әсері.................................................................................................................... .…25
2.2. Коммуникативті компeтенттілік................................................................... 31
2.3. Коммуникативті компетенттіліктің байланыс және құрбылас топтағы
орнына қанағаттанбауы......................................................................................... 37
ІІІ Тарау. «Бала - бала» жүйесінің әсер етуімен мазасыздану деңгейін төмендетуге бағытталған, арнайы ұйымдасқан коррекциялық жаттығулардың, бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті үйренулерінің қалыптасуына әсер ететін эксперименттік зерттеулер.
3.1. Бастауыш сынып жастағы балалардың мазасыздану деңгейінің көрінісіне бағытталған психодиагностикалық зерттеу (белгілеу эксперименті)............... 41
3.2. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі
(қалыптастырушы эксперименті).......................................................................... 46
3.3. Коррекциялық – дамытушылық жұмыстың анализі
(бақылау эксперименті).......................................................................................... 56
Қорытынды............................................................................................................ 59
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................
- «жоғарыдан және төменнен»
қарым-қатынас қысымына
Коммуникативті дағдыларды жақсы білетін адам, сол арқылы басқа адамды ренжітпей нақты түрде «жоқ» деп айта алады. Зерттеушілердің көрсеткеніндей, балаларға көбіне, әділ емес сын көздермен намысына тиетін қатынастар ситуациясы маңызды болып келеді. Мұндай ситуацияда балалар, немесе ренжитін сөздерді естіп үндемей тұрады, немесе, «өзін жындысын» деген сияқты жауаптар қатады. Басқа адамның не істейтінін білу үшін, оның «жанына» ену керек, қайғыларын сезініп, ол өзінің ситуациядағы орнын қалай көреді, соны байқау қажет. Басқаша айтқанда, ол адамның іс-әрекетін алдын-ала болжау үшін оның ролін түсіну қажет. Өкінішке орай, өмірде көптеген ата-аналар, үлкен аға-әпкелер өз балаларының проблемаларына, өмірді көрген, өздерінің ересек адамдар позициясымен қарайды, ал бұл түсініспеушілікке алып келеді (Шибутани, 1996) /88/. Басқа адамдармен құрылымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін, коммуникативті компетенттілік деңгейін көтеру үшін психотерапияда ДЖ. Морено және оның шәкірттері өңдеп шығарған психодрамма әдісі кеңінен қолданылады (Рудестам, 1990). Психодраммалық әдіс, басқа қатысушылардың әрекеті көмегімен «менінің» түрлі жақтарын, жеке тұлғаның түрлі бөліктерінің көрінуін, ролдердің көптен алмасуы сияқты тренингтерді ұсынады. Мұндай жаттығулар балалардың бір кезде «сіңірген», меңгеріп алған көзқарастары мен жарлықтарын ойлануға мүмкіндік береді. Жиі кейбір жекелік қасиеттер санамыздан тыс біздің бір бөлшегімізге айналып, айналадағылармен өзара қарым-қатынаста әсер ете бастайды. Саналы түрде ұғыну, ал содан кейін балалардың кейбір жекелік өмір шарттарын өзгерту коммуникативті компетенттіліктің жоғарылауы септігін тигізеді. Е.Л. Доценко өз теориясында манипуляциялық психологияны қарастыра отырып, коммуникативті компетенттілікпен тығыз байланыстырады. Ол, коммуникативті копетенттілік – бұл адамға айлалы әрекет (манипуляция) жасай алу және басқалардан қорғана алу деп есептейді. Осыған байланысты, ол манипуляциядан қорғану және монипуляцияның әсер ету механизмдерін тыңғылықты қарастырады /26/.
Әсер етудің манипуляциялық механизмдері келесідей параметрлерден тұрады:
1. Психологиялық әсер ету механизмдері.
Контактіні ұстап қалу – әңгімелесушінің бірігуге деген қажеттілігі – жалғыз әсер етуші күш емес. Көп жағдайда тұрақты контактіні жалғыз ол ғана қамтамасыз етпейді. Контактіні ұстап қалудың басқа бастауы ол –қызығушылық, яғни манипулятор жағынан негізгі қызығушылығы, оған жетуге бекінген мақсаты болып табылады. Егер әңгімелесуші қаламаса, мезі болған жағдайда контактіні үзу мүмкін. Сондықтан бір жағынан әңгімелесушінің түрлі қызығушылықтары мен қажеттілігін, екінші жағынан, оның сылбырлығы мен қауіптенулерін ескеріп, рөлді ойнаса манипулятор оған көп уақытқа дейін әсер ету мүмкіндігін ұстап тұра алады.
2. Монипуляциялық әсер ету процестері және түрлері:
- негізгі әрекет етуші агент - бейне;
- ояту тәсілдері – мотивті тікелей активтендіру, провокация, қызығушылықты ояту;
- нысаналар – қалаулар, қызығушылықтар;
- шартты – бағытталған манипуляциялық әсер етулер.
- нақты бағытталған манипуляциялық эсер етуге кіреді.
- жеке тұлға құрылымына бағытталған монипулятивтік әсер етулерге тән:
Монипуляциядан қорғану үшін келесідей параметрлер жатады:
1. Психологиялық қорғаныстардың түрлері.
- жеке тұлға арасындағы
және жеке тұлға ішіндегі
- Базалық қорғаныс шарттары.
1) қоршаған орта;
2) әлеуметтік-экономикалық жағдай;
3) өмірдің детерминантты ситуациялары
Сонымен, коммуникативті компетентілікке жатады:
Сонымен, коммуникативті компетенттілік – бұл белгілі мақсаттарға қол жеткізу үшін бағытталған өзара іс-әрекет стратегияларын өзгертуге мүмкіншілікті саналы түрде ұғыну. Өзара іс-әрекет процесінің жақсаруына әкелетін механизмдерді қолдана отырып, бір стратегиядан екінші стратегияға тез ауыса алу қабілеттілігі. Өзі туралы бейнесі, басқа адаммен қарым- қатынасына әсері. Коммуникативті дағдысы бар балалар, ашық-жарқын, әділ, басқа адамды тыңдай алады, компромисті іздеуге қабілетті.
2.3 Коммуникативті
Бала мектепке келгенде элеуметтендірудің шешуші факторы болып оқу әрекетін меңгеру, мектептік үйрену және дағдыларын өңдеп шығару болады. Сонымен қатар, оқушыда жеке тұлға арасындағы қарым-қатынаста қалыптасатын - әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі жүріп жатады. Бұл «әлеуметтенудің жоспарының бағдарламасы» деп аталады, ол арқылы баланың әлеуметтік және эмоциялық өмірі дамиды, оның өзі туралы, басқалар ол туралы не ойлайтыны туралы бейнесі қалыптасады. Мектепте болудың бірінші күнінен-ақ, бала, мұғалім және сыныптастарымен жеке тұлға арасындағы өзара қарым-қатынас процесіне түседі. Бұл бастауыш сынып жаста өзара қарым-қатынаста белгілі бір динамика және даму заңдылығы бар. Бірінші сыныптағылар мектепке бейімделу процесінде сыныптастарымен қарым-қатынасты, ереже бойынша екінші орынға көшеді. Олар мектептегі алған әсеріне, өздерінің жаңа мәртебесі мен міндеттеріне кіріп кеткендігі соншалық, кейде қарапайым ғана: «Жаныңда, партада сенімен бірге кім отырады?» деген сұраққа жауап бере алмауы мүмкін (Дубровина И.В. 1998).
Бірінші сыныптағыларды
бақылағанда, олар алғашқыда бір-бірімен
контактіге түсуге қашатын
Балалық топтағы құрбылар арасындағы функциянальды – ролдік, эмоцияналді-бағалаушылық және жекелік-мәндік қарым-қатынастар деп бөліп көрсетуге болады. Функциональды – ролдік қарым-қатынас «кәсіптік» қарым-қатынасты және біріккен іс-әрекетті қарастырғанда маңызды. Мұндай қарым-қатынастар балалардың өмірлік әрекеттерінде кездеседі (еңбек, оқу, ойын және т.б.). Ойынның өзінде де және басқа да балалар топтарындағы біріккен әрекет формаларында қарым қатынастың екі түрі көрініс табады: жекелік өзіндік қатынас және ойындағы біріккен әрекетке байланысты қарым-қатынас. Эмоционалді-бағалаушылық қарым-қатынастың негізгі функциясы ретінде, біріккен әрекет және қарым-қатынастың қабылданған нормаларына сәйкес құрбысының құлығын коррекциялау қолданады. Бірінші кезекте эмоциялық сипатына (симпатия, антипатия) көңіл бөлінеді. Жекелік-мәндік қарым-қатынас негізі, егер бір баланың мотиві басқа құрбылары үшін мән-мағына болып келетіндігінде. Мұндайда біріккен іс-әрекет қатысушылары сол баланың құндылықтары мен қызығушылығының өздерінің жекеліктері сияқты уайымдай бастайды. Мұндай қарым-қатынас, әсіресе, сол бала ересектердің ролін алып, және сол ролге сәйкес әрекет еткен жағдайда анық көріне береді. Балалық топтағы біріккен әрекет деңгейі жоғарылаған сайын, ондағы ұжымдық құрылу процесі де қарқындала түседі, өзара келісу, өзара қызметтестік қарым қатынасы да белсендірек туындайды. Жеке тұлға арасындағы қарым-қатынасты туындататын және дамытушы «аймақ» болып табылады. Жеке тұлға арасындағы қарым-қатынстың факторы балалардың біріккен әрекеттегі мотивациясы, мысалы, біріккен әрекет жетістіктері немесе сәтсіздіктері үшін топ мүшелерін мазақтау немесе жазалауы. Табиғи немесе ұйымдасқан түрдегі баланың құрбыларымен ара қатынасы жас кезеңдерімен байланысты. Бастауыш сынып жаста құрбыларымен өзара қарым-қатынасы, балалардың сол жастағы құлықтың ерекшелігіне негізіделіп орнатылады. Жеке тұлға дамуының жаңа әлеуметтік жағдайы баланың мектепке келуіне негізделіп, оған бейімделуді қажет етеді. Кішкентай оқушы – бұл, қарым-қатынас дағдыларын белсенді меңгеретін адам. Бұл кезеңде достық қатынасты қарқынды орнату жүріп жатады. Топтағы құрбыларымен өзара қатынастың әлеуметтік дағдыларын меңгеру және достарын қызықтыра алуы осы кезеңдегі дамудың маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. (Роттар М., 1987).
Арнайы зерттеушілердің нәтижесі, достарына деген қарым-қатынас және достық түсінігінің өзі бастауыш сынып жас кезеңінде белгілі бір динамикасы болатынын көрсетеді. (Коломенский Я.Л., 1969) . 5-7 жасар бала үшін достар – бұл оның кіммен ойнайтыны, кімді жиі көретіні. Досты таңдау сыртқы себептермен анықталады: балалар бір партада отырады, бір үйде тұрады, т.с.с. Бүл кезеңде балалар тұлғаның сапасынан бұрын құлығына көңіл бөледі. Достарын сипаттағанда, олар «достар өздерін жақсы ұстайды», «олармен қызық» деп айтады. Осы кезеңде достық байланыстар тиянақсыз және ұзақ емес, олар тез арада үзілуі мүмкін.
8-11 жас аралығында балалар,
өздеріне көмектесетін, олардың
ұсыныстарына жауап қататын
Социометриялық зерттеушілердің нәтижесі, оқушының сыныптағы жеке тұлға арасындағы қатынастың құрылу жүйесіндегі орны, түрлі жас кезеңіндегі топтарға ортақ факторлар қатарымен анықталады. Сыныптағылардың көп дауысын алған балалар, келесідей сипаттарға ие: мінезі тұрақты, жақсы қабілеттерге ие, бай фантазиясымен және ынтасымен ерекшеленеді; олардың көбі жақсы оқиды, қыздар әдемі сырт көрініске ие. Сыныптағы қатынастың жекелік жүйесіндегі сәтті емес орындағы оқушылар тобы да сипаттрға ие: мұндай балаларға құрбыларымен қарым-қатынас жасауы қиын, сыйымсыз, сотқар, дөрекі, тұйық болуы мүмкін және де қызғаншақ, салақ болуы мүмкін. Социометриялық дәрежеге ие бірінші сыныптағылар үшін, көбіне келесідей ерекшеліктер маңызды: сұлу сыртқы көрініс, сынып белсендісі болу, заттармен, тәтті тағамдармен бөлісуге даярлық. Бұл жастағы екінші орынға оқуға деген қатынасы және жақсы үлгерім ие. Сыныптағы атақты балалар үшін сонымен қатар физикалық күш те үлкен мәнге ие. «Тартымды емес» оқушылар келесідей ерекшеліктерімен сипатталады: сыныпта белсенді болмау; құлығының және оқуының нашар болуы; достықтағы тұрақсыздық; тәртіп бұзушылармен дос болу және де жылауықтық.
Осылайша бірінші сыныптағылар құрбыларын оңай көрінетін сыртқы және мұғалім назарына жиі ілігетін сапаларына қарап бағалайды. Бастауыш сынып жасының соңына қарай, оқушылар құрбыларын, бірінші сыныптағыдай мұғалімнің қоғамдық тапсырмаға тағайындаған оқушыны емес, оның шынайы ұйымдастырушылық қабілеттілігін, қоғамдық белсенділігін, және де бұрынғысынша - әдемі сыртқы келбетті бағалайды. Бұл кезеңдегі балалар үшін белгілі бір жеке тұлғалық сапалар да маңызды: өз беттілік, өзіне сенімділік, әділдік. Үшінші сыныпта оқу екінші орынға ауыса бастайды. «Тартымды еместер» үшін үшінші сыныпта: қоғамдық пассивтілік; басқаның заттарына, еңбекке деген қатынастың қара ниеттілігі.