Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2015 в 08:51, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде эмоциялық тұрақсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғары алаңдаушылықпен ерекшеленетін мазасыз балалар саны едәуір көп ұлғайған. Мазасызданудың пайда болуы және орнығуы баланың жас кезеңіндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ал, оған дейін, бұзылыстардың кең шеңберін өндіруші болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................... 3

І Тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы.

1.1. Мазасыздану мәселелерінің Oтандық психологияда зерттелінуі................ 7
1.2. Mазасыздану феноменін шет елдердің ғылыми мектептерінде қарастырылуы......................................................................................................... 11
1.3. Мектептегі мазасыздану мәселелерін қарастыру......................................... 17

ІІ Тарау. Бастауыш сынып жастағы балалардың құрбыларымен өзара
іс - әрекет ерекшеліктері

2.1. Өзара іс - әрекет стратегиялары және олардың біріккен әрекеттің белсенділігіне әсері.................................................................................................................... .…25
2.2. Коммуникативті компeтенттілік................................................................... 31
2.3. Коммуникативті компетенттіліктің байланыс және құрбылас топтағы
орнына қанағаттанбауы......................................................................................... 37

ІІІ Тарау. «Бала - бала» жүйесінің әсер етуімен мазасыздану деңгейін төмендетуге бағытталған, арнайы ұйымдасқан коррекциялық жаттығулардың, бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті үйренулерінің қалыптасуына әсер ететін эксперименттік зерттеулер.

3.1. Бастауыш сынып жастағы балалардың мазасыздану деңгейінің көрінісіне бағытталған психодиагностикалық зерттеу (белгілеу эксперименті)............... 41
3.2. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі
(қалыптастырушы эксперименті).......................................................................... 46
3.3. Коррекциялық – дамытушылық жұмыстың анализі
(бақылау эксперименті).......................................................................................... 56

Қорытынды............................................................................................................ 59

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................

Файлы: 1 файл

Филипс Айнур.doc

— 843.50 Кб (Скачать файл)

Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру көмегімен адам үрейден құтылуға тырысады, бірақ жүйкелік қажеттіліктер тойымсыз, оларды қанағаттандыру мүмкін емес, ал бұдан шығатыны үрейден құтылудың жолы жоқ деп есептеді К.Хорни. Көп деңгейде К.Хорни С.Салливенмен жақын,ол «жеке тұлға арасындағы теорияны» құраушы ретінде танымал. Жеке адам басқа адамдардан, жеке адамдар арасындағы ситуациялардан бөлектенуі мүмкін емес. Сәби өзінің туылған алғашқы күнінен бастап–ақ адамдармен өзара қарым – қатынасқа түседі және бірінші кезекте анасымен. Индивидтің ары қарай дамуы мен әрекеті жеке тұлға арасындағы қарым қатынастың өнімі болып саналатын бастапқы алаңдаушылық, үрей бар деп есептейді Салливен.

Салливен организмдерді кернеудің энергиялық жүйесі ретінде қарастырды. Ол белгілі бір шектердің арасында айнып тұрады – босаңсу, тыныштық күйі және кернеудің ең үлкен дәрежесі. Кернеудің бастаулары үрей және организм қауіптілігі болып табылады. Үрей адам қауіпсіздігіне шынайы немесе жалған қатерден туындайды.

Салливен, Хорни сияқты мазасыздануды тек қана жеке тұлғаның негізгі қажеттіліктерінің бірі ретінде қарастырмай, оның дамуын анықтайтын фактор ретінде де қарастырады. Жақсы емес әлеуметтік ортаға жақындау нәтижесінде, ерте жастық шақта пайда болған мазасыздану, күнделікті және әрдайым адамның бүкіл өмірінде болады. Алаңдаушылық сезімінен құтылу индивид үшін «орталық қажеттілікке» айналады және оның әрекетін анықтайтын күш болып табылады.

Адам қорқыныш пен үрейден, құтылу тәсілі болып табылатын түрлі әрекеттерді өңдеп шығарады. Мазасыздану түсінігіне Э.Фромм басқаша келеді (Фромм 1990). Хорни мен Салливенге қарағанда, Фромм психикалық дискомфорт мәселесіне қоғам дамуының тарихи тұрғысынан қарастырады.

Э.Фромм ортағасыр қоғамдық кезеңінде оның өндіріс тәсілдері мен топтық құрлымында адам еркін болған жоқ, бірақ ол жалғыз және бөлектенген жоқ, өзін осындай қауіп – қатерде сезінген жоқ және капитализмдегідей үрейді сезінген жоқ, сондықтан ол заттардан, табиғаттан, адамдардан, «жатырқаған» жоқ. Адам әлеммен бастапқы бастаумен байланысты болды. Фромм оларды алғашқы қауым болатын “табиғи әлеуметтік байланыстар” деп атады. Капиталзмнің өсуімен бастапқы бастаулар айырылып ерікті индивид пайда болады, табиғаттан, адамдардан, айырылған, нәтижесінде ол терең сенімсіздік, дәрменсіздік, күманданғыш, жалғыздық және үрей сезімдерін сезінеді. Үрейден құтылу үшін “жағымсыз еркіндікпен” туылған, адам осы еркіндіктің өзінен құтылуға тырысады. Жалғыз жолды ол еркіндіктен қашу деп табады. Яғни өзінен - өзі қашу, ұмытуға тырысады және жаман өзіндегі үрей күйін басып жаныштайды. Фромм, Хорни және Салливен үрейден құтылудың түрлі механизмдерін көрсетуге талпынады.

Фромм, бұл механизмдер сонымен қатар, “өзіне қашу” да, тек қана үрей сезімін үстіртін ғана жабады, ол толығымен индивидті одан құтқармайды. Керісінше бөлектенгендік сезімі күшейіп, өз «менің» жоғалтуда ең ауру күйі құралады. Еркіндіктен қашудың психикалық механизмдері иррационалды болып келеді. Фроммның пікірі бойынша, олар қоршаған шарттарға жауап беру реакциясы емес, сондықтан үрей мен күйзелу себептерін жоюға шамасы келмейді. Осы орайда, мынадай қортындыға келуге болады, мазасыздану қорқыныш реакциясына негізделген, ал қорқыныш ағзаның бүтіндігін сақтаумен байланысты, белгілі бір ситуацияларға жауап беретін тума реакция болып табылады.

Авторлар алаңдаушылық пен мазасыздану арасын айырмайды. Екеуі де, бір кезде балада қорқынышты тудыратын, жағымсыздықты күту ретінде көрінеді.

Үрейдің көмегімен бала қорқыныштан құтылуы мүмкін, қарастырылған теорияларды анализдеп, және жүйелеп, авторлар өздерінің жұмыстарныда белгіленген, үрейдің бірнеше бастауларын, бөліп көрсетуге болады:

1. Потенциальді физикалық  зияннан үрей бұл алаңдаушлық түрі ауыртпашылық, қауіп – қатер, физикалық сәтсіздік стимулдарымен байланысудың нәтижесінде пайда болады.

2. Махаббатты жоғалтып  алудан үрей (ана махаббаты, құрбыларының  сенімі).

3. Үрей әдетте төрт  жастан кем емес кезде байқалатын  кінә сезімінен туындауы мүмкін. Біраз үлкен жастағы балалардың  кінә сезімдері өзін кемсіту, өзіне деген ыза, өзін лайықсыз ретінде ойлап уайымдау, сезімдерімен сипатталады.

4. Қоршаған ортаны меңгеріп  алуға қабілетсіздіктен тындайтын  үрей. Ол қоршаған орта бөліп  шығаратын мәселелерді адам шеше  алмайтынын сезінсе көрінеді. Үрей  толық еместік сезімімен байланысты бірақ онымен пара – пар емес.

5. Үрей фрустрация күйінде  де пайда болуы мүмкін. Фрустрация  қатты қажеттілік немесе қалаулы  мақсатқа жетуде кедергі пайджа  болғанда, уайым ретінде анықталады. Үрей күйін әкелетін (ата-ана махаббатынан  айырылу және т.с.с) және фрустрацияны туғызатын ситуациялар арасында толық тәуелсіздік жоқ және авторлар да осы түсініктердің арасын нақты айырып көрсетпейді.

6. Үрей әр адамға сол  немесе басқа дәрежеде тән. Болмашы  үрей мақсатқа жетуге жұмылдыра  әрекеттендіреді. Үрейдің мықты сезімі эмоциональді бұзылған болуы мүмкін және ол қайғы әкеледі. Үрей адамға міндетті түрде шешілуі керек, мәселелерді ұсынады. Осы мақсатта түрлі қорғаныс механизмдері (тәсілдері) қолданады.

7. Үрейдің пайда болуында үлкен мән отбасылық тәрбиеге беріледі, ананың роліне, бала мен ананың өзара қарым – қатынасына. Жастық шақ кезеңі жеке тұлғаның келесі дамуын болжайтын кез болып табылады.

Осы орайда Массер, Корнер және Каган үрейді, бір жағынан, әр жеке адамға тән, қауіп –қатерге тума реакция ретінде қарастырса, екінші жағынан адам қоршаған ортамен өзара іс - әрекетте кездесетін, жағдайлардың (стимулдардың) өсімталдық деңгейіне тәуелді адамның мазасыздану деңгейін бөліп көрсетуге болады. lersild A, қорқыныш күйін алаңдаушылық және үрейді қоршаған ортада болып тұратын субъект жағдайға реакция ретінде қарастырады. Бұл екі құбылыстың арасында айырым жасалмайды. Алаңдаушлық кішкентай сәбиге тән болып келеді, ол қатты дыбысты естігенде кездейсоқ орын ауыстыруды сезінген немесе сүйенішін жоғалтқанда, сонымен қатар, ағза әлі дайын емес, басқа да кездейсоқ тітіркендіргіштер кезінде. Бірақ кішкентай бала оның кейінгі есейген шағында мазасын алуы мүмкін көптеген стимулдарға сезімсіз қалады. Роджерс эмоционалдық өзін-өзі сезінуді басқаша қарастырады (Роджерс К, 1980). Ол жеке тұлғаны адам тәжірибесінің өнімі ретінде немесе құлықтың және сананың қоғамдық формаларын меңгеру нәтижесі ретінде қарастырады.

 Қоршаған ортамен  өзара іс-әрекет нәтижесінде балада  өзі туралы, өзін бағалаушылық  туралы сипаттама пайда болады. Бағалаушылық тек, қоршаған ортамен үнемі қатынасу тәжірибесінен ғана емес, сонымен қатар, басқа адамдардан алынып, пайдаланылып, индивидтің өзі өңдеп жасаған сияқты болып қабылдануы мүмкін.

Роджерс мазасызданудың басқа бастауын мынада деп көреді, сана деңгейінің астында жатқан құбылыстар бар және де егер олар жеке тұлға үшін қауіпті сипатта болса, онда оларды саналы тұрғыдан ұғынғанға дейінгі бейсана астында қабылдап қоюы мүмкін. Бұл адам алаңдаушылықтық себептерін бағалай алмау күйіне, толқу үрей ретінде саналы қабылданатын, жүрек соғуы өсуінің реакциясының тудыруы мүмкін. Үрей оған себепсіз болып көрінеді.

Негізгі үрей және жеке тұлғаның негізгі конфликтін Роджерс жеке тұлғаның екі – саналы және санасыз жүйесінің қатынасынан шығарып қарастырады. Егер осы екі жүйенің арасында толық келісім болса, онда адамның көңіл күйі жақсы болып, ол сабырлы өзіне қанағат болады. Және керісінше екі жүйе арасындағы келісім бұзылса түрлі уайымдау алаңдау, үрей пайда болады. Бұл эмоционалдық күйлерді ескертудің басты шарты тез арада, адам өзінің бағалаушылығын қарастыра алуы және жаңа өмір шарттары талап ететін болса, өзін өзгерту болып табылады. Сонымен Роджерс теориясының шиеленіс драммасы, ол өткен тәжірибесі нәтижесінде құрылған өзі туралы түсінігі мен қазіргі алынып жатқан тәжірибесі арасындағы индивид өмірінің процесінде пайда болады. Осы қарама – қайшылық мазасызданудың негізгі қайнар көзі.

Негізгі жұмыстардың анализі көрсеткендей шет елдердегі авторлар мазасыздану табиғаты түсінігін екі жақтан қарастырады. Мазасыздану түсінігі адамға о бастан-ақ берілген қасиет ретінде және мазасыздану түсінігін адамға дұшпан сыртқы әлемге реакциясы ретінде, яғни мазасыздану өмірдің әлеуметтік шарттарынан шыққан.

Бірақ, осыған қарамастан мазасыздану түсінігін биологиялық және әлеуметтік деп бөлу принципті болар еді. Бірақ біз авторларды осы принцип бойынша бөле алмаймыз. Бұл екі көзқарас әрдайым көптеген авторларда қиылысып, араласады. Сонымен, Хорни немесе Салливен үрейді негізгі үрейдің бастапқы қасиеті деп есептейді. Бірақ оның әлеуметтік шығуын оның ерте балалық шақтағы қалыптасу жағдайына байланысты екенін белгілеп кетеді.

Фромм, басқа әлеуметтік ұстанымдардан тұратын сияқты, керсінше мазасыздануды табиғи әлеуметтік байланыстардың «алғашқы бастаулардың» бұзылуының нәтижесінде пайда болады деп есептеді. Ал табиғи әлеуметтік бастаулар дегеніміз не?  - ол табиғи яғни әлеуметтік емес. Онда үрей әлеуметтіктің биологиялыққа басып енуінен пайда болады. Осыны Фрейд те қарастырады, бірақ табиғи құштарлықтардың бұзылысы орнына, оның пікірінше, «табиғи байланыстардың» бұзылысы болып жатады.

Мазасыздану түсінігіндегі осындай биологиялық және әлеуметтік араласуларды біз басқа авторлардан байқаймыз. Мазасыздану табиғаты түсінігінің нақты еместігіне, түрлі бітпейтін айырмашылықтарға қарамастан барлығына ортақ бір бейне бар. Ешкім объективті негізделген мазасыздану мен адекватты емес мазасыздану арасын бөліп айырмайды.

Осы орайда, үрейді немесе мазасыздануды уайымдау күйі немесе азды көпті жеке тұлғаның ерекшелігі ретінде қарастырсақ, онда оның ситуацияға қаншалықты адекватты екені мардымсыз. Үрейге негізделген уайым – қайғы, қарастырылғандай, негізделмеген уайым – қайғыдан ерекшеленбейді. Субъективті жағынан бұл күйлер тең. Бірақ объективті жағынан айырмашылық өте үлкен. Субъект үшін объективті мазасыз ситуациядағы үрей уайымдаулары – бұл қалыпты адекватты реакция. Бұл жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуын және жақсы әлеуметтенуін әлемді қалыпты адекватты сипаттайтын реакция болып табылады. Мұндай уайымдау субъекттің мазасыздану көрсеткіші болып табылмайды. Үрейді жеткілікті негізсіз уайымдау, бұл әлемді бұрмалап, қате адекватты емес, қабылдау болып табылады. Бұл жағдайда мазасыздану адамның ерекше қасиеті ретінде ерекше адекватты емес түрі ретінде сөз болады.

 

 

 

1.3 Мектептегі мазасыздану проблемасын қарастыру.

Мектеп ең бірінші болып бала алдында әлеуметтік – қоғамдық өмірдің әлемін ашады. Жанұясымен қатар өзіне бала тәрбиесіндегі басты ролдерді алады. Осылайша мектеп баланың жеке тұлға болуына белгілі бір фактор болады. Оның көптеген негізгі қасиеті және жекелік сапасы өмірінің осы кезеңінде қалыптасып, олар қалай салынғанынан байланысты оның алдағы дамуы көбіне тәуелді,әлеуметтік қатынастардың ауысуы бала үшін маңызды қиындық екені белглі.

Мазасыз күй, эмоциялық кернеу, басты түрде балаға жақын адамдардың болмауымен, өмір қозғалысы мен үйреншікті шарттардың, қоршаған орта жағдайының өзгерісімен байланысты (Макшанцева 1998).

Үрейдің мұндай психикалық күйін нақты емес анықталмаған қатер сезімі ретінде анықтау қабылданған.

Келе жатқан қауіпті күту белгісіздік сезімімен үйлеседі: бала, ереже бойынша, неден қауіптеніп тұрғанын айта алмайтын күйде болады. Осыған ұқсас қорқыныш эмоциясынан ерекшелігі, үрейдің белгілі бір бастауы болмайды. Ол араласқан және жалпы бұзылған іс-әрекетте, оның өнімін және бағытын бұзатын әрекет болып көрінуі мүмкін.

Мектеп баланы мазасызданудан айырып қорқыныш тұтқынынан шығара алады. Мұғалім, мектептегі оқиғаларды бағыттаушы мазасыз бала үшін «психотерапевт» бола алады және болу керек. Өйткені, оның қолында көптеген құрал: марапаттау ғана емес, «емдейтін де» баға, қоғамдық ұжым өмірі, сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстар

 

Үрей мен мазасыздану туралы түсінік

Үрей – уайым қайғының өте ауыртпашыл түрі. Белгісіз бір жақтан келе жатқан қатер, алақан терлеу, жүректің соқпай қалуы, «бір нәрсені лезде істеу керек» деп қалмайтын сезіну сиқты бәрімізге таныс сезімдер бір орында отырғызбайды. Ал, бірақ нақты нені және неден қауіптену, қашу керектігін – біз білмейміз.

Үрей – белгісіз нәрседен қорқыныш. Неміс философы Пауль Тилих жазды, үрей – болмыстың жоқтығына қорқыту реакциясы. Бір нәрсеге үрей, аты, бейнесі, жоқ, бірақ адамның өзін, «менің» жоғалтуға қауіптендіреді.

Үрейді нақты емес анықталмаған, бағытталмаған қауіп, түсініксіз қатер сезімі ретінде анықтайды. Бұл белгісіз сезімімен сай келеді. одан қайдан қатер келетінін білмейді. Қорқыныш эмоциясынан айырмашылығы белгілі бір бастауы болмайды.

Қорқыныш пен үрейдің біріктіруші басы алаңдаушлық сезімі болады. Адам қатты алаңдаған (беспакойство) кезде сасқалақтап, қажетті жауап таппай, толқыннан дірілдей сөйлеп, және көбіне мүлдем сөйлемейді, қорыққан кейіпте болады. Ішінде бәрі «түседі» салқындайды, дене ауырлайды, аузы құрғап алақан ылғалданады, жүзі бозарып, адам түгелімен «терге батады». Бір уақытта ол көп қозғалыс жасайды, аяқты қайта – қайта айқастырып, тынымсыз киімін түзулеп немесе мүлдем қозғалыссыз қалыпқа енеді. Қатты алаңдаушылықтың осы көріністері ағза қызметінің психофизиологиясын қысымын айтады.

Мазасыздану басым болып алаңдаушылық күй мен қоса қозғалыс қозуы көрінеді. Яғни адам өзін кез-келген және керек емес жұмыспен де шұғылдануға тырысады. Қиын басқарылатын сөздер ағымы (логария) түрінде көрінетін, күтуге шыдамы жоқ сипат тән және де көп сөзділік түсінудегі артық байымдылық, жалғыздық қорқынышын жоятын нәзіктік сезімі, жұмыс бастылықты көрсететін үздіксіз қоңырау шалулар жаңа терістеліп тәуелділікке бел буу жойылады, барлық жаңалық белгісіз болып қабылданған соң, құлық кертартпа (консервативный) сипатқа ие болады. Бұл қатынас одан да көп үрейленуді туғызады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі