Мінез
– бұл адамның өмірінде, айналасындағылармен
қарым-қатынасында байқалатын адамның
мінез-құлқының тұрақты жеке психологиялық
қасиеттерінің жиынтығы. Адамның
мінезін білу арқылы оның кездейсоқ
жағдайларда өзін қалай ұстайтындығын
анықтауға болады. Мысалы, субъектінің
өзін қалай ұстағандығына, қалай
қылмыс жасағандығына байланысты, оның
мінезін анықтап, осыған байланысты
тергеу, іздестіру жұмыстарын, жаза
тағайындау мен түзету жұмыстарын таңдап
алуға болады[18].
Қылмыстық
(азаматтық) процеске қатысушылардың мінезін
зерттеуде тергеушінің (құқық органы
қызметкерінің) жүргізетін әрекеттері
төмендегідей:
- қылмыстың жасалу механизмдері
мен оның себебін түпкілікті анықтау.
Айыпталушының мінезі туралы ақпарат,
оның қылмысты жасауының объективті жағын,
кінәлінің ниетін, қылмыстың жасалу мотивін,
тұлғаның эмоциялық ерекшеліктері, жүйкелік-психикалық
тұрақтылығы немесе тұрақсыздығы, жеңілтектік,
жоғарғы агрессивтілігінің себебін бағалауға
қолданылуы мүмкін;
- тергеу барысында жауап алу
мақсаттары үшін куәгер немесе айыпталушының
психологиялық ерекшеліктері туралы
мәліметтер қажет. Жауап берушінің мінезіне
байланысты әртүрлі жауап алу әдістері
қолданылады. Нейтралды сұрақтарды нақты
дәлелді қоя білетін, кінәліні әшкерелейтін,
жалғандығын анықтайтын сұрақтар қолданылады.
Тергеушінің айыпталушының мінезін білуі
қылмыскерді ұстауда, тінту жүргізуде,
көзбе-көз беттестіргенде оның маңызды
шешім қабылдауына септігін тигізеді;
- азаматтарға, әсіресе жазасын
өтеу мекемелерінде заңгерлердің жүргізетін
тәрбие және түзету жұмыстарында мінез
бітістерінің аса жағымсыз жақтарын анықтауы
(эпилептоидты, гипертимді, параноялды
т.б.) жеке әдістерді қолдануға мүмкіндік
береді[18].
Адамның мінез-акцентуациясы мәселелері
тек психолог мамандары үшін
ғана емес заңгерлерге, әсіресе
қылмыспен күрес жүргізу мекемелері
үшін де маңызды. Акцентуацияның
негізі болып, дені сау адамның
мінезінің кей қасиеттерінің
қатты өзгеруі немесе акцентуациясы
психопатияның шегінде тұруы,
тек субъектіге белгілі бір
күрделі жағдайларда , оның мінезінің
типіне қарсы тұру қажеттілігінің
төмендігіне талаптың жоғары
болғанында ғана анық байқалады(А.Е.
Личко).
Гипертимді
- тез қозғыш мінез типті субъектілер
үшін, оның қасиеттері: белсенділік, ширақтық,
аса көпшілдік, лидер болуға ұмтылу,
жағымсыз әлеуметтік әсерлерден, тәрбиенің
ақсауынан қозғыш типтер келеңсіз топтың
әсеріне тез қосылады (құмар ойындары,
ішімдік ішу, темекі тарту, наша шегу, инеге
отыру, жеңіл жүріске салыну т.б.). Мұндай
мінез типтері құрдастары арасында көзге
түсу, беделін арттыру үшін, топтық бұзақылыққа
бару және құқық бұзушылықтың басшысы
болу, оның негізгі мақсаттарын іске асыру
және кауіп-қатерді сезіну үшін жасауы
мүмкін. Әртүрлі мінез акцентуацияларын,
олардың ерекшеліктері мен көріністерінің
заңдылықтарын білу қылмысқа қатыстылардың
әрекеттеріне тек сауатты баға беру ғана
емес, құқыққа қарсы әрекеттердің механизімін
түсінуге мүмкіндік береді.
Жеке тұлға құқықтық реттеу
жүйесінде оның мінез-құлығының
бағыттылығын анықтайтын мақсат,қызығушылық
мотивтер жиынтығын игерген белсенді
субъективті ретінде орын алады.
Заң нормалары мен түсініктерінің
ерекшеліктері адамдар арасындағы
маңызды қатынастарды бейнелеумен
тұжырымдалады.
Мінез-құлық ережесінің біршама
бөлігі,қоғамдық пікір арқылы
бақыланып отыратын этикалық
адамгершілік, моральдық нормаларға
негізделген. Қоғамдық – құқықтық
норманың өнімділігі үшін мына
шарттарды сақтау қажет:
- жеке тұлға құқықтық норма
бекітіп, қорғайтын әлеуметтік құндылықтарды
мойындау керек;
- құқықтық норманың даму және
өзгеруінде қоғамдық құқықтық санадағы
өтетін өзгерістерді есепке алу қажет;
- құқықтық норма қоғамдғы
рухани және мтериалдық қызығушылықтармен
қоғамдық қажеттілітердің дамуын қадағалап
отыру керек[7].
Заңға бағынушылық мінез-құлықтың
механизмдер «құқықтық интуиция»
жағдайында интелектуалдық дамыған
жеке адамның аспектісі функциясы
және жеке адам мінез-құлығының
әлеуметтік стереотип ретінде
қарастырылады.
Индивидуалды құқықтық сананың
дамуы барлық кезде қоршаған
әлеуметтік ортамен себептеледі.
Жеке тұлғаның құқықтық санасы
адамгершілік білімдермен байланысты
және құқықтық, моралдық бағалаудың
бірлігінде көрінеді. Құқықтық сананың
дамуы жеке тұлғаның жасына, жынысына,
білім деңгейіне тәуелді болады.
Құқықтық сана адамның бүкіл
өмір бойында әлеуметтену процесіне
қалыптасатындықтан, оның қоғамның
құқықтық даму бағыты ерекшеліктерінен
тыс зерттеп қарастыруға болмайды.
Құқықтық сана қоғамның құқықтық
өмірін жанданддыруға және дамытуға
үлкен үлес қосады[5].
Сондықтан да қоғамдағы құқықты
дамыту үшін, заңдылықты, тәртіпті
қатаң сақтау үшін құқықтық
сана – сезімнің маңызы өте
зор.
Бұл сана-сезімді қоғам көлемінде
дамыту керек, әсіресе заңгерлердің,
мемлекеттік органдарда қызмет
атқаратын азаматтардың білімін,
тәрбиесін, сана-сезімін көтереді,
қажет етеді.
Заң арқылы реттелінетін конфиликті
жағдайларды шешуге құқық қорғау
органдары қызметкерлерінің кәсіби
біліктілігі жоғары жалпы интелектуалдық
дамуы мен аналитикалық ойлауы
терең, өзінің шешімдерінің нәтижесін
болжай алатын, эмоционалды тепе-теңдік,
адамдармен жақсы қарым-қатынас
құра білетін болуы керек.
Бұл процесс барысында белгілі
бір нәтижеге жетеді, нақты мәселені
шешеді немесе нақты мақсаттар
жүзеге асады.
Құқық қорғау органы қызметкерлерініңкәсіби
іс-әрекетіндегі маңызды жүйке
психикалық сапаларға төмендегілерді
жатқызуға болады:
- сензитивтік –сыртқы әсерлерге
деген жоғарғы жүйке психикалық тұрақтылықтың
болуы;
- реактивтілік пен белсенділіктің
өзара сәйкестігі;
- эмоционалды тұрақтылық;
- психикалық процестерінің
өзгермелі сипаты;
- қобалжу деңгейінің төмен
болуы – қауіпті жағдайлардағы эмоционалды
қозудың жоғары болуымен сипатталады;
- толеранттық – жүйке психикалық
шиеленістерге деген жоғары тұрақтылық
пен төзімділік.
Құқық қорғау органы қызметкерлері
әрекетіндегі интеллектуалды қабілеттер
маңызды орын алады. Бұл фактор
келесі жеке тұлғалық сапаларының
дамуымен сипатталады:жоғары интелект,эрудиция,терең
шығармашылық ойлау ,жоғғары жұмыс
қабілеттілігі, аналитикалық ойлау,
жағдайды болжай алу қабілеті,
қиялының дамуы, интуиция.
Құқық қорғау органы қызметкерлері
әрекетіндегі интелектуалды қабілеті
маңызды орын алады.
Бұл фактор жеке тұлғалық
сапалармен сипатталады: эмоционалды
қарым-қатынас құра білу сенімді
қатынас орната білу, олардың
ішкі жан дүниесін түсіне білу,
тыңдай алу, конфликті жағдайларды
шеше алу, эмоция мен мінезді
басқара алу, адекватты өзін-өзі
бағалау деңгейі.
М.Х.Титманың пікірінше кәсіби
қызығушылықты жағымды жағдайда
тұлғаның нақты бір кәсіби
іс-әрекеттке бағытталғанына айналысатынын
,мақсаты мен мотивтері сай
келетін мамандыққа деген тікелей
эмоционалық танымдық қатынасы
болып табылады[12].
Сондықтанда құқық қорғау органдары
қызметкерлерінің кәсіби әрекетте
деген жек адамның бағыттылығының
қалыптасу «қажеттілік-қызығу-нәтиже»жүйесінде
дамып,кәсіби әрекеткте жүзеге
асады және оның бағыттылығын
анықтайды[20].
В.Л.Васильев бойынша құқық қорғау
органы қызметкерлерінің іс-әрекетінде
қиял мен ойлаудың ерекшелігі
өзара байланыст болжамдар ұсыну
арқылы сипатталады[14].
Бұл қызмет үшін арнайы кәсіби
білім және психологиялық дайындық
қажет, яғни ол адамдар мен
тіл табыса алатын,конфликті жағдайларды
шеше алатын, іскерлік қарым –
қатынас негіздерін білетін болуы
қажет.Іскерлік қарым-қатынас құра
білетін болуы керек.
Адамдар
арасындағы қарым-қатынас жасаудың
қажеттілігі мен маңызын жапондықтардың
жеке басын тәрбиелеп жетілдіру
әрекетіндегі істерінен айқын аңғаруға
болады.
Адам өз бойындағы қабілеті
мен іскерлігін жетілдіруді ізденіс
деп атап, оны неғұрлым өзін-өзі
сынап көреді екен.
Мұндай сынақ адамның денесі
мен рухани жағынан дамып жетілу
жолындағы күрделі қиындықтарды
жеңуге көмектеседі.
Егер адамдар өзара сөйлесіп,
қарым-қатынас жасамаса онда оның
өмір тіршілігінің мән –мазмұнында
болмас еді. Осы орайда адамдардың
күнделікті өмірдегі кәсіптік
саладағы өзара тілдесіп қатынас
жасауының оның рухани өмірі
мен тіршілік бейнесінің қалыпты
даммуына қаншалықты әсер ететеіндігін
жете түсінуге болады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынс жасауда
аса қажетті шарттың бірі сөйлеушілердің
өз пікірлерін өзгелерге , тыңдаушыларға
қалайда жеткізіп,оларға әсер етуді
көздесе ал тыңдаушылардың қарым-қатынасын
орнатудағы сөйлеуші жақтың ой-пікірін
дұрыс ұғынып, оны іс жүүзінде асыра білу
мәдениеттілігіне байланысты.Бұл жайттен
біз қарым-қатынас жасаудың үнемі екі
жақты процесс екендігіне көзіміз жетеді.
Арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелеріне
қарағанда адамдардың басым копшілігі
өзінің 70% уақытын өзара тілдесіп
қарым-қатынас жасауға жұмсайды
екен.
Ал жетекші қызметпен басшылық
ететін адамдар өздерінің жұмыс
мерзімін ің 80% уақытын осы қарым-қатынас
жасауға жұмсайды.
Осы орайда қоғам өмірінде
адамның адамның бойында күш-қуатын
оның білімі мен қабілетін
тіршілікке қажетті материалдық
заттарды өндіруге жұмсап,рухани
өмірін байыту мақсаттарына бағытталға
тиіс.
Мұндай игілікті мақсаттарды
жүзеге асруда жан дүниесінің
сырынан терең бойлап,оны әр
тарапта зерттеп білуді қажет
етеді.
Тілдесу арқылы адамдар өзара
қарым-қатынас жасап біріне-бірі
білдірмек болған ойын пікір
алысады.қатынас орнатудың нәтижесінде
өзара ықпал етіп,адамдардың өмір
тәжірбиесі, іс-әрекет,теориялық ой
пайымдары дамиды.
Әр алуан іс-әрекетінің жүзеге
асырып, хабар алысады, сөйтіп, олардың
арасында тұрақты қарым-қатаныс
орнайды. Өзара тілдесу арқылы
бірігіп тірлік етеді, еңбектеніп,
әрбір іс-әрекетті орындау нәтижесінде
кәсіби іскерлігін арттырады.
Қарым – қатынас барысында
белгілі бір әсер ету тәсілдері
қолданылады.Оларға жұғу, илану,
сендіру, еліктеу жатады.
Жұғу - бұл адамның санасы түрде
білгілі бір психикалық күйлерге
ұшырауы. Ол белгілі бір эмоционалды
күй арқылы көрініс береді.
Илану - бұл адамның екінші
адамға мақсатқа сай әсер етуі.
Илану кезінде (суггестия) критикалық
емес қабылдауына негізделген
ақпаратты беру процесі жүзеге
асады.
Сендіру - логикалық негіз арқылы
ақпарат қабылдаушы адамның келісуін
мақсат етеді.
Еліктеу - басқа адамның тек
сырт келбетін үйрену емес,мінез-құлықтың
бейнелері мен белгілерін қайта
жаңғырту.
Идентификация - белгілі бір адамды
қабылдауда оны басқа адаммен
салыстыра отырып қабылдау.
Әлеуметтік психологиялық рефлексия
- қабылдайтын адамды талдауда
оны жан-жақты қарастыру.
Эмпатия - басқа адамның орнына
өзін қою арқылы басқа адмды
түсіну.
Құқық қорғау органы қызметкерлері
үшін қарама-қайшылық жағдайды
шешу, қарама – қайшылықтарды
басқару жолдары туралы білімі
болу керек.
Бұл факторды қалыптастырушы
жеке тұлға сапаларына - құқықтық
сана сезімнің жоғары болуы,
шыншылдық, азаматтық, батылдық,
жауапкершілігі, орындаушылық, тәртіптілік
сияқты қасиеттерді жатқызуға
болады.
Эмоционалды тұрақтылық стресске
деген тұрақтылық, эмоция мен
мінез құлықты басқару деңгейі,
қауіпті жағдайлардағы жұмыс
қабілеттілігі жатады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңдарын жүзеге асыру, мемлекеттік
қызметтің негіздерін күшейту,
ішкі істер органдары қызметкерлерінің
қызметтің тұлғалық ерекшеліктері
мен адамгершілік бітістерін
қалыптастыру мен кәсіби біліктілігінің
деңгейін жоғарлату т.с.с. маңызды
міндеттердің шешеілуі-құқық қорғау
органдарындағы заңгерлердің кәсіби
және тұлғалық ерекшеліктерінің
сапасымен өлшенеді.
Қазақстан Республикасының құқық
қорғау органдарының жаңаша реформаларына
байланысты - құқық қорғау органдары
қызметкерлерінің бойындағы кәсіби
ерекшеліктерді қалыптастыру мен
жандандыру өзекті мәселелердің
бірі болып табылады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас
жасаудың қажеттігі мен маңызын
жапондықтардың жеке тұлғаны
тәрбиелеп жетілдіру әрекетіндегі
істерінен айқын аңғаруға болады.