Казіргі кездегі суицидалдық мінез-құлықты зерттеу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 16:48, дипломная работа

Описание работы

Латын тілінен аударғанда «суицид» сөзі «өзін-өзін өлтіру» деген мағынаны білдіреді. «Өзін-өзі өлтіру» деген түсінікке ХІХ ғасырда «Самоубийство: Социологический этюд» деген еңбегінде француз социологы Эмилем Дюркгейм классикалық тұрғыда анықтама берді. Өзінің осы түсінік туралы пікірінде, тікелей немесе жанама болса да, оң немесе теріс қылықтардың нәтижесі болып табылатын әрбір өлім жағдайын жәбірленушінің өз жасаса, және ол оның нәтижесі туралы білсе, онда ол өзін-өзі өлтіру әрекеті болып табылады дейді. Өзін-өзі олтіру – философиялық, психологиялық (психологиялық теріс бейімделу, фрустрация), әлеуметтік, медициналық, адамгершіліктің және құқықтың проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен.

Содержание работы

Кіріспе……………………………............................................................................3
1 Суицид мәселесінің әдіснамалық, теориялық негіздері....................................5
1.1 Суицид мәселесіне әдіснамалық талдау ....................................................5
1.2 Суицидті әлеуметтік мәселе ретінде қарастыру..........................................7
2 Жастар арасындағы өзін - өзі өлімге итермелеудің алдын - алу және олармен әлеуметтік жұмыс .................................................................................10
2.1 Суицидтік жағдайлардың негізгі себептері....................................................10
2.2 Жастар арасындағы суицидке байланысты жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар..................................................................................................................14
2.3 Кризистік көмек..............................................................................................23
Қорытынды..............................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………..................................................29

Файлы: 1 файл

Суицид диплом марта.doc

— 510.00 Кб (Скачать файл)


Мазмұны

Кіріспе……………………………............................................................................3

1 Суицид  мәселесінің әдіснамалық, теориялық негіздері....................................5

1.1 Суицид мәселесіне әдіснамалық талдау ....................................................5

1.2 Суицидті әлеуметтік мәселе ретінде қарастыру..........................................7

2 Жастар  арасындағы  өзін - өзі  өлімге  итермелеудің алдын - алу  және олармен  әлеуметтік   жұмыс .................................................................................10

2.1 Суицидтік  жағдайлардың негізгі себептері....................................................10

2.2 Жастар  арасындағы суицидке байланысты жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар..................................................................................................................14

2.3 Кризистік көмек..............................................................................................23

Қорытынды..............................................................................................................25

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………..................................................29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Зерттеу мәселесінің  өзектілігі. . Қазақстан Республикасының егеменді ел болып қазіргі таңдағы даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен, әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Бұл қазiргi кезеңдегi оқушылардың әлеуметтiк жағдайдағы дамуына үлкен өзгерiстер келтiредi,  яғни олардың өзiн-өзi бағалауының  жеке тұлға болып қалыптасуына әсерiн тигiзедi.

Біздің  қарастырып  отырған мәселеміз, жастар  арасындағы  өзін-өзі өлтіру  мәселесі және  олармен әлеуметтік  жұмыс. Суицид мәселесі – ол  әлеуметтік  мәселе болып табылады. Суицидке  көбінесе  жастар баратын  болғандықтан, жастармен кең  түрде  әлеуметтік   жұмыс  жүргізуіміз қажет. Ал  грек  философы Эмпедокл, Диоген  Лаэрттің  айтуы  бойынша  психопатологиялық    аурудың  әсерінен  отқа  оранған   Этна  жанартауына   құлап  өлген. Осы  ісімен   өзінің -  Құдаймын   деген  лақпырт  сөздерді  растаймын  дегені. Рим  империясында   жазықты  болған  адам  өз  еркімен  өмірден  кетсе, онда оның  отбасы  қудаланбаған  Өзін-өзі   өлтіру  (суицид )  - адамның   өз - өзіне қол жұмсауы . Зерттеушілер бірінші   тарихи  формадағы  өзін - өзі  өлтіру деп,  ритуальдық   өзін - өзі  өлтіруді  атаған. Адамның өзіне қол жұмсап, өмірден өз еркімен кетуі адамдарға ғана тән құбылыс болғандықтан, мың жыл бұрынғыдай адамдар өлімді өз еркімен қабылдаған. Бүгінгі күні бұл құбылыс барлық өркениетті елдерде қауіп төндіруде. Бұған түрлі факторлар әсер етеді.  Ғалым В.К.Хорошконың айтуынша, баланы өлтіру үшін, оны ауыр жаралап тоқпақтаудың қажеті жоқ, жақсы көрмесең болды, ол да өлімінің бір себебі болуы мүмкін. Көптеген  уақыт бойы  жастардың өз - өзіне қол жұмсауы туралы тақырып жабық болып, бұл туралы  нақты зерттеулер  жүргізілмегендіктен, сол кездегі идеология,  яғни  саясат - жарқын, бақытты мемлекет, ондағы  балалар бақытты  өмір  сүріп,  болашақта  одан  да  артық өмір  сүреді  деген  ұғымды  сіңіріп  келген, ал  өз-өзіне  қол  жұмсау туралы  сөз қозғамаған.  Жасөспірімдер  мен  жастардың  өзіне-өзі қол  жұмсауы  баспада  айтылмай, жабық  күйінде  белгісіз болып  келген. Сол  кездегі  бұқара  халықта  жастардың  өз-өзіне қол жұмсауы  туралы  жаңсақ  екі  пікір  таралған:

- біріншіден, өз-өзіне  қол  жұмсайтын  жастар  психикалық  ауруға  шалдыққаннан, ауру  адамдар;

- екіншіден, кәмелетке  толу жасы, жастардың психопатологиялық кезеңі, кризистер өз-өзіне қол жұмсау  процентін арттырады деп түсінген. Шын мәнісінде жасөспірімдер мен жастардың өз-өзіне қол жұмсауы ересектерден  гөрі  аздау. Оның 22 - 24 жастан  жоғары екендігін айта кету болып табылады.[1]

Жыл сайын әлемде бiр миллионнан астам адам өзiн құрбандыққа шалады десек, оның 280 мыңы қытайлықтар, 51 мыңы орыстар, 30 мыңы америкалықтар, 25 мыңы жапондықтар, 20 мыңы француздардың үлесiнде екен. Жер жаһанда әрбiр 20 секунд сайын бiр адам өз өмiрiне балта шабуда. Шведтiң суицидиологиялық зерттеулер орталығының мәлiметiне сүйенсек, жан басына шаққандағы көрсеткiш бойынша бiрiншi орынды Шри-Ланка (100 000 жасөспiрiмге — 46,55), екiншi орынды Қазақстан иеленген (100 000 жасөспiрiмге — 24,02). Психологтардың сөзiне қарағанда, өз-өзiн өлтiру оқиғалары әйелдерге қарағанда ер адамдар арасында жиi ұшырасады.

Жуырда ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Ж. Сүлейменов белең алып кеткен өз-өзiне қол жұмсау фактiлерiн азайтуға үкiметтiк деңгейде көңiл бөлу қажеттiгiне тоқталды. Сөйтiп, Премьер-министрге арнайы сауал жолдады. Халық қалаулысының айтуынша, жасөспiрiмдер арасындағы суицидтi тоқтатуға психологтардың дәрменi жетпей отыр. Сондықтан, жан күйзелiсiне ұшыраған жастарға көмек көрсету шарасын ширату қажет.

Шетелдiк ғалымдардың  айтуынша, шын мәнiнде, өзiне-өзi қол  жұмсауды ойлаған адамдар өмiр  сүргiсi келiп, көмек iздеп шарқ ұратын көрiнедi. Әрине, өмiр деген тәттi ғой шіркін.

Жеткіншек кезеңде  суициалдық  мінез-құлықтың  кейбір өзгешеліктері болады. Жеткіншектер арасында  ересектерге қарағанда өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау жиі кездеседі. Бірақ олардың  азғана бөлігі өздерінің қойған мақсатына  жетеді. Суициалдық мінез-құлық  бұл жаста көп жағдайда   демонстративтік сипат, сонымен бірге байбаламдық  сипат алады. Психолог-ғалым  А.Е.Личконың  көрсеткеніндей, тек қана жеткіншектердің 10 пайызы шынайы өлгісі келетін  ниет білдірсе, ал 90 пайызы көмекке шақырған жан-айқайы болып есептелінеді.

Қандай қиыншылық жағдайда болмасын адамдардың өз өмірін қиюға немесе басқа адамның өміріне қатер төндіруге құқығы жоқ. Себебі, адам – саналы ғұмырын тек жақсылықта өткізуі керек.

Зерттеу пәні: суицидтің әлеуметтік жағдайы.

Зерттеу объектісі : адамдар арасындағы суицидтік жағдаяттар.

Зерттеу  жұмысының мақсаты : суицид  жасауға  не  итермелейтінін  немесе  қандай  себеп  екенін  түсіндіру.

Зерттеу  жұмысының  міндеттері:

1) Суицид мәселесіне әдіснамалық талдау.

2) Суицидтік  жағдайлардың негізгі себептерін анықтау.

3)Жастардың өмірге  деген құлшынысын арттыру.

Зерттеу болжамы:

Зерттеу көздері:

Зерттеу әдістері:

Зерттеудің  ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

Зерттеудің  практикалық мәні:

Зерттеу нәтижелерінің  дәлдігі мен негізділігі:

Зерттеу нәтижелерін  сынақтан өткізу:

Дипломдық жұмысты  құрлымы:

 

 

 

 

І СУИЦИД МӘСЕЛЕСІНІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Суицид мәселесіне  әдіснамалық талдау

 

 

Латын тілінен аударғанда «суицид» сөзі «өзін-өзін өлтіру» деген  мағынаны білдіреді. «Өзін-өзі өлтіру»  деген түсінікке ХІХ ғасырда  «Самоубийство: Социологический этюд» деген еңбегінде француз социологы Эмилем Дюркгейм  классикалық тұрғыда анықтама берді. Өзінің осы түсінік туралы пікірінде, тікелей немесе жанама болса да, оң немесе теріс қылықтардың нәтижесі болып табылатын әрбір өлім жағдайын жәбірленушінің өз жасаса, және ол оның нәтижесі туралы білсе, онда ол өзін-өзі өлтіру әрекеті болып табылады дейді.[2] Өзін-өзі олтіру – философиялық (өмірдің мәнін жоғалту), психологиялық (психологиялық теріс бейімделу, фрустрация), әлеуметтік (әлеуметтік жағынан өз орнын таппау, қанағаттанбау сезімі әлеуметтік мәртебесін жоғалту және т.б.),  медициналық (күрделі ауру, психикасының бұзылуы), адамгершіліктің және құқықтың проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен.

Суицид  дегеніміз  – (ағылшынның  feeicide - өзін  өлтіру) қатты қажыған, күйзелген кезіндегі   өмірдің   ең   жоғарғы бақыт   деген ұғымын  жоғалтып, саналы  түрде   өмірден кетуі.  Бұл істі  әр  жерде түрліше айыптаған, халық бұл істі  жақтамаған. Мысалы: мұсылман  және  христиан  дінінің  көзқарасы   бойынша   өз - өзіне  қол  жұмсау  үлкен  күнә  деп  есептелген.  Сондықтан да, осы  дінді  жақтаушылар, қолдаушылар,  ұстаушылар   өз - өзіне  қол  жұмсаушыларды  ортақ  бейітке  жерлемей, бөлек  жерлеген, бейіттегі  өз  өлімімен  кеткен  адамдардың    аруағын   қорламау  үшін осындай шешімге келіп отырған.

Өзін - өзі өлтіру (суицид) - адамның өз - өзіне қол  жұмсауы. Археологтар бірінші   тарихи  формадағы  өзін - өзі  өлтіру деп,  ритуальдық   өзін - өзі  өлтіруді  атаған. Мұны олар ежелгі  патшалардың, яғни  Шумер  мен  Аккаданың  табытын  тапқан  археологиялық мәліметтерге сүйене отырып айтқан (біздің  эрамызға  дейінгі  үшінші   мыңжылдық, қазіргі Ирак территориясында).

  Ежелгі Үндістанда XIX ғасырдың орта шеніне дейін  өз өмірінің соңын тосу, ұят деп есептелген. Ежелгі үнділіктер адамның жасы немесе ауру келген кезде өзін өртеуін аса бір мәртебе ретінде таныған.Дәл осындай жағдай, артында қалған әйелдеріне қатысты болған. Оған мысал ретінде, 1817 жылғы жалғыз ғана Бенгал провинциясындағы 716 жесірлердің, ал 1821 жылы бүкіл Үнді территориясындағы 2366 осындай адамдардың өз өмірлерін қиюын айтуға болады. [3]

Дәл осы сияқты жағдайлар  қазіргі Батыс және Орталық  Еуропада  өмір  сүрген  көптеген халықтарда, яғни  әскери  адамның  қартаюы  үлкен  ұят  болып  табылған. Антикалық дүниенің тарихында, тарихтан белгілі атақты, ірі тұлғалардың өзін - өзі  өлтіру  мысалдары   келтірілген.  Мысалға:  Утихтік Катон  (біздің  заманымыздан   бұрынғы  46жыл) Юлий  Цезардың  жалғыз  билігіне  және Рим Республикасының құлауына   байланысты, Марк  Юний  Брут, Филиппадағы шайқастағы   жеңілісінен кейінгі Цезарға қастандық   жасаушы (біздің  заманымыздан  бұрынғы 42  ж.), Марк  Антоний - Октавиан  Августтан   азамат  соғысында жеңілгеннен соң, ( біздің заманымыздан  бұрынғы 30 ж.)  өз  семселерінен өлген. 

Тарих - саясаттан  басқа, катастрофалық стресстен де өз өмірін   қиғандар туралы баяндайды (қарт  рим  императоры   Гордиан  өзінің  жалғыз  ұлы  -  мұрагері  өлгенін  естігеннен   кейін  өзіне - өзі   қол   жұмсаған (б.э.д.238 ж.)) . Ал  грек  философы Эмпедокл - Диоген  Лаэрттің  айтуы бойынша,  психопатологиялық    аурудың әсерінен  отқа  оранған   Этна  жанартауына   құлап өлген. Осы ісімен өзінің  -  Құдаймын   деген лақпырт сөздерді  растаймын  дегені.  Рим  империясында   жазықты  болған  адам  өз  еркімен  өмірден  кетсе,  онда  оның  отбасы  қудаланбағандықтан да, осындай жағдайлар кең етек алған. 

Христиан   діні  қабылданғаннан  кейін  өзін - өзі  өлтірушілерге  деген  көзқарас  өзгерген. Христиан  діні  бойынша  өзін - өзі  өлтіру   үлкен  күнә,  жаратушының  ісіне   қарсылық  деп  саналған.  Өзін - өзі  өлтірушіні   ортақ  бейітке   жерлеуге  рұқсат  етілмеген, ал  туыстарын   жазғырған.  Бұл  түсінік   халық әдеби фольклоріне де кірген. Өзін - өзі өлтіруші ешқашан тыныштық   таппай, вампирлерге, оборотенге, русалка  және  тағы  басқаларға   айналған  деп  есептеген.  Басқа  діни   конфессиялар да (ислам, иуадизм),  өзін - өзі  өлтірушілерді айыптаған. Әсіресе  осы  істі  жазғырып, алдын  алуда   ислам  діні  алда  болған.  Мұсылман  елдерінде (Египет, Иран, Пакистан   және  т.б.)өзін - өзі өлтіру  ең  төмен  деңгейде болған. 

Орта ғасырлық Жапонияда  да егер бір адам екінші адамнан   жәбірленсе  және  оған қанмен жуып  жауап  бермесе, «сэппуку» - деген ғұрыппен   өзін - өзі өлтірген.  Жәбір көрген  самурай, өз жауына  қолы  жетпесе өз қарнын өзі жарып өлген.  Яғни, «харакири» жасаған. Оның   көмекшісі бейшараны азаптан құтқару үшін  оның  басын шапқан.  Жапон   жазушысы  (ақырғы  самурай) Юкио  Мисима 1970 жылы сәтсіз әскери  төңкерістен  кейін  осылай  дүниеден өткен.[4]

Дүние жүзілік денсаулық  сақтау   қоғамының 1983 жылғы   мәліметі  бойынша, бес жүз мыңнан астам  адам  өзін - өзі  өлтірген, ал он  бес  жылдан  кейін, 1998 жылы 820  мың  адамды құраған. Оның   жиырма пайызы  жастар  болған.

Өз - өзіне  қол   жұмсау мінез - құлқын ертеден зерттеуде. Бірақ,  осы  күннің  өзінде  де  неліктен  адам  өзіне - өзі  қол  жұмсайтыны  туралы  дәл  түсініктеме  жоқ. Қазіргі  кездегі  келісім  бойынша, суицидтік мінез – құлыққа байланысты үш концепция белгілі:

1.Психопатологиялық; 

2.Психологиялық;

3.Әлеуметтік.

Психопатологиялық  концепция  бойынша, барлық өзін - өзі  өлтіруші  адамдар – есінен  ауысқан  ауру  адамдар. Бұл  концепцияны  жақтаушылар  отанымыздың атақты психиаторлары, Н.Б.Бруханский, В.К.Хорошко, А.А.Прозоров және  т.б. Өз - өзіне  қол  жұмсау  ауруларына  қарсы  әр-түрлі  медициналық емдеу  жолдары  нұсқалған ( іш  айдау  дәрілері, қан  жіберту, суық,  ылғал  матаға  орау  және  т.б.).

Психологиялық концепцияға  сәйкес, суицидке психологиялық факторлар  әсер етеді делінген. Зигмунд  Фрейд  өзін - өзі  өлтіруді ажал  инстинктімен байланыстырып, ол өзіне  қастандық  жасау және  жеке  жағдайда –  аутоагрессия  деп білеміз деп  жазған. Тағы  бір  түсінік  бойынша,  өзіне - өзі  қол  жұмсау махаббат  немесе  сүйіспеншілдіктен  туады  деп  түсінген. Олардың (өз - өзіне қол  жұмсаушы) түсінігі  бойынша  о дүниеде  сүйгенімен, туысқанымен  қосылам  немесе  бұл  дүниеде  қол  жетпеген  махаббатыммен  түсінушілікке жетем  деген  ойдан  туған.

Ал, әлеуметтік концепцияның негізін салушы француз социологы  Эмиль Дюркгейм суицидтік мінез - құлықтың басты себебі ретінде - әлеуметтік факторларды атап көрсеткен.[5] 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2  Суицид   әлеуметтік мәселе ретінде қарастыру

 

Үшінші  мыңжылдыққа  адамзат  үлкен  жетістіктермен   аяқ  басса  да,  барлық   өркениетті   елдерде  өзін - өзі  өлтіру  оқиғалары  көптеп, жиі  кездеседі. Суицид   тақырыбы   отызыншы  жылдарға дейін құпия саналып, кенже дамыған   ғылымдардың бірі  болып келді . Бұл тақырып адамдарға жаңалық емес, көнеден келе   жатқан  Ригвде , Авеста  қолжазбаларында адамдардың   өзін - өзі өлтіруі, өмірден өз   еркімен кету себебі толық суреттеледі. Республика бойынша суицид оқиғалары ең көп кездесетін қалалардың бірі – миллионнан астам тұүрғыны бар Алматы қаласы болып табылады. Қалада орналасқан сот – медицина сараптамасы (суд – медэкспертиза) филиалының 1991 –1999 жылдардағы 29 мың медицина сот актісінің сараптайтын болсақ, солардың ішіндегі суицид өлімімен 3038 адам қайтыс болған. Егер психикалық аурулардың өлімі 30% құраса, әлеуметтік – экономикалық жағыдайға байланысты түрлі себептермен қайтыс болғандардың саны 47%- ды құрайды. Адамның өзіне қол жұмсап, өмірден өз еркімен кетуі адамдарға ғана тән құбылыс. Мың жыл бұрынғыдай адамдар өлімлді өз еркімен қабылдайды. Бүгінгі күні бұл құбылыс барлық өркениетті елдерде қауіп төндіріп тұр.

Информация о работе Казіргі кездегі суицидалдық мінез-құлықты зерттеу жолдары