Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 16:48, дипломная работа
Латын тілінен аударғанда «суицид» сөзі «өзін-өзін өлтіру» деген мағынаны білдіреді. «Өзін-өзі өлтіру» деген түсінікке ХІХ ғасырда «Самоубийство: Социологический этюд» деген еңбегінде француз социологы Эмилем Дюркгейм классикалық тұрғыда анықтама берді. Өзінің осы түсінік туралы пікірінде, тікелей немесе жанама болса да, оң немесе теріс қылықтардың нәтижесі болып табылатын әрбір өлім жағдайын жәбірленушінің өз жасаса, және ол оның нәтижесі туралы білсе, онда ол өзін-өзі өлтіру әрекеті болып табылады дейді. Өзін-өзі олтіру – философиялық, психологиялық (психологиялық теріс бейімделу, фрустрация), әлеуметтік, медициналық, адамгершіліктің және құқықтың проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен.
Кіріспе……………………………............................................................................3
1 Суицид мәселесінің әдіснамалық, теориялық негіздері....................................5
1.1 Суицид мәселесіне әдіснамалық талдау ....................................................5
1.2 Суицидті әлеуметтік мәселе ретінде қарастыру..........................................7
2 Жастар арасындағы өзін - өзі өлімге итермелеудің алдын - алу және олармен әлеуметтік жұмыс .................................................................................10
2.1 Суицидтік жағдайлардың негізгі себептері....................................................10
2.2 Жастар арасындағы суицидке байланысты жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар..................................................................................................................14
2.3 Кризистік көмек..............................................................................................23
Қорытынды..............................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………..................................................29
2. Қалыпты емес ортада өмір сүретіндер(отбасындағы дағдарыс,ата-ананың ішімдік қолдануы).
3. Өздерін денелік, сексуалды, эмоционалды зорлықтың құрбаны сезінетін жасөспірімдер.
4. Бұрын суицидті әрекетке барған жасөспірімдер.
5. Жолдастары,таныс адамдары немесе отбасы мүшелері суицид жасағандықтан жасөспірімнің де суицидті мінез-құлыққа бейім болуы.
6. Оның жақын адамдарының өлімі , ата-аналарының ажырасуы.
Өзін өзі өлтірудің төрт негізгі категориялары болады:
1.Эгоистік өзін-өзі өлтіру.Оның негізі-оқшаулану.Өмірден кетудің бұл түріне бейім адамдар қоршаған әлеммен,адамдармен қатынас орнатпайды,олар бұл адамдарға тәуелсіз өмір сүреді.Көбіне бұндай адамдар жалғыздыққа бейім болады.
2.Альтруистік өзін-өзі өлтіру. Бұл жағдайда адам өзге адамдармен, ұжыммен тығыз байланыста болады және олар үшін кез-келген әрекетке дайын болады.
3.Аномиялық өзін-өзі өлтіру.Бұл адамдар өздерінің басына түскен қиындықтарына қарсы тұра алмай, өмірден кетуді жалғыз дұрыс жол деп есептейді.
4.Фаталистік өзін-өзі өлтіру.Бұл көбіне тұлғаны және оның еркіндігін шектен тыс қадағалаған кезде орын алады. Құрбан өзінің болашағына пессимистік көзқараста болады.
Суицидті әрекетті болдырмауға көмектесетін жағдайлар:
- Тұлғаның когнитивті стилі-өзіндік жеке құндылық сезімі, жеке өмір ситуацияларына және жетістіктеріне деген сенімділігі, қиындық пайда болған жағдайда көмек іздеуге қабілеттілік, маңызды таңдау жасау кезінде кеңестерге жүгіну, қарым-қатынасқа түсуге қабілеттілік, өзге адамдардың тәжірибелері мен шешімдеріне сеніп, сүйену, оқуға талпыну;
- Отбасылық стереотиптер–отбасындағы жағымды қарым-қатынас, отбасы мүшелерінің қолдау көрсетуі, балалық-ата-аналық міндеттердің жүйелі орындалуы;
- Мәдени және әлеуметтік факторлар-мәдениетке тән құндылықтар мен салт-дәстүрлерді ұстану, дос-жолдастарымен, жұмыстастарымен, көршілермен жағымды қарым-қатынас орнату, жақын адамдардың қолдау көрсетуі, жағымды қоршаған орта, әлеуметтік интеграция (қызмет,спортпен шұғылдану, түрлі клубтардың, діни ұйымдардың қызметіне қатынасу және т.б өмір құндылықтарын сезіну);
-Қоршаған орта факторлары – дұрыс тамақтану, ұйқы бұзылыстарының болмауы, күннің астында көбірек болу. Денелік жаттығулар, зиянды әдеттерден бас тарту, жағымды қоршаған ортаның болуы.
Суицидтен қалай құтыламыз? Оның жолдары қандай? Әлде арнайы заң қабылдау керек пе?
Мәселен, Англияда осы iндетке қарсы арнайы заң қабылданған. Жапонияда психикасы әлсiз балалармен жұмыс iстейтiн суициодолог деген мамандар бар. Тiптi Еуропада өз-өзiн өлiмге қимақ болғандарды қылмыскер ретiнде тiркеп, қамауға алып, жазаға тартады екен.
Суицидтің адам үшін ғана емес, жалпы мемлекет үшін де зияны мол. Ол елдегі өлім жітімнің артуына, халық санының азаюына ғана әкеп қоймай, мемлекетті әлеуметтік – экономикалық шығынға да батырады.
Сондықтан да жақын жандарымызға, осындай күйзеліске ұшыраған кездерін сезсек, мейІрім – шапағатымызды аямай, сөйлесіп, көңілін жұбатып, оқыс оқиғадан сақтайық!!!
СУИЦИД – ҚАСІРЕТТІҢ ҚАРА ТҮНЕГІ
ЖЫЛЫНА МИЛЛИОН АДАМ ӨЗІНІҢ ЖАНЫН ҚИЯДЫ
«Суицид» латын тілінен
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтіру көрсеткіші бойынша әлем елдерін жоғары, орта, төмен деп үш топқа бөлген. 100 мың адамға шаққанда өлім көрсеткіші жылына 20 адамнан асса жоғары, 10-20 адам аралығында болса орта, 10 адамнан аспаса төмен болып есептеледі. Жоғарыдағы ұйымының деректеріне сенсек, 100 мың адамға шаққанда әлемдегі ең көп суицидтік жағдайлар тіркелген елдер:
бірінші орында – Латвия (96-99 адам),
екінші орында – Венгрия (88 адам),
үшінші орында – Қазақстан (53 адам).
Ары қарай
Жапония (47,1 адам),
Эстония (50 адам ),
Ресей (49,4 адам) деп кете береді
Төменгі көрсеткіштегі елдер:
Грекия,
Италия,
Армения (2,3),
Гватемала (2-3),
Филиппин (2),
Албания (1,4),
Доминикан республикасы (2,1) екен.
Ал, мұсылман мемлекеттері мен Африка елдерінде бұл көрсеткіш жоққа тән. Соңғы жылдары «Жасөспірімдер суициді» деген ұғым өз алдына бөлек отау тікті. Бұл дерт өмірдің балдай дәмін енді ғана татып келе жатқан жас балапандарды да баудай түсіріп, қыра бастады. Таяуда шведтердің «өзін-өзі өлтіру ісін» зерттеу орталығы 15 пен 19 жас аралығындағы жастардың өзіне қол жұмсауы жағынан Ресей дүниежүзі бойынша бірінші орынға шықты деп хабарлады. Ресейде жыл сайын шамамен 2500 кәмелетке толмаған бала өзіне қол жұмсайды. Екінші орынды АҚШ (1800 бала) тұр. Ал, жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша бірінші орында Шри-Ланка (46,55), екінші орынды Қазақстан иеленген (24,02).
Мамандар болса жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының жиiлеуiне көбінесе, отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, әртүрлі компьютерлік ойындар, атыс-шабыс, қантөгіске толы фильмдердің тікелей әсері бар дейді. Ғалымдар бұл абыройсыз өлім көбінесе өмірдегі таршылық, материалдық тапшылықтан, одан қалса ақыл-есі кемдіктен болады деген болжам айтып келеді. Алайда, бай немесе мансапты адамдардың өзін-өзі өлтіруін қалай түсінеміз. Мысалы, америкалық ірі қаржы компаниясының қожасы миллионер Картик Раджарам өзінің әйелі мен екі баласын өлтіріп, соңынан өзін опат қылды. Алпауыт консалтингтік компанияның негізін қалаушы атақты бай Тьерри де ля Виллюше де жарық дүниемен өздігінен қош айтысқан. Жылжымайтын мүлік сататын әлемге әйгілі бай Стивен Гуд бұл жалғаннан пана таппай, өзін-өзі мерт етіп тынды. Танымал неміс миллиардері, Қазақстанда да цемент өндірісін орнатып үлгерген магнаттардың бірі Адольф Меркле пойыздың астына түсіп өлді.
Ал, мансаптыларға келсек: 2007 жылы Жапонияның ауыл шаруашылығы министрі пәтерінде асылып қалды. Кеңес үкiметi кезiнде министр болған жалғыз әйел Екатерина Фурцева да өз өмірін өзінің қолымен қиды. Атақты композитор Родион Шедрин ол жөнінде: «Фурцеваның өзiне-өзi қол жұмсағанына таң қалмаймын. Ол мансабынан айырылатыны туралы қауiптi сезiнсе, өзін өлтіруге даяр тұратын, аса тәкаппар әйел едi», депті.
ӨЗІН – ӨЗІ ӨЛТІРУ ҮЛКЕН КҮНӘ
Суицидтің салқыны Қазақстанда қаулап өсіп келеді. Қажет статистиканы жоғарыда келтірдік. Қасіреттен қара жамылған қауымның жағдайын халық қалаулылары енді ғана қозғай бастады. Айтпасқа амал да қалмай бара жатыр. Өйткені, оқушылар арасындағы суицид жылдан жылға өрттей қаулап өсіп келеді. Ресми деректерге сүйенсек: 2010 жылы елімізде 237 жасөспірімнің балғын өмірі қиылған. Бұл құзырлы органдарда ресми тіркелгені ғана. Шындығында бұдан екі есе көп. Соңғы бес жылда (аман қалғандарын қоспағанда) өз-өзіне қол жұмсаған 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер саны 7 пайызға өскен. Өткен жылдың желтоқсан айының 6-12 аралығында еліміз аумағында үш қыз, екі ер бала суицидтік жағдаймен қайтыс болғанын жергілікті ақпарат құралдары жазды. Алты күннің ішінде бақандай бес жеткіншек! Қазіргі жағдайда Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары қаралы көштің алдында келеді. Әрқайсысында жылына 40 шамалы жасөспірім өздерін мерт етеді. Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының әрқайсысында 25-тің үстінде бала өз қолдарынан ажал құшқан. Біздің елде кісі қолынан жазым болатындардың санынан, өзін-өзі өлтіретіндер саны әлдеқайда көп. Енді қайтпек керек? Статистикалық мәліметке жүгінсек, өзіне-өзі қол жұмсағандардың 1/3 бөлігі маскүнемдік пен нашақорлықтың кеселінен, 2/3 бөлігі депрессияның себебінен көз жұмады, депті.
Депрессия дегеніміз бір сөзбен айтқанда торығу деген ұғымды білдіреді. Сонда суицид жағдайында жан үзетіндердің көбі торығудың торынан құтылудың жолы – өлім деп біліп, солай шешім қабылдайды деген сөз ғой. Қара түнектей қаптап келе жатқан бұл зұлмат мұсылман елдерін неге айналып өтеді? Өйткені, олар жан – Алланың адам баласына берген аманаты екенін, өз өмірін қию – сол аманатқа жасалған қиянат екенін біледі. Сонымен қатар өзін-өзі өлтіру ауыр күнә екенін, ауыр күнә жасағандығы үшін тозақта азапқа тартылатынын да жақсы біледі. Құдіреті күшті Алла Тағала қасиетті Құранда: «өз өздеріңді өлтірмеңдер (және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында (сендерді бұдан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді» («Ниса» сүресі, 29-аят) дейді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әл-Бұхариден жеткен хадисінде: «Кімде-кім өзін темір қарумен өлтірген болса, ол тозақта әрқашан сол темірді көтеріп жүреді. Ал кімде-кім у ішіп өлетін болса, ол адам тозақта мәңгі у ішіп жүретін болады. Егер біреу өзін өлтірмек болып таудан құласа, ондай адам тозақта мәңгі құздан құлап бара жатады» депті. Ендеше, бұл қасіреттен құтылудың жолы – балаларымызға ерте бастан ислам тәрбиесін үйретіп, жүректерін тыныштандырғанымыз абзал. Алланы еске алмайтын жүрек тыныш таппайды. Ақиқатқа жүгінер болсақ Құранда: «Сондай иман келтіргендер; Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын; Алланы еске алумен жүректер орнығады» («Рағыд» сүресі, 28 аят) дейтін аят бар. Болашақта суицидтен құтылу үшін: Жапонияның тірлігін қайталау дұрыс па, әлде мұсылман елдерін үлгі тұту жөн бе? Көзқарақты адамның қауашағына сыймайтын ауыр сұрақ емес бұл. Үкіметтің де ақылы осыған жетеді деп ойлаймыз. Ол үшін жастарға имандылық ілімін үйрететін оқшау бағдарлама керек. Мүмкін оны орта мектептерде оқытылатын «Дінтану» сабағы негізінде жүргізген дұрыс шығар. Әлде, осылай қара жамылып отыра береміз бе?!
Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ
ЖЕТКІНШЕКТІК ШАҚТА СТРЕССТІҢ ӘСЕРІНЕН СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ОНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Суицид қазіргі кезде дүние жүзілік қауіпті өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Әсіресе, көптеген келеңсіз өмір жағдайларынан туындайды. Осыған орай, жасөспірімдік шақта стресстің әсерінен суицидтік мінез-құлықтың психологиялық аспектілерін зерттеудің маңыздылығы кешенді түрде психологиялық жан-жақты зерттеуді керек етеді. Олай болса, біздің қарастырып отырған мақаламызда, осы мәселе төңірегінде жасөспірім шақтағы түрлі мінез-құлық көріністері кезінде суицидке бейімділікті анықтауға болатын психологиялық аспектілеріне, стресс жағдайындағы психологиялық- физиологиялық ерекшлектеріне көңіл бөлу маңызды.
Қазіргі психологиялық зерттеулер тұлғалардың өмірде кездесетін мәселелерді өзін-өзі өлтірумен шешуге бейім тұратындығын және генетикамен байланысты екенін дәлелдейді. Адамның психологиялық факторы, мәдени деңгейі және тоны қоршаған адамдар суицидті мінез-құлық түрлерін тудыруға мүмкіндік жасайды. Адам неғұрлым әлеуметтік ортаға жақсы бейімделсе, соғұрлым суициттік мінез-құлық деңгейі аз болады.
А.Е. Личко, К. Леонгард жасөспірім шақта
суицидтті мінез-құлық
М. Әділбекованың мақаласында, түрлі мінез-құлық көріністері кезінде суицидке бейімділікті анықтауға болатынын атап көрсетумен қатар, төмендегідей типологиялық белгілері бар адамдар тобын ұсынады:
- өзіне деген сенімсіздік;
- өзінің бағалау деңгейі төмен;
- оптимизмнің төменгі деңгейі;
- өзін кінәлауға бейім;
- өзін қорғансыз сезінеді;
- инфантилизм
(дамудағы тежеу). Сонымен қатар,
автордың пікірінше, олар
Жасөспірімдердің мінез-акцентуациясының мінез-құлықтарындағы ауытқуларына қарамастан, бұл мәселе негізінен кленикалық, медициналық аспектіде қарастырылған, сондықтан алынған мәліметтерді педагогикалық тәжірибеде қолдану қиынға соқты. Бұл жерде тұлға және іс-әрекетпен байланысты психологиялық-педагогикалық анализ қажет.
Кеңес психологтары мен педагог ғалымдары М.А. Алемаскин, П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Л.М. Зюбин, И.А. Невский, В.А. Сухомлинский, В.А. Татенко, Д.И. Фельдштейн, С.Г.Шацкий және т.б. жүргізген зерттеулерінде қиын тәрбиеленетін жасөспірімдердің негізгі әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық себептерін ашты. Мінез акцентуациясы бар қиын тәрбиеленетін жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуде дәрігер-психологтар П.Б. Ганнушкин, М.М.Кабанов, О.В. Кербиков, В.В. Ковалев, К. Леонгард, А.Е. Личко, Ю.С. Скроцкий, Г.Е. Сухарева, Н.И. Фелинская, Г.К. Ушаков және т.б. үлкен үлес қосты.
И.Б. Бойконың пікірінше, суицид – адам мінез-құлқының актісі, ол- психикалық ауру әсерінен және рухани күйзелістің ұлғаю жағдайда жасалады. Суицидент адам өз өміріне қол жұмсаушы адам. Суицидттік оқиға өзін-өзі өлтіру актісі немесе оның орындалуына әрекет жасау деп қарастырады [2; 65 б.].
Информация о работе Казіргі кездегі суицидалдық мінез-құлықты зерттеу жолдары