Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2015 в 08:51, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде эмоциялық тұрақсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғары алаңдаушылықпен ерекшеленетін мазасыз балалар саны едәуір көп ұлғайған. Мазасызданудың пайда болуы және орнығуы баланың жас кезеңіндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ал, оған дейін, бұзылыстардың кең шеңберін өндіруші болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................... 3

І Тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы.

1.1. Мазасыздану мәселелерінің Oтандық психологияда зерттелінуі................ 7
1.2. Mазасыздану феноменін шет елдердің ғылыми мектептерінде қарастырылуы......................................................................................................... 11
1.3. Мектептегі мазасыздану мәселелерін қарастыру......................................... 17

ІІ Тарау. Бастауыш сынып жастағы балалардың құрбыларымен өзара
іс - әрекет ерекшеліктері

2.1. Өзара іс - әрекет стратегиялары және олардың біріккен әрекеттің белсенділігіне әсері.................................................................................................................... .…25
2.2. Коммуникативті компeтенттілік................................................................... 31
2.3. Коммуникативті компетенттіліктің байланыс және құрбылас топтағы
орнына қанағаттанбауы......................................................................................... 37

ІІІ Тарау. «Бала - бала» жүйесінің әсер етуімен мазасыздану деңгейін төмендетуге бағытталған, арнайы ұйымдасқан коррекциялық жаттығулардың, бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті үйренулерінің қалыптасуына әсер ететін эксперименттік зерттеулер.

3.1. Бастауыш сынып жастағы балалардың мазасыздану деңгейінің көрінісіне бағытталған психодиагностикалық зерттеу (белгілеу эксперименті)............... 41
3.2. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі
(қалыптастырушы эксперименті).......................................................................... 46
3.3. Коррекциялық – дамытушылық жұмыстың анализі
(бақылау эксперименті).......................................................................................... 56

Қорытынды............................................................................................................ 59

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................

Файлы: 1 файл

Филипс Айнур.doc

— 843.50 Кб (Скачать файл)

Дж Мид адам ісін ақпаратты аламасуға негізделген әлеуметтік құлық ретінде қарастырады. Ол адамдар тек қана басқа адамдардың әрекетіне ғана емес сонымен қатар олардың алдағы ниеттеріне де жауап қатады деп есептеді. Дж Мид әрекеттің екі типін бөліп көрсетті:

1. болмашы ым-ишара (көзді жұму сияқты автоматты рефлекс).

2. пәнді ым ишара (ойланып істелмеген әрекеттермен байланысты және басқа адамның ниеті).

Символикалық интеракционизм мәні адамдар арасындағы өзара іс - әрекет үздіксіз диалог ретінде қарастырылады. Ол процесс кезінде олар бақылайды, бір-бірінің ниеттерін түсініп және оларға жауап қатады. Интеракционистік концепцияның орталық идеясы мынада: жеке тұлға басқа жеке тұлғалармен өзара іс - әрекеттескенде қалыптасады.

Э.Гофман әлеуметтік өзара іс - әрекеттегі әсерлерді басқару теориясын өңдеп шығарылды. Осы идеяға сәйкес адамдар басқа адамдарға жақсы әсер қалдыруға көмектесетін ситуацияларды өздері жасайды. Психоаналтикалық теорияға сәйкес адамдардың өзара іс - әрекеті процесі олардың балалық тәжірибесін өңдеп шығарады. З.Фрейд адамдар әлеуметтік топтарды құрады да лидерлеріне адалдық және табынушылық сезімін сезгендіктен сол топтарда қалып қалады деп есептеді. З.Фрейдтің пікірі бойынша ол былай түсіндіріледі: біз лидерлердің сапаларын бұрын балалық кездегі ата – аналарымыздың суреттеуіндегі құдіретті мықты тұлғалармен сәйкестендіреміз. Бұл сияқты ситуацияларда біз дамудың ерте кезеңіне «ораламыз». Мұндай «оралу» негізінен, өзара іс - әрекет ресми емес немесе ұйымдаспаған ситуацияларда болады. Қызметтегі контекске өзара іс - әрекеттің нақты формаларын қосқанда оны қызметті ұйымдастыру формасы ретінде қарастыруға болады. Біріккен әрекеттің, ұйымдастыру формаларының нақты мазмұны жалпы топтық қызмет процесінде қатысушылардың жекелік «салымдары» қатынасымен анықталады. Сонымен Л.М.Уманский біріккен қызметті ұйымдастырудың үш мүмкіндік болатын формаларын немесе модельдерін бөлді:

1. әр қатысушы басқаларға тәуелсіз жалпы жұмыстан өзінің бөлімін іздейді;

2. жалпы тапсырманы әр  қатысушы орындайды.

3. әр қатысушының барлығымен  бір уақыттағы өзара іс - әрекетті орын алады.

Топтағы жақсы атмосфера мен біріккен іс - әрекеттің өнімді нәтижелері, көбіне өзара іс - әрекет стиліне тәуелді өзара байланыс тәсілдері немесе субъекттер қатынасындағы қатысушылардың контактысы (Горянин, 1996).

Ресурстар және адам мүмкіндіктерінің сәтті жүзеге асырылуы сенімділіктегі қатынастың құрылуына септігін тигізетіні анық. Сол потенциалдар сенімділіктен айырылған партнерлар, арасындағы контакттың «қасарыспа», «әлсіздігіне» сілтейтін немесе ол да болмайтын қатынастар ашылмаған болып қалады. Осыған байланысты өзара іс - әрекеттің өнімді (продуктивный) және өнімсіз (непродуктивный) стилдері туралы айтуға болады. Өзара іс - әрекеттің өнімді стилі біріккен әрекеттің тиімді нәтижелеріне қол жеткізу және жекелік потенциалдарды ашу, өзара сенімділік қатынасының ұзаруына қабілеттілік танытатын партнерлар қатынасының жемісті тәсілі ретінде анықталады. Адам арасындағы мұндай стиль о бастан-ақ болмайды, ол қалыптасатыны белгілі. Өзара іс - әрекет қатысушылары өздерінің жекелік ерекшеліктерінен көбіне бір-біріне бейімделе алмайды, келісімге келе алмайды, тосқауларды жеңіп, сенімді қатынасты орната алмайды. Басқа жағдайда өзара іс - әрекет дамуының алғашқы кезеңдерінде біршама сенімділік пен тепе – теңдікке қол жеткізген соң, адамдар тиімді өзара іс - әрекетті сақтай алмайды. Екі жағдайды да біз өзара іс - әрекеттің өнімсіз стилдері деп айтуға болады – біріккен әрекетте ең жақсы нәтижелерге жетуге және жекелік потенциалдар реализациясын бөгеттейтін партнерлар қатынасының жеміссіз тәсілдері.

Өзара іс - әрекеттің өнімсіз стилінің психокоррекциясы, адалдық әркеттің бірегейлігі ретінде жекеленуді идентификациялау механизмі арқылы іске асырылады және өзінен мынадай процесті сипаттайды:

- рефлексияның дамуы  – «ситуация үстіне шығу» қабілеттілігі және өзара іс - әрекеттің өнімсіз стилінің негізгі себептерін сапалы ұғыну;

- өз-өзіне басқаларға  және түгелімен әлемге сөзсіз  сенімділікті дамыту.

Өзара іс - әрекеттің өнімсіз стилінің психокоррекциясы жеке тұлғаның жекеленуіне және әлеуметтік динамиканың қайшылығын ұғынуға мүмкіндік беретін жауапкершілік және сенім рефлекция дамуының процесін сипаттайды, және де өзін жақсы ұстап өзін «әлеуметтік дұрыс» жетелеп жүруге трысу немесе жеке адамның өз ұстанымында тұрып қалу, өзді - өзімен болуға ұмтылу арасындағы конфликттерді жеңудің позитивті формаларын табу. Кернеу, үрей жағымсыз эмоцияларды уайымдау және проблемалары конфликтілік ситуациялардан, қатынас стратегиясынан қашу және әртүрлі формаларда көрінетін өзара іс - әрекеттің өнімсіз стилі негізделеді:

- адам үшін жанұяның  басқа референттік топтардың  идентификациясымен құрылмаған  эмоциональді толыққан жарлықтарын (өзін - өзі бағалаушылық әлемге  сенімсіздік жалғыздыққа душар  болу, басқаларды бағаламау);

- өзара іс-әрекеттің  қиын жағдайында күшейетін ішкі жағымсыз эмоциялардан туындайтын өзара қарым – қатынастағы қайшылық. Өзара іс - әрекет стилінің коррекция процесі жекелену идентификациясы механизмі арқылы іске асырылады да өзіне мынаны қосады:

- рефлекцияның дамуы  – «ситуация үстіне шығып»  өзара іс - әрекеттің өнімсіз стилінің себептерін ұғыну,

- бүкіл әлем, басқаларға  өзіне-өзі сөзсіз сенімділікті дамыту;

- жеке тұлға арасында  кеңістікте және ішкі реакция  аймағындағы шиеленіс ұмтылыстарын  келісімге келтіру үшін – жауапкершілікті дамыту.

Рефлекцияның дамуы, сенімдлік және жауапкершілік референттік тәжірибеде психологтың клиентпен қарым – қатынасында іске асырылады, мнаған мүмкіндік береді:

  • контакттан құтылу стратегиялары және белгілі бір әлеуметтік шарттардың бұзылуы мүмкін ролін саналы ұғыну;
  • өзара іс - әрекет ситуаияларын адекватты қабылдаудың бұрмалайтын құрылмаған шарттардың негізінде жатқан жағымсыз эмоциялардың үдемелі қарқынын төмендету;
  • жауапкершілік және өзара сенімділік қатынасын сақтауға және орнатуға мүмкіндік беретін контактқа қатысты стратегияны иемдену.                 

Жекеленуді – идентификациялау механизмі арқылы өзара іс - әрекет стилінің психокоррекциялық негізгі әдісінің бірегейлігінің бес негізгі блоктар моделімен ұсынуға болады:

    • сенімділікті орнату;
    • өзара іс - әрекеттің өнімсіз стилінің себептерін зерттеу;
    • жеке тұлғаның ішкі реакциясы аймағындағы шиеленіс ұмтылыстарын келісімге келтіру және дифференциациялау;
    • өзара іс - әрекеттің қалыпты (құрылмаған) стереотиптерін өзгерту.

Осы орайда, өзара іс - әрекет жеке тұлғаның дамуында ерекше рол ойнайды, ал өзара іс - әрекетке кіре алушылық біріккен әрекеттегі тиімді нәтижелерге жетуге және жекелік потенциалдарының ашылуына, өзара сенімділік қатынасын орнатуға септігін тигізеді. Ал бұл, өзара іс - әрекет нәтижесінде жақсы болжам қолдану тенденцияларының қалыптасуына көмектесіп, және мазасызданудың жоғарғы деңгейінің пайда болуына әкелмейді. Бұл жерде сөзсіз, коммуникативті компенеттілік проблемасы көтеріледі.          

 

 

2.2 Коммуникативті компетенттілік.

Қарым – қатынастағыы компетенттіліктің амалдарын таңдау жолдары көбіне табиғатты түсінумен анықталады. Қарым – қатынастағы компетенттілік, сөзсіз, жаңа нұсқадағы жалпы адамзаттық сипаттамаға ие және де сонымен қатар, тарихи және мәдени негізделген сипаттамаға да ие. Сонымен, біздің қоғамымыздағы қарым – қатынасқа репрессивті бағыттылықтың басымдылығы, ондағы қарсы тұру, күрес стратегиялары, көбінесе революциялық, идеология мен практика әсерінен құрылды. Осы көзқарас тұрғысынан, қазіргі жағдайда компетентті қатынастың дамуы, бірнеше принциптік бағыттылықты ұсынады.

Және бұл түсінікті де, әлеуметтік – психологиялық жағынан адам өмірінің мәнін қатынас ретінде анықтауға болады, өйткені адамның өмір әрекетінің барлық кеңістігі өзінің сипаты бойынша тұлғааралық. Адам әрдайым компанияда басқамен -  шынайы партнермен ойланатын, таңдалған және т.б. Бұл көзқарас тұрғысынан, адам өмірі, тағдыры ретіндегі компетенттілік қарым – қатынас қазынасын асыруға бағалау өте қиын. Көптеген қарым – қатынас жағдайларында жаңа нұсқаны қараушы компоненттер, олар – қатысушылар, ситуациядағы тапсырма. Нұсқалық әдетте құраушылардың өзгеру сипатымен байланысты болып келеді, кім партнер, ситуация немесе тапсырма қандай және  арасындағы байланыс қандай. Жалпы қарым – қатынастағы компетенттілік өзіндік психологиялық потенциялының, ситуация немесе тапсырма, партнер потенциалының адекватты дамуына бағытталған. Осылайша, коммуникативті компетенттілік даму тәжірибесі тұрғысынан, жұмысты – іскер немесе ролдік және ішкі жекелік сияқты қарым – қатынас – психологиялық шеттену, бұл Мен – Сіз контакт.

Ішкі – жекелік қарым – қатынас үшін партнерлар арасындағы жақын психологиялық қашықтық тән, бұл Мен – Сен контакт. Бұл жерде әр адам жақын психологиялық мәртебеге ие болады, ал қарым – қатынас, тек сыртқы ақпарат емес, өзінің ішкі әлемін,  өзін партнерға сеніп тапсыру туралы сөз болып жатқаннан кейін терең, шын мағынада сенімді бола бастайды. Қарым – қатынастағы   компетенттілік түрлі психологиялық алыс та, жақын да дистанцияда контакт құрай алушылықты және дайындықты сипаттайды. Нағыз қарым – қатынас туралы стратегиялық анықтамаларға түрлі көзқарастармен жақындауға болады, олардың, біреуі бағдар ретінде баюды бөледі. Бұл жағдайда компетентті қарым – қатынастың дамуындағы негізгсі болып кең – байтақ, көп түрлі психологиялық позицияларды алуға бағытталышулық болып  табылады.

Барлық психологиялық аспаптарда ойнау сияқты, қызықтыра алушылық, бүкіл мүмкіншіліктерді пайдалана алушылық – психологиялық толығудың мүмкін болатын бір көрсеткіші. Қарым – қатынастағы мүмкін болатын позициялардың көптеген классификациясы бар. Мысалы, келесідей тізім белгілі: партнерға жоғарыдан икемделу, оған тепе – тең болып икемделу, төменнен икемделу және партнерға мүлдем жоламау позициясы.

Әрине, аталған ұстанымдардың біреуі де біле – тұра жақсы немесе жаман болып танылмайды. Қарым – қатынас табиғатының психологиялық түсінігінде әр түрлі амалдар жолы болуы мүмкін: олардың ішіндегі төтенше сияқты бихевористік және гуманистік. Бірінші жағдайда қатысушылар потенцияланың көрсеткіші ретінде - құлықтық сипаттың байлағына көңіл бөлінеді, ал екіншісінде – үйлесімді, құнды гумандық  қатысушылар потенциялы. Коммуникативті компетенттіліктің дамуы барысында, ал екінші жағдайда қатысушылардың гуманистік құндылығы сипатталады. Коммуникация - өзара түсіністіккке алып келетін екі жақты ақпарат алмасу процесі. Коммуникация латын тілінен аударғанда «ортақ, барлығымен бөлісетін» дегенді білдіреді, өзара түсінушілікке жетпесе, онда коммуникация болмайды. Коммуникация сәттілігіне көз жеткізу үшін, адамдар сізді қалай түсінді, сізді қалай қабылдады, мәселеге қалай қарайтыны туралы кері байланыстың болуы шарт. Коммуникативті компетентілік – басқа адамдармен қажетті контактіні орнатуға және жалғастыруға қабілеттілік. Жақсы коммуникация үшін тән: партнерлардың өзара түсініктілігіне жету, қарым қатынас пәні мен ситуациясында тиімді коммуникация құруға қажетті ресурстардың ішкі жүйесі ретінде қарастырылады. Жақсы емес коммуникация себептері мынадай болуы мүмкін:

а) адамдар арасындағы жаман қатынас, егер адамның қатынасы дұшпандық қалыпта болса, онда оны өзіңіздің көзқарасыңыздың әділ екеніне сендіру өте қиын,

б) әңгімелесушінің зейіні мен қызығушылығының болмауы, қызығушылық, адам ол ақпараттың өзі үшін маңызды екенін ұғынғанда туындайды.

с) қажетті мөлшердегі фактілердің болмауынан қорытынды жасау әдеті.

д) пікірін құрудағы қателіктер: сөздердің дұрыс емес таңдалуы, сенімділіктің әлсіз болуы және т.с.с.

е) тактика мен стратегияның дұрыс емес таңдалуы.

Қарым-қатынас түрлі деңгейде болуы мүмкін: үстіңгі, терең, конфликтілі. Үлкендер әлеміне еніп, балалар әлеуметпен көбірек өзара әрекетке түседі. Оларға, өздеріне қажетті ақпарат алуы үшін бейтаныс  адамдармен қатынас жасауына тура келеді (мысалы, дүкен сатушыларымен, т.б.). Бұл жай қатынастың үстіңгі деңгейі болғанымен, жақсы коммуникативті дағдыларды қажет етеді. Досымен, ата-анасымен қатынастың терең деңгейі, басқаны және өзін жақсы түсінуді талап етеді.

Мен бұл қатынастан нені қалаймын, өз позициямды түсінемін ба, қатынаста нені жібере аламын, ал неден бас тартамын.

Конфликтілік ситуацияда балалардың жекелік ерекшеліктері одан да көп көріне бастайды. Мысалы, егер оның қарым-қатынасы Бала позициясынан құрылса (жауапкершіліксіз, сенімсіз), онда оның партнеры Ата-ана позициясын алады (өз қызығушылықтарын қысқартатын.), бұл кезде конфликт оның пайдасына шешілмейді. Конфликттің құрылымдық шешілуі әсер етеді: өзі туралы бейнесі, басқаны түсіну - өзін соның орнына қоюға қабілеттілік, ситуацияны жалпы түсіну. Коммуникативті компетентілік,  әдетте, басқа адамдармен контактіні орнату және ұстап тұруға қабілеттілік деп түсінеді. Балалар үшін, көбіне, құрбыларымен қарым-қатынас аймағы маңызды болып келеді. Олар үшін маңыздысы:

- ұнаған адамымен таныса алуы;

- компанияда өзін еркін  сезіну, өзіне маңызды нормалармен  қызығушылықтарды бөлісу;

- бұдан өзінің жекелігін жоғалтып жатпағанын сезіну, өзінің ойын және сезімдерін білдіре алуы.

Жиі балалар кері байланысты бере алмайды, - балаларды бақылағанда, оларды белгісіз бір күш басқаратындай әсер қалыптасады. Балалар, олардың құлығын анықтайтын өз менінің түрлі бөлшектерін ұқпайды. Д.Мидтің ұсынған концепциясында, бала өзін басқа адамдардың көзімен көреді делінген. Басқа адамдардың дұрыс емес пікірі біртіндеп баланың ішкі жоспарына еніп, оның өзі туралы өзіндік бейнесіне айналады. Егер балаға кішкентайынан дұрыс құрметпен қарамаса, қолдамаса, ал мектепте «нашар оқисын» дей берсе, бала онымен іштей келісіп және болашақта осы бейнені «ақтауы» мүмкін (Бернс Э., 1989) /1/. Мен – концепциясын өңдеумен айналысатын Э. Эриксон, баланың сәби кезден-ақ базалық сенімін өңдеп шығару қаншалықты маңызды екенін айтады. Базалық сенім бұл тек қана өміріңізді сырттай қамтамасыз ететіндерге арқа сүйеу қабілеттілігі емес, бұл өзіне деген сеніушілік, бұл кім болғың келсе, сол боласың деген сезім. Бұл басқа адамдарға сенім, әлеуметке алда сабырлы, жақсы қарым-қатынас, балаға оның қолынан көп нәрсе келетінін ұғындыру (Эриксон Э., 1996) /90/. Баланың жекелік ерекшелігі, өзі туралы түсінігі оның коммуникативтік процестеріне, басқа адамдармен өзара қарым-қатынасына әсер етеді. Балалардың коммуникативті компетентілігін жоғарылатумен айналысқанда, оларда сенімді құлық - дағдылары түсінігіндегі коммуникативті дағдылар қалыптасады:

- ашық-жарқындылық, әділдік, сөзді тіке айту;

- басқа адамды таңдай  алу;

- компромисті іздеуге  қабілеттілік;

- өз дегенінде тұра  алу;

- адамда үш: қабылданатын, сыйлы болатын, басқалар түсінетін  қажеттіліктерін ескере отырып, контакттың бастапқы фазасын  құра алуы.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі