Казіргі кездегі суицидалдық мінез-құлықты зерттеу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 16:48, дипломная работа

Описание работы

Латын тілінен аударғанда «суицид» сөзі «өзін-өзін өлтіру» деген мағынаны білдіреді. «Өзін-өзі өлтіру» деген түсінікке ХІХ ғасырда «Самоубийство: Социологический этюд» деген еңбегінде француз социологы Эмилем Дюркгейм классикалық тұрғыда анықтама берді. Өзінің осы түсінік туралы пікірінде, тікелей немесе жанама болса да, оң немесе теріс қылықтардың нәтижесі болып табылатын әрбір өлім жағдайын жәбірленушінің өз жасаса, және ол оның нәтижесі туралы білсе, онда ол өзін-өзі өлтіру әрекеті болып табылады дейді. Өзін-өзі олтіру – философиялық, психологиялық (психологиялық теріс бейімделу, фрустрация), әлеуметтік, медициналық, адамгершіліктің және құқықтың проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен.

Содержание работы

Кіріспе……………………………............................................................................3
1 Суицид мәселесінің әдіснамалық, теориялық негіздері....................................5
1.1 Суицид мәселесіне әдіснамалық талдау ....................................................5
1.2 Суицидті әлеуметтік мәселе ретінде қарастыру..........................................7
2 Жастар арасындағы өзін - өзі өлімге итермелеудің алдын - алу және олармен әлеуметтік жұмыс .................................................................................10
2.1 Суицидтік жағдайлардың негізгі себептері....................................................10
2.2 Жастар арасындағы суицидке байланысты жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар..................................................................................................................14
2.3 Кризистік көмек..............................................................................................23
Қорытынды..............................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………..................................................29

Файлы: 1 файл

Суицид диплом марта.doc

— 510.00 Кб (Скачать файл)

Тұжырымдай келе, мектеп пен ата-ана  тығыз байланыста жұмыс жасаған  кезде ғана біз осындай қайғылы  оқиғалардың алдын ала аламыз. 

Тәрбие ісінің меңгерушісі Аубакирова Н.О.

 

 
 

Қоғамдағы әділeтсіздік – суицидтің бірден-бір себебі

 

30 Haziran 2011, Perşembe / ЖАДЫРА МҮСІЛІМ  ,

           

0

   

 


 

Өткен аптада Үкімет үйінде Президент  жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық  саясат жөніндегі ұлттық комиссияның  отырысында суицидтің алдын алу  үшін жасалып жатқан құзырлы орындардағы іс-шаралар баяндалды. Бәз баяғыдай, министрлік өкілдері өздерінде өтіп жатқан дөңгелек үстелдерді санамалап беруден әріге аспады. Білім және ғылым, Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктері мен прокурорлар суицидтің белең алуына алдымен білімі жоғары нағыз психолог мамандардың жоқтығынан көріп отыр.

 

Сол себептен де уақыт оздырмай қаптаған психологтардың санынан гөрі сапасына көңіл аударып, олардың еңбекақысының  аздығына да назар аударған жөн. Екіншіден, отбасындағы кикілжіңдер мен мектептегі ұстаздардың «қисынсыз» қаталдығы жасөспірімдердің өздерін-өздері жазым етуіне себепші болуы мүмкін. Қатарластарының мазағына айналғандар, өздерінен үлкендердің озбырлығына шыдамау секілді жағдайлардан өзіне қол салушылар саны да артқан. Ал ересектердің арасындағы суицидке бірден-бір себепші – ішімдік. Мамандардың айтуынша, суицидалдық белсенділік мектеп оқушыларында негізінен 9 жастан байқалатын көрінеді. Және ол елеулі психикалық ауру мен реактивті күйзеліске сирек байланысты. Сарапшылар кәмелетке толмағандардың өзіне-өзі қол жұмсауының 80 пайызы отбасылық жанжалдармен, сәтсіздіктермен, ересектердің зорлық-зомбылығы, ұстаздардың жөнсіз мінез-құлқы, қоғамдағы әділетсіздікпен тікелей байланысты болатынын толық растайды. 

Бүгінде мектеп білім беру жүйесінде 290 мыңдай педагог кадр жұмыс істесе, оның 123 мыңы сынып жетекшілері. Мектептердегі тәрбие жұмысын 8 мыңдай директор орынбасарлары, 3 мыңнан астам әлеуметтік педагог, 1,5 мыңнан артық мектеп инспекторлары үйлестіреді. Бірақ, бұлардың өзі балалардың тәрбиесіне бас-көз бола алар емес. Сол себептен де психологтарға деген қажеттілік бір мыңнан асады. Қазіргі кезде психологтардың дені кәмелетке толмағандардың суицидалдық мінез-құлықтарын зерттеуге және алдын алуға дайын емес. Мәселен, 7990 психологтың 66 пайызының базалық білімі бар, ал 43 пайызының өз саласындағы жұмыс өтілі үш жылдан да аз. Тіпті кейбір мектептерде психологтың қызметін басқа саланың мамандары да атқара береді. Сондықтан да психологтарды даярлауда белгілі жүйе қарастырылуы қажет.

Ажалынан бұрын өзіне-өзі қол  салушылар санын құрғақ сөзбен немесе қорытындысы жоқ қаптаған жиындармен азайта алмайтынымызды аңғартқан Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Президент жанындағы Әйелдер  істері және отбасы-демографиялық  саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова ол үшін нақтылы іс-шаралар кеңінен қолға алынғаны абзал екенін ескертті.

 

 

 

Суицид 

[ · Скачать удаленно () ]

08.10.2011, 10:05

ХХ ғасырда дүние жүзінің  ғалымдарын толғандыратын мәселе ол қазіргі кезде жасөспірімдер арасында жиі кездесетін-суицид. БӘДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша 15-24 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіру екі есе артып кетті. Ол мемлекеттегі экономикалық жағдайларға байланысты. Мәселем Францияда соңғы 10 жылда суицидттен өлген балалар саны үш есе артқан. Енді бұл өлімдер жол апатынан қайтыс болған адамдар санымен теңеліп отыр. АҚШ-та 15-19 жас аралығындағы өзін- өзі өлтіру саны 1 жылда 5000-ға дейін көтерілді. Қазіргі кезде АҚШ-та ең маңызды өлімдердің арасында суицид 10-шы орында тұр. Онда 1978 жылда 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 29000 суицид тіркелген. Бұнда соңғы 30 жылда суицид 15-19 жас аралығындағы қыздар арасында 200%, ал бозбалалар арасында 300%-ға дейін көтерілген.

Суицид термині итальян психологы  Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны "өзін-өзі  өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.

Қазіргі кезде Суицидалогия деп  аталатын үлкен бір ғылыми бағытты  бар, ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысты.

Суицидалды мінез-құлық – адамның  саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі  келетін тұлғаның мінез-құлқының бір  түрі деп есептеді.

Адамзат тарихында өзін-өзі өлтіру әрекеті әртүрлі бағаланады. Европа халқында өзін-өзі өлтіретін адамдар - вампирға айналады деген. Ал көне Греция, Спарта, Афинада өзін-өзі өлтірген адамдардың мәйітін өртеп жіберген.

Орта ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда өзін- өзі өлтіруші адамдарды  діни көзқарас бойынша – қылмыскерлер деп санаған.

Суицидальді мінез құлықтың белгілі  бір формасы, тәсілі, даму стадиясы, тәуекел факторлары болады. Суицидальді  мінез-құлыққа адамның жас ерекшелігі, жынысы, кәсіби ерекшелігі, өмірлік  жолының ерекшелігі де әсер етеді.

Әр бір жас кезеңдеріне сай  суицидальді белсенділік тән  болады.

- Балалық шақ – 12 жасқа дейін;

- Жеткіншектік кезең – 12-17 жас;

- Жастар арасы - 17-29 жас;

- Ересектер арасы – 30-35 жас;

- Қарттық кезең – 55-70 жас.

5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде суицидалды әрекеттің себебі болып ата-анасымен мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында әсіресе қыздарда өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталды.

Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы т.б.

Японияда тек 1986 жылы ғана 25524 жағдай тіркелген. Швейцарияда әскер қатарына шақырылған боз балаларды психологиялық тексеруден өткізген кезде олардың 2% өзін- өзі өлтіруге барған, ал 24%- де суицидальді ойлар айқын көрінгені мәлім болған.

Польшада соңғы 10 жыл ішінде 12-20 жас арасындағы суицидтен өлген балалар саны 4 есеге көтерілген, ал оның 21% қыздар алса, қалған 79% ұлдар құрайды.

Дюркгейімнің суицид теориясына байланысты адам бір проблемаға тірелген кезде  немесе ол бейімделген орта немесе әлеуметтік топ одан бас тартқан  кезде ол өзін- өзі өлтіруге барады деген. Әлеуметтік байланыстардың ерекшеліктерін ескере отырып ол келесі суицид түрлерін бөліп көрсетті: эгойсттік және альтруисттік. Тағы да психопаталогиялық жағдай негізінен балалармен жас өспірімдердің социолизация деңгейімен қоғамда алатын орнына байланысты да болады. Психоанализдік зерттеулер барысында суицид ол жеке тұлғаның сексуалды бұзылысына байланысты деген тұжырымдарға келді.

Өзін-өзі өлтіру оның ішкі қақтығыстарын  өткізу жағдайларындағы әлеуметтік психология дезадаптация салдары деп Бачериков қарастырады. Суицидогенді жағдайлар тұлғаның ерекшелігіне, оның өмірлік тәжірибесіне, интелектісі және мінез- құлығымен анықталады. Суицидогенді қақтығыс шынайы себептер арқылы жүзеге асады. Ол тіпті сау адамда кездесуі мүмкін. Қақтығыс себептері субьект үшін ылғи да шынайы болады, сондықтан ол субъектіні ауыр уайым – қайғымен депрессияға ұшыратады. Сол проблемалардың шешілмеуіне байланысты адамдар өз- өздеріне қол жұмсауы мүмкін.

А.Г. Амбрумова суицидальді мінез-құлқы  бар 770 балалармен жасөспірімдерді зерттей келе пубертантты жасқа дейінгі балалар арасында (13 жасқа дейін) - 14,4%, пубертанты жастағы балалар арасында (13-16) - 51%, пубертантты жастан асқандар арасында (17-18) - 33,8% кездеседі. Суицидке барған көптеген қыздар дәрі ішіп уланып өлсе, ұлдар асылып немесе тамырларын кесіп өледі. 13 жастағы қыздардың өзін-өзі өлтіру себептері ол көбінесе аяқтарының ауыр болып қалуына байланысты. Осы жасқа байланысты Железова бұл балалардың көбінің мінез- құлқында ауытқулары бар және олардың 70% шизофрениямен ауыратын балалар құрайды деген.

А.Г. Абрумова және В.А. Тихоненко суицидалды әрекеттің екі негізгі типін  көрсетеді: шынайы әрекет және демонстративті-шантажды.

Демонстративті-шантажды әрекетте - өміріне  сондай қауіпті емес әрекеттерге барады; денеде ірі веналар жоқ жерлерді кескілеу, онша қауіпті емес дәрілерді ішеді. А.Е. Личко мен А.А. Александров 14-18 жастағы жас өспірімдерді зерттей келе олардағы суицид мінезі көбінесе аффект жағдайында және ол балалардың осы жаста өте сезімтал болатындығына байланысты жиі кездеседі деген тұжырымдарға келді. Бірақ көбінесе бұл кезде балалар арасында кездесетін суицид ол демонсративті әрекет түрінде болады.

Шынайы суицидальді мінез- құлық  деп тұлғаға деген шынайы немесе қиын проблемалары шешілмеген кезде өзін- өзі өлтіруін айтамыз. Ал жалған шантажды мінез-құлық деп ол адам өзі ойлаған ойын жүзеге асыру үшін, оны қоршаған адамдарға қысым көрсеткен кезде және басқалардың сезімін манипуляциялаған кезде бұл әдісті қолданады. Ол көбінесе оны ренжіткен адамның алдында жасалады. Бұнда олар өздерін өлтірмейді тек, өзінің өлгісі келетіндігін демонстрациялайды. Шантажды мінез- құлық көбінесе бала кезден пайда болады. Мысалы, Лилияны алатын болсақ ол кішкентай кезінен бастап барлығына да истерика арқылы қол жеткізетін. Ол төрт жасынан бастап- ақ дүкеннен ұнаған нәрсесін алмай кетпейтін. 13 жасында ол мен ешқашан мектепке бармаймын деп әке- шешесін қорқытқан ол музыкалық орталық саттырып алады. 15 жасында әке-шешесі оны туған күнге жібермеген үшін ол терезеге шығып өлемін деп шошытқан. Шошыған әке-шешесі оны туған күнге жіберіп қана қоймай оның қолына ақша да ұстатқан. Уақыт өткен сайын Лилияда шантажды мінез-құлық пайда болған. Өзіне қолайлы жағдайда ол өзін өлтірем деп барлық адамдарды манипуляциялау арқылы өз мақсатына қол жеткізген. Алайда, бұл «өзін-өзі өлтіру ойыны» көбінесе қайғылы болып аяқталады өйткені өліммен ойнамайды.

Қазіргі кездегі жастардың суицидке бару себебі, олардың өмір тәжірибелерінің  болмауына, олардың алдарына қойған мақсаттарына жете алмау себептеріне байланысты және өмір қиындықтарына шыдамауына байланысты болады.

И.П. Павлов өзін-өзі өлтіруді «мақсат  рефлексін» жоғалту деп түсіндірген. Осыған байланысты ол: «Мақсат рефлексі әр адамның өмір мәні және энергия  көзі. Өмір қызығы бір мақсатқа жетуге талпыну, егер сол мақсатқа жете алмаса басқа мақсатты көздеп соған қол жеткізу, қызығу, ұмтылу. Соған байланысты біздің өміріміз гүлденеді және мәндене түседі. Егер адамның өмірінде мақсат жоғалса оның өмірі мәнсіз болады. Сол себепке байланысты біз өлген адамдар артынан қалған қағаздардан, олардың өмірлерінің мәні жоғалғанына байланысты олар өз- өздерін өлтіруге мәжбүр болғандарын ұғынамыз. Бірақ адам өміріндегі мақсаттар саны шексіз...» Тек И.П. Павлов суицидке барған адамдардың ешқайсысында психикалық ауытқуы жоқ деген.

Суицидальді мінез- құлықтың 5 типі бар:

1) Протест.

2) Жанашырлыққа шақыру.

3) Қайғыдан қашу.

4) Өзін-өзі жазалау.

5) Өмірден бас тарту.

Суицидалды мінез-құлық соматикалық, психикалық ауытқуы бар, тіпті сау  адамдарда да кездеседі. Сондықтан өзін- өзі өлтіретін адамдардың барлығының психикасында ауытқуы бар деуге болмайды. Медициналық статистикаға байланысты адамдардың бір жартысын ақыл- ойы кеміс адамдар, бірін жүйке-жүйесі тозған адамдар, бірін мазасыз адамдар десе, енді бірін өз эмоцияларын басқара алмайтын адамдар құраса, қалған бөлігін ешқандай психикалық ауытқуы жоқ адамдар құрайды екен.

Суицидальді мінез-құлық тағыда балалар  үйінде және толыққанды емес отбасында  өскен балалар арасында жиі кездеседі. Сонымен қатар отбасы аралық қақтығыс, әке-шешесінің айырылысуына да байланысты болады.

Көктем, жаз жыл мезгілдерінде  сейсенбі күні суицид жасалу күні жоғары болады. Күз, қыс мезгілдерінде сәрсенбі, бейсенбі күндері суицидтің жасалуы  төмен болады деп қарастырады.

Суицидальді мінез-құлық көбінесе депрессия кезінде, алкогольдік токсикомания, психопатия және аффект кезінде жиі кездеседі. Өзін-өзі өлтіруге көбінесе индивидуалды проблемалар итермелейді. Қазіргі кезде жастар өздерінің өмірлерін бағалай алмайды. Егер бір проблеманы шеше алмай жатса, олар өз өмірлерін қиюға даяр болады, өйткені олардың ойларынша олар тек осылай ғана тыныштық, уайым-қайғысыз өмір және махаббат табатын сияқты. Көбінесе жасөспірімдер мен балалар жерлеу рәсімін көз алдарына елестетіп, ата- аналарының жылағандарын елестетіп, олардан өш алмақ болады.

Адам өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық та үлкен әсерін тигізеді. Бірақ кей біреулер ұрсысып өзін- өзі өлтіретін болса, енді біреулері  түрмеде отырып бостандықты аңсайды. Сондықтан қоғамда өмір нашарлаған сайын суицидте көбейе түседі.


 

 

Уайзаева Эльмира Жақсылыққызы

"СУИЦИД – тығырықтан шығар жол емес"

Біздің Конституциямыз «Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі» деп басталады. Ендеше сол қымбат қазынаны көзіміздің қарашығындай етіп қорғау әрбір азаматтың алдындағы, сондай – ақ жалпы қоғамның алдында тұрған өзекті мәселе.

Соңғы 4 – 5 жыл көлемінде  қоғамға айықпас дерт боп жабысқан ғылыми атауы «сиуцид» деп аталатын адамның өзін – өзіне қол жұмсауы  бүгінгі күннің өзекті жан ауыртар  мәселесіне айналып отыр. Осы мәселіні шешуде мектеп психологтарының атқарар жұмысы, берер нәтижелері жетерлік.

Қазалы ауданы бойынша  барлығы 40 мектеп 15277 балаға білім беріп  жатырса,  онда  барлығы 48 психолог қызмет атқарады, оның 42 – сі өз ісінің мамандары. Мектеп психологтарының негізгі мақсаты – адамдардың психикалық саулығын жақсарту үшін психопрофилактикалық, психодиагностикалық, психокоррекциялық, психоконсультациялық бағыттарда нәтижеге бағытталған жүйелі жұмыс жасау.  Қазіргі таңда психологтардың жылдық жұмыс жоспарларынан түспей үнемі назарда тұрған мәселелердің бірі ол арине, оқушылар арасында суицидтің алдын алу. Осы орайда 2010 – 2011 оқу жылында мектеп психологтарының атқарған жұмыстарына тоқталып өтсек.

Кәмелеттік жасқа толмағандар  арасында суицидтік жағдайлардың алдын – алу байланысты аудан бойынша 2010 жылы 4 шара (3 – аудандық білім бөлімінің, 1 – аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен) өткізілді. Облыстық деңгейде осы мәселеге сәйкес өткізілген семинарда баяндама жасаған №204 мектеп психологі Бисенова Жанияның еңбегі ерекше бағаға ие болды.

«Суицид – тығырықтан шығар жол емес», «Менің таңдауым – өмір», «Өмір – сен кереметсің!», «Өскелең ұрпақ арасындағы суицид мәселелері»  сынды түрлі тақырыпта оқушылар, мұғалімдер және ата – аналар арасында семинарлар, тренингтер, конференциялар, медицина саласының, діни, полиция қызметкерлерімен басқосулар мен дөңгелек столдар өткізілді. Ол шаралардан үзінділерді назарларыңызға ұсынылған электронды көрмеден тамашалай аласыздар.

Жүйелі де нәтижеге бағытталған  жұмыстың нәтижесі болар 2010 жылы бірде  бір аудан бойынша суицид мәселесі тіркелген жоқ.

Бірақ алда психологтардың кәсіби біліктілігін талап етер қауіпті  кезең күтіп тұр. Ол – көктем мезгілі.

Көктем мезгілі қалайша қауіпті болуы мүмкін деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл сұрақтың да ғылыми дәлелденген жауабы бар. Ғалымдардың зерттеуі бойынша ең көп суицидтер саны көктем мезгілінде тіркеледі. Көктемгі құлпырушы әлем мен адам жанының дағдарысының кенеттен пайда болған арақатынасының сәйкес келмеуі суицидті мінез-құлықтың көрінуіне алып келеді. Американдық ақын Томас Эллиот жазғандай: «Сәуір айы ең қатыгез ай». Статистикалық мәліметтерге сәйкес «өлім айлары»- сәуір, мамыр, маусым айлары, ал жыл мезгілі – көктем. «Өлім уақыттары» – 12.00 немесе 13.00-ден 15.00-ге дейінгі уақыт аралығы.

Суицид пен әлеуметтік себептердің байланысы жөніндегі  ой ең алғаш «суицидология әкесі», әлеуметтану профессоры Э. Дюркгейм (1912) еңбектерінде көрініс тапты.

Жалпы суицидті әрекетке дайындалып жүрген жасөспірімдерді мына белгілер арқылы анықтауға болады:

Сөздік белгілер:

1.Жасөспірім өлім туралы  ашық және тура айта бастайды: «Мен одан әрі өмір сүре  алмаймын».

2.Өзінің тілегі туралы  жанама түрде түсінік береді: «Мен енді ешкім үшін проблема  тудырмайтын боламын…» .

3.Өзіне өзі қол жұмсау  тақырыбында көп әзілдеу.

4.Өлім тақырыбындағы  сұрақтарға қызығушылық таныту 

 

Мінез-құлық белгілері:

1. Өзі үшін маңызды  болған нәрселерді өзгелерге  тарату, барлық жұмыстарын ретке  келтіру.

2. Жасөспірім іс-әрекетінде келесідей радикалды өзгерістер байқалады:тағамдарды өте аз немесе өте көп мөлшерде қолдану, оқу үрдісінде сабақтардан еш себепсіз қалу, берілген үй тапсырмаларына көңіл бөлмеу,жолдастарымен қарым-қатынасқа түспеу,қызбалық көрсету,көңіл-күйдің түсіңкі болуы, қоршаған ортадағы құылыстарға немқұрайдылық таныту.

3. Әлсіздік, үмітсіздік  белгілерінің көрінуі.     

 

Суицидті әрекетке баратын  жасөспірімдердің ситуациялық белгілері:

1. Әлеуметтік оқшауланған  (жолдастары болмайды немесе бір  ғана досы болады);

2. Қалыпты емес ортада өмір сүретіндер(отбасындағы дағдарыс,ата-ананың ішімдік қолдануы).

3. Өздерін денелік,  сексуалды, эмоционалды зорлықтың  құрбаны сезінетін жасөспірімдер.

4. Бұрын суицидті әрекетке  барған жасөспірімдер.

5. Жолдастары,таныс адамдары  немесе отбасы мүшелері суицид жасағандықтан жасөспірімнің де суицидті мінез-құлыққа бейім болуы.

6. Оның жақын адамдарының  өлімі , ата-аналарының ажырасуы.  

 

Өзін өзі өлтірудің  төрт негізгі категориялары болады:

1.Эгоистік өзін-өзі  өлтіру.Оның негізі-оқшаулану.Өмірден кетудің бұл түріне бейім адамдар қоршаған әлеммен,адамдармен қатынас орнатпайды,олар бұл адамдарға тәуелсіз өмір сүреді.Көбіне бұндай адамдар жалғыздыққа бейім болады.

2.Альтруистік өзін-өзі  өлтіру. Бұл жағдайда адам өзге  адамдармен, ұжыммен   тығыз  байланыста болады және олар үшін кез-келген әрекетке дайын болады.

3.Аномиялық өзін-өзі  өлтіру.Бұл адамдар өздерінің  басына түскен қиындықтарына қарсы тұра алмай, өмірден кетуді жалғыз дұрыс жол деп есептейді.

4.Фаталистік өзін-өзі  өлтіру.Бұл көбіне тұлғаны және оның еркіндігін шектен тыс қадағалаған кезде орын алады. Құрбан өзінің болашағына пессимистік көзқараста болады.        

 Суицидті әрекетті  болдырмауға көмектесетін жағдайлар:

- Тұлғаның когнитивті  стилі-өзіндік жеке құндылық сезімі, жеке өмір ситуацияларына және жетістіктеріне деген сенімділігі, қиындық пайда болған жағдайда көмек іздеуге қабілеттілік, маңызды таңдау жасау кезінде кеңестерге жүгіну, қарым-қатынасқа түсуге қабілеттілік, өзге адамдардың тәжірибелері мен шешімдеріне сеніп, сүйену, оқуға талпыну;

- Отбасылық стереотиптер–отбасындағы  жағымды қарым-қатынас, отбасы  мүшелерінің қолдау көрсетуі, балалық-ата-аналық  міндеттердің жүйелі орындалуы;

- Мәдени және әлеуметтік  факторлар-мәдениетке тән құндылықтар  мен салт-дәстүрлерді ұстану, дос-жолдастарымен, жұмыстастарымен, көршілермен жағымды қарым-қатынас орнату, жақын адамдардың қолдау көрсетуі, жағымды қоршаған орта, әлеуметтік интеграция (қызмет,спортпен шұғылдану, түрлі клубтардың, діни ұйымдардың қызметіне қатынасу және т.б өмір құндылықтарын сезіну);

-Қоршаған орта факторлары  – дұрыс  тамақтану, ұйқы бұзылыстарының болмауы, күннің астында көбірек болу. Денелік жаттығулар, зиянды әдеттерден бас тарту,  жағымды қоршаған ортаның болуы.

Суицидтен қалай құтыламыз? Оның жолдары қандай? Әлде арнайы заң қабылдау керек пе?

Мәселен, Англияда осы iндетке қарсы арнайы заң қабылданған. Жапонияда  психикасы әлсiз балалармен жұмыс iстейтiн суициодолог деген мамандар бар. Тiптi Еуропада өз-өзiн өлiмге қимақ болғандарды қылмыскер ретiнде тiркеп, қамауға алып, жазаға тартады екен.

Суицидтің адам  үшін ғана емес, жалпы мемлекет үшін де зияны мол. Ол елдегі өлім жітімнің артуына, халық санының азаюына ғана әкеп қоймай, мемлекетті әлеуметтік – экономикалық  шығынға да батырады.  

Сондықтан да жақын жандарымызға, осындай күйзеліске ұшыраған кездерін сезсек,  мейІрім – шапағатымызды аямай, сөйлесіп, көңілін жұбатып, оқыс оқиғадан сақтайық!!!

 

 

Заманауи балабақшадағы  психолог жұмысының аспектілері

Мазмұны

Кіріспе ………………………………..…………………….…...............

6

1 Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің мазмұны..........

1.1 Психологиялық қызмет көрсетудің қалыптасу тарихы……….…

 

1.2 Балабақша психологі жұмысының мазмұнын анықтау жолдары

 

2 Балабақша психологі жұмысында қолданатын психологиялық әдістемелер.......................................................................................................

2.1 Мектепке дейінгі  балалардың жекелік қасиеттерін  зерттеу әдістемелерін пайдалану  жолдары.................................................................

 

2.2 Мектепке дейінгі  балалардың таным процестерін  диагностикалау әдістемелерін пайдалану  ерекшеліктері............................

 

Қорытынды…………………………………………………………...…

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……………………...…................

 

Информация о работе Казіргі кездегі суицидалдық мінез-құлықты зерттеу жолдары