Студенттердің оқу іс-әрекетіндегі эмоционалды регуляция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 19:29, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, бір тараудан, тарау тармақшаларынан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты: студенттердің оқу іс-әрекетінде эмоционалды регуляция процесінің мәнін аша отырып, ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1) Іс-әрекет, эмоция, эмоционалды регуляция түсініктері туралы мәлімет жинақтау.
2) студенттердің оқу әрекетіндегі эмоционалды регуляция ерекшеліктерінің мазмұнын ашу.
3) Жас ерекшелік психологиясын ескере отырып, оқу әрекетіндегі эмоционалды күйді басқару түсінігінің жүру барысын айқындау
темперамент түрлері мен оның адам психологиясына әсерін анықтау .

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3-5
1 Тарау. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік.................................................6-10
1.1 Эмоция және эмоционалды регуляция................................................11-18
1.2 Студенттік кезең ерекшеліктері және жастық шақ .........................19-28
1.3. Оқу іс-әрекетінде эмоционалды күйді басқару жолдары................29-34
Қорытынды.....................................................................................................35-36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................37-38

Файлы: 1 файл

райхан - биринши курстык жумыс.doc

— 256.50 Кб (Скачать файл)

Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.Көңіл — адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның эмоциясын, оның мимикасынан,пантомимикасынан да байқаймыз. Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Эмоциялар қатарластығы — бірін-бірі итермелеуші эмоциялық кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді [15].

Біз күнделікті өмірімізде сезім деген сөзді жиі қолданамыз.«Не сезіп тұрсың?» деген сөйлем мағынысы психикалық таным процесі түйсік ретінде қолданады. Бірақ, түйсік мен сезімді өзара шатастыруға болмайды.Сондай- ақ , қабылдауды да, елесті өзіндік мағынасы бар сезіммен шатастыру, әрқайсысың жеке дара танымдық ерекшеліктері процестерге балау- қателік. Алайда, сезім түйсіну, қабылдау, елес, ойлау, қиял, ес сияқты жеке процестермен байланысты.Өйткені, адам бойынан түрі мен келетінен оның жан дүниесінің мазмұны және жүйесі осы сезімдер арқылы түгелей көрініс береді. 
Қазіргі кезде психологиялық әдебиеттер мен күнделікті өмір тәжірибесінде сезім мен эмоция ұғымдары бір мағынада қолданып жүр. Адам сезімнін қайнар бұлағы-бізді қоршаған болмыс,объективті шындық.Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттілектерінің қанағаттырылу не қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады. Егер бұл ұғымдрдың мәнін жекелеп талдап көретін болсақ, онда екеуінін арасында елеулі айырмашылығы бар екенін аңғарамыз. 
Сөйтіп, сезім дегеніміз не? Сезім - адамның өзіне, өзге адамдарға, қоршаған заттар мен құбылыстарға көңіл-күй қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс. 
Сезімнің психикалық процес екендігін тағы бір ерешелігі- оңын адам көніл-күйіне байланысты әрбір процеске белгілі бір түрде реңк беріп тұратындығы. Кейбір құбылыстар адамға түрліше әсер етіп, қуантады, шаттық сезімге бөлейді. Ал кейпір ренжітіп тіпті тұңғиыққа батыруы мүмкін. Адамның сезім күйлері- қуаныш, қайғы, таңдану, наразылық көрсету, ызалану, кектену, қарқылдап, көзінен жас аққанша күлу т.б. көніл- күйдің сипаттық ерекшеліктерін сыртқа шығарады. Сезімнің сан алуан көріністер мен олардың пайда болуы әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материалдық рухани-мәдени қажеттілектерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім ұғымының кен мағынада қолданылуы жалпы көніл-күйді, ал эмоция сол көніл-күйдің белгілі бір жағдайға қатты әсерленуін білдіретін қысқа мерзімді уақытша көрініс. 
Эмоция — латын сөзі — еmоvега қозу, толқу — деген мағына береді. Қуаныш сезімі. И. П. Павлов, эмоция ми қыртысында болатын жасушалардың күш-қуаты. Сондықтан да эмоцияның белгілі түрде биологиялық және әлеуметтік мәні бар. Эмоция ағзаның ішкі эндокринді бездеріне байланысты болады [16]. 
Адреналин эмоцияны реттеуші фактордың бірі болып есетелінеді. Ол бауырдағы гликогеннің ыдырауына әсерін тигізеді. Адам эмоциялық жағдайда болған да, қандағы қанттардың мөлшері азайып кететінін медиктер анықтаған болатын. 
Эмоция тудыратын стрестің пайда болу ағымында биологиялық танымдықтың 3 буыны болатыны белгілі болды. 
1) Күйзеліс тудыратын бағалар; күйзелістің анық қатал-дылығы, онша үлкен мөлшерде болмағанымен проблема оны адамның өз өліне, біліміне және түсінігіне қарай бағалануында. Бағасына қарай ағзада физиологиялық-биохимиялық үрдістер өтіп, бірнеше пайдалы және пайдасыз өзгерістер туады. 
2) Оқиғаның өзіне немесе оның бағасына деген физио-логиялық-биохимиялық, биологиялық жауабы. Адреналогиялық-биохимиялық әсер етеді. 
3) Алдағы уақыттарда күйзелісті болдырмайтын, оның неше түрлі себептерін жоюға арналған іс-әрекет (мінез-құлық). Жұмсалатын биологиялық күш өлшемі оқиғаның салдары әр қашанда есепкс алынуы тиіс. Осының нәтижесіне ағзада тізбекті күйзеліс пайда болады.заттар мен құбылыстарға жағымды жағымсыз қатынастын сәулеленуін айтамыз. Эмоциялар шындықтын жүйкеде сәулеленуін айрықша бір түрі .  
Сыртқы дүниенің әсері адамның миында тек қана сәулеленіп қоймай, оған толғанып тебіреніп, өзінің қатысын білдіреді [17]. 
Бұдан адамға жағымды не жағымсыз сезімдер туып отырады. Эмоция адамның сыртқы келбеті, бет әжімі қимылдары, дауысы арқылы айқын көрінеді. Эмоция үшін адам организімің ішкі мүшелері әрекетінің әсері зор . Мысалы қанның жүруі тамырлардың жүрекке ерекше соғуы, бездер әрекетіне Физиологиялық әрекеттерге эмоция үлкен әсер етеді. Эмоция хайуанаттарда да бар олардың эмоциясы, инстикт деп аталады. Олар мұқтаждықтарын биологиялық қанағаттандырумен байланысты, мысалы мысық пен иттің еркеленуі, олардың үйреленіп бір нәрседен қорқуы, олардың сыртқы келбетінен жақсы көрініп тұрады. Адам эмоциялары хайуанат эмоцияларына қарағанда өте бай болып келеді, әрине адамдардың эмоциялары біркелкі болмайды, өйткені олардың айналадағы нәрселерге қатынасы бірдей емес. Әрбір адамның темпераментіне, мінезіне олардың басынан кешкен тәрбиесіне қарай сыртқы дүние әсеріне жауап қайтару түрліше болады. Адам эмоцияларынын бір бірінен айырмашылығы сезімдердің күш жағынан, әрекет ету мерзімінің уақыт мөлшері жағынан, олардың сыртқы қимылдары, бет әжімі арқылы білініп көрініп тұрады. Эмоция адамның тұрмысында үлкен орын алады, олар адамға адамдық сипат береді.

Француз дәрігері Г.Рубинштейн күлкінің пайдалылығының биологияық табиғатын негіздеді: «Эмоцияны қоздырушы факторлардың ішінде бірінші орын – музыкағ екінші орында – әдеби шығармаларда және кинотүсірілімдердегі жанға жақын көрініс, тек алтыншы орында – махаббат» деп пайымдаған.

«Эмоционалды регуляция  – өзін эмоцияларын  әлеуметтік әдістер арқылы басқара алу мүмкіндігі»  деп В.А.Жмуров анықтама берді.

Эмоциялық күйді регуляциялау мәселесі психологияда ең күрделі және бір мезетте негізгі, өзектілер  қатарына жатады.

Эмоционалды регуляция – эмоционалды реакциялар мен күйлерді когнитивті деңгейде басқару ( зейін, ойлау, еске сақтау).Эмоционалды регуляция адекватты болғанда адам шынайы өмірді тіршілік ете отырып, тіршілік ету ортасына бейімделеді. Эмоционалды регуляция жоғары өзін-өзі бағалауды білдіріп, бақытты болуға ықпал тигізіп, әр түрлі сфераларда – орталарда қарама-қайшылықтардың жоқ болуын білдіреді [18].

Эмоционалды регуляция  үлгісін американдық ғалым-психологтар  Джеймс Гросс пен Пол Экман  еді.

Тұлғада дамыған эмоционалды регуляциясының жоқтығы кәсіби әрекетке, өмірде қиындыққа әкеліп, тіпті әлеуметтіктен тыс мінез-құлыққа әкелуі мүмкін.

Гоулман бойынша эмоционалды  реакциясы құрылымы қатынастарды регуляциялау деңгейін анықтайды, оның құрамына кіретіндер:

  1. Жеке  компетенттілік –өзін-өзі басқара алу.
  2. Өзіндік сана ( өзінің ішкі күйлерін, мүмкіндіктерін білу).
  3. Өзіндік регуляция ( өзінің ішкі күйлерін басқара білу).
  4. Мотивация ( мақсаттарға жетуді жеңілдететін және бағыттайтын эмоционалды  бейімділік).
  5. Эмпатия ( басқа адамдардың қажеттіліктері мен сезімдерін  ұғыну).
  6. Әлеуметтік дағдылар ( басқа адамдардың  сіз қалайтын реакциясын тудыру өнері).

Эмоционалдық регуляцияның біліктері келесідей:

  • Өзінің зейінін басқару мүмкіндігі ( мимиканың дамуы, мимиканың және ымдардың жаттыққандығы, машықтылығы, дауыс ырғағының бай жинағы ).
  • Қиялдың дамуы ( өзі ойлап табуға сену, « егер де» атты әрекеттер бойынша дағдылар, «белгілі бір жағдайға»  өзін сендіру).
  • Тыныс алуын басқару ( өзінің тынысын бақылау, өзінің тынысымен ойнау мүмкіндігі, тыныс алудың әр түрлері арқылы өзін қоздыра алу және қалыпқа келтіру.

Эмоционаолды реакцияның табиғи әдістері:

  • Ашуға бой бермеу (жағдайды түсіну, ашу жаңа жағымсыз жағдайға әкелуі мүмкін екендігін түсіну).
  • Ашуды сөзбен емес, физикалық түрде жаттығу немесе жұмыспен білдіру. Шаршау арқылы ашу басылады.
  • Қарсыластың пікірін тыңдау, саналы әрекет жасау, көндігу мүмкіндігі.
  • Барлық жерде мінсіз болу мүмкін емес. Қанағаттану сезімі үшін бір-екі салада жетістіктердің болуы жеткілікті.
  • Өзінің басындағы мәселелерінен үй жұмыстарына ауысу жолымен өту.
  • Қоршаған адамдарды өзінің нашар көңіл-күйін әсер етпеу, жағымсыз жағдайды ғаламдық проблемаға айналдырмау.
  • Өзіннің қиын мәселерімен бөлісе алу, жақсы сұхбаттас табу.
  • Қоршаған адамдарыңа шектен тыс талап қоймау. Адамның құндылықтары мен жақсы қасиетін бағалау.
  • Күлкі, күлімсіреу, әзілдеу.
  • Жақсы затты ойлау.
  • Бұлшықеттердің босауына алып келетін тартылу сынды жаттығулар;
  • Табиғатты бақылау [19].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.  

1.2 Студенттік  кезең ерекшеліктері және жастық  шақ

«Студент»  термині латын тілінен  аударғанда,  ынтамен жұмыс істеуші, білімді меңгеруші дегенді білдіреді. Студенттің жеке басының  
қалыптасып, дамуына мынадай факторлар әсер етеді.  Олар: 

1.Психологиялық. Жеке  тұлғаның қалпы мен  
қасиеттерін, психологиялық процесстердің бірлігін білдіреді. Бұл факторлардың негізгісі – психологиялық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, қасиет, мүмкіншілік). Бұларға психологиялық процесстердің ағымы мен психикалық  жағдайдың пайда болуы тәуелді.   

2. Әлеуметтік. Студентке қатысты белгілі бір социалдық топқа, ұлтқа, т. б.  
қатыстылығынан туындайтын қоғамдық қатынастар арқылы әсер етеді.

3.Биологиялық. Бұған жүйке жүйесінің типін, анализаторлар құрылысын, шартсыз рефлекстер, түйсіктер, физикалық күш, тұла бойы, бет әлпеті, терісінің түсі және т. б. кіреді. Әрине,  негізінен тұқым  қуалаушылық және туа біткен қабілеттермен байланысты болғанымен, белгілі  шектерде өмір сүру жағдайының  өзгеруіне байланысты өзгерістерге түседі.  

Бұл әсерлерді  зерттеу, студенттің  сапалық ерекшеліктері мен мүмкіншілігін ашады. Мысалы, егер студентке белгілі  бір жастағы адам ретінде қарасақ, оған жай, қиыстырылған және сөздік  сигналдарға латентті кезең реакциясының көлемі аз болады.  Шапшаң жадтың ең жоғары жылдамдығы, назар  аудару жылдамдығы күшейіп, вербальды – логикалық мақсаттарды шешу қабілетінің  жоғарылауы байқалады. Жалпы студенттік жас   биологиялық, психологиялық, әлеуметтік процестерге негізделген ең жоғары  
«пиктік» нәтижлердің болуымен сипатталады [20].    

Егер студентті 18 – 20 жастағы тұлға  ретінде қабылдаса, бұл кезең студенттің өнегелі және эстетикалық сезімдерінің  активті дамуына, мінез -  құлқының  қалыптасуы мен тұрақтануына, есеюдің әлеуметтік рольдерінің (азаматтық,  кәсіптік, еңбек және т.б.) толық кешенін меңгеруіне байланысты. Бұл жаста  «экономикалық белсенділік» басталады. Демографтардың пайымдауынша, осы кезеңде адамның дербес өндіру қызметі, еңбек биографиясының басы және отбасын құруға  құлшынысы басталады. 

Бір жағынан  мотивацияны түрлендіруі, барлық  бағалы бағыттар жүйесін құру болса, екінші жағынан мамандыққа үйрену жолындағы  арнайы қабілеттіліктерді қарқынды ұйымдастырады. Бұл жас негізінен мінез – құлық пен ақыл – ойдың қалыптасу кезеңдеріне сәйкес келеді.    

Орыс  психологтары Б.Г.Ананьев, А. В.Дмитриев, И.С. Кон, Т.И.Лисовскилердің зерттеулері бойынша   
жоғары оқу орнында оқу уақыты жастық шақтың екінші кезеңімен және ержету  шағының бірінші кезеңіне сәйкес келеді. Бұл кезең жеке бой сызықтарының  қалыптасуының күрделілігімен ерекшеленеді. Өнегелі дамудың сипатты белгісі, ол  мінез – құлыққа ықпал ететін себептерінің күшейуі. Сонымен қатар, мотивтелмеген  тәуекелшілдікте  аз болмайды, өзінің  
жасаған ісін алдын ала болжап көре алмаудан әрқашан лайықты мотиві бола  
бермейді. Мысалы, Т.И Лисовскийдің пікірінше 19 – 20 жас – бұл риясыз құрбан  болу  және толық жауап қайтару, бірақ  жағымсыз көріністері де бар. 

Жастық шақ - өзін - өзі  байқау және өзін -  өзі бағалау  алаңы. Өзін - өзі бағалау  идеалды және реалды «Мен»-ді салыстыру арқылы жүзеге асады.

Эриксонның пікірі бойынша, жастық шақ,  социалды және жеке – тұлғалы, идентификациялы және өзін-өзі анықтаудағы сериялық таңдаулардан тұратын,  ұқсастық дағдарысы айналасында қалыптасады.

Адамның көптеген  арнайы-спецификалық қажеттіліктері, қарым-қатынас жасау мен тұлға болып қалыптасу қажеттіліктерін  қоса есептегенде,  
адамға  туа бітеді.

Әдетте адамның  тұлға болып қалыптасуының қайнар көзі ретінде қоғам, ал оның дамуына әсер етуші күш ретінде заттық құбылыс жүйесіндегі қарама-қайшылық  қарастырылады [21].

Студенттің әлеуметтік-психологиялық бейнесін сипаттайтын  және оқудың табыстылығына әсер ететін факторларды  екі категорияға бөлуге болады: оқу орнына студентпен бірге келгендер және оқу процессі кезінде пайда болғандар – оларды басқаруға болады. Бірінші категорияға мыналарды жатқызуға болады: дайындық деңгейі, оқуға деген қарым-қатынас, оқу орнының мақсаттары туралы хабардар болуы, кәсіби болашақ туралы көз-қарас. Бұл категорияға жататын факторлар бірінші курс студентінің «мен қайда келдім» және «қоршаған ортам қандай»  екендігін түсінгісі келген кездегі бейімделу этапында қызмет атқарады.  
Уақыт өте келе бірінші категориядағы факторлардың әсері әлсіреп,  екінші топтағы факторлар шешуші рольді атқарады. Оларға мыналарды жатқызуға болады: оқу процесін ұйымдастыру, оқыту деңгейі, студент пен оқытушының қарым-қатынас түрі және т.б..

Қазіргі кездегі студенттердің барлығы үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа өз білімдерін болашақ мамандықтарына бейімдейтін  студенттер жатады. Бұл топтағы студенттер үшін  болашақ  жұмысқа деген қызығушылықтары мен   
сол жұмыста өздірінің қабілеттерін жүзеге асыру ең бастысы болып табылады. Екінші топты бизнеске бейімделген студенттер құрайды. Бұл топтағы студенттер  өз білімдерін жеке іс ашудың  құралы ретінде  қарастырады, саудамен  айналысады және т.б.. Олардың болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтары бірінші  топтың студенттерімен салыстырғанда төмен болады. Үшінші топтағы студенттерді, бір жағынан, анықталмағандар деп те атауға болады, екінші жағынан  олар жеке бастық және тұрмыстық жағдайларға  көңілдерін көбірек бөледі.

Мамандықты және оқу орнын таңдау қазіргі кезде студенттер үшін көкейтесті  мәселе. Әлеуметтік-мәдени, тұлғалық,  статустық дәрежесі болатын білімнің құндылығы, өзіндік әлеуметтік  феномен  
ретінде өз дәрежесіне көтерілмей отыр [22]. 

Зерттеушілер  қазіргі кездегі студенттердің келесі түрлерін бөліп қарастырады:

1)      бірінші топты шартты түрде «тұтынушылар» деп  атауға болады. Бұл студент негізінде бизнес саласында жетістіктерге жетуді көздейді, бизнестің теориясы мен практикасын ұғу үшін, ұйымдастырушылық, басқарушылық қызметпен айналысу үшін жоғарғы  білімді алады.

2)      екінші топ – «эмигранттар». Олар шетел тілін еркін меңгеру  үшін, шет мемлекеттерде жұмыс істеу мүмкіндігін алу үшін  оқу орнында оқиды. Оларға жаңа ортаға тез бейімделу және  өмірлік оптимизм тән болып келеді.

Бұл екі түр  үшін «традиционалист»  қарама-қарсы болып келеді. Ол жақсы білімді, кәсіби  дайындықты   бағалайды және ол диплом алу үшін, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін білім  алады.

Таным және білім саласындағы студенттердің қызметін үш негізгі топқа жіктеуге болады:

Бірінші түрдегі   тұлға оқудағы мақсаттар мен міндеттердің  ауқымдылығымен ерекшеленеді. Мұндай студенттердің білім саласы жоспардағыға қарағанда әлдеқайда ауқымырақ болады, студенттердің әлеуметтік белсенділігі оқу орны өмірінің  түрлі формаларында танылады.  
Студенттердің бұл тобы жан-жақты кәсіби дайындыққа бейімделген.

Екінші түрдегі   тұлға шағын мамандануға  бейімделген. Мұнда да студенттердің  танымдық қызметі оқу жоспарының шеңберінен асады.

Студенттердің танымдық қызметінің үшінші түрі  тек оқу жоспарымен ғана шектеледі.  Бұндай тұлғалар -  өнерлілігі жағынан да, белсенділігі жағынан да  төмен болып табылады. 

Студенттердің оқу-танымдық  қызметін талдау нәтижесінде  студенттердің үш типологиялық  тобы анықталды.

Оқуға қарым-қатынасы жағынан  зерттеушілердің бірқатары  5 топты бөліп көрсетеді.

Бірінші топтағы студенттер  білім алуға, кәсіби шеберлікке  ұмтылады. Олар оқу қызметінің барлық салаларында да белсенді болады.

Екінші топтағы студенттер оқу қызметінің барлық саласындағы білімді алуға ұмтылады. Бұл топ үшін  жан-жақты қызметтермен айналысу тән болып келеді, бірақ олар оқытушылық және басқа да пәндердің  негізін терең меңгеруден жалыққыш болып келеді.  Сондықтан да олар  көбінде  үстіртін біліммен шектелетін болып келеді. Олардың қызметінің негізгі мақсаты – бәрінен де аз-аздан болуы.

Үшінші топтағы студенттер тек өздерінің мамандығына ғана қызығушылық танытады. Оларға тек  болашақтағы кәсіби мамандық үшін қажетті ғана білімді алу (өздерінің пікірі бойынша) тән болып келеді.

Төртінші топтағы студенттердің  оқу үлгірімі орташа болғанымен, олар тек өздеріне ұнайтын пәндерге ғана қызығушылық танытады. Олар сабаққа жүйелі түрде қатыспайды, оқу қызметінің және оқу  жоспарындағы пәндердің қандай да бір түрлеріне қызығушылық танытпайды,  себебі олардың  кәсіби қызығушылықтары әлі қалыптаса қоймаған [23].

Информация о работе Студенттердің оқу іс-әрекетіндегі эмоционалды регуляция