Казіргі кездегі суицидалдық мінез-құлықты зерттеу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 16:48, дипломная работа

Описание работы

Латын тілінен аударғанда «суицид» сөзі «өзін-өзін өлтіру» деген мағынаны білдіреді. «Өзін-өзі өлтіру» деген түсінікке ХІХ ғасырда «Самоубийство: Социологический этюд» деген еңбегінде француз социологы Эмилем Дюркгейм классикалық тұрғыда анықтама берді. Өзінің осы түсінік туралы пікірінде, тікелей немесе жанама болса да, оң немесе теріс қылықтардың нәтижесі болып табылатын әрбір өлім жағдайын жәбірленушінің өз жасаса, және ол оның нәтижесі туралы білсе, онда ол өзін-өзі өлтіру әрекеті болып табылады дейді. Өзін-өзі олтіру – философиялық, психологиялық (психологиялық теріс бейімделу, фрустрация), әлеуметтік, медициналық, адамгершіліктің және құқықтың проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен.

Содержание работы

Кіріспе……………………………............................................................................3
1 Суицид мәселесінің әдіснамалық, теориялық негіздері....................................5
1.1 Суицид мәселесіне әдіснамалық талдау ....................................................5
1.2 Суицидті әлеуметтік мәселе ретінде қарастыру..........................................7
2 Жастар арасындағы өзін - өзі өлімге итермелеудің алдын - алу және олармен әлеуметтік жұмыс .................................................................................10
2.1 Суицидтік жағдайлардың негізгі себептері....................................................10
2.2 Жастар арасындағы суицидке байланысты жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар..................................................................................................................14
2.3 Кризистік көмек..............................................................................................23
Қорытынды..............................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………..................................................29

Файлы: 1 файл

Суицид диплом марта.doc

— 510.00 Кб (Скачать файл)

Суицидальды мінез-құлық мыналардан түрады:

а) аяқталған  өзін-өзі өлтіру;

ә) суицидальдық әрекеттер (өз өміріне қауіп төндіру);

б) ниет (өзін-өзі  өлтіру идеясы).

Социологтар, әлеуметтік психологтар және психотерапевтер суицидальдық мінез-қүлықтың екі негізгі типті көрсетеді:

Шынайы және қыр көрсететін(немесе қыр көрсету-бопсалау). Шынайы суицидальды мінез-құлық кезінде оны орындау туралы ойластырған, бекіген тілек болады және өз жоспарын толықтай және шынайы жүзеге асыру үшін барлық шаралар қолданылады, барлық қажетті дайындықтар жасырын жасалады. Ал қыр көрсету арқылы жасалатын суицидальды мінез-құлықтың себебіне- өзін-өзі өлтіру емес, оны жасауға қыр көрсету, оны жанжалды шешкен жағдайда өзіне пайда келтіру мақсатында жасайды. Кейбір мамандар суицидальды мінез-қүлықтың қосымша аффектілік (грек.-жан дүниенің толқынысы, құштарлық) типін ұсынады, ол кезде өзін-өзі өлтіру ниеті өте күшті қапалану және қайғыру кезінде болады. Бұл эмоциялық ашудың қысымы ұзақққа созылмайды.Бұл жерде де қыр көрсетудің элементтері болуы мүмкін.

Суицидальды мінез-қүлыққа: антивитальды қапаланулар (өмірдің құндылығын жоғалту, «мен өмір сүріп жүрген жоқпын, тек тіршілік етемін» деген сияқты ойлар); селқос суицидті ойлар- өзінің өмірінен айрылудың жеңіл өтуі туралы қиялдар(«ұйықтап кетсе, содан оянбаса» деген сияқты ойлар); суицидті ниеттер- өзін-өзі өлтіруге деген тілектер; суицидты болжаулар- өзін-өзі өлтіру туралы шешімдерді тәсілдер мен ыңғайлы жағдайларды іздеу арқылы жүзеге асырулар жатады, суицидальды ниеттер қайтымды фазадан (суицидент әлі де болса өмірге қайтып келмеген кезі) қайтымсыз фаза арқылы- биологиялық өлімнің келуімен өтеді.

Суицидты  мінез-құлыққа әсіресе екі жас  топтары бейім болады: кәрі адамдар  мен жасөспірімдік және бозбалалық шақтағы жас адамдар.Жастар арасында жеке адам аралық қатынастары бұзылған: «жалғыздар», алкогаль немесе есірткіні шектен тыс пайдаланатындар, гомосексуалистер сияқты суицидальдық рискісі жоғары жас адамдар ерекшеленеді.

Жастар арасындағы өзін-өзі  өлтіру себептерінің ең кең тарағандарына мыналар жатады: жақын қоршағандарының арасынан ең сүйікті адамнан айрылу немесе жауапсыз қалған тәкаппар махаббат сезімі; өзінің абыройының мұқағанын сезіну; алкогальдік мас болудың, психотроптық кұралдарды қолданудың нәтежесінде жеке басты қорғау механизімдердің бұзылуы;таксикомания және нашақорлық; адам өз мінез-құлқына бақылау жасау қабілетін жоғалтқанда болатын фрустрация немесе аффект жағдайы. Өзін өзі өлтіру жасөспірімдер мен бозбалалар өлімінің қайғылы жағдайы мен кісі өлтіруден кейінгі үшінші орын алатын АҚШ-тың социологтары мен психологтары ұсынған суицидтің жалпы кабылдаған себептер:

-мінез-құлықтың бүзылуы,  депрессия сияқты психикалық  бұзұлулар, немесе дәрі-дәрмектердің негізінде пайда болған психологиялық бұзылулар;

-осының алдындағы  өзін-өзі өлтіру ниеті;

-депрессияның, үмітсіздіктің, көмексіздіктің терең сезімдері;

-есірткі мен  алкогольді колдану;

-айрылысу  немесе айрылу іспеттес отбасындағы  жанжал сияқты өмірлік стресстік жағдайлар;

-атыс қаруларын  қолдануға қол жетерлік жағдай.

Суицидты  мінез-қүлық факторларын қарай  отырып, жас адамдардың суицид жасауға жалпы ниеті жан дүниенің теңсіздік жағдайына деген бір ғана реакциясы емес екенін есте сақтаған дұрыс. Өзін-өзі өлтіруге деген шешім ұзақ уақыт бойы жинақталған жеке бас немесе отбасылық проблемалар негізінде пісіп-жетіледі. Бірақ суицид ниеті өздігінен импульсты болып келеді.[11]

Жастар арасындағы озін-өзі өлтіруге әсер ететін әлеуметтік жағдайлардың ішінде ерекше рольді кейбір мәдени күбылыстар ойнайды. Оған мысалы ретінде өзін-өзі өлтіруге еліктеу сәті бар суицид формасы жатады. 1774 жылы Гетенің «Стратания модолог Вертера» деген романы басылып шығады, онда жас Вертердің өмірі мен бақытсыз махаббатан өлуі туралы жазылған.Міне осыдан кейін өзін-өзі өлтірудін бүтіндей эпидемиясы байқалған екен. 1970жылы жапондық жазушы,Нобель сыйлығының лауреаты Юкиа Мисима өзін-өзі өлтірген қол салуының топтамасы байқалған. Жастар үшін көпшілік мәдениетінің «жұлдыздарының» өзін-өзі өлтіруі әсіресе «жұқпалы».

Еліктеу факторын қарастыра отырып,еліктеу күшінің  әсері үнемі шектеулі екенің, өтпелі сипатын естен шығармау керек. Егер еліктеу белгілі бір қарқындылыққа жетеді десек, оның өзі қысқа уақыттық екенін ұмытпау керек» (1). Сондықтан, әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік қызметтер суицид саласында жұмыс істей отырып, кандай да бір жастар кумирі өзін-өзі өлтірген сәтте және онда біраз уақыт өткеннен кейін аса мұқият болу керек.

Өзін-өзі өлтірудің  деңгейінен күшті әсер ететін әлеуметтік факторға дін жатады. Ислам өздігінен  өміріне қол соғуды қатал сынға  алады, сондықтан мұсылман дінін ұстанатын елдерде бұл құбылыс кездеспейді.Иудаизмде де кұдай үшін өмірдің құлдылығы насихатталады.Христиан діні де Құдайдың алдында тез баруды армандаған өзін-өзі өлтіруші алғашқы азаптанушы христиандардың толқынынан кейін өз еркімен өмірден кетуге тыйым салады.Ал брахманизм мен буддизм сияқты діндер мындай доктринаны ұстанады: адамды өмірмен жалғастырып тұрғанның барлығы оның азабының себебі болып табылады, сондықтан өмірден кетуге олар байсалды қарайды. Ендеше, әлеуметтік қызметкерге жас суициденттің қай дінді ұстанатынын, сол діннің суицидке қатынасын ескеру керек, қажет болған жағдайда суицидты алдын-алу үшін, болмаса суицид алдындағы кезеңіне өту үшін діни қызметкерін көмекке шығару керек.

Жасөспірімдер арасында өзн-өзі өлтіру мен өзін-өзі  өлтіру ниеттену проблемасы өткір тұр. Бақытсыз махаббат, сатып кету, ата-аналарымен болған жанжал, жалғыздық, материялдық қиындықтар-осынын бәрі жасөспірімнің иығына ауыр күш болып  басылады, өзін-өзі өлтіру туралы ой осы проблемаларды шешудің бірден-бір жолы сияқты көрінеді. Жүргізілген социологялық зерттеулердің мәліметтері көрсеткендей, 10-16 жастағы балалардың 23,6% өзін-өзі өлтіру туралы ниет болған екен. Өскен сайын бұл ойлар жиі ойға келеді: 5-6 сынып оқушыларының 16,6% бұл мәселені кұптаған, 7-8 сыныптағылардың-24,9%, ал 9-11 сыныптағылардың-27,1% құптаған. Ұл балаларда ол 12-13 жаста шарықтау шегіне жетсе (29% өмірден өз еркімен кетуді ойлап жүр), қыздардың көптеген маңызды проблемалары 14-16 жастарында ушығады екен де, өзін-өзі өлтіру туралы ой сұрағандардың 30% ойында жүр (2).

Жасөспірімдерге тән  суицидальды мінез-қүлыққа тән  проблемалардың бірінші орнында олардың ата-аналарымен арасындағы карым-қатынас болса, екінші орында оқу орындарына катысты қиындықтар, ал үшінші орын достарымен байланысты, әсіресе қарама-карсы жыныстағы құрдастарына қатысты проблема жатады.

Статистика көрсетіп отырғандай, өзін-өзі өлтіруге ниет қылған жасөспірімдердің көбі әл-ауқаты нашар отбасылардан шыққандар. Осындай отбасыларда ата-аналары арасында дау-жанжалдар жиі болып тұрады, сондай-ақ ата-аналары мен балалары арасындағы жанжал көбіне қол жұмсау арқылы жасалады; ата-аналары балаларына мейрімсіз болады, тіпті өшпенділік танытатындары да бар. Өзін-өзі өлтіруге шешім қабылдауға ата-аналарының жиі жұмыссыз жүру мен отбасындағы әкономикалық проблемалар, ата-анасынан егер айрылу немесе олармен карым-қатынасты жоғалту, анасының ауруы немесе әкесінің отбасьшан кетуі де жатады.

Өзін-өзі өлтіруге ниеттену- көмек сұрау туралы айқайлау, ол-жасөспірімдердің, бозбалалар мен  бойжеткендердің өздерінің қайғыларына

назар  аудартуы   немссе  қоршағандарынан   аяушылдық  сезімді   шақыруы, болмаса басқа адамдарға белгілі-бір мақсатта әсер етудің жолы.

Өзін-өзі өлтіруге деген  ниеттің себептерінің ішінде жасөспірімдердің және эксперт психологтардың айтуынша, басқа адамдарға әсер етудің әртүрлі тәсілдер бар: шамамен 40%-«басқа адамға сенің қандай қиын жағдайда екеніңді түсіндіру» үшін жасадым десе, шамамен 30% «өзіңе жамандық жасаған адамға сол қылығы үшін өкіндіргім келді»дейді, 25% «өзімнің қалайша басқаны жақсы көретінімді көрсеткім келді» немесе «мені шынымен де шын жақсы көретінін тексергім келді»деп түсіндіреді, 18%- «көмектің басқадан келгенін көрсету» дейді (әрине әрбір суицид жасаушының себептері бірнешеу болады){3).

Америкалық зерттеуші Уоррен Шидльдің «Смерть:

междисциплинарный анализ»атты кітабында суицид проблемасына байланысты студенттер арасында жүргізген сауалнаманың нәтижесі көрсетілген. «Сізде өлуге деген ниет болды ма? Егер болса не себепті?» деген сұрақтарға сүрағандардың 28% оң жауап берді. Себептерінің ішінде: «өмір бос уақытты өткізу сияқты болып көрінді», «өз өмірімді жек көрдім», «әлеуметтік және жеке келеңсіздіктер, өзімнен қоршағандарды құтқарғым келді», «одан кейін не болатының білгім келді», «адамдар мені аяғынан тіледім» дегендер бар. «Өмірден өзін-өзі өлтіру арқылы кетуді ойладыңыз ба немесе солай жасап көрдіңіз бе? Егер болса, неліктен?» деген сұраққа 22% оң жауап берді.

Суицидальды мінез-кулықтың себебін дұрыс түсіну үшін әрбір  нақты жағдайда екі сұраққа жауап беру керек: «не себепті»адам суицидті әрекетке болды немесе бармақшы болды және «неге» оны жасағысы келді? Бірінші сұраққа жауап беру суициденттің болуы мен оны қоршағандарының объективті жағдайына талдау жасауды қажет етеді. Екінші сұракқа жауап суициденттің бұл жағдайға қандай баға беретінін, қоршағандарының оны қалай   қабылдайтынын   және   ол  осы   суицидальды   қорқыту   нәтижесінде немесе оны жүзеге асырғанда неге қолы жетті деген мәселслерді түсіндіру керек. Қалай болса да, суицид- ең алдымен адамның өзбетімен өмірлік күрделі де қиын жағдайларды игере алмайтынын білдіретін жеке психологиялық реакциясы.

Көпшілік  қабылдаған өзін-өзі өлтіру ниеттері туралы пікірлерге карамастан көп жағдайда оны алдын-ала біліп, оны алдын алуға болады. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын жас адам қандай да формада карсылық көрсетеді: үйден кетіп қалады барлығына немқұрайлық танытады, соның ішінде сыртқы әлпетіне, немесе тағы да басқаша өзіне назар аударады.Өзін-өзі өлтіруге ниеттенген жасөспірімдердің көпшілігі әдетте осы тақырыпта(көбіне сырғақтап) қоршағандармен әңгімелеседі. Егер соңғылары дер кезінде аландаушылық туғызатын белгілерді байқаса, оған бірден назар аударып, оны байыппен бағалайды, қандай да бір одан шығар жол іздейді, бұл бақытсыздықтың алдын алуға көмектеседі.

Болуы мүмкін суицидальды кауіптердің индикаторларына мыналар жатады:

а) мінез-қулығындағы  белгілі-бір белгілер: суицидальды  қорқытулар, осының алдындағы өзін-өзі өлтіру ниеті, адамның мінез-құлқындағы немесе жеке басындағы үлкен өзгерістер, «өмірден шаршағаны»немесе «жағдайдың тұйықталғаны»туралы арыздары, сондай-ақ соңғы өтініштеріне дайындығы;

ә) депрессия, үмітсіздікті, қауқарсыздықты бастан кешіру, қамығу, жалғыздық, ешкімге  қажетсіздік сезімі және әлеуметтік оқшаулану және т.б. сиякты психоэмоциялық белгілі бір жағдайлар.(5).

Жас суицидтермен жүргізілетін әлеуметтік және әлеуметтік психологиялық жұмыстар мынадай жағдайларда жүзеге асырылады: суицидті жүзеге асыру және суицидті жасауға ниеттену кезінде, яғни өзін-өзі өлтірудің алдын-алу және аяқталмаған суицидтің кұрбанына көмек көрсету.

Суицидке  бейім жас адамдармен жүргізілетін әлеуметтік терапияның мақсаты «аландатып отырғандарды жұмсату», клиенттің шешілмейтін проблемаларының шешілетініне толықтай сендіру немесе оны азайтумен анықталады. Әлеуметтік қызметкер адамның суицидке баруына себепкер болган жағдайға талдау жасайды, оньтң әлеуметтік қызығушылығын оятады, клиенттің осындай «бітпейтін» проблемаларымен де қызықты екенін сендіруге тырысады, олардан шығатын жолдардың бар екеніне көзін жеткізеді, клиенттің өз проблемаларынан басқа көңіл аударуына ықпал жасайды.

Жас адамға өмірде ең жаман жағдайлардан да жол тауып  шығуға болатынын, шешімі табылмайтын проблема болмайтынын, өзін-өзі өлтірумен ешқандай проблема шешілмейтіні туралы ұсынымды қалыптастыру керек. Клиент басынан кешетін үмітсіздік, қайырсыздық сезімдерін азайту керек. Жұмыстың бірінші кезенінде-ақ өз күшіне сену туралы, жол таба алмау сезімдерінен ауыру керектігін бекіту керек; осыған қатысты азғантай болса да үміт адам өмірін құтқарады.

Өзін-өзі өлтірудің  алдын-алу ісінде анонимдік телефонның қызметі(«сенім телефоны») негізгі буын болып табылады. Бүл телефон қызметінің максаты- дағдарыс жағдайында түрған, өзін-өзіңі өлтіруді ойлап тұрған жас адамға арнайы даярланған, оны досындай мұқият тындайтын, абоненттің дағдарыс жагдайын бастан өткеруге көмектесе алатын әлеуметтік қызметтің қызметкерімен телефон арқылы карым-катынасқа түсіруге үмтылу. Мүндай кызметтердің қағидалардың арасында ерекше орында сенімдік, абсалютті кұпиялық, анонимділік, кез-келген қысым көрсетуге тыйым салу- айыптамау, сынамау, тіпті таңқалмау, керісінше абонентке дұрыс шешім қабылдауға көмектесу жатады. Жастар «сенім телефонның» барлығы туралы кеңінен хабарланады, онда өзін-өзі өлтіру туралы ештеңе айтылмайды, тек «қайғыда, үмітсіздікте және депрессияда» көмек көрсететіні ғана хабарланады.

Суицидальды мінез-құлық белгілерін ертерек  анықтау үшін мыналар манызды:

*Ауырған ауруларын немесе миынан алған жарақатын есепке алу;

  • қосымша стресс-фактор ретінде отбасындағы күрделі қатынастардың 
    бала психикасына әсерін;
  • тым ашуланшақтың, тым әсершілдіктің, ұяндыктың пайда болуының, 
    өз кемтарлығын сезінуінің, өз кемшіліктеріне қатысының, өз табыстары мен 
    абыройын төмендетудің себептеріне талдау жасау.

Информация о работе Казіргі кездегі суицидалдық мінез-құлықты зерттеу жолдары