Мектепке дейінгі балалардың эмоциялары мен сезімдерін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 13:11, курсовая работа

Описание работы

Эмоция адамның айналасындағы өмір шындығы және өз басына деген қарым-қатынасы болып табылады. Және оның жүзеге асуына сезімдей әсер етеді. Жалпы, осы эмоция мен сезім ұғымдарының өзіндік айырмашылықтары бар. Психолог Қ.Жарықбаевтың пікірінше: «Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттеріне байланысты туып отыратын шағын, ситуациялы көңіл-күйлері, адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алса, не болмаса бір нәрсеге мәз болып, ішек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі. Эмоцияда мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқалатын ым-ишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек ағза тұрғысынан көрсете алады.

Содержание работы

Кіріспе...............................................................................................................3

Негізгі бөлім

II.Балалардың сезім мен эмоциясын дамыту.

2.1.Сезім және эмоция.....................................................................................5-10

2.2. Эмоция баланың жекелік дамуындағы негізгі этап ретінде
Оқушылардың эмоционалдық жағдайының көрініс табу
ерекшеліктері............................................................................................10-18

2.3. Баланың қобалжулығының негiзгi көрiнiстерi. Қобалжулық
психологияның зерттеу пәнi ретінде....................................................18-28


2.4.Мектеп жасына дейінгі баланың жағымды эмоцияларын дамыту....28 -33

Практикалық бөлім...................................................................................34-43

Зерттеу бөлімі...........................................................................................44-48


Қорытынды ....................................................................................................49


Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................50

Файлы: 1 файл

эмоция.doc

— 583.50 Кб (Скачать файл)

Эмоция - адамның  органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер.

Адамның эр түлі эмоциялары оның кажеті мен қызығу ерекшеліктеріне, дүниеге көзқарасы мен сеніміне, мінез-құлкы мен мінез көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар тудырады. Кісі үнемі қинала беретін болса, оның діңкесі қүрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгілейді. Жоғары сезімдср адамга ғана тэн. Осы топқа адамгершілік, эстетикалык, интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді. Қоғамдык өмірдің талабына сэйкес адам мінез-қулқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі адамгершілік сезімдер. Адамгершілік немесе имандылық сезімдердің бірі адамгершілік сезімдер. Адамгершілік немесе имандылық сезімдердің мазмүныда, қүрылымы да күрделі келеді.

Эмоция және сезім - бұл адамның айналадығы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым – қатынасы.

       Сезімдер мен эмоциялар бейнеленетін заттардың ерекшеліктеріне тәуелді.

Сезімдер мен эмоциялар адамның таным және іс – әрекетінен тыс болмайды. Олар іс – әрекет барысында пайда болады және оның жүзге асуына әсер етіп отырады.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келдуі – келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түріе, сезім деп атайды. Сезімдер өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым - қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи әлеуметтік сипатта болады.

       Сезімдерден эмоцияны дұрыс айыра білу қажет.

Біздің сезімдеріміз екі - реттеуші және сигналдық қызмет атқарады.

Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамдар көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Адамның осылайша шамадан тыс зарлауын психологияда стресс (стресс – ағ. сөзі шамадан тыс зарлану деген мағынаны береді) деген терминмен белгіленеді.Сезімдер өздерінің мазмұны және мәні жағынан әртүрлі және сан қырлы болады. Психологияда сезімді – моральдық (адамгершілік), интелектуальды (танымдық) эстетикалық сезімдер болып бөлінеді.

Моральдық сезімдер. Моральдық сезімдер дегеніміз – жеке адамның адамдардың өзінің мінез құлқын деген эмоциялық қатынасы. Өршіл сезімдер арасынан моральдық сезім ерекше орын алады. Интелектуальды сезімдер. Ақыл ой әрекеті процесінде пайда болатын тебіреністерді интелектуалды сезім деп атабйды.

       Эстетикалық сезімдер – адамның әсемдікті қабылдауы және қолдан жасауы барысында туады және сұлулықты қабылдай отырып, адам көз қызықтырып, сүйсіне тамашалап, қарау ынтасын тудыратын, өзіне тартқан үстіне тарта түсетін эстетикалық әсемдік сезімін бастан кешіреді.

Жеке адам өмірінде эмоциялық күйлердің үлкен мәні бар. Эмоциялық күйлер өтіп жатқан психикалық әрекет сипатына ғана тәуелді болып қана қоймай, оған өзі де орасан зор әсе етеді. Эмоциялыцқ күйлердің бәрі де өткінші сипатта болады.

Көңіл – күй бұл адамның барлық толғаныс тебіреністері мен әрекетіне өң беретін біршама ұзақ эмоциялық күй.

Аффект – бұл қысқа мерзімді, бұрқ етпе өте күшті эмоциялық реакция. Аффекті күй эмоцияның бірте – бірте күшеюінен көрінеді. Аффект жағдайда сана таралады, ол көңіл күймен байланысты қабылдайтын заттар мен түсініктердің шағын шоғырына бағытталады.

Фрустрация. Тұрақты жағымсыз эмоціиялық күйге душар ететін, шектен асқан қанағаттанбаушылық фрустрациясының, яғни сана мен әрекеттің бұзылуының негізі болады. Фрустрация кезінде адам өте күшті жүйкелік - психикалық күйзеліске түседі. Фрустрадцдияның өту ерекшелігі шиеленіскен жағдайдың шашілуіне байланысты болады.

Фрустрация әлсіреуі, тыным табуды немесе күшеюі мүмкін. Егер шиеленіс шешімін таппаса, онда фрустрация басқа кереғар жағдайда басталады.

 

 

2.2. Эмоция баланың жекелік дамуындағы негізгі этап ретінде.

 

Эмоция сөзі, латынның еmovere, толқыту, қоздыру деген мағынаны білдіреді. Уақыт өте бұл сөздің мағынасы шамамен өзгерген, қазір эмоция -  бұл, әртүрлі экзогендік (қоршаған ортадан шығатын) және эндогендік (өзіндік органдардан ұлпалардан шығатын) сигналдарға жауап ретінде пайда болатын, міндетті түрде организмде айқын физиологиялық өзгерістерді алып жүретін, сезімдер реакциясының жалпыламасы. (15,31,37,42,18 бет)

К.К.Платонов көрсетуі бойынша «эмоция» шындық әлемінің заттары мен құбылысын көрсетпейді, сол заттар мен құбылыстардың адам ағзасына тигізетін әсерін көрсетеді. Эмоция таным процесінің формасы болса да, ол санамызда, сол зат немесе құбылысқа әсерленушілікті білдіреді.

Эмоция – ой сияқты – шынымен объективті (әділ) өмір сүретін құбылыс. Бұның диапазоны мен формалары өте кең. Қауныш және қайға, рахаттану және жиіркенушілік, ашу және қорқыныш, сағыныш және қанағаттанушылық, үрей және түңілу – осының бәрі әртүрлі эмоциялық күйлер.

Эмоция – мотивация мен әуестенушілік, талаптанушылық немесе И.П.Павлов айтқандай, «рефлекс мақсатымен» тығыз байланысты. Элементарлы эмоциялар адамға ерте сәбилік шақтан бастап тән. Нәрестенің ең алғаш дүниеге жылап келуін эмоционалдық өмірінің ең алғашқы басқышы деп есептеуге болады. Әрбір адамның  эмоционалдық өмірі шектеусіз және бір мөлшерде жұмбақ. И.Канттың ұсыныстарына қарай эмоцияны «стеникалық» (гректің «стенос» - күш), сергіткіш, қоздырғыш, энергиялық әрекетпен қамсыздандыратын, астеникалық  (жалғауы қарсылықты білдіреді) – сөндіруші,  адамның белсенділігіне кедергі келтіретін, тежейтін, босаңсытатын, мақсатқа жету жолында қиындықты жеңуге кедергі келтіретін, етіп бөлуге болады. Осы классификацияны отандық ғалымдарда мойындайды.

Стеникалық эмоцияға, қуаныш, ашу, ыза кірсе, астеникалыққа – сағыныш, үрей, аққөңілдік кіреді.

Стеникалық  және астеникалық эмоциялар адамның саналы бағалауына қарай жағымды және жағымсыз  болуы мүмкін. Эмоцияның көп түрлігінен басқа оны: көңіл күй, құштарлық және аффект деп білдіреді.

Көңіл–күй – бұл қатты білінбейтін, тұрақты эмоционалды қалып. Көңіл – күй түсіңкі немесе сабырлы, қобалжулы немесе жабырқаңқы, салтанатты немесе көңілді болуы мүмкін. Бұл эмоционалды қалыптың – эмоциялық фоны болып табылады.

Құштарлық – күшті және терең ұзақ мерзімді  эмоциялық қалып. Құштарлық адамның ойы мен әрекетінің бағытын басқара отырып, тілегін қажеттіліктерін қанағаттандыратын әрекет.

Аффект – бұл айқын байқалатын, эмоцияның қарқынды жарқ ететін ашу, ыза, шаттық үрей т.б. көрінетін, эмоцияналдық қозудың жоғарғы дәрежесі (44).

Эмоция түйсік секілді – шындықты бейнелеу формасы.

Сондықтан адамның уайымсыздануы, басқада психикалық әрекет секілді, тәуелсіз, және шындықпен байланысты.

Эмоция И.П. Павловтың көрсетуі бойынша үлкен мен сыңары жарты шарлары қабығының «қайнар күші» болып  есептеледі.

П.К.Анохин 4 негізгі факторды көрсетті, олар эмоцияның жоғарғы қозу деңгейінен, ұзақ уақыттың, «ұю қалпына» өтуінің міндетті физиологиялық шарты болады, артынша аурудың дамуына әкеп соғады.

1 . Берілген жүйке клеткаларының  қозуының биологиялық оптимумына (жақсы жағдайлар жиынтығы) және  тиггерлі механизмдердің сынуына  шыдау. Осы қозудың жоғарғы деңгейін  «құлыптау» немесе оның ұзақ уақытқа созылуы,

2. Алғашқы және шамадан  тыс қозған жүйке элементтерін, жүйке құрылысына одан әрі  немесе кең көлемді енгізе;

3. Қан арналарындағы сергітетін  гормондардың талпына жоғарылауы, алғашқы қозған жүйке элементтерін  «қамшылауға» әкелді, және патологиялық эмоция ағым формасын созылмалы «кесірлі шеңбер» түріне ауыстырады.

4. Қоршаған орта факторларының  бас ми сығарларына әсер ету  арқылы, қабық асты потологиялық  комплексінің жіңішкерген және  біршама кеңіген сигналдармен  байланысты қалыптасады. Осы кезіңнен бастап патологиялық эмоция, психикалық құрылымы бұзылған, психологиядық комплекске айналады.

П.К.Анохин пікірінше адамға жағымды эмоцияналды сфера қалпын туғызу үшін «жағымсыз эмоция тудыратын стимулдарды болдырмау арқылы, немесе сол стимул мен эмоция арасына жағымсыз эмоцияны болдырмауға тырысатын интеллект, логиканы кіргізу жолдары арқылы ... Соңғысы тәрбиелік жұмысқа да кіреді, эмоция мәдениетін қалыптастырады.

Қалыпты өсіп, келе жатқан нәресте өте эмоцияналды. Ол үшін өмір жаңалыққа тола; білетіні аз болғандықтан оған барлық нәрсе өзгеше және маңызды болып тұрады. Ересектер тарапынан көп көңіл бөлінбесе оған қатты әсер етіп, эмоционалдық сферасының қалыптасуына әсер етуі мүмкін. Нәресте жанұядағы психологиялық жағдайды ықыласпен қабылдайды, қоршаған ортадағы тез қаунып, тез қайғысын өзінікі сияқты қабылдай алады. Ол қайғыға ортақтаса біледі, және жаны аши алады. Жылдар өте келе өзгеретін бұл әсершілдікті қолдап, нәрестенің осал, нәзік, таза, мөлдір эмоцияналдық өмірінің құламауына көмектесу керек.

Әсіресе белгілі бір заттар мен, мысалы егер жыласаң бір «кісі» алып кетеді, қорқыту, ұрып шошыну эмоцияналды сферасының құрылуына жаман әсер етеді. Балаларды қорқыту, оларда өзіне деген сенімсіздікті, қорқақтығы, қараңғыдан, жалғыздықтан қорқуды қалыптастырады.

Біздің эмоцияналдық қалпымыз аз өмір сүретін, жұмыс істейтін, еңбек ететін, дем алатын жағдайымызға және біздің қоршаған заттарға да байланысты.

И.Гете былай жазды: «Түстер адамның жанына әсер етеді: олар сезімді көтереді, эмоцияны және ойды оятады, бізді қуандырады да, қобалжыта да,  мұнайта да алады»

Сонымен, эмоция – біздің әрқайсысымызға тән жақсы, жаман психологиялық реакция тудыратын, біздің қуанышымыз  және қорқынышымыз, мұңаюымыз және рахаттануымыз. Эмоция бізді жаңашылдыққа, көңіл білдірулікке, қоршаған ортаға деген қызығушылықты сақтап қалуға көмектеседі.

Эмоция  біздің психологиялық іскерлігіміздің, біздің «меніміздің» бір бөлігін құрайды. Оның сипаттамасы сыртқы орта әсерлерімен, сигналымен, сонымен қатар ойлау мен байланыстылығы бізге көбінесе біліне бермейді.

Мидың бөліктері мен ми жарты шарларының арасындағы кең екі жақты байланыстар эмоция мен ойлаудың өзіндік байланыстымен түсіндіріледі. (40)

Эмоциональдық қалып вегетативті жүйке жүйесі және ішкі секреция біздерінің функциясының өзгеруімен сәйкестеледі.

Егер эмоционалдық қозу вегетативтік реакциямен, ішкі секреция бездерінің өзгерісі ұзақ мерзімге созылса, оның қорытындысы ішкі органдар мен ұлпалардың тітіркенуіне әкеп соғып, ауруға шалдықтырады. Көбінесе жағымсыз эмоциялар ауруға әкеп соғады, жағымдысы, қанағаттану мен рахатқа бөлеп, еңбекте  табыс әкеледі.

Советтік психологиясының классигі Л.С. Выгодский көптеген шетелдік және отандық психологтардың еңбектерін анализдей  отырып, адамның организммен қоршаған орта арасындағы өзара әрекет бар екенін айтты. Ол эмоцияны былай түсінді: «Эмоция қиын қыстау кезінде көрінетін реакция, оның қорытынды нәтижесі, әрекет деп түсіну керек»

Эмоцияналды сферада адамдар арасында ерекше анық жекелік өзгешеліктер байқалады.Оның жеке лық ерекшеліктері, интелекті, оның басқаларға деген қызығушылықтары, эмоция мен сезімде жарық көрінеді.

Жеке ның эмоцияналды сферасындағы негізгі өзгешеліктер: оның адамилық сезімдеріне, оның басқа объекттерге бағытталуына байланысты. Адам сезімдері арасындағы өзіндік қайғыруы кезінде оның дүниетанымдық, идеялогиялық, сонымен қатар өмірге деген, адамдарға деген қатынасы көрінеді.

Жеке ның эмоцияналдық түр ерекшелігі былай көрінеді:

1) жоғары немесе әлсіз  эмоционалдық қозу;

2)  жоғары немесе төмен  эмоцияналдық тұрақтылық.

 Эмоцияналдық қозу мен тұрақтылықтың айырмашылығы адамның темпераментін сипаттайды. Бірден тұтанып және тез басылатын, сонымен қатар сезімі бірдей жанбайтын, бірақ тұтанған соң, тез басылмайтын адамдар бар. Одан соң оларды: күшіне және интенсивтігіне, сезіміне және оның тереңділігіне қарай бөлуге болады.

Эмоцияның дамуы, бүтіндей жеке ның дамуымен үздіксіз байланысты.

Адамның даму кезінде көрінетін эмоция мен сезімдер эмоцияның  ары қарай дамуына әсер етеді. Эмоция өздігінен дамымайды. Оларды өзіндік даму тарихы болмайды: жеке тулғаның ұстанымы, өмірге көзқарасы өзгеріп, іскерлігі қалыптасса, бұл санаға әсер етіп сонымен қатар эмоция қайта құрылады. Тұйық қатардағы эмоциядан эмоция дамымайды. Белгілі бір кезең кезіндегі сезімдер болып өткен кезеңдегі сезімдер, болып өткен кезеңдегі сезімдермен тығыз байланыста емес.

Жаңа сезімдер ескі, әлсіреген сезімнің орнына келеді. Адамның өміріндегі белгілі бір эпоха өтіп, орнына жаңасы келген кезде, сонымен қатар эмоция жүйесі де басқамен аусады. Бірақ сезімнің бір кезеңнен екіншісіне өтуі жеке тулғаның бүкіл дамуымен байланысты (48)

Эмоция үнемі сезінетін, қабылдайтын, ойлайтын нәрселердің мазмұнын  сиппатайды, «суреттейді». Эмоцияның заттық танымдық образға міндетті бағытталуы – оның эмоция мәселесін шешу кезінде, қажетті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін негізгі пастулатынан орын алуы – капиталды феноменологиялық факт.

Біріншіден, бұл факт эмоцияның психикалық құрылымындағы, танымдық процестерге спецификалық қатынасының жағдайын бейнелейді.

Екіншіден, ол жетерліктей анық; эмоцияның әртүрлі концепцияларындан осындай тұрақтылықпен туындап отырады.

С.Л. Рубинштейн психикалық құрылымын туралы көзқарасын анық құрастырған: «Бүтіндей алынған психикалық процестер – бұл тек танымдық емес, сонымен қатар «аффективті» эмоционалды – еріктік процестер: Олар құбылыс туралы білімді ғана білдірмей, оған деген қатынасты білдіреді; Онда тек құбылыс көрініп қана қоймай, субъектіге деген, оның өмірі мен әрекетіне деген маңыздылығы көрінеді. Бұл өзіне екі бір – біріне қарама – қарсы компонеттерді біріктіреді – білім және қатынас, интелектуалдылық және «аффективтілік» осының ішінде біреу басымырақ көрінеді» (1957 ж. 264 бет) Сонымен «шын эмоцияда» «аффективті» компоненті бар психикалық құбылысты  - «эмоцияналдық эмоциясының бір сәті және бір жағы» деп көрсетуге болады, және бұл бөлік көрсетуді С.А. Рубинштейн міндетті деп есептейді (1946  469 бет).

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың эмоциялары мен сезімдерін дамыту