Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2015 в 08:51, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде эмоциялық тұрақсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғары алаңдаушылықпен ерекшеленетін мазасыз балалар саны едәуір көп ұлғайған. Мазасызданудың пайда болуы және орнығуы баланың жас кезеңіндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ал, оған дейін, бұзылыстардың кең шеңберін өндіруші болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................... 3

І Тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы.

1.1. Мазасыздану мәселелерінің Oтандық психологияда зерттелінуі................ 7
1.2. Mазасыздану феноменін шет елдердің ғылыми мектептерінде қарастырылуы......................................................................................................... 11
1.3. Мектептегі мазасыздану мәселелерін қарастыру......................................... 17

ІІ Тарау. Бастауыш сынып жастағы балалардың құрбыларымен өзара
іс - әрекет ерекшеліктері

2.1. Өзара іс - әрекет стратегиялары және олардың біріккен әрекеттің белсенділігіне әсері.................................................................................................................... .…25
2.2. Коммуникативті компeтенттілік................................................................... 31
2.3. Коммуникативті компетенттіліктің байланыс және құрбылас топтағы
орнына қанағаттанбауы......................................................................................... 37

ІІІ Тарау. «Бала - бала» жүйесінің әсер етуімен мазасыздану деңгейін төмендетуге бағытталған, арнайы ұйымдасқан коррекциялық жаттығулардың, бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті үйренулерінің қалыптасуына әсер ететін эксперименттік зерттеулер.

3.1. Бастауыш сынып жастағы балалардың мазасыздану деңгейінің көрінісіне бағытталған психодиагностикалық зерттеу (белгілеу эксперименті)............... 41
3.2. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі
(қалыптастырушы эксперименті).......................................................................... 46
3.3. Коррекциялық – дамытушылық жұмыстың анализі
(бақылау эксперименті).......................................................................................... 56

Қорытынды............................................................................................................ 59

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................

Файлы: 1 файл

Филипс Айнур.doc

— 843.50 Кб (Скачать файл)

Алаңдау күйіндегі қорқынышқа жай қозғалыс ,бір жерде қатып тұру және аяғымен бір жерді қайта - қайта басу тән. Сөйлеу мәнері анық емес, ойлауы жігерсіз, жүректе «ауыр», көңілі жабыраңқы. Депрессиядан айырмашлығы қайғы, апатия, өзін - өзі жою ойы болмайды. Басқа қорқыныш жауламаған тіршілік әрекеті белсенді өтеді. Осылайша қорқыныш күйі сайланбалы және динамикалық сипатқа ие.

Осыған орай мазасыздану холерикті ал қорқыныш – флегматик темпераментті байқатады. Ұзақ жасалған үрейлену аффекті және қорқыныш шынында да темпераменттің болып тұрған типтерін күшейтуге қабілетті.

Қорқу мен алаңдаушылық күйде адам күту қысымында болады, жиі қорқып, аз күледі, үнемі уайымдауда. Ол толығымен бұлшықеттерін босаңсыта алмайды, артығымен шаршайды, бас ауру тән. Шаршағанға қарамастан бірден ұйықтап кетпейді, әртүрлі ойлар болжаулар маза бермейді. Ұйқы жайсыз ,жиі түнде сөйлеу ,қатты демалу болады. Күнделікті өзінің «менімен» соғысатын, шатасқан түстер көреді. Ұйқы сезімі болмайды, ертерек оянуға тырысады.

Қатынас таңдамалы эмоционалды тура емес болып, ескі алаңмен шектеледі. Бейтаныс адамдармен қатынас қиындап, сөйлемді бастау ауырлап, сұраққа жауап беруде келеңсіздік туындайды. Бұл әсіресе телефонмен сөйлескенде байқалады, ойды жинап, негізгіні айту барысында.

Үрейлену, абыржу, көбіне өзіндік намыс сезімі дамыған, жауапкершілік, өзін тануда басқалардың пікіріне жоғары қарайтын адамдарға тән. Оыған орай, мазасыздық өзінің өмірі үшін де, жақындарының өмірі үшін де жауаптылық сезімінде көрініс береді. Осыдан келіп, қорқыныш – адам өмрі мен саулығы үшін қатердің аффектті көрінісі болса, алда болатын қауіп қатердің күшті эмоциональді сезімі.

Үрейленудің қорқыныштан айырмашылығы ол тек кері сезімнен емес, көңілді толқудан да туындайды.

Алаңдаушылық сезімі адамның психикалық құрылымына, өмір тәжірибесіне тәуелділіктен, айналадағылармен қатынасқа байланысты және қорқыныш мәнге де ие болады. Адам белгісіз алаңдаудан мазасыздануды, ал нақты объекттерді мойындаудан қорыққанда қорқынышты сезінеді.

«Үрейлену» термині қысымның субъективтік сезімдерімен сипатталатын алаңдаушылық қараңғылықпен, ал физиологиялық жағынан – автономды жүйке жүйесін белсендіретін, жағымсыз эмоциялық күй мен ішкі шартпен суреттеледі. Үрейлену күйі стресс қызметінің сатысы сияқты өзгереді.

Әлемдік статистика бойынша, кәдімгі «мазасыздану нормасы» - 15%, Қазақстанда  60-75%.

Мак – Рейнальдо үрейленуді өлшейтін 88 процедураны қарастыра келіп, үрейленудің аралығы бір немесе үштен аса жұп топтарын анықтады: кескін, бейне, (черта) күйі ретінде мазасыздану, мазасыздануға үйір болу, жалпы және спецификалық мазасыздану.

Күй ретіндегі үрей «мұнда және қазір» аспектісіне жатады. Ал кескін ретіндегі мазасыздану – жекелік үрей деңгейінің кәдімгі сипаттағы абстракцияға жатады. Ал үреу мазасыздануы мазасыз түрде жауап беруге даярлықты сипаттайды.

Жекелік кескін ретіндегі мазасыздану күйі барлығында бірдей болмайды. «Мазасыз адам» - күнделікті шешімдер мен өзіне сенімді емес, әр уақытта сәтсіздікті күтетін, эмоционалды аумалы сенбейтін адам. Жекелік кескін мазасыздануы невроздың дамуына себеп болуы мүмкін. Бірақ ол құрылуы үшін одан үрейлену күйін жеңетін адекватты емес көп сәтсіз тәсілдерді өткізуі керек. Профилактика осындай балалар үшін сенімсіздікті, толқуларды эмоционалды тұрақсыздықты жеңуге болатын тиімді тәсілдерді табу қажет.

Үрейленудің екі үлкен белгісін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі – толқудан туындайтын ішкі соматикалық белгі, (гректің «сама» -дене) екіншісі – мазасыз ситуациясына қарсы сыртқы құлықтың реакциялары.

Үрейленудің ішкі белгілері жүректің жиі соғылуы, жоғарғы жиіліктегі тыныс алу, ауыздағы, құрғақшылық, тамақтағы дауыстың шықпай қалуы ауырлықты немесе бас аурды сезіну, ыстықты сезіну, аяқтағы әлсіздіктік, қолдың дірілдеуі, күн сәулесінде тұрып салқындықты сезіну, іштің ауруы, мұздай және ылғалды алақан, кенеттен әжетханаға барғысы келу, өзін икемсіз сезіну, тиянақсыз сезіну және т.б. Осы сезінулердің барлығы неге оқушы тақтаға шығар алдында мұрнын қайта – қайта ұстап көйлегін жөндейді, неге емтихан уақтында шашын ұстай беретіні біреулер, жөтеле алмай, ал біреулер сыртқа шығуға сұрана беретіндігін түсіндіріп береді. Бұл көбіне ересек адамдарды сескендіреді.

Жоғарыда айтылған белгілердің барлығы үрейленуді білдірмейді, мысалы, ол адамның қызуы көтеріліп, суықтап қалуы мүмкін.

Егер осы үрейлену күйі қайталанып бала оларды жеңу тәсілін таппаса, онда бұл көріністер үлкен бұзылыс симптомдарына көшуі мүмкін. А.Моруаның байқауынша, «қиын сынақ болашақта да мектептегілер үшін мықты, тұрақты түрде әсер етеді. Үрейлену және қорқыныш - өз алдына ауру; басқа сәтсіздікке қосылып, оның ағымын қиындатады».

Үрейленудің құлықтық белгілері соматикалыққа қарағанда кездейсоқ және алуан түрлі кейде, үрейден біршама жоғары болғандығы, адам өзіне еріксіз зиян келтіреді. Осыдан – желінген тырнақ, тырналған қол, кездейсоқ соққы мен құлап та кетеді. Сәтсіздіктен құтылу, қашу барысында бала қияли, өтірік айтады. Селсоқ, ұмытшақ келеді. Бұл үрейленуді емес, оны жеңу жолы екенін айтады. Ситуациядағы үрейленуді танып, білу үшін, бала онымен қалай күресуді білу үшін, мазасызданудың өзгеру формасын , көріністерін білу қажет.

 

Мазасызданудың себептері

Үрейдің туындау себебі ішкі конфликт, баланың бір қалауы екіншісіне, бір қажеттігі екіншісіне қарама – қарсы болғанда пайда болатын қайшылықтар. Баланың ішкі қайшылық күйі: түрі бастаудан келетін балаға деген қайшылық (мысалы ата – ана біресе рұқсат беріп біресе қатаң түрде тыйым салады); баланың мүмкіндігі мен ұмтылысына сай келмейтін адекватты емес талаптар; баланы пәс, тәуелді жағдайда қалдыратын  жағымсыз талаптардан келіп шығады. Үш жағдайда да «сүйенішті жоғалту» сезімі өмірдің бекем бағытын жоғалту, айналадағы ортаға сенімсіздік туады.

Ішкі конфликт негізінен балада сыртқы конфликт жатады – ата – анамен, отбасы және мектеппен, құрдастарымен, үлкендермен. Барлық уақытта қоршаған орта жағдайы басының ішкі қайшылықтарына айналмайды. Егер де әжесі мен анасы бір – бірін ұнатпай оны әртүрлі етіп тәрбиелесе, әрбір бала мазасыз келмейді, ол тек, бала конфликтегі екі жақты да жүрегіне жақын қабылдаса ғана – үрейленудің жасалуына бүкіл жағдай жасалады.          

Бала жанында тәрбиелену жүйесі емес, өзіндік қалауы – анасын ренжітпеу, әжесіне ұнау қайшылыққа түседі. Осылайша отбасының ажырасуы да балаға әсерін тигізеді. Неге осы сияқты сыртқы конфликттер бір балаларға тереңінен батып, ал кейбір балаларға онша әсер етпейді. Себеп көп, бірақ бастысы – бала үшін қандай қатынастың мәнді болуы. Егер оқушыға мұғалім пікірі қымбат болмаса, ол конфликттен құтылуға тырысады, бірақ жаны күйзелмейді.

Қатынас шеңбері кең болған сайын, үрейленудің қалыптасуына негіз болатын ситуациялар да көп болады. Бірақ баланың әлеммен қатынасы тар болса да, бала толығымен өсіп дами алмайды. Егер де, мысалға алатын болсақ, бала үшін мәнді тұлға тек анасы ғана болса, онда олардың арасындағы қатынастың мәнді емес жақтары да жан күйзелісіне айналады. Сүйеніштің көптеген бастауы болса конфликт үрейленуге алып келмейді.

Ешкім де конфликттен қаша алмайды; сонда бала өмір бойы осылай өтеді ма? Олай емес. Кенеттен ит үргенінен, айқайлаған мұғаkімнен, жанұядағы ұрыстан, неврозбен ауырып қалатын балалар онша немесе тіптен болмайды. Мұндай бірегей стрестерге бала біз ойлағаннан әлдеқайда мықты ,табиғат адамды жағымсыз ситуациялардан құтқаратын, мықты ұмыту механизмімен қаруландырды.

Үрей бала жанына егер оның маңызды қажеттілігі қалыптасуы кедергі болатын конфликт кезінде ғана енеді.

Бұл маңызды қажеттіліктерге жатады: физикалық өмір сүруге қажеттілік (қорек, су, физикалық қауіп-қатерден босану); адамға, топқа деген жылуарлық, жақындық қажеттігі; тәуелсіздікке, өз «меніне» құқығының тануына қажеттілік; қабілеттерін алуға, өзінің жасырын күштерін, өмірлік мән және құндылыққа деген қажеттілік.

Мазасызданудың жиі себептері балалаға деген жоғары талап, тәрбиелеудің догматикалық жүйесі, баланың белсенділігін қызығушылықтарын, икемділігі мен қабілеттілігін ескермеу. Кең тараған тәрбиелеу жүйесі – «сен өте жақсы болуға міндеттісің». Ұят сезімі, балаға келгенде өзіне тым қатал болу, ал тану процесін емес, міне осындай үлгерімді балаларда үрей көріністері байқалады. Болады, кейбір ата – аналар балаларына өнерде, спортта олардың мүмкіндіктері жетпейтін үлкен жоғары жетістікке жетуге бағдар береді (ал бұл шартқа сәйкестелу мүмкін емес). Осы сияқты балаға бейтанысты (бірақ ата – анасы жоғары бағалайтын) жабыстырады. Мысалы туризм. Бұл жаттығулардың бәрі де жақсы, таңдауды бірақ, бала өзі жасауы қажет. Оқушыға қызық емес жұмысты қbнап бергеннен ол сәтсіздікке ұшырайды.

Баланың адалдық, тіл алу, тиянақтылық сапаларын шынықтыруды тырысуда мұғалім баланың күйін одан әрі қиындатады. Жауапкершілікті көп артады сөзсіз жұмысқа адал қарауы қажет ,бірақ оқушы жұмысы (оқу) – ерекше, онда нәтижеден гөрі процесс маңызды. Егер жұмысшы мысалға өндірістегі қандай болмасын бөлшек үшін яғни нәтижесі үшін еңбектенсе, онда бала есепті шығару үшін оқымайды: ол есеп баяғыда шығарылып жауабы оқулық соңында енгізілген. Оқудың мәні даму процесінде нәтижеге бағытталуда алатын бағада. Бала онымен қатынас жасаушылар үлгеріміне байланысты екенін сезінеді. Сөйтіп баға оқушы үшін ата – ана мен сенімінен шығу құралы болады.

Мазасыздану деңгейі ұл бала мен қыз балада әртүрлі. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларда қыздарға қарағанда мазасыздануы көп болып келеді. 9-11 жаста ұл және қыз балада мазасыздану бірдей болып 12 жастан ары қарай ұл балаларда қиын бұзылыстар кездескенімен жалпы үрей деңгейі қыздарда өсіп, ұл балада азаяды. 

Балалар мен қыздар мынамен ерекшеленеді, олар үрейді қандай ситуациямен байланыстырады, оны қалай түсіндіреді, неден сескенеді. Адам жасын физикалық деңгейі ғана емес, оның қоршаған әлемге байланысты мінездемесін уайымдау ерекшелігі де бейімделеді. Мектептік кез – адамның маңызды өмірлік сатысы, ол кезде оның психологиялық бейнесі, уайым –қайғы сипаты өзгереді.

Бұл жастағы қорқыныш деңгейі дегеніміз «ондай болмау», яғни нақтыласақ «ондай болмау» ол үлгермеу, оны емес және олай емес істеу, жазаға тартылу. Бұл қорқыныштың барлығы әлеуметтікке белсенділіктің жоғарылауын жауапкершілік міндеттілік нығаюын білдіреді. Балалар селк етеді жүздерінен қорқыныш байқалып өзін-өзі басқаруды ойлауға сөйлеуге қабілеттілікті жоғалтады.

 

Мазасыздану уайымның салдары

Қауіп –қатердің белгісіз емес, анық емес болуы жағдайдан шығу жолын күрделендіріп қиындатып жібереді. Бойындағы ашуызамен алыса аламын. Көңілсіз мұңайып тұрғанда жұбаныш іздей аламын. Ал үрей күйінде мен қорғана да күресе де алмаймын, өйткені неге қарсы күресіп қорғанатынымды білмеймін.

Үрей туындай салысымен –ақ балада белгілі бір күй пайда болады. Бала сырт көзге байсалды және өзіне сенімді көрінуі мүмкін. Бірақ “жасырын бет пердедегі” мазасыздануды ажырата алуымыз қажет.

Эмоционалды тұрақты емес баланың ішкі мақсаты: үрейлену теңізінде кішкене жағажай тауып оны толқындардан жауып, қауіпсіз қылуы.

 

Мектептегі мазасызданудың негізгі факторлары

Бала мектептік өмірдің жаңа сатысына қадам аттап жаңа қорқыныштармен соқтығысады. «Мектептік фобия» термині балада мектепке бару алдында туындайтын қорқынышты білдіреді. Бірақ бұған жалғыз мектеп емес, сонымен қатар үйден кету.  Көп ауырып ата – ана қамқорлығында көп болған баланың айырылысуы қиын.

Кейде ата – аналардың өздері мектептен қорыққандықтан балаларына санасыз осы қорқынышты сендіреді, оқу басындағы проблемаларды айтып балаларының орнына есепті шығарып береді. Оларды тым артық бақылауда ұстайды.

Ереже бойынша өзіне сенімді ,сүйікті құрдастарымен болғысы келетін және оқудағы проблемаларды өз бетінше шешуге тырысатын белсенді балаларда мектепке бару алдындағы қорқынышты сезбейді. Басқа жағдай, егер бала анасына тым жақын болып құрдастарымен қатынаста керекті тәрбиені меатепке дейін жинап үлгермесе, бұл балалар «ата – анасының үмітін ақтай алмаймын ба» деп қорқып мектепке бейімделмейді, қиын болып мұғалім алдында қорқады.

Мектепке барғанда ол қателік, ақымақтық жасау, ұятқа қалу, күлкіге қалу сияқты қорқыныш сұрақтары туады. Сұраққа үрейшіл балалар жауап беруге қорқады, әсіресе тақта алдында. Тақта олар үшін - өзіндік, жазалайтын орын. Бұл эмоционалды сезімтал, әлсіреген, жиі ауыратын, «кім күшті» екені анықталып қойған сыныптарға жаңадан ауысқан балаларда көп болады.

Үрейленудің үдемелі қарқындылығы бірінші сыныптан екінші он бірінші сыныпқа дейін екі есеге өседі. Бастауыш сыныпта үреуленуді баға жағын тексеру: тақтаға шығып айту, сынақ, көпшілік алдында сөйлеу туғызады.

Көбіне бала қысымын жеңілдететін жанұясы болып табылады. Отбасында бала жеке тұлға ретінде нақтыланады, өз уайымдарымен бөлісетін шеңбер табады, бір нәрсені бөлуді жөн көрмесе бөліспей қоя салады. Осы эмоционалдық фундаментті бере алмаған отбасы қиыншылықтар алдында және әлемнің қайшылықтары алдында баланы қорғансыз қалдырады. Сонда ол жан сүйеніші мен басқа ересектер арасында іздей бастайды.

«Жанұя мектептің бірлігі» қағидасына қаншалықты абай болу қажеттігі осыдан түсінікті болып отыр. Жақсы мұғалімнің өзі де баланың жекелік ерекшелігін ескермей, қателесуі мүмкін осы кезде жанұя мен мектеп бір-бірінің әрекетін қайталамай жай ғана толықтырып отыруы қажет. Көбіне біріккен мектеп пен жанұя былай көрінеді, ата –аналар жақсы бала деп – жақсы оқитын үйдегілермен тату тұратын, үйге мақтау қағаздарын тағы басқа әкелетін үлгерімді бала деп таниды. Ал мұнда отбасы мен мектеп бірігіп балаға қарсы шығады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі