Мектепке дейінгі балалардың эмоциялары мен сезімдерін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 13:11, курсовая работа

Описание работы

Эмоция адамның айналасындағы өмір шындығы және өз басына деген қарым-қатынасы болып табылады. Және оның жүзеге асуына сезімдей әсер етеді. Жалпы, осы эмоция мен сезім ұғымдарының өзіндік айырмашылықтары бар. Психолог Қ.Жарықбаевтың пікірінше: «Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттеріне байланысты туып отыратын шағын, ситуациялы көңіл-күйлері, адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алса, не болмаса бір нәрсеге мәз болып, ішек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі. Эмоцияда мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқалатын ым-ишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек ағза тұрғысынан көрсете алады.

Содержание работы

Кіріспе...............................................................................................................3

Негізгі бөлім

II.Балалардың сезім мен эмоциясын дамыту.

2.1.Сезім және эмоция.....................................................................................5-10

2.2. Эмоция баланың жекелік дамуындағы негізгі этап ретінде
Оқушылардың эмоционалдық жағдайының көрініс табу
ерекшеліктері............................................................................................10-18

2.3. Баланың қобалжулығының негiзгi көрiнiстерi. Қобалжулық
психологияның зерттеу пәнi ретінде....................................................18-28


2.4.Мектеп жасына дейінгі баланың жағымды эмоцияларын дамыту....28 -33

Практикалық бөлім...................................................................................34-43

Зерттеу бөлімі...........................................................................................44-48


Қорытынды ....................................................................................................49


Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................50

Файлы: 1 файл

эмоция.doc

— 583.50 Кб (Скачать файл)

              Бұл әлеуметтiк қажеттiлiктер фрустрациясы; жеке iшкi және сыртқы факторлар  әсерiнен туындайды және  құрылымы; және мотивациялық конфликт;

              Бұдан басқа бұл жағдай, басқа  да зерттеулерде терминнiң әртүрлi болып қолданылуымен шиеленiседi.

             Шынында бүгiнгi таңда психологияда, психиатрияда сияқты қобалжулықты  зерттеу жайында жауаптарға қарағанда  сұрақтар көп.

             Дегенмен қазiргi кезде психологияның  кезектi қобалжушылық жайында көптеген  мақалалар жариялануда. Бұл осы  мәселенi зерттеуге деген қызығушылықтың  өсуiн көрсетедi.

              Қобалжушылықты зерттеу кезiндегi қиындықтарға кездесудi ескере отырып, бұл саладағы барлық жетiстiктердi пайдаланып, зерттеу барысын жаңа арнаға бұруда.

              Қобалжулық түсiнiгi психология тарихында, ең бiрiншi жеке ның даму теориясымен  тығыз байланысты. Ең алғаш рет  қобалжушылықты  зерттеуге алған  З. Фрейдд және оның неофрейдист шәкiрттерi, сонымен қатар  Э.Хромм, К. Корни, Г. С. Салливан және т.б. да қобалжушылықты жеке ның фазалық бөлiгi дедi. Бiрақ олар оның ағымын биологиядан емес, Фрейдд секiлдi әлеуметтiк себептерден көрдi.

  “Психикалық қалып”  психологияның тамырлы, тума түсiнiктерiне кiредi, Д.Н. Левитов айтқандай оған жалпы түсiнiктерден бөлек өзiне тән анықтама беру қиын.

              “Психикалық қалып” тәжiрибелi котегориялық  мiнезге ие болады және психология  ғылымының ең негiзгi мазмұндарының бiрi болып табылады. Психикалық қалып мәселелерiн зерттеу, адам психикалық құрылымы мен процестерiнiң мазмұнын ашу жолымен толықтырылады. (28,39)

              Дарвин мен Джеймстың үлесiне  сыртқы психикалық қалыпты және  соның iшiнде эмоциялық қалыпты  мұқият зерттеу тиедi. Сонымен қатар, Джеймс пiкiрiнше, психологиялық қалып психология ғылымының басты пәнi болып табылады. Психологиялық күштену, үрей, қорқыныш қалыптарын зерттеуде, ХХ ғасырдың бiрiншi жартысында орыс ғалымдарының ерекше еңбегi сiңдi. В.М. Бектерев және оның оқушыларының жұмысында эмоционалды қалып феноменологиялық түсiндiрiлумен қатар, оны зерттеу кезiнде методологиялық адекватты дұрыс қатынас жасау туралы түсiндiрiлген. Психикалық қалыптың жалпы проблематикасын зерттеу кезiнде мәдени әлеуметтiк, философиялық-психологиялық, психоаналитикалық, психосоматикалық және т.б. бағыттар қарастырылады.

              ХХ ғасырдың бiрiншi жартысының  соңында психикалық қалыптың  жалпы тапсырмалары Д. Н. Левитовтың  зерттеу монографияларында толық  қамтылды және олар төмендегiдей едi:

  1). Психикалық қалыпты оның  өзiндiк психологиялық категориясын  анықтап  және оның басқа категориялы  психикалық құбылыстармен байланысын  орнату;

2). Психикалық қалыпқа  классификация беру;

3). Психикалық қалыпқа  нақты феноменологиялық мiнездеме беру;

4). Психикалық қалыптың  құрылымын, дамуын және жойылу  механизмдерiн қарастыру;

5). Психикалық қалыптың  әртүрлi iс-әрекеттегi, сыртқы орта  талаптарына сай өзгеру ерекшелiктерiн  зерттеу;

            В.Н. Мясищеваның пiкiрiнше психикалық қалып психикалық әрекеттiң жалпы функционалды деңгейiмен көрiнедi және адамның әсерленушiлiгiмен қорытындылады. Сонымен психикалық қалыптың құрылымына әсерленушiлiктiң белгiлi бiр бөлiгi және психикалық процестердегi нақты өзгерiстер, жекелiк мiнез ерекшелiктерi және соматикалық қалып кiредi.

              Қиын жағдайда туындаған эмоцианың  мәселелерiн жан-жақты және жемiстi зерттеген П.В. Симонов. Ол өңдеген эмоцияның информациялық теориясы, жағымды және жағымсыз эмоцияның туындау себептерiн анықтауда үлкен жетiстiк енгiздi және жүйкелiк психикалық күштенiдiң қажеттiлiктiң қанағаттанбаушылық қауiпiнен туындайтынын анықтады.

              Күштену мен қобалжушылық активтi ретикулярлық информацияның жоғарылауы, жүйке жүйесiнiң деңгейiнiң жоғарылуы, вегетативтi функциялардың кейбiр өзгерiстерiнiң нәтижесiнде көрiнедi. Адамның психикалық қалпы тердiң электролитикалық құрамының өзгеруiмен сипатталады және бұл терi – гальваникалық реакцияларында көрiнедi.

                Ең алғаш рет Қорқынышты 1944 жылы  дат философы Серен Кьеркегер (1813-1855) ашты. Өзiнiң ашқан жаңалығы туралы көлемi жағынан кiшiлеу, “Қорқыныш туралы түсiнiк” кiтабында жазды.

               А.Й.Захаров пiкiрiнше қорқыныш, өзiн қорғаушылық инстинкт негiзiнде құралады, қорғаушылық мiнез көрсетедi;

               Қорқыныш жоғары жүйке жүйесiнiң  белгiлi бiр физиологиялық өзгерiстерiмен  сипатталады, ол пульс пен демалудың  жиiлеуiне, артериалды қысымның көтерiлуiне, өт сөлiнiң көп бөлiнуiне әсер  етедi.(16,17,18)

              Жалпы алғанда қорқыныш эмоциясы қауiп стимул әрекетiне жауап кезiнде туындайды. Негiзiнен екi қауiп бар, мiнезден шығатын әмбебап және фатальды. Бұл өмiр, денсаулық, өзiн таныту, жекелiк және әлеуметтiк имандық түсiнiктерiне қарсы тұратын өмiр құндылықтарының өлiмi мен күйреуi. Бiрақ бұл көрiнiстерден бөлек, қорқыныш қандайда бiр әсерленушiлiктi, шын немесе елестету қаупiн көрсетедi.

               Қауiп мағынасы, өмiрлiк тәжiрибе  процесiнде, аралық қатынас кезiнде  қалыптасады, баланың өмiрiндегi тiтiркендiрушiлерге  немқұрайлы қарау нәтижесiне, қатерлi әсерлер пайда болады. Әдетте бұл жағдайлар – қорқыныш, ауру, конфликт.

              Қорқыныштардың iшiнде ең кең тарағаны  – сендiрiлген қорқыныштар. Олардың  қайнар көзi – ересектер, баланы  қоршашаған адамдар (ата-анасы, әжелерi, бала бақша тәрбиешiлерi және т.б.)  Олар балада ерiксiз қорқыныш туғызып, баланың эмоциялық қалпына әсер етедi. Нәтижесiнде бала айтылған сөздiң соңғы жағын қабылдайды: “жақындама – құлайсың” және т.б. Бұның ненi бiлдiретiнi кiшкентай балаға әлi түсiнiксiз, бiрақ бұл қобалжу сигналына әсер етiп, қорқыныш реакциясын тудырады. Егер баланы “қажетсiз” қорқыта берсе, бала әрекетiндегi спонтандықты толығымен жойып алады және өзiне сенiмсiздiгi артады. Уақыт өте қорқыныштары шексiз жинала бередi, бала одан әрi күштенген, шырмалған, сақталған болып қалады.

             Баланың көзiнше өлiм, қайғы, және  өшiгу, өрт пен өлтiру туралы  әңгiме айту баланың психикасында  оның жiгерiнен тыс тез қалыптасады.

            Мұның барлығы қорқыныштың туындауының  шартты-рефлекторлы сипаттамасы туралы айтуға алып келедi, бала әрбiр шу мен дыбысқа қорқатын болса, онда оның соңғы күндерi өте жайсыз, уайымшылдық күйiнде өткенiн бiлдiредi.

          “Қорқыныш” терминi сияқты “қобалжушылық”  терминi де жиi кездеседi. Қорқынышта  да, қобалжушылықта да ортақ жалпы мазасыздық пен абыржу сезiмдерi күйiндегi эмоциональды компоненттер болады, яғни екеуiнде де қауiптi қабылдау немесе қауiпсiздiк сезiмiнiң болмауы көрiнiс бередi. Қорқыныш пен қобалжушылықтың  апофезы-ужас (масқара) болып табылады.

            Үрей - бұл қауiптi сезiне бiлуi, мазасыздық жағдайы болып табылады.  Көбiне үрей қандай да бiр жаңалықты күту барысында, ол жаңалықты еш болжауға болмайтын және ол жағымсыз нәтиженi беру мүмкiндiгi бар кезiнде туындап отырады. Үрей көбiнесе өзiндiк жауапкершiлiгi, борыштылығы мол, өзiнiң жағдайына көңiл бөлетiн және қоршаған адамдар сынын тез қабылдайтын адамдарда кездеседi. Осыған байланысты үрей өмiр үшiн мазасыздықпен байланысты жауапкершiлiк ретiнде де көрiнiс бередi.(33)

           Осымен, қорқыныш – адамның өмiрi мен табыстылығына нақты бiр қауiптiң санадағы аффективтi бейнесi болса, онда үрей – алдыңғы қауiптiң эмоционалды күйi болып табылады.(55) Қорқыныш пен үрейдiң айырмашылығы болады, бiрақ олар ажырамас бөлiктей болып келедi. Қорқыныштың шаншары - үрей, ал үрей қорқыныш болуға талпынады.

           Үрейдiң қорқыныштан айырмашылығы  ол барлық кезде жағымсыз сезiм  ретiнде қабылдана бермейдi, ол  белгiлi бiр сәттi күтудегi мазасыздық  немесе қуанышты сәттерде де  көрiнiс бередi.

            Баланың жеке лық психикасының құрылысына байланысты мазасыздық сезiмi ата-аналарымен немесе достарымен қатынаста пайда болатын қорқыныш пен үрейде көрiнiс берiп отырады.

            Белгiсiз, есепсiз жағдайдағы адам  үрейдi сезiнедi, ал нақты бiр обьектіден  немесе ойдан қорқатын адам қорқынышты сезiнедi.

            Өз кезегiнде қорқынышты нақты, обьективтi формадағы үрейдiң көрiнiсi ретiнде де қарастыруға болады. Кейбiр жағдайда қорқыныш үрейдiң  шығуына жағдай жасайтын қалпақ  секiлдi. Егер де адам қорқыныштың  туындау фактiсiнiң өзiнен қорқатын болса, онда мұндайда үрейдiң деңгейi өте жоғары болады, яғни өзiнiң өмiрi мен табысына жанама түрде қауiптiң өзiнен қорқады.

           Жалпылама күйiнде қорқыныш ситуативтi және жекелiк бөлiнедi.

           Ситуативтi қорқыныш өзгеше қауiптi немесе естен танырлық жағдайларда туындауы мүмкiн, мәселен апатты оқиғаларда, иттiң бас салуы және т.б. Ситуативтi қорқыныш топтық адамдар арасындағы дүрбелең психикалық жағдайда жиi болады, үрейлi сезiмдер кезiнде, ауыр сындар немесе өмiрлiк сәтсiздiктер кезiнде болады.

           Жекелiк қорқыныш адамның мiнезiмен  анықталып қойылған, мәселен оның  жоғарғы деңгейдегi күмәнданғыштығымен, және де жаңа бiр жағдайларда  немесе адамдармен танысу барысында  пайда болуы мүмкiн.  

           Ситуативтi және жекелiк қорқыныштар бiр-бiрiн  толықтырып отырады.

           Сондай-ақ қорқыныш шынайы және  қияли, өткiр және ескi болып келедi. Шынайы және өткiр қорқыныштар  ситуациямен анықталып қойылған, ал қияли және ескiсi – жеке  ның ерекшелiктерiмен анықталады.

Қорқыныш пен үрей. Эпизодиялық реакция ретiнде өздерiнiң тұрақты психикалық жағдайдың формасы түрiндегi аналогтарын қамтиды; қорқыныш – қорқу түрiнде, үрей – қобалжушылық түрiнде. Осы реакциялар мен жағдайлардың жалпы негiзi мазасыздық болып табылады. Егер де қорқыныш пен үрей ситуативтi психикалық феномен болатын болса, онда қорқу мен қобалжушылық, керiсiнше, жекеше мотивацияланған және тұрақты болып келедi.

   Қорқыныштың интенсивтi айқын эмоция болуына қарамастан, оның қарапайым әдеттегi немесе  жас кезеңдегi және патологиялық  деңгейiн ажырата бiлу керек. Әдетте, қорқыныш қысқа мерзiмдi, мынаған  көңiл бөлейiк: жас кезеңiмен жойылады, адамның терең құнды бағыттарын қозғамайды, мiнезiне, iс-әрекетiнежәне өзгелермен қарым-қатынасына әсер етпейдi. Сондай-ақ қорқыныштың кейбiр формалары қорғаныштық мәнге ие, өйткенi қорқыныш обьектiсiмен жанасудан сақтайды.

    Қорқыныш пен үрейдiң қосылу бастамасы мазасыздық сезiмi болып табылады.

   Мазасыздықтың өткiр кезiнде адам өзiн-өзi жоғалтады, керектi сөздердi есiне түсiре алмай қалады, басқа нәрселердi айтып, жиi үндемей қалады. Адамның түрi бұзылып, қорыққандай кейiпке кiредi, iштей бәрi тоқтап, суық сезiлiп, дене ауырлай бастайды. Жоғарыда айтылып шыққан өткiр мазасыздықтың  симптомдары ағзаның психофизиологиялық функцияларының шаршағанын, оның бұзылғанын көрсетедi.

               Мазасыздық жағдайында қорқыныш  психиканың қараңғы бөлiктерiнде  тығылып алып, қолайлы кездi күтедi. Мазасыздық жағдайында iс-қимылдық қозушылық көрiнiс бередi, осының нәтижесiнде әрекетiндегi тиянақсыздық, тым аса қызығушылық және керексiз әрекет түрiмен айналысуы пайда болады.

  Қорқу басымдылығындағы мазасыздық жағдайына баяулылық, тұйықтылық және “бiр орында қалушылық” тән болып келедi. Яғни,  қобалжушылық холерикалық көрiнiспен ұқсас болып келедi. Жағдайлар қатарында ұзақ әсер етушi үрей эффектiлерi мен қорқыныштың эффектiлерi шынында да темпераменттiң соңғы типтерiн тоқтатуы мүмкiн.

   Мазасыздық пен қорқыныш жағдайында адам жайсыз күйде болады., тез қорқады, сирек күледi, үнемi салмақты және мазалы болып жүредi. Ол толығымен бұлшық еттерiн демалдыра алмайды, тым көп шаршайды, оған қайталамалы бас ауруы мен дененiң әр бөлiгiндегi спазмалар тән болып келедi.

    Мазалы және қорқақ адамдардың қатынасы эмоционалды бiрдей емес, ережеге сай, үйреншiктi бейiмдеушiлiгiмен шектелiп отырады.

    Парошфуконың өзi айтқан: “Бiз үмiт-тiлектерiмiзге сәйкес уәде беремiз, ал қорқынышымызға сай орындаймыз.”

    Қорқыныштың нәтижелерi әртүрлi, негiзiнен, кез-келген психикалық функция жағымсыз өзгерiстерге шыдай алмайды. Ең алдымен, бұл эмоционалды бөлiкке қатысты, қорқыныш барлық сезiмдердi үрейлi түспен қаптаған кезде. Қорқыныш ойлауды да тежейдi, үрей кезiнде жылдам, шашыраңқы, әлсiз болады, қорқыныш кезiнде тоқтап қалады. Екi жағдайда да  ол өзiнiң жылдамдығын жоғалтады, таусылмайтын қауiппен, болжамдармен, сенiмсiздiкпенен қамтылады.

    Эмоционалды жағдайдың тежеушiлiгi – бұл тұмандағы өмiр секiлдi, қараңғы бөлмеде секiлдi, жаңа күш, қуат пен белсендiлiктiң жоқтығымен байланысты.

   Қорқынышта өмiр сүру – бұл үнемi өткенге, артыңа қарай беру сияқты, болашаққа бастайтын негiздi көрмеу болып табылады.

    Осындай жағдайда туындайтын үрейлi- пессимистiк бағыт барлық жағымсыз кездейсоқтық апатты мәнге ие бола бастауға  алап келедi де үнемi қауiптiң белгiсi болып қалыптасып кетедi.

   Қорқыныш әсерiнен болатын психикалық өзгерiстер ауыр әлеуметтiк-психологиялық изоляцияға алып келедi, мұндай жағдайдан шығудың жеңiл жолы жоқ, басқалармен бiрге болу ниетiне, шығармашыл белсендi, жан-жақты өмiр сүру тiлегiне қарамастан мұндай жағдайдан шығу мүмкiн емес.

   Үрей - бұл белгiсiз қауiптi ситуацияда туындайтын және оқиғаның жағымсыз дамуын күтуде көрiнiс беретiн эмоционалды жағдай болып табылады. Нақты бiр қатерге реакция ретiндегi қорқынышқа қарағанда қобалжушылық жинақталған диффузды қорқыныш ретiнде көрiнiс бередi.

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың эмоциялары мен сезімдерін дамыту