Казіргі кездегі суицидалдық мінез-құлықты зерттеу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 16:48, дипломная работа

Описание работы

Латын тілінен аударғанда «суицид» сөзі «өзін-өзін өлтіру» деген мағынаны білдіреді. «Өзін-өзі өлтіру» деген түсінікке ХІХ ғасырда «Самоубийство: Социологический этюд» деген еңбегінде француз социологы Эмилем Дюркгейм классикалық тұрғыда анықтама берді. Өзінің осы түсінік туралы пікірінде, тікелей немесе жанама болса да, оң немесе теріс қылықтардың нәтижесі болып табылатын әрбір өлім жағдайын жәбірленушінің өз жасаса, және ол оның нәтижесі туралы білсе, онда ол өзін-өзі өлтіру әрекеті болып табылады дейді. Өзін-өзі олтіру – философиялық, психологиялық (психологиялық теріс бейімделу, фрустрация), әлеуметтік, медициналық, адамгершіліктің және құқықтың проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен.

Содержание работы

Кіріспе……………………………............................................................................3
1 Суицид мәселесінің әдіснамалық, теориялық негіздері....................................5
1.1 Суицид мәселесіне әдіснамалық талдау ....................................................5
1.2 Суицидті әлеуметтік мәселе ретінде қарастыру..........................................7
2 Жастар арасындағы өзін - өзі өлімге итермелеудің алдын - алу және олармен әлеуметтік жұмыс .................................................................................10
2.1 Суицидтік жағдайлардың негізгі себептері....................................................10
2.2 Жастар арасындағы суицидке байланысты жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар..................................................................................................................14
2.3 Кризистік көмек..............................................................................................23
Қорытынды..............................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………..................................................29

Файлы: 1 файл

Суицид диплом марта.doc

— 510.00 Кб (Скачать файл)

А.Г. Абрумова уайымның өзін-өзі өлтірушілікпен аяқталатын суициденттердің мінез-құлық  жіктелуінің түрлерін ұсынады. Олар: суицидальды мінез-құлық – ол кез-келген ішкі және сыртқы психологиялық жағдайлардың өзін-өіз өлтіруді ойлауға бағыттайтын түрі.

Ішкі формалары – суициденттердің ойлары, беталыстары, түпкі ойы, ниеттері.

Суицидентті мінез-құлыққа  қиялданып уайымдау түрткі болады, өзінің өлімі туралы айқын көз  алдына елестетпейді, тек қана өмірді мойындамау ғана болады. Өмірдің мәніні бағаламауын, олардың («өмір сүрудың  керегі, жоқ, тек тіршілік етудемін» деген сөздерінен байқауға болады).

Пассивті суицидентті  ойлар - өліп қалсам жақсы болар еді, ұйықтап оянбай қалсам деген қиялдары өздерінің өлімі туралы емес, өздерінң өмірінің қиюының елестетіп сипаттап беруі. Бұл ойлар олардың суицидентке  іштей дайын екенін көрсетеді.

Суицидальды түпкі ойлар- суицидалды әркеттің белсенді түрі, өзін -өзі жоспарын құрайды (амалын ойластырып, орны мен уақытын таңдайды).

Суицидальды ниет - өзін-өзі шешім қабылдауға және тікелей суицидальды әрекетке кірісу.

Суицидальды мінез-құлықтың сыртқы түрі- суицидальды әркет жасауды көрсетіді.

Суицидалды әрекет –  тікелей өзіне -өзі қол жұмсап, бірақ өлмей қалуы.

Суицидалды ойдан  әркетке барғанға дейінгі кезең суицидтің алды деп аталады, бұл өлгісі келу алдындағы қатты күйзелістің ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше айға созылады. 

Мақсатына сәйкес суицидальды мінез-құлық нағыз және парасуицидальды болып бөлінеді. Нағыз суицидальды мінез-құлыққа мақсатына жету үшін өзіне-өзі қол жұмсаудың қастандық әркеттері жатады.

Парасуицидальдысуицид - әлеуметтенуге қарсы тұлғаларда жиі қолданылады. Бұл өткір сезімді іздеген адамдарды кездеседі.Олар сезім ояту үшін қолданылады. 

Аффективті суициальды әрекет -қатты ашуланғанда ұзақ созылған психологиялық аккумуляциясы, уақытша есінен адасуға алып келуі.

Ашықтан-ашық қоқан лоқылы суицидальды мінез-құлық. Бұл жағдайында суицидтік әркет шарты түрде болуы мүмкін. Саналы түрде өмірде қауіпті әркетер мен айла –амалдар жасалыныады деп қарастырған [1; 39-40 бб.].

Суицидтік  жағдайларда психикалық күйлер (қобалжу, бақытсыздық, рухани құлазу, қорқыныш пен мазасыздану, ұят, кек, стресс және т.б.) байқалады.  Психологиялық стресті соңғы 4-5 жылда  шетел және еліміздің ғалымдары  адамның әлеуметтік өмірі мен еңбек әрекетінде қарастыруда [3;34 б.].

Стрестің физиологиялық негізі-американдық  физиолог У.Кенноның (1871-1945) гомеостазис (бұл терминнің мәні-ішкі организм қызметінің қалыпты жағдайы дегенді  білдіреді) туралы ілімі мен Канада ғалымы Г. Сельенің организмнің сыртқы күшті тітіркендіргіштерге өздігінен икемделіп қорғану жөніндегі зерттеуі [4; 65 б.]. Мұндай тітіркендіргіштердің организмге әсерінің күштілігі сондай, олар адамның денесіне, жүйке жүйесіне, психикасына күшті әсер етіп, сезімдік – эмоциялық жағдайын шиеленістіреді. Стрестік жағдай адамның мінез-құлқына күшті әсер етіп, қалыпты жағдайларды ауытқуға ұшыратады, ол бей-берекет қимыл-қозғалыстар жасайды. Адамның психикалық процестері-қабылдау мен ес, зейін әдеттен тыс қателіктер жібереді. Адам ашушаң қызба болады [5; 56 б.]. Жасыратыны жоқ қазіргі кезде адамдарға  стресогенді факторлар   әсер етуі өсу үстінде. 

Стресс сөзі көбіне адамның денсаулығына жағымсыз әсерде қабылданады.  Стресс – организмнің бейімделу реакциясы, оның психикалық тепе-теңдігін қалпына келтіруге бағытталған. Бірақ, кейбір жағдайларда әсері өте күшті стрессогенді  факторлар мен стресс-реакциясының жауабы  организм жүйесі мен жүйелердің зақымдалуына әкелуі мүмкін. Әр адамның индивидуалды психологиялық ерекшелігіне байланысты бірдей оқиғалар әртүрлі және әрқалай қабылданады. Дәрігерлердің бақылауының нәтижесінде аурудың шығуы психоэмо-ционалды стрестегі  мазасызданумен өзара байланысты  деп көрсетеді  [41; 65].

Зерттеу барысында, өмірдегі оқиғаларға дәрігерлер балмен есептеу  жүргізгенде, ауруға бейімі  бар адамдар тобы анықталды. Басқа  зерттеулердің нәтижесінде тәуекелге бел буған адамдарда белгілі бір әсерге жауап беруі байқалған. Мұндай жағдайда,  тұлғаның стресс – коронарлық профилін айтуға болады. Адамның психологиялық реакциясы, оның иммундық жүйесі  мен өмірдегі маңызды жүйе реакцияларымен  тығыз байланысқан. Бұл, психоэмоционалды стресс эмоционалды мазасыздануға жауап береді. Стресті  шығару стресс  факторының аяқталуының     бастапқы іс-әрекетіне әсер етуі. Адам организміндегі стрестің биохимиялық  және физиологиялық өзгерулерін  қарастырамыз.

Канадалық  ғалым Ганс Селье: стресс – организмнің кез-келген талабына тәуелді емес – деген. Организмде  пайда болған арнайы емес белгілерге тойтарыс береді, оны Сельенің үштігі деп атады. Олар мыналар:

Бүйрек үсті безінің  ұлғаюы;

Тимус көлемінің кішіреюі (иммун  жүйесі);

Асқазан мен  ішек жарасының пайда болуы.

Стресс дамуын  Г.Селье  3-ке бөлген:

1.Үрейлену  

2. Төзімділік (резистенттік)  

3. Әлсіреу 

Үрейлену деңгейі әсерінен кортизолдың  иммунды  жасушалары бұзылып, иммунитет төмендейді, асқазанда, бауырда, жүрек бұлшық еті мүшелерінде қабыну процесі мен зақымдану  жүреді. Бұл кезде  организмнің өз ұлпасында ақуыздарға  қарсы антидене өңделеді,  оны аутоантидене деп аталады. Әсіресе аутоантидене саны липидтердің қышқылдана тотығу  нәтижесінде жоғары деңгейде болады, бұл кезде аутоантидене ми және көздің торлы жасушаларына қарсы түзіледі. Резистенттік кезеңінде лимфоциттер  саны көбейіп, қалыптасу процесі басталады. Егер резистенттік кезеңінде организмнің гомеостаздық күйі қалпына келмесе, әлсіреу кезеңіне өтіп, ұлпалардың жойылуы тән.

Адамдар стрессорлар әсерінен шешім  таба алатынына  қабілеті мен мүмкіндігінің бейімділігіне байланысты екені сезінеді. Ондай күйде эффективті жауап беру және когнитивті реакциялардағы  жағымсыз эмоциялардан алыстату. Біз стрессорларды  қарастырғанда негізгі кілті болып  қорқыныш  табылады.  Егер ситуация қауіпті болған жағдайда, біз мынандай  эмоцияны сезінеміз, яғни адамның денесі мұздап, үрейленеді. Сонымен қатар, қорқыныш дүниені қабылдауға әсер етіп шоғырландыруға кедергі жасайды  [3; 65б.].

Стресс жағдайында суицидттік әрекетке бой алдырмау үшін алдын-алудың психологиялық  алғы шарттарын атап көрсетуге болады. Суицидтік алдын-алу шараларына тоқталатын болсақ, әрбір адамның  өмірге деген қызығушылығын арттыру, адамның өзімшілдік қасиетін жою, өзін-өзі бағалауды, үйрету, болашаққа оптимизмдік сенімділікті қалыптастыру, өмірдің мәнді болуы үшін шығармашылықпен айналасу, жоспар құру, қиындықтың уақытша өтпелі екенін түсіндіру қажет деп түсіндіреміз. Сонымен қатар, өзінің іштей жан күйзелісі жөнінде мүмкіндігінше жақын адамдармен немесе психологтармен ой бөлісуге болады. Олай болса, практик психологтың кәсіби іс-әрекетіндегі бағыттарының бірі- психотүзетуде, психотерапиялық әдістер көмегімен, психологиялық тренингтер арқылы жандандыруға болады.

Р.Сағидулаева мақаласында  жасөспірім кезеңде суицидалдық мінез-құлықтың кейбір өзгешеліктеріне тоқталады. ... «Жасөспірімдер арасында ересек балаларға қарағанда  өзін-өзі өлтіруге әрекет жасауы жиі кездеседі. Бірақ олардың азғана бөлігі өздерінің қойған мақсатттарына жетеді. Суицидалды мінез-құлық бұл жаста көп жағдайда демонстративтік сипат, сонымен бірге байбаламдық сипат алады. А.Е Личконың көрсеткенідей тек қана жасөспірімдердің 10 пайызы ғана шынайы өлгісі келетін ниет білдірсе, ал шынайы өлгісі келетін ниет білдірсе, ал 90пайызы көмекке шақырған жанайқай. А.Е Личко, А.А Александров 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді сынақ зерттеуден өткізіп, мынандай қортындыға келген. Психикалық өзгерістердің біршама артуы байқалады, мысалы депрессия. Балалар депрессиясының белгілеріне әрбір ұсақ түйекке мән берушілік, іш пісу мен шаршағандық сезімдері, айтқанды тыңдамау мен айқай шу, жанжал көтеруге дайын тұрушылық, ішімдік пен есірткіні пайдалану жатады...» [7;31б.]. Бұл зерттеулер мен тұжырымдарға сүйене отырып,  келешекте жасөспірімдік шақта стресстің әсерінен суицидтік мінез-құлықтың пайда болуы мен оны  зерттеудегі психологиялық маңыздылығын кешенді  зерттеуді керек етеді. 

 

1. Әділбекова М. Суицидке бейім адамдардың мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктері. // Жантану мәселелері. -№1 /2010. -37-40 бет

2. Карандашев В.Н. Как жить в условиях стресса СПб Рос.гос.пед.ун-т 1999. -354 с.

3. Колесникова Т.И. Мир человеческих проблем: Психологическая  концепция здоровья М.: Владос-ПРЕСС, 2003

4. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-Алматы: Білім,1996

5. Рейковский Экспериментальная психология  эмоций  М: Прогресс 1979

6. Сағидуллаева Р. Суицидттік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері. //Мектептегі писхология- Психология в школе.- №3 (9),2007. – 30-31 бб. 

 

 

 

 

Өмір, өмір,өмір..Өмір деген жұмбақ дүниенің ащысы мен  тұщысы қатар жүреді екен. Алла тағала адам баласына жақсылық пен жамандықты қатар береді екен

Балманова Газиза Советқызы 
Қызылорда облысы,Арал қаласы, 
№ 2 мектеп-интернат тәрбиешісі

Өмір, өмір,өмір..Өмір деген жұмбақ дүниенің ащысы мен тұщысы қатар  жүреді екен. Алла тағала адам баласына жақсылық пен жамандықты қатар береді екен. 
Қазіргі таңда жасөспірімдердің өзіне-өзі қол салу әрекетіне баруы аса өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Ғалымдардың айтуынша бойынша 14-24 жас аралығындағы балалардың 30 %-ында суицидалды ойлар болады екен.. Бұл алаңдатарлық жағдай. 
Бұл проблема туралы соңғы кездері аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. 
Тіршіліктегі басты құндылық-адамның өмірі екені белгілі.Бір күннің ішінде сан мыңдаған адам өмірге келіп жатса, сол секілді сан мыңдаған адам бақилық болады. Жаратушы қалауымен өмірден озатындарын айтпағанда, өз өміріне өздері балта шауып, ажалынан бұрын өмірімен қоштасатындары қаншама. Бүкіл әлемді алаңдатып отырған осынау мәселе соңғы жылдары өршіп келеді.

Өз-өзіне қол жұмсауды-«суицид» синдромы деп атайды. 
Латын сөзінен аударғанда суицид мағынасы (cui-өзін,caedere-өлтіру), яғни өз өміріне балта шабу, саналы түрде өмір сүруді тоқтату дегенге саяды. Бүгінгі таңдағы өте салмақты мәселеге айналған осынау аты жаман дертті әркім әрқалай қабылдап, өз алдына топшылайды. Бірі-заманның өзгеруі десе, екіншілері-әлеуметтік жағдайдың қиындығынан, не болмаса, денсаулықтың салдарынан деп таниды. Ал кейбіреулер тұқым қуалаушылық жолымен келеді деседі. Ойлап қараса, дене түршігерлік жәйт. 
Кеңес Одағы кезінде бұл мәселе жабық қаралатын болған. 1930 жылы Санақ жөніндегі мемлекеттік комитет өз-өзіне қол жұмсағандармен айналысатын секторды жауып, бұл жұмысты психиатрға тапсырады. Неге десеңіз, өзіне-өзі қол жұмсағандарға ақыл-есі кеміс, психикалық ауруға шалдыққандар деп баға берілді. Дүние жүзінде жыл сайын шамамен 1 миллиондай адамның өз өмірлерін қиюға әрекет жасайтындығы белгілі болып отыр. 
Ғылыми болжам бойынша, суицидтің үш түрі бар. Оның біріншісі көбінесе жасы егде тартқан адамдар мен жасөспірімдер арасында ашық түрде белең алатын түрі. Мысалы, жасөспірімдерге «Қалай өмір сүремін?» «Мен қандай адам боламын?», яғни болашаққа деген сенімсіздік себеп болса, қарт кісілерді «Мен қалай өмір сүрдім, бұл өмірде кім болдым?» деген ой мазалайды екен. Екінші топқа өз өміріне жауапсыз қарайтын, атап айтқанда, белгілі бір қауіпті аймақтарда жиі жүретін кісілерді жатқызуға болатын сыңайлы. Үшіншісі-қорқыту, үркіту, немесе өз айтқанымен жүргізу мақсатын көздейтін, әйелдер арасында көп кездесетін демонстрациялық түрі. 
Нағыз суицид-қашанда жабырқау дағдарыстық жағдай немесе өмірден без кешу жайлы назар аудартудың әдіс-құралы болады, күйзелу жатады. 
Демонстративтік суицид- өлуге деген ниетпен байланысты емес, қайта өз проблемасына назар аудартудың әдіс-құралы болады, күйзелу жатады. 
Жасырын суицид-өзіне-өзі қол салу мінез-құлығының бір түрі. Бірақ қатаң мағынада оның белгілеріне жауап бермейтін, сонда да сол бағытпен қорытындыға ие болады. Бұл іс-әрекет көп жағдайда қауіп-құатер деңгейінің жоғарғы ықтималдылығымен ұштасып жатады. Көп жағдайда бұл мінез-құлық тәуекелге негізделіп өмірден өтуден гшөрі өліммен ойлауға көбірек ұқсайды. Бұндай адамдар өмірден өтудің ашық түрін таңдамай, суицидалдық шартты мінез-құлықты қалайды. 
А.Г.Амбрумова өз ойын былай білдіреді: «Өзін-өзі өлтіру-шынай суицид, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруге әрекет-аяқталмаған суицид». Ал, А. Е. Лечконың пікірі бойынша, суицидалдық мінез-құлық жасөспірімде демонстративті, эффекті және шынайы болып келеді.. В. А. Тихоненко өлуге ниет қылғандардың санатын көңілге ала отырып, өзіне-өзі қол салу мінез-құлқы әрекетіне қосымша бірнеше толықтырулар негізделді. 
Жасөспірім кезеңде суицидалдық мінез-құлықтың кейбір өзгешеліктері болады. Психикалық өзгерістердің біршама артуы байқалады, мысалы депрессия, балалар депрессияның белгілеріне әрбір ұсақ-түйекке мән берушілік іш пысу мен шаршағандық сезімдері, айтқанды тыңдамау мен айқай-шу, ішімдік пен есірткіні пайдалану жатады. 
Жан торығуына шалдыққан жасөспірімдерді мамндар отбасылық жағдайынан туындайды десе, баласын тасада қалдырып, нан талап етіп, үй көрмей теңге іздеп табанын тоздырған ата-ана сыныптағы бала санын түгендеп, оның сапалы білім алуына себепкер болып жүрген мектеп мұғалімдерін айыптауда. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы суицидтің 800-ден астам түрін анықтаған. Ежелгі халықтардың діліне жат болған бұл ұғым, соңғы жылдары белең алып, дерт көзіне айналды. Шығыста «Бір күндігіңді ойласаң, күріш ек, он жылдығыңды ойласаң, ағаш ек, жүз жылдығыңды ойласаң, ұрпағыңа жақсы тәлім-тәрбие бер», деген қағида бар. Әрбір балаға жастайынан жақсы тәрбие беріп, стереотипке бой алдырмай, өмірді бағалай білуге үйретіп өсірсек, мұндай қайғылы жағдайларға тап болмасымыз кәдік. Бұл ретте баланың бойында патриоттық сезімді оятып, өмірге деген құлшынысын арттыру үшін нәтижелі әрі түзу бағыт-бағдар беруіміз абзал 
Қалай десек те, тілге тиек етіп отырған бұл проблеманың себебі өте көп. Дегенмен, мұсылман баласы үшін өзіңе-өзің қол жұмсау ауыр күнә екендігі еш күмәнсіз. өйткені, жан-Жаратушының адам баласына берген ең қасиетті аманаты. өз өмірін қию-сол аманатқа жасалған қиянат. Дінге сенімі бар адам өмірдің қиындықтарын сынақ деп біледі, өткінші деп қарайды. 
Суицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жан дүниесін түсінуіміз қажет. 
Әр бала –дара тұлға. Бала тәрбиесінде ата-ана балаға қысым көрсетуден, бала көзінше дөрекі сөйлеуден.,жат қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға үлгі болғаны абзал. 
Бала тәрбиесінің негізін құятын ең алдымен –ата-ана. өкінішке қарай, қазіргі жас ата-аналардың көпшілігі бала тәрбиесіне мән беру дегенді «материалдық жағынан толық қамтамасыз етсем болды»деп түсінеді. 
Әсіресе, мынай жаһандану заманында ата-ана бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, көңіл бөлгені жөн. Заманауи технологияның тілін ерте меңгеріп , компьютердің құлағында ойнайтын бала, атыс-шабыс, қантөгіс, зорлық-зомбылықққа толы фильмдер бала мінезіне агрессивтілік, ашушаңдық, ұрыс құмарлық сияқты ұнамсыз қылықтарды сіңіреді. 
Баланың жүріс-тұрысын мүлде бақылаусыз қалдыру, кетірген қателіктеріне ескертулердің болмауы, тиымсыздық, тойымсыздық балаларды ызақорлық пен алаңғасарлық, қанағатсыздыққа, тез сынып қалатын жігерсіздікке соқтырады. 
Ата-ана өзінің баласының ішкі жан дүниесінде нендей жағдайлар болып жатқанын білу үшін баласымен қарым-қатынаста болуы керек. Баланың қиналатын мәселелері өз басынан аспай өз әлемінде қалса, сонымен қатар оған сырттан қысымдар жасалынса, бала өзінің жанын қинайтын мәселелерден қашу үшін өз өмірін қиюға бел байлауы мүмкін. 
Басқалармен бөліспей, ішіндегі жан күйзелісін ешкімге айтпай, бәрін ішінде сақтай берсе, сырлас адам таппай, айналасындағылар оны түсінбей жатса, өмірден кету ойы, тілегі пайда болады. Егер ересектер мен мұғалімдер, құрбылары сын-мін тағып, шағымдана берсе, жасөспірімге сырттан қысымдар жасалынса, өмірдің мәнін жоғалтқанда оның осы жағдайдан қашқысы келеді. 
Жасөспірімдердің ойынша, бұл мәселерден құтылудың жолы-өзін-өзі өлтіру. Жасөспірімді «Мен бұл өмірде болмасам, менің мәселелерім де болмайды»-деген сияқты ойлар жаулайды. 
Қазір барлық нәрсе тез дамып жатыр. Технология дамуы қарыштап алға басуына орай, адамдар да тез, ерте жетілуде. Бұрын ауыспалы кезеңді 14-16 жас аралығы дейтін болса, қазір бала 9-10 жасында-ақ көп нәрседен хабардар болады.Мамандар бұл құбылысты акселерация дейді.. яғни, ерте ер жету не жедел жетілу деген ұғым. өтпелі кезеңде жүрген жасөспірім үшін қоршаған ортасының селсоқтық көзқарас танытуы басты себеп.. мысалға: жас жеткіншектердің жауапсыз сезімдері, жоғары сынып оқушыларының үстемдік етуі,отбасының бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтін ата-ана. 
Ата-анасының тыйып тастауы, еркіндік бермеуі жасөспірімнің ішкі талпыныстарын шектейді, булықтырады. Сөйтіп, ол түрлі ойларға беріледі, өзінше жауап іздейді, ішінен қиналады. 
Жасөспірімнің ішкі рухани тепе-теңдігін бұзып алмас үшін мынадай екі кеңесті айтар едім : 
1. Мүмкін болса, өз жайын мектеп психологына немесе сынып жетекшісіне, ең бастысы, өзі сенетін жанға ақтарылып, ішкі жан тебіреністерін шығарғаны дұрыс. Психолог жоқ болса немесе сынып жетекшісіне ақтарыла алмайтын болса, өзіне жаны ашитын, түсіне алатын адаммен сыр бөліскені жөн. Ұзақ уақыт жан күйзелістерін сақтай беру алға ұмтылыстарына кедергі болады. Сондықтан созып жүріп бермей, әрекет жасауға тырысу керек. Мұндай болмаған жағдайда, тұлғаның мінез-құлқында өзгерістер пайда болуы мүмкін. 
2. Тіпті болмаған жағдайда өзінің арман-мақсаттарын, алға қойған жоспарларын, талап-тілектерін қағаз бетіне түсіріп, күнделік арнағаны дұрыс болады. Уақыт өте келе жазғандарын қайта оқып шығар болса, жаңа ой түйіп, ары қарайғы қадамы, не істеу қажеттігі, шешім қабылдауы анығырақ болады. 
Жасөспірімдер суициді профилактикасын жүргізу мақсатында біздің мектеп-интернатымызда тәрбие сағаттар, жасөспірімдер арасында дөңгелек стол, пікір-талас, тренингтер жүргізіліп тұрады. 
Метебіміздің әр мұғалімі мен тәрбиешісі оқушымен қарым-қатынас жасағанда оқушының қандай көңіл-күйде тұрғандығын ескереді, сол оқушымен барынша сыр бөлісуге, ойын ашық айтуға шақырады. 
Мектебіміздегі мұғалім мен тәрбиешілер және мектеп психологы оқушылармен қарым-қатынас жасағанда төмендегі қағидаларды ұстанады: 
-баланың проблемасын мұқият тыңдау. 
-сұрақтарды нақты қойып, астыртын балаға білдірмей толғандырып жүрген мәселелер туралы сұрау. 
-Естігеніңе байланысты таңданыс білдірмей, қандай жағдайда да баланы жазғырмау керек. 
Ата-аналарға арналған жадынама 
Жан күйзелісі және одан арылу жолдары: 
Егер бала агрессиясыз өссін десеңіз: 
–зз проблемаңызды балаға артпаңыз. 
–егер ашулы болсаңыз, онымен қарым-қатынастан аулақ болыңыз. 
–егер бала сіз айтқан ережеге көнгісі келмесе күштемеңіз 
-күш көрсету, түзету орнына, бала қарсылығын арттыра түседі. 
-мәселелерді өзіңіз жеке емес, баламен бірігіп шешіңіз 
-егер бала сізбен араласуды қош көрмесе, күшпен көндірмеңіз. 
-егер қиын жағдайда не істеуіңізді білмесеңіз, оны тезірек шешуге тырысыңыз, асықпай ойланып кірісіңіз. 
-баланы жиі мадақтаса, ол өмірде әділетті болуға үйренеді. 
-түсінушілік пен достық жағдайда өмір сү.рүге үйренеді 
-бала дұрыс өсу үшін оған сүйіспеншілік, өз күшіне сенушілік керек, біз үшін, үлкендер үшін өзінің қажетті, бағалы екенін сезіну керек. 
-балаға өзіне деген сенімі мен мүмкіндіктерін іске асыруға үміттедіру керек. 
Әр түрлі қиын жағдайлардан шығу жолдарын ұсыну. Үндеу. 
Құрметті азамат! 
Сен өзіңді құрметтеуге тиістісің. Бойынңдағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Бойыңды ластамай, жан дүниеңді таза ұста. Өзіңнің бос уақытыңды пайдалы іске арна. өз тағдырың-өз қолыңда. өзіңе сен, өзіне сенген сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады. 
Сен ел үшін, ата-анаң үшін, достарың үшін керексің, есіңде болсын, сенің қасыңда саған көмек беретін адамдар бар! Жан күйзелісіне шалдыққан жасөспірімге сөз көмегін көрсетіп, өмірдегі қиыншылықтардың барлығы өткенші екенін түсіндіру, баланың қуанышы мен қайғысын, күйзелісін бөлісу арқылы ғана біз өсіп келе жатқан жас ұрпақтың өсіп-өнуіне көмек көрсетуіміз керек. 
Жасөспірімдерімізге өмірдің мәні деген түсінік аясында көптеген мағлұмат бере білсек, психологиялық дамуындағы қиыншылықтарға көңіл бөле білсек, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың өте маңызды екенін түсіндіре білсек, жан дүниесіндегі күйзелісіне мән бере білсек жасөспірімдеріміз мұндай жан түршігерлік әрекетке бармаған болар еді.

 

 

 

Біз өмірді таңдаймыз!!!

Баланың мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына отбасының әлеуметтік жағдайы мен отбасындағы тәрбиенің маңызы зор. «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілесің» - демей ме дана халқымыз. Ендеше, бала тәрбиесіне ең алдымен ата-ана толық жауап беру керек. Ата-ана өз баласына уақытын бөліп, тәлім-тәрбие беріп, оның әрбір сұрағына түсінікті жауап беріп, келешектегі өміріне жағдай туғызып отырса, ондай бала келешекте өзі де тәртіпті, ынталы болып өседі. Ата-ана мен мектептің алдында бүгінгі күні үлкен тәрбие мәселесі тұр. Сол мәселелердің бірі:    

 Қазіргі уақытта белең алып  отырған қоғамдағы трагедияның  бірі жасөспірімдер арасындағы  суицидалдық құбылыс. Осы мәселені  алдын алу мақсатында мектебімізде  жыл басынан бері бірненше  іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.  Жыл басында өткізілген сынып жетекшілердің отырысында жасөспірімдік суицидалдық мінез-құлықтың ерекшеліктері туралы және оны алдын алу мәселесі сөз болды. Оқушылармен сынып жетекшілер және мектеп психологы С.А.Ахсанова үнемі жеке және топтық әңгімелер, сынып сағаттарын өткізіп отырады.    

 Суицидалдық мінез-құлықтың  үш типі болады – шынайы, жасырын, демонстративті. Оның психологиялық ерекшеліктері  

1.       ЭГОЦЕНТРИЗМ (тұлға тек өзіндік күйзеліске, уайым-қайғыға назар аударады, басқа мәселелерге қызығушылық танытпайды)

2.       АУТОАГРЕССИЯ (өзін-өзі орынсыз кінәлау, тұлғаның өзін төмен деңгейде бағалауы, т.б.)

3.       КРИЗИСТЕН  ШЫҒУ ЖОЛЫНА  ПЕССИМИСТІК ТҰЛҒАЛЫҚ  ҚАТЫНАС (депрессия, қорқыныш, суицидалдық әрекетке әзірлік)

4.       ПАРАНОЙЯЛДЫЛЫҚ (нервті-психикалық үрдістердің ригидтілігі, дайын ойшыл стереотиптерді ұстану, өте бағалы идеялар табу икемділігі)

Суицидалдық әрекетке әсер етуші факторлар: Әлеуметтік ортадағы ауыр моральдық-психологиялық жағдай – отбасында, ұжымда; Отбасындағы тәрбие шарттары:ерте әкеден айрылу, ондағы “матриархаттық” стиль; жағдайсыз жанұяда тәрбиелену.

Өзіне-өзі қол жұмсау жағдайлары болған жанұяда немесе жақын адамдарынан  айрылған жағдайда  

Суицидалдық әрекеттің  алдын алу үшін:

·         Бала жан дүниесінде болып жатқан күйзелісті мұқият тыңдаңыз;

·         Бала сезімін, ойына алған істің орындалуын мұқият бағалаңыз;

·         Көңіл күйінің, эмоционалдық күйзелісінің қаншалықты тереңдігін бағалаңыз;

·         Әрбір ренішіне, көңілі толмаған істерінің бәріне мұқият қараңыз;

·         Қорықпастан сұраңыз “Өз-өзіне қол жұмсағалы жүрген жоқ па?”

Информация о работе Казіргі кездегі суицидалдық мінез-құлықты зерттеу жолдары