Студенттердің оқу іс-әрекетіндегі эмоционалды регуляция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 19:29, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, бір тараудан, тарау тармақшаларынан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты: студенттердің оқу іс-әрекетінде эмоционалды регуляция процесінің мәнін аша отырып, ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1) Іс-әрекет, эмоция, эмоционалды регуляция түсініктері туралы мәлімет жинақтау.
2) студенттердің оқу әрекетіндегі эмоционалды регуляция ерекшеліктерінің мазмұнын ашу.
3) Жас ерекшелік психологиясын ескере отырып, оқу әрекетіндегі эмоционалды күйді басқару түсінігінің жүру барысын айқындау
темперамент түрлері мен оның адам психологиясына әсерін анықтау .

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3-5
1 Тарау. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік.................................................6-10
1.1 Эмоция және эмоционалды регуляция................................................11-18
1.2 Студенттік кезең ерекшеліктері және жастық шақ .........................19-28
1.3. Оқу іс-әрекетінде эмоционалды күйді басқару жолдары................29-34
Қорытынды.....................................................................................................35-36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................37-38

Файлы: 1 файл

райхан - биринши курстык жумыс.doc

— 256.50 Кб (Скачать файл)

Адамның басты  ерекшеліктерінің бірі – адамның  еңбекке қабілеттілігі, ал кез-келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Кез-келген қарапайым іс-әрекеттің актісі  субъектінің белсенділік формасы болып табылады, сондықтан кез-келген іс-әрекеттің қоздырушы себептері бар және ол белгілі жетістіктерге бағытталады.

Іс-әрекеттің  қоздырушы себептеріне мотив жатады. Мотив – субъектінің белсенділігі мен іс-әрекеттің бағыттылығын анықтайтын сыртқы және ішкі шарттардың жиынтығы. Мотив іс-әрекетке шақыра отырып, оның бағыттылығын, яғни оның мақсаты мен міндеттерін анықтайды.

Мақсат –  адам іс-әрекеті бағытталған нәтиженің  саналы бейнесі. Зат, құбылыс  немесе белгілі әрекет мақсат бола алады. Міндет – белгілі жағдайда берілген іс-әрекет мақсаты. Кез-келген міндет әрдайым мыналарды қамтиды: талап, көзделген мақсат, жағдай, яғни міндеттің белгілі компоненті. Міндет нақты көзделген мақсат болуы мүмкін. Бірақ іс-әрекеттің күрделі түрлерінде көбінесе міндеттер жеке мақсат ретінде айқындалады. Жеке мақсатсыз басты мақсатқа жетуге болмайды. Мысалы, белгілі маман иесі болу үшін әуелі адам сол мақсаттың теоретикалық аспектілерін оқуы керек, яғни белгілі оқу мәселелерін шешіп, содан кейін осы білімдерін практика жүзінде іске асыру керек [31].

Қазіргі заманғы  адам әр түрлі іс-әрекеттермен шұғылданады. Іс-ірекеттің барлық түрін классификациялау мүмкін емес, өйткені адам іс-әрекеттің барлық түрін сипаттау үшін адам қажеттіліктерінің барлығын атап өту керек, ал адам қажеттіліктерінің саны өте үлкен. Мұның себебі адамның индивидуалдық ерекшеліктерімен түсіндіріледі.Бірақ іс-әрекеттің негізгі түрлерін жалпылап айыруға болады. Олар барлық адамға тән жалпы қажеттіліктерге сәйкес келеді. Ол адамның индивидуалды ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Іс-әрекеттің түрлеріне: ойын, оқу және еңбек жатады.

Ойын – адам іс-әрекетінің ерекшк түрі. Ойынның  нәтижесінде материалдық немесе идеалдық өнім шығару көзделмейді. Көбінесе, ойын-сауық бәсеңдік, демалу мақсатын көздейді. Ойынның бірнеше түрлері бар: индивидуалды, топтық, заттық, сюжеттік, рольдік және ережесі бар ойындар.

Индивидуалды  ойын, тек бір адамның қатысуымен жүретін адам іс-әрекетінің түрі. Топтық ойын бірнеше индивидтің қатысуымен жүреді. Заттық ойын заттардың қатысуымен байланыста болады. Сюжеттік ойын белгілі сценарий бойынша жүреді. Рөлдік ойындар белгілі рөлмен шектелген әрекеттерге негізделеді. Ал, ережесі бар ойынға қатысушылар белгілі ережелер жүйесімен реттеледі. Сонымен қатар, ойынның араласқан түрлері де болады: заттық- рөлдік, сюжеттік – рөлдік, ережесі бар сюжеттік ойындар, т.б.

Іс-әрекеттің  тағы бір түрі – оқу. Оқу адамның  білім, икем мен дағды алу мақсатын көздейтін іс-әрекеттің түрі болып  саналады.Оқу ұйымдастырылған түрде  және арнайы мекемелерде іске асырылуы мүмкін. Ол ұйымдастырылмаған да болуы  мүмкін. Үлкен адамдарда оқу өзін-өзі жетілдіру сипатында болуы ықтимал. Оқу әрекетінің ерекшелігі - оқу тікелей индивидтің психологиялық қызметін атқарады.

Адам іс-әрекетінің жүйесінде ерекше орын алатыны - бұл  еңбек. Еңбектің арқасында адам қазіргі  заманғы қоғамды, материялдық және рухани мәдениетті құрды, өмір жағдайын жақсартты. Осымен өзіне шексіз дамуға мол мүмкіндіктерді ашты. Еңбек құралдарын жасау және оларды жетілдіру ең әуелі еңбекпен байланысты. Ол өз алдына еңбек өнімділігінің, өндірістік өнімнің, ғылымның дамуының, техникалық пен көркем шығармашылықтың артуының факторы болды.

сапасы мен  бағыты еңбек нарығында оның бәсекеге түсу қаблетінің негізгі шарты болып  табылады. Кәсіби даярлық процесінде жоспарлау, білім алу,өзінің жоғары жеке қабілеті мен қажеттігіне жауап беру мүмкіндігі бар студент еңбек нарығында елеулі орын алуы заңдылық болып табылады. Осыған орай, маманды даярлау сапасы тек қана даму көрсеткіші және оқу орынын тәмәмдау факторы ретінде шешуші ролге ие болып қана қоймай, негізгі өмірлік табысы болып табылады.

Сондықтан жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды білім нәрімен сусындату,  өз бетімен  білім алуын, өзін-өзі тәрбиелеуін үнемі жетілдіріп отыру қажет [32].

Кәсіби педагогикалық  әрекеттердің ғылыми ортақ категориясы  тәрбие. Тәрбие сөзінің мағынасы – дүниеге келген қорғауды қажет ететін, өмірге қалыптаспаған жас баланың алғашқы тамақтануынан, қадам басуынан басталады. Тәрбие- жеке тұлғаны қалыптастыру жолында мақсатты және ұйымдасқан түрде жүзеге асырылатын процесс. Аға ұрпақ өзінің жинақталып, сараланған тәжірибесін кейінгі ұрпаққа беруі тәрбиенің кең әлеуметтік мәні болып табылады. Жас кезінде қалыптасқан әдет, дағды т.б. қасиеттер бала болашағының негізі. Егер жас күнінде есі, жадысы қалыптасып келе жатқан кезден бастап дұрыс тәрбиеге жүгінген бала тағдырының болашағы жарқын болмақ. Жас баланың жеке тұлғаға жетем дегенге шейін қаншама тәрбиелік ортаны, қарым-қатынас пен адамдар ықпалын бастан кешіреді. Сондықтанда бала өмірінде, тәрбиесінде үлкен маңызға ие балабақша, мектеп, университет сияқты орталарды дұрыс таңдау қажет. Осы аталғандармен қатар, бала әрдайым өзіндік тәрбие үстінде болады. Өзіндік тәрбие негізін өз бетімен білім алу, өзін-өзі жетілдіру, туа біткен талант немесе дарынын аңғарып өз бетінше дамыту, өзіндік дайындық т.б. жатады. Дегенмен өзіндік тәрбие өзгелердің көмегімен немесе ықпалымен, әсерімен болады. Кейбір жағдайларда біреуге еліктеу, табыну немесе құрмет тұтудан да өзін басқаша өзіндік тәрбиелеу пайда болуы әбден мүмкін. Тұлғаның қалыптасуы педагогикалық құбылыстың бірі болып табылады. Өзіндік тәрбиенің мәні субъектінің тәрбиеге араласу нұсқауларындағы әлеуметтік-мәдени үлгі ретінде тәрбиеленушінің өзі ғана бола алады.. Тәрбие процесі мен таным әрекетінің қалыптасып дамуын іске асыруда ортақ мақсат, өзіндік тәрбие мен өзіндік білім алудың ролі ерекше.

Өзін- өзі  тәрбиелеу деп- адамның белгілі  мақсатқа бағытталған, өз сапасын жетілдіру  арқылы, кемшіліктерінен арылу әрекеті.

Сондықтан тұлғаның білімге ұмтылысы үнемі құпталып, жол көрсетіліп отырылуы тиіс. Осыдан кейін оқуға деген ынтасы, оған итермелейтін түрткісі, икемдейтін ерік қайраты пайда болады. Егер білімді меңгеруге оқуға өзі талпынбаса, ұмтылмайынша, өзіндік дара сапасын қалыптастырмайынша, білімге деген ізденісін тудырмайынша, оның адамгершілік,дүниетанымының қалыптасуы мүмкін емес.

Әр адамның  іштей рухани қалыптасуы ең алдыменен  өзінің ішкі сезімдерінің жұмысы бола тұрса да,оны тәрбие жұмыстары  арқылы қанаттандырып, қолдап бағыт- бағдар беріп отыруға да байланысты  - деген С.Л.Рубинштейн. Өзін- өзі тәрбиелеу, өзін-өзі білімдендіру,қайта тәрбиелеу болашақ маман тұлғасын қалыптастыруда ерекше орынға ие.

Студенттік  кез-бұл ерекше әлеуметтік категория, жоғарғы білім беру институтымен ұйымдастырыла біріктірілген адамдардың ерекше қауымдастығы. Бұл әлеуметтік-кәсіби категория XІ-XІІ ғ.ғ. алғашқы университеттер пайда болғаннан бері тарихи құрылған. Студенттік шақ білімдер мен кәсіби іскерліктерді мақсатты, жүйелі игеруші, ұйғарылғандай, табанды оқу еңбегімен айналысатын адамдарды қамтиды.

Әлеуметтік  топ ретінде кәсіби бағыттылығымен, болашақ мамандыққа тұрақты қатынастың қалыптасғандығымен сипатталады, бұның өзі кәсіби таңдаудың дұрыстығының, студенттің таңдап алған мамандық жайлы ойының барабарлығы мен толықтығының мәні болып табылады. Соңғысы  мамандық қоятын талаптар мен кәсіби іс-әрекеттерін білуді қамтиды.

Зерттеулер  нәтижелерінің көрсетуінше, студенттердің  мамандық жайлы елестетулер деңгейі (біркелкі және біркелгі емес) оның оқуға  деген қатынасының деңгейімен теңестіріледі: студент мамандық жайлы неғұрлым аз білсе, соғұрлым оның оқуға деген қатынасы жағымсыз болды.

Ал, әлеуметтік-психологиялық  аспектіде студенттік кезең басқа  топтармен салыстырғанда, білімділіктің  неғұрлым жоғары деңгеймен және танымдық мотивацияның жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Сонымен бірге студенттік шақ - әлеуметтік қауым, яғни ол аса жоғары әлеуметтік белсенділікпен интеллектуалдық және әлеуметтік кемелділіктің жеткілікті үйлесімді арақатынасымен сипаталады.

Студенттік  кездің осы ерекшелігін есепке алу- оқытушының әр студентке педагогикалық  қарым-қатынас партнері ретінде, оқытушы үшін қызықты тұлға ретіндегі қатынастарының негізінде жатыр.

Тұлғалық, іс-әрекеттік  тұрғыдан студент белсенді, өз іс-әрекетін өз бетінше ұйымдастыратын педагогикалық  өзара әрекеттесу субъектісі ретінде  қарастырылады. Оған танымдық және коммуникативтік (біліктілік) белсенділіктің нақты, кәсіби бағдарланған міндеттерін орындау ерекше бағыттылық тән. Студенттік кез үшін оқытудың негізгі формасы таңбалық-контекстік болып табылады. (А.А. Вербицкий).

Студенттік  кезді әлеуметтік-психологиялық сипаттау үшін маңыздысы- адам дамуының осы кезеңінің қалыпты экономикалық тұрақтылықтың қалыаптасуымен, ата-аналық үйден кетіп, өзінің отбасын құруымен байланысты болуы.

Студенттік  кез- адамның, жалпы тұлғаның қалыптасуының, сан алуан қызығушылықтардың көрінулерінің орталық кезеңі. Бұл спорт рекорттарын орнату, көркемөнер, техникалық және ғылыми жетістіктерге жету, адамның болашақ (қайраткер), кәсіпкер ретінде қарқынды және белсенді әлеуметтену уақыты. Осыны оқытушы оқу іс-әрекеті мен жоғары оқу орнындағы педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру мазмұнында, проблематикасында және тәсілдерінде есепке алады.

Студенттік  негізгі еңбегі оның шығармашылық қабілеті арқылы дамиды. Оған студенттің өзіндік  шығармашылық жұмысы, (СӨЖ, СОӨЖ) тапсырмаларын орындау арқылы да психологиялық даму ерекшеліктері байқалады. 

Қоғамда болып  жатқан жаңа әлеуметтік-экономикалық ұсыныстар толық білім жүйесіне күмәнсіз қатысты. Осы орайда ҚР-ның  жоғары оқу орындарындағы білікті  мамандар даярлаудағы кәсіби дайындық  деңгейі мен қазіргі заманға лайықталынған жағдайда өздігімен ойлай және жұмыс істей алу үлкен маңызға ие.

Өзіндік жұмыс  астарынан, білімді іздеудегі ой қортындылауды, оны бекітуді, дағды  мен іскерліктің дамуын және білімді  жалпылау мен жүйелеуді, арнайы уақыт бөлінген дидактикалық мақсатты орындау барысындағы оқытушылар ұйымдастырған студенттердің белсенді әркетін түсінуге болады.

Өзіндік жұмыс  дидактикалық құбылыс ретінде, бір  жағынан, студенттің әрекет объектісімен оның міндетті түрде орындау қажет  оқу тапсырмасын көрсетсе, екінші жағынан, сәйкестендірілген әрекеттің пайда болу формалары: студенттердің тапсырманы орындау барысындағы есі, ойлауы, шығармашылық қиялы оны жаңа жетілген білімді меңгеруге немесе меңгерген білімінің тереңдеуі мен кеңеюіне алып келеді [33].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Оқу - іс-әрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға

қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде  менгеру. Мектеп жасындағы

балалардың  негізгі әрекеті - оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар

бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді.

Оқу мыналардан құралады: қоршаған заттар мен құбылыстардың

ерекшеліктері туралы ақпаратты меңгеру (білім); іс-әрекеттің  негізгі түрлерін

құрайтын амалдар  мен операциялар (бейімділік); іс-әрекет мақсаттары мен

жағдайларына  сәйкес амалдар мен операцияларды  дұрыс таңдау үшін,

көрсетілген ақпаратты пайдалану әдістерін меңгеру (икемділік). Сонымен, оқужайлы адамның әрекеттерін саналы мақсат басқарған кезде ғана айтуга болады [34].

Саналы мотивтердің  болуы - оқудың маңызды алғы шарты. Осыдан жануарларда оқудың болуы мүмкін емес екендігін анық көруге болады.

Эмоциялар танымдық процестермен байланысты, олардың әрбір  әрекетке кірістірілуі психика процестерінің  маңызды регуляциялық процестеріне эмоцияны жатқызуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олардың интеграциясы мен функцияларының бірегей болмауы олардың табиғатын зерттеу жолдарында қиындық туғызады.

Адамның танымдық, оның ішінде оқу әрекетін регуляциялаудағы эмоцияның мүмкіндіктерін ашу қазіргі  психологияның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Әрекеттің психологиялық  теорияларын зерттеген ғалымдар қатарына Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.Г. Асмолов,  К.А. Абульханова-Славская,  А.В. Петровский,  Ю.М. Забродин,  В.П. Зинченко, А.В. Брушлинский,  О.В. Дашкевич,  В.Д. Шадриков жатады. Эмоциялардың объективті психологиялық зерттеулерінің әдістемелік принциптері осы мәселені оқу іс-әрекетінің эмоционалды регуляция мәселесін әрі қарай тәжірибелі өңдеп, әрі қарай даму болашағын анықтайды. Осы орайда оқу әрекетінің эмоционалдық регуляциялау мәселесі өте өзекті болып отыр. Осы мәселемен айналысқан ғалымдар қатарына П.П. Блонский, П.Я. Гальперин,  Д.Б. Элъконин,  В.В. Давыдов,  Г.И. Костюк,  П.М. Якобсон,  А.К. Маркова,  Н.Ф. Талызина,  И.И. Ильясов,  В.В. Репкин, В.Я. Ляудис,  Ю.М. Орлов,  Л.И. Айдарова,  В.В. Рубцов,  А.И. Подольский,  В.К. Демиденко, В.А. Моляко,  С.Д. Максименко,  Г.А. Бал, А.В. Киричук,  А.В. Скрипченко жатады.

Осы зерттеулер кезінде оқу әрекетінің эмоционалды  регуляциялау жүйесі тек қана психологиялық механизмдер мен олардың мүмкін өзара байланыстарын түсіну үшін ғана емес, оқу процесіне студенттерді эмоционалды сфера арқылы белсенді қосуды да қамтамасыз етеді.  Өкінішке орай отандық және шетелдік психологияда өзінің өзектілігіне қарамастан, оқу іс-әрекетінің эмоционалды регуляциялау мәселесі теориялық және қолданбалы аспектіде аз зерттелген [35].

Сонымен бірге  қазіргі оқу жүйесінде қиын жағдай орын алуда. Студент меңгеруге тиісті ақпарат көлемі өсіп, оқу үдерісінің интенсификациясына әкеліп, онда оң эмоционалды компонеттерді мазмұнын алып, яғни осы процестегі студенттердің эмоциялық регуляция мүмкіндіктері тәжірибе көп ескерілмейді. Жағдайлардың барлығы қазіргі оқу процестеріндегі теріс құбылыстарды одан әрі қарай тереңдетеді, көптеген студенттер дәстүрлі формадағы оқыту қабылдамай, ол психикалық жағдайға теріс әсер етіп, студенттердің эмоционалды дамуында келеңсіздіктер туғызып отыр  [36].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Студенттердің оқу іс-әрекетіндегі эмоционалды регуляция