Өзiндiк
бағалаудың тұрақтылық мәселесінің
үшінші бағыты өмір жол психологиясы
арқылы қарастырылады. Бұл теорияның
аумағында бiрнеше көзқарас бар.
И.С. Кон шетелдiк лонгитюдтi зертrеулерге
талдау жасап, келесі нәтижелердi шығарды,
өзiндiк бағалаудың тұрақтылық деңгейi
адамның өмір барысында сақталады.
Ғалымдардың пiкiрiнше, өзiндiк бағалау
жасөспiрiмдік шақтың соңғы жағында
тұрақты тұлғалық қасиетке айналып,
өмір барысын, сол күйiнде сақталады.
Өзiндiк бағалау процессiнде рефлексивтi
әрекеттердiң рөлi ерекше. Л.С.Выготскийдiң
ойынша, рефлекция көмегімен
адам өзiнiң сезiмдерiн бақылай
алады. Р.Бернстiң айтуынша, балада
рефлексияға қабiлеттiлiгi пайда
болған кезде, «Мен - концепциясы
құрыла бастайды.
Өзiндiк бағалау кезiнде рефлексияның
болуы, оның дамуы жоғары деңгейде
екенін керсетедi. А.М. Прихожан және Н.И.
Туткинаның зерттеулері бойынша, жасөспiрiмдiк
кезең тұлғалық рефлексияның дамуындағы
өзiнде сананың механизмi ретiнде
сензитивтi кезең болып табылады.
Өзiндiк бағалау құрылымы eкi сыңармен көрсетiлген
когнитивтiк және эмоцияналды. Бiрiншi адамның
өзi туралы ақпаратын, екiншiсi өзiне қатынасын
көрсетедi. Өзiндiк бағалау процесiнде 6ұл
сыңарлар бiрге жұмыс iстейдi. Өзi туралы
ақпаратты адам басқа адамдармен қарым-қатынас
жасаған кезде алады. Бұл ақпараттар эмоциялармен
бiрге жүреді. Эмоцияның күшi тұлғаның
алған ақпараты ол үшiн қаншалықты маңызды
eкеніне теуелдi болды.
Зерттеушiлер өзiндiк бағалаудың
когнитивтi сыңарының қалыптасуына
үш деңгейiн бөледi:
1.Жоғары
деңгей реалистiк өзiндiк бағалаумен
жағдайларда жалпылама қабiлеттерiнiң
болуы және оларда бағаланатын қасиеттерiнiң
icке асырылуымен, каузалды атрибуциямен
өзiндiк бағалау тұжырымдамаларының терең
және жан-жақты болуымен сипатталады.
2. Орташа
деңгей реалистiк өзiндiк бағалаудың
көрiнулерiнде ретсiздік тән: жасөспiрiмнiң
өзiндiк бағалауың негiздеу кезiнде қоршаған
aдaмдapдың пiкiрiне нақты факторларға бағытталу,
каузальдi атрибуция сыртқы шарттардың
көмегімен өзiндiк бағалау тұжырымдамаларының
тар мағынада болуы.
3. Төменгi деңгей
өзiндiк бағалау aдeквaтты еместiлiгiмен
сипатталады. Өзiндiк бағалау талдауда
реалды фактiлерден делелдеуі жоқ. Атрибуция
субъектiсi бағындырылмайтын шарттар арқылы
өзіндік бағалы тұжырымдарының терең
болмауымен сипатталады.
Өзіндiк
бағалау сипаттамасы және тұлғаның
қасиеттері: жасөспiрiмнiң өзiндiк бағалаудың
сипаттамасы тұлғалық қасиеттерін қалыптасуын
анықтайда.
Жалпы ғылыми зерттеулердің
талдауы көрсеткендей, өзіндік бағалау
– қандай да бір жеке тұлғалық
қасиеттердің көріну деңгейіне
қатысты баға деп түсіндіріледі.
Бұл өзіндік сананың бір эталоны
түрінде көрінеді. Жеке тұлғаның
әртүрлі қасиеттерінің даму үлгілеріне:
тұлғағағ тән және өзіндік
бағалауды бағдарлауда қызмет
атқаратын әлеуметтік топтық
эталондар жатады.
Ә.М. Болтаеваның диссертациялық
зерттеу жұмысында құқық қорғау
органдарында қызмет ететін тұлғалардың
психологиялық ерекшеліктері жайында
әр түрлі жаңа әрі қызықты
ғылыми құнды нәтижелері жеткілікті.
Атап айтар болсақ, Жоғары оқу орындарындағы
студент-заңгерлердің кәсіби мотивациясының
ерекшеліктері олардың мамандыққа деген
кәсіби бағыттылығы мен өмірлік құндылық
бағдары ретінде қалыптасатыны белгіленген
және эксперименттік тұрғыда дәлелденген.Болашақ-заңгерлердің
кәсіби әрекеттің негізін игеруі - оның
тұлғалық психологиялық құрылымының (құндылық
бағдар, өзіндік бағалау, белсенділік,
бағыттылық т.б.) ерекшеліктерімен және
әлеуметтену барысында қалыптасқан мотивтер
жүйесімен байланыстылығы айқындалып,
кәсіп пен тұлғаның арасындағы арнайы
психологиялық жүйе ретінде жүзеге асатыны
нақтыланған. Студенттердің кәсіби мотивацияның
қалыптасуына жоғары заң оқу орындарындағы
кәсіби оқыту мазмұнының қолайлы әсері
және тиімділігі эмпирикалық тұрғыда
анықталған. Заңгерлерді мамандыққа іріктеуде
тұлғаның кәсіби маңызды сапалық
қасиеттерін зерттеу арқылы олардың кәсіби
әрекетке жарамдылық деңгейінің ерекшеліктерін
анықтауға болатыны зерттеу арқылы айқындалған.
Болашақ
заңгерлердің кәсіби мотивациялық бағыттылығының
ерекшеліктерін айқындау арқылы олардың
кәсіби әрекетті игеруінің нәтижелілігін
жоғарылатуға болатыны туралы психологиялық
тұжырым қазақстандық психология ғылымының
дамуында алғаш рет жүйеленіп, теориялық-эмпирикалық
тұрғыдан Ә.М. Болтаеваның ғылыми зерттеулерінде
негізделіп, дәлелденген.
Құқық қорғау органы қызметкерлерінің
кәсіби іс-әркетіндегі өзін -өзі
бағалау деңгейінің алатын орнына
келсек бұл олардың кәсіби
іс-әркетке бейімделуі мәселесімен
тығыз байланысты.
Кәсіби қызмет жасауға әсер
ететін тұлғалық сапалар қатарына
тұлғаның өзін-өзі бағалауы да
жатады.
Өзімізге белгілі болғандай,
өзін-өзі бағалау адамның өзін-өзі
реттеу жүйесінің негізі болып
табылады және де одан көбіне
негізгі психологиялық прцесстердің
жүзеге асу сапасы тәуелді
болады.
Өзін-өзі бағалаудың төмен болуы
негативті психикалық күйдің
болуымен сипатталады. Мұндай
тұлғалар әдетте, қобалжығыш, тұрақсыз,
апатияға бейім, тез шаршағыш,
өмірге деген қызығушылығы тұрақсыз,
өзгермелі, өмірлік перспективасы
тұрақты қалыптаспаған және суицидті
әрекеттерге бейімділікпен ерекшеленеді.
Керісінше, өзін-өзі бағалаудың
жоғары адекватты болуы психикалық
күйдің жақсы екендігін білдерді.
Кез - келген тұлғаның кәсіби
бейімделуіне оны қоршаған адамдар
үлкен ықпал етеді. Айналасындағылардың
жағымды қатынасы бейімделу процесін
жеңілдетеді, ал жағымсыз қатынастар
керісінше, бұл процеске кедергі
болып, бейімделу процестерінің
барысын күрделендіреді.
Бұл субъективті деңгейде айналасындағылардың
қолдау көрсетуін сезінумен (әлеуметтік
қолдау) немесе басқалар үшін
маңыздылығын сезінуден (референттілік)
байқалады.
Өзінің маңыздылығын сезіне және
әлеуметтік орртадан қолдау күту
оның белсенділігін арттырып, кейбір
жағымсыз сипаттарды компенсациялайды.
Ал бұл өз ретінде жаңа ортаға,
жағдайларға бейімделу процесінің
жақсы өтуіне оң әсерін тигізеді.
Ал керісінше өзінің маңаздылығын
сезінбесе жағымсыз сипаттар
күшейіп, бейімделу процесінің
ұзаққа созылуына әкеліп соғады.
Кәсіби іс-әркетке бейімделудің
келесі сипаттамасы бұл тұлғаның
қарым-қатынастық сапалары болып
келеді.
Өйткені адам әрқашанда басқалармен
тікелей қарым-қатынаста болады
және де оның іс-әркетінің нәтижелі
болуы оның қарым-қатынас құра
алу ерешелігене тәуелді.
Әр адам өзінше бір жеке
тұлға болғандықтан, олардағы қарым-қатынас
жасау мүмкіндіктері (немесе қарым-қатынас
құруы, басқаларды түсне білу
ерекшелігі де) әртүрлі.
Олар оның тәжірбиесімен, қарым
- қатынас жасау қажеттілігімен,
сонымен қатар психологиялық
ерекшеліктермен анықталды.
Адамдардың өзара қатынасына
олардың қарым-қатынас жасау принципі
де әсер етеді. Бұл принцип
тұлғаның басқа адамдарға деген
қатынасында көрінеді: біреулер
басқа адамдарға өз ойлары
мен пікірлерін, сезімдерін, эмоцияларын
ашық білдірсе, енді біреулерге
интроверттілік тән, басқалары
агресстивтілік танытса, енді
басқалары өзінің қарапайымдылығымен
ерекшеленеді.
Егер адам агрессивті, эгоист
болса, онда ол әдетте конфликтіге
бейім болады және бұл қасиеттер
оның бейімделу процесінде жетістіктерге
жетуде кедергі жасайды, ал
мейірімді адамдар басқалармен
тез тіл табысып жаңа жағдайларға
жылдам бейімделеді.
Бейімделу процесінің маңызды
жағы әлеуметтену прцесі. Бұл
процесс әлеуметтік рөлді адекватты
қабылдау қабілетімен сипатталады.
Мысалыға, әскерге келген солдат әскери
қызметке келген күннен бастап олардың
әлеуметтік рөлі өзгереді оған үлкен жауапкершілік
жүктеледі, олардың тәртіптілікті, тиянақтылықты,
нақтылықты талап етеді.
Кез-келген қызметтің алғышқы
кезеңі әлеуметтік бейімделумен
(адаптациямен) сипатталады.
Адаптация - бұрынғы стереотиптердің
өзгеруі, жаңа топқа үйрену, жаңа
қатынастар жүйесін құрады. Олардың
өмірі белгілі бір жауапкершілікті,
шешімділік, өз бетімен қызмет
етуді, тәуелсіздікті талап етеді.
Мұның барлығы бірігіп олардың
«кемелденуіне», «есеюіне» өз ықпалын
тигізеді. Адаптация еңбек әрекетіне
әсер ететін фактор ретінде
олардың өзара қарым-қатынас жасауға
болады.
Жалпы көптеген ғылыми еңбектерде
әлеуметтік адаптацияның екі
түрі анықталған: кәсіби адаптация
және әлеуметтік психологиялық
адаптация. Кәсіби адаптация -
еңбек процесі сипатына, ерекшелігне,
мазмұнына, жалпы алғанда мамандыққа
үйрену.
Әлеуметтік психологиялық адаптация
- индивидтің топқа, өзара қарым-қатынасқа
бейімделуімен сипатталады.Топтағы
объективті қатынастар жеке тұлғалық
қатынастарға көшеді және оның
тұлғалық қалыптасуына әсер етеді.
Сондықтан да топтағы әлеуметтік
психологиялық атмосфера олардың
еңбек әрекетіне деген белсенділігін
арттыруы немесе кемітуі мүмкін.
Тұлғаның ұжымдық қатынастар
жүйесіндегі алатын орны оның
жеке әлеуметтік тәжірбиесіне
тәуелді.Осы тәжірбиесіне байланысты
біз оның адагершілік құнды
бағдарларларын, дүниетанымын, көзқарасын
біле аламыз.Ұжымда адамның рухани
қалыптасуы жүзеге асады, жеке
тұлғаның саналы және негізгі
сапарларының қалануы бастау
алады.
Кәсіби бейімделудің ерекшелігі
біріншіден, іс-әрекет мақсат, міндеттеріне
байланысты. Бұл мақсат, міндеттердің
орындалуы жоғары жауапкершілікті
талап етеді.
Екіншіден, нақты, уставтық, құқықтық
регламентацияның болуы. Бұл өз
ретінде өзара қарым-қатынастардың
субординациясы, кәсіби тәртіппен
мәдениетпен байланысты.
Белгілі бір ұжымға келгенде
кез-келген адамда өзіндік өмір
тәжірбиесі, құндылықтар жүйесі, мінезі
болады.
Егер тұлғада теріс құндылықтар
жүйесі болса, онда ол сол
микроортаға жылдам бейімделеді,
өйткені теріс қүнды бағдар
ұжымының жалпы бағыттығымен
сәйкес келмейді.
Ал өз ретінде құндылық бағдарлардың
ұжым бағыттылығымен сәйкес келуі
тұлғаның бейімделу процесінің
негізі болады.
Бейімделу процесін қиындататын
факторларға ең алдымен тәрбиелеудегі
кемшіліктер, әртүрлі биологиялық
себептер (медициналық мекемелерде
жиі және ұзақ стационарлық
емдеулер).
Психикадағы өзгерістер туа немесе
жүре пайда болған психикалық
дамудың аномалиясының, жүйке-психикалық
аурулар, бас миының зақымдалуы
салдарынан болуы мүмкін.
Қалыптасқан тұрақты стереотипті
немесе бейімделу процесіндегі
психикалық кемшілікті тек дұрыс
индивидуалды жұмыс нәтижесінде
ғана өзгертуге болады.
Психология ғылымында жаңа өмір
жағдайларына бейімделуді түсіндіруде
екі негізгі бағыт қалыптасқан.
Біріншілері бейімделуді «өзгеру»,
«үйрену» процесі деп қараса,
екіншілері бейімделудің тұлғаның
әлеуметтік тәжірбиені, жаңа әлеуметтік
рөлдерді белсенді игеру процесі
деп қарастырады.
Жоғарыда айтылған бағыттардың
екеуі де бейімделу процесін
біржақты қарастырады.Үйрену адамның
организмі ретіндегі бейімделуінің
бір формасы.
Ал бейімделу бұл тұлғаның
іс-әрекет субъектісі ретіндегі
жаңа жағдайларға белсенді түрде
үйрену процесі.
2. ҚҰҚЫҚ
ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ӨЗІН-ӨЗІ
БАҒАЛАУЫНЫҢ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ
ӘСЕРІН ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУ
2.1 Эксперименттік зерттеудің
мақсаты, міндеті, болжамы
Зерттеу
жұмысының мақсаты: Құқық
қорғау органы қызметкерлерінің өзін-өзі
бағалау деңгейін психологиялық зерттеу.
Жұмыстың алдына
қойған негізгі міндеттері:
-
құқық қорғау органы қызметкерлерінің
кәсіби іс-әрекетінің психологиялық
негізін зерттеу;
-
еңбек ету процесі кезіндегі
құқық қорғау органы қызметкерлерінің
өзін-өзі бағалау динамикасын
зерттеу;
-
зерттеудің болжамын дәлелдеу
және статистикалық сенімділігін
арттыру.
Зерттеудің
негізгі болжамы: құқық қорғау органы
қызметкерлерінің өзін-өзі бағалау деңгейі
тұлғалық қобалжу деңгейіне тәуелді.
Зерттеудің
жұмыс болжамы:
1)
Неғұрлым өзін-өзі бағалау деңгейі
жоғары болған сайын, соғұрлым
қобалжу деңгейі төмен болады.
2)
Неғұрлым өзін-өзі бағалау деңгейі
төмен болған сайын, соғұрлым
қобалжу деңгейі жоғары болады.